Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ежелгі азастан.docx
Скачиваний:
205
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
487.04 Кб
Скачать

Егеменді Қазақстан (1986-...)

1985 жылы наурызда К. У. Черненко қайтыс болғаннан кейін, КОКП Орталық Комитетінің бас хатшысы қызметіне М. С. Горбачев келді.

1985 жылы сәуірде КОКП ОК-нің пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды ғылыми-техникалық прогресс негізінде қайта құру бағыты жарияланды.

1990 жылы 24 сәуірде Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен Қазақ КСР Президенті институтын енгізу және осы қызметке Н. Ә. Назарбаевты сайлау мен 1990 жылы 25 қазанда «Қазақ КСР-нің Мемлекеттік Егемендігі туралы» Декларацияны қабылдау болды. 1991жылы 16 желтоқсанда Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады және ғасырлар бойы қағажу көріп, ұмыт бола бастаған тілін, салт-дәстүрін қайта жаңғыртып, тәуелсіздік туын биікке көтерді. Қазақстан Республикасы егемендігін алғаннан кейінгі алғашқы міндеттер мемлекеттік құрылымды, азаматтық қоғамды қалыптастыру болды. 1993 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясының қабылдануы Қазақстанның демократиялық мемлекеттігі қалыптасуының бастамасы болды.

Республика өз тәуелсіздігін жариялағаннан кейін мемлекет басшысын сайлау заңдылық. Осы мақсатпен 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық Президент сайлауы өткізіліп, халықтың бірауыздан қолдауымен Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның тұңғыш Президенті болып сайланды.

1992 жылғы 4 маусым – Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл күн еліміздің мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Гимні – дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте қалады.

Қазақстанның тәуелсіздігін алдымен танып, әлем алдында мойындаған туыстас Түркия мемлекеті және Румыния болды. Бүгінде Қазақстанды 120 мемлекет танып, 70-тен астам мемлекетпен елшілік дипломатиялық қатынас орнаттық. Еліміздің бірнеше халықаралық ұйымдардың мүшесі екендігін, әсіресе олардың ішінде әлемдегі ең беделді ұйымдардың бірі – БҰҰ мүшелігін мақтанышпен айта аламыз.

М. С. Горбачев реформасы тұсындағы Қазақстан (1985–1991 жж.)

1985 жылғы наурызда К. У. Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы қызметіне М. С. Горбачев сайланды. КОКП Орталық комитетінің сәуір айында болған пленумында әлеуметтік-экономикалық өмірдің мәселелеріне жаңаша қарауға әрекет жасалынды. Пленумда әлеуметтік-экономикалық дамуды жеделдету бағыты жарияланды. Бұл серпілісті саяси басшылық дамудың экономикалық қарқынының бәсеңдеуіне жол бермеу және негізгі күштерді осы бағытқа жұмылдыру арқылы жүзеге асығуға тырысты.

Ғылыми-техникалық прогресс негізінде экономиканың құрылымдық қайта құру проблемаларын КОКП Орталық Комитетінің ірі мәжілісінде талқылау жаңа басшылықтың алғашқы қадамы болды. 1986 жылдың ақпанында болған КОКП-ның XXVII съезінде бұл бағыт қолдау тауып, дамытылды.

Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардағы түпкілікті өзгерістер социализмді жетілдірудің құралы, социалистік құрылыстың орасан зор артықшылықтары мен мүмкіндіктерін ашудың шарты деп қаралды.

Сәуір (1985 ж.) пленумы, одан кейінгі пленумдар да, КОКП-ның XXVII съезі де КСРО-ны төніп келе жатқан терең дағдарыстан құтқара алмады және құтқара да алмайтын еді.

Жеделдету бағыты терең ұғынылған ғылыми концепциясыз, айқын да, анық бағдарламасыз жүргізілді. Жеделдету бағытының сәтсіздікке ұшырауының негізгі кінәлілері жекелеген басшы коммунистер болып жариялануы белгілі бір заңдылық тәрізді. Мысалы, Мәскеуде В. В. Гришин, Ленинградта Г. В. Романов, ұлттық республикаларда Д. Қонаев пен Г. Алиев.

Жаңарудағы тежеудің ұшығы әміршіл-әкімшіл жүйенің бұрынғыша сақталуында, оның саяси институттарының тиімсіздігіне, халыққа жаттығында, адамға жақсы еңбек ету негізінен тиімсіз болған, оның экономикалық құрылымдарының өміршең еместігінде жатты. Қоғам дамуының қажеттерінен ғылым да қалып қойды.

Алғашқыда жарияланған мақсаттар мен нақты өмірдің арасындағы күрделі қайшылықтардың нәтижесі 1986 жылғы Алматыдағы желтоқсан оқиғаларына жеткізді.

Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.)

1986 жылғы желтоқсан оқиғасына жылдар бойы қордаланған осындай себептер түрткі болды. Орталықтың өктемдік әрекеттері мен демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар, шовинистік саясат т. б. қалыптасқан жағдайлар наразылықтың негізгі себептері болды.

Наразылық сылтауы. 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан коммунистік партиясының Орталық Комитетінің V пленумы болды. Пленумда Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Д. Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комиетінің бірінші хатшысы болған Г. В. Колбин тағайындалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл әрекеті барып тұрған саяси қателік және халық мүддесін мүлде елемеушілік болды.

Оқиға барысы. 1986 жылы 17 желтоқсанда Алматы қаласында республика басшылығының ауыстырылуына қарсылық ретінде жастар толқуы басталды. Мұндай наразылықтар басқа қалаларда да өтті. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Жастар толқуы бейбіт жағдайда Алматы көшелерінде басталды. Жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық сипаттан алшақ еді. Тек лениндік ұлт саясатының бұрмаланбауы, әр ұлтқа өз басшысын қою керек деген сөз жазылған тақтайлар ұстап жүрді. Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез тарауын талап етті. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы горнизоны, басқа да әскери күштер жастар жиналған Брежнев алаңын қошады. Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінің ішкі әскер бөлімдері әкелінді.

Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар, сойылдар т. б. қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты. Қоғамдық тәртіп сақшылары өрескел қатыгездікке барып, көп адамдардың қаза табуына жол берілді. Республика басшылары бұл жағдайға көз жұма қарады.

Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына әкетілгендердің саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды. Оқу орнынан 271 студент, комсомолдан 787 адам шығарылды.

Желтоқсан оқиғасына қатысқандардың ішінен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхаметжанова сияқты жастар жазықсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-сы ақталды. 1987 жылғы КОКП Орталық Комитеті Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады.

Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады. КОКП ОК-ның желтоқсандағы жастар шеруін қазақ ұлтшылдығы деп кінәлау қате деген қаулы шығарды. КСРО халық депутаттарының I съезінде ақын, қоғам қайраткері М. Шаханов желтоқсандағы орталықтың жүргізген іс-әрекетін қатты сынап, тұңғыш рет мінбеде сөз сөйледі. Бұл желтоқсан шындығын ашудағы алғашқы қадам болды.

Қазақстанның егемендік алуы (1989–1992 жж.)

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 25 қазанда республикамыздың мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдады.

1990 жылғы желтоқсанда Ресей, Украина, Белоруссия, Қазақстан республикаларының жетекшілері өзара төрт жақты шарт жасау жөніндегі келісімге қол қойды. Бұл келісім бойынша олар өздерінің Одақтық шартқа қарсы қоятын талаптарының бар екендігін ашып айтты. Республикалар бұрынғы федерацияның орнына, енді конфедерация түріндегі одаққа бірігу жөнінде талап қойды. Ол бойынша Орталықтың шешуіне сыртқы саясат, халықаралық мәселелер, сыртқы сауда, мемлекеттік банк және финанс, елдегі қорғаныс мәселелерін шешуді қалдырып, қалған мәселелердің барлығын жергілікті жерлерде шешу дұрыс деп есептелінді.

Бұл талаптар негізінде жаңа Одақтық шартқа қол қояр алдында 1991 жылы 19 тамызда Янаев, Павлов, Крючков, Пуго, Язов, т. б. қатынасқан мемлекеттік төңкерістің болуымен және орталықтың ешқандай ымыраға келмеуімен байланысты одақтас республикалардың жетекшілері бұған дейін жүргізіп келген келіссөз талаптарынан бас тартты.

Қазақстанның атынан Н. Ә. Назарбаев КСРО Жоғары Кеңесінің кезектен тыс сессиясында жаңарған Одақ енді федерация түрінде болуы мүмкін емес, тек конфедеративтік шарт негізінде болуы керек деп ашық айтты, яғни бұл тек тең құқықты республикалардың достық одағы болуы мүмкін деп көрсетті. Республикалардың бұл ұсынысы 1991 жылғы 19 тамыздан кейінгі оқиғаның артынша тәжірибе жүзінде іске асырыла бастады, бұрынғы бірыңғай одақтың орнына тәуелсіз мемлекеттер достастығы қалыптасты. Олар көптеген саяси, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді өздері шешетін болды. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы бойынша әскери, сыртқы және т. б. аса маңызды халықаралық мәселелерді бірігіп шешу міндеті ғана қалды. Тамыз уақиғасынан кейін Кеңес Одағы Коммунистік Партиясы, оның құрамдас бөлігі Қазақстан Компартиясы (1991 ж. Қыркүйек) тарихи аренадан кетті.

Өкілеттіктер республика парламентінің 1991 жылы 20 қарашада қабылдаған «Қазақ КСР-да мемлекеттік өкімет билігі мен басқару құрылымын жетілдіру және Қазақ КСР Конституциясына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Заңы бойынша берілді. Заң негізінде Республиканың мемлекеттік басқару органдарында өзгерістер жасалды. Прокуратура, Мемлекеттік қауіпсіздік, Ішкі істер, әділет, Сот органдары қайта құрылды. Қазақстанның мемлекеттік Қорғаныс комитеті жаңадан ұйымдастырылып қызметіне кірісті.

1991ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республикада жалпы халықтың қатынасуымен Президент сайлауы өткізілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша Н. Назарбаев Президент болып сайланды. Сол жылғы 10 желтоқсанда Елбасы жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің жетінші сессиясында парламент депутаттары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылдады.

Республиканың мемлекеттік тілі – қазақ тілі, ал орыс тілі ұлтаралық байланыс тілі болып белгіленді. Сөйтіп, 1991 жылғы 16 желтоқсан республика тәуелсіз күні ретінде бүкіл әлемге танылды.

1992 жылы 3 наурызда Қазақстан біріккен Ұлттар Ұйымына кірді.

Өзінің тәуелсіздігін алған Қазақстан Республикасын дүниежүзінің ондаған елі таныды. Біздің елді алғашқылардың бірі болып Түркия, сол сияқты АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания және т. б. ірі-ірі мемлекеттер мойындады.

Қоғамдық-саяси қозғалыстар (1985–1992 жж.)

80 жылдардың аяғына қарай демократиялық процестің жандануына байланысты Қазақ КСР-де қоғамдық ұйымдар құрыла бастады.

1989 жылы Қазақстанда алғашқы болып «Невада-Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Қозғалыстың мақсаты – республика жеріндегі Семей және басқа полигондарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. Қозғалыс төрағасы – О. Сүлейменов. Ақын, қоғам қайраткері М. Шахановтың бастамасымен Балқаш және Арал проблемалары бойынша комиетет құрылды. Комиеттің негізгі мақсаты Арал төңірегіндегі экологиялық апатқа өкімет назарын аудару болды.

1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды.

1991 жылы «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды.

Жастар өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» париясын құрды.

1991 жылы Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды.

1990 жылы ұлтаралық «Единство» қозғалысы құрылды. Қозғалысқа ғылыми-техникалық интеллигенция өкілдері кірді.

Осы кезде «Желтоқсан» партиясы құрылды. Бұл партияның құрамына 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқандар кірді.

1989 жылы «Әділет» қоғамы құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды. Бұдан басқа Қазақстанда «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылмандар әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық-саяси қозғалыстар құрылды. 1990 жылы Қазақстанда 100-ден аса қоғамдық-саяси қозғалыс болды. Алматыда ғана 40-қа жуық саяси қозғалыс жұмыс істеді. Бұл кезде Қазақстандағы көптеген қоғамдық-саяси қозғалыстар әлсіз және қалыптасу кезінде болды. «Невада-Семей», «Қазақ тілі» сияқты қоғамдық қозғалыстар біршама мықты, көптеген мүшелері мен белгілі дәрежедегі қаржылық қорлары бар ірі қозғалыстар болды.

1990 жылы Қазақстан коммунистік партиясы құрамында 800000-ға жуық мүше болды. Осы кезден бастап компартияға деген халықтың сенімсіздігі күшейді. Бұл жағдай компартия беделінің түсуіне айтарлықтай әсер етті. 1990 жылы компартия мүшелерінің 42%-ы өз еркімен партия қатарынан шықты. Осы жылы партия мүшелерінің қатары 49000-ға кеміді.

90 жылдардың басына қарай Қазақстанда бұрын патша үкіметінің қолшоқпары жазалаушы күші болған казактар ұйымы пайда болды. 1991 жылы 15 қыркүйекте Орал қаласында казактар патша үкіметіне қызмет етуінің 400 жылдығын мерекелеуге шешім қабылдады. Бұл қазақ халқының ұлттық мүддесімен санаспағандықтың дәлелі. «Азат», «Желтоқсан», «Парасат» қозғалыстары бұл әрекетке ашық түрде қарсы шықты. Жаппай қақтығысқа ұласа жаздаған бұл әрекет жоғарыда аталған қозғалыстар мен құқық қорғау органдарының араласуымен тоқтатылды.

Егемендік алудың кезеңдері

1989–1990 жылдары Егемендік туралы Декларацияны КСРО-ның басқа республикалары да қабылдады. Сөйтіп, 74 жыл бойы өмір сүрген Республикалар Одағы ыдырады.

1991 жылдың желтоқсанында Н. Ә. Назарбаев Қазақстандағы «1986 жылғы 17–18 желтоқсан оқиғаларына қатысқаны үшін жауапқа тартылған азаматтарды ақтау жөнінде» жарлық шығарды, ол бойынша қылмыстық жауапкершілікке, әкімшілік және тәртіп бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылғандар ақталды.

1991 жылғы 8 желтоқсанда Белорусь, РСФСР және Украина республикаларының басшылары Минск қаласында (Беловеж кездесуі) кездесіп, мәлімдеме қабылдады.

1991 жылдың 12 желтоқсанында Ашхабад қаласында Орта Азия республикалары мен Қазақстан басшыларының кездесуі болып өтті.

1991 жылғы 21 желтоқсанда Алматыда 11 республика өкілдері қатынасқан кездесу болды. Олар тең құқықтық жағдайдағы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы құрылғандығы жөніндегі шартқа қол қойды.

1991 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республикада жалпы халықтың қатынасуымен Президент сайлауы өткізілді. Дауыс беру қорытындысы бойынша Н. Назарбаев Президент болып сайланды.

1991 жылғы 10 желтоқсанда Елбасының жарлығымен Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының атауы Қазақстан Республикасы болып өзгертілді.

1992 жылғы қаңтарда Республиканың Мемлекеттік тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында оның ішкі істер әскері құрылды.

1992 жылы 3 наурызда Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына кірді.

1992 жылы 25 мамырда Достық, ынтымақтастық және өзра көмек туралы шартқа қол қойды.

1992 жылғы 4 маусым – Қазақстан Республикасы тарихындағы ерекше мәртебелі күн. Бұл күн еліміздің мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы, Гимні – дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте қалады.

1992 жылы желтоқсанның ортасында қоғам мен халықтар достығын нығайтуда Алматыда Қазақстан халықтарының форумы өтті.

1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев сыртқы саяси бейбітшілік саясатын ұстануды ескере отырып, Лиссабон хаттамасына қол қою арқылы Қазақстан ядролық қарудан еркін аймақ болатындығын мәлімдеді.

1993 жылы 28 қаңтарда Республика Жоғары Кеңесі құқықтық мемлекет құрудың ірге тасы, оның мемлекеттілігінің, тәуелсіздігін қамтамасыз етудің, экономикалық, мәдени және ғылыми-техникалық прогресс жолымен алға баса беруінің кепілі болып табылатын тәуелсіз Қазақстан Конституциясын қабылдады.

1993 жылдың аяғы Қазақстанда кеңестердің жаппай өзін-өзі таратуымен ерекшеленді. Өзін-өзі тарату жайлы алғаш рет Алматыдағы Алатау аудандық кеңестері мәлімдеді. Қараша айының аяғында 100-ге жуық, оның ішінде Алматы қалалық және облыстық кеңестері өздерінің таратылғанын мәлімдеді. Желтоқсанның 8-күні Алматы қаласында Республика Жоғарғы Кеңесі XI сессиясының II кезеңі өз жұмысын бастады.

1994 жылы 7 наурызда Қазақстан Республикасындағы сайлау жөніндегі жаңа кодекске сәйкес Жоғарғы Кеңеске сайлау өтті. Бұл сайлаудың ерекшелігі сол, салыстырмалы көпшіліктің мажоритарлық жүйесі депутаттыққа кандидаттарды Президенттің ұсыну тәжірибесімен бірге қолданылды. 1995 жылғы сәуірдегі Қазақстан Республикасының Конституциялық соты «1994 жылғы 7 наурызда сайланған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің легитимді еместігі (заңсыздығы) жөніндегі» қаулы қабылдады. Осы қаулы бойынша қызметі 1993 жылғы Конституцияға негізделген XIII шақырылымның Жоғарғы Кеңесі өзінің өкілеттігін тоқтатты.

1994 жыл 6 шілде – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің кезекті жалпы отырысында Президенттің астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысы мақұлданды.

1995 жылғы 30 тамыздағы референдумда еліміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Оған қатысқан адамдардың 90%-ы біздің мемлекетіміздің жаңа Ата заңын жақтап дауыс берді.

1997 жыл – Н. Ә. Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысы» атты кітабы жарыққа шықты. Республика Президенті Жарлығымен жалпы ұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жарияланды. Қазақстан 60тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданған.

1998 жыл – Халық бірлігі мен ұлттық тарихы жылы деп атап өтілді. Тарих жылы тұтастай алғанда 23 ірі-ірі ғылыми форумдардың өткізілуімен ерекшеленді.

1999 жыл – Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы деп жарияланды. Осымен байланысты өткен ғасырлардан жеткен орасан зор мәдени-тарихи мұраны сақтап, оны жинақтап жаңа ғасырдың игілігіне айналдыру міндеті қойылды.

1999 жыл 10 қаңтар – Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Президенті болып қайтадан сайланды.

2000 жыл – Мәдениетті қолдау жылы деп жарияланды. Бұл жылы мәдениет мекемелерін дамытуға, олардың материалдық базасын нығайтуға бағытталған едәуір жұмыстар атқарылды. Мәдениетті қолдау жылының шарықтау шегі Түркістан қаласының 1500 жылдық тойын тойлаумен сабақтас келді.

2002 жыл халықтың денсаулығын сақтау және оның деңгейін көтеру мақсатында Президенттің жарлығымен Денсаулық жылы деп жарияланды. Денсаулық жылының аясында ауылдағы көптеген медициналық мекемелер ғимараттары жөндеуден өтті. 4,2 миллион ауыл тұрғындары тексеруден өткізіліп, 36 пайызға жуық науқас есепке алынды. Ауруларға қарсы адамдарды егумен қамту 97 пайызға жетті. Денсаулық жылы шеңберінде 12–18 жасқа дейінгі бір миллион 690 мың оқушыға медициналық тексеру жүргізілді. 2002 жылдың ерекшелігі жеке Денсаулық сақтау министрлігі, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және Фармация комитеті құрылды.

23 қазанда Түркістан қаласында қазақтардың Бүкілдүниежүзілік екінші құрылтайы болып өтті.

2004 жыл желтоқсан айында Қазақстан Республикасының Парламент сайлауы өтті.

2005 жылғы 4 желтоқсанда ҚР Президентінің кезекті сайлауы өтті. Сайлау қорытындысы бойынша ең көп дауыс алған Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті болып жеті жыл мерзімге қайта сайланды.

Қазақстандағы көппартиялық жүйе

Қазақстанның Егемендік алуы, КСРО диктатурасының құлауы қоғамдық дамудың табиғи атрибуты боп саналатын көппартиялықтың өрістеуіне жол ашты.

«Қазақстанның социалистік партиясы» (ҚСП) 1991 жылғы 7 қыркүйекте құрылды (бұрынғы Қазақстанның Коммунистік партиясы). Құрамында 47 мың мүшесі болды. Төрағасы – А. Әлімжанов, кейін П. Своик. Мақсаты:

  • Еңбекшілерді әлеуметтік жағынан қорғау.

  • Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын орнату.

  • Меншік түрлерінің теңдігін қорғау

ҚСП еліміздегі бұқаралық партия болып есептелді.

«Қазақстанның коммунистік париясы» (ҚКП) 1991 жылдың күзінде құрылды. Бұрынғы Компартия мүшелерінің көпшілігі партия атының социалистік болып өзгертілуіне наразылық білдіріп, ҚКП атынан XIX съезд өткізіп, коммунистер атын сақтады. Мүшесі – 55 мың адам. Төрағасы – Б. Төлепбаев, кейін С. Әбділдин. Мақсаты:

  • Ғылыми социализм ұстанымдарына негізделген әлеуметтік әділетті қоғам орнату.

  • Коммунистік идеяларға адалдық.

«Қазақстанның Республикалық партиясы» (ҚРП) Қазақстанның азаматтық қозғалысы «Азат» негізінде құрылды. Төрайымы – С. Ақатаев. Мақсаты:

  • Қазақ ұлтын өркендету.

  • Ұлттық-этникалық топтарды жан-жақты дамыту.

  • Ұлттық-патриоттық күштерді біріктіру.

«Қазақстанның Халық конгресі партиясы» (ҚХК) 1991 жылғы 5 қазанда құрылды. Мүшесі – 30 мың адам. Төрағалары – О. Сүлейменов және М. Шаханов. Мақсаты:

  • Ел өмірінде саяси аяны кеңейту.

  • Ұлттық саяси күштер құру.

ҚХК партиясының атқарған жұмыстары:

  • Жергілікті мәслихаттарға және Жоғарғы Кеңеске депутаттар сайлауда белсенділік таныту.

  • Жоғарғы Кеңестегі саяси партиялардың заң жобасын бекіту мәселесін шешу.

  • Жергілікті жерлердегі өзін-өзі басқару реформасы тұжырымдамасының (концепциясының) заң жобасын талқылау.

«Қазақстанның демократиялық прогресс партиясы» (ҚДПП) 1991 жылғы қарашада құрылды. Төрағасы – А. Докучаева. Мақсаты:

  • Экономикалық бостандыққа жету.

  • Құқықтық мемлекет құру және адам құқығын қорғау басымдылығына жету.

«Қазақстанның халық бірлігі» одағы 1993 жылғы ақпанда құрылды. Төрағасы – Қ. Сұлтанов. Саяси қозғалыстар арасында бұл одақ беделді болды.

Республикада 300-ден аса қоғамдық-саяси ұйымдар, 68 әр түрлі қорлар, 11 республикалық ұлттық мәдени топтар тіркелді. 1993 жылдың соңына қарай қоғамдық-саяси қозғалыстар берік саяси күшке айналды.

«Қазақстанның халықтық-кооперативтік партиясы» (ҚХКП) 1994 жылғы желтоқсан айында құрылды. Төрағасы – У. Сәрсенов. Әлеуметтік базасы – ауыл еңбеккерлері, кооперативтік қозғалыс жұмыскерлері.

«Қазақстанның өрлеу партиясы» (ҚӨП) 1995 жылғы қаңтарда құрылды. Төрайымы – А. Жағанова, мүшесі – 5 мың адам. Мақсаты:

  • Әлеуметтік жағынан қорғалмаған халық топтарының мүддесін қорғау.

  • Білім және денсаулық саласын қорғау.

«Қазақстанның аграрлық партиясы» (ҚАП) 1995 жылдың басында құрылды. Мүшесі 42 мыңнан астам адам. Мақсаты: Ауыл еңбеккерлерінің әлеуметтік-экономикалық және саяси мүдделерін қорғау.

«Қазақстанның демократиялық партиясы» (ҚДП) 1995 жылы жазда құрылды. Төрағаларының бірі – Т. Жөкеев. Мүшесі – 19 мың адам. Мақсаты:

  • Әлеуметтік-нарықтық экономика құруға атсалысу.

  • Азаматтық қоғам орнату.

  • Демократиялық құқықтық мемлекет құру.

«Ақ жол» қоғамдық қозғалысы 1998 жылы қарашада құрылды. Жетекшісі – Н. Оразалин. Мақсаты:

  • Президент Н. Ә. Назарбаевтың саяси бағытын қолдау.

  • «Қазақстан-2030» стратегиясын жүзеге асыру.

  • Зиялы өкілдер мүдделерін қорғау.

«Отан» партиясы 1999 жылы қаңтарда құрылды. Төрағасы – С. Терещенко. Бұл партия Н. Ә. Назарбаевтың Президенттікке кандидатурасын қолдау қоғамдық штабы негізінде құрылды.

«Қазақстанның отаншылдар» партиясы 1999 жылы 14 қаңтарда құрылды. Мүшелері қатарында: «Азат» қозғалысының жетекшісі – Хасен Қожа-Ахмет, жазушы – Н. Асышев, «Мемлекеттік тіл» қоғамының төрайымы А. Османова болды. Мақсаты:

  • Ұлттық ынтымақтастыққа рухани тәрбиелеу жолымен жету.

  • Патриоттық сезімді қалыптастыру және өсіру.

  • Қазақстан қоғамы проблемаларына анализ жасау және дағдарыстан шығу жолдарын көрсету.

«Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қоғамдық саяси бірлестік 2001 жылы қарашада құрылды.

1999 жылы республикада барлығы 14 саяси партиялар мен 30-ға жуық саяси қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер құрылды. 2000 жылы республикадағы ресми тіркелген партиялар саны – 15.

Қазақстан және дүниежүзілік қауымдастық. Қазақстанның сыртқы саяси және сыртқы экономикалық байланыстарының дамуы

КСРО тарағаннан кейін ядролық қару негізінен Ресей жерінде шоғырланды. Қазір жер жүзінде 5 ядролық держава бар: АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания, Франция.

1996 жылғы 31 қыркүйек – Қазақстан БҰҰ-ға мүше 129 елдің қатарында ядролық қаруды таратпау жөнінде шартқа қол қойды.

1996 жыл, 26 сәуір — «Шанхай бестігі» құрылды (Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Тәжікстан).

Қазақстан басшылығы әскери-саяси одақ НАТО-мен ынтымақтастыққа маңызды орын береді. Бұл ынтымақтастық «Бейбітшілік үшін әріптестік» бағдарламасы негізінде жүзеге асуда.

Тәуелсіз алғаннан бері халықаралық ұйымдарға мүше болып кіруге жол ашылды. Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше. (1997 ж. басы).

800-ге жуық мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды.

Бірқатар ірі капиталистік елдер Қазақстанға экономикалық көмек ретінде несие беруде. Ең ірі көлемдегі несиелерді беруші елдер: Германия, Түркия, Австрия, Ұлыбритания. Бұдан басқа Жапония, АҚШ секілді донор елдер үлкен қаржылық көмек көрсетіп отыр. Республика экономикасына шетел инвестициялары көптеп тартылды.

Еліміздегі шетелдік бірлескен кәсіпорындарының жалпы саны – 746 (1996 ж.). Қазақстан-американ бірлескен кәсіпорындары – 325 (1999 ж.). Американ инвестициясының көлемі – 2 млрд. доллар.

1997 жылғы 28 ақпан — «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» Заң қабылданды. Нәтижесінде, Қазақстанға тартылған инвестициялық қаржы көлемі – 10 млрд. долларға жетті.

Соңғы жылдары Қазақстанның өнеркәсібін жандандыруда біраз шаралар іске асырылды. Нәтижесінде, 1999 жылдың соңында жалпы өнім өндіру – 1%-ға, өндіріс көлемін арттыру – 1,8%-ға өсті. Республиканың алтын қоры 2 млрд. долларға жетті.

2000 жылғы 26 сәуір — «Еуразия – 2000» экономикалық саммиті өтті.

2000 жылғы 10 қазан – Астанада кедендік Одақ елдері басшыларының (Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан) мемлекетаралық Кеңесі өткізілді. Нәтижесі: Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың ұсынысымен Еуразиялық экономикалық қауымдастықты құру туралы құжат қабылданды.

Халықаралық байланыс нәтижелерінің тарихи маңызы:

  • Қазақстан әлемнің көптеген елдерімен тең деңгейде дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.

  • Қазақстан дүниежүзілік аренада беделді орын иеленді.

Қ. Р. әлеуметтік-экономикалық дамуы (1991–2006 жж.). Нарықтық қатынастардың негізгі белгілері

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық экономикаға көшуді таңдап алған болатын. Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы үш кезеңі белгіленді:

  1. 1991–1992 жылдар

  2. 1993–1995 жылдар, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақұлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді

  3. 1996–1998 жылдар

Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден және т. б.

Мемлекеттің алдында дағдарыстан шығудың жолдары қарастырыла бастады. Оның ең бастысы – бағаны ырықтандыруды белгілі бір жүйеге келтіру еді. Қазақстанда ырықтандыру 1992 жылы мұнайдың, мұнайдан шығатын өнімдердің, басқа да энергия көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін жоғарылауы керек деген ұранмен жүргізілді.

Бағаны ырықтандырудан кейінгі екінші атқарылған іс – жекешелендіру. Мемлекеттік меншікті тезірек жойып, бәрін жеке меншікке айналдырсақ, халық жұмыла жұмыс істеп, өндіріс жанданып, ел байып, бәрі де орнына келеді деп ойлады. Тәжірибе жүзінде олай болмай шықты. Жекешелендіру барысында елімізде үш бағыттағы (шағын, жаппай және жеке жобамен) кәсіпорындар құрылған. Нәтижесінде мемлекеттік меншікті жекешелендіру жарияланған екі кезеңде де (1991–1992 жж. және 1993–1995 жж.) мүліктің үлкен талан-таражға түсуіне жол берілді.

1994 жылдың қаңтарында экономикалық реформаны жүргізуді жандандыру жөніндегі шаралар туралы Президент қаулы қабылдады. Онда дағдарысқа қарсы шаралар мен экономиканы тұрақтандырудың 1994–1995 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді. Бағдарламада Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың ерекшеліктері, елдің өндіргіш күштері, өндірістік қатынастар, өндірістік аппарат, игерілетін қазба байлық, елдегі 7 миллиондай еңбекке жарамды адам күші ескерілді. 1993 жылы қараша айының 15-ші жұлдызында мемлекеттің өз ақшасы – теңге енгізілді. 1994 жылы наурызда Президент Жарлығымен ауыл кәсіпорындарының өтей алмаған 2,2 млрд. сомдық несиесінің мерзімі екі жылға ұзартылды.

Реформаның барысында Қазақстанда 1994 жылдың күзінен үкімет макроэкономикалық реттеуді меңгере бастады. Бағаның өсуі тежеліп, инфляцияның өсу қарқыны төмендеді.

Нарықтық экономикаға көшудегі жіберілген қате – ол үкімет басшыларының елдің экономист ғалымдарына сенбеуі. Нарықтық қатынастарға көшу барысында бізде орын алған тағы бір үрдіс бар. Ол сонау Столыпин реформасынан, одан бері Қазақ төңкерісінен кейінгі индустрияландыру, ұжымдастыру науқандары сияқты қоғам өміріндегі өзгерістерге революциялық сипат беру.

