- •Электр қондырғыларын орнату қағидалары
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Электрмен жабдықтау және электр желілері
- •1. Жалпы ережелер
- •1. Қолданылу аясы
- •2. Қыздыру бойынша өткізгіштердің қималарын таңдау
- •1. Жалпы талаптар
- •4. Қысқа тұйықталу кезіндегі қыздыру жағдайында өткізгіштерді таңдау
- •5. Коммутациялық қабілеті бойынша аппараттарды таңдау
- •5. Электр энергиясын есепке алу және қуатты бақылау
- •1. Жалпы талаптар
- •2. Электр энергиясын есепке алу құралдарын орнату пункттері
- •3. Коммерциялық санауыштарға қойылатын талаптар
- •4. Өлшеуіш трансформаторларды қолдану арқылы есепке алу
- •5. Санауыштарды орнату және оларға қосылатын электр сымдары
- •6. Техникалық есепке алу
- •6. Электрлік шамаларды өлшеу
- •1. Жалпы талаптар
- •7. Жерге тұйықтау және электр қауіпсіздігін қорғау шаралары
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Тікелей жанасудан қорғану шаралары
- •3. Жанама жанасудан қорғаныс шаралары
- •9. Жерге тұйықтағыштар
- •10. Жерге тұйықтағыш өткізгіштер
- •11. Басты жерге тұйықтағыш шинасы
- •12. Нөлдік қорғау өткізгіштері
- •13. Қиыстырылған нөлдiк қорғайтын және нөлдiк жұмыс өткiзгiштерi
- •14. Әлеуеттерді теңдестiру жүйесiнiң өткiзгiштерi
- •15. Жерге тұйықталатын және қорғаныс өткізгіштерінің қосылыстары
- •16. Тасымалды электр қабылдағыштары
- •17. Жылжымалы электр қондырғылары
- •8. Қабылдау-тапсыру сынауының нормалары
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Синхронды генераторлар, компенсаторлар мен коллекторлық қоздырғыштар
- •3. Тұрақты ток машиналары
- •4. Айнымалы ток электр қозғалтқыштары
- •6. Өлшеу трансформаторлары
- •7. Май ажыратқыштары
- •8. Әуе ажыратқыштар
- •9. Жүктеме ажыратқыштары
- •10. Элегаз сөндiргiштері
- •11. Вакуум сөндiргiштерi
- •12. Ажыратқыштар, бөлектегіштер және қысқа тұйықтағыштар
- •15. Құрама және біріктіруші шиналар
- •16. Құрғақ ток шектеуіш реакторлар
- •17. Электр сүзгілері
- •21. Түтікті разрядтаушылар
- •23. Кірмелер және өтпелі оқшаулағыштар
- •24. Фарфорлық аспалы және тіреу оқшаулағыштары
- •25. Трансформатор майы
- •27. Аккумулятор батареялары
- •28. Жерге тұйықтағыш құрылғылар
- •30. 1 кВ жоғары кернеудегі электр таратудың әуе желілері
- •9. Айнымалы токтың электр қондырғыларының оқшауламасы
- •1. Жалпы талаптар
- •2. ӘЖ оқшаулау
- •4. Разрядтық көрсеткіштер бойынша оқшауламаны таңдау
- •5. Ластану деңгейін анықтау
- •10. 220 кВ дейінгі кернеудегі кәбіл желістері
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Төсеу тәсілдерін таңдау
- •3. Кәбілдерді таңдау
- •5. Кәбілдердің жалғанымдары және бітемелері
- •6. Жерге тұйықтау
- •8. Кәбіл желістерін жерге төсеу
- •10. Кәбіл құрылыстарында кәбіл желістерін төсеу
- •12. Кәбіл тораптарын су астымен жүргізу
- •13. Арнайы құрылыстар бойынша кәбіл тораптарын салу
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Климаттың есептік жағдайы
- •3. Сымдар, арматуралар
- •4. Сымдардың тіректе орналасуы
- •5. Оқшаулау
- •7. Тіректер
- •8. Габариттер, түйісулер және жақындасулар
- •2. Қорғаныс және автоматика
- •12. Кернеулігі 1 кВ дейінгі электр желілерін қорғау
- •2. Қорғанысты таңдау
- •3. Қорғаныс аппараттарын орнату жерлері
- •13. Релелік қорғаныс
- •1. Пайдалану саласы
- •2. Жалпы ережелер
- •10. Синхрондық компенсаторларды қорғау
- •14. Автоматика және телемеханика
- •1. Қолданылу саласы. Жалпы ережелер
- •2. Автоматты қайта қосылу (АҚҚ)
- •3. Резервтегi қоректенудi және жабдықты автоматты қосу (РАҚ)
- •4. Генераторларды қосу
- •6. Жиілікті және белсенді қуатты автоматты реттеу (ЖҚАР)
- •8. Асинхронды режимді автоматты тоқтату
- •9. Жиiлiк төмендетуін автоматты шектеу
- •10. Жиiлiктің жоғарылауын автоматты шектеу
- •11. Кернеудің төмендеуін автоматты шектеу
- •12. Кернеудің жоғарылауын автоматты шектеу
- •13. Жабдықтың асқын жүктемесін автоматты болдырмау
