
- •Электр қондырғыларын орнату қағидалары
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Электрмен жабдықтау және электр желілері
- •1. Жалпы ережелер
- •1. Қолданылу аясы
- •2. Қыздыру бойынша өткізгіштердің қималарын таңдау
- •1. Жалпы талаптар
- •4. Қысқа тұйықталу кезіндегі қыздыру жағдайында өткізгіштерді таңдау
- •5. Коммутациялық қабілеті бойынша аппараттарды таңдау
- •5. Электр энергиясын есепке алу және қуатты бақылау
- •1. Жалпы талаптар
- •2. Электр энергиясын есепке алу құралдарын орнату пункттері
- •3. Коммерциялық санауыштарға қойылатын талаптар
- •4. Өлшеуіш трансформаторларды қолдану арқылы есепке алу
- •5. Санауыштарды орнату және оларға қосылатын электр сымдары
- •6. Техникалық есепке алу
- •6. Электрлік шамаларды өлшеу
- •1. Жалпы талаптар
- •7. Жерге тұйықтау және электр қауіпсіздігін қорғау шаралары
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Тікелей жанасудан қорғану шаралары
- •3. Жанама жанасудан қорғаныс шаралары
- •9. Жерге тұйықтағыштар
- •10. Жерге тұйықтағыш өткізгіштер
- •11. Басты жерге тұйықтағыш шинасы
- •12. Нөлдік қорғау өткізгіштері
- •13. Қиыстырылған нөлдiк қорғайтын және нөлдiк жұмыс өткiзгiштерi
- •14. Әлеуеттерді теңдестiру жүйесiнiң өткiзгiштерi
- •15. Жерге тұйықталатын және қорғаныс өткізгіштерінің қосылыстары
- •16. Тасымалды электр қабылдағыштары
- •17. Жылжымалы электр қондырғылары
- •8. Қабылдау-тапсыру сынауының нормалары
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Синхронды генераторлар, компенсаторлар мен коллекторлық қоздырғыштар
- •3. Тұрақты ток машиналары
- •4. Айнымалы ток электр қозғалтқыштары
- •6. Өлшеу трансформаторлары
- •7. Май ажыратқыштары
- •8. Әуе ажыратқыштар
- •9. Жүктеме ажыратқыштары
- •10. Элегаз сөндiргiштері
- •11. Вакуум сөндiргiштерi
- •12. Ажыратқыштар, бөлектегіштер және қысқа тұйықтағыштар
- •15. Құрама және біріктіруші шиналар
- •16. Құрғақ ток шектеуіш реакторлар
- •17. Электр сүзгілері
- •21. Түтікті разрядтаушылар
- •23. Кірмелер және өтпелі оқшаулағыштар
- •24. Фарфорлық аспалы және тіреу оқшаулағыштары
- •25. Трансформатор майы
- •27. Аккумулятор батареялары
- •28. Жерге тұйықтағыш құрылғылар
- •30. 1 кВ жоғары кернеудегі электр таратудың әуе желілері
- •9. Айнымалы токтың электр қондырғыларының оқшауламасы
- •1. Жалпы талаптар
- •2. ӘЖ оқшаулау
- •4. Разрядтық көрсеткіштер бойынша оқшауламаны таңдау
- •5. Ластану деңгейін анықтау
- •10. 220 кВ дейінгі кернеудегі кәбіл желістері
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Төсеу тәсілдерін таңдау
- •3. Кәбілдерді таңдау
- •5. Кәбілдердің жалғанымдары және бітемелері
- •6. Жерге тұйықтау
- •8. Кәбіл желістерін жерге төсеу
- •10. Кәбіл құрылыстарында кәбіл желістерін төсеу
- •12. Кәбіл тораптарын су астымен жүргізу
- •13. Арнайы құрылыстар бойынша кәбіл тораптарын салу
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Климаттың есептік жағдайы
- •3. Сымдар, арматуралар
- •4. Сымдардың тіректе орналасуы
- •5. Оқшаулау
- •7. Тіректер
- •8. Габариттер, түйісулер және жақындасулар