1992 жылы өндірістің құлдырауы біршама тұрақты болған 1990 жылмен салыстырғанда 14,6%, 1993 жылы – 28%, 1994 жылы – 48%, ал 1995 жылы – 45% жетті.

Қазақстан үкіметі осыдан кейін 1996–1998 жылдарға арналған жаңа бағдарлама қабылдады. Онда реформаның ең күрделі деген мәселелерін шешу маңызды орын алды. 1999 жылы басталған төртінші кезең қазіргі уақытқа дейін жалғасып, мемлекеттік меншікті басқару мен пайдалану мәселелерінде мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында өкілеттіктерді бөлу жөніндегі жаңаша көзқарастармен сипатталады.

1997 жылдың қазан айында Президент Н. Ә. Назарбаев Республика халқына «Қазақстан-2030» деген атпен жолдау қабылдап, онда еліміздегі дағдарыстан шығудың және жүріп жатқан реформаларды аяқтаудың, сондай-ақ алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қатарына қосылудың, немесе «Қазақстан барысын» қалыптастырудың жаңа бағдарламасын ұсынды. Бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары мен мүмкіндіктері жан-жақты көрсетілді.

Өнеркәсіп

Кәсіпорындардың көпшілігі бірқатар себептер бойынша: қажетті материалдық ресурстардың жоқтығынан немесе тұрақсыз қаржы жағдайына байланысты өз қуаттарын толық пайдалана алмады. Күрделі құрылыстың қысқаруы экономикаға кері әсерін тигізді Инвестициялық процестің төмендеуі қоғамдық өндірістің тоқырауына соқтырды. Экономиканың тұрақтануына қаржы-ақша жүйесінің терең дағдарысы кесірін тигізді.

1999 жылдан бастап Қазақстан үкіметі елдің өнеркәсібін жандандыруда бірсыпыра шараларды іске асыруға күш салды. Жеңіл өнеркәсіпті дамыту бағдарламасы жасалып, химия өнеркәсібі мен машина жасау саласын дамыту бағдарламасы тиянақталды. Осындай мемлекеттік маңызды шараларды жүзеге асыру барысында (2000–2002 жылдары) республикада тұрақты экономикалық өрлеу, өндіріс ауқымының өсуі байқалды.

2005–2006 жылдары Қазақстанның өте мол кен байлығы өнеркәсіп саласында, әсіресе мұнай-газ өндірісін, тау-кен орындарын жедел дамытуға мүмкіндік берді. Республикада газ саласын дамыту шаралары 2004–2010 жылдарға арналған арнайы бағдарлама шеңберінде жүргізілді.

2007 жылы еліміздің экономикасы, соның ішінде өнеркәсібі жоғары қарқынмен дамуын одан әрі жалғастырды. Үкімет «30 корпоративті көшбасшы» бағдарламасына сәйкес ірі отандық бизнесті дамытуды қолға алды.

Ауыл шаруашылығы

1992–1993 жылдардағы дағдарыс ауыл шаруашылығында басталды. Оның басты себебі – ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салалары өнімдері бағасының арасындағы үлкен алшақтық еді. Бұл ауыл шаруашылығын қатты күйзеліске әкеп соқтырды.

Ауыл шаруашылығының терең дағдарысқа ұшырауына республикадағы колхоздар мен кеңшарларды жаппай және тез арада жекешелендіру науқанының зардабы тиді. Ауыл шаруашылығының басты саласы – егіншілік. Нарықтық қатынастарға көшуге байланысты алғашқы үш жыл ішінде қалыптасқан саланың берекесі қалмады. 1992–1994 жж. қатарынан жаңбыр болғанына қарамастан астық аз алынды, егіншіліктің байырғы мәдени дәрежесі төмендеп кетті. Ауыл шаруашылығында жүргізілген реформалық шаралардың нәтижесінде өндірілген өнімдердің 90 пайызы жеке меншік құрылымдардың үлесіне тиді. Мемлекет ауыл шаруашылығына салықты азайтты.

Үкімет 2002 жылдан бастап ауыл шаруашылығына қатысты үлкен жүйелі жұмыстарды жүргізе бастады. Жер, Орман және Су кодекстері жасалды. 2002 жылы 5 маусымда мемлекеттік-аграрлық бағдарлама қабылданды. Ол 2003–2005 жылдарды қамтыды, яғни ауылды қолдау, өркендету жылдары деп аталды.

2003–2004 жылдары еліміздің агрокәсіптік кешені мемлекет тарапынан қолдауға ие болды. 2005 жылы Қазақстан ауылшаруашылығы салалары, соның ішінде егін шаруашылығы одан әрі дамыды. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2006–2008 жылдарға арналған жаңа бағдарламасы қабылданды. 2007 жылы ауыл шаруашылығы одан әрі дами түсті. Ауылшаруашылық дақылдарының барлық түрлері бойынша жақсы өнім алынды.

Нарық жағдайында аграрлық сектордың басты бір саласы – мал шаруашылғының жағдайы төмендеді. Малдың саны жылдан-жылға азайды. Жеке шаруаларға бөлініп берілген малдар өнім берудің орнына сатылып кетті, немесе ауыл тұрғындарына керекті тауарларға ауыстырылды. Мал санының азаюының тағы бір себебі – бұрын Қазақстан бүкіл Кеңес Одағына арнап ет дайындаса, енді оны 15 миллион халыққа ғана есептеп өндіретін болды.

2005–2007 жылдары Үкімет елде мал басын өсірумен қатар мал тұқымын асылдандыру ісіне едәуір назар аударды. Мал шаруашылығын одан әрі дамыту және мал басын қайта көбейту үшін негізгі үш бағытта жұмыс істеу көзделді:

  1. Селекциялық – асыл тұқымдандыру жұмыстарының деңгейін қөтеру арқылы қолда бар мал басының генетикалық әулетін арттыру, жоғары сапалы тұқыммен барлық аналық малды қолдан ұрықтандыруды жаппай қолға алу.

  2. Перспективалық мал тұқымдарын дамыту үшін жағдай туғызу. Ауыл шаруашылығы саласының ғалымдарымен бірлесе отырып, жоғары сапалы өнім беретін мал тұқымдары анықталып, оларға мемлекеттік қаржы көздерін қарастыру.

  3. Жоғары сапалы өнім беретін мал тұқымдарын табиғи өсіммен арнайыландырылған орта және ірі тауарлы өндіріске қайта бейімдеуге қол жеткізу.

Егемен Қазақстанның мәдениеті (1991–2006 жж.)

Қазақстан егемендік алуымен байланысты қазақ халқының рухани өмірінде мәдени жаңа процестер кеңінен өріс алды. Халыққа білім беру, ғылым мен мәдениет өз дамуының кең жолына шықты. Олар бұрынғы Кеңес Одағы кезеңіндегі партиялық идеология мен саяси қағидалардың қыспағынан құтылды.

Білім жүйесі. Қазақстанда білім жүйесінде көптеген оң өзгерістер орын алды. Ең бастысы, оқу мазмұны өзгерді. Білім стандарттары жасалды, оқытудың жаңа әдістемесі енгізілді. Қазақстан Республикасындағы білім берудің жай-күйі алғаш рет 1995 жылы көктемде оқу саласы қызметкерлерінің республикалық кеңесінде талқыланды. Гимназиялар, лицейлер, жеке және авторлық мектептер ашылды. Тарих, ана тілі 1–5 сыныптар үшін оқу пәндері бойынша оқулықтар шығарылды. Егер соңғы кезге дейін Қазақстан мектептерінде тек бұрынғы КСРО тарихы оқытылса, енді қазақ халқының өз тарихын терең талдап оқытуға көңіл бөлінді.

Қазақстанның Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша 2000/2001 оқу жылында елде жалпы білім беретін мектептердің саны 8 109 болды. Олардың 3545-і (44,2%) қазақ, 2356-сы (29,4%) орыс, 13-і ұйғыр, 81-і өзбек, 3 тәжік, 1 украин, ал 2008 мектеп аралас, қазақ-орыс тілдерінде сабақ жүргізген

2001 жылы елде орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың бірінші кезеңі негізінен аяқталды, нәтижесінде 58 оқушыға бір компьютерден келді. «Интернет – мектепте» бағдарламасы аясында 1 414 оқу орны, оның ішінде 868 ауыл мектебі ақпарат желісіне қосылды.

Үкіметтің 2002–2004 жылдарға арналған Іс-қимыл бағдарламасында барлық деңгейдегі білім беру, оқытудың мемлекеттік жүйесін жетілдірді, оқу-әдістемелік кешенді қалыптастыру, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің санын арттыру көзделді.

2003/2004 оқу жылында Қазақстанда жұмыс істейтін мектептердің саны – 8260-қа жетіп, онда 3 026,2 мың оқушы білім алды. Мектептердің 3 687 (44,6%) қазақ тілінде оқытатын, 2 069 (26,1%) қазақ және орыс тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептер жұмыс істеді. Мектептерде 270 мыңнан астам педагог жұмыс істеді, оның ішінде 195,8 мыңының жоғары білімі, 60 мыңнан астамының кәсіптік орта білімі болды.

2005/2006 оқу жылында Қазақстан білім және ғылым министрлігіне қарайтын 8 222 мектеп жұмыс істеді, онда 3 млн. оқушы білім алды. Оларға 300 мыңдай мұғалім сабақ берді.

2006 жылы жалпы білім беретін мектептерде 31 оқушыға 1 компьютерден келді. Мектептердің 89 пайызы интернетке қосылды.

2007 жылғы тамыз айында Қазақстанда «Білім туралы» жаңа Заң қабылданды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005–2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында» 12 жылдық орта білім беру жүйесіне көшу белгіленді. Оның негізгі мақсаты – жаңа кезеңнің талаптарына сай жастарды өмірге баулу үшін оларға бұрынғыдан да жоғары деңгейде білім беру.

Қазақстан мектептерінде сапалы білім алуды қамтамасыз ету мақсатында 2004 жылы ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) енгізілді.

Ғылым. Егемендік алған жылдары еліміздің ғылымын дамыту салаларында үрдіс өзгерістер байқалды. Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының құрылымы мен ғылыми ізденістерінің тақырыптары жаңа талаптарға сай қайтадан қарастырылды. Ә. Х. Марғұлан атындағы Археологиялық институт, Ғарыштық зерттеу, Механика және машина, Информатика және басқару, Физика-техникалық проблемаларды зерттеу т. б. институттары ұйымдастырылды. Салалық ғылым академияларының жүйесі кеңейтілді. Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясы құрылып, жұмыс істейді, ал Ауыл шаруашылық академиясы Қазақстан Ұлттық академиясының құрамына енгізілді. Ғылыми дәрежелер тағайындау және ғылыми атақтар беру, диссертациялық жұмыстардың сапасын бақылап бекіту үшін республика Жоғары аттестациялық комитеті құрылды.

2000 жылы Республика бойынша 400-ден аса ғылыми институттар мен ғылыми орталықтарында 17 мыңнан астам ғалымдар қызмет етті. Бұлардың 1000-ы ғылым докторлары болса, 2800 ғылым кандидаттары еді. Ғылыми мекемелердің 42 пайызы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, 21 пайызы – білім және ғылым министрлігінің, 10 пайызы денсаулық сақтау министрлігінің қарауында болды.

2003 жылғы 22 қазанда бұрынғы ҚР Ұлттық ғылым академиясының 109 мүшесі қатысқан құрылтай жиналысы өткізіліп, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» қоғамдық бірлестігінің Жарғысы бекітілді.

Егемендік алған уақыттан бері ғалымдардың зерттеулері нәтижесінде 5 мың авторлық куәлік, 1354 шетелдік патенттер және 13 лицензиялық келісім куәландырылып бекітілді.

Республика ғалымдарының белсене қатысуымен Алматыда – ақпараттық технологиялар, Оралда – машина жасау, Қарағандыда – металлургия жөніндегі парктер ашылды. Астанада биотехнологиялық кешен салынды. Курчатовта және Астанадағы Еуразия университетінің жанында ядролық технологияларды зерттеу қолға алынды. Қазақстан Орталық Азия мемлекеттерінің арасында бірінші болып космосқа өзінің жер серігін ұшырды.

Қазақстанның егемендік алған уақыт ішінде халыққа білім беру, ғылымды дамытуда біршама табыстарға қолы жетті. Ғылым мен білім экономиканың бәсекеге қабілеттілігін, елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және мемлекет әуелетін арттыруға өзінің тиісті үлесін қосты.

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев еңбектері

«Қазақстанның Егемен мемлекет ретіндегі қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» (1992 ж.)

Бұл еңбектің маңызы: тәуелсіздік жолына түсудегі басты бағыттар көрсетілді. Ел дамуының түбегейлі концепциясы алғаш рет анықталды. Ішкі және сыртқы саясат саласындағы, ұлттық қауіпсіздік жөніндегі міндеттер сараланды. Қазақ халқының тарихи миссиясына тоқталып, жергілікті ұлт мүддесі ерекше ескерілетіні қажеттігі айтылды.

«Ұлт өзінің мемлекетінсіз ұлт болып өмір сүре алмақ емес…. Біздің мемлекетімізде тұрғылықты ұлттың – қазақтардың мүдделері жекелеген мәселелерде ерекше атап айтылатыны әбден орынды, мұның өзі мемлекеттердің бірқатарында тап осылай етіледі де».

«Қазақстанның болашағы – қоғамның идеялық бірлігінде» (1993 ж.)

Бұл еңбегінде Қазақстанға жаңа үлгідегі идеологияның қажеттігі бар ма, жоқ па деген талас төңірегінде нақты пікір айтты: Идеология – адамдардың қоғамдастығын саяси және экономикалық міндеттерді шешуге топтастыру тәсілі. Идеология – әлеуметтік мінез-құлықты қалыптастыру механизмі. Идеология мемлекеттің және оның тұғырнамасын қолдайтын партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың адамдардың ақыл-ойына өркениетті түрде ықпал ету тәсілі. Өмір алға озып отырған кезде әр түрлі идеологиялық ағымдар болады. Маңызы: Қазақстанның қазіргі кезеңдегі қоғамдық-саяси жағдайына баға беріліп, ел тәуелсіздігі мен тұрақтылығын сақтау бағыттары көрсетілді.

«Ғасырлар тоғысында» (1996 ж.)

Кеңестік жүйе мен демократиялық кезең аралығын суреттейді. Маңызы: Екі кезең тоғысындағы саяси мәселелерге айқын түсініктеме берілген.

«Тарих толқынында» (1999 ж.)

«Тарихтың шеңберлері және ұлттық зерде» бөлімінде ел тарихын 12 кезеңге бөледі. Маңызы: Тарих қойнауын зерделей отырып, ұлттық қасиетті сақтауға тәрбиелеу қажеттігі баса айтылады.

«Сындарлы он жыл» (2003 ж.)

Еңбекте қазіргі таңдағы әлемдік проблемалар көтерілді. Ең бастысы – есірткіге қарсы күрес мәселесіне тоқталды.

«Қазақстан – 2030» стратегиясы

1997 жылғы қазан – Президент Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» жолдауы жарияланды. Қаралған мәселелер:

  • Экономикалық дағдарыстан шығу жолдары.

  • Реформаларды аяқтау.

  • Алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына қосылу.

  • «Қазақстан барысын» қалыптастыру

Жолдауда болашаққа болжам, қазіргі жағдайға талдау жасалып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары, республиканың дамуының ерекшеліктері айтылды.

Бұл бағдарламада еліміздің саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуының жақын арадағы және стратегиялық ұзақ мерзімдегі даму жолдары көрсетілген. Ұзақ мерзімдегі 7 басымдық:

  1. Ұлттық қауіпсіздікті сақтау

Ұлттық қауіпсіздік басымдықтарының деңгейіне мықты демографиялық және көш-қон саясаты шығарылуға тиіс.

XXI ғасыр қарсаңында Қазақстан Ресейдің артынан адам саны сыртқы көші-қон процестерінен ғана емес, табиғи жолмен кеми беретін «демографиялық апатқа» ұшырайды.

  1. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын нығайту

Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуын жүзеге асырудың міндеттері:

  • Теңдікке негізделген бірыңғай азаматтықты дамыту.

  • Этникалық түсініспеушілік себептерінің жойылуы және этникалық топтар құқықтарының тең болуын қамтамасыз ету.

  • Дәулеттілер мен жарлылар арасындағы айырмашылықты азайту. Ауыл проблемасына үнемі ерекше көңіл бөлу.

  • Әлеуметтік проблемаларды ұдайы шешіп отыру.

  • Саяси тұрақтылықты және қоғамның топтасуын қамтамасыз ететін бай Қазақстанды қалыптастыру.

  • Адамдар арасындағы қарым-қатынас пен коммуникациялық байланыстардың барлық нысандарын дамыту.

  • Әртүрлі конфессиялар арасындағы өзара құрмет, төзімділік пен сенімді қарым-қатынасты нығайту.

Қазіргі кезеңде қазақ дәстүрлері мен тілінің қайта өрлеуі табиғи құбылыс деп қабылданатын болды.

Мемлекет ең алдымен орта таптың мүддесін білдіруге тиіс. Қала мен село арасындағы жіктелудің терең процесі жүріп жатыр.

Қазақстан – өзінің белгілі тарихы мен өзіндік болашағы бар еуразиялық ел. Сондықтан оның моделі басқа ешкімнің моделіне ұқсамайтын болады, ол өз бойына әртүрлі өркениеттердің жетістіктерін сіңіреді.

  1. Нарықтық қатынастар негізінде экономикалық өсу.

Қазақстанның салауатты экономикалық өрлеу стратегиясы нарықты экономикаға, мемлекеттің белсенді рөліне және шетел инвестицияларын тартуға негізделген.

Мемлекет белсенді рөл атқара отырып, экономикаға араласуы шектеулі болады. Бұл проблеманы шешудің стратегиясы:

  • Үкіметтің сауда мен өндіріске әкімгершілік араласуын жою.

  • Жекешелендіру процесін аяқтау.

  • Орталық Үкіметті және жергілікті өкімет орындарын парасатты орындастыру.

  • Сот билігі мен құқық қорғау органдарын реформалауды жандандыру.

  • Заңның шексіз үстемдігін белгілеу және заңды орындайтын азаматтарды қылмыстан қорғау.

  • Билік пен заңның бар күшін заңсыз жолмен, шалқып өмір сүретіндерге қарсы қолдану.

Тұрақты өрлеуді қамтамасыз ету үшін өндірісті диверсификациялау қажет. Алдағы міндет:

  • Қазақстанды дүниежүзілік қауымдастық алдында инвестициялар үшін тартымды жер ретінде көрсету.

  • Инвестицияларды тарту.

2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде мына салаларға көңіл бөлу қажеттігі баса көрсетілді:

  • Ауыл шаруашылығы;

  • Орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі;

  • Жеңіл және тамақ өнеркәсібі;

  • Туризм;

  • Тұрғын үй құрылысы;

  • Инфрақұрылым жасау.

  • Қазақстан азаматтарының денсаулығын, білімі мен әл-ауқатын көтеру.

    Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатын көтерудегі стратегия:

    • Ауруды болдырмау және салауатты өмір салтына ынталандыру.

    • Әйел мен бала денсаулығын жақсарту және қорғау.

    • Тамақтануды, қоршаған орта мен экологияның тазалығын жақсарту.

    Көркеюші және саяси тұрақтанған Қазақстанға қажет үш белгі – ұлттық бірлік, әлеуметтік шындық, азаматтардың әл-ауқатының артуы.

    Ұлттық қауіпсіздіктің бір тірегі – миграциялық саясат. Ол – халықтың бір елден басқа бір елге қоныс аударуы.

    1. Энергетика ресурстарын жете пайдалану.

    Қазақстандағы табиғи ресурстарды, әсіресе энергетикалық ресурстарды пайдалану стратегиясы:

    • Халықаралық шарттар жасағанда Қазақстанның мүддесін, экологиясын, өз адамдарымыздың жұмыспен қамтылуы мен даярлануын, әлеуметтік міндеттерді шешу қажеттігін көздеу.

    • Мұнай мен газ экспорты үшін құбыр арналарының жүйесін құру.

    • Әлемдік қауымдастықтың ірі елдерінің мүддесін Қазақстанның әлемдік отын өндіруші ретіндегі рөліне бағыттау.

    • Ішкі энергетика инфрақұрылымын құру мен дамыту, ішкі қажеттілік пен тәуелсіз бәсекелестік проблемаларын шешу үшін шетел инвестицияларын тарту.

    • Ресурстардан түсетін кірістерді үнемшілдікпен пайдалану.

  • Инфрақұрылым, көлік, байланысты дамыту.

    Инфрақұрылым, көлік пен байланыс саласындағы Қазақстанның міндеті – отандық көлік-коммуникация кешенінің бәсекелестік қабілетін және Қазақстан аумағы арқылы өтетін сауда легінің ұлғайтылуын қамтамасыз ету.

    Теміржол

    Қазақстандағы жүк тасымалының негізі – теміржол. Осы саланың алдында тұрған стратегиялық міндеттер:

    • Халықаралық көлік және сауда байланыстарын, Транспорт магистралі бойынша транзиттік жүк тасуды қамтамасыз ететін негізгі темір жол бағыттарын жаңарту.

    • Достық станциясын дамыту, Достық-Ақтоғай участкесін нығайтуды аяқтау.

    • Барлық көліктік-коммуникациялық монополияларды батыл қайта құрылымдауды жүзеге асыру.

    Автомобиль жолдары

    Жеке меншік магистаральдар салу, қазіргі барларын жекешелендіру мен концессияға беру жөніндегі жұмыстарды бастау.

    Әуе көлігі

    • Авиацияда тәртіп орнату және ұшақтар паркін лизинг пен жоғары деңгейді ұшақтардың белгілі бір көлемін сатып алу есебінен толықтыру.

    • Әуежайларды қайта жаңарту, қызмет көрсету мен сервисті қамтамасыз ету деңгейін халықаралық стандартқа жеткізу.

    Су көлігі

    «Ақтау» айлағын қайта жаңарту және флотты кемелермен толықтыру үшін шетел инвестицияларын тарту.

    Байланыс және телекоммуникациялар желілері

    - Шалғайдағы әлсіз дамыған аудандарға кем дегенде, байланыс қызметінің ең төмен деңгейін беру (балаларға арналған аймақтық оқыту бағдарламаларын тарату).

    - Болашақта әлемнің дамыған елдерінің инфрақұрылымдарымен бәсекелесуге қабілетті дербес және тиімді телекоммуникациялық қызмет көрсету жүйесін құру.

    1. Демократиялық кәсіби мемлекет құру.

    Қазақстан қоғамын басқарудағы негізгі міндеттер:

    • Мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы тиімді жүйесін жасау.

    • Басым мақсаттарды іске асыруға қабілетті үкімет құру.

    • Ұлттық мүдделердің сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру.

    Үкімет пен жергілікті өкіметті түпкілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін 7 негізгі стратегия ұстанымдары:

    1. Ықшам әрі кәсіпқой Үкімет.

    2. Стратегиялар негізіндегі іс-қимыл бағдарламалары бойынша атқарылатын жұмыс.

    3. Ведомствоаралық үйлестіру.

    4. Министрлердің өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін, есептілігін және олардың қызметіне стратегиялық бақылауды арттыру.

    5. Орталыққа тәуелділікті жою.

    6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.

    7. Кадрларды жалдау, даярлау және жоғарылату жүйелерін жақсарту.

    Қазақстан елінің 8 артықшылығы баса көрсетілді.

    1. Тәуелсіз, егемен мемлекеттің негізі қаланды.

    2. Ескі саяси және экономикалық жүйеден түбегейлі бөлектенді.

    3. Қоғамдағы өзгерістер ықпалымен адамдар да түгел өзгерді.

    4. Орасан зор байлық – табиғи ресурстар.

    5. Жетекші фактор – адамдардың өзі, олардың ерік-жігері, күш қуаты, табандылығы, білім-білігі.

    6. Ауыл шаруашылық жерлері.

    7. Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігі.

    8. Қазақстандықтардың байсалдылығы мен төзімділігі, кеңпейілділігі мен ақжарқындығы.

    Қазақстанның сыртқы сипаттағы бірқатар мүмкіндіктері:

    1. Еуразия аймағындағы жолдардың түйіскен торабында орналасқан географиялық жағдайы.

    2. Шетелдік мемлекеттер мен донорлық ұйымдар тарапынан қолдау көрсетілуі.

    3. Ауқымдану және ғылыми-техникалық прогресс прцесі.

    Қазақстан қоғамы дамуындағы келеңсіз сипаттар:

    1. Коммунистік ұстанымдар рухында тәрбиеленген адамдардың бірнеше ұрпақтары қалыптастырған – діл. Сондықтан бұқаралық сананы төзімділікпен жаңғырту қажет.

    2. Өндіріс көлемдері төмендеуі әсерінен әлеуметтік ахуалдың төмендеуі.

    3. Азаматтардың көпшілігінің табысы мен өмір сүру деңгейінің нашарлауы.

    4. Ұлттық жинақтардың ұлғаюы мен капитал қорлануының баяулауы.

    5. Кедейлік пен жұмыссыздық проблемалары.

    6. Демографиялық өнімсіздіктің ұлғаюы.

    7. Жете даярланбаған және нашар ұйымдастырылған мемлекеттік басқару.

    8. Заңдардың жартыкештігі және тұрлаусыздығы.

    2030 жылы Қазақстан жедел өркендеп келе жатқан үш аймақтың – Қытайдың. Ресейдің және Мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы буын рөлін атқаратын болады.

    2030 жыл – Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады.

    Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық

    Соңғы жылдары Қазақстан жалпы алғанда барлық беделді және ықпалды халықаралық ұйымдарға кіру үрдісін аяқтады. Қазіргі кезде Қазақстанның халықаралық аренадағы, ең алдымен, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі стратегиялық мүдделерін нақты жүзеге асыру аясына көшіру міндеті тұр.

    Қазақстан және БҰҰ. 1992 жылғы 2 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 46-сессиясында Қазақстан Республикасы өзінің мәні жөнінен аса маңызды тарихи құжат болған 46/224 қарарымен БҰҰ-ға мүшелікке бірауыздан қабылданды.

    БҰҰ Бас Ассамблеясының 1992 жылғы күзде өткен 47-сессиясы Қазақстан делегациясының БҰҰ-ның толық мүшесі ретінде қатысқан бірінші форумы еді. Бұл сессияда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның халықаралық саясаты туралы келелі сөз сөйледі.

    Қазақстанның БҰҰ шеңберінде ұсынған халықаралық негізгі бастамалары:

    • Азиядағы Өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыру;

    • БҰҰ қамқорлығымен Орталық Азия бітімгершілік батальонын (ОртАзБат) құру;

    • «бір қосу бір» формуласы бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігері қорын жасақтау: әрбір мемлекет оған қорғаныс бюджетінің 1%-ын аударады, жыл сайын өзінің аударымын 1%-ға көбейтеді;

    • Орталық Азияда алдын алу дипломатиясы бойынша өңірлік орталық құру:

    • Орталық Азия өңірі үшін экономикалық комиссия құру, бұл комиссия БҰҰ-ның Орталық Азия экономикалары үшін Арнаулы бағдарламасының негізіне алынды (СПЕКА).

    • Арал және Семей экологиялық апат аймақтарын сауықтыру;

    • Алматы қаласында 2003 жылы теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ елдер үшін БҰҰ-ның халықаралық министрліктер конференциясын өткізу.

    БҰҰ-ға қатысу Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға жәрдемдеседі. Елдің қоғамдық өмірінің әлеуметтік-саяси, экономикалық және басқа салалардағы бұдан былайғы қайта өзгерістерді жүзеге асыру үшін қолайлы халықаралық жағдай жасайды.

    БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннанның Қазақстанға 2002 жылғы 17–18 қазандағы ресми сапары Қазақстан Республикасы мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты дамытудың маңызды белесіне айналды, ол Қазақстан мен БҰҰ арасындағы онжылдық ынтымақтастықтың нәтижелерін баянды етті, сондай-ақ өзара іс-қимыл үшін жаңа келешекті белгіледі.

    БҰҰ-да Қазақстанның қарусыздану және ядролық қаруды таратпау режимін нығайту саласындағы белсенді рөлін, республиканың осы салада жасалған барлық халықаралық келісімдерге адалдығын жалпы жұртшылық таныды.

    Қазақстанның БҰҰ-дағы ұстанымы, БҰҰ қарайтын мәселелердің барлық кешені бойынша елдің мүдделерін ескеру негізінде қалыптасады. Бұл орайда ұйыммен экономика, экология, әлеуметтік даму, халықаралық құқықтың ілгерішіл дамуы, адам құқықтарын сақтау саласындағы, лаңкестікке, ұйымдасқан қылмысқа және есірткі бизнесіне қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше көңіл бөлінеді.

    БҰҰ шеңберінде әлемдік қауымдастықтың күш-жігерін Семей өңіріндегі жағдайды сауықтыруға жұмылдыру жөнінде айтарлықтай жұмыс тындырылды. Бірқатар жылдар ішінде БҰҰ Бас Ассамблеясының «Қазақстандағы Семей өңірінің халқын және экологиясы мен экономикалық дамуын сауықтыру мақсатында халықаралық ынтымақтастық және қызметті үйлестіру» қарарлары қабылданды, бұл қарарларға сәйкес Семей өңіріне көмек көрсетудің халықаралық бағдарламасы жүзеге асырылуда.

    Қазақстанның АТМЭӘК-пен (БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы) ынтымақтастығы жолға қойылды. Бұл қатынастар өзінің бастауын 1992 жылғы 31 маусымнан алады. АТМЭӘК Азия және Тынық мұхит елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына, олардың бір-бірімен және үшінші елдермен ынтымақтастығына жәрдемдесуге тиіс. Көлік, транзит және СПЕКА бағдарламасын іске асыру ынтымақтастықтың түйінді салаларының бірі болып саналады.

    АТМЭӘК-тың 2005 жылғы 16–18 мамырда Банкгок қаласында өткен 61-сессиясы өзара қатынастардағы маңызды оқиға болды, оның барысында Қазақстан өкілі – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев тұңғыш рет төрағалық етті.

    Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастығы Нью-Йорктегі осы ұйымның қабырғасында ғана емес, тіпті республика аумағында да жүзеге асырылуда. 1992 жылғы ақпаннан бастап Қазақстанда БҰҰ жүйесінің бірқатар арнаулы мекемелерінің, қорларының және бағдарламаларының өкілдіктері ашылып, белсенді жұмыс істеуде. Олардың қызметі Қазақстанға техникалық, кеңес беру және қаржы жөнінен мол көмек көрсетуге бағытталған.

    1994 жылғы қазанда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰ-ның Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, онда бағдарламаның Қазақстандағы қызметінің басым бағыттары қамтылды.

    Өзінің Қазақстандағы қызметі кезінде БҰҰДБ Қазақстан Республикасының Үкіметіне ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдары ерекше өткір туындаған түрлі әлеуметтік, экологиялық және өзге проблемаларды шешуде көрсетілген көмектің көлемі бойынша айтарлықтай қолдау көрсетті. Бұл БҰҰДБ-ның және БҰҰ жүйесінің басқа да мамандырылған мекемелерінің Семей мен Арал маңындағы зардап шеккен өңірлерді әлеуметтік-экономикалық сауықтыру жөніндегі, шалғайдағы елді мекендерді сумен жабдықтауға байланысты проблемаларды шешу, Қазақстанның қолайсыз аудандарында тұратын халықтың өсімталдық денсаулығы, ВИЧ/СПИД-ті және басқаларды қоса алғанда вирустық жұқпалы аурулардың таралуы жөніндегі үкіметаралық және донорлық жобаларды әзірлеп, жүзеге асыруға қатысуы жөнінде болып отыр.

