
агрохимия Р. ЕЛЕШЕВ
.pdf
Оқшауландырып қоректендіру әдісін Д.Н.Прянишников зертханасында өсімдіктің қоректік элементтерді сіңіру ерекшеліктерін зерттеуде кеңінен қолданған (65-кесте).
64-кесте мәліметтері калий тұздарының, әсіресе, күкірт қышқыл калий қосылысының, өсімдіктің фосфорит құрамындағы фосфорды қабылдауын жоғарылататынын көрсетеді. Бұл калий тұздарының физиологиялық қышқылдылығы әсерінен болып отыр.
65-кесте. Калий тұздарымен оқшауландырып қоректендірудің жүгерінің фосфорит құрамындағы фосфорды сіңіруіне әсері.
Сыртқы ыдыс |
Ішкі ыдыс |
Өнім, грамм |
Өсімдік |
(құмды орта) |
(сулы орта) |
1 ыдыста |
құрамындағы |
|
|
|
P2О5, мг/ыдыста |
Гельригель қоспасы |
P2О5 мен K2О |
111 |
459 |
|
қосылмаған Гельригель |
|
|
|
қоспасы |
|
|
Фосфорит |
P2О5 қосылмаған |
30 |
43 |
|
Гельригель қоспасы |
|
|
Фосфорит + KCl |
P2О5 мен K2О |
65 |
97 |
|
қосылмаған Гельригель |
|
|
|
қоспасы |
|
|
Фосфорит + K2SO4 |
P2О5 мен K2О |
103 |
179 |
|
қосылмаған Гельригель |
|
|
|
қоспасы |
|
|
Оқшауландырып қоректендіру әдісінің көмегімен тамыр жүйесінің дамуында кальцийдің маңызын, өсімдіктің темірмен қоректенуінде кальцийдің, өсімдіктің калий катионын сіңіруде топырақтағы алмасу реакциясының рөлін және көптеген басқада агрохимиялық және физиологиялық процестердің жүруін зерттеуге болады.
6.2.6 СТЕРИЛЬДЕНГЕН ДАҚЫЛДАР ӘДІСІ
Өсімдіктермен вегетациялық тәжірибелер жүргізгенде олардың тамырларынан субстратқа бөлінген қосылыстарды микроорганизмдер пайдаланады. Кейбір микроорганизмдер өсімдіктің қоректенуінде антагонистік қасиет көрсетеді. Мысалы, олар субстраттағы азот пен фосфордың жеңіл еритін қосылыстарын пайдалану арқылы өсімдіктің осы элементтермен қоректенуін нашарлатады.
Сондықтан микроорганизмдердің қоректік қоспаға әсерін болдырмау мақсатында вегетациялық тәжірибеде стерильденген
301

дақылдар әдісін қолданады. Тәжірибе ыдыстарындағы қоректік қоспалар мен өсімдіктің тамыр жүйесі толық стерильденген болуы тиіс (30-сурет).
30-сурет. Стерильденген дақыл әдісі бойынша жүргізілген вегетациялық тәжірибе.
Кезінде П.С.Коссович пен Д.Н.Прянишников өсімдіктің қоректену мәселесін зерттеуге арналған жұмыстарда стерильденген дақылдар әдісін жиі қолданған. Осы әдістің көмегімен өсімдік тамырынан бөлінген органикалық заттардың субстраттағы қиын еритін фосфор қосылыстарын өсімдікке сіңімді күйге ауысуына әсері, лецитин құрамындағы фосфор мен аспарагин азотын өсімдіктің пайдалануы, азот қышқыл аммоний тұзының физиологиялық қышқылдылығы дәлелденді.
Бақылау сұрақтары
1.Вегетациялық тәжірибе нені зерттейді?
2.Вегетациялық тәжірибенің түрлері мен ерекшеліктерін
атаңыз.
302
3.Вегетациялық тәжірибенің нәтижелерін ауыл шаруашылығы өндірісінде қолдануға болады ма?
4.Вегетациялық тәжірибе жүргізу кезінде қандай заттарды пайдаланады?
5.Қоректік қоспаларды дайындауға арналған элементтерді
атаңыз?
6.Қоректік қоспаларды не себепті үш топқа бөледі және айырмашылығы неде?
