Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Электр ондырыларын орнату аидалары.pdf
Скачиваний:
175
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
2.18 Mб
Скачать

қолданылатын тәсілдері (науа, қораптарда) қолданылады. Жер бетіндегі лотоктар мен оларды жабатын плиталар темірбетоннан жасалуы тиіс. Лотоктар арнайы бетон подсадкаларға жаңбыр суының ағуына кедергі келтірмейтіндей жоспарлы жолдан 0,2 % кем емес еңіс орнатылуы тиіс. Жаңбыр суының ағуын қамтамасыз ететін науалардың түбінде қуыс болған жағдайда еңкіш жасау қажет етілмейді.

Кәбілдерді төсеуге кәбіл науаларын пайдалану кезінде АТҚ аумағы бойынша көлік жүретін жол және жөндеу және пайдалану жұмыстарын орындауға қажетті машиналар мен жабдықтарға кіретін жол қарастырылуы тиіс. Бұл мақсат үшін тартпаларды бір деңгейде тұруын сақтай отырып, өтетін көлік жүктемесін ескергенде темірбетон плиталардың көмегімен науалар арқылы өту жолдары жасалуы тиіс. Кәбіл тартпаларын пайдалану кезінде науадан төмен тұрған каналдар мен траншеяларға, құбырларға және жолдың астына кәбілді төсеуге болмайды.

Кәбілдердің науадан басқару және қорғау шкафтарына кіруін жерге көмілмеген құбырларда орындалуы тиіс. АТҚ бір ұяшығының деңгейінде кәбіл мойнағын траншеяға салуға болады және бұл жағдайда оларды басқару және релелік қорғау шкафтарына кіргізу кезінде кәбілдерді қорғау құбырларын пайдалануға ұсынылмайды. Механикалық зақымданудан кәбілдерді қорғау басқа тәсілдермен (түпкірді, швеллерді қолданумен) орындалуы тиіс.

10.Кәбіл құрылыстарында кәбіл желістерін төсеу

462.Кәбіл құрылыстарының барлық түрлері жобамен қарастырылған кәбілдің көлемінің 15 % өлшемінде кәбілдерді қосымша төсеу мүмкіндігін (монтаждау үдерісінде кәбілдерді ауыстыру, келесі пайдалануда қосымша төсеніш және т.б.) ескере отырып орындалады.

463.Кәбіл қабаттары, туннелдері, галереялар, эстакадалар бойынша және шахталар, басқа бөлмелер мен қатарлас кәбіл жайларынан, 0,75 с кем емес өртке төзімді деңгейдегі жанбайтын аралық қабырғалары мен аралық жабындардан бөлектенуі тиіс. Осындай аралық қабырғалармен алшақ туннелдер күштік және бақылау кәбілдері және маймен толтырылған кәбілдер мен пластмасса оқшаулығы бар кәбілдер болған жағдайда 150 м кем емес, ұзындықтағы отсектерге бөлінуі тиіс.

Қосарлы еденнің әрбір отсегінің ауданы 600 м2 кем болмауы тиіс.

Кәбіл 0,75 с. өртке төзімділік деңгейіндегі аралық қабырғаларда және кәбіл жайларындағы есіктері осы Қағидалардың 426-тармағында аталған электр қондырғыларында 0,75 с өртке төзімділік шегінде және 0,6 с қалған электр қондырғыларында болуы тиіс.

Кәбіл жайларынан шығу сырттан немесе Г және Д категориясының өндірістері бар жайлардан қарастырылуы тиіс.

Кәбіл құрылыстарынан шығатын есіктің саны мен орналасуы жергілікті жердің жағдайын ескере отырып анықталуы тиіс, бірақ олар екіден кем болмауы тиіс. Кәбіл құрылыстар ұзындығы 25 м болған жағдайда бір шығатын есігі болуы тиіс.

Кәбіл құрылыстарының есіктері мықты бітелген өздігінен жабылатындай болуы тиіс. Кәбіл құрылыстарының шығатын есіктері сырттан ашылатын және кәбіл жайынан кілтсіз ашылатын болуы тиіс, ал отсектер арасындағы есіктер жақын шығатын жердің бағыты бойынша ашылуы және оларды жабық күйінде ұстап тұратын құрылғылармен жабдықталуы тиіс.