    Ұйымның даму саласындағы жетекші мекемесі ретіндегі БҰҰДБ БҰҰ-ның Қазақстандағы «командасын» басқарады, оның бүгінгі таңда 15 ұйымы бар, олар: БҰҰДБ (БҰҰ-ның Даму бағдарламасы), ЮНИСЕФ (БҰҰ-ның Балалар қоры), ЮНФПА (БҰҰ-ның Халық өсімі жөніндегі қоры), ЕҚБ (БҰҰ-ның Есірткі мен қылмыс жөніндегі басқармасы), БҰҰ БЖКБ (БҰҰ-ның босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасы), БҰҰЕ (БҰҰ-ның Еріктілері), ЮНИФЕМ (БҰҰ-ның Әйелдерді дамыту қоры), ХЕҰ (Халықаралық еңбек ұйымы), ЮНЕСКО (БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы), ДДСҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы), ЮНИДО (БҰҰ-ның Өнеркәсіптік даму ұйымы), ДБ (Дүниежүзілік банк), ХВҚ (Халықаралық валюта қоры), БҰҰ/СПИД (БҰҰ-ның ВИЧ/СПИД жөніндегі бірлескен бағдарламасы) және ҚАДӨ (Қоғамдық ақпарат департаменті өкілдігі).

    Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің БҰҰ-мен ынтымақтастығы 2005 жылғы жазда бекітілген БҰҰ-ның дамуға көмек көрсету жөніндегі шектеулі бағдарламасы (ЮНДАФ) шеңберінде жүзеге асырылады. Бұл бағдарламаның шеңберінде ынтымақтастықтың басым үш саласы айқындалған, атап айтқанда:

    • кедейлерді қорғауға бағытталған саясатты әзірлеу;

    • барша жанның өмір сапасын жақсарту;

    • азаматтардың ұлттық дамуын демократиялық басқару әрі оларды кеңінен тарту үшін қолайлы жағдай жасау және қолдау.

    ЮНИСЕФ-пен (БҰҰ-ның Балалар қоры) – Біріккен Ұлттар жүйесінің ұйымымен ынтымақтастықт та Қазақстан Республикасының БҰҰ шеңберіндегі өзара іс-қимылының маңызды салаларының бірі болып табылады, ол балалардың аман болуын, оларды қорғауды және олардың өсіп-жетілуін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді ұзақ мерзімді келешекте шешумен айналысады.

    ЮНИСЕФ-пен ынтымақтастық 1992 жылы ЮНИСЕФ-тің денсаулық сақтау саласындағы шұғыл көмек көрсетуі бойынша басталды. Қазақстан республикасының үкіметі мен БҰҰ-ның Балалар қоры арасында 1994 жылы 25 қарашада қол қойылған ынтымақтастық туралы негізгі келісім өзара қатынастардың негізі болып табылады.

    Қазақстанның ЮНИСЕФ-пен ынтымақтастығы негізінен елдің бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Қазіргі кезде қолданылып отырған 2005–2009 жылдарға арналған бағдарлама БҰҰ-ның дамуға көмек көрсету жөніндегі шектеулі бағдарламасына (ЮНДАФ) негізделеді.

    Қазақстанның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДСҰ) ынтымақтастығы ерекше маңызды болып табылады. 1992 жылға дейін Қазақстан ДДСҰ-мен тәуелсіз ынтымақтастықты жүзеге асырған жоқ, алайда республика ДДСҰ/ЮНИСЕФ-тің 1978 жылы Алматы қаласында болған алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі конференциясының арқасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау қоғамдастығында танымал болды және бүкіл дүние жүзінде денсаулық сақтауды дамытуға жаһандық ықпал етті.

    1992 жылғы 19 тамызда Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына кіріп, осы ұйымға 180-мүше-мемлекет болды және ДДСҰ-ның еуропалық өңірі кірген 51-елге айналды.

    Ынтымақтастықта балалардың денсаулығын сақтау, медициналық қызметкерлердің әлеуетін дамыту, ВИЧ/СПИД-пен, туберкелезбен күрес, сондай-ақ қоршаған ортаның халықтың денсаулығына ықпалы мәселелеріне зор көңіл бөлінеді.

    2005 жылғы қаңтарда Женева қаласында болған ДДСҰ Атқару комитетінің 115-сессиясы барысында Леон Бернар қорының ұсынысы бойынша Атқару комитеті Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Т. Шармановқа қор сыйлығын табыс етті.

    Ынтымақтастықтың басым салаларының бірі ретінде Қазақстан әйелдердің құқықтарын қорғауға және олардың қоғамдағы экономикалық және саяси жағдайын жақсартуға арнаған инновациялық бағдарламаларға қаржылық қолдау және техникалық көмек көрсететін ЮНИФЕМ-мен (БҰҰ-ның Әйелдерді дамыту қоры) өзара іс-қимылды қарастырады. БҰҰ жүйесі шеңберінде ЮНИФЕМ әйелдердің мүдделерін білдіреді және оларды ұлттық, өңірлік және жаһандық деңгейдегі барлық аса маңызды мәселелермен байланыстырады. Қор өзінің жұмысын ел деңгейінде үйлестіреді, гендерлік проблемаларды ел бағдарламаларының негізгі бағыттарына енгізу тұрғысынан үйлестіруші-резидент жүйесіне қолдау көрсетеді.

    Қазақстанның ЮНЕСКО-мен ынтымақтастығы ойдағыдай дамып келеді. Қазақстан ЮНЕСКО-ға 1992 жылғы мамырда мүше болды. 1997 жылы республика ЮНЕСКО-ның Атқарушы кеңесінің мүшелігіне өтті. 1997 жылы Азия-Тынық мұхит өңірі елдерінен Атқарушы кеңес төрағасының орынбасары болып сайланды.

    Қазақстанның ЮНЕСКО-мен белсенді ынтымақтастығына және әлемдік мәдени кеңістікке ықпалдасуына мән бере отырып Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жанынан Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы құрылды, ол осы халықаралық ұйыммен өзара қатынастардың басым бағыттарын айқындайды.

    Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум (1995жыл) және ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өкілдігін ашу туралы Келісім шеңберінде Қазақстан мен ЮНЕСКО белсенді ынтымақтастық орнатты.

    Ынтымақтастық жылдары екі жақты қатынастарды нығайтуға жәрдемдескен бірқатар маңызды сапарлар жасалды. Мәселен, 1995 жылы ЮНЕСКО-ның Бас директоры Федерико Майор Қазақстанға келді. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 1995 жылғы қарашада ЮНЕСКО-ның Париж қаласындағы штаб-пәтерінде ресми сапармен болды. ЮНЕСКО-ның Бас директоры Коичиро Мацуура 1999 жылғы маусымда және 2001 жылғы тамызда Қазақстанға келді.

    ЮНЕСКО құзіретінің барлық салалардағы ынтымақтастықты серпінді дамыту Ұйым бас директорының 2001 жылы ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы өкілдігіне Орталық Азиядағы өңірлік өкілдік мәртебесін беру жөнінде шешім қабылдауына септігін тигізді. Өз кезегінде, Қазақстан ЮНЕСКО-ның Париж қаласындағы Қазақстан Республикасы Тұрақты Өкілдігінің мәртебесін дербес дипломатиялық миссия деңгейіне дейін көтерді.

    БҰҰ-2002 Мәдени мұра жылы шеңберінде Қазақстанда мүдделі ұйымдар мен БАҚ-тың қатысуымен түрлі іс-шаралар жүргізілді. Қазақстан ЮНЕСКО-ның бейматериалдық мәдени мұраны қорғау туралы Халықаралық конвенцияны әзірлеу және қабылдау жөніндегі бастамасын қолдайды және Қазақстанның мәдени құндылықтарға меншік құқығын заңсыз әкелуге, әкетуге және беруге тыйым салуға және олардың алдын алуға бағытталған шаралар туралы Конвенцияға Қазақстан Республикасының қосылуы мәселесін пысықтауда.

    2001 жылы ЮНЕСКО Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған «мәдени және табиғи мұра нысандарының алдын ала тізбесін» бекітті. Онда 10 атау қамтылған. Олардың арасында ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұрасының тізіміне енгізіліп қойған Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің құжат-номинациясы және Таңбалы археологиялық ландшафт петроглифтері бар. Аталмыш тізімге Қазақстанның Қорғалжын және Наурызым қорықтарында дала және өзеннің бірегей табиғи ландшафтын енгізу жөніндегі жұмыс жалғастырылуда.

    Ежелгі Отырар қаласының орнын сақтау және қалпына келтіру жөніндегі ЮНЕСКО/Жапония және Таңбалы шатқалының петроглифтерін зерделеу, консервациялау және таныстыру жөніндегі мұрасын келешек ұрпақтар үшін сақтауға және әлемдік қоғамдастыққа таныстыру тұрғысынан зор маңызы бар.

    ЮНЕСКО-ның атаулы және мерекелік күндерінің күнтізбесіне кірген іс-шаралардың арасында мыналар бар: Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл, Мұхтар Әуезовтің 100 жылдығы, Түркістан қаласының негізі қаланғанына 1500 жыл, Мұхаммед Хайдар Дулатидің 500 жылдығы, Сәбит Мұқанов пен Қаныш Сәтбаевтың туғанына 100 жыл толуы. 2002–2003 жылдары ЮНЕСКО-ның қатысуымен Тараз қаласының 2000 жылдығы, Махамбет Өтемісовтің 200 жылдығы және Ғабит Мүсіреповтің 100 жылдығы атап өтілді. 2003 жылы ЮНЕСКО күнтізбесіне 2004–2005 жылдарға арналып Әлкей Марғұланның туғанына 100 жыл толуы мен Әбілхан Қастеевтің туғанына 100 жыл толуы енгізілді. ЮНЕСКО-ның композитор Ахмет Жұбановтың және ғалым Ақжан Машанидің 100 жылдық мерейтойларын ЮНЕСКО-ның 2006–2007 жылдарға арналған естелік күндері мен оқиғалардың Күнтізбесіне енгізу туралы шешімі (33С/63 қарары) Қазақстанның әлемдік мәдениетке қосқан үлесін ресми түрде тану болды.

    ЮНЕСКО-ның тарихи және мәдени мұраны таныстыруы үшін ең жаңа ақпараттық технология пайдаланылуда. Ұлттық кітапхана мен Орталық мемлекеттік мұражай жүзеге асыратын «HeritageNet» жобасы осы саладағы жемісті ынтымақтастықтың үлгісі болып табылады.

    Білім берудің ұлттық жүйелерін жаңарту мен нығайтуға қолдау көрсету ЮНЕСКО-мен оқу-білім саласындағы ынтымақтастықта бұрынғысынша басым бағыт болып қала береді.

    «Білім барша үшін» (ББҮ) бағдарламасы шеңберінде ынтымақтастықтың елеулі келешегі ашылып отыр, ол Қазақстандағы және Орталық Азиядағы білім берудің жалғасып келе жатқан реформаларын бағалауға мүмкіндік береді. 2003 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі ББҮ бойынша Ұлттық іс-қимылдар жоспарын бекітті.

    Мемлекеттік және қоғамдық құрылымдармен іс-қимылда ЮНЕСКО-ның «Арнайы мұқтаждығы бар балаларға базалық білім беруге жәрдемдесу» жобасы шеңберінде арнайы білім беру бағдарламаларын қолдау жөнінде белсенді жұмыс жүргізілуде.

    ЮНЕСКО-мен ғылым саласында ынтымақтастық ғаламдық үш бағдарлама — «Адам және биосфера», «Халықаралық гидрологиялық бағдарлама» және «Халықаралық геологиялық арақатынастылық бағдарламасы» тұрғысынан жұмыс істейтін ұлттық үш ғылыми комитет желісі бойынша жүзеге асырылады. 2005 жылы Қазақстан ЮНЕСКО-ның Халықаралық мұхитты графикалау комиссиясына кірді. Бас конференцияның 33-сессиясы барысында Қазақстан 2005–2009 жылдардағы кезеңге арналған халықаралық гидрологиялық бағдарламаның Үкіметаралық кеңесіне және 2005–2007 жылдарға арналған Үкіметаралық биоэтика жөніндегі комитетке сайланды.

    Қазақстан ЮНЕСКО-ның Орталық Азия өңірімен Ұйым қызметінің барлық бағыттары бойынша ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған бастамаларын толық қолдайды. Қазақстан мен ЮНЕСКО-ның ынтымақтастығы – өзара тиімді үрдіс, соның арқасында республика әлемнің XXI ғасырдағы жаһандық дамуына барған сайын таныла түсуге ықпал ететіндей үлес қосып келеді.

    Қазақстан және еуропалық ықпалдастық құрылымдары

    Еуропалық Одақ, Еуропа Кеңесі, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым, Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымы, Қазақстан Республикасының еуропалық ықпалдастық институттарымен ынтымақтастығында неғұрлым маңызды орын алады.

    Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ (ЕО) арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 жылғы 2 ақпанда орнады.

    Еуропалық Одақпен қатынастардың көкейтестілігі оның аса ірі саяси-экономикалық бірлестік ретіндегі әлемдік аренада ойдағыдай дамуы тәжірибесімен айқындалады. Өңірде бірыңғай еуропалық экономикалық және валюталық кеңістік құру, Еуроодақты кеңейту, ЕО әзірлейтін әлемдік экономикада озық шепке шығу жөніндегі стратегия, қорғаныс пен қауіпсіздіктің ортақ жүйесін жасақтау, ықпалдасу мен жаһандану үрдістерінің құрамдас бөліктері болып табылады және Қазақстанның Еуроодақпен өзара толық ауқымды ықпалдастығының басымдығын айқындайды.

    1997 жылы еуропалық энергетикалық хартия жөніндегі базистік шарт күшіне енді.

    Еуропалық Одақ – тең құқықты және тәуелсіз мемлекеттер бірлестігі екенін ескере отырып, Қазақстан ынтымақтастықтың екі деңгейлі жүйесін құрады: жалпы алғанда одақпен және екі жақты қатынастар желісі бойынша ынтымақтастық.

    Қазақстан Республикасы мен ЕО арасындағы саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық 1995 жылғы 23 қаңтарда Брюссельде қол қойылған және 1999 жылғы 1 шілдеде күшіне енгізілген Әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім (ӘЫК) шеңберінде жүзеге асырылады. Келісім негізінде сауда, инвестиция, жалпы экономикалық қатынастар жөніндегі, сондай-ақ энергетика, көлік, экология және қаржы салаларындағы ынтымақтастық жөніндегі тиісті пікір алысуларды жолға қою мүмкін болды.

    ЕО-ға 2004 жылғы 1 мамырдан бастап жаңадан 10 мүше-елдің (Венгрия, Кипр, Латвия, Литва, Мальта, Польша, Словакия, Словения, Чехия және Эстония) кіруін ескере отырып, 2004 жылғы 30 сәуірде Брюссель қаласында Қазақстан Республикасы мен ЕО арасындағы Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге тіркелген Хаттамаға қол қойылды, бұл Хаттама Келісімнің күшін кеңейтілген Еуроодақтың шарттарына қолдануға бейімдеді. 2005 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев осы Хаттаманы бекіту туралы Заңға қол қойды.

    Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауында Еуропалық Одақ Қазақстанның стратегиялық әріптестерімен – Ресеймен, Америка Құрама Штаттарымен және Қытаймен бір қатарға тұңғыш рет қойылды.

    Қазақстан ЕО-ның Орталық Азиядағы аса ірі сауда және инвестициялық әріптесі болып табылады. Еуроодақ елдерінің (ЕО-25) сауда айналымындағы үлесі Қазақстан Республикасының сыртқы саудадағы жалпы көлемінің орта есеппен 34–35% құрайды. Ынтымақтастық жылдары бойына ЕО Қазақстан экономикасына 10 млрд. АҚШ долларынан астам инвестиция құйды.

    Қазақстанның өңірдегі старатегиялық рөлі республикада ЕО-ның қазақстандық қоғамды одан әрі демократияландыру және нарықтық экономика құру мәселелерін қозғайтын ТАСИС (ЕО тарабынан техникалық және кеңес беру көмегін көрсету) сияқты түрлі бағдарламаларын белсенді түрде іске асыруға жәрдемдеседі.

    ТАСИС-тің 1993–2005 жылдардағы бағдарламасы бойынша түрлі салалардағы жобаларды жүзеге асыру үшін Қазақстан 200 миллионға жуық еуро көлемінде тегін көмек алды.

    2007 жылы ТАСИС-ті неғұрлым қуатты және икемді «Дамуға және экономикалық ынтымақтастыққа жәрдемдесу құралы» (ДЭЫЖҚ) ауыстырды.

    ЕО-мен Қазақстан Республикасының транзиттік-көлік әлеуетін: ТРАСЕКА («Еуропа-Кавказ-Азия» көлік дәлізі) және ИНОГЕЙТ (Орталық Азия өңірінен Еуропаға көмірсутекті шикізат тасымалдаудың қазіргі жүйесін әртараптандыру) іске асыруға бағытталған мемлекетаралық жобалар шеңберіндегі өзара іс-қимылының Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар.

    Ынтымақтастықты жандандыру және Қазақстанмен, Орталық Азия өңірінің басқа да мемлекеттерімен көп ауқымды пікір алысуды күшейту мақсатында 2005 жылғы 28 шілдеде ЕО Кеңесі Орталық Азия елдері жөніндегі арнаулы өкіл лауазымын белгілеп, бұл лауазымға ЕҚЫҰ-ның бұрынғы хатшысы Ян Кубишті тағайындады.

    Еуропа Кеңесі (ЕК) мен Еуропа Кеңесінің Парламенттік ассамблеясы (ЕКПА) Еуропа континентіндегі демократиялық қауіпсіздіктің түйінді институттарының бірі ретінде қаралады.

    ЕКПА Еуропадағы демократиялық құндылықтарды дамыту үшін жауапты беделді еуропалық органдардың бірі болып табылатынын ескере отырып, демократиялық және азаматтық қоғам нормаларын сақтаушы мемлекет ретіндегі Қазақстанның беделін нығайту тұрғысынан онымен ынтымақтасу маңызды болып табылады. ТМД мемлекеттерінің ЕКПА-ға мүшелікке және онымен ынтымақтастыққа көңіл бөліп отырғаны (Ресей, Молдова, Украина, Грузия, Армения, Әзірбайжан) осы ұйымның жоғары саяси беделін айғақтайды.

    Қазақстан Республикасы мен Еуропа кеңесінің ынтымақтастығы қазіргі кезде негізінен Қазақстан Республикасы Парламентінің ЕК Парламенттік ассамблеясымен (ЕКПА) өзара қатынастармен шектеліп отыр. Бұл қатынастар 2004 жылғы 28 сәуірде қол қойылған Ынтымақтастық туралы келісімге негізделген. Алайда Қазақстан парламентінің делегациясы ЕКПА-ның сессияларына 2003 жылдан бастап қатысып келеді.

    Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ).

    1975 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық кеңесі (ЕҚЫК) – Шығыс пен Батыс арасындағы пікір алысуды жолға қою үшін көп жақты форум құрылды.

    1994 жылы Будапешт қаласында Кеңесті ұйым деп қайта атау туралы шешім қабылданды, мұның өзі ЕҚЫҰ кеңістігінде «қырғи-қабақ соғыстың» аяқталуымен сипатталатын жаңа геосаяси жағдайда қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздік пен тұрақтылық талаптарына жауабы болды және ұйымның жұмысына қосымша саяси серпіліс берді.

    ЕҚЫҰ бүгінгі таңда қауіпсіздік және жанжалдарды болдырмау мәселелерімен айналысушы қазіргі өңірлік ұйымдардың ішіндегі ең ірі ұйым деп заңды түрде есептеледі. ЕҚЫҰ-ға Еуропа континентінің, Кавказ сыртындағы, Орта Азияның және Солтүстік Американың елдері кіреді. Ұйым Жерорта теңізі мен Азия мемлекеттерінің қатарынан өз әріптестерімен тығыз ынтымақтасып отыр. Сөйтіп ЕҚЫҰ Ванкуверден Владивостокқа дейінгі географиялық кеңістіктегі еуроатлантикалық және еуроазиялық қоғамдастықты біріктіреді.

    ЕҚЫҰ-ның негізгі принципі – ЕҚЫҰ қызметінің негізгі үш өлшемінің, әскери-саяси, экономикалық-экологиялық және гуманитарлық себеттердің өзара тығыз байланысын қамтамасыз ететін қауіпсіздікке кең ауқымды және жан-жақты көзқарас. Адамның іргелі құқықтары мен бостандықтарын қорғау, экономика және қоршаған ортаны сақтау саласындағы ынтымақтастық бейбітшілік пен тұрақтылықтың аса маңызды құрамдас бөлігі ретінде қаралады.

    Бүгінгі таңда ЕҚЫҰ жанжалдардың ертерек алдын алудың және оларды реттеудің, сондай-ақ еуразиялық кеңістікте жанжалдан кейінгі сауықтырудың басты құралы ретінде әрекет ететін бірегей және бірден-бір жалпы еуропалық ұйым болып табылады.

    Қазақстан ЕҚЫҰ-ға 1992 жылғы қаңтарда қатысушы болды. Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға мүше болғандағы біздің басты мүддеміз де еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету еді. Құрамында 55 мемлекет бар осы беделді халықаралық ұйымның 1994 жылдың желтоқсанында Венгрия астанасы Будапештте өткен саммитінде біздің Елбасы сөз сөйлеп, Еуропа және Азия елдерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы өз ойларын ортаға салды. Дәл осы басқосуда Қазақстан үшін тарихи шешім қабылданды.

    1994 жылдың 6 желтоқсанында Будапешт қаласында 55 мемлекет басшысы қатынасқан саммитте АҚШ Президенті Билл Клинтон, Ресей Президенті Борис Ельцин, Ұлыбритания Премьер-министрі Джон Мэйджер, Украина Президенті Леонид Кучма және Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ядролық қарудан қауіпсіздігіне кепілдік келісіміне қол қойды.

    1998 жылғы желтоқсанда Қазақстан Республикасының үкіметі, ЕҚЫҰ және Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюро (ДИАҚБ/ЕҚЫҰ) арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды, Алматы қаласында ЕҚЫҰ-ның орталығы ашылды.

    ЕҚЫҰ-ның қатысуымен Қазақстанда адам құқықтары жөніндегі уәкілетті институтты, сайлау заңнамасын жетілдіру, сот жүйесін реформалау, адам саудасы, нашақорлыққа, лаңкестікті қаржыландыруға, қылмысты жолмен табылған табыстың жылыстауына қарсы әрекет ету, БАҚ тәуелсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жобалар іске асырылуда.

    2003 жылы Қазақстан ЕҚЫҰ-ға 2009 жылы төраға қызметіне өзінің кандидатурасын тұңғыш рет ұсынды.

    2005 жылғы 26 тамызда Қазан қаласында ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету жөніндегі бастамасын қолдау туралы шешімі қабылданды.

    2010 жылдан бастап біздің ел ЕҚЫҰ-ны басқару абыройына ие болды.

    Астана саммиті. Қазақстанда 1–2 желтоқсанда соңғы 11 жылдың ішінде алғаш рет өткен ЕҚЫҰ саммитінің қатысушылар Еуропа континентіндегі қауіпсіздік, ЕҚҚКК мәселелерін, сондай-ақ Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі ұйымдастыру мақсаттары мен міндеттерін талқылады.

    Астанаға бұл ұйымның 56 мүше мемлекеттері, ЕҚЫҰ «ынтымақтастық жөніндегі әріптестер» — 12 ел басшыларының өкілдері, атап айтқанда Ресей президенті Д. Медведьев, Германия канцлері Ангела Меркель, Италия премьер-министрі Сильвио Берлускони, Ауғаныстан президенті Хамид Карзай, сондай-ақ бірнеше ондық халықаралық ұйымдардың өкілдері, оның ішінде БҰҰ, ЕО, НАТО, ЕК, ТМД, ҰҚКҰ бар.

    Астанадағы кездесу – Орталық Азияның жүрегінде – Еуропаның географиялық шектерінен тыс өткізіліп жатқан алғашқы саммит.

    Солтүстік Атлантика шарты ұйымымен (НАТО) өзара қатынастарды тереңдету Қазақстанның сыртқы саяси қызметінде басты орын алады. Бұл ынтымақтастықтың көкейтестілігі, ең алдымен, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін реформалауды қоса алғанда, Ұлттық қауіпсіздікті қолдау жөніндегі басым сипаттағы бірқатар міндеттерді шешумен, сондай-ақ қазіргі заманның жаңа талаптарға – халықаралық лаңкестікке, есірткі трафигіне т. б. қарсы әрекет ету жөніндегі үйлестірілген кешенді шараларды жүзеге асыру қажеттігіне байланысты туындап отыр.

    Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тәжірибе алмасуы, альянспен әріптестік шеңберінде жүзеге асырылатын офицерлер құрамын оқыту, бірлескен жаттығулар, семинарлар мен конференциялар өткізу Қазақстан Республикасы қорғаныс күштерінің кәсібилігін арттыруға, даярлықтың жалпы деңгейіне, сондай-ақ қорғанысты жоспарлауды жетілдіруге және оларды жалпы жұрт қабылдаған халықаралық стандарттарға келтіруге жәрдемдеседі.

    Қазақстанның 1992 жылы Солтүстік Атлантика ынтымақтастық кеңесіне (бұл кеңес кейін Еуроатлантикалық әріптестік кеңесі (ЕАӘК) болып қайта құрылды) кіруі Қазақстанның НАТО-ға мүше-елдермен және Еуразия кеңістігі елдерімен халықаралық қауіпсіздіктің неғұрлым көкейтесті мәселелері бойынша жемісті пікір алысуына мүмкіндік береді. НАТО-мен саяси пікір алысуды және әскери ынтымақтастықты кеңейту мақсатымен 1994 жылы Қазақстан «Бейбітшілік үшін әріптестік» (БҮӘ) бағдарламасына қосылды. Қазақстанның БҮӘ-ге қатысуы азаматтық төтенше жоспарлауды, дағдарысқа қарсы реттеуді, қарулы күштер мен қарулы құрылымдарды демократиялық бақылауды, қорғаныс саясаты мен стратегиясын, әскери жаттығулар мен әскери білім беруді т. б. қоса алғанда, НАТО-мен өзара іс-қимылдың кең ауқымын қамтиды.

    Қазақстан Республикасының НАТО-мен Жеке әріптестік бағдарламасын іске асыру шеңберінде жүзеге асырылатын іс-шаралардың саны жыл сайын көбейіп келеді (2000 жылы 100-ден астам бірлескен іс-шаралар жүргізілді).

    2005 жылы Қазақстан Солтүстік Атлантика альянсымен ынтымақтастық пішінін кеңейту, оны жаңа деңгейге – Жеке әріптестіктің іс-қимыл жоспары (ЖӘІЖ) пішініне шығару жөніндегі нақты шараларды іске асыруға кірісті. Көп жақты деңгейде де, екі жақты пішінде де кеңес беру мен келіссөздер сериясы аяқталғаннан кейін Қазақстанның НАТО-мен ЖӘІЖ-сі біржолата келісіліп, 2006 жылы 31 қаңтарда қабылданды. ЖӘІЖ-де ғылым, төтенше азаматтық жоспарлау, лаңкестікке қарсы күрес саласындағы жедел үйлестікті, ынтымақтастықты арттыру мақсатымен өзара іс-қимылдың нақты қырларына баса ден қойылды.

    Қазақстан парламентарийлерінің НАТО-ның Парламенттік ассамблеясының (НАТО ПА) сессиялық отырыстарының жұмысына тұрақты түрде қатысуы Альянспен үнқатысуды нығайту үрдісінің екінші бір маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. 2004 жылғы қарашада ҚР Парламентінің екі палатасы төрағаларының тиісті өтінішінен кейін НАТО Қазақстанның Жоғары заң шығарушы органына ПА-дағы бақылаушы мәртебесін беру туралы шешім қабылдады.

    Қазақстан және Азия өңірлік құрылымдары.

    Әлемде болып жатқан халықаралық экономиканың жаһандануы, сауда-экономикалық ықпалдастықтың кеңейтілуі және капиталдың, тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, жұмыс күшінің, технологиялардың және ақпараттың бірыңғай нарығы қалыптасуының серпінді үрдістері Қазақстанның өңір аралық ынтымақтастықтың көп атқарымды құрылымының қызметіне белсенді және сындарлы түрде қатысуға ұмтылысын айқындайды.

    1995 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ислам Конференциясы Ұйымына (ИКҰ) толық құқықты мүше ретінде кіруі елдің сыртқы саяси өміріндегі елеулі оқиға болды.

    Қазақстан Республикасының БҰҰ мүшелерінің үштен бірін құрайтын бүкіл араб және түркі тілдес елдерді қоса алғанда, 57 мұсылман мемлекетін біріктіретін осы халықаралық ұйымға мүшелігін рәсімдеу Қазақстанның мұсылман қоғамдастығына ықпалдасуы мақсатын көздеді. Бұл орайда ИКҰ-ның саяси-экономикалық және қаржылық-инвестициялық әлеуеті ескерілді. ИКҰ Жарғысында баянды етілген мақсаттар мен міндеттер БҰҰ-ның және халықаралық құқықтың принциптеріне сай келеді. Ұйым теңгерімділігімен, ұстамдылығымен және өз саясатының бекемдігімен әлемдік қоғамдастық тарабынан өзіне құрметпен қарауға лайық.

    Бұл ұйым мұсылман елдерінің қазіргі заманғы халықаралық қатынастар жүйесінде дербес күш ретінде орнығуы жөніндегі байсалды әрекетін паш етуде. Мұсылман әлемінің де, Батыс әлемінің де қоғамдық санасына мұсылмандық ынтымақтың принципі елеулі насихаттық нәтиже көрсетіп отыр. ИКҰ-ға қатысу көптеген мұсылман мемлекеттерінің өздерінің нақты экономикалық, ішкі саяси және сыртқы саяси міндеттерін шешуіне мүмкіндік береді.

    Ислам әлемімен өзара белсенді іс-қимыл Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Өз тарабынан Ислам әлемі Қазақстанды мұсылман қоғамдастығының ажырағысыз бөлігі ретінде қарайды.

    Қазақстанның ИКҰ жұмысына қатысуы және республиканың мұсылман қоғамдастығындағы оң беделі өз кезегінде Ислам әлемінің жетекші елдерімен: Түркиямен, Сауд Арабиясымен, Иранмен, Пәкістанмен, Малайзиямен, Индонезиямен, Египетпен, Парсы шығанағы елдерімен екі жақты қатынастарды одан әрі нығайту үшін алғышарт болып табылады.

    ИКҰ-ға мүшелік Қазақстан Республикасының халықаралық өмірдің Таяу Шығыстағы жағдай, Ирак төңірегіндегі ахуал, Ауғанстанды жанжалдан кейінгі қалпына келтіру мәселелері, лаңкестікпен, экстремизммен және есірткі заттардың заңсыз айналымымен күрес сияқты түйінді мәселелер бойынша ұстанымын салғастыруға мүмкіндік береді.

    Қазақстанның Ислам даму банкімен (ИДБ) ынтымақтастығы айтарлықтай артықшылық береді. ИДБ және араб қорлары желісі бойынша қаржылық көмек – мұсылман елдерінің республика экономикасына қосқан маңызды үлесі және шетелдік қаржылық көмектің неғұрлым елеулі буындарының бірі болып табылады.

