- •Ежелгі Қазақстан
- •Ертедегі Қазақстан (б.Э.Д. VII — б.Э. VII)
- •Орта ғасырдағы Қазақстан (VII — XVIII ғ.Ғ.)
- •Түрік қағанаты (551–603 жж.)
- •Батыс Түрік қағанаты (603–704 жж.)
- •Түргеш қағанаты (704–756 жж.)
- •Қарлұқ қағанаты (756–940 жж.)
- •Арабтардың жаулап алу жорықтары
- •Оғыз мемлекеті (IX-XI ғғ. Басы)
- •Кимек қағанаты (IX-XI ғғ. Басы)
- •Қыпшақ хандығы (XI ғ. — 1219 ж.)
- •Қарахан мемлекеті (942–1210 жж.)
- •Найман және керейт ұлыстары
- •Қарақытай мемлекеті (1128–1213 жж.)
- •Ортағасырдағы Қазақстандағы шаруашылық (VI-XII ғғ.)
- •VI-XII ғасырлардағы қалалар
- •VI-XII ғғ. Қазақстанның рухани мәдениеті. Ежелгі түрік алфавиті мен жазуы
- •Орта ғасырлардағы халықтардың діни түсініктері.
- •Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолы
- •XIII – XVI ғғ. Моңғол империясының құрылуы. Қазақстан моңғол шапқыншылығы кезеңінде.
- •Шыңғысханның Орта Азия және Қазақстанға шапқыншылығы
- •Ұлыстардың құрылуы
- •Алтын Орда
- •Ақ Орда мемлекеті (XIII-XV ғғ.)
- •Моғолстан мемлекеті (xiVғ. Ортасы-XVI ғ. Басы)
- •Ноғай Ордасы (XIV аяғы – XVI ғғ.)
- •Әбілхайыр хандығы (1428–1468 жж.)
- •Батыс-Сібір хандығы (XIII-XV ғғ.)
- •Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы
- •Қазақ хандығының құрылуы және оның нығаюы (XV-XVII ғғ.)
- •Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы (1512–1521 жж.)
- •Хақназар хан тұсындағы Қазақ хандығы (1538–1580 жж.)
- •Жоңғар мемлекетінің құрылуы және оның қазақ жеріне шапқыншылығы
- •Қазақ халқының қалыптасуы
- •Қазақ жүздері
- •XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығының әлеуметтік- экономикалық және мәдени дамуы
- •Саяси-әкімшілік құрылысы
- •Шаруашылықтың дамуы.
- •XVI-XVIII ғасырлардағы Қазақ хандығының мәдениеті
- •Кіші жүздің Ресей империясының құрамына енуі
- •Абылай хан және оның ішкі және сыртқы саясаты
- •Қазақ хандығының жойылуы. Сырым Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі (1783–1797 жж.)
- •Көтерілістің жеңілу себептері
- •XIX ғ. Қазақстандағы экономикалық қатынастар
- •1867–1868 Жж.
- •1886–1891 Жж. Әкімшілік реформалар.
- •XIX ғ. Бірінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті
- •XIX ғ. Екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті
- •1905–1907 Жылдардағы орыс революциясына Қазақстан
- •XX ғасыр басындағы Қазақстан мәдениеті
- •Революция және Азамат соғысы (1917 — 1920 ж.Ж.)
- •1917 Жылғы Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
- •Петроградтағы Қазан төңкерісі
- •«Алаш» партиясының бағдарламасы:
- •Кеңестер билігі Сырдарияда
- •Кеңестер билігі Торғай облысында
- •Кеңестер билігі Солтүстік және Шығыс Қазақстанда
- •Кеңестер билігі Батыс Қазақстанда
- •Кеңестер билігі Жетісуда
- •Социалистік экономика және мәдениет
- •Қазақстанда кеңестік мемлекеттік аппарат құру және экономика саласындағы алғашқы өзгерістер
- •Қазақстан азамат соғысы жылдарында (1918–1920 жж.)
- •Азамат соғысының басталуы
- •«Әскери коммунизм» саясаты (1918–1921 жж.)
- •Қазақ революциялық комитетінің құрылуы (1919–1920 жж.)
