Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
64465265151564.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
21.02.2016
Размер:
442.88 Кб
Скачать

28

Қазақстан Республикасы

Статистика агенттігі төрағасының

2010 Жылғы «24» қыркүйектегі

№ 269 бұйрығына қосымша

Өндірушілердің өнеркәсіп өнімдері мен

өндірістік сипаттағы қызметтер бағасына

байқау ұйымдастыру жөніндегі

әдістемелік ұсынымдар

Астана, 2010ж.

Кіріспе

Осы әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Ұсынымдар) Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының «Статистикалық әдіснаманы және статистикалық құралды жетілдіру» 1-стратегиялық бағытының 2.8-тармағына сәйкес әзірленді. Республика экономикасының ерекшеліктері және экономикалық қызметтің зерттелетін түрлері есебімен бейімделген (ХЕҰ, ХВҚ, ЭЫДҰ, ЕУРОСТАТ, БҰҰ, Дүниежүзілік Банк шығарған) «Өндірушілердің баға индекстері жөніндегі нұсқаулық: теориясы мен тәжірибесі» стандарттары және ұсынымдары әдіснамалық негіз ретінде қызмет атқарады.

Ұсынымдарда өнеркәсіп кәсіпорындары өндірген өнім және көрсетілген өндірістік сипаттағы қызметтер бағасының өзгерісіне байқау ұйымдастыру тәртібі көрсетілген. Базалық кәсіпорындар тізбесін құрастыру, бағаларды тіркеу үшін өкіл-тауарларды (қызметтерді) іріктеу, салмақтау схемаларын анықтау аспектілерін және баға индекстерін есептеу үшін формулаларды таңдау қаралады. Ұсынымдар өңірлік статистика органдарының пайдалануы үшін қажет.

Осы ұсынымдардың қолданысқа енгізілуімен, мұның алдында қолданыста болған:

1- ҚР Статистика агенттігінің Әдіснамалық Кеңесі 2000 жылғы 28 қыркүйекте №33 бекіткен «Өндірістік сипаттағы қызметтер бағасы мен тарифінің өзгерісіне байқау ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдар»;

2- ҚР Статистика агенттігінің төрағасы 2004 жылғы 21 желтоқсанда №11 бекіткен «Өнеркәсіп өнімі бағаларының серпініне байқау ұйымдастыру және өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағасының индекстерін есепке алу жөніндегі нұсқаулар».

Мазмұны

  1. Жалпы ережелер .…………...…………………………………………….... 3

  2. Базалық кәсіпорындарды іріктеу ..………………….……………….......... 6

  3. Өкіл тауарларды (қызметтерді) іріктеу ……............................................... 8

  4. Бағаларды тіркеу …………………………………………..……………... 11

  5. Салмақтау схемаларын қалыптастыру ….…………………………......... 19

  6. Баға индекстерін есептеу тәртібі ..……………..………………………... 23

Қосымшалар ………………………………………………………...…...... 28

  1. Статистикалық нысан және оны толтыру жөніндегі нұсқаулық

  2. Баға байқауға арналған өнімдер және қызметтер тізбесі

  3. Өнеркәсіп өнімін түпкілікті мақсат бойынша топтау

  4. Өнеркәсіп өнімінің жекелеген түрлері бойынша өлшем бірліктерін қайта есептеу коэффициенттері

  1. Жалпы ережелер

Өнеркәсіптің өндіруші-кәсіпорындарының бағасына жалпымемлекеттік статистикалық байқау елдің ішкі нарығында тұтынушымен және экспорттаушы-сатып алушымен жөнелтілген дайын өнімге және заңды тұлғаларға өнеркәсіп кәсіпорындары көрсеткен өндірістік сипаттағы қызметтерге олардың өзгеруі туралы ақпарат алу мақсатында ұйымдастырылады.

Байқау «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші» (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) мемлекеттік жіктеуішіне сәйкес «Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу» В, «Өңдеу өнеркәсібі» С, «Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау» D, «Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау» Е секцияларына жататын экономикалық қызмет түрлерінің кәсіпорындарын қамтиды. Республиканың әрбір өңірінде жоғарыда көрсетілген және қолданыстағы экономикалық қызмет түрлері, оларда өнеркәсіп өндірісінің мамандануын көрсететін өнімнің маңызды түрлері зерттеледі.