Көпірлері бар өтпелі кәбіл эстакадаларының сатылары бар кіретін орны болуы тиіс. Кіре берістің арасындағы арақашықтық 150 м-ден кем болмауы тиіс. Эстакаданың шетінен кіре беріске дейінгі арақашықтық 25 м-ден аспауы тиіс.

Кәбілдік көрмелер 0,75 сағат өртке төзімділік шегінде өртке қарсы жанбайтын бөгеттері бар бөліктерге бөлінуі тиіс. Бөліктердің ұзындығы 35 кВ-ке дейін кәбіл салынған кезде 150 м-ден аспауы және пластмассалық оқшаулағышы бар кәбілде, май толтырылған кәбілдер салынған кезде 120 м-ден аспауы тиіс. Жартылай жабық сыртқы кәбілдік көрмелерге берілген талаптар таралмайды.

464. Туннелдер мен каналдарда оларға технологиялық су мен майдың түсуінің алдын алу бойынша шаралар қолданылуы және жер асты және жаңбыр суының ағып кетуіне жағдай жасалуы тиіс. Олардағы еденнің су қоймасына қарай еңісі немесе су канализациясы 0,5 % еңісі болуы тиіс.

Туннелдің бірінен екіншісіне өту жолы 15 оС аспайтын көтеру бұрышы бар пандус арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Туннелдердің бөліктерінің арасындағы саты салуға болмайды.

Жайлардан тыс және жер асты суларының деңгейінен жоғары салынатын кәбіл каналдарында қиыршықталған тас немесе құмнан үйілген қалыңдығы 10-15 см дренаждайтын үйінді болуы тиіс.

Туннелдерде дренажды механизмдерді пайдалану қарастырылған және оларды судың деңгейіне қарай автоматты қосуға болады. Іске қосу аппараттары мен электр қорғалтқыштары олар өте ылғал жерлерде жұмыс істей алатындай болуы тиіс.

Өтпелі типтегі эстакадалар мен галереялардың бір белгіден екіншісіне өту жолдарында 15 оС еңісті пандус орнатылуы тиіс. 1:1 еңісті сатыны орнатуға болады.

465.Тарату құрылғылары мен жайларда кәбіл каналдары мен қосарлы едендер алмалы-салмалы жанбайтын плиталармен жабылуы тиіс. Электр машиналарында және соған ұқсас жайларда каналдар кедір-бұдырлы темірмен, ал паркетті-ағаш еденді басқару щиттары бар жайларда каналдар мен қосарлы едендер онымен жүретін жабдықтарға кедергі келмейтін етіп жабылуы тиіс.

466.Ғимараттың сыртындағы кәбіл каналдары алмалы-салмалы плиталардың сыртынан қалыңдығы 0,3 м құммен көмілуі тиіс. Қоршалған аумақтарда кәбіл каналдарының үстіндегі алмалы-салмалы плиталардың үстін топырақпен көмудің қажеті жоқ. Қолмен ашылатын арқалық плиталардың салмағы 70 кг аспауы тиіс. Плиталар көтеретін құралмен жабдықталуы тиіс.

467.Балқытылған металл, ыстық сұйықтар немесе кәбілдің қабығы бүлдіретін басқа да заттардың төгілуі мүмкін аймақтарда каналдарды салуға болмайды.

Аталған аймақтарға коллекторлардағы және туннельдерге люк салуға болмайды.

468.Ғимараттан тыс жер асты туннельдері жабынының үсті 0,5 м қалыңдықта құм қабатымен жабылуы тиіс.

469.Кәбілдер мен жылу құбырларын бірге салу кезінде, жайларда кәбіл орнатылған жерде жылу

құбырының ауаны қыздыруы кез келген мерзімде 5 0С аспауы тиіс, ол үшін құбырларға жылуды оқшаулағыш пен желдеткіш орнатылуы тиіс.

470.Кәбіл жайларында кәбілдер тұтас ұзындықта салынады, ал кәбілдерді жайларда келесі талаптарға сай орналастыру қарастырылады:

1) Бақылау кәбілдері және байланыс кәбілдері тек қуат кәбілдерінің астына орнатылуы тиіс; оларды аралық қабырғамен ажыратады.

2) Бақылау кәбілдерін 1 кВ қуат кәбілдерімен қатар салуға болады.

3) 1 кВ-қа дейін күш беретін кәбілдер 1 кВ-тан жоғары кәбілдердің үстіне салынады; бұл жағдайда оларды қалқамен бөліп қояды.

