Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электр ондырыларын орнату аидалары.pdf
Скачиваний:
175
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.18 Mб
Скачать

Қажет болған жағдайда радио және спутник байланыс құралдарымен жабдықталған қосымша арналар ұйымдастырылады.

Тек бір байланыс және мәліметтермен ауысу арналарын ұйымдастыруға рұқсат етіледі:

1)қосылған жүктемелері 5 МВт–тан кем және жүйелік емес (тупиктік) 110 кВ қосалқы станциялар арналары;

2)35 кВ және одан төмен қосалқы станциялар арналары;

3)10 МВт төмен электр энергиясын өндірушісімен байланыстыратын арналар;

4)қуаты 5 МВт–тан кем электр энергиясын тұтынушыларымен байланыстыратын арналар;

5)электр тарату желілері жүйелік мәні жоқ электр энергиясын тұтынатын энергоорталықпен байланыстыратын арналар.

Соңғы шешім электрмен жабдықтаудың сенімділігін талап етумен байланысты айқындалуы тиіс. Арнаны радио және спутниктік байланыс құралдарымен ұйымдастыруға болады.

15.Екінші реттік тізбектер

836.Қағидалардың осы тарауы электр қондырғыларының екінші реттік тізбектеріне (басқару, белгі беру, бақылау, автоматика және релелік қорғау тізбектеріне) таралады.

837.Басқа қосылуларымен байланысы жоқ аппаратурасы басқа қосылулар аппаратурасынан бөлек орналасқан қосылулардың екінші реттік тізбектерінің жұмыс кернеуі 1 кВ жоғары болмауы тиіс. Барлық қалған жағдайларда екінші реттік тізбектердің жұмыс кернеуі 500 В жоғары болмауы тиіс.

Қосылатын аппараттардың орындалуы қоршаған ортаның шарттарына және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі керек.

838.Электр станциялары мен қосалқы станциялардың екінші реттік тізбектерінде жартылай қатты алюминийден жасалған алюминий талсымы бар бақылау кәбілі қолданылады. Мыс талсымды бақылау кәбілдері:

1) қуаты 100 МВ астам генераторлы электрлік станцияларының; бұл жағдайларда екінші реттік коммутациялау және химиялық сумен тазалау, тазарту объектілерін, инженерлік-тұрмыстық және қосалқы ғимараттардың, механикалық шеберханалар мен іске қосу қазандық обьектілерін жарықтандыру үшін электр станцияларында алюминий талсымын бақылау кәбілдері қолданылуы тиіс.

2) 330 кВ және одан жоғары кернеулі қосалқы станцияларының және жүйеаралық электр тарату желілеріне қосылатын қосалқы станциялардың;

3) 110-220 кВ ажыратқыштардың істен шығу барысында қосымша құрылғылар мен дифференциалды қорғау шиналарының, сонымен қатар апатқа қарсы автоматиканың жүйелік құралдарының;

4) жылу электр станцияларының технологиялық қорғау тізбектерінің; 5) кәбіл талсымдарының және сымдардың диаметрі 1 мм жұмыс кернеуі 60 В аспайтын;

6) электр станциялары мен қосалқы станциялардың В-І және В-Іа топтық жарылысқа қауіпті аймақтарында орналасқан тізбектердің;

7) бақыланушы кәбілдердің алюминийден жасалған талсымдарына агрессивті әсер ету қасиеті бар топырақтарында орналасқан электр қондырғыларын немесе бөліктердің екінші реттік тізбектерінде ғана қолданылады.

Өнеркәсіптік кәсіпорындарда екінші реттік тізбектерде бақыланушы алюминийлі-мысты кәбілдер қатты алюминийден жасалған алюминий-мыс немесе алюминий талсымы бар бақыланушы кәбілдері қолданылуы тиіс. Өндірістік кәсіпорында екінші реттік тізбек үшін алюминий-мыс немесе алюминий талсымы бар жартылай қатты алюминийден жасалған бақылаушы кәбілдерді қолданған жөн. Бақылаушы мыс талсымы бар кәбілдері тек екінші реттік тізбектерде қолданылуы тиіс, олар В-І және В-Іа кластық жарылысқа қауіпті аймақтарда, доменді және конверторлық цехтардың екінші реттік тізбектерінде, қысушы және үздіксіз жоғары өнімділікті прокатты станоктардың негізгі желілерінде, І-санаттағы ерекше топтың электр қабылдағыштарының екінші реттік тізбектерінде, сонымен қатар кәбіл талсымының және сымдардың диаметрі 1 мм дейін, жұмыстық кернеуі 60 В аспайтын екінші реттік тізбектерінде қолданылады.