    Қазақстан дипломатиясының күш-жігері арқасында мынадай келісімдерге қол қойылды:

    · Қарағанды – Астана автомобиль жолын 20 миллион АҚШ доллары көлемінде қайта құру жобасын банктің қаржыландыруы туралы келісім;

    · Қазақстанның жеке меншік секторды дамыту жөніндегі Ислам корпорациясына кіруі туралы келісім. Бұл құжат республикада екінші қолдау үшін жеңілдікті несие алуға мүмкіндік береді.

    Сауд даму қоры (СДҚ), Кувейт араб экономикалық даму қоры (КАЭДҚ) т. б. сияқты ИКҰ-ға мүше елдердің түрлі инвестициялық қорларымен ынтымақтастықты нығайту Қазақстанның ұлттық экономикаға инвестиция тарту жөніндегі қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

    ИКҰ шеңберінде сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жұмыс Қазақстанның Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комитет (СОМСЕС), Ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комитет (СОМSTECH), Ақпарат және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комитет (`COMIAC), Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ислам ұйымы (ISESCO) сияқты ИКҰ-ның мамандандырылған құрылымдарына қатысуы арқылы жүргізілуде.

    Қазақстанның ИКҰ-дағы қызметінің саяси қырларына қатысты ұйым шеңберіндегі белсенділіктің неғұрлым жоғары дәрежеге шығуы қажет екенін атап көрсеткен жөн, өз кезегінде республиканың ИКҰ форумдарында қабылданатын қарарлары бойынша өзіне міндеттемелер алуы мүмкіндіктерімен мұқият саралануға тиіс.

    Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2000 жылғы қарашада Доха қаласында болған ИКҰ саммитінің жұмысына қатысуы маңызды сыртқы саяси оқиға ретінде қаралды.

    2005 жылғы 7–8 желтоқсанда Мекке қаласында ИКҰ-ның 3-Төтенше саммиті болды, оның барысында «ИКҰ іс-қимылдарының 10 жылдық бағдарламасы» қабылданды. Бұл саммит Ислам әлемінің қазіргі заманғы талаптар мен қатерлерге қарсы тұру жөнінде бірлескен тиімді шешімдер қабылдауына жәрдемдесті.

    Жалпы алғанда Қазақстанның ИКҰ-мен ынтымақтастығы жеткілікті дәрежеде ойдағыдай дамып келеді. Қазақстан соңғы жылдары ИКҰ-ның іс жүзінде барлық іс-шараларына, соның ішінде сыртқы істер министрлерінің, туризм министрлерінің саммиттеріне, конференцияларына, ИСЕСКО-ның ұлттық комиссияларының бас хатшыларының кеңестеріне, Ислам елдерінің жеке меншік секторлары өкілдерінің кеңестеріне өкіл болды.

    Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы (АТЭЫ) форум, Азия-Еуропа саммиті (АСЕМ), Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің қауымдастығы (АСЕАН), АСЕАН-ның қауіпсіздік жөніндегі өңірлік форумы (АӨФ) және басқалар сияқты өңірлік құрылымдардың қызметіне қосылу Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің бүгінгі таңдағы басым бағыттарының бірі болып табылады, олар өзара тиімді экономикалық ынтымақтастыққа және өңірдегі қауіпсіздік проблемаларын шешуге нақты жәрдемдесіп отыр.

    Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің Қауымдастығы қызметінің 1998 жылғы қарашада АСЕАН-ның 6-саммитінде қабылданған Ханой іс-қимылдар жоспарын іске асыру Қазақстанның мүдделеріне сай келеді.

    Азиядағы өзара -іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыру идеясының бастамашысы және ұйымдастырушысы ретінде әрекет ете отырып Қазақстан АСЕАН өңірлік форумымен қауіпсіздік жөніндегі байланыстарды жолға қоюға мүдделі. Бұл форумның негізгі мақсаты Азия-Тынық мұхит өңіріндегі әскери жанжалдарға жол бермеу және болжап білуге мүмкіндік тудыратын, сындарлы мемлекетаралық қатынастарды орнықтыру жөніндегі тетікті жасауда болып отыр. АӨФ-ті дамыту үрдісі үш кезеңнен тұрады, олар: сенім шараларын әзірлеп, ілгері жылжыту; алдын ала дипломатияның тетіктерін дамыту; жанжалдарды реттеу.

    Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүшелік Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бағыты болып табылады, оның қатарына республика 1992 жылғы қарашада кірді.

    Қазіргі кезде ұйымның құрамына Әзірбайжан, Ауғанстан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан мүшелікке өтті.

    ЭЫҰ өңірдің экономикалық дамуы үшін қолайлы жағдай жасау, мүше-елдердің ішкі реттеушілік экономикалық өзара іс-қимылды және дамудың түрлі қырлары бойынша өзара көмекті жолға қою жолымен шаруашылық қатынастардың әлемдік жүйесіне кіруі үшін қолайлы жағдай жасау мақсатын көздейді.

    Қазақстан Республикасының өкілдері ЭҰЫ-ның түрлі деңгейлердегі іс-шараларына тұрақты түрде қатысып келеді. Көлік және коммуникация, сауда-экономикалық қатынастарды дамыту, энергетика Қазақстан Республикасының ЭҰЫ-мен ынтымақтастығындағы басым бағыттары болып табылады. Қазақстан өңірдің транзиттік-көлік мүмкіндіктерін дамытуға – өздерінің шикізат ресурстарын экспорттаудың басты құрамдас бөлігі ретінде бірінші дәрежелі мән береді.

    1993 жылғы қазанда Алматы қаласында ЭЫҰ-ға мүше елдердің көлік және коммуникация министрлерінің 1-кеңесі барысында ЭЫҰ өңірінің көлік инфрақұрылымын дамытудың Алматы негізгі жоспары қабылданды, оны іске асырудың нәтижесінде өңір автомобиль жолдарымен және теміржолдармен, әуе желілерімен және осы заманғы телекоммуникацияларымен өзара байланыста болады.

    1995 жылы Парсы шығанағы жағалауындағы Оңтүстік Иран порттарын елдің солтүстік бөлігімен бірыңғай теміржол торабы арқылы жалғастырған жол құрылысы аяқталды. 1997 жылы Мешхед-Серахс-Теджент учаскесіндегі Трансазия магистраль теміржолдары түйісті. Ол 700 километрлік Бафа-Бандар-Аббас теміржолымен жалғастырды. Соның нәтижесінде Қытайдың Шығыс жағалауындағы Ляньюньган теңіз порты теміржол арқылы Парсы шығанағындағы Иранның Бандар-Аббас портымен Үрімші, Алматы, Ташкент және Тегеран арқылы жалғасты, сөйтіп Қазақстанның, бір жағынан, Стамбұл арқылы Еуропаға шығуына жол ашты, екінші жағынан, жүктер тасымалдау мерзімін 25–30%-ға қысқартуды қамтамасыз етті.

    1998 жылғы наурызда Ашхабад қаласында Көлік және коммуникация министрлерінің 2-кездесуі барысында көлік және коммуникация саласындағы 10 жылға арналған (1998–2007 жылдар) іс-қимылдар бағдарламасы қабылданды.

    Өңірдің бірқатар мемлекеттерін байланыстыратын Ұлы Жібек жолы бойынша көлік магистралын дамыту үшін 1995 жылғы мамырда Серахс (Түрікменстан) – Серахс (Иран) шекаралық теміржол өткелінде жүк қозғалысы ашылды, бұдан кейін туристер мен кәсіпкерлерді тарту үшін Трансазия теміржол магистралы бойынша халықаралық жолаушылар қозғалысы да ашылды.

    ЭЫҰ-ға мүше елдердің теміржол басшыларының 4-кеңесінде (1999 жылғы қазан, Лахор, Пәкістан) қабылданған Алматы-Ташкент-Түрікменабад-Тегеран-Стамбұл бағыты бойынша халықаралық жолаушылар қатынасын ашу жөніндегі іс-қимылдар жоспарына сәйкес 2002 жылғы 14 наурыздан 21 наурызға дейінгі кезеңде осы бағыт бойынша пойыздың алғашқы пилоттық (техникалық) сапары жүзеге асырылды.

    Қазақстан аса ірі өңірлік жобаның еуропалық теміржол табанымен тартылатын Трансқазақстан теміржол құрылысының бастамашысы болып табылады, ол Қазақстан, Түрікменстан, Иран, Түркия аумағы арқылы және одан әрі Еуропаға өтеді.

    Автомобиль көлігі саласындағы өңірлік ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қазақстан ЭЫҰ-ға мүше елдердің бәрімен халықаралық автомобиль жолаушылар тасымалы жөнінде екі жақты келісімдер жасасты.

    Қазақстан сондай-ақ ЭЫҰ елдерімен ынтымақтастық шеңберінде әуе қатынасын дамыту жөнінде тиісті жұмыс жүргізуде. Республика ұйымға мүше елдердің бәрімен әуе қатынасы туралы мемлекетаралық келісімдер жасасты. Коммуникациялар саласындағы ынтымақтастық, атап айтқанда Трансазия-Еуропа оптикалық-талшықты кабельдік жүйе (ТАЕФОС) ерекше назар аударуға лайық.

    ЭЫҰ-ның Сауда және даму банкін тезірек құру өңірлік сауданы ұлғайтудың маңызды элементі болуға тиіс, ол түрлі өңірлік жобаларды қаржыландыратын болады. Экономикалық зерттеулер және статистикалық орталығын құру да ЭЫҰ шеңберіндегі экономикалық ынтымақтастықты дамытуға және ақпаратты жүйелі түрде әрі оралымды алмасуға жәрдемдесуге тиіс. Айтарлықтай мұнай және және газ қорлары бар Қазақстан үшін оларды халықаралық нарыққа тасымалдау, болашақ экспорттық құбыр желілерінің оңтайлы бағыттарын айқындау проблемасының зор маңызы бар.

    Қазақстанның ЭЫҰ шеңберіндегі қызметі республиканың қазіргі заманғы ырықты нарықтық экономикаға жеткізетін жолмен ілгері жылжуына жәрдемдеседі. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасы ЭЫҰ шеңберінде мүше елдердің өзара іс-қимылын қарқындандыру тұрғысынан тұрақты әрекет етеді.

    Қазақстанның әлемдік экономикалық байланыстар жүйесінен орын алуы

    Мемлекеттілікті орнатудың алғашқы кезеңінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев тұжырымдаған Қазақстанның сыртқы саясатын «экономикаландыру» міндеті ерекше өзекті сипатқа ие болды. Дипломаттардың алдына негізгі күш-жігерді Қазақстан экономикасының дамуына барынша жәрдемдесуге, ең алдымен, банкроттық шегінде тұрған кәсіпорындардың қызметін қалпына келтіру, жаңа жұмыс орындарын құру, ең жаңа технологияларды енгізу үшін қажетті шетелдік инвестицияларды тартуға шоғырландыру міндеті қойылды.

    Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын «экономикаландыру» жөніндегі нұсқауларын басшылыққа ала отырып, Сыртқы істер министрлігі инвестициялық саясатты түзету жөнінде бірқатар шаралар қолдана білді және осы бағыттағы бұдан былайғы іс-қимылдарға айқындық енгізе алды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің – ЕҚДБ, Дойче Банк, АБН-Амро, Шелл, Мобил, Эни, Тоталь, ЛукОйл т. б. сиқты жетекші шетелдік банктермен және инвестор компанияларымен ашық пікір алысуға мүмкіндік беретін аса маңызды кеңес беру, кеңесу органының жұмысы жандандырылды.

    2000–2002 жылдары Алматыда тек Қазақстан үшін ғана емес, сонымен бірге бүкіл Орта Азия үшін бұрын-соңды болып көрмеген оқиғалар – ДЭФ-ның қамқорлығымен бірінші және екінші еуроазиялық экономикалық саммиттер өтті.

    Әлемде болып жатқан ықпалдасу үрдістерінің нәтижесінде ел бірте-бірте Еуропаның Азиямен арадағы өңірлік көлік «көпіріне» айналды. Қазақстанның транзиттік-көліктік әлеуетін дамытудың көкейтестілігі республиканың ұлттық мүдделерін іске асыру, саяси және экономикалық өзіндік артықшылықтарын одан әрі еселей түсу қажеттілігінен туындады.

    Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда транзиттік әлеует жасақталды, оның негізін бірқатар көлік бағыттары құрайды. Бұл орайда республика маңызды екі стратегиялық міндетті шешті, олар: Қазақстанның әлемдік теңіз порттарына шығуы және теміржол, автомобиль және әуе көлігінің негізгі үш бағыт: Ресей, Еуропа мен Балтық елдері: Қытай, Жапония, Оңтүстік Шығыс Азия елдері; Оңтүстік Азия, Кавказ елдері, Иран және Түркия бойынша транзиттік қатынас.

    1993 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан темір жолдары Теміржолдар ынтымақтастығы ұйымының (ТЖЫҰ) құрамына кірді. Беделді Ұйымға қатысу елдің халықаралық көлік нарығына шығуын қамтамасыз етті.

    1994 жылғы 31 қаңтарда Қазақстан БҰҰ-ның Еуропалық экономикалық комиссиясына (БҰҰ ЕЭК) мүше болды. БҰҰ ЕЭК-мен ынтымақтастық шеңберінде Қазақстан кейбір халықаралық шарттарға қосылды, олардың арасында БҰҰ-ның жол қозғалысы туралы конвенциясын (1968 жыл), жол көрсеткіш таңбалары мен белгі берулер (сигнал) туралы конвенцияны (1968 жыл), Халықаралық автокүрежолдар туралы еуропалық келісімді (ХАК; 1975 жыл) атап айтуға болады.

    2004 жылғы сәуірден Қазақстан «Азия күре жол желісі туралы» үкіметаралық шартқа қатысады, мұның өзі халықаралық көлік жүйесіне толығырақ ықпалдасуға мүмкіндік берді.

    1998 жылғы 26 наурызда Қазақстан СПЕКА (теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ дамушы елдер мен дамушы транзит елдер, донор-елдер министрлерінің, қаржыландыру және даму мәселелерімен айналысатын халықаралық мекемелер өкілдерінің транзиттік тасымал саласындағы ынтымақтастық туралы мәселе жөніндегі халықаралық конференциясы) туралы декларацияға қосылды. Қазақстан Республикасы аталмыш Келісімге қатысуы шеңберінде 2003 жылғы 28–29 тамызда Алматы декларациясы және Алматы іс-қимылдар бағдарламасы қабылданды.

    2003 жылғы 29 мамырда Қазақстан Катовицада (Польша) қабылданған Теміржол контейнерлік тасымалды қарқындандыру туралы Декларацияға қол қойды, мұның өзі «Жаңа жібек жолы» Еуразиялық көлік дәлізін құру жөніндегі жобаға қосылуға мүмкіндік берді.

    Су жолы қатынасы көлігін, атап айтқанда Ақтау темір портын дамыту мақсатында «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізі келісіміне қосылу туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі №467-II ҚР Заңы қабылданды.

    2004 жылғы 24 қыркүйекте Құлжа қаласында ҚР үкіметі мен ҚХР үкіметі арасында «Хоргос» халықаралық шекара маңындағы ынтымақтастық орталығын құру туралы (ХШЫО) келісімге қол қойылды. Бұл келісімнің қабылдануы шекара маңындағы өңірлердің саудасын дамытуға ынталандырды.

    Қазақстанның әуежайлары Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азия арасындағы ұшу сапарларын жүзеге асыратын шетелдік авиакомпаниялар үшін тиімді транзиттік бекеттер болып табылады.

    Әлемдік экономикалық байланыстар жүйесінде экспорттық мұнай құбырлары төңірегіндегі жағдай ерекше рөл атқарып отыр.

    Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешені «Стратегия-2030» атты әзірленген мемлекеттік бағдарламаға орай республиканың дамуын қамтамасыз ететін басым секторлардың бірі ретінде айқындалды.

    Каспий мұнайын игеру мұнай машинасын құрастыруға инвестиция салу базасын жасауға, сервистік компанияларды, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымды, мұнай өңдеу мен мұнай химиясын дамытуға мүмкіндік береді, мұның өзі өз кезегінде жаңа жұмыс орындарын құрады және мемлекеттің бюджетіне салық түсімдерін қамтамасыз етеді. Қазақстан жаңа кеніштер ашуға және тиісінше ірі қаржы ағынын тартуға мүмкіндігі бар ұлан-байтақ аумаққа ие болып отыр.

    Каспий көміртекті шикізатын әлемдік нарыққа экспорттау проблемасы да Каспий өңірінің барлық елдері үшін мұнай-газ жобаларын дамыту кезінде неғұрлым көкейтесті мәселе болып табылады.

    Соңғы жылдар бойына мұнай бағасының ауытқуы салдарынан әлем мұнай нарығын негізгі реттеушілердің бірі ретіндегі ОПЕК-тің (Мұнайды сыртқа шығарушы елдер ұйымы) рөлін қалпына келтірудің куәсі болып отыр. Мұнайдың экспортшы және импортшы елдері әділ «баға дәлізін» орнату қажеттігімен келіседі. Энергия тасымалдаушылар нарығын одан әрі тұрақтандыру қажеттігі, дәстүрлі және болжалды тұрақсыздандырғыш факторлар мен үрдістерді біркелкі ету үшін мұнай өндірудің келешегі зор жаңа өңірлерін мұнай өндіруге тарту қажеттігі туындады.

    Каспий теңізі өңірінің осы тұрғыдан алғанда зор мүмкіндігі бар. Каспийдің жер қойнауында көмірсутекті шикізаттың үлкен қоры бар екенін айтпауға болмайды. Мысалы, Қазақстан Ресаубликасының зерттелінген қорлары 20 миллиард баррельге бағаланып отыр, ал Каспий теңізі қайраңының болжалды қоры 100 миллиард баррелден астам мұнайды құрайды. Ұзақ мерзімді келешекте әлемдік нарыққа энергия тасымалдауды басты жеткізушілердің біріне айналуға толық мүмкіндігі бар.

    Қазақстан Ресаубликасының энергетикалық секторының дамуы – сыртқы және ішкі мұнай саясатының аса маңызды мәселелерінің бірі болып табылады және республика экономикасын дамытудың басым секторы ретінде орнықтырылды.

    Қазақстан ең алдымен елде іске асырылатын мұнай мен газ өндіру және тасымалдау жөніндегі жобалардың экономикалық тиімділігіне қол жеткізуді жақтайды. Бұл мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан Каспий өңірінің барлық мемлекеттерімен, сондай-ақ, АҚШ, Ресей, Қытай сияқты әлемдік державалармен ынтымақтастықты дамытып отыр.

    Қазақстан Республикасы көмірсутектердің стратегиялық қорлары бар мемлекеттер тобына кіреді, олар әлемдік энергетикалық нарықтың қалыптасуына және жай-күйіне тікелей ықпал етеді. Каспий өңірінде өндірілетін мұнайдың барлық көлемінің үштен екісі Қазақстанға тиесілі. Қазақстанда барланған мұнай қорларының шамасы 9 миллиард баррельден 17,6 миллиард баррельге дейінгі мұнайды құрайды.

    Қазіргі кезде Қазақстан өз мұнайын Атырау-Самара және КҚК (Каспий құбыр желісі консорциумы) сияқты бірқатар аса маңызды мұнай құбырлары экспортқа шығарады, сондай-ақ таяудағы болашақта мұнайды Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбырымен тасымалдау туралы келісімге қосылуды жоспарлап отыр.

    Атырау-Самара мұнай құбыры Қазақстан мұнайын Ресей Федерациясының аумағы арқылы экспортқа шығарудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Одан әрі мұнай негізгі екі бағыт бойынша тасымалданды, олар: Новороссийск пен Одесса. Едәуір көлемдегі мұнай, сондай-ақ Украинаның мұнай өңдеу зауыттарына да жеткізіледі.

    «Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының үкіметтері арасындағы отын-энергетикалық кешендер ынтымақтастығы және оларды дамыту туралы» 2001 жылғы 12 желтоқсандағы келісімге тіркелген хаттамаға сәйкес Ресей тарабы Ресей Федерациясының аумағы арқылы «Транснефть» ААҚ-ның мұнай құбыры жүйесімен, соның ішінде:

    • Атырау-Самара мұнай құбырымен – кемінде жылына 15 миллион тонна

    • «Махачкала-Тихорецк-Новороссийск» мұнай құбыры жүйесімен – кемінде жылына 2,5 миллион тонна Қазақстан мұнайының транзитін жүзеге асыру мүмкіндігін беруге кепілдік жасады.

    «Каспий құбыр желісі консорциумы» (КҚК). «Каспий құбыр желісі Консорциумы Лимитет» жауапкершілігі шектеулі компаниясы Қазақстан Республикасы мен Оман Сұлтандығы үкіметтері арасындағы келісім негізінде 1992 жылғы 17 маусымда Бермуд аралдарында тіркелді. 1992 жылғы 23 шілдеде келісімге Ресей Федерациясы қосылды. 1996 жылғы 27 сәуірде КҚК-ны қайта ұйымдастыру туралы хаттамаға қол қойылды, ал 1996 жылғы 6 желтоқсанда Каспий Құбыр желісі Консорциумын қайта ұйымдастыру туралы акционерлердің шартына қол қойылды.

    Баку-Тбилиси-Жейхан (БТЖ) экспорттық мұнай құбыры. 1998 жылғы Анкара және 1999 жылғы Стамбұл Декларацияларына қол қою БТЖ ОЭТ жобасын іске асырудың негізін қалады. 2002 жылғы 18 қыркүйекте Әзірбайжан, Грузия және Түркия Президенттерінің қатысуымен Сангачальск терминалының аумағында Баку-Тбилиси-Жейхан мұнай құбырының құрылысын бастаудың ресми рәсімі өткізілді.

    Батыс Қазақстан – Қытай мұнай құбыры. 1997 жылғы қыркүйекте Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасында «Мұнай мен газ саласындағы ынтымақтастық келісімге» қол қойылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының МЭМР мен Қытай ұлттық мұнай-газ компаниясы (ҚҰМК) арасында «Кеніштерден кен өндіру және мұнай құбырларын салу жобалары туралы бас келісім» жасалды.

    1998 жылғы 13 маусымда «ҚазТрансОйл» МТҰК (Мұнай тасымалдау ұлттық компаниясы) ЖАҚ-пен «Мұнай мен газды барлау және өндіру жөніндегі Қытай Ұлттық корпорациясы» (МГБӨҚҰК) «Батыс Қазақстан -Қытай» мұнай құбыры құрылысының ТЭН-ін (техникалық-экономикалық негзідеме) бірлесіп әзірлеу туралы келісімге" қол қойды, бұл келісімге сәйкес Қытай және Қазақстан жобалау институттарының мамандары жобаның ТЭН-ін әзірледі.

    2003 жылғы маусымда «ҚазМұнайГаз» ҰҚ" ЖАҚ пен ҚҰМҚ арасында Қазақстан-Қытай мұнай құбырын кезең-кезеңмен салуға жұмсалатын инвестицияны негіздеу жөніндегі бірлескен зерттеулер туралы келісім жасалды. 2003 жылы тамызда МГБӨҚҰК мен «ҚазМұнайГаз» ҰҚ" ЖАҚ арасында Қазақстан-Қытай мұнай құбыры бірінші кезеңінің құрылысын жеделдету туралы меморандумға" қол қойылды.

    Батыс Қазақстан-Қытай мұнай құбырын кезең-кезеңмен салуға жұмсалатын инвестицияны негіздеу жөніндегі бірлескен зерттеулер туралы келісімге" сәйкес мұнай құбырын 2 кезеңде салу көзделеді:

    1-кезең (2004–2006) – қуаты жылына 10 миллион тонналық Атасу-Алашанькоу мұнай құбырының құрылысы, кейіннен бұл қуат жылына 20–30 миллион тоннаға дейін ұлғайтылады.

    2-кезең (2009–2010) – Кеңқияқ-Құмкөл-Атасу мұнай құбырының құрылысы және Кеңқияқ-Атырау мұнай құбырының өткізу мүмкіндігін көбейту.

    Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі ҚР Президентінің Жолдауындағы экономикалық жаңғыртудың және Қазақстанның халықаралық нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін нығайтудың қосымша құралы ретіндегі алғашқы кезектегі міндеттердің бірі болып табылады.

    Қазақстан 1996 жылы бақылаушы мәртебесін алған сәттен бастап ДСҰ-ға кіру жөніндегі белсенді келіссөз жүргізілуде.

    Келіссөз Женевадағы ДСҰ хатшылығында көп жақты деңгейде де (жүйелік мәселелер, ауыл шаруашылығы жөнінде), екіжақты деңгейде де (тауарлар мен көрсетілетін қызметтер нарығына қолжеткізім жөнінде) жүргізіледі.

    Қазіргі кезде Қазақстан делегациясы негізгі төрт бағыт бойынша келіссөздер жүргізуде, олар: тауарлар нарығына қол жеткізу жөніндегі келіссөз; қызмет көрсету нарығына қол жеткізу жөніндегі келіссөз; ауыл шаруашылығы жөніндегі көп жақты арнайы келіссөз; жүйелік мәселелер жөніндегі келіссөз, оның негізгі мақсаты – республиканың заң шығару саласында қабылдауға тиіс шараларды айқындауы болып табылады.

    Қазақстан көптеген нарықтық реформаларды жүзеге асырды. Экономикалық дамудың негізгі өлшемдері бойынша республика өзара шектеулер болмайтын халықаралық саудаға қосылуға дайын.

    Қазақстанға ДСҰ-ның бас директоры С. Паничпакдидің 2004 жылғы шілдеде келу сапары Қазақстан Республикасы мен ДСҰ ынтымақтастығындағы маңызды оқиға болды. Сапардың қорытындысы бойынша Қазақстанның ДСҰ келісімдерінің міндеттемелерін қабылдау жөніндегі жалпы ұстанымын түсінуге қол жеткізілді.

    ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗ МЕМЛЕКЕТТЕР ДОСТАСТЫҒЫ

    Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен ынтымақтастығы

    ТМД мемлекеттері арасындағы байланыстарды кеңейту достастықты нығайтудың маңызды элементі болғаны және солай болып қала беретіні айдан анық. Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен байланыстары неғұрлым серпінді түрде және қарқынды дамып келеді. Ауқымдылығы және ерекше мәнділігі себепті Қазақстан-Ресей қатынастарына бұдан былай да талдау жасалады, бұл арада Қазақстан Республикасының ТМД-ның басқа мүшелерімен өзара қатынастарына назар аударылып отыр.

    Қазақстан-әзірбайжан қатынастары. Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 27 тамызда орнады. Жоғары деңгейдегі кездесулер тұрақты түрде өткізіліп тұрады. Әзірбайжан Республикасының президенті Ильхам Әлиевтің Қазақстанға 2004 жылғы наурыздағы мемлекеттік сапары Қазақстан-Әзірбайжан қатынастарының дамуына жаңа серпін берді.

    2005 жылғы 24 мамырда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Әзірбайжанға мемлекеттік сапармен барды. Тараптар бірқатар екі жақты құжаттар жасасты, Стратегиялық әріптестік және одақтастық қатынастар туралы шарт олардың ішіндегі ең бастысы болды.

    Мұнай-газ саласы, атап айтқанда, Қазақстан мұнайын Каспий бағытын пайдалана отырып тасымалдау Қазақстан-Әзірбайжан сауда-экономикалық ынтымақтастығының негізгі бағыты болып табылады.

    1999 жылғы қазаннан бастап Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Әзірбайжан үкіметаралық комиссиясы ойдағыдай жұмыс істеуде. 2005 жылы 23 мамырда Бакуде комиссияның үшінші отырысы өткізілді.

    ТҮРКСОЙ шеңберінде өнер шеберлерінің көрмелері мен концерттері, халықаралық ғылыми симпозиумдар, екі елдің зиялы және жұртшылық өкілдерінің қатысуымен «Дөңгелек үстелдер мен семинарлар» тұрақты негізде өткізіліп тұрады.

    Қазақстан-армян қатынастары. Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 27 тамызда орнады.

    1993 жылғы 19 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы қатынастардың негіздері туралы шарт және 1999 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы мен Армения Республикасы арасындағы достық пен ынтымақтастық туралы шарт екі жақты қатынастырды тәртіптейтін негізгі құжаттар болып табылады.

    Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Арменияға 2001 жылғы 23–3–24 мамырдағы тұңғыш ресми сапары барысында өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты ұлғайтуға деген екі жақты ұмтылыс атап өтілді.

    2005 жылғы 12 қазанда Ереван қаласында сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-армян үкіметаралық комиссиясының алғашқы отырысы өтті, оның барысында саяси, сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелері кең ауқымда қаралды.

    Қол жеткізілген уағдаластықтарға сәйкес 2005 жылы М. Маштоц атындағы «Матенадаран» ғылыми-зерттеу институтындағы, Армения ұлттық мұрағатындағы және Хыпчахаванкт монастыры (Қыпшақ ғибадатханасы, Харич қаласы) мұрағатындағы қыпшақ қолжазбаларын зерттеу үшін Қазақстанның мұрағаттар жөніндегі сарапшылар тобы Арменияға барды.

    Қазақстан мен Армения ғалымдары арасындағы ынтымақтастық негізінен әлеуметтік-саяси ғылымдар, тарих, этнология саласында дамытылуда, бірлескен ғылыми-зерттеулер, конференциялар, семинарлар формасында жүзеге асырылды.

    Қазақстан-беларусь қатынастары. Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 16 қыркүйекте орнады. Қазақстан мен беларусь өзінің қатынастарын өзара тиімді, өңірлік және халықаралық сипаттаға көкейтесті мәселелер бойынша ұстанымдарын жақындату арасында дамытып келеді.

    Беларусьқа ұзақ мерзімді негізде Қазақстан астығын, көмірін, қара және түсті металдарын жеткізуді ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстан мұнайын Беларусь мұнай өңдеу зауыттарына (МӨЗ) тікелей жеткізу сауда-экономикалық ынтымақтастықтың негізгі бағыттары болып табылады. Өз кезегінде Қазақстан Беларусь тракторлары мен ауыл шаруашылығы техникасын Қазақстанның машина жасау кешені кәсіпорындарының негізінде құрастыру, Қазақстанның аграрлық-өнеркәсіптік кешенінің мұқтаждары үшін күрделі тыңайтқыштар өндіретін бірлескен кәсіпорындар құру т. б. сияқты жобаларды іске асыруға мүдделі.

    Қазақстан Республикасы үкіметі мен Беларусь Республикасы үкіметі арасындағы мәдениет, ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық туралы 1996 жылғы 17 қаңтардағы келісім мәдениет саласындағы екі жақты қатынастардың негізін құрайды.

    Ғылыми-техникалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім Қазақстан мен Беларусь арасындағы ғылыми саладағы ынтымақтастықтың негізін құрайды. 1999 жылғы маусымда БР Ұлттық Ғылым академиясының президиумы жанынан БР ҰҒА-ның құрметті мүшесі болып табылатын Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жеке өкілдігі ашылды.

    Қазақстан-грузин қатынастары. Қазақстан Республикасы мен Грузия арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 23 шілдеде орнады.

    1996 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Грузияға ресми сапармен барды, оның барысында екі мемлекеттің сауда-экономикалық қатынастарын реттейтін құжаттарға қол қойылды.

    Грузия Президенті Э. Шеварнадзенің Қазақстанға ресми сапары (1997 жылғы 11–12 қараша) барысында тараптар Қазақстанның көмірсутектерін Әзірбайжан мен Грузия аумағы арқылы әлемдік нарыққа экспортқа шығару ниеттерін мәлімдеді.

