Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ежелгі азастан.docx
Скачиваний:
205
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
487.04 Кб
Скачать

1950–1960 Жылдардағы аграрлық сектор экономикасындағы реформа

КОКП-ның қыркүйек (1953 ж.) пленумы ауыл шаруашылығында орын алған жағдайға талдау жасап, оның даму болашағын анықтауға арналды. Пленумда жаңадан ғана Орталық Комитеттің бірінші хатшысы болып сайланған Н. С. Хрущев баяндама жасады.

Қыркүйек пленумының шешімдері мен Кеңес үкіметінің одан кейін қабылдаған қаулы-қарарларында ауыл шаруашылығының артта қалуын жою жөніндегі шаралар жүйесі белгіленді:

  1. Ауыл-село еңбеккерлерінің өнім өндіруге деген материалдық ынталылығы арттырылды;

  2. Ауылшаруашылық өнімін дайындау және сатып алу бағасы көтерілді;

  3. Аграрлық секторды техникамен жабдықтау жақсарды;

  4. Етті, сүтті, жүнді, картопты, көкөністі сатып алу бағасы артты;

  5. Колхоздар мемлекетке төлеуге тиісті қарыздарынан босатылды.

Партиялық мемлекеттік аппарат экономиканың барлық саласына, ең алдымен оның шешуші салаларының бірі – ауыл шаруашылығын басқаруға хабары жоқ болса да, араласуын тоқтатпады. Ал мұндай жағдай бұрынғысынша елдің ауыл шаруашылығының экстенсивті жолмен дами беруіне әкеп соқты.

КОКП ОК-нің 1965 жылғы наурыз пленумында тиімді аграрлық саясат талдамасын түзеуге кезекті талпыныс жасалды. Пленум шешімдерінде колхоздар мен совхоздар экономикасын көтеруге бағытталған шаралар жүйесін жүзеге асыру көзделді:

  1. Бірнеше жылға арналған берік жоспарлар белгіленді;

  2. Ауылшаруашылық өнімдерінің сатып алу бағасы 2 есе өсірілді;

  3. Жоспардан тыс сатылған өнім үшін үстеме ақы төлеу енгізілді;

  4. Колхоздардан табыс салығын алу шарттары өзгертілді;

  5. Ауыл мұқтажына бөлінетін қаржы көлемі ұлғайды.

1967 жылдың сәуірінде КОКП ОК мен КСРО Министрлер Кеңесі "Совхоздар мен өзге мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындарын толық шаруашылық есепке көшіру туралы” қаулы қабылдады. Ауыл шаруашылығына эксперимент жасау одан әрі жалғасты. Үкімет шешімдеріне сәйкес Қазақстан бойынша 18 совхоз толық шаруашылық есепке көшірілді. Шаруашылық басшыларының құқылары кеңейтілді және әр совхоздың өндірістік нәтижелері үшін жауапкершіліктері арттырылды. Совхоздарды шаруашылық есепке көшіру жағдайды біршама жақсартты. Астық, сүт, жұмыртқа, ет өндірудің өзіндік құны төмендеді.

Ауыл шаруашылығын интенсивтендірудің, шаруашылық жүргізудің тиімді әдістерін пайдаланудың орнына көбінесе қымбатқа түсетін шаралар қолданылып отырды. Кадрлардың әдетке айналған тұрақтамаушылығын тыя алмаған совхоздар мен колхоздар, орақ науқандарында жергілікті механизатор кадрлары жетіспейтіндіктен, сырттан адам шақыруға мәжбүр болды.

Жергілікті жұмыскерлер арасынан комбайншылар даярлау әрекеті де нәтижелі бола қоймады. Сонымен қатар, республика жоғары оқу орындары мен техникумдарында студенттерді механизатор және комбайншы мамандығы бойынша даярлау жұмыстары жүргізілді. Оқу орындарында екінші мамандық алған студенттер совхоздарға қолдан келгенше жәрдем көрсетті. Бірақ жұмысшыларды осылайша сырттан әкелу әдісі де республика ауыл шаруашылығының проблемаларын шешуге жәрдемдесе алмады.