Баға байқау қорытындылары өнеркәсіп өнімін өндіруші-кәсіпорындардың баға индексін одан әрі құру үшін пайдаланылады. Өндірушілердің баға индексі өнеркәсіптегі инфляциялық үрдістерді бағалауға, өндіріс көлемін және нақты бағалардан салыстырмалы бағаларға ұлттық шоттар жүйесінің негізгі агрегаттарын қайта бағалауға арналған. Әртүрлі өткізу арналары бойынша өткізілетін өнімдер мен тауарлардың және өндірістік сипаттағы қызметтердің ӨБИ құрамындағы есепке алу экономикалық қызметтің әрбір түрінде құрылатын көрсеткіштің сапасын арттырады және макроэкономикалық талдауда оның кең пайдалануын қамтамасыз етеді.

Бағаның агрегаттық индексі – бағаның жеке индекстері негізінде құрылады және жекелеген кіші топ, топ немесе жалпы зерттелетін құбылыс бойынша баға өзгерісін сипаттайды.

Базалық кәсіпорын – ондағы бағаларды тіркеу үшін іріктеліп алынған байқау объектісі. Базалық кәсіпорындардың іріктелген жиынтығы өңірлік және салалық бөліністегі репрезентативтік түсінікке негізгі талапқа жауап беруі тиіс.

Индекс салмағы – жалпы жиынтығында әрбір жеке элементтердің маңыздылығын көрсететін шама.

Әдіснамалық тәсілдерге сәйкес баға индекстерін құруда индекс салмағы мен базалық салыстыру кезеңі бірыңғай кезеңге жатуы тиіс. Өндірілген өнім құнының орташа жылдық құрылымынан белгілі бір базалық жыл ішіндегі желтоқсан бағасындағы құрылымға өту түзету коэффициенті арқылы жүзеге асырылады.

Қызмет түрі – қызмет түрлері жіктемесінің барынша үлкейтілген санатын сипаттайтын өнімнің (тауарлар мен қызметтердің) біртекті жиынтығын құру үдерісі.

Заңды тұлғалардың қызметі бір профильді және көп профильді бола алады. Көп профильді қызмет арқылы негізгі және қосалқы қызмет арасындағы айырмашылық жүргізіледі, мұндағы анықтауға арналған критерий өнімнің (тауарлар және қызметтердің) тауарлық шығарылымы көлемінде қосылған құн болады.

Тауарлар (қызметтер) түрі – бір атаумен және мақсатпен біріктірілген белгілі бір топ тауарларының (қызметтерінің) жиынтығы.

Салмақтау – жиынтық көрсеткіштерді алу үшін индекстік есептеулерде қолданылатын және тікелей қосуға келе бермейтін әртүрлі тауарлардың өлшемдестігін қамтамасыз ететін рәсім. Өлшемдес тауарлардың (өнімдердің) жиынтығына көшу индекстердің салмағын енгізу арқылы жүзеге асырылады.

Қызметтің қосалқы түрі – үшінші тұлғалар үшін өнімді өндіру мақсатында жүзеге асырылатын, негізгіден басқа, қызмет түрі.

Тауарлар (қызметтер) тобы – тұтынушы қасиеттері мен көрсеткіштерінің ұқсас құрамдарына ие болатын белгілі бір сынып тауарларының (қызметтерінің) жиынтығы.

Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындардың баға индекстері (бұдан әрі - ӨБИ) - өнеркәсіп кәсіпорындары өндірген дайын өнеркәсіп өніміне және олар көрсеткен өндірістік сипаттағы қызметтерге бағалардың өзгерісін сипаттайтын көрсеткіш.

Өндіріс құралдарына өндірушілердің баға индекстері – ұзақ мерзім қызмет көрсететін (машиналар мен жабдықтар, тұрмыстық техникадан басқа) тауарларға бағалардың өзгерісін сипаттайды.

Аралық тұтыну өніміне өндірушілердің баға индекстері – шикізат ресурстарына, жартылай фабрикаттарға, тауарларға және дайын өнімді одан әрі қайта өңдеу мен шығаруға арналған қызметтерге бағалардың серпінін көрсетеді.