    Грузия Президенті М. Саакашвилидің Қазақстанға 2005 жылғы 30 наурыз – 1 сәуірдегі мемлекеттік сапары екі жақты қатынастардың дамуына елеулі серпін берді, көлік және порт инфрақұрылымы, сондай-ақ энергетикалық сектор саласындағы екі жақты ынтымақтастықтың басым бағыттары белгіленді.

    2005 жылғы 2–4 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Грузияға барған ресми сапары сындарлы саяси пікір алысудың жалғасына айналды. Экономикалы өзара іс-қимылды тереңдету кездесудің өзекті тақырыбы болды.

    2005 жылғы 29–30 қыркүйекте Тбилиси қаласында Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Грузия үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысы болды. Отырыстың барысында тараптар энергетика, көлік, қаржы, ауыл шаруашылығы, байланыс, туризм, табиғатты қорғау, сауда-экономикалық ынтымақтастық салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Мұнай-газ және көлік салалары Қазақстан-Грузия ынтымақтастығының негізгі бағыты болып табылады.

    Қазақстан-қырғыз қатынастары. Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 15 қазанда орнады. Қазақстан-қырғыз қатынастарының шарттық-құқықтық негізін 140-қа жуық құжат, соның ішінде Мәңгі достық туралы 1999 жылғы 22 маусымдағы шарт, Одақтастық қатынастар туралы 2003 жылғы 25 желтоқсандағы шарт құрайды.

    2001 жылғы маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қырғызстанға тұңғыш ресми сапармен барды, оның барысында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы 2001–2005 жылдарға арналған экономикалық ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды.

    2005 жылғы сәуірде Қырғыз Республикасының Президенті міндетін атқарушы, премьер-министрі Қ. Бакиев Қазақстанға ресми сапармен келді.

    Қазақстан тарабы Қырғызстанға көмек көрсету жөнінде шараларды жүзеге асырды. Атап айтқанда, Қырғыз Республикасына 1 мың тонна бидайды тегін жеткізіп берді. Қырғызстанға жанар-жағармайды экспортқа шығару үлестемесі бөлінді.

    Мәдени-гуманитарлық екі жақты ынтымақтастық серпінді түрде дамып келеді. Көрмелер, халықаралық ғылыми симпозиумдар, «дөңгелек үстелдер», екі мемлекеттің зиялы өкілдері мен жұртшылығының қатысуымен поэзия кештері мен семинарлар тұрақты түрде өткізілуде.

    Бішкек гуманитарлық университетінде қазақ бөлімі жұмыс істейді.

    Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының қатынастары принципті келіспеушіліктердің жоқтығымен, көптеген көкейтесті халықаралық және өңірлік проблемалар бойынша ұстанымдардың ұқсастығымен сипатталады.

    Қазақстан-молдаван қатынастары. Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 27 шілдеде орнады.

    1999 жылғы қыркүйекте Молдова Президенті П, Лучински Қазақстанға ресми сапармен келді.

    2003 жылғы қыркүйекте ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев Молдова Республикасына ресми сапармен барды. Молдовамен шарттық-құқықтық база 18 келісімді құрайды.

    Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың нақты мәселелерін талқылау мақсатымен экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Молдова аралас комиссиясы құрылды, оның бірінші отырысы 2003 жылғы 15 қыркүйекте Кишинев қаласында өтті.

    Молдованың компониялары Қазақстанның мұнай-газ секторында 1997 жылдан жұмыс істеуде. 1998–1999 жылдары Молдова компанияларымен Маңғыстау облысында жер қойнауын пайдалануға шарт жасасылды. «Аском Интеройл» ЖШС, «Қазполмұнай» ЖАҚ бірлескен кәсіпорындары құрылды, олар «Толқын» және «Боранкөл» кеніштерінде барлау мен мұнай өндіру жұмыстарын жүргізуде.

    Қазақстан-тәжік қатынастары. Қазақстан-тәжік қатынастарының шарттық-құқықтық базасы 50 құжаттан асып түседі, олардың ішінде 2003 жылғы 13 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан республикасы арасындағы қатынастардың негіздері туралы шарт, сондай-ақ 2002 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы мен Тәжікстан Республикасы арасындағы қатынастарды одан әрі дамыту туралы декларация базалық құжаттар болып табылады.

    1995 жылғы қарашада Тәжікстан Республикасының Президенті Э. Рахманов Қазақстанға жұмыс бабындағы сапармен келді.

    Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Тәжікстанға 2000 жылғы маусымда барған ресми сапары екі жақты қатынастарды дамытуға маңызды серпін берді, оның қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы мен ТР арасындағы қатынастарды одан әрі дамыту туралы декларацияға, сондай-ақ бірқатар үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдерге қол қойылды.

    Қазақстан мен Тәжікстан өңірлік қауіпсіздік және экономикалық ықпалдастық мәселелерінде ойдағыдай өзара іс-қимылдар жасауда, ЕурАзЭқ-ға, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, ШЫҰ-ға, ШҚҰЫ-ға қатысушылар болып табылады.

    Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық достық арнасында дамып келеді. 1999 жылы қазақстан делегациясы Саманидтер мемлекетінің 1100 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шараларға қатысты. Орталық Азия елдерінің мәдениет пен өнер қайраткерлерінің 1999 жылғы қыркүйекте Астана қаласында болған кездесуі, сондай-ақ Қазақстан киносының 2004 жылғы тамызда Душанбе қаласында өткен апталығы екі ел жұртшылығының қалың қауымында игі әсер қалдырды.

    Қазақстан-түрікмен қатынастары. Қазақстан-түрікмен қатынастарының шарттық-құқықтық базасын 45-тен астам құжат құрайды. Олардың ішінде 1993 жылғы 19 мамырдағы Достық қатынастар және ынтымақтастық туралы шарт және 1997 жылғы 27 ақпандағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы декларация іргелі құжаттар болып табылады.

    Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Түрікменстанға 1993 жылғы мамырда және 1997 жылғы 27 сәуірде ресми сапарлармен барды.

    Түрікменстан Президенті С. Ниязов Қазақстанға 1997 жылғы ақпанда және 2001 жылғы шілдеде ресми сапарлармен келді.

    Қазақстан мен Түрікменстанның қатысуымен мұнай құбыры мен газ құбырын салу жобаларын іске асыру жөніндегі мәселелердің пысықталуын жеделдету қажеттігін ерекше атап көрсету.

    Көлік және коммуникация саласында екі ел арасындағы теміржол магистральдарын салу жобасын іске асырудың ерекше маңызы бар.

    1999 жылы қол қойылған мәдени ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісім мәдени-гуманитарлық саладағы екі жақты ынтымақтастықтың негізін құрайды. 1998 жылғ қыркүйекте Түрікменстанда Қазақстан мәдениетінің күндері өткізілді. 2004 жылғы желтоқсанда Ашхабадта Қазақстан өнер шеберлерінің концерті ұйымдастырылды.

    Қазақстан-өзбек қатынастары. Қазақстан-өзбек қатынастары жеткілікті дәрежеде тұрақты дамып келеді. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, ШЫҰ-ға, ЕурАзЭҚ-ға, сондай-ақ лаңкестікке, саяси және тұрақтылық пен қауіпсіздіктің өзге де қатерлеріне қарсы күрес жөніндегі бірлескен іс-қимылдар туралы шартқа қатысушы болып табылады.

    Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Өзбекстанға 1998 жылғы қазандағы ресми сапары барысында Мәңгілік достық туралы шартқа қол қойылды.

    ӨР Президенті И. Каримовтың Қазақстанға 2002 жылғы қыркүйектегі ресми сапары барысында Қазақстан Республикасы мен ӨР арасындағы мемлекеттік шекараның жекелеген учаскелерін қайта белгілеу туралы Шартқа қол қойылды, ол мемлекеттік шекараның заңжүзілік сипаттамасы жөніндегі келіссөз үрдісінің аяқталуын тиянақтады.

    Еркін сауда аймағын құру жөніндегі құжатты пысықтаудың ерекше мәні бар, ол Орталық Азия мемлекеттері одағы мен ортақ нарық құру туралы бастаманы іске асырудың маңызды кезеңі болып табылады.

    Өзбекстанда қазақ диаспорасының және Қазақстанда өзбек диаспорасының болуы мәдени-гуманитарлық қатынастардағы маңызды көріністердің бірі болып табылады.

    Қазақстан-украин қатынастары. Қазақстан Республикасы мен Украина арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылғы 22 шілдеде орнады.

    2005 жылғы 30–31 мамырда Украина Президенті В. Ющенко Қазақстанға ресми сапармен келді, оның барысында бірқатар екі жақты келісімдерге қол қойылды.

    2005 жылғы 17–18 қарашада ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев Украинада ресми сапармен болды. Екі мемлекеттің басшылары Бірлескен мәлімдемеге және Қазақстан-Украина іс-қимылдарының 2005–2006 жылдарға арналған жоспарына («Жол картасы»), сондай-ақ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы бірқатар екі жақты құжаттарға қол қойды.

    Білім беру саласындағы екі жақты байланыстардың әлеуеті мамандар даярлау мүмкіндіктерінде, оқу орындарын лицензиялауда, аттестациялауда және тіркеуде, нормативтік құқықтық және материалдық базаларды бірлесіп дамытуда, екі елдің жоғары білім беру, ҒЗИ және жоғары оқу орындары саласында мамандар даярлау мен қайта даярлауда болып отыр.

    2005 жылғы 21 мамырда Синельников қаласында 19-жекеше атты әскер корпусының жауынгері А. Жамбыловқа – қазақтың ұлы ақыны Жамбыл Жабаевтың ұлына орнатылған ескерткіштің ашылу рәсімі болды.

    Қазақстан -Ресей қатынастарының дамуы.

    Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының Ресей бағыты аса маңызды және басым бағыт болып табылады. Қазақстан-Ресей қатынастары сенімнің, стратегиялық әріптестіктің және одақтастықтың жоғары деңгейде болуымен сипатталады.

    Экономикалық, саяси, гуманитарлық және басқа салалардағы аса маңызды мәселелерді дәйектілікпен және серпінді түрде шешу екі жақты қатынастарды нақты стратегиялық әріптестік деңгейіне шығарды.

    Тәуелсіз даму жылдары ынтымақтастықты ұлғайта отырып, Қазақстан мен Ресей қуатты шарттық-құқықтық базаның негізін ойдағыдай қалады және дамытып келеді. Бұл ең алдымен 1992 жылғы мамырда жасасылған Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарт.

    Экономикалық, қаржылық, гуманитарлық және мәдени, әскери және әскери-техникалық ынтымақтастыққа қатысты маңызды екі жақты құжаттармен бірге 1992 жылғы базалық Шарт және Декларация біздің елдердің нақты стратегиялық әріптестігінің негізі болып табылады.

    Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының жемістілігі әріптестік стратагиясының бастау көзінде Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев пен Ресейдің тұңғыш Президенті Б. Н. Ельциннің тұрғанына байланысты болып отыр, олар біздің мемлекетаралық қатынастарымыздың іргелі негізін қалады.

    Тәуелсіз даму кезеңімен байланысты қазіргі уақытта Қазақстан мен Ресей өзінің өзара іс-қимылында бірнеше кезеңнен өтті.

    1993 жылы әскери-саяси және әскери-техникалық ынтымақтастықтың шарттық-құқықтық саласында белгілі жетістіктерге қол жеткізілді.

    Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Ресей Федерациясына 1994 жылғы наурызда болған тұңғыш ресми сапары екі елдің сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық салалардағы ықпалдастығын кеңейтіп тереңдету кезеңіне негіз қалады. Сапар барысында қол жеткізілген ауқымды 22 келісімнің арасында мемлекеттер басшыларының Қазақстан мен Ресейдің экономикалық ынтымақтастығы мен ықпалдастығын одан әрі тереңдету туралы шартты, Қазақстан мен Ресей арасындағы бір-бірінің аумағында тұрақты тұратын азаматтардың азаматтық және құқықтық мәртебесіне байланысты мәселелерді шешудің негізгі принциптері туралы меморандумды және «Байқоңыр» ғарыш айлағын пайдаланудың негізгі принциптері мен шарттары туралы келісімді ерекше атап өту қажет.

    2003 жылды екі мемлекет басшылары Ресейдегі Қазақстан жылы деп жариялады.

    Ресей-Қазақстан ынтымақтастығы екі жақты нысанда да, көп жақты негізде де – ТМД, ЕурАЗЭҚ, ҰҚШҰ, ШЫҰ, «Орталық Азия ынтымақтастығы ұйымы» (ОАЫҰ) шеңберінде дамытылып отыр.

    «ЕУРОПАҒА ЖОЛ» мемлекеттік бағдарламасы.

    2009–2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 6 ақпандағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылды.

    Бағдарламаны қабылдау қажеттілігі елдің ішкі дамуының өзекті міндеттерін шешудің, еуропалық бағыттағы ұлттық басымдықтарды әзірлеудің, тарихи қалыптасқан байланыстарды нығайтудың, еуропалық интеграция және институционалдық-құқықтық реформалар тәжірибесіне сүйенудің, технологиялық, энергетикалық, көлік, сауда, гуманитарлық және инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығынан туындады.

    ЕҚЫҰ-ға қатысушы елдер сыртқы істер министрлерінің Мадридтегі кездесуі Қазақстанға ЕҚЫҰ-да 2010 жылы көшбастаушылық жөніндегі беделді және сонымен бірге жауапты міндетті жүктеді.

    Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастығы негізгі үш бағытта іске асырылуда, олар: саясат және қауіпсіздік мәселелері; экономика және экология; демократия және адам құқытары.

    Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалығы біздің мемлекетіміздің халықаралық беделінің нәтижесі болып табылады.

    2010 жылдың басынан Қазақстан ЕҚЫҰ-ға Төрағалық ете бастады. Қолданыстағы ережелерге орай ЕҚЫҰ-ның Төрағасы Мемлекеттік хатшы – Қазақстан Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев болды. Қазақстан, Прибалтиканы қоса алғанда, посткеңестік елдердің ішінде әлемнің демократиялық дамыған елдері негізін қалаған осынау беделді халықаралық ұйымды басқару құрметіне ие болған бірінші ел.

    2010 жылғы 14 қаңтарда Президент Нұрсұлтан Назарбаев ЕҚЫҰ-ның Тұрақты кеңесінің Венада өткен отырысна қатысушыларға Үндеу жолдады.

    Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері:

    Бағдарламаның мақсаты Қазақстан Республикасының Еуропаның жетекші елдерімен стратегиялық серіктестік деңгейіне шығуы болып табылады.

    Бағдарламаның аталған мақсатына қол жеткізу үшін мынадай міндеттерді шешу көзделеді:

    1. Қазақстан Республикасының Еуропа мемлекеттерімен мынадай бағыттар бойынша:

    • технологиялық;

    • энергетикалық;

    • көлік саласында;

    техникалық реттеу және метрология саласы;

    • сауда-экономикалық;

    • шағын және орта бизнесті дамытуда;

    • өмір сүру сапасы саласында;

    • гуманитарлық өлшем тұрғысындағы ынтымақтастықты дамыту және тереңдету.

  • оң сипаттағы еуропалық тәжірибені пайдалана отырып, қазақстандық институционалдық-құқықтық базаны жетілдіру;

  • Қазақстан Республикасының 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі үшін жағдай жасау.

    Ұлттық қауіпсіздіктің сыртқы саяси қырлары

    Ядролық қаруды таратпау туралы шарт (ЯҚТШ). Халықаралық қауымдастық ядролық қарусыздандыру саласындағы басты құжатты – Ядролық қаруды таратпау туралы шартты (ЯҚТШ) орындау жөнінде батыл іс-шаралар қолданудың өткір қажеттігін толық дәрежеде түсінуге тиіс. Бұл үрдісте «ядролық бестік» (АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Франция, Қытай) елдеріне ерекше жауапкершілік жүктеледі.

    Қазақстан ядролық арсеналдан ерікті түрде бас тартқан мемлекет ретінде ядролық қарудың таралмауы және оған бақылау орнату саласында белсенді саясат жүргізеді.

    Өзінің тәуелсіздігі кезінде Қазақстан елдің ядролық қарудың таралмау режимін нығайтуға деген бекем ниетін дәлелдеген бірқатар нақты шараларды жүзеге асырды. Оларға мыналар жатады:

    • Семей ядролық-сынақ полигонын жабу;

    • Қазақстанның ядролық қарусыз мемлекет ретінде Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуы;

    • барлық ядролық оқтұмсықтарды Қазақстан аумағынан әкету;

    • бұрынғы КСРО-ның мирасқоры ретінде АҚШ пен КСРО арасындағы стратегиялық шабуыл қару-жарағын қысқарту және шектеу туралы шартқа қатысу;

    • бұрынғы КСРО-ның мирасқоры ретінде КСРО мен АҚШ-тың орта және шағын қашықтықтағы ракеталарды жою туралы шартқа қатысу;

    • Атом қуаты жөніндегі халықаралық агенттікке (МАГАТЭ) мүшелікке өту және республиканың барлық ядролық нысандарына МАГАТЭ-нің кепілдігін орнату;

    • бұрынғы әскери кешендерде қолданыста болған сынақ полигондары мен ғылыми-техникалық әлеуеттердің инфрақұрылымын конверсиялау;

    • Ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы шартқа қол қою, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан және Жаһандық мониторингілік желіге енгізілген сейсмикалық стансаларды жаңғырту жөніндегі белсенді жұмыс.

    Семей ядролық сынақ полигонының КСРО-ның өмір сүруі кезеңінде-ақ 1990 жылы жабылғаны ядролық қаруды таратпау жөніндегі болашақ саясаттың негізін қалаған алғашқы қадам еді.

    Қазақстан Лиссабон хаттамасына қатысушылардың арасында ядролық қаруды тасымалдауға қатысты ережені бірінші болып іске асырды – 1995 жылғы 30 мамырда Семей полигонындағы оқпанда орналасқан соңғы ядролық сынақ зарядын жойды.

    «Ядролық мұраны» жоюмен бір мезгілде Қазақстан қауіпсіздік пен бейбітшілікті нығайту бағытын жүргізе бастады. Республика мемлекеттің ядролық қарусыз мәртебесін тиянақтаған ЯҚТШ-ға қол қойды және бұл шартты 1993 жылғы 13 желтоқсанда бекітті.

    Қазақстан Ядролық қаруды таратпау жөніндегі 1995 жылғы шартқа қатысушылардың конференциясы барысында қабылданған және ЯҚТШ-2000 конференциясының барысында қолдау тапқан «Ядролық қаруды таратпау және қарусыздану принциптері мен мақсаттарын» толық қолдады, оларда ядролық қарудан азат аймақтар құруды көтермелеу туралы ереже басым міндеттердің бірі ретінде негізделген.

    Қазақстан Республикасы ЯҚТШ-қа қатысушы мемлекеттердің 2005 жылғы мамырда Нью-Йоркте өткен конференциясына қатысты.

    Қазақстан Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шарттың жобасын әзірлеу жөніндегі келіссөз үрдісіне белсене қатысады. Орталық Азия мемлекеттерінің өңірде 1997 жылғы 28 ақпандағы Алматы декларациясында айтылған бастамасы ядролық қаруды таратпау режимін нығайтудағы маңызды қадамға айналуға тиіс.

    Қазақстанның бастамасы бойынша 2009 жылы 2 желтоқсанда БҰҰ тарапынан «29 тамыз (Семей полигонының жабылған күні) – Ядролық сынақтарға қарсы іс-қимылдардың халықаралық күні» деп жарияланды. БҰҰ-ның Бас хатшысы Қазақстан Респубикасы Президентінің «ядролық қарусыз әлем» ойын қолдады.

    Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес

    Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру туралы идеяны тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 1992 жылғы қазанда болған 47-сессиясында ұсынды.

    Қазақстан басшысы өзінің сөйлеген сөзінде бұл бастаманың мәні Азия өңірінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тиімді де әмбебап құрылым құру жөніндегі бұрын сәтсіз аяқталған әрекетті жаңартуға ұмтылуда екенін атап көрсетті. Әлемнің басқа өңірлерінен өзгеше түрде Азиядағы мұндай құрылым әлі жасақталған жоқ еді.

    1993 жылдан 1998 жылға дейінгі кезеңде Азия елдері сыртқы істер министрлері сарапшыларының кездесулері өткізілді. АӨСШК-нің базалық құжаттарының жобаларын — «АӨСШК рәсімінің ережелерін», «АӨСШК принциптерінің декларациясын», «АӨСШК құрылымдары мен институттарын» әзірлеу үшін Арнаулы жұмыс тобы (АЖТ) құрылды.

    1999 жылғы қыркүйекте АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің Алматы қаласында өткен 1-кездесуі және оның барысында АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің арасындағы қатынастарды реттейтін принцип декларациясына қол қою, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Азиядағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың көп жақты тетігін құру жөніндегі бастамасын ұсынған сәттен бастап, Қазақстан дипломатиясының аса ірі жетістігіне айналды. Сөйтіп тұңғыш рет, өңірде тұрақтылықты қамтамасыз ету нақты іс-қимылдары, шаралары мен тетіктері бар азиялық қауіпсіздік жүйесінің заң жүзіндегі негізі қаланды.

    2002 жылғы 3–5 маусымда Алматы қаласында АӨСШК-нің тұңғыш саммиті өткізілді, оған Қазақстан, Ресей, Қытай, Пәкістан, Түркия, Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан және Ауғанстан президенттері, Әзірбайжан мен Үндістанның премьер-министрлері, Иранның, Египеттің, Палестина мен Израильдің уәкілетті ресми тұлғалары, АҚШ, Индонезия, Малайзия, Жапония, Таиланд, Вьетнам, Украина және Корея Республикасы бақылаушы-мемлекеттерінің өкілдері, сондай-ақ ЕҚЫҰ, БҰҰ және АМЛ-ның (Араб мемлекеттері лигасы) бақылаушы-ұйымдарының басшылығы қатысты.

    Саммит барысында Алматы актісіне, Лаңкестікті жою және өркениеттер арасындағы пікір алысуға жәрдемдесу туралы декларацияға қол қойылды.

    2004 жылғы қазанда Алматы қаласында АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің 2-кездесуі өтті. Таиланд Корольдігінің АӨСШК-ге мүше он жетінші мемлекет болып қабылдануы кездесу алдындағы елеулі оқиға болды.

    Кездесуге қатысушылардың пікірі бойнша, АӨСШК-нің қабылданған Сенім шаралары каталогінің маңызына баға жетпейді. Азия өңірі тарихында тұрақтылық пен қауіпсіздіктің кең ауқымы бойынша мемлекеттердің жан-жақты ынтымақтастығын көздейтін соншалықты ауқымды құжат тұңғыш рет дүниеге келді.

    АӨСШК саммиті мен министрлер кездесуінің шешімдерін іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыру шеңберіндегі басты мақсаттар мыналар болып табылады:

    1. АӨСШК Хатшылығы туралы келісім жобасын әзірлеу және Хатшылықты құру. 2004 жылдан бастап осы құжатты әзірлеу жөніндегі Арнаулы жұмыс тобының (АЖТ) ауқымында белсенді жұмыс жүргізілуде, ол Мәжіліс Хатшылығын құрудың және оның жұмыс істеуінің құқықтық негізін қалады.

    2. Сенім шаралары кешенін іске асыру тетіктерін әзірлеу. Сенім шараларының мұндай кешені бүгінгі таңда соншалықты кең ауқымдағы аяда тек Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның (ЕҚЫҰ) құжаттарында ғана, соның ішінде 1990 жылғы Вена құжатында баянды етілген.

    2005 жылғы желтоқсанда Алматы қаласында құрылған АЖТ-ның алғашқы отырысы өтті, оның АӨСШК-нің Сенім шаралары каталогін жүзеге асыру тетіктерін әзірлеу тұрғысынан зор практикалық маңызы болды, оның ережелерін мүше-мемлекеттер еріктілік және өздері үшін қолайлы аядағы принциптер негізінде орындауға уағдаласты. «Төрағаның ой-тұжырымы» атты құжат барлық мүше-мемлекеттерге алдын ала жіберілді, онда Қазақстанның осы сенім шараларын алғашқы кезеңде іске асыру жөніндегі ұсыныстары көрсетілді. Қазақстан тарабы АЖТ-ға барлық мүшелердің арасында бұдан былайғы жұмыс үшін өзінше бір тұғырнама болған маңызды екі құжатты әзірлеудің пайдалылығы туралы келісімге қол жеткізе алды.

    Біріншісі – Қазақстан Республикасының ұсыныстары негізінде әзірленген «АӨСШК-нің сенім шараларын іске асыру жөніндегі кооперативтік көзқарастар» («Кооперативтік көзқарастар»), ол тиісті бағыттар бойынша сенім шараларын айқын бөлісуді көздейді және онда оларды жүзеге асырудың іргелі тетігі баяндалған.

    Екіншісі — «Мүше -мемлекеттердің АӨСШК-нің сенім шараларын экономикалық, экологиялық және гуманитарлық өлшемдерде және жаңа бой көтерулер мен қауіп-қатерлерге қарсы күрес саласында қолдануға әзірлеу жөніндегі ұсыныстары» («Ұсыныстар»), бұларда қатысушы-елдердің оларды іске асыру тетіктерін нақтылау тұрғысындағы егжей-тегжейлі ұсыныстары жинақталған.

    Азия өңірінде, соның ішінде АСЕАН-ның (Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығы) қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Өңірлік форумы (АӨФ) шеңберінде сенім шараларын әзірлеуге тырысушылық орын алуда.

    Қазіргі кезде АӨСШК-нің Әзірбайжан, Ауғанстан, Египет, Израиль, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Өзбекстан мүше-мемлекеттері; Индонезия, Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия, Украина, АҚШ, Вьетнам бақылаушы-мемлекеттері болып табылады, ал БҰҰ, ЕҚЫҰ, АМЛ бақылаушы ұйымдарға жатады.

    2006 жылғы 17 маусымдағы саммит барысында хатшылық туралы келісімге (Алматы немесе Астана қалаларында штаб-пәтері бар) қол қою Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті институттық тұрғыда нығайтуға қосылған елеулі үлес болды.

    2008 жылғы 25 тамызда Алматы қаласында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес сыртқы істер министрлерінің үшінші кездесуі өтті. Ол тындырылған жұмыстың қорытындыларын шығарды және жаңа мүше елдер ретінде Иордания мен Біріккен Араб Әмірлігінің кіруін құттықтады, сондай-ақ «АӨСШК-нің сенім шараларын іске асырудағы прогресі» Декларациясын қабылдады.

    Шанхай ынтымақтастық ұйымы – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторларының бірі

    Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан сыртқы істер министрлері орынбасарларының 1992 жылғы қыркүйекте Минск қаласында болған аталмыш елдердің Қытай Халық Республикасымен мемлекеттік шекаралары проблемасы жөніндегі кездесулері мен келіссөздерінің қорытындыларын әуелі «Шанхай бестігі», содан соң Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) шеңберіндегі мемлекеттер ынтымақтастығының бастау алуы деп есептеуге болады.

    1996 жылғы 26 сәуірде Шанхай қаласында бес мемлекет басшылары Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы арасындағы шекара ауданында әскери саладағы сенім шараларын нығайту туралы тарихи келісімге қол қойылды (1998 жылғы 7 мамырда күшіне енді).

    1997 жылғы 24 сәуірде елдердің басшылары Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы арасындағы шекара ауданында қарулы күштерді өзара қысқарту туралы келісімге қол қойды (1999 жылғы 6 тамызда күшіне енді).

    Екі келісімнің қолданылу мерзімі – 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін және кейіннен бес жылға ұзартылады.

    Шанхай және Мәскеу келісімдері Азия өңірінде тұңғыш рет қабылданған бірегей тарихи әскери-саяси құжаттар болып табылады.

    1998 жылғы 3 шілдеде Алматы қаласында Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы мемлекеттері басшыларының кездесуі өтті, оған Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Е. М. Примаков қатысты. Сыртқы істер министрлері Алматы кездесуіне қатысушылардың Бірлескен мәлімдемесіне қол қойды. Құжат «Орталық Азияда және жалпы Азия құрлығында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін қарау үшін қажетіне қарай сыртқы істер министрлерінің сарапшылары, Үкімет басшылары мен мемлекеттер басшыларының деңгейінде кездесулер шақыру туралы» уағдаластықты баянды етті.

    1999 жылғы 24–25 тамызда Бішкек қаласында «Шанхай бестігінің» саммиті өткізілді, онда Бішкек Декларациясына, сондай-ақ Бес ел арасындағы үш елдің мемлкеттік шекараларының түйісетін жерлері туралы келісімге қол қойылды.

    Қабылданған уағдаластықтарды іске асру мақсатында Алматы қаласында (1998 жылғы 3 шілде) және Бішкек қаласында (1999 жылғы 25 тамыз), Қырғызстан астанасында 1999 жылғы 30 қараша-2 желтоқсанда бес мемлекеттің құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтері басшыларының кездесуі болды, ол халықаралық лаңкестікке, есірткілер мен қарудың контрабандасына, құпия көші-қонға қарсы күрестегі ынтымақтастық мәселелеріне арналды.

    2004 жылы ШЫҰ Лаңкестікке қарсы өңірлік құрылым (ЛҚӨҚ) – ШЫҰ-ға мүше елдердің құзыретті органдарының лаңкестікке, сепаратизм мен экстремизмге қарсы күрестегі өзара іс-қимылын үйлестіріп, нығайтуға жәрдемдесу мақсатында тұрақты әрекет ететін орган құрылды.

    ШЫҰ-ның 2002 жылғы 7 маусымда Санкт-Петербургте өткен саммитінде ШЫҰ ЛҚӨҚ туралы Хартия мен келісімге қол қойылды.

    2003 жылғы 28 мамырдан 29 мамырға дейін Мәскеу қаласында өткен ШЫҰ-ның кезекті саммитінде ұйымды құжат жүзінде рәсімдеу аяқталды.

    Мемлекеттердің басшылары ұйымның эмблемасы мен туын бекітті, сондай-ақ ШЫҰ-ның атқарушы хатшысы қызметі белгіленіп, оған Қытай өкілі – ҚХР-дың Мәскеу қаласындағы елшісі Чжан Дэгуан атқарушы болып тағайындалды.

    ШЫҰ органдары:

    • Мемлекеттер басшыларының кеңесі;

    • Үкіметтер басшыларының (премьер-министрлер) кеңесі;

    • Сыртқы істер министрлерінің кеңесі;

    • Министрліктер және/немесе ведомстволар басшыларының кеңесі;

    • Ұлттық үйлестірушілер кеңесі;

    • Хатшылық;

    • Лаңкестікке қарсы өңірлік құрылым (ЛҚӨҚ);

    • ЛҚӨҚ кеңесі

    Қазіргі кезеңде мемлекеттердің басшылары ШЫҰ-ның алдына екі бірдей міндет – қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту міндеттерін қойды.

    Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі мәселелерін шешу

    1996 жылдан бастап арнайы құрылған бес жақты тұрпаттағы құрылым – Каспий жағалауы мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі Арнаулы жұмыс тобы (АЖТ) жұмыс істейді. Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін реттеу жөніндегі келіссөздер он жылдан астам уақыт бойына жалғасып келе жатқанына қарамастан, осы үрдіске қатысушылардың ұстанымында елеулі айырмашылықтар орын алып отыр.