- •2. Қорғаныс және автоматика
- •12. Кернеулігі 1 кВ дейінгі электр желілерін қорғау
- •2. Қорғанысты таңдау
- •3. Қорғаныс аппараттарын орнату жерлері
- •13. Релелік қорғаныс
- •1. Пайдалану саласы
- •2. Жалпы ережелер
- •10. Синхрондық компенсаторларды қорғау
- •14. Автоматика және телемеханика
- •1. Қолданылу саласы. Жалпы ережелер
- •2. Автоматты қайта қосылу (АҚҚ)
- •3. Резервтегi қоректенудi және жабдықты автоматты қосу (РАҚ)
- •4. Генераторларды қосу
- •6. Жиілікті және белсенді қуатты автоматты реттеу (ЖҚАР)
- •8. Асинхронды режимді автоматты тоқтату
- •9. Жиiлiк төмендетуін автоматты шектеу
- •10. Жиiлiктің жоғарылауын автоматты шектеу
- •11. Кернеудің төмендеуін автоматты шектеу
- •12. Кернеудің жоғарылауын автоматты шектеу
- •13. Жабдықтың асқын жүктемесін автоматты болдырмау
- •14. Телемеханика
- •15. Екінші реттік тізбектер
- •3. Таратушы құрылғылар мен қосалқы станциялар
- •1. Жалпы талаптар
- •2. Құралдар мен аппараттардың орнатылуы
- •3. Шиналар, сымдар, кәбілдер
- •4. Таратушы құрылғылардың конструкциялары
- •7. Таратушы құрылғыларды ашық ауада орналастыру
- •1. Жалпы талаптар
- •2. Ашық таратушы құрылғылар
- •4. Цехішілік трансформаторлық қосалқы станциялар
- •5. Бағандық (мачталық) трансформаторлық қосалқы станциялар
- •6. Күннің күркіреуінен болатын шамадан тыс кернеуден қорғау
- •8. Ішкі аса кернеуліктерден қорғау
- •9. Пневматикалық шаруашылық
- •10. Май шаруашылығы
- •11. Қуат трансформаторлардың орнатылуы
- •18. Түрлендіруші қосалқы станциялар мен жабдықтар
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Түрлендіргіш агрегаттарды қорғау
- •3. Жабдықтарды орналастыру, қорғаныс іс-шаралары
- •4. Түрлендіргіштердің салқындатылуы
- •19. Аккумуляторлық қондырғылар
- •1. Электрлік бөлімі
- •2. Санитарлық-техникалық бөлік
- •4. Электр күштік қондырғылар
- •20. Электромашиналық бөлмелер
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Электр жабдығын орналастыру және орнату
- •3. Электр машиналары подшипниктерінің майлануы
- •21. Генераторлар мен синхронды компенсаторлар
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Суытылуы мен майлануы
- •3. Қоздыру жүйесі
- •1. Жалпы ережелер
- •2. Электр қозғалтқыштарын таңдау
- •3. Электр қозғалтқыштарын орнату
- •4. Коммутациялық аппараттар
- •23. Конденсаторлық қондырғылар
- •1. Электр қосылыстарының сұлбасы, жабдықтарды таңдау
- •3. Электрлік өлшеу
- •4. Конденсаторларды орнату
- •5. Арнайы қондырғылардың электр жабдықтары
- •24. Жарылыс қаупі бар аймақтардағы электр қондырғылары
- •1. Жарылыс қаупі бар аймақтардың жіктелуі
- •2. Жарылыс қаупі бар аймақтарға электр жабдығын іріктеу
- •3. Электр машиналары
- •4. Электр аппараттары мен аспаптары
- •5. Электр жүк көтергіш механизмдері
- •6. Электр шамдары
- •7. Тарату құрылғылары, трансформаторлық және қайта өңдеу қосалқы станциялары
- •8. Электр өткiзгiштер, ток өткiзгiштер және кәбіл желiлері
- •9. Нөлге теңестiру және жерге тұйықтау
- •10. Найзағайдан және статикалық электрден қорғау