839.Механикалық беріктік шарттары бойынша:

1) аппараттар мен панель қысқыштарының бұрандаларына келтірілетін бақылаушы кәбілдер талсымдарының қимасы мыс үшін 1,5 мм2 кем емес, ал алюминий үшін – 2,5 мм2 болуы тиіс; токтық

тізбектерінде – мыс үшін 2,5 мм2, ал алюминий үшін 4 мм2 тең болуы тиіс; жауапты емес екінші реттік тізбектерге, бақылау және белгі беру тізбектеріне қимасы 1 мм2 мыс талсымы бар кәбілдер бұрандасына жалғау қарастырылады.

2) жұмыс кернеуі 100 В және одан жоғары тізбектерде желіммен жалғанған кәбілдердің мыс талсымының қимасы 0,5 мм2 аспауы тиіс;

3) жұмыс кернеуі 60 В және одан төмен тізбектерде желіммен жалғанған мыс талсымының диаметрі 0,5 мм2 кем болмауға тиіс. Байланыс, телемеханика және оларға ұқсас құрылғыларда сызықты тізбектерін бұранда қысқыштарына келтіріп жалғаған жөн.

Бірсымды талсымды тек аппаратураның қозғалмайтын элементтеріне жалғауға (бұрандамен немесе дәнекермен) рұқсат беріледі. Талсымды аппаратураның жылжымалы немесе алмалы-салмалы элементтеріне, сонымен қатар тербеліске ұшырайтын панельдеріне және аппаратурасына жалғау иілгіш (көпсымды) талсымдарымен орындалуы тиіс.

840.Кәбілдер мен сымдар желілерінің қимасын оларды ҚТ қорғау, рұқсат етілген ұзақ токтардан қорғау талаптарына, жылулық, еріктік, талаптарына сәйкес орындалуы тиіс. Сонымен қатар аппараттардың берілген дәлдік тобына байланыс болуы тиіс. Бұл жағдайда мынадай шарттар орындалуы қажет.

1) Ток трансформаторлары электр тізбектерімен бірге мына дәлдік тобына сәйкес жұмыс істеуі

тиіс:

коммерциялық есепке алу есептеуіштері үшін 5-тарау бойынша; ақпаратты есептеу құрылғыларына енгізу үшін қолданылатын өлшеуші қуат түрлендіргіштері

үшін техникалық есепке алу есептеуіштері сияқты 5-тарау бойынша; барлық өлшеу түрлерінде қолданылатын ток және қуат түрлендіргіштері мен құралдары үшін

3-дәлдікті топтан төмен емес; қорғау үшін ережедегідей, 10 % ауытқу шамасында.

2) Кернеу тізбектері үшін барлық қорғаулар мен құралдары қосу шарттарында кернеу трансформаторынан құралуы қажет.

есептеуіш құрылғыларына ақпаратты енгізуге қолданылатын өлшеуіш қуат түрлендіргіштері мен коммерциялық есепке алу санағыштарына дейін 0,5 %-дан аспайды;

мемлекетаралық, жүйеаралық электр тарату желілері мен кернеу 500 кВ және одан жоғары желілердің коммерциялық есепке алу есептеуіштеріне дейін 0,2 %-дан аспайды;

техникалық есепке алу есептеуіштеріне дейін 0,5 %-дан аспайды; барлық өлшеу түрлерінде қолданылатын қалқаншалық құралдар мен қуат датчиктері үшін 1,5

%-дан аспайды; қорғау және автоматика панельдеріне дейін 3 %-дан аспайды.

Осы аталған жүктемелерді жалпы желілер бойынша бірлесіп қоректендіру кезінде, олардың қимасы кернеу шығындарының рұқсат етілген нормаларынан ең аз мөлшері бойынша таңдалуы тиіс.

3) Қоректендіру көзінен жедел тогының тізбектері үшін кернеу шығынының мөлшері мынаны құрауы тиіс:

форсировкасы жоқ құрылғы панельдеріне дейін немесе басқару электромагниттеріне дейін - ең үлкен жүктеме ток жағдайында 10 %-дан аспайды;

үш еселік және үлкен форсировкасы бар басқару электромагниттеріне дейін – токтың форсировкалы мәні жағдайында 25 %-дан аспайды.