    Мәселелердің Каспий топтамасын талқылау үшін жағалаудағы мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің екі кеңесі өткізілді және «Каспий бестігі» басшыларының саммиті (2002 жылғы 23–24 сәуірде Ашхабад қаласында) ұйымдастырылды.

    Қазақстан Республикасының Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі жөніндегі ұстанымы БҰҰ-ның теңіз құқығы жөніндегі 1982 жылғы конвенциясының теңіздің түрлі учаскелерінің режиміне және еніне қатысты жекелеген ережелерін Каспийге қатысты да қолдануда олып отыр.

    Балық аулау және биоресурстарды пайдалану мәселелеріне қатысты Қазақстан оларды тиісті аймақтарда, сондай-ақ ашық теңізде балық аулаудың келісілген үлестемесі және кәсіпшілікті лицензиялау негізінде жүзеге асыру қажет деп есептейді.

    Теңіз бетінің қалған бөлігіне (ашық теңізге) жағалаудағы мемлекеттердің сауда кемелері үшін кеме қатынасы бостандығы режимін қолдану қажет. Келісілген бағыттар бойынша авиация қатынастарына теңіздің үстіндегі әуе кеңістігі де еркін болуға тиіс.

    Каспийдің табаны мен ресурстарын Қазақстан Каспий жағалауындағы мемлекеттердің арасында аймақтарға бөлу қажет деп есептейді, олардың шегінде бұл мемлекеттер табиғат ресурстарына барлау жүргізуге және оларды өндіруге айрықша құқықтар алуға тиіс.

    Транзит мәселесі жөнінде ішкі құрлықтық Каспий мемлекеттері (Қазақстан, Әзірбайжан, Түрікменстан) бірқатар халықаралық әмбебап шарттарға сәйкес Ресей Федерациясы мен Иран Ислам Республикасының аумақтары арқылы барлық көлік құралдары басқа теңіздер мен әлемдік мұхитқа қол жеткізуі үшін транзит еркіндігін пайдалануға тиіс.

    Су асты кабельдері мен құбыр желілерін төсеу бағыттарын белгілеу жөнінде Қазақстан тараптың келісуімен, олар төселуге тиіс теңіз түбінің учаскесі арқылы тиісті жобаларды іске асыруды ұсынады.

    Каспийдің солтүстік бөлігі табанының шекаралық аражігін ажырату мәселесі 1998 жылғы 6 шілдеде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы қойнауды пайдалануға егеменді құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізінің солтүстік бөлігі табанының шекаралық аражігін ажырату туралы келісімге және 2002 жылғы 13 мамырдағы осы келісімге тіркелген хаттамаға қол қою жолымен анықталды, олар 2003 жылғы 16 мамырдан күшіне енді.

    2001 жылғы 29 қарашада Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы Каспий теңізі табанының шекаралық аражігін ажырату туралы келісімге және осы келісімге тіркелген 2003 жылғы 27 ақпандағы хаттамаға қол қойылды. Бұл құжаттар тиісінше 2003 жылғы 18 шілдеде және 30 желтоқсанда күшіне енді.

    Сондай-ақ 2003 жылғы 14 мамырда Қазақстан, Әзірбайжан және Ресей арасында Каспий теңізі табанының шектес учаскелерінің шекаралық аражігін ажырату шебінің түйіскен жері туралы келісім жасалды. Бұл құжат 2004 жылғы 7 қаңтарда күшіне енді.

    Каспийдегі экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында 2003 жылғы 4 қарашада Каспий теңізінің теңіз алабын қорғау жөніндегі шектеулі конвенцияға қол қойылды. Бұл құжат Әзірбайжанның оны іске асыру үшін қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдерді орындамауына байланысты күшіне енген жоқ.

    Қазақстан Республикасының шектес мемлекеттермен мемлекеттік шекарасын белгілеу

    Тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекеттік егемендікті нығайту жөніндегі алғашқы кезектегі міндеттердің қатарында шектес мемлекеттермен шекараны заң жүзінде рәсімдеу қажеттігі туды, өйткені шекара мәселесі әрбір мемлекет үшін ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, аумақтық тұтастық пен тәуелсіздікті сақтау тұрғысында өте маңызды болып табылады.

    Халықаралық құқықтың дербес субъектісі ретінде Қазақстан өз аумағына қол сұғылмау құқығына ие, оның ауқымында өз егемендігін жүзеге асырады. Мемлекеттік шекара этникалық аумақтың шегін айқындайды, ал оның негізгі мақсаты да осында.

    Қазақстанның 2030 жылғы дейінгі дамуы стратегиясында саяси міндет – Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті қойылды. Оны іске асыру көпшілік жағдайда шекараларды айқындау мәселелеріне қатысты болып келеді.

    Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасын белгілеу. 1991 жылғы дейін Қытаймен келіссөзді кеңестік үкімет делегациясы Қытаймен шектес одақтас республикалар өкілдерінің қатысуымен жүргізді. 1992 жылы Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы үкіметтерінің арасында Қытай Халық Республикасымен шекаралық мәселелер бойынша 1992 жылғы 8 қыркүйектегі келісімге сәйкес ҚХР-мен келіссөз жүргізу үшін КСРО-ның үкіметтік делегациясының орнына Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы үкіметтерінің бірлескен делегациясы жасақталды.

    Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 17 шілдедегі қаулысы негізінде Қазақстан делегациясы Қытаймен келіссөзге кірісті.

    Шекараны белгілеу жөніндегі келіссөздер 1992 жылдан 1998 жылға дейінгі кезеңде жүргізілді, ал шекараны ажыратып, таңбалау 2002 жылы толық аяқталды.

    Келіссөз барысының негізіне Ресей Империясы мен Қытай арасында сонау XIX ғасырда жасалған сегіз шарт пен хаттама алынды.

    Қазақстан Республикасы мен ҚХР арасындағы шекараны белгілеу жөніндегі келіссөздердің қорытындылары бойынша халықаралық шарттарға қол қойылды, бұл шарттарда Қазақстан-Қытай шекарасының шебі өтетін жерлер дәл айқындалып егжей-тегжейлі сипатталды.

    Шекараны таңбалау жұмыстары алты жұмыс тобы 1996 жылғы шілдеден 2001 жылғы желтоқсанға дейінгі кезеңде жүзеге асырды және 2002 жылғы 10 мамырда Пекин қаласында Қазақстан Республикасы үкіметі мен Қытай Халық Республикасының үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының шебін таңбалау туралы Хаттамаға қол қоюмен аяқталды.

    Таңбаланған шекараның жалпы ұзындығы 1 782,75 км. құрады, олардың ішінде құрлықтық шекара – 1 215,86 км, су шекарасы – 566,89 км-ге жуық.

    Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы. 1991 жылғы 21 желтоқсандағы Алматы декларациясы, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) шеңберінде ынтымақтастық принциптерін сақтау туралы 1992 жылғы 14 ақпандағы Декларация, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің егемендігін, аумақтық тұтастығы мен шекараларына қол сұқпаушылықты сақтау туралы 1994 жылғы 15 сәуірдегі Декларация, мәңгілік достық туралы екі жақты шарттар бұрынғы КСРО-ның әкімшілік-аумақтық шекарасының аражігін ажыратудың танылуын баянды еткен жалпы сипаттағы құқықтық құжаттар болып табылады.

    Қазақстан тарабы мемлекеттік шекараны белгілеу жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Түрікменстанмен және Өзбекстанмен Мемлекеттік шекараны белгілеу жөніндегі Қазақстан Республикасының Үкіметтік Комиссиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 қыркүйектегі №1283 қаулысына сәйкес жүзеге асырды.

    Қырғызстан. Қазақстан-Қырғыз мемлекеттік шекарасын белгілеу жөніндегі келіссөздер 1999 жылғы қарашадан 2001 жылғы желтоқсанға дейін жүргізілді және мемлекет басшыларының Астанада 2001 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-қырғыз мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қоюымен аяқталды.

    Бірлескен шекараның жалпы ұзындығы 1241,58 км-ды құрады.

    Түрікменстан. Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасын белгілеу және таңбалау туралы шартқа 2001 жылғы 5 шілдеде Астана қаласында мемлекет басшылары қол қойды.

    Қазақстан-түрікмен шекарасын белгілеу жөніндегі келіссөздер 2000–2001 жылдары жүргізілді. Тараптарда Қазақ КСР-і мен Түрікмен КСР-і арасында 1972 жылы келісілген шекара шебіне түзету енгізу жөнінде ұсыныстар туындаған жоқ.

    Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасының құрлықтық телімінің ұзындығы 426,08 км-ды құрайды.

    Бірлескен шекараны таңбалау жөніндегі іс-шаралар 2003 жылы басталды. Тараптар шекараға шекаралық белгілер орнатуға 2005 жылы кірісті.

    Өзбекстан. Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын белгілеу үдерісі 2000 жылдан 2002 жылғы дейін жүргізілді, оны екі кезеңге бөлуге болады.

    Бірінші. Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы қазақстан-Өзбек мемлекеттік шекарасы туралы 2001 жылғы 16 қарашада астана қаласында мемлекеттер басшылары қол қойған шартты әзірлеу, шекара шебінің 96% -ын айқындады.

    Екінші. Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбек мемлекеттік шекарасының жекелеген телімдері туралы Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері 2002 жылғы 9 қыркүйекте Астана қаласында қол қойған шартты дайындау, ол бірлескен шекара шебін айқындауды толық аяқтады. Екі шарт 2003 жылғы 5 қыркүйекте күшіне енді.

    Шекараның жалпы ұзындығы 2150 км-ге жуық.

    Қазақстан-Өзбек шекарасын таңбалау үрдісі 2003 жылы, ал тікелей далалық жұмыстар – 2004 жылғы 1 сәуірде басталды.

    Ресей Федерациясы. Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын белгілеу жөніндегі келіссөздер 1999 жылғы қыркүйектен 2005 жылғы қаңтарға дейін жалғасты.

    2005 жылғы 18 қаңтарда Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Ресей Федерациясына ресми сапары барысында мемлекет басшылары Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қойды. Бірлескен шекараның жалпы ұзындығы (Каспий теңізіндегі шекараны есептемегенде) 7591 км-ге жуық.

    2006 жылғы 12 қаңтарда күшіне енген осы шартқа қол қоюмен Қазақстан шекараның құрлықтық бөлімін барлық периметрі бойынша заң жүзінде рәсімдеуді аяқтады.

    Қазақстан мемлекеттік шекарасында шектес мемлекеттердің шекараларымен түйісетін төрт меже бар.

    • Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Ресей Федерациясы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісетін межесін айқындау туралы 1999 жылғы 5 мамырдағы келісімге және Қазақстан Республикасы

    • Қытай Халық Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекарасының түйісетін межесі туралы 1999 жылғы 25 тамыздағы келісімге үш жақты тұрпатта қол қойылып, күшіне енді

    • Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы үш мемлекеттің мемлекеттік шекараларының түйісетін межесі туралы 2001 жылғы 15 маусымда қол қойылған келісім

    Мемлекеттік шекараның жалпы ұзындығы 13200 км-ге жуық (Каспий теңізінде шекараны есептемегенде), олардың ішінде:

    • Қытай Халық Республикасымен – 1782,75 км;

    • Қырғыз Республикасымен – 1241,58 км;

    • Өзбекстан Республикасымен – 2150 км;

    • Түрікменстан Республикасымен – 426,08 км; Ресей Федерациясымен – 7591 км.

    Қазақстан Республикасының қарулы күштерін құру

    1992 жылғы 7 мамыр біздің армия тарихының басталған күні деп есептеледі, бұл күні ел Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы» Жарлыққа қол қойды.

    Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамына негізінен 40-жалпыәскери армия құрамалары, сондай-ақ ӘӘК (Әскери әуе күштері) және ӘШҚ (Әуе шабуылына қарсы қорғаныс), ТМД-ның Біріккен Қарулы Күштерінің Қазақстан аумағында орналасқан бөлімдері, мекемелері мен ұйымдары кірді.

    Елдің Конституциясында былай деп айқындалған: «Қазақстан Республикасын қорғау оның әрбір азаматының қасиетті парызы және міндеті болып табылады. Республика азаматтары заңда белгіленген тәртіп пен әскер түрлері бойынша әскери қызмет атқарады».

    Қазақстанның әскери заңдарының топтамасы қабылданды:

    · «Қазақстан Республикасының Қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» (1993 жылғы 9 сәуір) базалық заң, ол қорғанысты ұйымдастырудың негіздерін, мемлекеттік билік пен басқару органдарының өкілеттіктерін белгіледі.

    • Қазақстан Республикасының аумағында әскери қызмет міндетін атқарушы әскери қызметшілердің және әскери қызметтен босаған тұлғалардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет басшысы «Әскери қызметшілерді және Қазақстан Республикасы аумағында әскери қызметтен босаған тұлғаларды әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар туралы» (1992 жылғы 18 наурыз) Заң күші бар Жарлыққа қол қойды.

    • «Жалпыға бірдей әскери міндеттілік пен әскери қызмет туралы» (1993 жылғы 19 қаңтар) Заң қабылданды, онда әскери қызметтен өтудің, азаматтарды әскери міндетті өтеуге шақыруға дайындаудың және нақты әскери қызмет өтеуден шығарудың негізгі ережелері, азаматтар мен лауазымды тұлғалардың жалпыға бірдей әскери міндеттілік туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілігі айқындалды. Шақыру бойынша мерзімді қызмет пен келісімшарт бойынша қызметті ұштастыратын аралас негіздегі армияны жасақтау принциптері орнықтырылды.

    • «Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі және оларды әлеуметтік қорғау туралы» (1993 жылғы 20 қаңтар) Заң қабылданды, онда әскери қызметшілердің мәртебесі мен оларды әлеуметтік қорғау заң жүзінде баянды етілді. Әскери қызметшілердің жауынгерлік борышын орындау кезіндегі құқықтары, бостандықтары, міндеттері мен жауапкершілігі нақты көрсетілді.

    Әскери доктринаны дайындау бірінші кезектегі міндет болып белгіленді. Әскери доктрина – мемлекетте соғысты болдырмауға, әскери құрылысқа, елді және оның Қарулы Күштерін агрессияға тойтарыс беруге дайындауға, қарулы күрес жүргізу тәсілдеріне ресми қабылданған көзқарастар жүйесі екенін еске саламыз.

    Доктринаны әзірлеу кезінде бастан кешіріп отырған кезеңнің ерекшеліктері, елдерді қарсыластар мен одақтастарға дәстүрлі бөлуге көзқарастың өзгергені ескерілді. Доктринада Қазақстанның соғыс пен бейбітшілік, басқа мемлекеттердің мүдделері мен қауіпсіздігін ескере отырып, өзінің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне жаңа көзқарас қажет екенін басшылыққа алатыны атап көрсетілді. Онда тікелей соғыс қатерін еңсерудің сәті түскені, бірақ әскери қауіп-қатердің әлі де орын алып отырған атап айтылды. Сондықтан елдің қорғаныс қабілетін қорғау мемлекет пен бүкіл халықтың аса маңызды міндеті болып табылады.

    Мемлекеттің әскери саясатының құрамдас бөлігі ретіндегі әскери доктрина, бір жағынан, соғысқа жол бермеу шараларын көздеді, екінші жағынан, Қазақстан Республикасының егемендігін, тәуелсіздігін және аумақтық тұтастығын қорғау тәсілдерін айқындады. Бірінші Әскери доктринаны Жоғарғы Кеңес мақұлдады және 1993 жылғы 11 ақпанда ел Президенті бекіткеннен кейін күшіне енді.

    Жаңа мемлекеттердің дүниеге келуі бұрынғы Кеңес Одағының ұлан-байтақ аумағындағы геосаяси күштердің орналасуын түбірімен өзгертті. Халықаралық қатынастардың бес субъектісінің – Қазақстанның, Әзірбайжанның, Ресейдің, Түрікменстанның және Иранның ортақ теңізі болып табылатын Каспий мәртебесінің тұрлаусыздығы елеулі проблемаға айналуы мүмкін еді. Бұрыннан орын алған геосаяси теңгерім бұзылды. Осындай жағдайда Президенттің 1993 жылғы 2 сәуірдегі Жарлығымен Әскери-Теңіз күштерін құру көзделді.

    Республиканың өзінде сол жылдары офицерлердің барған сайын тұрақтамауының өсе түскенін ескере отырып, офицер кадрлар даярлау мәселесіне баса назар аударылды. Осыған байланысты ел басшылығы, Қорғаныс министрлігі жағдайды тұрақтандыру және осы мәселелерді шешу жөнінде қажетті шаралар қолданды.

    • кіші офицерлер құрамын даярлау үшін экстернат ашылды.

    • бұрынғы Одақтың басқа өңірлерінде қызмет еткен қазақстандық офицерлерді шақыру

    • бөлімдер мен құрамалар командирлерінің жауапты қызметіне жергілікті кадрлар қатарынан жас офицерлерді жоғарылату

    • денсаулығына байланысты зейнетте жүрген әскери қызметке жарамды, әскерлерде, басқармаларда және штабтардың бөлімдерінде істеген ұзақ жылғы жұмыс тәжірибесі бар запастағы офицерлер шақырылды

    Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Н. Ә. Назарбаев ең алдымен Қарулы Күштер құрамаларының, бөлімдер мен бөлімшелерінің, командалық құрам генералдары мен офицерлерінің жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізудегі практикалық машықты игеруге қол жеткізуін, қазіргі заманғы жалпы соғыс қимылын жүргізу үшін қажетті тактикалық ойлау жүйесін әзірлеуін талап етті. Осы мақсатпен әскери жаттығулар белсенді түрде дайндалып, жүргізіле бастады:

    • 1993 жылы корпустар мен дивизиялар штабтарының қатысуымен ірі командалық-штабтық жаттығулар өткізілді.

    • 1994 жылғы маусымда Аягөз полигонында Қарулы Күштердің басшылық құрамымен және құрамалар мен бөлімдердің командирлерімен жауынгерлік дайындық жөніндегі сынақ сабақтары өткізілді.

    • 1994 жылы Отар оқу орталығының негізінде жалпы әскерлік-тактикалық жаттығу өткізілді, оның барысында он тәулік бойына Құрлықтық әскерлердің авиациямен және десанттық бөлімшелермен өзара іс-қимыл үйлесімділігі пысықталды.

    • 1995 жылғы қыркүйекте Әскери-әуе күштерінің ұшу-тактикалық кешенді жаттығуы өткізілді.

    • 1996 жылғы қыркүйекте Әскери-әуе күштері бөлімдерінің жауынгерлік даярлығын тексеру, штаб қызметі мен әскери күштерді басқару дағдыларын жетілдіру және авиацияның ҚР Қарулы Күштерінің барлық бөлімдерімен өзара іс-қимылын пысықтау мақсатында жаттығулар өткізілді. Жаттығулар аяқталғаннан кейін Жоғарғы Бас қолбасшы Н. Ә. Назарбаев қолбасшыға Қазақстан Республикасы Әскери-әуе күштерінің Туын табыс етті.

    1997 жылғы 17 қарашада қол қойғаннан кейін «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін реформалау туралы» Президенттің Жарлығы күшіне енді, ол Қарулы Күштерді бейбіт уақытта басқаруда елеулі өзгерістер енгізілмей, өзінің міндеттерін ерекше кезеңде орындауға қабілетті, қазіргі заманғы құрылымын құруды көздеді.

    Қарулы Күштерді басқару жүйесіне жүргізілген қайта құру қазақстандық Қарулы Күштердің құрылымын және оларды реформалау бағдарламасын неғұрлым тиімді іске асыра алатын органдар құруға мүмкіндік берді.

    Қарулы Күштердің үш түрі – Жалпы мақсаттағы күштер, Әуе қорғанысы күштері, Мемлкеттік шекараны күзету күштері құрылды.

    XX ғасырдың 90-жылдарының аяғында ел аумағын әскери-әкімшілік құрылымға бөлу мәселесі өте көкейтесті мәселеге айналды, мұның өзі мыналарға мүмкіндік берген болар еді:

    · әскерлер мен әскери объектілерді Қазақстан аумағында шашыратып орналастыру, мұның өзі ұрыс қимылдары кезінде, әсіресе қазіргі заманғы соғыс құралдарын қолдана отырып ұрыс жүргізу кезінде қауқарсыздық дәрежесі мен шығын ауқымын едәуір төмендетер еді;

    · жалпы Қарулы Күштердің жұмылғыштығын арттырар еді, түрлі сипаттағы қауіп-қатерлерге олардың бағытына қарамастан неғұрлым жедел әрекет жасауды қамтамасыз етер еді;

    · жергілікті мемлекеттік билік пен әскери басқару органдары негізінде қарулы Күштердің резервін құру жөніндегі маңызды міндетті шешу және осы міндеттердің шеңберінде аумақтық қорғаныс жасау туралы бұрынырақ қабылданған шешімдердің практикалық өрісіне көшіру жүзеге асар еді

    1970 жылдан жұмыс істейтін Алматы Жоғары жалпыәскери командалық училище (АЖЖКУ) Армияның офицер кадрлар жөніндегі сұранысын қанағаттандырмады. 1999 жылы АЖЖКУ Алматы Жоғары әскери училищесі болып қайта құрылды және көп бейінді оқыту жүйесіне көшірілді. Осы кезде ол 11 мамандық бойынша офицерлер даярлай бастады, соның ішінде: командалық тактикалық мотоатқыштар, танк әскерлері, командалық тактикалық артиллерия, командалық тактикалық автомобиль әскерлері, тәрбие құрылымдарының офицерлері, командалық тактикалық байланыс әскерлері, инженерлік әскерлер, артиллериялық қару-жарақ, тыл қызметтерінің офицерлері даярланады.

    1994 жылы азаматтық авиацияның Ақтөбе Жоғары ұшқыштар училищесінің әскери кафедрасы негізінде Әскери-әуе күштері факультеті құрылды, онда курсанттар 8 авиациялық мамандық бойынша оқыды, бұл факультет ӘӘК-нің әскери авиациялық мамандар жөніндегі сапалық және сандық қажеттерін қанағаттандыра алмады. Осыған байланысты 1996 жылы Кеңес Одағының екі мәрте батыры Т. Ж. Бигелдинов атындағы Ақтөбе Жоғары әскери авиациялық училищесі құрылды.

    ӘӘК мұқтаждары үшін байланыстың және радиотехникалық қамтамасыз етудің білікті әскери мамандарын даярлау мүмкіндіктерін белсенді түрде іздестіру жалғастырылды.

    1996 жылғы маусымда Азаматтық авиация академиясы негізінде әскери факультет құрылды. Факультеттің негізгі міндеті — «радиоэлектроника» бағыты бойынша жоғары білімді мамандар даярлау, аэродромдардың байланыс құралдары мен радиотехникалық жабдығын техникалық пайдалану саласында маманданған радиоинженер кадрларын әзірлеу болды.

    1996 жылғы шілдеде Мемлекет басшысы достастық кеңістігінде баламасы жоқ, бірегей кіші командалық буындағы кәсіби кадрлар даярлау жөніндегі әскери оқу орнын – кадет корпусын құру туралы шешім қабылдады.

    1997 жылғы ақпанда Алматы Жоғары әскери учлищесінің негізінде Қарулы Күштердің әскери академиясы құрылды.

    1999 жылы алғашқы он үш тыңдаушы Әскери академиядағы оқуды ойдағыдай аяқтап, түрлі командалық және штабтық қызметтерде қызмет өткеру үшін әскерлерге жіберілді.

    Әскери білім берудің өзіндік жүйесін дамытумен қатарласа Қазақстан офицерлері жетекші шетелдік әскери жоғары оқу орындарына оқуға жіберілді.

    Қарулы Күштерді құру жылдарында ел басшылығы жүргізіп отырған сыртқы саяси бағыт шеңберінде халықаралық ынтымақтастықтың берік іргетасы қаланды.

    «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы

    «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың бастамасымен іске асырылуда. Бағдарлама халықтың үлкен мәдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мәдениет, фольклор және салт-дәстүрлерін ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мәдени және сәулет ескерткіштерін қалпына келтіру, ұлттық әдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тәжірибесін жалпылау, мемлкеттік тілде әлемдік ғылыми ойлар, мәдениет және әдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады.

    «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы рухани және білім беруді дамыту салаларындағы негізгі құжат, стратегиялық ұлттық жоба болып табылады.

    2004 жылдан бастап Қазақстан Республикасында Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасы іс жүзіне асырылуда.

    Бағдарламаның мақсаты – елдің тарихи-мәдени мұрасын зерттеу, қалпына келтіру және сақтау, тарихи-мәдени дәстүрлерді жаңғырту, Қазақстанның мәдени мұрасын шет елдерде насихаттау.

    Егемен Қазақстан мәдениетінің даму көкжиегі

    Музыка өнері

    Қазақстандық орындаушылар республика тәуелсіздік алғаннан кейін әлемнің түрлі елдерінде болған аса ірі халықаралық конкурстарда талай рет табыстарға жетті. Елдер мен құрлықтарда гастрольде болған отандық артистер көпшілікке біздің еліміздің мәдениетін кеңінен таныстыруда. Республиканың белгілі музыканттары халықаралық музыкалық қызмет саласында жемісті еңбек етуде. Мысалы, Құрманғазы атындағы Алматы консерватоиясының ректоры Жәния Әубәкірова француз әдебиеті мен өнері орденімен марапатталды, ал халықаралық конкурстардың иегері, профессор, қазақ музыка академиясының ректоры Айман Мұсахожаева 1998 жылы «Әлем артисі» жоғары атағына ие болды.

    Орындаушылық өнермен қатар кәсіби музыкалық білім саласында да өзгерістер орын алды. Соңғы он жылдықта республикада осы пішіндегі бірқатар оқу орындары ашылды және жаңа музыкалық ұжымдар құрылды:

    • КСРО және Қазақстан халық артисі Ә. Дінішев 1993 жылы Вокал театры мен академиясын құрды

    • 1994 жылы Қазақстанның халық артисі Ж. Әубәкірова авторлық колледж ашты.

    • 1998 жылы Астана қаласында Қазақ ұлттық музыка академиясы дарынды музыканттар үшін есігін айқара ашты.

    • 1993 жылы Қазақстанның халық артисі А. Мұсахожаеваның басшылығымен «Солистер академиясы» Мемлекеттік оркестрі құрылды.

    • 1998 жылы Қазақстанның халық артисі, профессор Г. Мырзабекованың басшылығымен «Қазақстан камератасы» камералық оркестрі құрылды.

    «Классика» музыкалық агенттігінің арқасында қазақстандық музыканттар гастрольде өнер көрсеткен түрлі елдерде түсірілген 24 музыкалық фильм жасалды. 1988–1999 жылдары «Классика» агенттігі ұйымдастырған «Франциядағы қазақ маусымы» тамаша оқиға болды. Ж. Әубәкірованың сольдік концерттерімен қатар Францияда: М. Бисенғалиев (скрипкашы), А. Бөрібаев (виоленчельші), Т. Орманшеев (пианиношы), М. Мұхамедқызы және Н. Үсенбаева (вокалистер) өз шеберліктерін паш етті.

    Тәуелсіздік жылдары түрлі музыкалық халықаралық фестивальдер мен конкурстар, соның ішінде дәстүрлі музыка халықаралық фестивальдер, еуразиялық фестиваль өткізілді:

    · 1998 жылдан бастап Қазақстан шығармашылық жастарының «Шабыт» фестивалы жыл сайын өткізіліп тұрады.

    · 2000 жылғы сәуірде Орталық Азия, Қазақстан және Әзірбайжан пианиношыларының тұңғыш Халықаралық конкурсы ұйымдастырылды.

    Қазіргі кезде Қазақстанның орындаушылық мектебі Таяу және Шалғай Шығыс елдерінің арасында озық орын алады. М. Бисенғалиев, А. Аюпова, Р. Ахмедиярова, Н. Кәрімов, Г. Қадырбекова, А. Құсайынов, Н. Измайлов, Р. Ермеков, Ғ. Несіпбаев, В. Тебенихин т. б. өнер адамдарының арқасында музыканттардың жаңа ұрпағы тәрбиеленіп келеді, олар Халықаралық конкурстарда өнер көрсетіп, лауреаттар мен дипломанттар құрметті атақтарын жеңіп алуда (Ж. Сүлейменова, Т. Орманшеев, А. Әлпиев, Ж. Бекішев). Олар XXI ғасырдың тамаша музыканттарының шығармашылық әлеуетін құрайды.

    2000 жылы республиканың Композиторлар одағы өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтті. Осы кезеңге дейін композиторлардың бірнеше ұрпағы ауысты. Қазіргі кезде Одақ 120-дан астам композиторлардан тұрады. Олардың қатарында Е. Рахмадиев, С. Еркінбеков, К. Дүйсекеев, Б. Баяхунов, Н. Меңдіғалиев, Э. Богушевский, Ж. Тұяқбаев, Б. Дәлденбаев, А. Бестібаев т. б. бар.

    Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры Еуразия кеңістігі аумағындағы классикалық әндердің аса ірі орталықтарының бірі болып табылады. Оның сахнасын К. Байсейітова, Қ. Байсейітов, Р. Жаманова, Е. Серкебаев, Б. Төлегенова т. б. даңққа бөледі, А. Және Ғ. Жұбановтар, М. Төлебаев, Е. Рахмадиев есімдерімен байланысты. Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының артистері Н. Үсенбаева, С. Байсұлтанов, Ж. Баспақова, М. Мұхамедқызы, түрлі халықаралық конкурстардың лауреаттары С. Ищанова, У. Кенжебеков т. б. отандық операны әлемнің түрлі сахналарында кеңінен таныстырып келеді.

    Қазақстан дәстүрлі Халықаралық опералық фестиваль өткізілетін орынға айналды. Мысалы, 2000 жылы он бірінші фестиваль Алматы мен Астанада өткізілді. Оған Ресейден, Қырғызстаннан, Моңғолиядан және басқа елдерден келген артистер қатысты.

    Қазақ ұлттық музыкасының негізгі уағыздаушылары:

    · Құрманғазы атындағы Қазақ халық аспаптар мемлекеттік академиялық оркестрі;

    · «Отырар сазы» фольклорлық-этнографиялық оркестрі

    · «Сазген» фольклорлық-этнографиялық ұжымы;

    · «Адырна» фольклорлық-этнографиялық ұжымы.

    Бұл ұжымдар ғасырлар қойнауынан жеткен далалық сазды ән-күй өнерінің өзіндік ерекшеліктерін лайықты түрде жинақтаған, ұлы қазақ композиторларының бітімі ерекше шығармаларынан сусындауға мүмкіндік беруде. А. Жұбанов, Н. Тілендиев, Ш. Қажығалиев бастаған ұжымдық қазақ аспаптық музыка өнерінің дәстүрлерін А. Жайымов, Ж. Бегендіков, Ы. Нұрғалиев, Б. Төлегенов жалғастыруда. А. Есқалиев, Т. Шәмелов, Р. Стамғазиев, Б. Сәмединова т. б. жеке аспапта орындау және вокалдық дәстүрлерді ойдағыдай дамытуда.

    Эстрада және цирк өнері

    Тәуелсіз даму жылдары еліміздің музыка өнерінің эстрадалық жанры Р. Рымбаеваның, Н. Есқалиеваның, М. Ерәлиеваның, М. Жүнісованың, Г. Сиқымбаеваның, Б. Тайлақбаевтың т. б. есімдерімен белгілі болды.

    1980 жылдары Алматыда «А-Студио» тобы құрылды, ол республикадан шалғай шеттерге де танымал болды.