1950–1960 Жылдардағы Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайы

Қазақстан индустриясының дамуы, тың және тыңайған жерлерді игеру республиканың әлеуметтік-таптық құрылымындағы өзгерістермен қатар жүрді. Республика тұрғындарының құрамындағы жұмысшылардың, шаруалардың, интеллигенцияның ішкі құрылымы күрделене түсті. 50-жылдардағы Қазақстан көпұлтты республика болды. Мұнда қазақтар, орыстар, украиндар, немістер, өзбектер, ұйғырлар, татарлар, т. б. халықтардың өкілдері өмір сүріп, еңбек етті. Еңбек ұжымдарының көпшілігі де көпұлтты болды.

Қазақстанның экономикалық даму қарқынының жеделдеуі жұмысшы табының жаңа кадрларын дайындауды талап етті. Бесжылдықта еңбек резевтерінің жүйесі 50 мың әр түрлі мамандық иелерін дайындады. Алайда кадрлар дайындаудың осы жүйесі оларға деген өсіп отырған қажеттілікті толығымен қанағаттандыра алмады. Осыған орай республикадан тыс жерден жаппай келушілер Қазақстанның жұмысшы табының қатарын молайтты. Бұл жағдай ең алдымен Қарағанды көмір алабының, Шымкенттің, Жамбылдың, Ақмола мен Алматының кәсіпорындарына тән болды.

Ауылдармен салыстырғанда қала тұрғындарының саны жылдам өсті. Қала тұрғындарының бұлай өсуіне өнеркәсіптің, көлік түрлері, ғылым мен мәдениеттің жедел қарқынмен дамуы тікелей себеп болды. 1959 жылы қала тұрғындарының үлес салмағы 44%-ға жетті. Осы жылдарда Қазақстан картасынан 15 жаңа қала және 86 шағын қалашықтар өз орындарын алды.

Республикаға көшіп келушілер әсіресе тың және тыңайған жерлерді игерген жылдары көп болды. 1954 жылдан 1962 жылға дейін тың игеруге КСРО-ның еуропалық бөлігінен 2млн-ға жуық адам келді. 1962 жылдары қазақтар сан жағынан өз республикасы тұрғындарының үштен бірінен де аз немесе 29% болды.

Жаңадан келушілер үшін үйлер салына бастағанына қарамастан, олардың жетіспеуі себебінен жұмысшыларды палаткаларға орналастыруға тура келді. Жаңа табиғи ортаға үйренудің қиындығы, ауыз судың жетіспеуі, тамақпен қаматамасыз етудегі кемшіліктер адамдардың заңды наразылығын туғызды. Тамыздың 1-і күні бір топ жастар көпшілік тамақтандыру орындарында ашық наразылық білдірді. Теміртаудағы және басқа да жерлердегі оқиғалар одақ пен республика басшылықтарының қоғамның келешегі туралы қалыптасқан көзқарастарын өзгерте алмады.

Қазақстан – дүниежүзілік қауымдастық

Кеңестер Одағының бір бөлшегі болып саналған Қазақстанның дүниежүзілік елдермен қарым-қатынас жасау аясы өте тар болды. Дегенмен 50-жылдардың ортасында Қазақстанның сыртқы саясатында біраз өзгерістер болды. КСРО осы кезде әлемде бейбітшілікті сақтау ісінде бірқатар қадамдар жасаған еді. 1951 жылы 12 наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесі қабылдаған бейбітшілікті қорғау туралы заңға қазақстандық 4 млн. адам қол қойды.

50-жылдардың ортасына қарай Қазақстанмен қарым-қатынаста болған мемлекеттер: 

  • Индонезия;

  • Непал;

  • Бирма; 

  • ҚХР және Үндістан.