4) АРҚ құрылғыларының кернеу тізбектері үшін кернеу трансформатордан өлшеу органына дейін кернеу шығыны 1 %-дан аспауы тиіс.

841.Бір бақылаушы кәбілде айнымалы және тұрақты токты басқару, өлшеу, қорғау және белгі беру тізбектерін және де ток мөлшері 5 А-ден аспайтын электр қабылдағыштарынан қоректенетін күштік тізбектерін біріктіруге рұқсат етіледі.

Кәбіл желілерінің индуктивті кедергісін ұлғайтпау мақсатында ток пен кернеу трансформаторының екінші реттік тізбектерінің тарамдалуын әрбір кәбілде осы тізбектердегі токтардың қосындысы кез–келген режимде 0-ге тең болуы тиіс.

Түрлі қосылулардың тізбектері үшін жалпы кәбілдердің қолданылуына, өзара резервтегілерден басқасына рұқсат етіледі.

842.Кәбілдер, әдетте қысқыштардың жиындарына қосылады. Кәбілдің екі мыс желісін бір

бұрандаға және екі алюминий желісін қосуға болмайды.

Өлшеуіш трансформаторлардың шығыстарына немесе жеке аппараттарға кәбілдерді тікелей қосады.

Қысқыштардың орындалуы кәбіл желілерінің материалына және қимасына сәйкес келуі тиіс.

843.Бақылаушы кәбілдердің ұзындығын ұлғайту мақсатында жалғауға трасса ұзындығы кәбілдің құрылыстық ұзындығынан аспаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Металл қаптамасы бар кәбілдер герметикалық муфталарды орнату арқылы жалғануы тиіс.

Металл емес қаптамасы бар кәбілдерді немесе алюминий желілі кәбілдерді қысқыштардың аралық қатарларында жалғайды немесе осы кәбіл түріне арналған арнайы муфталар көмегімен жалғайды.

844.Қысқыш жиындарына немесе аппараттарға қосылатын екінші реттік кәбілдер, кәбіл желілерін және сымдардың таңбасы болуы тиіс.

845.Екінші реттік тізбектердің сымдар мен кәбілдердің типтерін, оларды жүргізу және қорғау әдістерін осы тараумен өзгертілмеген бөліктерде 10 және 15-тараулардағы талаптарды ескере отырып таңдау қажет. Ыстық беттермен немесе майлардың және т.б агрессивті орталардың әсерінен оқшауламасы бұзылатын жерлермен сымдар мен кәбілдерді жүргізгенде арнайы сымдар мен кәбілдер қолданылуы тиіс.

Жарыққа төзімсіз оқшауламасы бар сымдар мен кәбіл желілері жарық әсерінен қорғалуы тиіс.

846.Кернеу трансформаторынан қалқаншаға дейін жүргізілетін кернеу 110 кВ және одан жоғары трансформаторлардың екінші реттік тізбектеріндегі кәбілдердің металл қабықшасы немесе жағынан жерге жуықталған қалқалы болуы тиіс. Кернеуі 110 кВ және одан жоғары бір кернеу трансформатының негізгі және қосымша орамаларындағы кәбілдер трассаның бүкіл ұзындығы бойынша қатар жүргізілуі қажет. Басқа құрылғылардың нысаналауына немесе қатар орналасқан тізбектеріне сезімтал құрылғылардың тізбектері үшін қалқаланған сымдар, сонымен қатар ортақ қалқаны бар бақылаушы кәбілдер немесе қалқаланған желілері бар кәбілдер қолданылуы тиіс.

847.Қалқанша құрылғылары шекарасында айнымалы және тұрақты ток тізбектерінің монтаж

(панельдер, пульттар, шкафтар, жәшіктер т.б), сонымен қатар ажыратып-қосқыштар, ажыратқыштар және т.б құрылғылардың сымдарын жалғаудың ішкі сұлбалары механикалық беріктік шарттары бойынша мыс желілі сымдар мен кәбілдермен орындалуы тиіс. Олардың қималары мына шамалардан кем болмауы тиіс:

1)бұрандалық қысқыштармен жалғанатын бірсымдық желілер үшін 1,5 мм2;

2)дәнекермен жасалған бірсымдық желілер үшін - 0,5 мм2;

3)арнайы ұштықтар көмегімен дәнекерленіп бұрандамен жалғанатын көпсымдық желілер үшін

