Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
68-112.doc
Скачиваний:
26
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.42 Mб
Скачать

6.3. Бетонның шығу коэффициенттерiн анықтау

Бетон қоспасын дайындағанда материалдардың жалпы көлемi кемiген сияқты болады, өйткенi құм түйiрлерi қиыршықтас түйiрлерiнiң арасында, ал цементтiң бөлшектерi құм түйiрлерiнiң арасында орналасады. Сондықтан, егер цемент, құм, қиыршықтасты белгiлi сыйымдылыққа салып, сосын оларды араластыра бастаса, онда бетон қоспасының көлемi бастапқы көлемнен кем болып шығады. Ќөлемнiң азаю дәрежесi бетонның шығу коэффициентiмен сипатталады, ол мына формула бойынша анықталады

Βш = 1000 / (Ц/ ρ.үй.ц + Қ/ ρүй.п + ҚТ(МТ)/ ρүй.қт(мт)),

мұндағы 1000 – қоспа көлемi, л;

Ц, Қ, ҚТ(МТ) – бетон қоспасының 1000 л көлемi бойынша құрғақ материалдардық шығыны.

Тапсырмада бетонараластырғыш шөмiшiнiң сыйымдылығы (Вб) көрсетiледi, сондықтан бетон қоспасының (Vб.қ.) бiр илеуден шығуын мына формуламен анықтау керек

Vб.қ. = Вб * βш

Цемент, құм және қиыршықтың шығыны көлемi бойынша мына қатынастан анықталады

1000 л – Ц,

Хц = Ц / 1000 және т.с.

Тұтас алғанда Хц + Хқ + Х қт = Вб

6.4. Бетон құрамын анықтау

Бетон қоспасының құрамы массасы бойынша және көлемi бойынша көрсетiледi. Бетонның өндiрiстiк құрамы массасы бойынша бетон қоспасының әр компонентiнiң шығынын цемент шығынына бөлу арқылы есептелiнедi

Ц / Ц : Қ / Ц: ҚТ / Ц = 1 : Қ / Ц: ҚТ / Ц

Көлемi бойынша бетон құрамы келесi түрде көрсетiледi

Vц / Vц : Vқ / Vц : Vқт(мт) / Vц = 1 : Vқ / Vц : Vқт(мт) / Vц ,

мұндағы Ц, Қ, ҚТ – массасы бойынша 1 м3 бетонға материалдардың шығыны, кг;

Vц ,Vқ , Vқт – көлемi бойынша 1 м3 бетонға материалдардың шығыны, м3.

Дала массасы бойынша да және көлемi бойынша да анықталады, бiрақ сонымен құм мен қиыршықтасың массасы бойынша шығынын дымқылдықты есепке алып қабылдау керек, ал олардың мөлшерiн көлемi бойынша анықтағанда материалдың орташа тығыздығын ылғалды күйде қабылдау керек.

6.5. Нұсқалар дайындау

Нұсқалар дайындау үшiн 7, 10, 15, 20 см қиырлары бар металл қалып-текшелер қолданылады. Қалып өлшемi қиыршықтастың ең үлкен iрiлiгiне байланысты болады, ол 6.5-кестеде келтiрiлген.

6.5-кесте

Нұсқалар қалпының өлшемi

Дүл. қиыршықтатың

10

20

40

70

Текшенiң өлшемi, мм

70

100

150

200

Қалыптың iшкi бетiне май жағылады және молдығымен бетон қоспасымен толтырылады. қалыпты бетон қоспасымен теңселу шегi 0,35 – 0,5 мм және жиiлiгi 2800-3000 тең/мин дiрiл алаңшасына орнатылады және үстiнде цемент сүтiнiң жұқа қабаты пайда болғанша тығыздалады. Қатты қоспалар құралымының өсi түрiне арналған қаттылық көрсеткiшiне сәйкес тығыздалады (6.2-кестенi қара).

Дайындалған нұсқалар үстiнен күрекшемен тегiстеледi, таңбаланады және қоршаған ортаның температурасы +20±20С бөлмелерде дымқыл матамен жабылған қалыптарда бiр тәулiк бойы сақталады; сонан-соң қалыптардан алынады және сынау мерзiмiне дейiн температурасы +20±2 0С және ауаның салыстырмалы ылғалдығы 95-100 % әдетте қату камерасында ұсталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]