4) Әртүрлі топтағы кәбілдер, 1 кВ-тан жоғары трансформаторлардың, генераторлардың резервтегі кәбілдері мен жұмысшы кәбілдер және сол сияқты 1 категориялық электр қабылдағышпен қуаттанатын тағы да сол сияқтылар әртүрлі горизонталды деңгейлерде салынады және оларды қалқалармен бөліп қояды.

5) 1), 3), 4) пункттерде көрсетілген және осы пунктте көрсетілген бөлгіш қалқалар отқа төзімділігі 0,25 сек-тан кем болмайтындай отқа жанбайтын болуы тиіс.

Әуе-механикалық көбікті және бытыраңқы су қолданылатын автоматты өрт сөндіргішті қолданғанда 1), 3), 4) және осы пункте көрсетілген қалқаларды орнатпауға болады.

Сыртқы кәбіл эстакадаларында және сыртқы жабық кәбіл галереяларда осы тармақтың 1), 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген қалқаларды орнату міндетті емес. Сонда өзара сақтаулы күш беретін кәбілдер торабы (1 санаттағы ерекше топқа жататын электр қабылдағыштардың торабын қоспағанда) арақашықтығы 600 мм-ден кем болмайтын қашықтықта салынады және аралық конструкцияның (арқалық, ферма) екі жағынан эстакадаларға орналастырылады; галереяларда жүретін жолдан бастап жан-жағына орнатады.

471.Май толтырылған кәбілдер мен пластмасса қорғанысы бар кәбілдер жекелеген кәбіл құрылыстарына салынады. Оларды өзге кәбілдермен бірге салуға болады; ол жағдайда май толтырылған кәбілдер мен пластмасса қорғанысы бар кәбілдер кәбіл құрылысының төменгі жағына орнатылады және басқа кәбілдерден өртке беріктігі 0,75 сек-тан кем емес көлденең қалқа арқылы бөлініп қойылады. Дәл осындай қалқалармен маймен толтырылған кәбілдер және пластмасса қорғаны бар кәбілдер де бөлінеді.

472.Кәбілді құрылыстарда автоматты стационарлық құралдар мен өрт сөндіру құралдарының көлемі және қолданылуы белгіленген тәртіп бойынша бекітілген ведомстволық құжаттар негізінде анықталуы тиіс.

Тікелей кіре беріске жақын жерге, люктер мен желдеткіш шахталарға (25 м-дей радиуста) өрт сөндіру краны орнатылуы тиіс. Эстакадалар мен галереяларға арналған өрт сөндіру гидранттары белгілі бір есеппен орнатылуы тиіс, яғни, эстакада мен галерея трассасы осінің кез келген

нүктесінен жақын жердегі гидрант арақашықтығы 100 м-ден аспауы тиіс.

473. Кәбіл құрылыстарында бақылау кәбілдерін және қимасы 25 мм2 немесе одан да жоғары күш беретін кәбілдерді (қорғасынмен қапталған берік кәбілдерді қоспағанда) кәбіл конструкциясы бойынша орындайды.

Сауыттанбаған бақылау кәбілдер, сауыттанбаған қорғасын қабықты күш беретін кәбілдер және қимасы 16 мм2 және одан төмен орындалған сауытталмаған күш беретін кәбілдердің барлық түрлері тартпаларға немесе қалқаларға (тұтас немесе тұтас емес) салынады.

Егер тереңдігі 0,9 м-ден аспайтын болса, канал түбіне кәбіл жүргізуге болады; онда 1 кВ-тан жоғары күш беретін кәбілдер мен бақылау кәбілдер тобы арасындағы арақашықтық 100 м-ден кем болмауы тиіс немесе бұл кәбіл топтары жанбайтын, отқа беріктігі сағатына 0,25-тен кем болмайтын қалқалармен қоршалуы тиіс.

Жекелеген кәбілдердің арақашықтығы осы Қағидалардың 5-қосымшасының 124-кестесінде көрсетілген.

Кәбіл құрылыстарында өткелдердің биіктігі, ені және конструкция мен кәбілдердің арасындағы қашықтық осы Қағидалардың 5-қосымшасының 124-кестесінде келтірілген арақашықтықтан кем болмауы тиіс. Кестеде берілген арақашықтықпен салыстырғанда өткелдерді 800 мм-ге дейін тарылтуға немесе 1,0 м ұзындыққа биіктікті 1,5 м-ге төмендетуге рұқсат етіледі, соған сәйкес вертикал кәбілдердің арақашықтығын конструкция біржақты немесе екіжақты орналасқан жағдайда кемітуге болады.