    «Үркер», «АБК», «Л Дуэті» және басқалар 90-жылдардағы Қазақстан эстрадалық өнерінің өкілдері болып табылады. 90-жылдары авангардтық бағыттағы топтар да шыға бастады, олардың арасында «Рэп зона», «Металлик», «Драматик» т. б. бар. Олардың стандартқа жатпайтын өнерлері және музыкалық стилінің сонылығы – рэп, рйв, металл, рок, ауыр рок осындай топтардың көпшілікке кеңінен танымал болуына септігін тигізді.

    Жаңа техникалық құралдар және осы заманғы мүмкіндіктер жас ұрпақтың шығармашылық белсенділігі мен көркемдік қиялының көрініс табуы үшін кең өріс ашты. Олар өнердің жаңа түрінің – дискотеканың, жастардың бос уақытын ұйымдастырудың жаңа формаларының пайда болуы үшін негіз қалады. Студиялық музыканың дүниеге келуі және жетілдірілуі – қазіргі кезеңдегі дискотека дамуы шарттарының бірі.

    «Азия дауысы» фестивалі Қазақстанның көпшілікке танымал музыка саласындағы ірі оқиға болды. «Азия дауысы» атты музыкалық халықаралық конкурс 1990 жылы дүниеге келді. Таңбалы шатқалында табылған жартастағы сурет: Митра – билеп дүрген он екі кішкене адам қоршаған күн құдайы конкурстың эмблемасына айналды. «Азия дауысы» Дүниежүзілік конкурстар мен фестивальдер федерациясына қабылданды. Кейін әлемнің 50-ден астам елінің өкілдері конкурсқа қатысты. Осы фестивальдің арқасында Қазақстан эстрадасында бүгінгі таңда бүкіл әлем халықтарының әндері шырқалды. Жас қазақстандықтар М. Жүнісова, Б. Исаев, Б. Шадаева, М. Байтасов, Б. Қажымұқанов, В. Ступин, Г. Оразымбетова, «Роксонаки» тобы, «Жерұйық» тобы 11 жыл бойына соншалықты беделді конкурстың лауреаттары мен дипломанттары атанды.

    Тәуелсіздік жылдары Қазақстанда эстрадалық әннің жас орындаушыларының түрлі конкурстары пайда болды, олар: «Жас қанат», Ә. Бейсеуов атындағы «Армандастар» қазақ әнінің республикалық конкурсы, Ш. Қалдаяқов атындағы республикалық ән конкурсы т. б. Эстрада жанрының орындаушылар арасында «Алтын диск» («Золотой диск») республикалық фестиваль жыл сайын өткізіле бастады.

    Кәсіби қазақ циркі 1970 жылы Республикалық эстрадалық-цирк өнері студиясының негізінде құрылды. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Үлкен қазақ циркі өзінің қол жеткізген жетістіктері деңгейінен түскен жоқ. Соңғы онжылдықта «Сиқырлы киіз үй», «Азия жұлдыздары», «Аяз Ата компьютерлік ойындары», «Цирковой Ералаш», «Новогодняя заварушка» және «Три толстяка» бағдарламалары жасалды.

    Цирк ұжымы Қытай Халық Республикасына талай рет гастрольмен барды, ал оның жекелеген нөмірлері Польшада, Францияда, Бельгияда, Жапонияда, Германияда, АҚШ-та, Австралияда табыспен өтті. 1983 жылы Прагадағы Халықаралық конкурста сайқымазақтар – Мұрат және Елизавета Жұмағалиевтер лауреаттар атанды. Цирк артистері Досбатыровтар Веронда (Италия), Бельгияда, Монте-Карлода және Қытайда өткен цирк өнерінің Халықаралық фестивальдерінде жүлделі орындарды жеңіп алды. Артистер Т. Трестин мен Ж. Бәкенова Польшада өткен еуропалық конкурста алтын жүлдені ұтып алды. А. Кириченконың басшылығымен «Әуеде самғау» (1993) нөмірлерінің артистері, Қ. Күнғожиновтың басшылығымен өнер көрсеткен жігіттер, В. Гашутаның орындауындағы «Ренские колеса», Р. Симоненконың басшылығымен өнер көрсеткен топтар Қытайда өткен конкурстың лауреаттары мен жүлдегерлері болды.

    Қанат Шалабаевтың басшылығымен қазақтың шабандоз жігіттер тобы американ циркінде он жыл бойына ойдағыдай өнер көрсетуде. Серік Әбішев бастаған белгілі топ Австралия циркінде бес жылға жуық жұмыс істеуде.

    Қазақ мемлекеттік циркінің жанында А. Р. Измайлова басқаратын «Ерке» ұлттық би ансамблі жұмыс істейді. Ол «Айналайын» атты жасөспірім таланттар халықаралық бірінші фестивалінің (1996 жыл) лауреаты, «Netz Carnaval Club» (Франция,1999) халықаралық фестивалінің дипломанты, «Азия дауысы» халықаралық конкурсының лауреаты болып табылады, ансамбль – Түркиядағы «Fomged» халықаралық конкурсына және «Walt Disneu World» (АҚШ,2000) мәдени бағдарламасының тұрақты қатысушысы. 1999 жылы цирк өнерінің эксперименттік мектебі құрылды (жетекшісі М. В. Қуатова), мұнда қазақ циркінің ардагерлері педагог болып жұмыс істеуде. Сол жылы көптеген конкурстардың лауреаты — «Фарандолб» цирк балеті (жетекшісі М. Редько) құрылды; үш ұжымды біріктіретін би мектебі (жетекшісі Е. Рудикова) құрылды, олар: «Бэби-Дэнс» тобы («Азия дауысы» конкурсының лауреаты); «Дэнс-Класс» және «Просто так» шоу-балеті; "Мюзик-холл «Улыбка» балалар эстрадалық театры, оның қатысушылар «Әнші балапан» және «Азия дауысы» конкурстарының лауреаттары болды.

    Жалпы айтқанда, өнердің «жұмылғыш» жанры болған Қазақстанның музыка өнері тәуелсіздік жылдары айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді.

    Театр өнері

    Театрларға шығармашылық таңдау және қызмет бағыттары еркіндіктерін беру республиканың мәдени өміріндегі жүргізіліп жатқан демократиялық реформалардың көрініс болып табылады. Бүгінгі таңда театрлар репертуарды таңдауда, спектакльдер қойылымында, режисссурада және актерлер құрамын іріктеуде, гастрольдердің маршруттарын белгілеуде және ішкі проблемаларды шешуде дербес болып табылады.

    1995 жылдан бастап М. О. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық театры «Театр көктемі» атты дәстүрлі театр фестивальдерін өткізіп келеді. Бір аптаға созылатын осы фестиваль кезінде театр ұжымы соңғы жылы қойылған спектакльдерді мамандар мен көрермендердің талқысына ұсынады. Бұл орайда спектакльді дайындаған бүкіл шығармашылық топтың қосқан үлесі түрлі номинацияларда бағаланады («Таңдаулы режиссерлік жұмыс», «Таңдаулы актер», «Бірегей грим» т. б.). Осылармен қатар республика ауқымында жыл сайын театр фестивальдері таңдаулы қойылымдарымен қатысады. Мұндай фестивальдер Алматыда, Жезқазғанда, Семейде өткізілді.

    Мәдениет саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың кеңейтілуі Қазақстанда халықаралық театр фестивальдерін ұйымдастыруға және өткізуге жәрдемдесті. Театр өнері саласындағы шетелдік театр труппалары мен жекелеген қайраткерлер «Шығыс-Батыс Самалы» (1997), «Адам және сана» (Тұңғыш халықаралық қуыршақ фестивалі, 1998), «Қазіргі заманғы театр» (2000) фестивальдеріне қатысты. Өз кезегінде Қазақстанның театр ұжымдары шалғай және таяу шет елдер театрларының сахнасында талай рет өнер көрсетті.

    Қазақстанның егемендікке қол жеткізуі театр қойылымдарының мазмұнында елеулі өзгерістерге септігін тигізді. Ең алдымен, Қазақстан театрларының сахналары отандық тарихтың бұрын белгісіз қаһармандық беттері және «ақтаңдақтары» туралы шындықтың халыққа жеткізілуіне көмектескен буынға айналды. Жекелеген спектакльдер уақыттың объективті талаптары мен сұрауларына орай туындады.

    Тәуелсіздіктің алғашқы онжылдығында қойылымдардың арасында Абылай ханның бейнесіне арналған — «Абылай ханның ақырғы күндері» (авторы және режиссері М. Байсеркенов), «Абылай хан» "авторы Ә. Кекілбаев, режиссері Б. Атабаев) сияқты спектакльдерге көрермендер ерекше ілтипат білдірді. «Томирис» спектаклі (авторы Ш. Құсайынов, режиссері Т. Жаманқұлов) қазақ тарихы мен мемлекеттілігінің бастау көзіне арналды. Драматург Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» қойылымы Семей ядролық полигонының зұлматын бейнеледі. А. Тасымбековтың, Қ. Ысқақовтың, Б. Атабаевтың «Кебенек киген арулар» драмасында сталиндік қуғын-сүргін тақырыбы көрініс тапты. Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, атап айтқанда оның Жетісудағы ошағы М. О. Әуезовтің «Қилы заман» (режиссері А. Рахимов) атты белгілі шығармасы бойынша сахналанды.

    Қазіргі заманғы Қазақстан театр өнері режиссерлік мектебінің алдыңғы сапында Ә. Мәмбетов, Р. Андриасян, Ж. Хаджиев, Р. Сейітметов, Е. Обаев т. б. өздерінің шығармашылық жолын жалғастырады. Тәуелсіздік жылдары қазақстандық театрдың шығармашылық жоспарларын іске асыруға халық әртістері Х. Бөкеева, Ш. Жандарбекова, А. Әшімов, Ә. Өмірзақова, С. Оразбаев, Ж. Медетбаев, Т. Жаманқұлов, Т. Мейрамов, Ф. Шәріпова және басқа көптеген артистер өздерінің қолдан келген үлесін қосты және ұмытылмас бейнелер жасады.

    Театрдың халықаралық театр фестивальдеріне қатысуы олардың сахналық өнерін шыңдай түсті. Мәселен, 1996 жазда театр Египетте болды. М. Байсеркеновтің «Абылай ханның соңғы күндері» спектаклі табыспен өтті. Театр артистері Эдинбург қаласындағы (Ұлыбритания) халықаралық театр фестивалінің негізгі бағдарламасына қатысуға талай рет шақырылды.

    К. Әшірдің «Қабыл — Адам ата баласы» спектакліне 2001 жылы қаңтарда Алматы қаласында өткен «Ғасыр» театр фестивалінің «Фестивальдің таңдаулы спектаклі» ретінде Гран-при жүлдесі берілді. 2000 жылы көктемде Уфа қаласында (Ресей) өткен түркі тілді елдердің «Туғанлық» халықаралық үшінші театр фестивалінде бұл спектакльге «Режиссердің таңдаулы жұмысы үшін» құрметті жүлдесі берілді. «Қабыл – Адам ата баласы» қойылымы Эдинбург фестиваліне үш рет шақырылды.

    2000 жылғы қазанда театр И. Ғайыптың пьесасы бойынша Б. Атабаевтың «Естайдың қорланы» атты спектаклімен Германияда болды. Мұнда театр немістердің Мюльхайм қаласында өткен халықаралық театр фестивалінің жұмысына қатысты.

    Қазақстанның театр өнерінің дамуына Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры айтарлықтай үлес қосты. Соңғы он жылда театр бірқатар жаңа қойылымдарды жүзеге асырды, олардың қатарында Г. Доницеттидің «Лючия ди Ламмермур», "Дж. Пуччинидің «Турандот», Ж. Бизенің «Маржан іздеушілер», Дж. Россинидің «Неке векселі», В. Беллинидің «Норма» (концерттік орындалуы) қойылымдары бар. Театрдың шығармашылық ұжымы Р. Вагнердің «Тангейзер» операсының әлемдік премьерасын және «Тұрандот» операсының сахналық нұсқасын дайындады.

    Қазақстанда театр сахнасына сырттан енгізілетін жаңа идеяларға «бейімделудің» күрделі үрдісі жүріп жатыр, әдетте «бетбұрысты» кезеңдерде көбінесе ұлттық классиканың қойылымдарына немесе халықтың ұлттық өткенімен байланысты қойылымдары ықылас туғызады.

    Қазіргі заманғы театр өнерінің дамуы жолында шығармашылық қызметтің жанданғанын мойындауға тура келеді. Ұлттық классика жаңа әуенде естіле бастады. М. Метерлинктің, Б, Брехттің, Г. Ибсеннің т. б. шығармалары бойынша әлемдік репертуар пьесалары қазақ театрларында қойылды.

    Қазіргі заманғы кезеңде өнердің басқа түрлерінің көркемдік құралдарын пайдалану әрекеттері театр режиссурасының дамуындағы маңызды үрдістердің бірі болып табылады, мұның өзі драма театрының жаңа тәсілдер мен формаларды игеруге ұмтылысын көрсетеді.

    Егемендік жылдары Оралда, Өскеменде, Петропавлда, Павлодарда Қазақ драма театрларының ашылуымен және Астанада К. Байсейітова атындағы опера және балет театрының ашылуымен атап өтілді. Бұл театрлардың актерлік құрамының негізгі құрамын қазіргі Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясының түлектері құрады.

    Соңғы жылдардағы қызықты жетістіктерге және театрлар репертуарларының айтарлықтай толығуына қарамастан, Қазақстанның қазіргі заманғы театр өнері саласында тоқмейілсуге негіз жоқ. Мұнда шешілмеген проблемалар, іске асырылмаған идеялар мен жобалар көп. Қазақстан театры кеше болған, бүгін бар және ертең болатын өмірдің сахналық жалғасы болып табылады.

    Хореография өнері

    Қазақ халқының көп қырлы бай шығармашылығында би үлкен орын алады. Қазақ халқының тұрмысын, дінін, тілін, мәдениет, фольклор жәдігерлерін зерделеу бидің оның рухани және көркем мәдениеті дамуының бүкіл тарихи барысында қатар өрілген деп тұжырымдауға негіз береді.

    Қазақстанда көптеген жылдар бойына балет өнерінің үлкен шығармашылық әлеуеті қалыптасты. Елдің хореографиялық өнері үшін кадрлар А. Селезнев атындағы мемлекеттік хореографиялық училищесінде, сондай-ақ Т. Жүргеноа атындағы Өнер академиясында даярлануда.

    Мәскеу хореографиялық мектебінің дәстүрлерін оның түлектері – КСРО халық артисі Р. Бапов, Д. Нақыпов, Б. Жантаев, ҚР халық артистері Р. Байсейітова және Ж. Көшербаева-Қастеева, ҚР еңбек сіңірген артисі Р. Оңғарова, балет артистерінің «Пермь-92» халықаралық конкурсының жүлдегері С. Көкшінова қазақ сахнасында жалғастырып келеді. Қазақ балетінің белгілі артистері С. Көшербаева мен Б. Аюханов, Г. Түткібаева мен З. Райбаев өздерінің шеберліктерін Санкт-Петербург пен Мәскеуде жетілдірді.

    А. В. Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институтының (ГИТИС) атақты шеберлерінде К. Андосов, О. Шубладзе, Р. Көрпешева, К. Жақыпова, С. Наурызбаева, А. Капесов, Д. Фадеева, С. Қосманов, Г. Адамова, Р. Мусин балет педагогикасының мектебінен өтті. Қазір олар – қазақ балеті саласындағы жетекші мамандар. Олар 1930–1990 жылдары Қазақстан хореографиясын қалыптастырды және жаңа мыңжылдықта қазақ биі дәстүрін, сабақтастықты сақтап, ұзақ сахналық өмірге жол ашты.

    Бүгінгі күндері мына ұжымдар өздерінің шығармашылық қызметін жалғастыруда: бұрынғы «Алматының жас балеті» классикалық бидің Мемлекеттік академиялық ансамблі, қазіргі – Б. Аюхановтың ҚР классикалық биінің Мемлекеттік академиялық ансамблі, «Гүлдер», «Алтынай», «Салтанат» халық биі Мемлекеттік ансамбльдері. 1991 жылдан 2000 жылға дейінгі кезеңде хореография өнерінің айтулы мамандары көзге түсті.

    Д. Нақыпов 1995 жылы негізін қалаған Хореографтар одағы «Дәстүрлер жүлдесі», «Галина Уланова жүлдесі», Ұлттық мәдениетті қолдау қоры — «Қазақстандықтар – әлемдік балет жұлдыздары» атты дәстүрлі халықаралық би фестивальдеріне құрылтайшы болды. Бұл тізімді Шара Жиенқұлова атындағы қазақ би өнерінің республикалық конкурстары толықтырды. Мұндай фестивальдер Қазақстан балетін халықаралық өріске шығарған тарихи қажеттілікке айналды. Оларға қатысудың арқасында соңғы он жылда қазақ балетінің жас жұлдыздары дүниеге келді, олар: Г. Түткібаева, Б. Смағұлов, Л. Әлпиева, С. Кауков, Г. Усина, Д. Сушков, С. Көшкінова, А. Ақылбекова, басқа да көптеген бишілер.

    2005 жылғы қарашада Астанада және Алматыда «Дәстүрлер жүлдесі» атты Халықаралық VIII фестиваль өтті. Осы атақты бастамаға және оның өтуіне мұрындық болған Е. Қанапияновтың арқасында тәуелсіздік жылдары Қазақстанда әлемдік балет жұлдыздарының тұтас бір шоғыры: Уланова, Плисецкая, Васильев пен Максимова, Лавровский Үлкен және Марин театрының қазіргі заманғы жұлдыздарынан бастап Сан-Францисконың модерн-балетіне дейін, Лос-Анджелестің «Степ-Данесы», Юрий Григоровичтің балет театрының артистері өнер көрсетті. Мұндай оқиғалар хореографиялық өнер әлеуетінің және қазақстандықтардың мәдени деңгейінің өсуіне ғана жәрдемдесіп қойған жоқ. Сонымен бірге Қазақстанның әлемдегі балет мәдениетінің орталықтары қатарына кіргенін де дәлелдеді.

    Қазақстан хореографиясының дамуына дүние жүзінің басқа елдерінен келген әлемге аты әйгілі өнер шеберлері де елеулі үлес қосты. Абай атындағы Опера және балет театрының сахнасында «Махаббат туралы аңыз» балетінің 2007 жылғы қойылымы осының мысалы бола алады. Егер Ю. Григорович өзінің «Махаббат туралы аңыз» балетін әлемнің барлық балет театрларында: АҚШ-та, Францияда, Англияда және Стамбұлда қойғанын ескерер болсақ, онда бұл оқиға Қазақстанның мәдени өмірі үшін айтарлықтай өреге көтерілу қатарынан орын алады.

    Жоғары кәсіби шеберлікті, би-пластикалық тілдің көркем құралдарының кең дамығандығы Қазақстанның қазіргі заманғы хореография өнерінің көркемдік принциптері болып табылады. Бұл өлшемдер тек балет спектакльдерінің шешімінде ғана көрініс тауып қоймайды, сонымен бірге қазіргі заманғы көп жанрлы хореографияда да, сондай-ақ халықтық сахналық би өнерінде де көрініс табуда.

    Кино өнері

    1980-жылдардың екінші жартысынан бастап қазақтың көркем-кино өнерінде «Жаңа толқын» орын алды. Қазақ кинематографында осы бағыттың негізін қалаушылар Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының (ВГИК) түлектері, белгілі режиссер Сергей Соловьевтің эксперименттік шеберханасынан шыққан жастар болды. 1987 жылы С. Апрымов «Соңғы аялдама» толықметражды фильмін түсірді, ол халықаралық дәрежеде танылды. "Соловьев түлектері бірінен соң бірі тартымды фильмдер түсірді, олар: Р. Нұғымановтың «Инесі», Д. Өмірбаевтың «Шілдесі», «Жаңа толқын» осылай дүниеге келді. Кинематографистердің жаңа буынында өздерінің көркемдік және идеялық принциптері болды. Олардың кейбір еңбектері шығармашылық тәсілдің сонылығымен, әлеуметтік шиеленісімен ерекшеленді. Мұның өзі республиканың мәдени өміріндегі оң аяқ алысты аңғартты. Деректі кино түсірушілердің еңбектері де шыншылдығымен көрінді.

    Жаңа ұрпақ жаңа діл – Батыс пен Шығыстың, Еуропа мен Азияның синтезін жасай бастады. Жаңа тұрпатты режиссерлер дүниеге келді. Сонымен бірге қазақ киносының 1980 жылдардағы – 90-жылдардың басындағы «жаңа толқыны» дәстүрлі қазақ мәдениетінің шарықтап самғауын бейнелеуге тырысты. «Жаңа толқындағы» Қазақстан кинематографының картиналары отандық баспасөз бен кино сынында жоғары баға алды.

    90-жылдардың басында «Қазақфильм» киностудиясымен қатар 28 жеке меншік киностудия дүниеге келді. Сөйтіп 3–4 жылдан кейін, аман қалу-қалмау осы жеке меншік киностудиялардың басты мәселесі ғана болып қоймай, өтпелі уақытқа байланысты – фильмдердің өздерінің де басты тақырыбына, олардың сюжеттік арқауына айналды. 90-жылдардың бірінші жартысы орта буындағы және «жаңа толқын» кинорежиссерлерінің бірқатар елеулі еңбектерінің дүниеге келуімен тұспа-тұс келді, олар Қазақстан кинематографиясын әлемге таныстыра бастады.

    Мұндай түсірілімдер қатарында Д. Өмірбаевтың «Қайрат» («Күміс қабылан» жүлдесі – ХКФ, Турин, Италия; Халықаралық баспасөз қауымдастығының ФИПРЕССИ Бас жүлдесі, Локарно, Швейцария; таңдаулы бейнелеу шешімі үшін жүлде, ХКФ, Ашхабад, Түрікменстан; ХКФ Гран-приі, Страсбург, Франция), Ә, Қарақұловтың «Жадылаушы» және «Көгершін қоңыраушысы» (ФИПРЕССИ жүлдесі, Мәскеу, РФ; ХКФ дипломы, Венеция, Италия; ХКФ Гран-приі, Таорамин, Италия). Т. Теменовтің «Қызғыш құс» (арнаулы жүлде – ХКФ, Турин, Италия). Е. Шынарбаевтың «Сұр қалпақ астындағы орын» («Алтын қабылан» жүлдесі – ХКФ, Локарно, Швейцария). Б. Қалымбетовтің «Соңғы қара суық» (режиссерлігі үшін ФИПРЕССИ жүлдесі – ХКФ; Турин, Италия; Жюри дипломы – ХКФ, Берлин, ГФР; ХКФ дипломы, Киота, Жапония; Операторлық жұмыс үшін жүлде – ХКФ, Миннесота, АҚШ) т. б. фильмдер.

    1990 жылдардың ортасында республикадағы барлық фильмдердің жартысына жуығын түсірген жеке меншік студияларға қаражат табу қиынға соқты. Олардың көбісі өздерінің қызметін тоқтатуға мәжбүр болды, ал кино саласындағы мемлекеттік саясат болжалды және әбден қисынды сүрлеуіне түсті – тарихи тақырыптағы киноларға тапсырыс беріле бастады.

    1990–1993 жылдары Қазақстанда жылына 20-ға жуық көркемфильм шығарылды. 90-жылдардың ортасынан бастап фильмдер шығаруда құлдырау байқалды. Алайда олардың санының аздығына қарамастан, режиссер Е. Шынарбаевтың «Әлжуаз жүректер» (Сан-Себастьяндағы фестивальдің жүлдесі және бірқатар халықаралық кинофорумдарға қатысушы), Д. Өмірбаевтың «Кардиограмма» (Венециядағы кинофестиваль конкурсына тұңғыш рет қатысты, Токио, Канн конкурсында және әлемнің басқа да бірқатар беделді конкурстарына қатысты). А. Қарпықовтың «Кім нәзік болса, сол». В. Пұсырмановтың «Хомучи мерген» картиналарын жұртшылық жоғары бағалады.

    Әлемдік нарықта кеңінен сатылған фильмдердің арасында режиссер А. Әмірқұловтың «Абай» картинасы көзге түсті. Бұл фильмнің жоғары техникалық және шығармашылық сипаттамаларын айғақтайды.

    Қазақстанның деректі киносы да халықаралық дәрежеде танылды. С. Дворцовойдың «Бақыт» (Лейпцигте Гран-при) және В. Тюлькиннің «Крест тәжірибесі» (Каннда Гран-при) деректі кинолары әлемдік байқаулардың жүлдегерлері атанды.

    1998 жылғы қазанда Алматы қаласында «Еуразия» 1-халықаралық кинофестивалы өтті, онда Қазақстан кинематографистерінің соңғы еңбектері көрсетілді. Деректі фильмдердің арасында режиссер И. Гонопольскийдің «Алматыдағы Эйзенштейн» картинасы ерекше көзге түсті, ол белгілі кино шеберінің 1942–1945 жылдардағы Қазақстандағы өмір кезеңін мұқият зерттеу болып табылады. Қырғыз авторлары – режиссер А. Әбдіхалықовтың және оператор Х. Қыдырәлиевтің «Бешкемпир» картинасы Гран-приді жеңіп алды. Фильм жаңа мыңжылдықтың табалдырығынан аттағанда, адамзат баласының салт-дәстүрлері де жаңа реңк алуға тиіс екенін әңгімелейді. Бұл ұрпақтардың сабақтастығы, мызғымас туысқандық байланыстар, аға ұрпақтың өз мұрагерлерінің рухани қалыптасуындағы рөлі жайындағы фильм.

    Соңғы он жылдағы қазақ киносы отандық кинематографистердің өзін-өзі таныту еркіндігі, өзінің шығармашылық және өмірлік мұрат-мақсаты аясында дамып келеді.

    Бүгінгі таңда Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық компаниясы (2000 жылы құрылған) жыл сайын ондаған толықметражды көркем фильм шығаруға қабілетті, бұл фильмдер халықаралық беделді фестивальдарда басқа елдердің өнімімен бәсекелесе алады. Ол ішкі және сыртқы кино нарығынан лайықты орын алуы үшін аса ірі кинокорпорациялармен бірлесіп фильмдер шығару жөніндегі ірі ауқымды халықаралық жобаларды да жүзеге асырады. Бірақ әріптестермен пікір алысуға мүмкіндік беретін және жалпы бүкіл кино үрдісін ретке келтіретін кино туралы Заңның жоқтығы мен отандық кинопрокаттың әлсіздігі де бұл мәселенің толық шешім табуына бөгет жасап отыр.

    2006 жылы «Көшпенді» фильмінің шығарылуы Қазақстанның кинематографиялық өміріндегі маңызды оқиға болды. Фильмнің идеясын бастапқыда Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев тұжырымдады. Режиссерлер – үлкен С. Бодров, И. Пассер, Т. Теменов қазақ-жоңғар тайталасы дәуірімен байланысты қазақ халқының тарихи өткені туралы кино нұсқасын ұсынды. Қазақ халқы тарихының драмалық беттері туралы эпикалық фильм Қазақстанда да, одан сырт жерлерде де түсіністікпен жылы қабылданды.

    2007 жылғы ақпанда «Kazakh Ginema Distribution» компаниясы мен «ТұранӘлем» Банкі DVD жинақтама жинағындағы қазақ киносының «Алтын жинақтамасын» тарту ретінде ұсынды. Жинақтаманың шығуы отандық киноның тарихына жаңа бет болып енді, ол қалпына келтірілген 30 фильмнен тұрады. Фильмдер Қазақстан мен ТМД елдерінің «Қазақфильммен» түрлі уақытта ынтымақтасқан (жинақтамада «Мосфильммен», «Ленфильммен» және «Қырғызфильммен» ынтымақтастықта түсірілген фильмдер бар) артистердің ең жарқын жұлдыздары ойнаған. «Қазақ киносының алтын жинақтамасы» — нағыз қазына, Одақ ыдырағаннан кейін құтқарылған және мұқият қалпына келтірілген, кинематографистердің баға жетпес мұрасы. «Алтын жинақтама» фильмдері сценарийлерінің режиссерлері мен авторлары арасында Н. Михалков, А. Қарсақбаев, Қ. Қожықов, Е. Арон, Б. Шәмшиев, Б. Мансұров, А. Михалков-Кончаловский, С. Бодров, Р. Нұғыманов бар. «Алтын жинақтама» фильмдерінде М. Өтекешова, А. Әшімов, Н. Арынбасарова, О. Табаков, В. Цой, А. Смехова, Н. Михалков т. б. көптеген актерлер ойнаған.

    «Жаңа толқындағы» атақты қазақ режиссерлерінің орнына жас режиссерлер келді. Олар бұқаралық көрермендерге жол табуға тырысуда, көркемдік деңгейін жоғалтқан жоқ. Есімдер тек Қазақстанда ған мәлім емес: Болат Шәріп Мағжан Жұмабаевтың шығармалары бойынша «Қасиетті күнә» фильмін түсірді, Дамир Манабай Әбіш Кекілбаевтың повесі бойынша «Кек» фильмін түсірді. Рымбек Әлпиев Мұхтар Әуезовтің «Қорғансыздар күні» әңгімесін экранға шығарды. Болат Қалымбетовтың «Сардар» кинокартинасы Америкадағы кинофестивальге қатысып, сондағы кинокартина прокаттаушылардың назарын аударды. Біздің кино өнерімізге жетпейтін нәрсе кәсіби менеджмент.

    Қазақстанның бүкіл тәуелсіздігі жылдарында көптеген жетістіктерге жеткен отандық кинематография, көптеген елдерде жасалып отырғанындай, бар жағынан мемлекеттік қамқорлық ниет артуға құқылы, мұның өзі еліміздің беделіне де сөзсіз оң ықпалын тигізері және өнер атаулыға және бүкілқазақстандық көрермендерге игілікті іс болар еді.

    Сәулет өнері

    Егеменді Қазақстанның сәулет өнерінің дамуында академик Ә. Ш. Тәтіғұлов екі кезеңді бөліп көрсетеді:

    1. Тәуелсіздік жарияланғаннан кейінгі алғашқы бес жылды қамтиды, Алматыда — «Оңтүстік астанада» бірқатар ескерткіштердің және қазіргі заманғы сәулет кешендерінің құрылысымен байланысты.

    2. Келесі бесжылдықты қамтиды. 1997 жылы астананың Алматыдан Астанаға (бұрынғы Ақмола) көшірілуімен, сондай-ақ біздің мемлекетіміздің жаңа орталығын жаңғыртумен, кең ауқымда абаттандырумен, келешегін жобалаумен байланысты.

    Қазақстанда мемлекеттіліктің қалпына келтіру үрдісі Атырау, Түркістан, Семей, Қостанай, Қарағанды, Тараз т. б. қалаларда жаңа архитектуралық және мемориалдық жәдігерлерде көрініс тапты.

    Қазақстан егемендігі мен Тәуелсіздік символын бейнелейтін екінші мыңжылдықтың аяғындағы архитектуралық кешендердің арасында Президент Резиденциясын (1995 жыл) және Алматы қаласының Республика алаңында бой түзеген Тәуелсіздік монументін (1996 жыл) ерекше бөліп атауға болады.

