Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электр ондырыларын орнату аидалары.pdf
Скачиваний:
176
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.18 Mб
Скачать

Тізбектің номиналды кернеуі,

60 дейін

220

500

500 жоғары

В

 

 

 

 

Сынау кернеуі, кВ

1

1,5

2

2,5 Ud0 + 1, бірақ 3 ток

 

 

 

 

кем болмауы қажет

Ud0 - бос жүрістегі түзетілген кернеу.

Оқшауламасының номиналды кернеуі ретінде тексерілетін тізбектің оқшауламасына әсер ететін номиналды кернеудің ең жоғарғы мәні (қолданыстағы мәні) алынады.

1160. Түзетілген токтың бірінші реттік тізбектері олардың жұмыс кернеуіне сәйкес келетін оқшауламасына ие болуы тиіс.

4. Түрлендіргіштердің салқындатылуы

1161. Дайындаушы зауыттың талап ететін түрлендіргіштердің температуралық режимін қамтамасыз ету үшін оларды салқындату үшін құрылғылар қарастырылуы тиіс. Салқындату әдістерін, салқындатушы судың немесе ауаның температурасын және олардың шығынын дайындаушы зауыт белгіленеді.

1162. Түрлендіргіштерді ауамен суыту кезінде ауадағы тозаңның болуы 0,7 мг/м3 аспауы тиіс. Ауадағы тозаңның концентрациясы одан көп болған жағдайда ауаны тазартуды қарастыру керек.

1163. Түрлендіргіштерді ауамен суытқан кезде, әрбір түрлендіргіштің ауа құбырларының жапқышы (шибері) болуы тиіс, олар басқа түрлендіргіштерге ауаның жеткізілуіне байланыссыз ауаның түрлендіргішке келуін тоқтатуды қамтамасыз етеді.

1164. Түрлендіргіштерді сумен суыту кезінде тұйықталған циркуляциялық жүйе қолданылады. Су өзінің химиялық және физикалық қасиеттері бойынша (химиялық құрамы, электр

өткізгіштігі, тұздылығы, механикалық қоспаларының болуы) дайындаушы зауыттың талаптарына сәйкес болуы тиіс.

1165. Түрлендіргіштерді сумен суыту кезінде суытатын суды келтіріп, алып кететін ағынды және циркуляциялық су құбырлары түрлендіргіш әлеуеті бар суыту жүйесінен оқшаулануы қажет.

Оқшаулама түрлендіргіш және жылу ауысу жүйесі (циркуляциялық жүйе) арасында немесе (ағынды жүйеде) түрлендіргіш пен су құбыры арасында оқшауланған құбырлар немесе шланг түрінде орындалады. Оқшауланған құбырлар мен шлангілердің ұзындығы түрлендіргіштерді дайындаушы зауыт белгілегеннен кем болмауы тиіс. Суытудың ағынды жүйесінде түрлендіргіш пен ағынды құбыр арасындағы оқшауламаны қабылдағыш шұңқырға судың ағысымен орындауға болады.

1166. Суыту сұйықтығы ретінде жоғары өткізгіштігі бар коррозияға қарсы ерітіндісін қолданған жағдайда түрлендіргіш корпусының әлеуеті бар суыту қондырғысының жабдықтары (жылуды алмастырғыш, сорғы, жылытқыштар) оқшаулағыштарда орнатылады, ал түрлендіргіш жұмыс істеп тұрған кезде жанасу үшін қолжетімді болған жағдайда оқшаулағыш құбырлардан немесе шлангілерден орындалады. Суытатын су жылу оқшаулағыш қондырма (шланг немесе құбыр) арқылы жылуды алмастырғышқа беріледі. Егер суыту қондырғысы түрлендіргіш қоршауынан тыс жерде орналастырса, осы Қағидалардың 1149-тармағының 2) тармақшасының талаптарына сай келетін торлы немесе тұтас қоршауы болуы тиіс, бұл ретте есік ашылғанда қоршау есігінің блокталуы сорғы мен жылу алмастырғыштың жылытқышын ажыратуды қамтамасыз етуі тиіс.

1167. Суытатын су мөлшерін реттеу вентильдері қызмет көрсетуге қауіпсіз және ыңғайлы жерде орнатылуы тиіс. Орналасқан жеріне қарай олар жерден оқшаулануы немесе жерге тұйықталуы тиіс.

1168. Түрлендіргіш қосалқы станцияларын (қондырғыларды) су қорымен қамтамасыз ету деңгейі оның электр энергиясы қорымен резервтеу деңгейіне сәйкес келуі тиіс.

1169. Суыту құрылғыларының жұмысын бақылау үшін бақылау-өлшеу аспаптар мен аппаратурасының (термометрлер, манометрлер, қысым және ағу релесі, шағын өлшеуіштер және т.с.с) жеткілікті саны орнатылады.