474.Бақылау кәбілдерін тартпаларға бір буда етіп салуға болады және металл қораптарға көп қабаттап салу үшін мына шарттарды қадағалау керек:

1) кәбіл будаларының сыртқы диаметрі 100 мм-ден аспауы тиіс; 2) бір қораптағы қабаттар биіктігі 150 мм-ден аспауы тиіс;

3) будаларға және көп қабаттарға қабығы бір типті кәбілдер ғана салынады; 4) будадағы, қораптағы көп қабатты кәбілдерде, тартпадағы буда кәбілдерде бекіту

құрылғысының және өз салмағының ықпалымен кәбіл қабықтарында деформация болмайтындай етіп бекіту керек;

5) өртке қауіпсіз болу мақсатында қораптар ішінде оттан қорғайтын белдік орнатылуы тиіс: вертикал учаскелерде – 20 м-дей қашықтықта, сонымен бірге кіре берісте жамылғы арқылы; көлденең учаскелерде – қоршаулар арқылы өтетін өткелдерде;

6) кәбіл трассасының әрбір бағытында жалпы қорап сыйымдылығының 15 %-нан кем болмайтын сыйымдылықта қор болуы қарастырылуы тиіс.

Күш беретін кәбілдерді будалап немесе қабаттап салуға болмайды.

475.Жер асты коммуникациясымен толықтырылған орындарда Қағидалардың 5-қосымшасының

124-кестесінде қарастырылғанмен салыстырғанда биіктігі азайтылған, бірақ 1,5 м-ден кем болмайтын жартылай өткелді туннелдер жүргізуге болады, онда да мына талаптарды орындаған жағдайда: кәбіл торабының қысымы 10 кВ-тан аспауы тиіс; туннель ұзындығы 100 м-ден аспауы керек; қалған қашықтықтар кестедегі 5-қосымшаға сәйкес болу керек; туннель соңында шығатын есік немесе люк болуы тиіс.

476.Төмен қысымдағы май толтырылған кәбілдер, пластмасса қорғанысы бар кәбіл тораптары металл конструкцияларға кәбіл айналасына тұйық магнитті контур түзілуін болдырмайтындай етіп бекіту керек; бекітілген орындар арақашықтығы 1 м-ден аспауы тиіс.

Жоғары қысымды май толтырылған кәбілдердің болат құбырлары тіректерге орнатылады немесе алқаларға асып қойылады; тіректердің немесе алқалардың арақашықтығы торап жобасымен анықталады. Сонымен қатар құбырлар пайдалану барысында температуралық деформация болмас үшін қозғалмайтын тіректерге бекітіледі.

Құбырдан тірекке түсетін салмақ тірек іргетасын бұзатындай немесе ауысушылыққа әкелмеуі тиіс. Көрсетілген тіректердің саны және орналасқан орны жобамен анықталады.

Жоғары қуатты тораптардағы тармақталған құрылғының бекітпелері мен механикалық тіректері тармақталған құбырдың тербелуін болдырмауы тиіс, олардың айналасына тұйық магниттік контур түзілуін болдырмау керек, ал бекітілген орындарда немесе тірекке түйіскен жерлерде қорғаныс төсемдері болу керек.

477.Кәбіл құдықтарының тереңдігі 1,8 м-ден кем болмау керек; камера биіктігі нормаланбайды. Байланыстыратын тоқтатқыш және жартылай тоқтатқыш муфталарға арналған кәбіл құдықтарының көлемі муфтаға қазбай монтаж жасауға болатындай болу керек.

Су асты өткелдеріндегі жағалау құдықтарының көлемі резервтегі кәбілдерді және қуаттандыратын аппараттарды орналастыруға болатындай болуы тиіс.

Құдық еденінде топырақ суын және жауын суын жинайтын шағын шұңқыр орнатылуы тиіс; сонымен бірге осы Қағидалардың 463-тармағында келтірілген талаптарға сәйкес су шығаратын құрылғы қарастырылуы тиіс.

Кәбіл құдықтары металл баспалдақтармен жабдықталуы тиіс.

Кәбіл құдықтарында кәбілдер мен байланыстырғыш муфталар конструкцияда, тартпаларда және қоршауларда орнатылуы тиіс.