Әсіресе Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынаста оң өзгерістер болды. Екі мемлекеттің көптеген жастары оқу орындарында қатар білім алды. Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынастың жақсаруы Қазақстанда және Қытайдың Шыңжан Ұйғыр өлкесінде тұратын ұйғырлар үшін тиімді болды. Қазақстанның сыртқы қатынастарында да оң өзгерістер болды. Қазақстан Шығыс Еуропадағы Чехославакия, Румыния және Оңтүстік Азиядағы Үндістан сияқты мемлекеттерге түсті метелл, химия т. б. шикізат өнімдерін экспорттап, олардан өнеркәсіп өнімдерін импорттады. Қазақстанда 1955 жылы шетелдік делегация, 1957 жылы әлемнің 23 елінен 500-ге жуық делегация болды. 50-жылдардың ортасына қарай Қазақстанға Үндістан Президенті С. Радхаркришнан мен премьер-министрі Дж. Неру сапармен келіп қайтты.

Қазақстан «кемелденген социалистік қоғам» кезеңінде (1965–1985 жж.)

КОКП ОК-нің 1964 жылғы қазан пленумында партия мен ел басшылығы ауыстырылды. КОКП ОК пленумы Н. С. Хрущевті ОК-тің бірінші хатшысы, КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы және Төралқа мүшесі қызметтерінен босатты. КОКП ОК-нің бірінші хатшылығына Л. И. Брежнев сайланды. Осыдан көп ұзамай Жоғарғы Кеңес А. Н. Косыгинді Кеңес үкіметінің басшысы етіп тағайындады.

60-жылдардың орта шеніндегі бетбұрыстың басты мазмұны мен негізгі бағытын шаруашылық реформасы айқындады.

КОКП ОК-нің 1965 жылғы қыркүйек пленумы өнеркәсіпті салалық принцип бойынша басқару және өнеркәсіп салалары бойынша одақтық-республикалық министрліктер құру дұрыс деп тапты.

70-жылдардың басында кейінгі кезеңдердегідей ауыр сезіле қойған жоқ. 170тен астам өнеркәсіп кәсіпорны мен цех, оның ішінде Лисаков кен-байыту комбинаты, Шерубай-Нұра шахтасы, Талдықорған аккумулятор зауыты, бірқатар жеңіл және тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары бой көтерді. Павлодар облысында Екібастұз отын-энергетика кешенінің, Ертісте Шүлбі ГЭС-інің құрылысы басталды. 1975 жылға қарай республиканың барлық кәсіпорындары дерлік энергиямен қамтамасыз етілді. Минерал тыңайтқыштар өндіру 1,8 есе, сары фосфор — 2,5 есе өсті, республиканың фосфор өнеркәсібі КСРО бойынша алдыңғы қатарға шыға бастады.

Қазақстанның халық шаруашылығындағы өндірістік және ғылыми-өндірістік бірлестіктер саны 1971–1985 жылдар ішінде 28 ден 162 ге, осы принциптермен жұмыс істейтін кәсіпорындар 97 ден 610 ға дейін жетті. Барлық шығарылған өнім көлемінің 46,7%-ы және өнеркәсіп пен өндірісте жұмыс істеушілердің 46,8 %-ы ғылыми-өндірістік бірлестіктер үлесіне тиді.

Павлодар-Екібастұз, Маңғыстау, Қаратау-Жамбыл, Шымкент-Кентау тәрізді ірі аймақтық-өндірістік кешендер дәл осы кезеңде, яғни 70-жылдардың басында тұрғызылды. 1981–1985 жылдар ішінде әр түрлі министрліктер мен ведомстволардың жоспарлары 300 реттен астам түзетілді.

Билеуші партиялық-мемлекеттік аппараттың біліксіздігі мен империялық пайымның безбүйректігі салдарынан еселене түскен директивалық жоспарлау республика экономикасына орасан зор нұқсан келтірді. Арал теңізі атырабына өндіргіш күштерді орналастыруда жіберілген стратегиялық қателіктер, жер және су қорын есепсіз пайдалану, мақта мен күріш дақылдарын өсіруге дара үстемдік беру салдарынан теңіз түбі 27 мың шаршы шақырымға дейінгі аумақта құрғап, жалаңаш қалды. Арал өзінің балық өнеркәсібінен айрылды. Оның үстіне құрғап қалған теңіз түбінен тұз бен шаңның көтерілуі күшейе түсіп, арал аймағының климаты күрт нашарлап кетті.