- •14. Телемеханика
- •15. Екінші реттік тізбектер
- •3. Таратушы құрылғылар мен қосалқы станциялар
- •1. Жалпы талаптар
- •2. Құралдар мен аппараттардың орнатылуы
- •3. Шиналар, сымдар, кәбілдер
- •4. Таратушы құрылғылардың конструкциялары
- •7. Таратушы құрылғыларды ашық ауада орналастыру
- •1. Жалпы талаптар
- •2. Ашық таратушы құрылғылар
- •4. Цехішілік трансформаторлық қосалқы станциялар
- •5. Бағандық (мачталық) трансформаторлық қосалқы станциялар
- •6. Күннің күркіреуінен болатын шамадан тыс кернеуден қорғау
- •8. Ішкі аса кернеуліктерден қорғау
- •9. Пневматикалық шаруашылық
- •10. Май шаруашылығы
- •11. Қуат трансформаторлардың орнатылуы
- •18. Түрлендіруші қосалқы станциялар мен жабдықтар
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Түрлендіргіш агрегаттарды қорғау
- •3. Жабдықтарды орналастыру, қорғаныс іс-шаралары
- •4. Түрлендіргіштердің салқындатылуы
- •19. Аккумуляторлық қондырғылар
- •1. Электрлік бөлімі
- •2. Санитарлық-техникалық бөлік
- •4. Электр күштік қондырғылар
- •20. Электромашиналық бөлмелер
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Электр жабдығын орналастыру және орнату
- •3. Электр машиналары подшипниктерінің майлануы
- •21. Генераторлар мен синхронды компенсаторлар
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Суытылуы мен майлануы
- •3. Қоздыру жүйесі
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Электр қозғалтқыштарын таңдау
- •3. Электр қозғалтқыштарын орнату
- •4. Коммутациялық аппараттар
- •23. Конденсаторлық қондырғылар
- •1. Электр қосылыстарының сұлбасы, жабдықтарды таңдау
- •3. Электрлік өлшеу
- •4. Конденсаторларды орнату
- •5. Арнайы қондырғылардың электр жабдықтары
- •24. Жарылыс қаупі бар аймақтардағы электр қондырғылары
- •1. Жарылыс қаупі бар аймақтардың жіктелуі
- •2. Жарылыс қаупі бар аймақтарға электр жабдығын іріктеу
- •3. Электр машиналары
- •4. Электр аппараттары мен аспаптары
- •5. Электр жүк көтергіш механизмдері
- •6. Электр шамдары
- •7. Тарату құрылғылары, трансформаторлық және қайта өңдеу қосалқы станциялары
- •8. Электр өткiзгiштер, ток өткiзгiштер және кәбіл желiлері
- •9. Нөлге теңестiру және жерге тұйықтау
- •10. Найзағайдан және статикалық электрден қорғау
- •25. Өрт қаупі бар аймақтарындағы электр қондырғылары
- •2. Электр машиналары
- •3. Электр аппараттары және құралдар
- •4. Электр жүк көтеру құрылғылары
- •5. Таратқыш құрылғылар, трансформаторлық және қайта өңдеу қосалқы станциялары
- •6. Электр шамдары
- •7. Электр өткізгіштері, ток өткізгіштері, әуе және кәбіл желілері
- •26. Электротермикалық қондырғылар
- •1. Жалпы ережелер
- •3. Индукциялық және диэлектриялық қыздыру қондырғылары
- •5. Электронды-сәулелі қондырғылар
- •1-қосымша
- •2-қосымша
- •4-қосымша
қосылатын сақтандырғыш клапандары орнатылуы қажет. Осы Қағидалардың 1064-тармағында көрсетілген сақтандырғыш клапандары манометр шкафының жанында ауа тарату желісінің қоректендіру тораптарының екі тізбегіне де орнатылады.
1078. Сызықтық су бөлгіштер ауа тарату желісінің қоректендіру тораптарының екі тізбегінде компрессор қондырғылар бөлмелерінен тыс орнатылады. Сызықтық су бөлгіште ауа құбыржолдарының жеткізу және шығаруларын қосып жіберу үшін түсіруші вентиль және ернемегі бар штуцер болуы қажет.
1079. Таратушы тораптың арматурасы мен әуе сымдары қызмет етуге қолжетімді болуы тиіс. 1080. Таратушы тораптың әуе сымдарын конструкциясы бойынша ашық, кәбілдік туннельдерде,
басқа кәбілдермен бірге желілер мен лотоктарда, ал жабық бөлмелерде орнатылғанда – бөлменің қабырғалары мен төбесі бойынша тартуға болады.
1081. Әуе сымдарын 0,3 % көлбеулігімен және де торапты үрлеуге арналған іске қосушы вентильдерін төменгі нүктелерінде орнату қарастырылуы тиіс. Аппараттарға жолақтар көлбеулігі 0,3 % көлбеулігімен бас магистраль бағытында орнатылады.