478.Кәбіл құдықтары мен туннелдердегі люктердің диаметрі 650 мм-ден кем болмайды және екі металл қақпақпен жабылуы керек, оның астынғысы құлыппен жабылуға арналады және туннель жағынан кілтсіз ашылады. Қақпақтардың ашуға арналған қондырғысы болу керек. Бөлме ішінде екінші қақпақты қолданбаса да болады.

479.Туннелдердегі, кәбіл этаждары мен каналдарындағы қуаттылығы 6-35 кВ күш беретін кәбілдердің байланыстырғыш муфталарында электр тесіп өткенде пайда болатын жарылыстар мен өртті жоюға арналған арнайы қорғаныс қап болу керек.

480.Жоғары қысымды май толтырылған кәбіл тораптары ұшындағы муфталар жайлы температуралы

бөлмелерде орналасуы тиіс немесе температура +5 оС-ден төмендегенде автоматты қыздырғыш қондырғымен жабдықталуы тиіс.

481.Май толтырылған кәбілдерді, пластмасса қорғанысы бар кәбілдерді галереяға жүргізерде галереяның жылылығы талаптағы техникалық шарттарға сәйкес болу керек.

Жоғары қысымды тораптардағы май сіңіретін агрегаттар бөлмелерінде табиғи желдеткіш болуы тиіс. Жер асты қуаттандырғыш пункттерді кәбіл құдықтарымен бірге қолдануға болады, ол жағдайда осы Қағидалардың 476-шы пунктіне сәйкес құдықтарға су шығаратын құрылғы орнату керек.

482.Байланыстырғыш муфталарға арналған эстакадалар, құдықтар, каналдар мен камералардан басқа кәбіл құрылысы табиғи немесе жасанды желдеткіштермен жабдықталуы тиіс және де әрбір бөлекжай желдеткіші дербес болуы тиіс.

Кәбіл құрылысы желдеткішінің есебі келіп түсетін және шығып кететін ауа арасындағы

температураның құлауы 10 оС аспауына байланысты анықталады. Сонда туннель тарылғанда, бұрылыстарды, айналмаларда ыстық ауа қапшық тәрізді жиналмайды.

Желдеткіш құрылғылар от тұтанып кеткен жағдайда ауаның келуін тоқтату үшін, сонымен бірге қыс мезгілдерінде туннелдің қатып қалуының алдын алу мақсатында тосқауылдармен жабдықталу керек.

Бөлме ішіне кәбіл салу кезінде қоршаған орта температурасының көтерілуінен және технологиялық қондырғылардың ықпалынан кәбілдің қызып кетуін болдырмау керек.

Байланыстырғыш муфтаға арналған құдықтардан, каналдардан, камералардан және ашық эстакадалардан басқа кәбіл құрылысы электр жарығымен және жылжымалы шамдар мен аспаптар қосуға арналған желілермен жабдықталуы тиіс. Жылу электр станцияларында аспаптарды қоректендіруге арналған желі қоймауға рұқсат етіледі.

483. Коллекторлерге, технологиялық галереяларға және технологиялық эстакадаларға кәбіл ҚНжҚ талаптарына сәйкес салынады.

Кәбіл эстакадасы мен галереясынан ғимараттар мен құрылыстарға дейінгі жарықтағы ең аз арақашықтық осы Қағидалардың 5-қосымшасының 125-кестесіне сәйкес келуі тиіс.

Кәбілдер эстакадасы мен галереясының электр берілісінің әуе тораптарымен, завод ішіндегі теміржол мен автомобиль жолдарымен, өрт сөндіру жүрісімен, арқан жолдарымен, әуе байланыс тораптарымен және радиофикациямен, құбырлармен қиылысуы 30 оС бұрышта орындалады.

Эстакадалар мен галереялардың әуе байланыс тораптарымен параллель жүру кезінде кәбілдер мен байланыс тораптарының сымдары арасындағы арақашықтықты кәбіл тораптарының байланыс және радиофикация тораптарына ықпалын есептеу арқылы анықтайды. Байланыс және радиофикация сымдары эстакада мен галереяның асты мен үстінде орналасады.

Өндіріс кәсіпорны аумағындағы жүргінші жүрмейтін бөлігіндегі кәбілді эстакада мен галереяның ең төменгі биіктігі жердегі жоспарланған белгіден кәбілдердің ең төменгі қатарын 2,5 м-ден кем болмайтындай деңгейде салу мүмкіндігінің есебінен алынады.