Тұтыну тауарларына өндірушілердің баға индекстері – жеке тұтыну үшін халық пайдаланатын дайын өнеркәсіп тауарларына (азық-түлік тауарлары, киім, аяқкиім, галантереялық тауарлар, жиһаз, тұрмыстық техника тауарлары және т.б.) бағалардың өзгерісін сипаттайды.

Еуростат стандарттарына сәйкес ӨБИ құрамындағы қосалқы агрегаттық баға индекстері күрделі тауарларға, аралық тауарларға және энергияға, ұзақ және қысқа мерзім пайдаланылатын тауарларға түпкілікті мақсат бойынша құрылады. Баға индекстерін құруға арналған негізгі өнеркәсіп топтамаларын анықтау Еуропалық Қоғамдастықта экономикалық қызметтің статистикалық жіктемесіне негізделеді. Оларды ажырату үшін NASE сәйкес топтар (3 белгі) деңгейі пайдаланылады.

Жеке (қарапайым) бағалар индексі – зерттелетін жиынтықтың бір ғана элементі бағаларының өзгерісін көрсетеді және жеке құбылыстардың сипаттамасы үшін пайдаланылады.

Өткізу арнасы – өнімді өткізу бағыты, ол арқылы байқау үшін іріктеп алынған өнімнің (өкіл тауардың) шығарылған кіші түрінің айтарлықтай көлемін үнемі өткізу жүзеге асырылады.

Қызметтің негізгі түрі – қосылған құны субъект жүзеге асыратын кез келген басқа қызмет түрлерінің қосылған құнын арттыратын қызмет түрі.

Түзету коэффициенті – алдыңғы жылғы желтоқсанға базалық жылғы желтоқсандағы бағалар индексі мәнінің және базалық жылғы он екі ай ішінде осы бағалар индексінің орташа мәнінің бөліндісі.

Өндіріс – нәтижесінде өнім алынатын қызмет. Өнеркәсіп өнімі шығарылған дайын бұйымдар және өнеркәсіп сипаттағы жұмыстар (қызметтер) жиынтығы ретінде анықталатын кәсіпорынның өнеркәсіптік-өндірістік қызметінің тікелей пайдалы нәтижесін білдіреді. Өнім тауарлар мен қызметтерді қамтиды.

Өнеркәсіп кәсіпорны - өнеркәсіп өнімін шығарумен және өндірумен, өнеркәсіп қызметтерін көрсетумен айналысатын заңды тұлға немесе оның құрылымдық бөлімшесі.

Бағаларды тіркеу – базалық кәсіпорындардың іріктемелі репрезентативтік жиынтығы бойынша өткізілетін, тауарларға, өнімдерге, қызметтерге бағалардың деңгейі туралы ақпарат жинақтау әдісі.

Айрықшалау – бағаларды тіркеу үшін таңдап алынған жекелеген тауарды сәйкестендіру үшін пайдаланылатын суреттеме немесе сипаттамалар тізбесі.

Орташа баға – өкіл-тауарлар бағасының жалпыланған шамасы. Орташа бағалар белгілі бір уақыт кезеңіне, аумақ бойынша, өнім (қызмет) түрлері бойынша есептеледі.

Салмақтау схемасы – стандартты жіктемеге сәйкес, агрегаттаудың барлық сатылары бойынша анықталған нақты өнімнің, тауарлардың, қызметтердің салмақ жиынтығы. Салмақтау схемасын құру үшін ақпарат көзі өндірілген өнімнің және көрсетілген қызметтер көлемінің құндық көрсеткіштері болып табылады.

Тауар – кез келген, сатуға немесе айырбастауға арналған айналымнан алынбаған еңбек өнімі.

Өкіл – тауар (қызмет) – тауардың (қызметтің) сапасы мен негізгі тұтынушылық қасиетіне әсер етпейтін және тұтынушылық белгісі бойынша біркелкі, бір-бірінен болмашы өзгешелігімен ерекшеленетін тауар тобындағы белгілі тауар (қызмет) түрлерінің жиынтығы. Өкіл-тауарды сипаттау үшін қай тауар бағалануы тиіс екенін көрсететін құрал болып табылатын айрықшалау пайдаланылады.

Қызмет – орындау үдерісінде жаңа, бұрын қолданыста болмаған материалдық-заттық өнімді құрмайтын, бірақ қолда бар, құрылған өнімнің сапасын өзгертетін қызмет түрі.