7.Браунер-Букач ерітіндісін қай уақытта пайдаланған жөн?
8.Топырақ дақылдарымен тәжірибені қандай мақсатта жүргізеді?
9.Топырақ дақылдарымен тәжірибе жүргізетін ыдыстардың сыйымдылығы мен өлшемінің әртүрлі болуынның себебі.
10.Тәжірибе жүргізуге арналған ыдысқа топырақты толтыру әдістемесін атаңыз.
11.Топырақ дақылдарымен жүргізілетін тәжірибеге қажетті тұқымды өндіру тәсілі.
12.Тәжірибеге қажетті су мөлшерін анықтау әдісін атаңыз.
13.Өсімдікке қажетті жарықтың түсуін реттеу тәсілі.
14.Құм және су дақылдарының топырақ дақылдарынан артықшылықтары.
15.Құм және су дақылдарымен тәжірибелерді жүргізудің негізгі мақсаты.
16.Су дақылдарында тәжірибе жүргізудің ерекшелігін
атаңыз.
17.Қоректік заттардың тұрақты концентрациясы мен реакциясының әсерін қай әдіс арқылы зерттеуге болады?
18.Оқшауландырып қоректендіру әдісінің маңыздылығы
неде?
19. Стерильденген дақылдар әдісімен |
тәжірибені қандай |
мақсат үшін жүргізеді? |
|
303
6.3. Лизиметрлік әдіс
Топырақ қасиеті мен өсімдік тіршілігін табиғатта егіс жағдайында арнайы құрал – лизиметр көмегімен орындайтын тәжірибелерді лизиметрлік зерттеу дейді. Лизиметр (грек сөзі еру, босау деген мағынаны білдіреді) құралын пайдалану арқылы ағылшын ғалымы Джон Дальтон 18 ғасырдың аяғында жауын-шашыннын жер асты суларының қорын толтырудағы рөлін түсіндірген.
Агрохимиялық зерттеулер кезінде лизиметрлік әдісті топырақ ылғалдылығының динамикасын, атмосфералық жауын-шашынның топырақтағы жылжуын, су сүзінділерінің құрамын, тыңайтқыштың құрамындағы қоректік заттардың шайылуын анықтау үшін қолданады. Сөйтіп, қоректік заттардың кіріс және шығыс бөліктерін салыстыра отырып олардың балансын есептеп шығарады. Бұл мәліметтер топырақтың қоректік заттары мен тыңайтқыш және өсімдік арасындағы өзара байланыстың сырын ашуға негіз болады.
Сондай-ақ, лизиметрлік әдісті тыңайтқыш әсерінен топырақтың кейбір қасиеттерінің (мысалы, су өткізгіштік) өзгеруін, өсімдіктердің транспирациялық коэффициентін анықтау үшін пайдаланады.
Соңғы жылдары лизиметрлік әдіс гидрогеология, агрометеорология, мелиорация және өсімдіктер физиологиясы сияқты ғылым салаларында кең көлемде қолданыс тапты. Ал суармалы егіншілікте лизиметрлік қондырғыларды су балансын, сор, сортаң топырақтарды шаю, ауыл шаруашылығы дақылдарын суару нормасын анықтау мақсатында қолданады.
Лизиметрлік зерттеу әдісін зертхана жағдайында судың және оның құрамындағы еріген заттардың, тыңайтқыштардың топырақ бойымен жылжу заңдылығын, олардың сүзілу жылдамдығын дәлелдеу үшін жиі пайдаланады. Бұл тыңайтқыштарды тиімді пайдалану тәсілдерін анықтауда айтарлықтай маңызды рөл атқарады.
Лизиметрлерді құрастыру мен кеңістікте орналастыру кезінде міндетті түрде мына талаптарды ескеру қажет:
1. Мүмкіндігінше тәжірибе жұмыстары табиғи жағдайға жақындастырылуы тиіс. Ол үшін жерді қазып лизиметр орнатады және оның ішіндегі топырақты жер бетімен бірдей деңгейге жеткізеді.
304

2.Салыстырмалы зерттеу немесе белгілі бір сызба бойынша тәжірибе жүргізу үшін лизиметрлерді топтастырып екі қатарға орналастырады. Бір топта 10 немесе одан көп лизиметр болады.Мысалы, лизиметрлерде ауыспалы егіс дақылдарын зерттейді. Лизиметр жанына жерге түскен жауын-шашын мөлшерін есепке алатын аспап орнату керек.