1082. Температуралық өзгерістерді компенсациялау үшін әуе желілік таратушы торабында магистральды әуе өткізгіші орындалатын диаметрдегі, құбырлардан жүргізілетін компенсаторлар қарастырылуы тиіс.
1083. Компрессорлық жабдықтың, таратушы тораптың әуе өткізгішін, басқару шкафтарына тармақталуларды болатты құбырлардан және де 23 МПа қысымына – қараймайтын болаттан, басқару шкафтарынан әуе ажыратқыштарына әуе сымдарын – мыс құбырларынан жасайды. Шкафтар мен ажыратқыштардың пневматикалық жетектері арасындағы әуе өткізгішін – болат құбырларынан жасайды. Болаттан жасалған әуе сымдарының майысу радиусы құбырдың сыртқы диаметрінің төрт еселік өлшемінен кем болмауы тиіс.
Компрессорлық жабдық бөлмесінен тыс, ауа жинақтағыштарына дейін және өздері өтетін қабырға шегінде орналасқан компрессорлық қысымды әуе сымдары жылулық оқшауламамен жабылуы тиіс.
1084. Болат әуе сымдары дәнекерленіп жалғанса, арматурамен жалғанған орны – фланецті болуы
тиіс.
Ішкі диаметрі 6-8 мм тең құбырлар үшін фланецті байланыс пен ниппельдер көмегімен байланыс қарастырылуы тиіс.
1085. Ажыратқыштардың сүзгілерінен кейін орнатылатын құлыптаушы вентильдердің, кері және сақтандырушы клапандардың ішкі бөлшектері коррозия әсеріне төзімді болуы тиіс.
1086. Ауа жинақтағыштарының және сызықтық су бөлгіштерінің ішкі беттері тот пен балшықтан тазартылып, коррозияға қарсы жабынмен жабылуы тиіс.
1087. Ауа жинақтағыштарының және ашық ауа астында орнатылатын сызықтық су бөлгіштерінің сыртқы беттері ашық түсті тұрақты бояумен боялуы тиіс.
1088. Әуе ажыратқыштарына кеткен тармақтардағы құлыптаушы вентиль, сүзгі, кері клапан мен манометр арнайы таратушы шкафында орналасып, электрмен жылытылуы тиіс.
1089. Қысылған ауа жабдығының барлық элементтері шашыратып-жинауға және жөндеуге ыңғайлы да қолжетімді болуы тиіс.
10. Май шаруашылығы
1090. Қосалқы станциялардың май толтырылған жабдықтарына қызмет көрсету үшін энергожүйенің тораптық аудандарының кәсіпорындарында орталықтандырылған май шаруашылықтары қарастырылуы тиіс, олар майды сақтау және өңдеу резервуарларымен, сорғылармен, майларды тазартып, қайта өндіру жабдықтарымен, ауыспалы май тазалағыш және газсыздандырғыш жабдықтармен, майды жеткізіп отыру сыйымдылықтарымен жабдықталуы тиіс. Орталықтандырылған май шаруашылықтарының орналасатын орны мен көлемі энергожүйені пайдаланушы ұйымның жобасымен анықталады.
1091. Орнатылған трансформаторлардың қуатына тәуелсіз электр станцияларында, қосалқы станцияларда және алыс немесе жетуге қиын аудандарда орналасқан, қуаты 200 МВ·А тең және одан жоғары трансформаторлармен жабдықталған қосалқы станцияларда майды өңдейтін жабдықтармен жабдықталған май шаруашылықтарын қарастыру қажет.
Мұндай май шаруашылықтарының қоймаларында мыналар болуы тиіс:
1)жылу электр станцияларында – турбиналық және оқшауламалық майлардан 4 резервуардан;
2)гидроэлектр станцияларында – турбиналық және оқшауламалық майлардан 3 резервуардан;
3)қосалқы станцияларда - оқшауламалық майлардан 3 резервуардан.
Әрбір резервуардың көлемі мынадан кем болмауы тиіс:
4)турбина майы үшін – бір агрегаттың май жүйесінің көлемі және жылу электр станциялары үшін барлық агрегаттар қажеттілігінің 45 күнге жететін мөлшерде майды құю және су электр станциясының агрегаттың 10 % көлемі;
5)оқшаулағыш май үшін – 10 % қоры бар бір ірілеу трансформатор көлемі.
Энергожүйені ауыстырылмалы майды өңдеу жабдықтарымен жабдықталуына және қосалқы станциялар мен орталық май шаруашылығының маймен қамтамасыз етілуіне байланысты май шаруашылығының шеберханасы майды өңдеудің стационарлық жабдықтарының барлық түрлерімен жабдықталмауы да мүмкін немесе тіпті жабдықталмауы да мүмкін. Соңғы жағдайда оқшауламалық майларды ауыспалы майөңдегіш жабдықтарды қосып алуға коллекторы бар май шаруашылығының аппараттық бөлімі қарастырылуы тиіс.