0,35 мм2; техникалық дәлелденген жағдайларда дәнекермен жалғанатын көп тарамдалған мыс желілі сымдарды қолдануға рұқсат етіледі, олардың қимасы 0,35 мм2 төмен, 0,2 мм2-ден кем болмауы тиіс;

4) кернеу 60 В жоғары емес тізбектерде, дәнекермен жалғанатын желілер үшін (диспетчерлік қалқаншалар мен пульттар телемеханика құрылғылары т.б.) - 0,197 мм2 (диаметрі - 0,5 мм кем емес)

Біртарамды желілерді аппаратураның жылжымайтын элементтеріне ғана орындауға рұқсат етіледі. Аппаратураның жылжымалы немесе алмалы–салмалы элементтеріне иілгіш (көптарамды) желілермен жалғауға рұқсат етіледі.

Механикалық сымдардың дәнекерленген жерлеріне жүктеме түсіруге рұқсат етілмейді.

Құрылғы есіктеріне ауысулар үшін қимасы 0,5 мм2 тең көптарамды сымдар қолданылуы тиіс;

сонымен қатар қимасы 1,5 мм2 кем емес біртарамды желілі сымдарды қолдану тек бұрауға қолданған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Қалқанды құрылғыларда және т.б зауыт дайындап шығарған бұйымдардағы сымдардың қимасы, оларды уақыт кешігуінсіз ҚТ, 1.3-тарауға сәйкес рұқсат етілген токтық жүктемелерден қорғау талаптарымен, ал тек трансформаторларынан келетін тізбектер үшін жоғарыда аталғандардан басқа жылулық беріктігімен анықталады. Монтажды жүргізу үшін жанбайтын, оқшауламасы бар сымдар мен кәбілдер қолданылуы тиіс.

Қалқанды құрылғыларды іштен монтаждау үшін алюминий желілі сымдар мен кәбілдерді қолдануға рұқсат етілмейді.

848. Бір панель ішінде аппараттардың өзара жалғануы аралықтық қысқыштарға байланыстырушы сымдарды шығарусыз тікелей орындалады.

Қысқыштар немесе зерттеу блоктарына зерттеуші және тексеруші аппараттарымен құралдарды

қосуды талап етіп тізбектер шығарылуы тиіс. Сонымен қатар, құрылғының режимін өзгеруге талап ететін тізбектерді бір қатар қысқыштар қатарына шығару ұсынылады.

849. Аралық қысқыштарды тек мына жерлерде ғана орнатуға болады:

1)сым кәбілге ауысатын жерде;

2)аттас тізбектер біріктірілетін жерлерде (ажырату тізбектерінің қысқыштар жиыны, кернеу тізбектерінің жиыны т.б);

3)зерттеуші блоктары немесе ұқсас құрылғылар жоқ болған жағдайда жылжымалы зерттеуші және өлшеуіш аппараттарды қосуды талап ететін жерлерде;

4)бірнеше кәбіл бір кәбілге бірігетін немесе түрлі кәбілдердің тізбектері.

850.Түрлі жалғанулар мен құрылғыларға жататын қысқыштар, жеке қысқыштар жиындарына шығарылуы тиіс.

Қысқыштар қатарларында кездейсоқ қосылып кетуі жедел ток тізбектерінде немесе қоздыру тізбектеріне қысқа тұйықталуды туындататын немесе жалғанған жердің қысылуын немесе ажыратылуын туындататын қысқыштарды бір-біріне жанастырып орналастыруға тыйым салынады.

Түрлі қорғау түрлеріне жататын немесе бір жалғанудың басқа құрылғыларына жататын аппатураны панельде (шкафта) орналастырғанда жедел ток полюстерінен қысқыш жиындары арқылы қоректің берілуі, сонымен қатар, осы тізбектердің панель бойымен таралуы қорғаудың және құрылғының әр түрі үшін тәуелсіз орындалуы тиіс. Егер жеке қорғау кешендерінен ажыратылуы тізбектеріне бастырмалар қарастырылмаса, онда осы тібектердің қорғаудың шығыс релесіне немесе ажыратқыштың ажырау тізбегіне шығарылуы қысқыштар жиынының жеке қысқышы арқылы орындалады; бұл жағдайда көрсетілген тізбектердің панелінен жалғауларды қорғаудың әр түрінен тәуелсіз орындауға болады.