- •Қазақ кеңес автономиялық республикасының құрылуы
- •Қазақстанда жаңа экономикалық саясатқа (жэс) көшу және оның барысы
- •1921–1922 Жылдардағы ашаршылық
- •Жер-су реформасы
- •Республиканың қоғамдық-саяси өміріндегі өзгерістер (1921–1928 жж.)
- •Қазақстан елді индустрияландыру кезеңінде (1928–1932 жж.)
- •Индустрияландырудың ерекшеліктері.
- •Индустрияландырудағы жұмысшылар еңбегі.
- •Коллективтендіру және көпшілікті жазалау (1930 — 1940 ж.Ж.)
- •Қазақстандағы ұжымдастыру саясаты (1925–1933 жж.)
- •Ауыл шаруашылғын күштеп ұжымдастыру
- •Тәркілеу. Бай мен кулактарды жою.
- •1931–1933 Жылдардағы аштық. Тұрар Рысқұловтың Сталинге жазған хаты.
- •Ұжымдастыру саясатына қарсы шаруалар толқуы
- •30-Жылдардағы қоғамдық саяси өмір
- •Алаш қозғалысының қайраткерлеріне қарсы репрессия. 1920 ж. Басы мен 1930 ж. Аяғындағы сот процесі.
- •1937–1938Жж. Жаппай саяси қуғын-сүргін. Тоталитарлық жүйенің нығаюы.
- •Қазақ кср-інің құрылуы
- •Тиімді жағы:
- •Тиімсіз жағы:
- •Соғыс алдындағы жылдар
- •XXғ. 20–30 жылдардағы Қазақстанның мәдени құрылысы.
- •Халыққа білім беру ісі
- •Кәсіптік білім беру ісінің дамуы
- •Ғылымның дамуы
- •Қазақ Кеңес өнерінің дамуы
- •Әдебиеттің дамуы
- •Ұлы Отан соғысының басталуы (1941–1945 жж.)
- •Мақсаты:
- •Республика экономикасын майдан мүддесіне бағындыру (1941–1945 жж.)
- •Қазақстандықтардың майданға аттануы және олардың қаһарман ерліктері (1941–1945 жж.)
- •Мәскеу шайқасының тарихи маңызы
- •Ленинград шайқасының тарихи маңызы
- •Сталинград шайқасының тарихи маңызы
- •Қазақстан жеріндегі жекеленген халықтардың қоныс аударуы. Қоныс аударған халықтың жағдайы (1941–1945 жж.)
- •Қазақстан – майдан арсеналы (1941–14–945 жж.)
- •Көмір өнеркәсібі
- •Мұнай өнеркәсібі
- •Соғыс жылдарындағы ірі құрылыстар
- •Темір жол
- •Село еңбеккерлерінің ерлігі
- •Қазақстан халқының материалдық жағдайы
- •Бүкілхалықтық майдан мен тылға көмек
- •Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан мәдениеті (1941–1945 жж.) Ғылым мен мәдениет
- •Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 — 1980 ж.Ж.)
- •1950–1960 Жылдардағы аграрлық сектор экономикасындағы реформа
- •1950–1960 Жылдардағы Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайы
- •Егеменді Қазақстан (1986-...)
Қарахан мемлекеті (942–1210 жж.)
Қарахан қағанаты Шығыс Түркістан, Жетісу, Сырдария, Талас, Шу өңірін құтты қоныс етті. Оның құрылуы 940 жылдан басталады. Қағанаттың орталық астанасы Шу өзені бойындағы Баласағұн, кейінірек Ордакент (Тараз) қаласы. Қарахан мемлекетінің Үзген, Мерке, Құлан сияқты қалаларында ірі алыпсатар алпауыттар мен қолөнершілер мекендеген.