70-жылдардың соңы мен 80-жылдардың басында сыртқы саясатта кеңес халқына қымбатқа түскен жаңсақ әрекеттерге жол берілді. Әскери күш-қуатты арттыруға жұмсалатын қаражат көлемі ұлғая түсті.

Ауғанстанның сол кездегі басшылары үсті-үстіне өтініш жолдап тұрғанымен, кеңес әскерінің 1979 жылдың желтоқсанында Ауғанстан жеріне енгізілуі қисынсыз әрі кеңес халқының мүдделеріне кереғар шешім болды. Бұл маңызды шешім Л. И. Брежнев бастаған кеңес басшылығының тар аясында ғана қабылданды.

1971–1980 жылдар ішінде республиканың ауыл шаруашылығына 18 миллиард сомнан астам күрделі қаржы жұмсалды. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіру ұдайы төмендеумен болды: 

  • ол IX бесжылдықта 13%-ға;

  • XI бесжылдықта – 0,4%-ға дейін құлдырады. 

Ауыл шаруашылығы тиімділігі төмендігінің басты себебі шаруалардың өз еңбегінің жемісін өздері көре алмайтындығынан еді.

Азық-түлік бағдарламасын қабылдаған КОКП ОК-нің 1982 жылғы мамыр пленумы ауыл шаруашылығының, бүкіл агроөнеркәсіптік кешеннің тиімділігінің жеткіліксіз дәрежеде екендігін мойындауға мәжбүр болды. Халықты азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен қамтамасыз етуді түпкі мақсат ретінде көздей отырып, Азық-түлік бағдарламасы ауыл шаруашылығының да, оған қызмет ететін салалардың, көлік пен сауданың да жұмысын біріктіруге тиіс болды. Алайда Азық-түлік бағдарламасы мен ауылшаруашылық өндірістің құлдырауын тоқтатуға бағытталған өзге де әрекеттер нәтиже бермеді, өйткені бағдарлама басқарудың ескірген жүйесі аясында жасалды. 80-жылдардың орта шенінде іс жүзінде барлық жерде тамақ өнімдерімен шектеулі қамтамасыз ету жүйесі енгізілді.

1975 жылы Алматыда Олжас Сүлейменовтың «АзиЯ» («Ізгі ниетті оқырманның кітабы») атты еңбегі жарық көрді. Оның көптеген өзге зерттеулерден айырмашылығы сол – ақын бұл кітабында көне орыс әдебиетінің ұлы ескерткіші болып табылатын «Игорь жасағы туралы жыр» (XII ғасыр) «славяндық және түркілік этникалық әлем шекарасында дүниеге келген және шығармада екі көрші мәдениеттің шындықтары айқын көрініс тапқан» деген түйін жасайды. Шовинизм айқындамаларын айырылмастай нық ұстаған идеологтар үшін О. Сүлейменовтың тұжырымдары астамшылық болып көрінді. «АЗиЯ» кітабы тауар айналымынан, кітапханалардан алынып тасталды, оның жаңа басылымдарына тыйым салынды.

Халықтың әл-ауқатын жақсарту экономикалық саясаттың басты міндеті деп есептелді. КОКП-ның әрбір съезі бұл мәселені саналық тұрғыдан жаңа сатыға көтеріп отырды. Халықтың жан басына шаққандағы нақты табысының 2,6 есе өсуі, медицина, ғылым, мәдениет қызметінің, көптеген отбасының тұрғын үй жағдайының жақсаруы осыған айғақ. 1970–1985 жылдар аралығында 887,7 мың пәтер тұрғызылып, оларға 3 милионнан астам адам қоныстандырылды. Алайда халық тұрмысы 30 – 40-жылдармен салыстырғанда ғана едәуір жақсарды.

Адамдардың ақшалай табыстары мен төлеу қабілетіне негізделген сұранымы тауарлар мен қызмет түрлері көлемінің ұлғаюымен салыстырғанда озыңқы өсіп отырды.

Сөйтіп, экономикалық қайшылықтар әлеуметтік қайшылықтарды туындатса, олар өз кезегінде күрделі адамгершілік проблемаларды дүниеге әкелді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]