3.Лизиметр құрылғысының түбіне дренаж орнатылады. Оның ішіндегі топырақ бойымен жылжыған су осы дренаждан өтіп, кішкене түтік арқылы ыдысқа жиналады. Ыдыстарды лизиметр астындағы кеңістікке орналастырады. Кеңестіктің температурасы бірқалыпты болғаны жөн.
4.Тәжірибе тақырыбына байланысты лизиметрде зерттеу жұмыстарын өсімдікпен немесе өсімдіксіз орындауға болады.
5.Лизиметрлерді зертханаға жақын алаңға орналастыру ғы- лыми-зерттеу жұмыстарын тиімді әрі сапалы және уақытында жүргізуге көмектеседі.
Конструкциясының ерекшеліктеріне қарай лизиметрдің 3 түрі болады:
•бетоннан немесе кірпіштен жасалған лизиметр;
•металлдан дайындалған лизиметр;
•лизиметрлік Эбермайер воронкасы.
Бетон және кірпіштен жасалған лизиметрді өсімдік, тыңайтқыш, топырақ нысандарымен жүргізілетін көпжылдық тұрақты тәжірибе жүргізу үшін пайдаланады (31-сурет).
31-сурет. В.Р.Вильямс лизиметрі.
305

Сыйымдылығы 1м3 (1х1х1 м) және 4 м3 (2х2х1 м) болып келеді. Металдан дайындалған лизиметр цилиндр, куб, параллепипед тәрізді болып келеді және табиғи құрылымды және үйінді топырақтармен тәжірибе жүргізуге арналған.
Лизиметрлік воронкаларда табиғи құрылымды топырақпен зерттеу жүргізуге болады (32,33-суреттер).
Лизиметрлік воронкаларды тұңғыш рет 1879 жылы Эбермайер қолданған.
Топырақтың қоректік заттарының сарқылуы құралдың конструкциясына, оның тереңдігіне, өсімдік түріне, жүргізілетін байқау мерзімі мен уақытына және сарқылу коэффициентінің шамасына әсер ететін басқа да факторларға байланысты болады.
32-сурет. А.В.Ключарев лизиметрі.
33-сурет. Эбермайердің лизиметрлік воронкалары:
А – воронкаларды орналастыру жоспары; В – бір воронка кесіндісі;
С - әртүрлі тереңдікте воронкаларды орналастыру сызбасы
306

Топырақ құрамындағы қоректік заттардың ысырап болу мәселесін зерттеу жөнінде лизиметрлік әдістемені қолданудың нәтижелерінен бірнеше мәліметтер келтірейік.
Зеельхарт жылжымалы металдан жасалған тереңдігі 1,33 м лизиметрде 5 жыл бойы саз және құм топырақтарда азоттың ысырап болу құбылысын зерттеді. Оның жүргізген тәжірибесі бойынша орта есеппен жыл сайын гектарға шаққанда саз топырақтан 60,9 кг, құмнан 28,8 кг азот ысырап болады екен. А.В.Ключарев тәжірибесінде тереңдігі 20 см лизиметрдегі топырақтағы нитратты азоттың ысырап болуы бір гектарға есептегенде 43 кг-ға жеткен.
Зеельхарт тәжірибесінде құмнан сарқылған су мөлшері саз топырақпен салыстырғанда 16% артық, керісінше, азоттың ысырап болуы екі еседей төмен. Зеельхарт өз тәжірибесінің мәліметтеріне сүйене отырып мынандай тұжырым жасайды:
•азоттың шайылуы сарқылған су мөлшеріне байланысты
емес;
•топырақ құрамындағы азоттың жылжымалы түрінің жоғары болуы, оның шайылуын арттырады.
Топырақтағы азотты қосылыстардың жылжымалылығына оның механикалық құрамы біршама әсерін тигізеді. Гейльман құм
және сазды топырақтарға берілген натрий селитрасының құрамындағы азоттың шайылуын анықтады. Ол үшін сыйымдылығы 0,4 м3 және биіктігі 1,3 м лизиметрдің біреуін құммен, екіншісін сазды топырақпен толтырып әркайсысына 50 г азотты натрий селитрасы түрінде береді де 20 ай бақылау жүргізеді (66-кесте).