- •25. Өрт қаупі бар аймақтарындағы электр қондырғылары
- •2. Электр машиналары
- •3. Электр аппараттары және құралдар
- •4. Электр жүк көтеру құрылғылары
- •5. Таратқыш құрылғылар, трансформаторлық және қайта өңдеу қосалқы станциялары
- •6. Электр шамдары
- •7. Электр өткізгіштері, ток өткізгіштері, әуе және кәбіл желілері
- •26. Электротермикалық қондырғылар
- •1. Жалпы ережелер
- •3. Индукциялық және диэлектриялық қыздыру қондырғылары
- •5. Электронды-сәулелі қондырғылар
- •1-қосымша
- •2-қосымша
- •4-қосымша
бекітілу керек; 2) ӘЖ сымдары байланыс сымдарының көтеріп тұратын тростарының үстінде орналасу керек. ӘЖ
сымдары көпсымды болу керек, қимасы алюминийде - 35 мм2, болатты алюминийде – 25 мм2-ден кем болмау керек. ӘЖ сымдарын қиылысу аралықтарында қосуға болмайды;
3)ӘЖ сымдарынан арақашықтық аз салмақ кемдігі болған жағдайда трамвай торабының рельстерінің басына дейін 8 м-ден кем болмау керек, ал троллейбус торабы жүретін аймақтағы көшенің жүргінші жүретін бөлігіне дейін 10,5 м болу керек. Бұл ретте барлық жағдайда да ӘЖ сымдарынан көтеріп тұратын тросқа дейін немесе байланыс сымдарына дейінгі арақашықтық 1,5 метрден кем болмауы тиіс. Байланыс желісі орналасқан аймақтарда ӘЖ тіректері анкер типті болу керек, ал сымдар қос бекіткішпен бекітілу керек;
4)байланыс сымдары көлденең орналасқан жерлерде ӘЖ қиылысуы болуға болмайды;
5)троллейбус тораптарында байланыс сымдарын және кернеуі 380 В-тан асатын ӘЖ сымдарын тіректерге бірге ілу үшін мына шарттар қадағалануы тиіс: троллейбус тораптарының тіректері ӘЖ сымдарын ілуге жеткілікті болатындай механикалық берік болу керек; ӘЖ сымдарымен кронштейн арасындағы немесе байланыс сымдарын көтеріп тұратын тросты бекіту құрылғысы арасындағы арақашықтық 1,5 метрден кем болмау керек.
Бұл параграфтың талаптары көшені жарықтандыру тораптарына қолданылмайды.
580. Арқанды жолдармен және жердегі металл құбырлармен ӘЖ жақындасқанда және қиылысқанда мына талаптар орындалуы тиіс:
1)ӘЖ арқан жолдың астымен жүру керек; ӘЖ арқан жол үстімен жүруге тыйым салынады;
2)арқан жолдардың төменгі жағында ӘЖ сымдарын қоршап тұру үшін баспалдақ өткел немесе тор болу керек;
3)ӘЖ арқан жолдың астымен жүргізілген жағдайда немесе құбыр астымен жүрсе, ӘЖ сымдары олардан мынадай қашықтықта болу керек: арқан жолдың торларын қоршап тұрған өткелге дейін немесе құбырға дейін – 1 метрден кем болмау керек; құбырға дейін немесе арқан жол элементтеріне дейін сымдарда азғантай ауытқу болғанда және аз салмақ кемдігі болса – 1 метрден кем болмау керек;
4)ӘЖ астына орнатылған құбырлармен ӘЖ қиылысқанда ӘЖ сымдарынан құбыр элементтеріне дейінгі арақашықтық салмақ кемдігі болған жағдайда 1 метрден кем болмау керек.
2.Қорғаныс және автоматика
12. Кернеулігі 1 кВ дейінгі электр желілерін қорғау
1. Қорғаныс аппараттарын таңдау және оларға қойылатын талаптар
581.Қорғаныс аппараттары ретінде автоматты ажыратқыштар немесе сақтандырғыштар қолданылады. Күрделі ажыратқышпен қамтамасыз етілген немесе құрастырылған автоматты ажыратқыштар да қолданылады.