Тіркеу бағасы – тауардың, өнімнің немесе қызметтің нақты түріне, сапасына, сату шарттары және оған анық белгіленген уақыт кезеңіне төленген ақша бірлігінің саны.

Өндіруші кәсіпорын бағасы - өнімнің өндірушіден сатып алушыға дейінгі қозғалысына байланысты қосылған құн салығы және акциздер, сауда, өткізу үстеме бағасы, көлік және басқа да шығыстар есебінсіз, оның кәсіпорын қақпасынан алып тастау сәтінде өткізілген өнім бірлігінің бағасы.

2. Базалық кәсіпорындарды іріктеу

Өнеркәсіп өнімі мен өндірістік сипаттағы қызметтер бағаларының өзгерісіне байқау базалық кәсіпорындардың іріктемелі желісі бойынша жүзеге асырылады. Іріктемелі жиынтықты қалыптастыру республиканың әрбір өңірінде орналасқан өндіруші кәсіпорындардың қызметін – бас жиынтықтың қасиетін толық және дәлме-дәл көрсету үшін негізгі массивтің әдісімен жүзеге асырылады.

Базалық кәсіпорынды іріктеу үшін Кәсіпорындардың мемлекеттік статистикалық тіркелімінің (бұдан әрі – Тіркелім) және алдыңғы есепті жыл үшін өңірдің өнеркәсіп кәсіпорындары өндірген өнім көлемдері туралы статистикалық есептіліктің деректері пайдаланылады.

Тіркелімдерде каталогтар немесе тізімдер статистикалық байқауларды үйлестірудің негізгі құралы болып табылады. Каталогтар бас жиынтықтар бірліктерінің тізбесін қамтиды. Іріктеуге арналған бас жиынтық ретінде өнеркәсіп статистикасында қолданылатын кәсіпорындар каталогы пайдаланылады. Оның негізінде баға статистикасындағы зерттеуге арналған базалық объектілер санына кәсіпорындарды қосудың белгіленген критерийлеріне сәйкес келетін кәсіпорындар іріктеледі.

Заңды тұлға және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелері жүргізілетін статистикалық зерттеулерге арналған бас жиынтықты:

- ЭҚЖЖ кодына сәйкес негізгі қызмет түрімен:

05-09 «Кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу»,

10-33 «Өңдеу өнеркәсібі»,

35 «Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау»,

36-39 «Сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау»;

- ЭҚЖЖ кодына сәйкес қосалқы қызмет түрлерімен 38 – «Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; қалдықтарды кәдеге жарату» (В, С, Д, Е секцияларына) құрайды.

Базалық кәсіпорындарды іріктеу статистикалық байқауда қолданылатын тәсілдерге тәуелді. Өнеркәсіптегі өндірушілердің бағасын зерттеу үшін жаппай байқаудың іріктемелі (жаппай емес) байқаумен үйлесуінің біріктірілген әдісі пайдаланылады.

Жаппай байқау кен өндіру өнеркәсібі саласындағы ірі және орта кәсіпорындарды, электр жабдықтаумен, газ, бу берумен, ауа баптаумен және су жабдықтаумен айналысатын табиғи монополиялар саласына жататын кәсіпорындарды, сондай-ақ өндірістік сипаттағы қызметтер көрсетуге мамандандырылған кәсіпорындарды қамтиды.

Кен өндіру өнеркәсібіндегі шағын кәсіпорындар және өңдеу өнеркәсібіндегі барлық кәсіпорындар түрлері үшін іріктеме (жаппай емес) байқау қолданылады. Белгілі бір критерийлер бойынша неғұрлым көп үлес салмағы бар ең маңызды бірліктерінің бас жиынтығынан іріктеу арқылы іріктеменің неғұрлым жоғары репрезентативтілігіне қол жеткізуге бағытталған негізгі массивтің әдісі пайдаланылады. Бағаларды байқау үшін іріктемеге өндіруші-кәсіпорындарды қосудың негізгі критерийлері «олармен өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтер құны» көрсеткіші болып табылады. Іріктеменің басқа критерийі іріктелген базалық кәсіпорындар өнеркәсіп өнімі мен өндірістік сипаттағы қызметтердің негізгі топтарымен қамтудың ең жоғары мүмкіндігін қамтамасыз ету қажеттілігі болып табылады.