66кесте. Топырақ құрамындағы судың сарқылуы мен азоттың шайылуы.
Топырақ |
|
Есепке алу мерзімі, ай |
|
||
1 |
|
9 |
|
20 |
|
|
|
|
|||
Құм: судың сарқылуы, л |
23,5 |
|
93,3 |
|
190,8 |
азоттың шайылуы, % |
17,4 |
|
100,0 |
|
103,6 |
Сазды: судың сарқылуы, л |
9,0 |
|
52,0 |
|
92,1 |
азоттың шайылуы, % |
0,15 |
|
6,9 |
|
13,6 |
66-кесте мәліметтеріне қарағанда құмдағы судың сарқылуы мен азоттың шайылуы сазды топырақпен салыстырғанда анағұрлым көп.
Лион мен Бицель өсімдік өсірілмеген лизиметр топырағынан гектарға есептегенде орта есеппен 77,4 кг азот, 80,7 кг калий, 59,5 кг
307
күкірт, 44,8 кг кальций және 70,8 кг магний шайылатынын анықтады.
Б.А.Голубев көптеген авторлардың көпжылдық тәжірибелерін талдау арқылы тыңайтқыш берілмеген тереңдігі 1 м лизиметр топырағынан бір гектарға есептегенде 12,8 кг азот, 1,2 кг фосфор, 27,4 кг калий, 51,4 кг күкірт, 46,8 кг кальций, 32 кг магний және 46,8 кг кремний оксиді шайылып ысырап болады деген тұжырым жасады.
Ауыл шаруашылығы дақылдарына тыңайтқыштардың дұрыс қолдану жолдарын анықтауда лизиметрлік зерттеудің де маңызы зор. Өйткені зерттеушілердің жүргізген көптеген тәжірибелері қоректік заттардың топырақтағы мөлшері мен тыңайтқыштардың әсер етуі арасында белгілі бір байланыс барлығын лизиметрлік әдісті қолдану арқылы анықтады.
Бақылау сүрақтары:
1.Лизиметрлік зерттеулерді қандай мақсатпен жүргізеді?
2.Лизиметрлерді құрастыру мен орналастыру кезінде міндетті түрде орындалатын талаптарды атаңыз.
3.Лизиметрлер дайындау конструкцияларына сәйкес неше топқа бөлінеді?
4.Лизиметрлік воронкаларды алғаш рет қолданып, ұсынған
ғалым.
5.Топырақтан азоттың шайылуына, оның механикалық құрамының әсері қандай?
6.Зеельхарт тұжырымының маңызы неде?
7.Азоттың топырақтан көп шайылу мөлшеріне әсер ететін дақылдарды атаңыз.
308
7-тарау. ТЫҢАЙТҚЫШ ҚОЛДАНУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
7.1. Тыңайтқыш қолдану жүйесi туралы түсiнiк және оның мiндеттерi
Ауыл шаруашылығын одан әрi дамытудың кәзіргі кезеңiнде тыңайтқыштардың барлық түрлерiн тиiмдi‚ әрi дұрыс пайдаланып және жалпы егiншiлiк мәдениетiн көтеру арқылы дақылдардың шығымдылығын арттырудың маңызы зор.
Қазақ ғылыми-зерттеу егiншiлiк институтының көп жылдар бойы жұргiзген жұмыстары, Республиканың оңтүстiк аймағында минералдық және органикалық тыңайтқыштар дұрыс қолданылса суармалы боз және қоңыр топырақтың құнарлылығы жақсаратынын‚ қант қызылшасының‚ күздiк бидайың‚ жоңышқаның түсiмдiлiгi күрт артатынын‚ ауыспалы егiсте өсiрiлген мақтадан өнiм бiр жарым еседей көп алынатынын көрсеттi.
Қызылорда облысында тыңайтқыш қолдану арқылы шалғын- ды-батпақ топырақта өсiрiлетiн күрiштiң өнiмi едәуiр артты. Республика жағдайында ғылыми негiзде қолданылған минералдық тыңайтқыштың қант қызылшасының түсiмiн 150-250 ц‚ мақтаның 10-12 ц‚ күрiштiң 20-25 ц‚ жүгерi дәнiнiң түсiмiн 25-30 ц арттырады.