Жылдам әрекет етуді, сезімталдылықты және іріктеу талаптарын қамтамасыз ету үшін, қажет болған жағдайда, төзімді реле (жанамалы әрекеттегі реле) қолданылған қорғаныс қондырғылары да пайдаланылады. Бұл ретте, осы қорғаныс қондырғыларының сезімталдылық коэффициенті қорғау аймағының шегінде 1,5 кем болмауы тиіс.
582.Қорғаныс аппараттары өзінің ажыратқыш қабілеттілігімен электр желілерінің қорғалатын учаскесінің ұшындағы қысқа тұйықталу тогының шектеу шегіне сәйкес болуы тиіс, яғни олар осы Қағидалардың 4-тарауының анықтамасына сәйкес осы токқа төзімді болуы қажет.
Ток көзінің бағытында орналасқан топтасқан автоматты ажыратқыш немесе жақын орналасқан автоматты ажыратқыш қысқа тұйықталу тогын дер кезінде өшіруді қамтамасыз ететін болса, ҚТ тогының максималды шегінде төзімді бола алмайтын қорғаныс құралдарын орнатуға болады. Ол үшін, көрсетілген ажыратқыштардағы қас-қағым ӘЖ әрекет ететін ағытушының (сақталу уақытынсыз кесіндінің) қондырмасындағы ток қорғалатын топтағы әрбір аппараттың және егер аппараттардың барлық тобының мұндай іріктеусіз өшірілуі апаттық, қымбат тұратын жабдықтар мен материалдардың
зақымдануы немесе күрделі технологиялық процестің бұзылуы қаупін төндірмейтін болса, бірмезгілдік шектік қосылғыштық бейімінің тогынан аз болуы керек.
583.Электр желілерінің жеке учаскелерін қорғау үшін қызмет көрсететін сақтандырғыштың балқымалы ендірмелеріндегі қалыпты ток немесе автоматты ажыратқыштардың босатқыш тетігіндегі қалыпты ток, барлық жағдайда телімдердегі есептеулі токтан кем мөлшерде алынады немесе электр қабылдағыштарының қалыпты тогымен таңдалады. Осылайша уақытша келген асқын жүктеме кезінде (іске қосу тогы, технологиялық жүктеме шегі, өз бетінше қосылу кезіндегі ток және т.б.) қорғаныс аппараттары электр қондырғыларын ток көзінен ажыратылмауы тиіс.
584.Тығын тәріздес автоматты ажыратқыштар мен сақтандырғыштар желілерге былайша қосылуы қажет: сақтандырғыштың (автоматты ажыратқыш) тығыны бұралып алынған кезде бұралмалы гильзада кернеу болмауы тиіс. Бір жақтан ток көзінен қамтамасыз етілген кезде, қоректендіру сымы (кәбіл немесе сым) қорғау коммутациялық аппараттың жылжымайтын контактісіне жалғануы тиіс.
Қоректендіру сымы электр желісі автоматты ажыратқыштың қозғалушы контактісіне жалғанған жағдайда, кейбір автоматты ажыратқыштардың коммутациялық мүмкіндігі шегінен төмендейтінін ескеру қажет.
585.Әрбір қорғаныс аппаратында, өзі қорғайтын желілеріне қажетті қалыпты ток деңгейі көрсетілген, босатқыш тетігі мен балқымалы ендірмесінің қалыпты тогы көрсетілген таңбасы болуы тиіс.
Қорғаныс аппараттары орналасқан шкафтардың есіктерінде немесе қалқандарында желіні қорғауға арналған автоматты ажыратқыштардың босатқыш тетігі мен сақтандырғыштардағы балқымалы ендірмесінің қалыпты тогы көрсетілген схемалар орнатылуы тиіс.
