Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
68-112.doc
Скачиваний:
26
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.42 Mб
Скачать

5.1.4. Құмның түйір құрамын және ірілік модулін

анықтау

Түйір құрамы електердің стандартты жиынтығында құмды елеу арқылы анықталады.

Аспаптар: таразы, електер жиынтығы және диаметрлері 10; 5 және 2,5 мм дөңгелек тесіктері бар електер, кептіргіш шкаф.

Материалдар: құм.

Массасы 2000 г кем емес құмның аналитикалық сынамасын тұрақты массасына дейін кептіреді. Тұрақты массасына дейін кептірілген құм сынамасын диаметрлері 10 және 5 мм дөңгелек тесіктері бар електерден өткізеді.

Електердегі қалдықтарды өлшейді және құмдағы түйірлер өлшемі 5-тен 10 мм дейін ҚТ5 және 10 мм артық ҚТ10 қиыршықтас фракцияларының мөлшері массасы бойынша пайызбен мына формулалар бойынша есептелінеді

ҚТ10 = ,

ҚТ5 = ,

мұндағы М10 диаметрі 10 мм дөңгелек тесіктері бар електегі қалдық, г;

М5 — диаметрі 5 мм, дөңгелек тесіктері бар електегі қалдық,г;

М — сынама массасы, г.

Диаметрі 5 мм тесіктері бар електен өткен құм сынамасының бөлімінен құмның түйір құрамын анықтау үшін массасы 1000 г кем емес өлшемдік таңдап алынады.

Құмның дайындалған өлшемдікті диаметрі 2,5 мм дөңгелек тесіктері бар және № 1,25; 063; 0315 және 016 торлары бар електерден өткізеді.

Електен өткізуді механикалық не қол тәсілдерімен өндіріледі. Електен өткізу ұзақтығы сондай болу керек,тек әр електі 1 мин ішінде бақылау қарқынды қолмен сілкіндіргенде ол арқылы еленетін өлшемнің жалпы массасының 0,1 % артық емесі өту керек. Механикалық електен өткізгенде қолданатын аспап үшін оның ұзақтылығы сынақ арқылы анықталады.

Қолмен електен өткізгенде, елеу соңын әр електі қағаз парағы үстінде қарқынды сілкумен анықтауға рұқсат етіледі. Електен өткізу аяқталды деп саналады,егер сонымен құм түйіндерінің түсуі байқалмаса.

Елеу нәтижелері бойынша есептеледі:

- әр електегі жеке қалдық (аi) пайызбен мына формула бойынша

мұндағы тi осы електегі қалдық массасы, г;

т — еленетін өлшемдіктің массасы, г;

- әр електегі толық қалдық (Аi ) пайызбен мына формула бойынша

мұндағы a2,5, a1,25, ai —тиісті електердегі жеке қалдықтар;

- өлшемі 5мм ірілеу түйірсіз құмның ірілік модулі (Мк) мына формула бойынша

Мір=,

мұндағы А2,5, А1,25, А063, А0315, А016 — диаметрі 2,5 мм дөңгелек тесіктері бар електегі және № 1,25; 063; 0315, 016 електердегі қалдықтар, %.

Құмның түйір құрамын анықтау нәтижесін жасау 5.2-кестеге сәйкес орындалады немесе 5.2-суретке сәйкес елеу қисығы түрінде графика арқылы көрсетіледі.

5.2-кесте

Құмның түйір құрамын анықтау нәтижесі

Массасы бойынша електердегі

қалдық, %

Массасы бойынша

№ 016(014), торы

бар електен өту,%

Қалдық

аты

2,5

1,25

0,63

0,315

0,16

(0,14)

Жеке

а2,5

а1,25

а063

а0315

а016(014)

016(014)

Толық

А2,5

А1,25

А063

А0315

А016(014)

Ірілік модулі бойынша құм МСТ 8736-77 бойынша 5.3-кестеде келтірілген топтарға бөлінеді.

5.2-сурет. Елеу қисығы

5.3-кесте

Ірілігі бойынша құмдардың жіктеуі

Құмдар

тобы

0,63 торы бар електегі

толық қалдық,%

Ірілік модулі

Ірі

Орташа

Ұсақ

Өте ұсақ

50 артық

30-50

10-30

10 кем

2,5 артық

2,5-2,0

2,0-1,5

1,5-1,0

Өзін-өзі әзірлеуге арналған сұрақтар

1. Құм өзімен не көрсетеді?

  1. Ауыр бетон үшін құмға қойылатын техникалық талаптар.

  2. Бетондарда байланыстырдың шығынына құмның түйір құрамының әсері..

  3. Бетон қоспасының және бетонның қасиеттеріне құмдағы органикалық,балшықты және күлдей қосылыстардың әсері..

  4. Құмның дымқылдығы оның тығыздығына тиетін әсері..

  5. Құмның балшықты және күлдей бөлшектерімен ластану дәрежесін қалай анықтайды?

  6. Құмның ірілік модулі қалай есептеледі?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]