Базалық кәсіпорындардың іріктемелі желісін құру келесі тәртіпте жүзеге асырылады. Біріншіден, ірі және орта кәсіпорындар тізбесі қалыптастырылады. Өңдеу өнеркәсібінде өнеркәсіп өндірісінің көлемі туралы статистикалық есептілік деректерін зерделеу негізінде өнім шығару тұрғысынан неғұрлым өкілдіктілердің және технологиялық үдеріс, пайдаланылатын шикізат, өнім жеткізу арналары бойынша экономикалық қызметтің осы түрі үшін лайықтылардың ішінен іріктеледі. Содан кейін салада үнемі жұмыс істейтін және өнім шығару (қызмет көрсету) көлемін арттыру перспективалары бар шағын кәсіпорындар қосылады.

Базалық кәсіпорындар санына міндетті түрде өңірде қызметтің осы түрі үшін жалғыз, сондай-ақ өндірістік қызметтің экспорттық бағыттылығы бар белгілі бір профильдегі кәсіпорындар қосылады. Іріктемеге дайын өнім өндірумен айналыса отырып, өндірістік сипаттағы ілеспе қызметтерді көрсететін (мысалы, алыс-беріс шикізаты жағдайларында өнімді қайта өңдеу) кәсіпорындарды қосу ұсынылады. Іріктелген кәсіпорындарда әртүрлі меншік нысандары және ұйымдастырушылық – құқықтық нысандар болуы керек.

Байқауға қосылған базалық кәсіпорындардың жалпы саны өңірлік өнімдер түрі, кіші түрі және қызметтер тізбесінің барлық позицияларын толтыруды қамтамасыз ету және олардың әрбіреуі бойынша мүмкіндігінше үштен кем емес бірнеше объектілерді қосу есебімен таңдап алынады.

Тіркелім кодтары бойынша қатаң жүзеге асырылатын, байқауға іріктелген базалық кәсіпорындар тізбесі сәйкестендіру белгілерін жазу үшін тіркелімдер бөліміне өтініш түріне ұсынылады. Тексерілген кәсіпорындар тізімдерін баға статистикасы басқармасы есепті жыл ішінде пайдаланады. Базалық кәсіпорындардың құрылымдық қайта құрылуының өзгеруі туралы ақпарат олардың тізбесіне үнемі және уақытылы енгізіледі.

Базалық кәсіпорындардың басшылары міндетті түрде олардың статистикалық байқауға қосылуы жөнінде, байқау мақсаты және ұсынылатын ақпараттың маңыздылығы жөнінде, алғашқы статистикалық деректердің құпиялылығын және олардың тек қана статистикалық мақсаттар үшін пайдаланылуын қорғайтын заң ережелерінің бар болуы жөнінде хабардар етіледі.

Жыл бойы базалық кәсіпорындарда болып жатқан құрылымдық өзгерістерді үнемі қадағалап отыру қажет: меншік нысанының ықшамдалуы, өзгеруі, өндірістік қызметтің тоқтатылуы және т.б. Жыл соңында есеп беретін әрбір кәсіпорынның есепті жыл ішіндегі бағалар туралы деректерді, сондай-ақ өндірілген өнім (қызметтер) көлемі туралы есептілікті ұсыну тұрақтылығын талдау негізінде базалық кәсіпорындардың тізбесі көкейкесті етіледі және кеңейтіледі. Іріктемеге жыл бойы өңір үшін елеулі өнім көлемдерін тұрақты өндірген, қайта құрылған кәсіпорындар қосылады:

  • біреуі немесе екеуі, егер олар бақыланатын тауарлардың бірдей ассортиментін шығарса;

  • бірнешеуі, егер солардың әрбіреуі өнімнің (қызметтердің) нақты түрлерін өндіруде мамандандырылса.

Бақыланатын өнімнің шығарылымы тұрақты емес, кездейсоқ немесе бір реттік сипатқа ие және ағымдағы жылғы өндірісі тоқтатылған, болашақта оның жаңартылуы көзделмеген, дербестік мәртебесін жоғалтқан (филиал, цех және т.б.) немесе ірі акционерлік қоғамға қосылған кәсіпорындар байқаудан алынып тасталады. Бұл ретте, мүмкіндігінше олар сол тауарлық мамандануы, меншік нысаны және өндірілген өнім, көрсетілген қызмет көлемдері бар кәсіпорындарға ауыстырылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]