2.Қорғанысты таңдау
586.Электр желілерінде токтың қысқа тұйықталуы кезінде өшірілу уақыты мүмкіндігінше аз болатындай және іріктеу мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей қорғаныс болуы тиіс.
Қорғаныс токтың қысқа тұйықталуы белгілері анықталғанда, қорғалатын желінің соңына қарай зақымдалған учаскені өшіруді қамтамасыз етуі: бір-, екіжәне үш фазалық желіде – бейтарап тұйықтау; екі-, үш фазалық желіде – бейтарап оқшаулануы тиіс.
Токтың қысқа тұйықталуы белгілері анықталғанда қысқа тұйықталу желілерінің белсенді және индуктивті қарсылық көрсету деңгейі, электр доғасының қарсылық көрсету деңгейі, сондай-ақ желінің қызуы нәтижесінде қарсылық көрсету деңгейі ескерілуі тиіс.
587.Желінің зақымдалған бөлігінің сенімді өшірілуі үшін, қорғалатын желінің соңында токтың қысқа тұйықталу есебін барынша шектеу шегіне жеткізу үшін мынадай шамасының еселенуі қажет:
1) сақтандырғыштағы балқымалы ендірменің қалыпты тогына – кемінде 3; 2) ток сипаттамасына кері бағынышты автоматты ажыратқыштардың босатқыш тетігіндегі қалыпты
тогына – кемінде 3; 3) ток сипаттамасына кері бағынышты автоматты ажыратқыштардың босатқыш тетігіндегі
жинақталған ток бойынша басқару бөлігіне – кемінде 3; 4) автоматты ажыратқыш іске қосылуына әсер ететін токтың жоғарғы шегі, дер кезінде іске
қосылатын және токтың максимальды босатқыш тетігінде – кемінде 1,1.
Өрт қаупі бар аумақтарға қысқа тұйықталу тогының еселігі 25-тарауда көрсетілген.
588.Бойына оқшауланған сымдарды (БОС) пайдаланып тұрғызылған электр желілерінде,
сондай-ақ үй-жайлардың ішіндегі желілерде де асқын жүктемеден сақтайтын қорғаныс болуы тиіс:
1)сыртқы қабығы немесе сыртқы оқшауламасы қызатын сымдардан жасалған ашық орындалған электр желілері;
2)тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар мен құрылыстардың, сауда үй-жайларының, өндірістік кәсіпорындардағы қызметтік-тұрмыстық жайлардың, тұрмыстық және тасымалды электр қабылдағыштары желілерін қосқанда (үтік, шәйнек, плиталар, тоңазытқыштар, шаңсорғыштар, жуу және тігін машиналары және т.б.), сонымен қатар өртке қауіпті аймақтардың топтастырылған жарықтандыру желілері;
3)тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар мен құрылыстардың, сауда үй-жайларының, өндірістік
кәсіпорындардың күш желілері – технологиялық процестер шарты бойынша немесе желінің жұмыс режимі бойынша өткізгіштерде ұзақ уақыт бойы асқын жүктеме пайда болатын болса;
4) 6-бөлімнің талаптар бойынша арнайы қондырғылар желісі.
589.Асқын жүктемеден қорғалатын желілерде ток аппараттардағы токтың еселенуі қорғалатын өткізгіштегі ток жүктемесінің рұқсат етілген ұзындығына қатынасы мыналардан артық болмауы тиіс:
1) 0,8 – лезде әрекет ететін ажыратқышы бар, автоматты ажыратқыштардың қалқаншасы мен балқымалы ендірмелеріне арналған номиналды ток;
2) 1,0 – кері байланысқа тәуелді реттелмейтін токпен сипатталатын автоматты ажыратқыштардың номиналды тогы (қиманың болуына тәуелсіз);
3) 1,25 – кері байланысқа тәуелді реттелетін токпен сипатталатын автоматты ажыратқыштардың номиналды тогы (қиманың болуына тәуелсіз).