Жалпы тыңайтқыш қолдануда дақылдардың өсу‚ даму‚ қоректену ерекшелiктерiн бiлу жеткiлiксiз. Сонымен қатар қолданылатын тыңайтқыштың физикалық‚ химиялық қасиеттерiн‚ құрамындағы қоректiк заттардың өсiмдiкке сiңiмдiлiгiн‚ топыраққа еңгізгенде қандай қосылыстар тұзiлетiнiн және топырақ құрамындағы қоректiк заттардың түрлерi мен мөлшерiн бiлу керек. Бұл мәселелердiң барлығы тыңайту жүйесiнде толық баяндалады.
Сөйтiп тыңайту жүйесi дегенiмiз дақылдардың өнiмi мен оның сапасын‚ топырақ құнарлылығын арттыру мақсатында тыңайтқыштарды тиiмдi‚ әрi жоспарлы түрде қолдану үшiн дайындалған ұйымдастырушылық‚ шаруашылық және агрономиялық шаралардың жиынтығы.
Тыңайту жүйесi шаруашылықта‚ ауыспалы егiсте және ауыспалы егiстiң жеке дақылдарына тыңайтқыш қолдану жүйесi болып ажыратылады. Тыңайтқыш қолданудың осы үш түрi бiрбiрiмен тығыз байланысты.
309
Шаруашылықта тыңайтқыш қолдану жүйесi дегенiмiз ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмiн жоғарылатуға‚ оның сапасын жақсартуға және топырақ құнарлылығын ұдайы арттыруға бағытталған органикалық‚ минералдық тыңайтқыштарды тиiмдi пайдаланудың агрономиялық‚ ұйымдастырушылық-экономикалық шаралардың жиынтығы.
Бұл шараларға минералдық тыңайтқышты дұрыс сақтау‚ оны топыраққа еңгізудi ұйымдастыру‚ тасымалдау‚ органикалық тыңайтқышты жинау‚ сақтау‚ тыңайтқыштардың өсiмдiкке тигiзетiн әсерiн бақылау‚ олардың агрономиялық және экономикалық тиiмдiлiгiн анықтау жатады.
Шаруашылықта тыңайтқыш қолдану жүйесi екi бөлiмнен тұрады.
Бiрiншi бөлiмге тыңайтқыш өндiру‚ дайындау‚ тасымалдау‚ сақтау жұмыстарын жүзеге асыру үшiн дайындалған шаруашылық‚ ұйымдастырушылық‚ экономикалық шаралар кiредi.
Екiншi бөлiмi ауыспалы егiстерге тыңайтқыштарды бөлу жатады. Мұнда ауыспалы егiс дақылдарының биологиялық ерекшелiктерi мен топырақ-климат жағдайларын ескеру керек.
Ауыспалы егiсте тыңайтқыш қолдану жүйесi дегенiмiз топырақ құнарлылығын‚ дақылдардың биологиялық ерекшелiктерiн және пайдаланылатын тыңайтқыштардың құрамы мен қасиеттерiн ескере отырып ауыспалы егiстiң жеке танаптарына тыңайтқыштарды бөлу.
Ауыспалы егiсте тыңайтқыш қолдану жүйесi шаруашылықта тыңайтқыш қолдану жүйесiнiң бiр бөлiмi болып саналады. Мұнда тыңайтқыш тиiмдiлiгi ауыспалы егiсте дақылдарды дұрыс алмастырса жоғары болады.
Жеке дақылдарды тыңайту жүйесiне оларға қажеттi тыңайтқыш мөлшерiн‚ беру мерзiмiн‚ әдiсiн белгiлеу шаралары жатады. Ол үшiн жоспарланған өнiм деңгейiн‚ өсiмдiктердiң қоректенуiнiң биологиялық ерекшелiктерiн‚ топырақ-климат жағдайларын, қолданылатын тыңайтқыш қасиетiн‚ шаруашылықтың экономикалық жағдайын ескеру керек.
Тыңайту жүйесiнiң негiзгi мiндеттерiне мыналар жатады:
• ауыл шаруашылығы дақылдарының өнiмiн арттыру және оның сапасын жақсарту;
310