851.Қорғау және автоматика тізбектерінде пайдаланушылық тексерілулер мен зерттеулерді өткізу үшін, зерттеуші блоктарды немесе өлшеуіш қысқыштарды қарастыру тиіс, олар сымдар мен кәбілдерді ажыратпай қоректену көзінен жедел токты, кернеу және ток трансформаторларын ажыратады және зерттеуші аппараттарды құрылғыларды тексеріп баптау үшін жалғануын қамтамасыз етеді.

Торап режимдерінің талаптары бойынша, селективтілік шарттары бойынша және т.б. себептермен жұмыстан шығарылатын релелік қорғау және автоматика құрылғылары, оларды жедел персоналымен жұмыстан шығаруға арнайы жабдықтары болуы тиіс.

852.Қысқыштар жиындары, айырғыштардың және ажыратқыштардың қосалқы түйіспелері және аппараттары орнатылуы тиіс, ал жерге тұйықталатын өткізгіштер, кернеу 1 кВ жоғарғы бірінші реттік тізбектерден кернеуді ажыратпай, екінші реттік тізбектердің жиындары мен аппараттарын қызмет ету қауіпсіздігін қамтамасыз етілетіндей етіп монтаждалуы тиіс.

853.Екінші реттік тізбектерде қолданылатын аппаратураның оқшауламасы аталмыш тізбектерді қоректендіретін көздің жұмыстық кернеуімен анықталатын нормаларға сәйкес келуі тиіс.

Тұрақты және айнымалы ток тізбектерінің оқшауламасын бақылауды жерге тұйықталмаған әрбір тәуелсіз көзде қарастырып отыруы қажет.

Оқшауламаны бақылау құрылғысы оқшаулама орнатылған мәнінен кіші мәнге төмендегенде сигналдың берілуін қамтамасыз етуі тиіс, ал тұрақты токта – аталғандармен қатар полюстері оқшауламасының кедергі мәнінің өлшенуінде қамтамасыз етуі тиіс. Оқшауламаны бақылауды жедел токтың тармақталмаған торабы жағдайында орындамауға болады.

854.Әрбір жалғанудың екінші реттік тізбектерін жедел токпен қамтамасыз етуді жеке оқшаулағыш немесе автоматты ажыратқыштар арқылы (соңғысын қолдану тиімдірек) орындау керек.

Әрбір жалғанудың ажыратқыштардың релелік қорғау және басқару тізбектерін жедел тогымен қоректендіруді жеке автоматты ажыратқыштар арқылы немесе басқа тізбектеріне (сигнализация, электрмагниттік оқшаулағыш, т.б) байланыспаған оқшаулағыштар арқылы қарастырылуы тиіс. Басқарылатын аппараттың жағдайын белгі беру шамдарын және басқару тізбектерін біріктіріп қоректендіру қарастырылады.

Кернеуі 110 кВ және одан жоғары жалғанулар үшін қуаты 60 МВт және одан жоғары генераторлар үшін жедел тогымен негізгі және қордағы қорғауларды жеке-жеке қоректендіру қарастырылуы тиіс.

Автоматты ажыратқыштармен оқшаулағыштарды тізбектеп қосқанда, соңғылары автоматты ажыратқыштардың алдында (қорек көзі жағынан) орнатылуы тиіс.

855.Релелік қорғау автоматика және жауапты элементтерді басқару құрылғыларының жедел токты қоректендіру тізбектері жай-күйлерін әрдайым нақты бақылауда болуы тиіс. Бақылау жеке

релелерді немесе шамдарды қолданумен немесе аппараттар көмегімен орындалуы тиіс, олар қашықтықтан басқарылатын коммутациялық аппараттарының мынадай операция тізбегінің дұрыстығын бақылау үшін қарастырылуы тиіс.

Маңыздылығы аздау құрылғылар үшін қоректенуді бақылау жедел ток тізбегінде автоматты ажыратқыштың ажыратылған жай-күйі туралы белгі беру арқылы орындалады.

Тізбекте коммутациялық аппаратының қосалқы түйіспесі бар болған жағдайда, мынадай операция тізбегі түзелуінің бақылануы орындалады. Бұл жағдайда ажырату тізбегінің жұмысқа жарамдылығы барлық жағдайларда да бақыланып отырады, ал іске қосу тізбегін жұмысқа жарамдылығын бақылауы – маңызды элементтердің ажыратқыштарына, қысқа тұйықтағыштардың ажыратқыштарына және теле басқару немесе автоматты резервті қосылу (РАҚ – АРҚ) құрылғылары әсерінен іске қосылатын аппараттарына жүктеледі.