590.Электр станциясының меншікті қажеттілігіне арналған кәбілдік желіден токты ажырату қорғалатын кәбілдің аяғындағы көп фаза және бір фаза аралық қысқа тұйықталудың сезімталдық коэффициенті 1,3 кем болмауы тиіс. Бұл кезде қорғалатын кәбілдің соңындағы бір фазалы қысқа тұйықталудан қорғауды қамтамасыз ету үшін бөлек қорғаныс орнатылуы қажет, ол қосылатын жерден жіберілетін ажырату тогының сезімталдық коэффициенті 1,5 кем болмауы тиіс. Егер токтан кері тәуелді сипаттамасы бар ажыратқыш жұмысында кәбілдің ыстыққа төзімділігі мен қорғауды іріктеу қамтамасыз етілсе қорғалатын кәбіл желісінің барлық ұзындығын қимамен қамтымауға болады.
Электр станциясының меншікті қажеттілігіне арналған кәбілдік желілерде араласқан телімдерді қорғайтын резервтік қорғаныс болады.
591.Тұрақты токтағы электр қондырғыларын қорғау үшін құрастырма айырғышы бар автоматты ажыратқыштар немесе арнайы тасымалды релелік қорғаныстар қолданылады. Сақтандырғыштарды да қолдануға рұқсат беріледі. Зақымдалған учаскені өшіру үшін іріктеуді қамтамасыз ету керек, ол үшін мына жағдайлар орындалуы тиіс:
1) барлық қысқа тұйықталуға автоматты ажыратқыштарды қолдану кезінде қорғалатын негізгі аймақта сезімталдық коэффициенті 1,5 кем емес токтық ажыратылым жүзеге асырылуы тиіс; резервтеу аймағында сезімталдық коэффициенті 1,3 кем емес токтық ажыратылым жүзеге асырылуы керек. Резервтеу кезінде кәбілдердің ыстыққа төзімділігі қамтамасыз етілген болса, токқа кері бағынышты сипаттамасы бар ажыратқыштарды пайдалануға рұқсат етіледі;
2) тасымалды релелік қорғаныстарын қолдану кезінде сезімталдық коэффициенті мынадан төмен болмауы тиіс: негізгі аймақ үшін – 1,5; резервтік аймақ үшін – 1,2;
3) сақтандырғыштарды қолдану кезінде сезімталдық коэффициенті мынадан төмен болмауы тиіс: негізгі аймақ үшін – 5; резервтік аймақ үшін – 3;
592.Екі тізбекті әуе желілерінде, егер бұл желілердің бойында жалпы нөлдік сымдар болатын болса, автоматты ажыратқыштың босатқыштары немесе тасымалды ток қорғанысы орнатылмайды.
3.Қорғаныс аппараттарын орнату жерлері
593.Қорғаныс аппараттары қызмет көрсетуіне ыңғайлы, яғни кездейсоқ механикалық бүлінуде мүмкіндігі жоққа шығарылатын болатындай қолайлы үй-жайларда орнатылуы тиіс. Орнату жұмыстары кезінде мүмкіндігінше айналасындағы заттардың бүлінбеуі және персоналдың жұмыс кезіндегі қауіпсіздік шаралары қатаң сақталуы тиіс.
Ашық ток жүргізуші бөліктері бар қорғаныс аппараттарына қызмет көрсетуге тек кәсіби біліктілігі жоғары персоналға ғана рұқсат беріледі.
594.Қорғаныс аппараттары сым қимасы азайтылған электр тораптарында (электрэнергиясын тұтынатын орынға бағытталу бойынша) және қорғаныстың сезімталдылығымен және іріктелуімен қамтамасыз етуді қажет ететін орындарда орнатылады.
595.Қорғаныс аппараттары қорғалатын өткізгіштің қоректенетін желілерге қосылған жерлерінде орнатылуы тиіс.
Қоректенетін желілер мен тармақталатын орынның қосылған жерлерінің арасында біршама аралық болған жағдайда және келесі шарттар орындалған кезде тармақталған қорғаныс аппараттарын орнатуға рұқсат беріледі:
1) қоректенетін желілерге қосылған орындардан бастап аппаратқа дейінгі учаскенің ұзындығы