1092. 110 кВ және одан жоғары бактік майлы ажыратқыштары бар қосалқы станцияларда оқшауламалық майлардың екі стационарлық резервуарынан тұратын ашық қойма тұрғызылуы тиіс. Әрбір резервуардың көлемі ең үлкен ажыратқыштың үш багінің көлемінен кем емес және қосалқы станцияның аппараттары мен трансформаторларына құйылған май көлемінің 1 % қорға үстемелеп құюға қалдырылуы тиіс.
Май қоймаларын мына жағдайларда тұрғызбауға болады:
1)энергожүйенің қосалқы станциялары мен орталық май шаруашылығы арасында жақсы көлік байланысы орнатылған болса;
2)қосалқы станциялардағы майлы ажыратқыштар саны екеуден аспаса;
3)қала аумағында орналасқан қосалқы станциялар болса.
1093. Синхронды компенсаторлары бар қосалқы станцияларда оқшауламалық майлар резервуарының көлеміне және санына тәуелсіз турбиналық майлардың екі стационарлық резервуары тұрғызылуы тиіс. Әрбір резервуардың көлемі осы қосалқы станцияларда орнатылған ең үлкен компенсатордың май жүйесі көлемінің 110 %-на тең болуы тиіс.
1094. Осы Қағидалардың 1089 және 1090-тармақтарында айтылғандардан басқа қосалқы станцияларда май шаруашылықтары мен май қоймалары тұрғызылмауы тиіс. Құрғақ майдың энергожүйенің орталық май шаруашылықтарынан жеткізілуі жылжымалы резервуарлармен немесе автоцистерналармен орындалады.
1095. Барлық кернеудегі майлы ажыратқыштар мен трансформаторларға стационарлық майсымдары тартылмайды. Майдың құйылуы мен ағызылуы инвентарлық майсымдарын немесе резервуарларды (автоцистерналарды) пайдалану арқылы жүргізіледі.
Кернеуі 330 және 500 кВ электрстанциялары мен қосалқы станцияларына стационарлық майсымдарын шеберханадан немесе май шаруашылығының аппараттық бөлігінен трансформаторларды жөндеу бөліміне және май қоймалары мен майды цистерналардан ағызып алу орындарына жүргізілуі тиіс.
Стационарлық майсымдары пісіріліп жалғанатын болат құбырларынан жасалуы тиіс. 1096. Майды сақтау резервуарлары ауаны құрғату сүзгілерімен, май деңгейінің
көрсеткіштерімен, ағызып алу патрубогындағы іске қосушы кранмен жабдықталуы тиіс.
1097. Ашық май қоймаларының резервуарлар қабырғаларынан арақашықтығы мынадан кем болмауы
тиіс:
1) электр станциялары мен қосалқы станциялардың ғимараттары мен құрылыс объектілеріне (сонымен қатар трансформаторлық шеберханаға) дейін: жалпы көлемі 100 т май қоймасы үшін – 12 м; жалпы көлемі 100 т–дан астам май қоймасы үшін – 18 м;
2)тұрғын және қоғамдық ғимараттарға дейін – «а» пунктінде көрсетілген ара қашықтықтан 25 %-ға артық;
3)май шаруашылығының аппараттық бөлігіне дейін – 8 м;
4)сутек баллондарының қоймаларына дейін – 20 м.
11.Қуат трансформаторлардың орнатылуы
1098. Осы Қағидаларлың 1097 – 1138-тармақтарының талаптары ашық ауа астында орнатылатын, қуат және реттеуші трансформаторларға (автотрансформаторларға) және жоғары кернеуі 3 кВ тең және одан жоғары майлы реакторларға (соның ішінде доғасөндіргіш жерге тұйықтағыш) таралады және арнайы мақсаттағы электр жабдықтарына таралмайды.
Осы параграфта аталған трансформаторлар мен реакторлар осы Қағидалардың 1097– 1138-тармақтарында «трансформаторлар» деген терминмен аталған.
Трансформаторлардың қосалқы жабдықтарының (суыту жүйесінің, бақылаушы-өлшегіш аппаратураның, басқару құрылғыларының, электр қозғалтқыштарының) орнатылуы осы Қағидалардың тиісті тарауларының талаптарына сай болуы тиіс.
Осы Қағидалардың 1107, 1112 және 1113-тармақтарының талаптары жоғары кернеуі 3 кВ тең және одан төмен КТҚС (КТП) құрамына кіретін трансформаторларды орнатуға жатпайды.
1099. Ауа-райы суық макроклиматтық аудандарда ашық ауа астында орнатылу үшін арнайы орындалған трансформаторлар (ХЛ) таңдалуы тиіс.
1100. Трансформаторлар параметрлерін таңдау олардың жұмыс режиміне байланысты орындалуы тиіс. Бұл ретте таңдау барысында ұзақ мерзімді жүктемелік режимдер, қысқа мерзімді жүктемелер, пайдалану барысында туындайтын ұзақ мерзімді ықтимал жүктемелер ескеріліп отыруы тиіс. Бұл талап көпорамды трансформаторлардың барлық орамдарына қатысты.
