Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
68-112.doc
Скачиваний:
26
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
1.42 Mб
Скачать

5.2. Қиыршықтас пен малтатас

Ірі толтырғыш ретінде малтатас не қиыршықтас пайдаланылады.

Қиыршықтас деп ірілігі 5-тен 70 мм дейін түйірлерден тұратын және жырымдалған кедір-бұдыр бетті бос шөгінді тау жынысын атайды.

Сынаулар МСТа 8267-93 -«Құрылыс жыныстарына арналған табиғи тастан жасалған қиыршықтас. Техникалық шарттар»;

МСТ 8269-97 - «Қиыршықтасты сынау әдістері» талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      1. Қиыршықтастың (малтатастың) үйілген тығыздығын анықтау

Үйілген тығыздықты көлемі қиыршықтас (малтатас) ірілігіне байланысты өлшеуіш цилиндр көмегімен анықталады,өлшемдері 5.4-кестеде келтірілген.

5.4-кесте

Өлшеуіш цилиндрдің өлшемдері

Қиыршықтас-

тың ең үлкен

ірілігі, мм

Өлшеуіш цилиндрдің

көлемі, л

Цилиндр өлшемдері, мм

диаметрі

биіктігі

10 дейін

20 дейін

40 дейін

40 артық

5

10

20

50

185

234

294

400

185

234

294

400

Қиыршықтасты тұрақты массаға дейін келтіреді және оны конус пайда болғанша 10 см биіктіктен алдын ала өлшенген цилиндрге салып толтырады, сосын конус ернеулермен бірдей етіп алынады және цилиндр қиыршықтаспен бірге өлшенеді. Үйілген тығыздық 10 кг/м3 дейін дәлдікпен мына формула бойынша есептелінеді

Ρүй= m1- m / V ,

мұндағы m1 – толтырғышпен бірге цилиндр массасы, кг;

m – цилиндр массасы, кг ;

V – цилиндр көлемі, м3 .

Қиыршықтастың үйілген тығыздығы екі өлшеу нәтижелерінің орташа арифметикалық мағынасы ретінде есептеледі.Сынақ мағыналары 5.5-кестеге енгізіледі.

5.5-кесте

Қиыршықтастың (малтатастың) үйілген тығыздығын

анықтау

Материал

аты

Ыдыс

көлемі,

м3

Массасы, кг

Үйілген

тығызды-

ғы,

кг/м3

сосуда

ыдыс пен

құмның

құм-

ның

1

2

3

4

5

6

7

      1. Қиыршықтастың (малтатастың) қуыстығын анықтау

Қиыршықтас (малтатас) қуыстығы түйірлердің шын тығыздығының алдын ала табылған мағыналары және қиыршықтастың (малтатастың) үйілген тығыздығы бойынша анықталады,қуыстың көлемі бойынша 0,1% дейін дәлдікпен мына формула бойынша есептеледі

Vқ. = (1-ρүй/ρ)·100 ,

мұндағы ρүй – қиыршықтастың үйілген тығыздығы, г/см3 ;

ρ – түйіршіктердің тығыздығы, г/см3 .

Бұдан басқа,ірі толтырғыштың қуыстығы тікелей өлшеумен де анықталады. Сыйымдылығы екі литр металл ыдысқа суға мол шылыққан ірі толтырғыш салынады және де салынып жатқан қиыршықтасты (малтатасты) биіктігі бойынша шамалап тең екі қабатты болат шыбықпен найзалайды немесе зертханалық діріл үстелде дірілдетеді. Қиыршықтасты (малтатасты) сумен шылықтыруды бір тәулік ішінде өндіреді. Сосын қиыршықтас (малтатас) артығы ыдыс ернеулерімен бірдей кесіледі,ыдыс ұсақ тормен жабылады және оны 30 мин бойы тыныш қалпында қалтырып, артық судың ағуына мүмкіндік беру үшін оны тағы да 30 мин бойы төңкеріп қояды. Осыдан кейін ыдыс қиыршықтаспен (малтатаспен) бірге өлшенеді, оған жоғарғы ернеуімен бірден су құяды және тағы өлшейді.

Түйір аралық қуыстың көлемін Vқ пайызбен мына формула арқылы есептейді

Vn= ( m1- m2/ V) 100 %,

мұндағы m1 – қиыршықтас және сумен бірге ыдыс массасы , г;

m2 – сусыз ыдыс пен қиыршықтас массасы, г;

V – ыдыс көлемі, см3 .

Сынау екі рет жүргізіледі және соңғы нәтижеге екі сынау нәтижелерінің орташа арифметикалық мағынасы қабылданады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]