Қарахан әулетінің негізін салушы Сатұқ Боғрахан (915–955жж.) болып есептелінеді. Ол Қарлұқ хандығының іргесін көтеріп, мәртебесін асырушылардың бірі – Білге құл Қадырханның немересі. Сатұқ Тараз және Қашқар қалаларын өзіне қаратып, 942 жылы Баласағұндағы билеушіні құлатып, өзін жоғары қаған деп жариялайды. Мемлекеттің күшеюіне қарлық, шігіл, ягма тайпалары үлкен үлес қосты. Сатұқ өлгеннен кейін билік оның баласы Мұсаға көшті, ол 960 жылы Қарахан мемлекетінің халқын ислам дініне қаратты. Оның астана қаласы Қашғар болды. Сатұқтың екінші баласы Сүлеймен-ілек Баласағұнды иеленді. Кейін бұл өңірді оның ұлы Хасан Боғра-хан мұра етіп алды. Мұса өлген соң, Қарахан жеріндегі жоғарғы қаған атағы оның баласы Әли Арсылан ханға көшті. 990 жылы Қарахан билеушілерінің бірі Хасан (Харун) Боғра хан Исфиджабты бағындырды. Ал 992 жылы қарахандықтар шығыста Хотанды, батыста Бұхараны басып алды. 999 жылы Қарахан билеушісі Әли Арсыланның баласы Насыр Орта Азиядағы Саманилер мемлекетіне соққы берді. Қарахан хандығы ұзақ соғыстардан кейін 1004–1005 жылдары Мәуеренахр жерін түгелдей өзіне қаратты. Осыдан кейін Қарахан мемлекеті XI-ғасырдың 30 жылдары Шығыс және Батыс қағанаты болып екіге бөлінді:
Жетісу және Шығыс Түркістан жері Шығыс қағанатына қарап, оның орталығы әуелі Орда (Баласағұнға жақын), кейін Қашғар қаласы болды.
Мәуеренахр жерлері – Батыс қағанатына қарап, оның орталығы Үзкент, кейінірек Самарқанд болды.
Қарахан мемлекетінде жоғарғы өкімет билігі хаканның қолында болған. Ол мұрагерлікке қалып отырған. Қарахан феодалдық қоғамының үстем тап өкілдеріне хаканның ұрпақтары тегіндер, ілек хандар, бектер, нәменгерлер, нөкерлер жатқан. Ханға ең жақын адамдардың бірі уәзір болған. Уәзір жоғарғы билеушінің ең жақын көмекшісі және кеңесшісі болып саналды. Хан сарайы, оның басты ордасы мемлекеттік және әкімшілік басқару орталығы болып есептелді. Қарахан мемлекетіндегі аса маңызды әлеуметтік-саяси институт әскери-мұралық жүйе болған. Мемлекет бірнеше үлестерге бөлінді. Олардың бастылары: Тараз, Исфиджаб, Баласағұн. Хан мемлекеттік немесе әскери қызметі үшін феодалдарға жер беріп, сол жердегі халықтан салық жинауға рұқсат еткен. Мұндай жерлер икта, ал оны иеленуші мукта деп аталған. Қарахандардағы жер иеленудің тағы бір көп тараған түрі әскери – үлестік жерлер. Ол әскери қызмет үшін берілген. Қарахан феодалдық қоғамында шаруаларды қанаудың бір түрі – жалға үлестік жер беру орын алған. Араб-парсы деректерінде үлестік жер алған шаруалар мұзарлар немесе барзұгар деп аталған. Үлескер жерден алынған өнімнің денін салық түрінде мемлекетке және жер иелеріне төлеп отырған. Шаруаларды қанаудың екінші бір түрі – коммендация жер иелігі. Оның мәні: әлсіз адам өзінің жер телімін күштінің қамқорлығына береді, ол күшті адам әлсіз адамды басқалардан қорғауға тиіс.
Қазақстанның оңтүстік-шығыс және оңтүстік аудандарын мекендеген қарахандықтар көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысты. Мал шаруашылығында жылқы өсіру жетекші орын алды. Қарахан мемлекетінің құрамына енген түркі тайпалары отар-отар қой ұстады, сондай-ақ түйе, ешкі, ірі қара өсірді. Отырықшы, жартылай отырықшы түрік тайпаларының біразы егіншілікпен де айналысты. Олар тары және басқа да дәнді дақылдар өсірді, отырықшылар қала мәдениетімен араласып, қала халқын толықтырды. Қалаларда қолөнер кәсібі, әсіресе көзешілік кеңінен дамыды. Олар аңшылықпен де айналысқан. Сондай-ақ Сырдария, Іле, Шу, Талас өзендерінен балық аулау айтарлықтай рөл атқарды.
XI ғасырдың аяғына қарай Қарахан мемлекеті соғыстармен және феодалдық иеліктердің одан әрі бөлшектенуімен байланысты құлдырай түсті. XII ғасырдың 30-шы жылдары Шығыс Қарахан иелігін, Жетісуды және Қазақстанның оңтүстігін шығыстан келген кидандар жаулап алды.