1101. Трансформаторлар кернеуді алып тастамай, май көрсеткіштеріндегі майдың деңгейін бақылауға ыңғайлы да қауіпсіз жұмыс шарттары орындалатындай етіп орнатылуы тиіс.
Егер жалпы жарықтану жеткіліксіз болса, онда май көрсеткіштеріндегі май деңгейін қараңғы мезгілде бақылау үшін май көрсеткіштеріндегі жарықтану қолданылады.
1102. Трансформаторлардың газдық релелеріне кернеуді алып тастамай, газ сынамасын алу және бақылау үшін қауіпсіз жолы қамтамасыз етілуі тиіс. Ол үшін рельс басының деңгейінен бак қақпақшасына дейінгі 3 м және одан жоғары биіктігі бар трансформаторлар стационарлық басқыштармен жабдықталуы тиіс.
1103. Трансформаторлардың қақпақшалары мен бактарында трансформаторлардың қақпақшаларында орнатылатын ажыратқыштарға арналған талаптарға сай кернеуі 35 кВ-ден жоғары емес вентильді ажыратқыштарды орнатуға жол беріледі.
1104. Орауыштары бар трансформаторлар үшін іргетастарында бағыттағыштары қарастырылуы тиіс. Трансформаторларды бағыттағыштарда бекіту үшін трансформатордың екі жағынан орнатылатын тіреуіштер қарастырылуы тиіс.
Орауыштармен жабдықталмаған, салмағы 2 т-ға дейін трансформаторларды тікелей іргетасқа орнату қажет. Үлкен салмақты трансформаторларды жоғары сейсмологиялық жағдайлары бар аудандарда даярлаушы зауытпен келісе отырып, тікелей іргетасқа орнату қажет.
Қажет болған жағдайда трансформаторлардың іргетастарында трансформаторлардың көлбеулігін құру үшін қолданылатын домкраттарды орнату орындары қарастырылуы тиіс.
1105. Газдың газды релеге түсуін қамтамасыз етуге қажетті майлы трансформатордың көлбеулігі орауыштар астына төсеніштерді қою арқылы құрылуы тиіс.
1106. Жеке конструкцияда кеңейткіштерді орнату барысында ол трансформатордың іргетастан шығарылуына кедергі келтірмейтіндей орналастырылуы тиіс.
Бұл жағдайда газдық реле трансформатордың жанында, стационар сатысымен жайлы және қауіпсіз қызмет көрсету аймағында орналасуы қажет. Кеңейткішті орнату үшін трансформатор ұяшығының порталы қолданылуы мүмкін.
1107. Трансформаторлар газ шығару қақпақшасы жақын орналасқан жабдыққа бағытталып тұрмауы тиіс. Бұл талапты орындау үшін газ шығару қақпақшасының алдын жауып тұратын қалқанша орнатылуы тиіс.
1108. Домалатып жылжыту жолы бойында және салмағы 20 т-дан астам трансформаторлардың іргетастары жанында оларға шығырларды (лебедкаларды), бағыттағыш блоктарын, полиспасттарды бекітуге мүмкіндік беретін анкерлер қарастырылуы тиіс. Бұл құрылғылар трансформаторларды екі бағытта да көздерінің орағыштарында жылжытылуы үшін қолданылып отырады. Жылжыту бағыты өзгеретін орындарда домкраттарды орнататын алаңдар қарастырылуы тиіс.
1109. Ашық орнатылған трансформаторлар арасындағы ара қашықтық 1,25 м-ден кем болмауы
тиіс.
Көрсетілген арақашықтық жер бетінен 1,9 м биіктікте орналасатын трансформаторлардың
сыртына аса шығып тұратын бөліктеріне дейін алынады.
Егер трансформаторлар арасындағы арақашықтық бос тұрған трансформаторлар үшін 15 м-ден кем және қабырғадан 40 м-ден кем аралықта электр станциялары ғимараттарының сыртқы қабырғалары жанында орнатылған трансформаторлар үшін 25 м-ден кем болса, онда ашық орнатылған, кернеуі 110 кВ тең және одан жоғары трансформаторлардың (үш фазалы да және бір фазалы да) бірліктік қуаты 63
МВ.А тең аталмыш трансформаторлардың арасындағы немесе олармен кез келген қуатты трансформаторлар (реттеуші, өзіндік қажеттілік трансформаторларын және т.б. қоса есептегенде) арасына бөлгіш қабырғалар орнатылуы тиіс.
Бөлгіш қабырғалардың өртке қарсы беріктік деңгейі 1,5 сағат, ені – майқабылдағыш жабдығының (қиыршық тас төселген) енінен кем емес және биіктігі – жоғарғы кернеу шықпаларының биіктігінен кем болмауы тиіс. Бөлгіштер май қабылдағыштардың сыртында орнатылуы тиіс. Трансформатор мен арасындағы арақашықтық 1,5 м кем болмауы тиіс.