Егер жетектің іске қосу тізбектерінің параметрлері осы тізбектің жұмысқа жарамдылығын бақылау мүмкіндігін қамтамасыз етпесе, онда бақылау орындалмайды.

856.Электр қондырғыларында, негізінен, қалыпты жұмыс режимі бұзылғандығы және кез келген бір ақаудың туындағаны жайлы хабарлайтын автоматты белгі берілуі қамтамасыз етілуі тиіс.

Мұндай белгі беру қондырғының дұрыс жұмыс істеуін оқтын–оқтын тексеріп отыруы тиіс. Персоналдың тұрақты кезекшілігінсіз жұмыс істейтін электр қондырғыларында персонал

отыратын пунктте белгі берілуі қамтамасыз етілуі тиіс.

857.Іске қосу электромагниттері немесе басқа да аппараттардың жұмыс барысында аса кернеуліктің түрлі құрылғыларының дұрыс жұмыс жасауы және де жерге қосу кезінде де туындайтын осындай жағдайлар мүмкін болатын жедел ток тізбектері қорғалуы тиіс.

858.Ток транзисторының екінші реттік тізбектелетін жерге тұйықталуын ток трансформаторларына жақын орналасқан жиынындағы немесе ток транзисторларының қысқыштарындағы бір нүкте қарастырылуы тиіс.

Ток трансформаторларының бірнеше кешендерінің біріктіретін қорғаныстары үшін жерге тұйықтау бір нүктеде қарастырылуы тиіс, бұл жағдайда статикалық зарядты ағып кетуге шунттаушы кедергісі 100 Ом тең, тесуші кернеуі 1 кВ жоғары емес тесуші сақтандырғыш арқылы жерге тұйықтау рұқсат етіледі.

Аралықтың бөлуші ток трансформаторларының екінші реттік орамдарын жерге тұйықтамауға рұқсат беріледі.

859.Кернеу трансформаторларының екінші реттік орамалары бейтарап нүктенің немесе ораманың бір шетін жерге қосушы құрылғымен жалғау арқылы жерге тұйықталады.

Кернеу трансформаторының екінші реттік орамаларын жерге тұйықтау ережесіне сәйкес кернеу трансформаторына жақын орналасқан қысқыштар жиынында немесе кернеу трансформаторының қысқыштарында орындалуы тиіс.

Бір таратушы құрылғының бірнеше кернеу трансформаторының жерге тұйықталатын екінші реттік тізбектерін жалпы жерге қосушыларымен біріктіруге рұқсат етіледі. Егер аталған шиналар түрлі таратушы құрылғыларға жататын болмаса және түрлі бөлмелерде орналасса (мысалға түрлі кернеулі таратушы құрылғыларының релелік қалқаншалары), онда бұл шиналарды өзара жалғауға болмайды.

Жедел айнымалы ток көздері ретінде қолданылатын трансформаторлар үшін жедел ток торабы полюстерінің бірінің тұрмыстық жерге тұйықталуы қарастырылмаса, кернеу трансформаторының екінші реттік орамаларының қорғаныстық жерге қосылуы тесуші сақтандырғыш арқылы жасалады.

860.Кернеу трансформаторын екінші реттік тізбектерінің қысқа тұйықталуынан автоматты ажыратқыштар қорғайды. Автоматты ажыратқыштар жиынынан кейін үлкен жерге тұйықтау токтары бар тораптардағы кернеу трансформаторының нөлдік (ашық үшбұрыш) тізбегінен басқа, барлық жерге тұйықталмаған өткізгіштерінде орнатқан жөн.

Тармақталмаған кернеу тізбектері үшін автоматты ажыратқыштарды орналастыруға болады. Трансформаторларының екінші реттік тізбектерінде көрінетін үзілімді құру мүмкіндігі

(рубильниктер, ұяшықтық жалғаушылар т.б.) қамтамасыз етілуі тиіс.

Кернеу трансформаторлары мен оның екінші реттік тізбектері жерге тұйықталмаған жері арасындағы өткізгіштердің үзілімін құратын құрылғылар орнатылмайды.

861.Сыйымдылық токтарын өтеусіз, жерге тұйықтау токтары аз тораптарында орнатылған кернеу трансформаторларында (мысалы, генератор трансформатор блогының генераторлық кернеуінде, электр станциялары мен қосалқы станциялардың өзіндік қажеттілік кернеуінде) қажет болған жағдайда