Егер өзіндік қажеттілік трансформаторлары немесе реттеуші трансформаторлары автоматты стационарлық өрт сөндіру құрылғысымен жабдықталған күштік трансформаторлармен орнатылған және күштік трансформаторлардың ішкі зақымданулардан қорғау әсері аймағында жалғанған болса, онда арасына бөлгіш қабырғалар орнына өзіндік қажеттілік трансформаторларының немесе реттеуші трансформаторларының автоматты стационарлық өрт сөндіру құрылғысын күштік трансформатордың автоматты стационарлық өрт сөндіру құрылғысымен біріктіре пайдалануға болады.
1110. Тізбектік реттеуші трансформаторлары реттеуші трансформаторлардың жанына тікелей орнатылуы тиіс. Оларды бір жолдың бойымен жылжыту мүмкіндігі де қарастырылуы тиіс.
1111. 500 кВ трансформаторлар қуатына тәуелсіз және 220 кВ қуаты 200 МВ.А тең және одан жоғары трансформаторлар автоматты стационарлық өрт сөндіру құрылғысымен жабдықталуы тиіс. Бірінші кезекте өртті азотпен сөндіру жабдықтарын қарастыру қажет. Олар трансформатор багіне азотты қарқынды түрде үрлеп құюға негізделген. Сонымен қатар сумен сөндіру жүйелері де қарастырылуы тиіс.
Жаңадан орнатылатын трансформаторлар үшін автоматты стационарлық өрт сөндіру құрылғысын өртті және жарылысты болдырмау жүйесімен бірге пайдалану ұсынылады.
1112. Өрт сөндіру жабдығының автоматты түрде іске қосылуы мен сөндірілуі қолмен қосу әдісімен қатар басқару қалқаншасынан қашықтықтағы пультынан қосу әдісімен ауыстырылып қолданылуы тиіс. Қолмен іске қосу құрылғылары от жалыны тимейтін жерлерде орналастырылуы тиіс.
Үш фазалы трансформаторлар тобының автоматты стационарлық өрт сөндіру құрылғысы тек зақымдалған фазаларға ғана іске қосылуы тиіс.
1113. Бөлмелер ішінде орналастырылған әрбір май трансформаторы бірінші қабаттағы және ғимараттың басқа бөлмелерінен оқшауланған жеке камерада орнатылуы тиіс. Егер трансформаторларды сыртқа тасымалдау және осы Қағидалардың 978-тармағының 2) тармақшасында келтірілген талаптарға сәйкес апаттық жағдайларда майды жою мүмкіндігі шарттарында майлы трансформаторларды екінші қабатта және бірінші қабаттағы еден деңгейінен 1 м төмен, май массасы 600 кг-ден ал трансформаторлар үшін сумен толтырылмайтын бөлігінде орналастыруға болады.
Трансформаторларды екінші қабатта және бірінші қабаттағы еденнің деңгейінен 1 м төмен орнату қажеттілігі туындаған жағдайларда олар қоршаған ортаның шарттарына қарай және өндіріс технологиясы шарттарына қарай жанбайтын сұйықтықпен толтырылуы тиіс немесе құрғақ болуы тиіс. Трансформаторларды үй-жай ішінде орналастыру кезінде осы Қағидалардың 957-тармағы басшылыққа алынуы тиіс.
Бір камерада жалпы бір мақсаты, басқарылуы мен қорғалу әдісі бар, бір агрегат есебінде қарастырылатын, әрқайсысының қуаты 1 МВ.А астам, екі майлы трансформаторларды орнатуға болады.
Егер жөндеу барысында қолданғанда қиыншылықтар туындайтын болса, онда құрғақ трансформаторларды немесе жанбайтын сұйықтық толтырылған трансформаторларды бір камерада 6 данаға дейін орнатуға болады.
1114. Бөлмелер ішінде жер бетінен 1,9 м биіктікте орналастырылатын трансформаторлардың сыртына аса шығып тұратын бөліктерінен келесі бөліктерге дейінгі арақашықтық мына шамалардан кем болмауы тиіс:
1)артқы және жанындағы қабырғаларға дейін: қуаты 0,4 МВ·А дейін трансформаторлар үшін – 0,3 м және де үлкен қуатты трансформаторлар үшін - 0,6 м;
2)кіре беріс жағынан: есікке дейін немесе қабырғаның сыртына аса шығып тұратын
бөліктеріне дейін – қуаты 0,4 МВ·А дейін трансформаторлары үшін - 0,6 м, қуаты 0,4 МВ·А астам және 1,6 МВ·А дейін трансформаторлары үшін - 0,8 м, қуаты 0,6 МВ·А астам трансформаторлары үшін
– 1 м.
1115. Майлы трансформаторлар орнатылған камералардың едені май қабылдағыш жағына қарай 2 % көлбеу болуы тиіс.
1116. Майлы трансформаторлар орнатылған камералардың есіктері (қоршау есіктері) 1100-тармақ талаптарына сәйкес орындалуы тиіс.
Камера есігінің дәл артында 1,2 м биіктікте тосқауыл (есіктен, камераға кірмей трансформаторларды қарау үшін) орнату қажет.
1117. Трансформаторлар орнатылған камераларда оларға қатысты айырғыштар, жүктеме сақтандырғыштары мен ажыратқыштары, сонымен қатар ажыратқыштар мен доғасөндіргіш жерге қосушы реакторлар, және де суыту жүйесінің жабдықтары орнатылуы мүмкін.
1118. Майлы трансформаторлардың әрбір камерасының сыртқа шығатын немесе едені, қабырғалары, жабыны жанбайтын, ішінде өртке қауіпті және жарылысқа қауіпті заттары, аппараттары және өндірістері жоқ көршілес бөлмеге шығатын есігі болуы тиіс.
Трансформаторлар цехқа домалатып шығарылатын камералар осы Қағидалардың 982, 990, 992 және 997-тармақтарында келтірілген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
1119. Іштей қосылған немесе жанына құрылған қосалқы станцияның трансформаторлық камерасы есігінің ойығынан бөлме ішіндегі ең жақын орналасқан терезе немесе есігіне дейінгі көлденеңінен алынған арақашықтығы 1 м-ден кем болмауы тиіс.
Қуаты 0,1 МВ·А астам трансформаторларды камералардан ені 5 м-ден кем емес ғимараттар арасындағы өту жолдарына домалатып шығаруға рұқсат етілмейді. Бұл талап өндірістік үй-жайлар ішіндегі өту жолдарына және адамдар жүретін жолдарға шығатын камераларға таралмайды.
1120. Трансформаторлар орнатылған камералардың желдету жүйесі трансформаторлар бөліп шығарған жылуды сыртқа шығару жолдарын қамтамасыз етіп, басқа желдету жүйелермен байланыспауы тиіс.
Желдету каналдары мен шахталардың қабырғалары жанбайтын материалдан орындалуы және кемінде 0,75 с. отқа төзімділік шегіне ие болуы тиіс.
Желдету шахталары мен ойықтар оларда ылғал түзілген немесе түскен жағдайда трансформаторларға ағып кетпейтіндей орналасуы тиіс немесе трасформаторды шахтадан ылғалдың түспеуі үшін қорғау шаралары қолданылуы тиіс.
Желдету ойықтарының ұяшығы өлшемі 1х1 см тең торлармен жабылып, қар немесе жаңбыр түсуден қорғалуы тиіс.
1121. Ғимараттарға жанбайтын қабырғалармен жанастырылып салынған, алайда жанатын материалдан жасалған жабындысы бар трансформатор камераларының сорушы шахталары ғимарат қабырғаларынан кемінде 1,5 м ара қашықтыққа жылжытылып немесе жанбайтын материалдардан жасалған төбенің жабындысы биіктігі кемінде 0,6 м жанбайтын материалдардан жасалған парапетпен қоршалуы тиіс.
Сорушы шахталардың саңылаулары ғимараттардың терезе ойықтарына қарсы орналаспауы тиіс. Шығыс вентиляциялық саңылаулары камераның қабырғасында тікелей орнатылған жағдайда олар жанатын материалдан жасалған жабындысы бар төбенің аса шығып тұратын элементтері астында немесе камераға жанастырылып салынған ғимараттың қабырғасындағы ойықтар астында орналаспауы тиіс.
Егер есік үстінде немесе трансформатор камерасының шығыс желдету саңылауы үстінде терезе болса, онда терезенің астына жанбайтын материалдан жасалған күнқағар орнатылып, оның ұзындығы 0,7 м-ден кем болмауы тиіс. Күнқағар ұзындығы терезе енінен әрбір жағына кемінде 0,8 м-ден ұзындыққа үлкендеу болуы тиіс.
1122. Жасанды түрде суытылатын трансформаторлар суыту жүйесінің құрылғысын автоматты түрде іске қосу және тоқтату құрылғыларымен жабдықталуы тиіс.
Автоматты түрде іске қосу майдың жоғарғы қабаттарының температурасына немесе орама температурасына байланысты жасалып, оған тәуелсіз трансформатор жүктемесінің тогы бойынша орындалуы тиіс.
1123. Сыртқа шығарылатын суыту құрылғыларын немесе ДЦ суыту жүйесі қолданғанда, олар трансформатордың іргетастан домалатып шығарылуына кедергі етпейтіндей және жұмыс істеп тұрған трансформаторда оларға жөндеу жұмыстарын жүргізе беруге ыңғайлы етіп орналастырылуы тиіс. Үрлеу
вентиляторларынан ауа ағыны трансформатор багіне қарай бағытталмауы тиіс.
1124. Суыту құрылғысы қақпақшаларының орналасуы оларға ыңғайлы жету жолын, трансформаторды суыту жүйесінен ажырату мүмкіндігін немесе жеке суытқышты жүйеден ажырату мүмкіндігін және де трансформаторды суытқыштан майды ағызбай шығаруды қамтамасыз етуі тиіс.
1125. Ц суыту жүйесіндегі суыту колонкалары мен басқа да жабдықтар температурасы +50С-тан төмен түспейтін бөлмелерде орналасуы тиіс.
Қажет болған жағдайларда жылыту қарастырылуы тиіс.
1126. ДЦ және Ц суыту жүйелерінің сыртқы май құбырлары тот баспайтын материалдардан немесе коррозияға тұрақты материалдардан жасалуы тиіс.
1127. Трансформатор жанына май құбырларының орналасуы трансформатордың және суытқыштардың қызмет етуіне кедергі келтірмеуі және трансформаторды шығарған кезде минималды жұмысты қамтамасыз етуі тиіс. Қажет болған жағдайда үрлеу желдеткіштеріне және қақпақшаларға ыңғайлы жолды қамтамасыз ететін алаңдар мен басқыштар қарастырылуы тиіс.
1128. ДЦ және Ц суыту жүйелерінің май сорғыларын және су сорғыларын бақылау үшін әрбір сорғыда манометр болуы тиіс. Торлы сүзгілері бар болған жағдайда манометрлер майдың сүзгіге кіретін жерінде және шығатын жерінде орнатылуы тиіс.
1129. Жеке суытқыштардан тұратын сыртқа шығарылатын суыту жүйесінде бір қатарға орналастырылатын барлық жеке немесе қосарланған суытқыштар ортақ іргетасқа орнатылуы тиіс. Топтық суытушы жабдықтары осы құрылғыларды өздерінің орауыштарында сыртқа шығару мүмкіндігі қарастырылса, тікелей іргетаста немесе іргетасқа жатқызылған рельстер үстіне
орналастырылуы тиіс.
1130. ДЦ, Д және Ц суыту жүйелеріндегі электр қозғалтқышты басқару шкафтары май қабылдағыш сыртына орнатылуы тиіс. Егер шкаф пен онда орнатылатын жабдық трансформатордан туындайтын тербеліс шарттарындағы жұмысқа есептелген болса, онда басқару шкафын трансформатор багіне ілуге жол беріледі.
1131. Жасанды түрде суытылатын трансформаторлар май, суытушы су циркуляциясының тоқтағаны туралы немесе үрлеу желдеткіштерінің тоқтағаны туралы, сондай-ақ резервтік суытқыш немесе резервтік қоректендіру көзінің автоматты түрде іске қосылғаны туралы сигнализациямен жабдықталуы тиіс.
1132. Жүктеме астындағы кернеуді реттеу құрылғылары жетектерінің шкафтары үшін автоматты түрде басқарылатын электрлік жылыту қарастырылуы тиіс.
1133. Трансформаторлардағы майды тазартуға арналған және Ц суыту жүйесінде орнатылатын адсорбенттер үй-жайда орналастырылуы тиіс, бұл ретте адсорбенттерді сол жерде ауыстыру мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.
1134. Трансформатор майын азоттық қорғаудың созылмалы резервуарлары күннің күлгін сәулеленуінен және -35 о С-тан төмен температура әсерінен қорғалуы тиіс.
1135. Сыртқап салмағы немесе алмалы-салмалы бөлігінің салмағы 25 т-дан артық емес, кернеуі 220 кВ дейін трансформаторлардың белсенді бөлігін бөлшектемей жөндеу үшін біріктірілген порталдар қарастырылуы тиіс не сыртқапты трансформатордың белсенді бөлігін жылжымалы крандармен немесе инвентарлы құрылғылармен көтеру мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл ретте сыртқапты немесе белсенді бөлігін алып кету және белсенді бөлігін жабу үшін инвентарлық құрылғыны (шатырды) орнату мүмкіндігі қамтамасыз етілуі тиіс.
1136. Белсенді бөлігін бөлшектемей трансформаторларды жөндеуге арналған стационарлық құрылғылар (көпірлік крандармен жабдықталған мұнаралар) мыналарда:
1)трансформаторларды жөндеу зауыттарына жіберуге ыңғайсыз, жетуге қиын аудандарда немесе шалғай аудандарда орналасқан, қуаты 200 МВ·А және одан жоғары трансформаторлары бар 500 кВ қосалқы станциялар мен 220 кВ қосалқы станцияларда;
2)егер трансформаторларды гидроэлектрстанцияларының монтаждау алаңдарына немесе жылу электр станцияларының машина залының жөндеу алаңына жеткізу мүмкін болмаса, онда электр станцияларының ашық таратушы құрылғыларына оларға трансформаторларды орнатқанда қарастырылуы тиіс.
1137. 220 кВ қосалқы станцияларда алынатын сыртқабы жоқ, алмалы-салмалы белсенді бөлігінің салмағы 25 т-дан астам трансформаторлар бар болса, оларды жөндеу үшін тарнсформатордың іргетасымен темір жол арқылы жалғанатын стационарлық немесе инвентарлық жүктергіш құрылғылар