    Тәуелсіздік монументі 1996 жылғы 16 желтоқсанда тәуелсіздіктің 5 жылдығы күні, Қазақстандағы Желтоқсан оқиғаларының 10 жылдығы күні ашылды. Оның авторлары – Ш. Уәлиханов, А. Жұмабаев, Н. Далбаев, Қ. Жарылғапов, Қ. Сұраншиев. Көрнекті тарихи ескерткіштің дүниеге келуі заңды құбылыс еді. Басқа елдер мен халықтардың тарихында, әдетте елеулі немесе аса маңызды тарихи оқиғалар бағаналар, сәулетті аркалар, монументтер тұрғызу арқылы тиянақталып отырды. Мұны Египетте, Вашингтонда, Парижде, Римде, Лондонда, Санкт-Петербургте тұрғызылған бағаналар, сондай-ақ Еуропа мен Азияның бірқатар мемлекеттерінде тұрғызылған сәулетті аркалар айғақтайды. Алматыдағы Республика алаңында тұрғызылған Тәуелсіздік монументінің өзгешелігі – оның өн бойында қазақ тарихының тағдырлы беттері бейнеленген және егеменді Қазақстанның өткенін, қазіргісін және болашағын бейнелейді.

    Тәуелсіздік жылдары бой түзеген бес жұлдызды «Анкара» мейманханасы (авторы Бижан Туберг, Түркия), «Рахат-Палас» қонақ үйі, «Астана» т. б. Алматы қаласының қазіргі келбетін қалыптастыруға елеулі ықпал етті.

    Республика экономикасының нарықтық қатынастарға көшуі банктердің, офистердің, сауда кешендерінің, үйлер мен заңғар маркеттердің қазіргі заманғы сәулетінде көрініс тапты. Соңғылардың арасында «Рамстор» сауда желісінің ғимараты ерекше көзге түседі, олардың екеуі Алматыда, біреуі Астанада.

    Алматыдағы Абай атындағы опера және балет театрының ғимаратын қайта қалпына келтіру 2000 жылы аяқталды. Отандық мәдениеттің орталығы болып келе жатқан бұл ғимаратта қазірдің өзінде бірнеше халықаралық фестивальдер мен конкурстар өткізілді.

    Ел Президенті сәулетшілердің алдына қойған міндеттерге орай жаңа астананың қазіргі заманғы келбетінде — Астана қаласында Еуразия құрлығы мәдениетінің барлық таңдаулы жетістіктері көрініс табуға тиіс.

    Астанада жүзеге асырылған бірінші кезектегі жобаларға мыналар жатады: Президент резиденциясының, Министрлер Кабинеті әкімшілігінің, Парламент пен Ішкі істер министрлігінің ғимараттары, Қаржы министрлігінің кешені, «Самал» тұрғын үй ықшамауданы, әуежай, Есіл өзенінің төңірегіндегі сәулет кешендері т. б. жатады. Соңғы уақытта мұнда Үкімет үйінің жаңа ғимараты, «Сити маркет» сауда орталығы, Спорт сарайы, Ұлттық мұражай, Еуразия университетінің корпусы т. б. бой көтерді.

    Егеменді Қазақстанның жаңа астанасын сәулеттендіру үрдісін жан-жақты қамту мақсатымен 1998 жылы Астананы дамытудың Бас жоспары үшін графикалық идеялардың халықаралық конкурсы жарияланды. Конкурсқа әлемнің түрлі елдерінен 40 өтініш және 27 жоба түсті. Конкурстың академик Ә. Ш. Тәтіғұлов бастаған төрешілер алқасының шешіміне сәйкес бірінші орынды белгілі жапон сәулетшісі Кисе Курокаваның және оның әріптестерінің жобасы жеңіп алды.

    2000 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Түркістан қаласының 1500 жылдығы атап өтілді. Бұл датаға орай Қ. А. Йасауидің бүкіл әлемге белгілі кесенесі күрделі жөндеуден өткізілді. Есім хан алаңы жасалды, «Иассы» қонақ үйі салынды, сондай-ақ Ұлы Жібек жолының символы болып табылатын «Керуен» кешенді жәдігері ашылды.

    Мамандардың пікірінше, Қазақстан тәуелсіздігінің он жылында бой түзеген сәулет жәдігерлерін төрт топқа бөлуге болады:

    1. «Ата-бабалардың және өткендегі тарихи қайраткерлердің жәдігерлері» деп атауға болады. Олардың арасында – Қорқыт ата мемориалдық кешені (Қызылорда), Домалақ ана кесенесі (Оңтүстік Қазақстан облысы), Бекет ата мешіті (Маңғыстау), Сарайшық, Қарасай және Ағынтай батырлар (Айыртау, Солтүстік Қазақстан облысы) кесенелері. Қазақстан тарихы батырларының ескерткіштері: Сұлтан Бейбарыс (Атырау), Мұхаммед Хайдар Дулати (Тараз), Абылай хан (Алматы), Қарасай, Наурызбай, Райымбек батырлар (Алматы облысы), Әбілқайыр (Ақтөбе), Шақшақ Жәнібек (Арқалық), Қаракерей Қабанбай (Рождественка, Астана), Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би (Астана), Ш. Уәлиханов (Кішкенекөл, Солтүстік Қазақстан облысы), Абай-Шәкәрім (Семей), Абай (Астана). Олардың дүниеге келуі қазақтардың ұлттық тарихына ұдайы көңіл бөлу үрдісінің қалыптасуына жәрдемдеседі.

    2. Тәуелсіздік кезеңі жәдігерлерінің екінші тобының тақырыбы — «Халық перзенттері». Бұған А. Байтұрсыновтың (Қостанай), М. Жұмабаевтың (Солтүстік Қазақстан облысы), С. Торайғыровтың (Павлодар), Қажымұқанның (Оңтүстік Қазақстан облысы), Қ. Сәтбаевтың (Алматы) ескерткіштері кірді.

    3. «Батырлар» — жәдігерлердің үшінші тобын осылай деп атауға болады. Оларға тарихи жәдігерлерге айналған ескерткіштер жатады, олар: Б. Момышұлы (Тараз), Мәншүк пен Әлия (Алматы), Ә. Молдағұлова (Ақтөбе), С. Нұрмағамбетов (Көкшетау). Бұл топқа Астанадағы, Тараздағы, Шымкенттегі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске түсіруге арналған Мемориалдық кешендерді де жатқызу керек.

    4. Жәдігерлердің төртінші тобын «Әдебиет пен өнер» тақырыбы біріктіреді. Соңғы он жылда Ж. Жабаев (Алматы), Н. Байғанин (Ақтөбе), М. Әуезов (Шымкент), А. С. Пушкин мен Т. Г. Шевченко (Алматы) ескерткіштері бой түзеді.

    Қазақстанның болашақтың қаласы бейнесінде қарқын алып отырған жаңа елордасының – Астана қаласының құрылысы тәуелсіздіктің нақты мазмұнының бір бөлігіне айналды. 2008 жылы шілдеде Астана өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтті. Астананы мерекелеу әлемдік мәндегі оқиғаға айналды, таяу және шалғай шет елдерден келген қонақтардың көптеген сапарлары, әлемдік телеарналардың, радио және мерзімді баспасөздің ақпараттық хабарлары осыны айғақтайды.

    Соңғы жылдары Қазақстан астанасының — Астана қаласының мәдени инфрақұрылымын жақсарту жөнінде бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Республика астанасында Қазақ музыкалық-драма театры, Мұражайды, Кітапхананы және Концерт залын қамтитын Президенттік мәдениет орталығы ашылды. Ақорда, Бейбітшілік пен келісім сарайы, Ұлттық кітапхана, Киноконцерт залы, Цирк – жалпы алғанда Астананың қазіргі заманғы сәулет-мәдени ансамблі құрылысы тәуелсіз Қазақстан астанасының тарихындағы жаңа дәуірдің символдарына айналды.

    Соңғы жылдары Қазақстанның көптеген қалалары мен ауылдарының, әсіресе Алматы және Ақмола облыстарындағы қалалар мен ауылдардың архитектуралық келбеті айтарлықтай өзгерді. Өзінің келбетімен елдің болашақтағы дамуының шындығы мен келешегін бейнелейтін көптеген әкімшілік ғимараттары, тұрғын үй кешендері дүниеге келді.

    Қолданбалы және бейнелеу өнері

    Қазақстан қоғамында болып жатқан мәдени-экономикалық өзгерістер қазіргі заманғы қолданбалы және бейнелеу өнерінде де өзгерістер туғызды. Дәстүрлі ағымдармен қатар мұнда жаңа ағымдар: авангардизм, модернизм, неоавангардизм және басқалар байқалып отыр.

    Қазақстан кескіндеме өнерінің мектебі Қ. Телжановтың, М. Кенбаевтың, Н. Нұрмағамбетовтың, Е. Сидоркиннің, Н. Гаевтың, Х. Наурызбаевтың, С. Мәмбеевтің, Р. Сахидың және басқа аға буындағы суретшілердің шығармашылығымен белгілі. Қазіргі кезде белгілі суретшілер: Д. Әлиев, К. Дүйсенбиев, А. Дүзелханов, К. Каметов, Ғ. Маданов, А. Есімбаев т. б. дәстүрлі өнермен байланысты жалғастыруда.

    Халық қолөнері баға жетпес мәдени құндылықтардың бірі болып табылады. Кезінде М. Ниязов, С. Салықбаев, С. Әзірбаева, А. Ақылбекова, А. Абылаев, К. Сатанова сән-қолданбалы өнердің жарқын өкілдері болды, олар ата-бабаларымыздың дәстүрлерін жалғастырды. Тәуелсіздік жылдары бұл дәстүрді қазіргі заманғы қолданбалы өнерпаз-суретшілердің тұтас бір шоғыры лайықты түрде жалғастырды, олардың арасында Д. Шоқпаров, Б. Зәуірбекова, А. Бапанов, С. Бапанова, Б. Әлібаев, Ж. Тұрдығұлов т. б. бар.

    Соңғы он жылда қолданбалы өнер шеберлерінің түрлі көрмелері мен конкурстары өткізілді. Мысалы, «Үкілі домбыра» музыкалық аспаптар конкурсы, «Дизайн кеше, бүгін, ертең» республикалық конкурсы, «Зергер-99» көрме-конкурсы, қолданбалы-декоративтік өнердің қалалық конукрсы, сондай-ақ Орта Азия мен Қазақстанның қолданбалы-сән өнері мен дизайнерлердің көрмелері, Ж. Тұрдығұлов, Б, Әлібаев, Н. Оханов, А. Тәжекенов т. б. көптеген дизайнерлер осы конкурстардың лауреаттары атанды.

    Әлемдік мәдениет тарихында сән өнері ерекше орын алады. Ол, әдетте, жоғары өнер мен күнделікті өмірде кәдеге жаратылатын өнер шегінде теңдестіріледі. Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның сәнгер-суретшілері белсенді шығармашылық ізденіс принциптеріне жүгінді. «сән-өнер» одағы қоғамның әлеуметтік қажеттігі тұрғысынан келе бастады. 1995 жылдан бастап Қазақстанда сән өнерінің өзіндік халықаралық фестивалы — «Шығыс маусымы» өткізіліп келеді, ол әлемнің түрлі түкпірлерінен жетекші сәнгерлерді жинайды, екінші жағынан, фестивальдің арқасында бүгінгі Қазақстан өзіне сән алаңын ашып отыр.

    2000 жылдан Қазақстанда «Сорос-Қазақстан» қорының қазіргі заманғы өнер орталығының жыл сайынғы көрмесі өткізіліп тұрады. Көрме зерттеу, білім беру және халықаралық институция ретінде жұмыс істейді, ол ICAN-ның (International Contemporaru Art Network – Қазіргі заманғы өнердің халықаралық желісі) бір бөлігі болып табылады. Көрменің мақсаты – елде сирек көрсетілетін, теориялық және практикалық зерттеулерді талап ететін бағыттарды қолдау. Оған еліміздегі өнердің сирек түрлері ретіндегі видео және арт-медиа жатады. Мысалы, 2000 жылғы 22–28 қыркүйекте «Атакент» Іскерлік ынтымақтастық орталығында (Алматы қаласы) болған «Коммуникациялар: өзара іс-қимыл тәжірибесі» атты екінші көрмеде қазақстандық суретшілердің 43 жобасы және Венгриядан, Украинадан, Болгариядан, Ресейден т. б. елдерден келген суретшілердің 17 жобасы көрсетілді. 7 шет елден келген 12 артсыншылары пікірсайыстар мен «дөңгелек үстелдерге» қатысты.

    2001 жылғы 4 шілдеде Ә. Қастеев атындағы Өнер мұражайында болған «Жігер – 2001» көрмесі Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына орайластырылды. Экспозицияда республиканың "Алматыдан, Астанадан, Атыраудан, Шымкенттен, Тараздан келген 112 жас суретшісінің 150 шығармасы қойылды. Көрмеге ұсынылған толып жатқан картиналардың арасында сәулесі мен шығармашылық төл сыршылдығы басым, кескіндеме өнеріндегі классикалық бағыт пен жаңа ағымдардың сабақтастығы көрініс тапқан картиналарға артықшылық білдірді.

    2005 жылы Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражай өзінің 70 жылдық мерейтойын атап өтті. Мерейтой құрметіне ескі экзпозициялар жаңартылды және «Қазақстан графикасы мен мүсіндемесі», «Қазақстанның қазіргі заманғы қолданбалы өнері», «Қазақстанның 40–90 – жылдардағы өнері» сияқты жаңа экспозициялар қойылды. «Акварель залында» көрермендер «Аула», «Суретші А. Нақысбековтің портреті», Б. Е. Өмірбековтің «Автопортрет», А. Ж. Жадайбаевтың «Бұлт», «Кеш» картиналарын, Л. Е. Набиулинаның кестеленген динозаврларын, Л. И. Қалымованың киізге төккен өрнектерін тамашалай алды. Қазіргі заманғы өнер Г. Трякин-Бухаровтың конструкциялары, Е. Мелдібековтің таксидермиясы, Е. Воробьеваның фотосуреттер фризі, Р. Хальфиннің, В. Воробьевтің және басқалардың еңбектері арқылы көрініс тапты.

    Қазақстан тәуелсіздігінің 15 жылдығы қарсаңына «Қазақстанның қазіргі заманғы қолданбалы өнері» конференциясы ұйымдастырылды, ол отандық мәдениеттің осы бағытының дамуындағы өзіндік қорытынды болды. Мүсіндеме, графика картиналары, туындылары және қолданбалы өнер бұйымдарының мерейтойға орайластырылған көрмесі «Қазақстан суретшілері Тәуелсіздік күніне» деген атаумен өткізілді. Конференция мен көрме материалдары Қазақстанның қазіргі заманғы бейнелеу және қолданбалы өнерінің жетістіктері мен келешегін айғақтады, соңғы жылдардағы ізденістер мен шығармашылық шешімдердің алуан түрлілігі жайлы сыр шертті.

    Соңғы жылдары отандық мәдениеттің әр түрлі жанрлары мен бағыттарының дамуында мемлекет пен Қазақстан халқы тарапынан да мәдени дамудың міндеттерін түсінудегі жаңа ұмтылыс аңғарылды. Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар саласындағы табыстары мәдени үрдістерге өлшеусіз ықпалын тигізді. Егер тәуелсіздіктің алғашқы жылдар мәдениеттің тарихи міндет-мақсаты қазақ халқының қайта түлеген мемлекеттілігінің негіздерін нығайтуға бағытталған болса, қазір оның міндеттері Қазақстанның қазіргі заманғы әлемдік мәдени үрдістер жүйесіндегі орнын айқындауда болып отыр. Елдің әлемнің неғұрлым дамыған 50 елінің қатарына кіру стратегиясы қазіргі заманғы Қазақстан мәдениеті келешегінің көкжиегін де айқындайды.

    Қазіргі заман ақпарат мәдениеті. Бұқаралық ақпарат құралдары

    Бұқаралық ақпарат құралдары дегеніміз мерзімді және мерзімсіз басылымдар, қалың көпшілікке арналған радио және телебағдарламалар, аудио-визуалды жазба және көпшіліктің қолжетімді телекоммуникациялық желілердегі WEB -сайттарды (Интернет және басқалар) қоса алғанда қалың бұқараға арналған мерзімді немесе үздіксіз бұқаралық ақпарат таратылымдарының өзге де формалары. Ақпараттың қазіргі заманғы қоғам өміріндегі мәні орасан зор. Қазіргі кезеңде БАҚ-ты әлі де «төртінші билік» (заң шығарушы, атқарушы және сот билігінен кейінгі) деп атайды, өйткені олар қазіргі заманғы ақпарат әлемінде саяси жүйенің тиімді жұмыс істеуінде маңызды рөл атқарады.

    1995 жылғы ҚР Конституциясы және 1991 мен 1999 жылдары қабылданған, Қазақстан баспасөзінің жаңа жағдайларда дамуы жолдарын айқындап келген «Баспасөз және басқа бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заң БАҚ-тың жұмыс істеуінің заңнамалық негізі болып табылады. 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық реферундумда ҚР Конституциясы сөз бен бұқаралық ақпарат еркіндігіне кепілдік берді.

    Егер егемендік алғанға дейін 5–6 рет республикалық газет, бірнеше ведомстволық және ресми басылымдар шыққан болса, онда бүгінгі таңда олардың саны мыңнан асады. Мәселен, 1998 жылы 1334 газет, 280 журнал, 202 телекомпания, 74 телерадиокомпания және 80 радиокомпания тіркелді. Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары: газеттер-642, журналдар-149, радиокомпаниялар-69. Тек 26 республикалық басылым ғана бюджеттен қаржыландырылады; бұл негізінен, балалар, оқу және әдеби басылымдар, сондай-ақ аз ұлттардың – ұйғыр, корей, неміс, украин газеттері. Қазақ тілді басылымдар да мемлекеттік қолдауға мұқтаж болып отыр, өйткені олардың өңірлік қаржы есебінен өмір сүру мүмкіндігі шектеулі.

    2008 жылы Қазақстанда 8248 бұқаралық ақпарат құралы (2513 БАҚ белсенді түрде жұмыс істейді), 212 электрондық бұқаралық ақпарат құралы тіркелген, шет мемлекеттердің 2392 бұқаралық ақпарат құралы таралады, сондай-ақ КZ доменінде 9000-нан астам домендік есім тіркелген.

    БАҚ-тың 85%-ы үкіметтік емес БАҚ болып табылады. Қоғамдық қауымдастықтар 159 БАҚ-тың иесі болып табылады. 11 басылым саяси партиялар мен қозғалыстарға тиесілі және 10 діни ұйымдардың еншісінде.

    Жалпыұлттық ақпарттық БАҚ-тарға, ең алдымен күн сайын шығатын «Егемен Қазақстан», «Казахстанская правда», «Жас Алаш», «Экспресс К», «Заң газеті» газеттері, апта сайын шығатын «Қазақ әдебиеті», «Түркістан», «Новое поколение», «Деловая неделя», «Ана тілі» газеттері жатады. Республикалық мәндегі журналдарға: «Простор», «Ақиқат», «Мысль», «Жұлдыз» журналдарын жатқызуға болады, жалпыреспубликалық деңгейдегі электрондық ақпараттарға: «Қазақстан-1», «Хабар», «КТК», «НТК», «Еуропа плюс – Қазақстан», "Радио NS”, «Караван» жатады.

    Егер кеңестік кезеңде БАҚ, атап айтқанда басылымдық баспасөз, мазмұны жөнінен бір-бірінен онша айырмашылығы болмаған болса, онда бүгінгі таңда біз баспасөздік бұқаралық-медианың мазмұны, бағыты, сапасы жағынан күрт саралану үрдісін байқаймыз. Баспасөз БАҚ-тары радио және телеарналардан өзгеше түрде оқиғалар мен үрдістерді жеделірек көрсетпейді, бірақ неғұрлым көбірек егжей-тегжейлі және толық түрде жазады.

    Нарықтық бәсеке және ақпараттық саланың демократиялануы жағдайында бірқатар мемлекеттік емес БАҚ-тар отандық ақпарат нарығында көпшілікке танымалдығы жағынан рейтингтің көшбастаушылары болып табылады. Мұндай БАҚ-тарға: «Караван», «Время», «Аиф-Казахстан», «НП-Новое поколение», «Деловая неделя», «Экспресс К», «Панорама»; электрондық БАҚ-тар – КТК, НТК, «Хабар» агенттігі, «Радио HS», «Еуропа плюс – Қазақстан» жатады. Бірқатар БАҚ-тардың сапалық күйі де айтарлықтай өзгеруде, жарияланымдардың мазмұндық бағыты да күрделі сипат ала түсуде.

    Қаралып отырған кезеңде балалар, жарнамалық, жастар басылымдарының саны айтарлықтай өскен. Елде діни тақырыптағы БАҚ алғаш рет пайда болды. Соңғы жылдары «Ислам және өркениет», «Иман», «Ислам», «Нұр-Шапағат» сияқты басылымдар қоғамдық пікірдің қалыптасуында елеулі рөл атқарып келеді.

    2006 жылғы 20 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында 212 электрондық бұқаралық ақпарат құралы жұмыс істейді. «Қазтелерадио» АҚ-ның дерегінше аумақта республикалық арналардың телевизиялық және радиобағдарламалармен қамтуы қазіргі кезде мынадай: «Хабар»-95,7%; «Қазақстан»-96,25%; «Ел арна»-75,5%; «Бірінші канал-Еуразия»-78,6%; Қазақ радиосы – 86,99%. Сондай-ақ «CaspioNet» ұлттық спутниктік канал арнасы Еуропа, Орталық Азия, Орта шығыс және Африканың солтүстік бөлігі елдерінің аумағына таратылады. Арнаның әлеуеті аудиториясы – 99 миллион көрермен. Арна тәулігіне үздіксіз 24 сағат бойына хабар таратады.

    Облыстық теле және радиобағдарламаларды тарату Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін ұлттық спутниктік телерадиохабар желісі (ҰСТРХЖ) шеңберіндегі спутниктік арналар бойынша жүзеге асырылады, ол толық іске қосылғанға дейін кейбір өңірлерде облыстық телевизия және радиобағдарламаларын беру сақталып отырған жербетілік радиореле желілері бойынша жеткізіледі.

    Күрделі экономикалық жағдайға қарамастан, мемлекет ұлттық мерзімді басылымдарды мемлекеттік тапсырыс есебінен қаржыландыру мүмкіндігін іздестіреді. Қазақ және орыс басылымдарымен қатар республикада өзбек, украин, поляк, ағылшын, неміс, корей, ұйғыр тілдері мен басқа да тілдерде газеттер мен журналдар шығарылады, эфирге хабарлар таратылады.

    Жаңа астананың құрылуы

    1992 жылы қалаға оның ежелгі атауы Ақмола қайтарылды, ол ақ мол дегенді білдіреді. Ал тағы 2 жыл өткенде Президент Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның астанасын осында көшіру туралы ұсынысын алға тартты.

    Астананы көшіру туралы ойын алғаш рет 1994 жылы 6 шілде де елдің Жоғарғы Кеңесінің сессиясында ортаға салған Президент оны табанды әрі жоспарлы түрде іс жүзіне асыра берді. Депутаттар оны өз қаулысымен қолдады. 1997 жылғы 10 қазанда Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» Жарлығы шықты.

    1998 жылы 6-мамыр жаңа елорданың атауы Астана болып өзгертілді. 1998 жылы 10-шілде Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың халықаралық тұсауы кесілді. 1998 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына «Әлем қаласы» жоғары атағы беріліп, медальмен марапатталды.

    Жаңа астана үшін оның сәулеткерлік бейнесі орасан зор маңызға ие болып отыр. Алғашқы жылы-ақ Президенттің бастамасымен Астананың нобайлық идеясына халықаралық байқау жарияланған болатын. Ол ескерусіз қалған жоқ. Оны жүзеге асыруға ат салысу туралы үндеуге есімі әлемге әйгілі талай сәулетші үн қатты. Жеңімпаз ретінде дүние жүзіне белгілі жапон сәулетшісі Кисе Курокава танылды. Оның ұсыныстарының негізінде қала дамуының 2030 дейінгі Бас жоспары әзірленді.

    Қазір астана құрылысы шапшаң жүруде, жаңа тұрғын үйлер мен зәулім ғимараттар көбейіп келеді. Аз уақыттың ішінде Президенттік Мәдени орталық, Конгресс-хол, Мәдениет сарайы, Л. М. Гумилев атындағы Евразия университеті, ауқымды жаңа тұрғын ықшамаудандар, халықаралық деңгейдегі мейманханалар салынып, Абай мен Кенесары ханға ескерткіштер орнатылды.

    2002 жылы Еуразияның кіндігі – Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған «Астана-Бәйтерек» монументі салынды. Бұл монумент қазақ елі тамырын мәуелі бәйтеректей тереңге жіберген ел екенінің дәлелі іспеттес. Монументтің биіктігі – 105 метр. Мұнда көркем галерея, үлкен аквариум, мейрамхана және 97 метр биіктікте қаланы жоғарыдан тамашалауға болатын обсерватория алаң бар.

    Ақ Орда – Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы. Ол Есіл өзенінің сол жағалауында, Сулы-желекті бульвардың бас жағында, «Бәйтерек» монументінен 300 метр жерде орналасқан. Ғимараттың ауданы 36 720 шаршы метр. Ақ Орданың жанында Республика Парламентінің ғимараты, Үкімет үйі, Жоғарғы Сот ғимараты, Министрліктер үйі орналасқан.

    2003 жылы «Бейбітшілік және келісім сарайы» салынды. «Бейбітшілік және келісім сарайы» — ұлтаралық және конфессияаралық тұрақтылықтың, халықтар достығының өзіндік символы тәрізді. Биіктігі 62 мерт және негізіндегі ені де сондай түзу пирамида формасында салынған. Ғимарат жасанды он бес метрлік үйінді үстінде орналасқан. Әртүрлі әлемдік дәстүрлі діндер өкілдері жиналатын жерде Мәдениет мұражайы, Өркениет университеті, 1500 орындық Опера театры орналасқан.

    «Нұр-Астана» — 2005 жылы 22 наурызда бой көтерген мешіт Елорда халқын имандылққа ұйытып отырған бірден-бір қасиетті мекен. Әйнек, бетон, құрыш, гранит, алюкобондтан салынған мешіттің сәулетінен шығыстың нәзік нақышын байқау қиын емес. Көлемі 4 мың шаршы метрлік мешіттің ішіне 5 мың адам сияды. Ал алдыңғы алаңда 2 мың адам бір мезгілде Аллаға мінәжат ете алады. Әрқайсысы 62 метрлік 4 мұнара қаланың халқына Жаратушының кеңдігі мен шапағатын еске салып тұрады.

    2008 жылы Астананың сол жағалауындағы әсем де зәулім ғимараттар қатарын «Қазақ елі» монументі толықтырды. Идеяның негізгі авторы Елбасы Н. Назарбаев. Монументтің биіктігі 91 метр. Бұл қазақ елінің 1991 жылы алған тәуелсіздігі мен арман-мақсатының символы.

    2010 жылдың 1–2 желтоқсанында Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының жоғары деңгейдегі жетінші саммиті өтті. Қай жағынан қарасақ та, Астана күн санап емес, сағат санап бой түзеп әрі сұлулана түсуде.

    Астана сөзі қазақ тіліне парсы тілінен ауысқан. Онда ол «киелі орын», «босаға» деген мағыналарға ие. Қаланың атауы Қазақ тілінен алынған. Қазақша ол сөз елдің бас қаласы дегенді білдіреді.

    Астана қаласының Бас жоспары — Астана қаласының тіршілік –тынысының қолайлы ортасын құру және оны орнықты дамыту, экологиялық қауіпсіздікті, табиғат пен мәдени мұраларды сақтау мақсатында жасалған қала құрылысының жоспары. Бұл жоба Қазақстанның президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен іске асып жатыр.

    Астанаға-15 жыл. Қазақстанның халықаралық даңқы Астана даңқымен еселене тсуде.

    Ел ордамыздың аты қазірдің өзінде Еуроазия мен Солтүстік Америкадан 56 елдің мемлекет пен үкімет басшыларын жинаған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының ХХ1 ғасырдағы алғашқы саммиті өткізілген жер ретінде жаһандық тарихқа енді.

    Ү11 Азия ойындарын, Бүкіл әлемдік туритстік ұйымы Бас ассамблеясының ХҮ111 сессиясын, Ислам ынтымақтастығы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 37 сессиясын қабылдады. Осында, 2003 жылдан бастап Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының төрт съезі, сондай-ақ, басқа да көптеген халықаралық форумдар өтті.

    Бүгінде бүкіл әлем Астана туралы «Болашақтың энергиясы” ұранымен өтетін халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесінің болашақ қожайыны ретінде болады. Бұл көрмеге әлемдегі 150-ден астам ел қатысады. Астананың серпінді экономикасы бар-жоғы он бес жылдың ішінде дамыды. Астананың өңірлік жалпы өнім көлемі 45 есеге жуық өсіп, 60,5 миллиард теңгеден 2,6 триллион теңгеге жетті. Қала инфрақұрылымдарын жаңғырту мен кеңейту үдерістері белсенді жүріп жатыр.

    »Астана-Бәйтерек” кешені керемет құрылыс. Астананың қасиетті белгісі болып табылады. Ғимараттың биіктігі -97 метр, аумағы 22метр. Темірден, шыныдан, бетоннан орнатылған алып бәйтерек. Салмағы 300 тонналық "Хамелеон” әйнегінен жасалған шар Астананың көркін келтіріп тұрған ең әдемі кешен. "Бәйтерек”, Елорда, Есілдің сол жағында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы. "Бәйтеректі”-өмір ағашы- деп те атайды. Бұл сәулет туындысы халық ертегісі "Ер төстіктің” оқиғасы желісімен өрілген. Өз бақытын іздеп шыққан Ер Төстік қиын-қыстау заманда зәулім бәйтерекке тап болады. Ұшар басына көз жетпейтін мәңгілік өмір ағашына таң-тамаша қалады. Нақ төбесіне де ұя салған самұрық құстың алтын жұмыртқасына ие болады. Сөйтіп, бақытты-баянды ғұмыр кешеді. Мәңгілік өмірді жер жаһанға жария етіп тұрған «Бәйтерек”- Бас қаламыздың символы. „Астана-Бәйтерек” үш бөліктен- тамыры, діңі және ұшар басынан тұрады. Үш бұрышты күміс тұмар даму үрдісіндегі өміршеңдікті білдіреді. Бәйтеректің ең жоғарғы қабатынан Астананың жан-жағы алақандағыдай көрінеді. Қазақстанның бас қаласы Астана қаласының орналасқан жері- құтты мекен, топырағы құнарлы, төскейі шұрайлы.

    Астана-күн санап көркейіп келе жатқан қала. Оның өсіп өркендеуі, сөз жоқ, мемлектіміздің абыройы. Осы аз уақыт ішінде Астана сыртқы келбетіне ішкі сұлулығы үйлесіп, қанат жайып, сырттан келгенді де, іштен барғанды да тамсантып тастайтын ғажайып қалаға айналды. Қалада соңғы жылдары қазақтың зиялы қауымы да шоғырланып қалды. Олар жаңарған қалаға өзіндік ұлттық сипат дарытып, өркениет сатысына көтере түсері анық.

    Біз-17 миллионбыз!

    Оңтүстік Қазақстан облысы, киелі Сайрам ауданы, Таскен аулында 17 миллионыншы қазақстандық тіркелді. Ол Алтынбек есімді ұл бала. Ұлты- қазақ. Анасының есімі-Гүлмира мұғалім. Әкесінің есімі- Мұрат Есқаратегі.

    Осы Оңтүстік Қазақстан облысының Қазығұрт баурайында 11 миллионыншы Қазақ дүниеге келді. Есімі Мұхтар, анасының есімі- Шолпан, әкесі-Мәлік. Мұндай қуанарлық оқиғалар еліміздің мақтанышы, ұлысымыздың ұйтқысы саналатын өңірдің демографиялық мәртебесі.

    Қазақстан Республикасының Конституциясы,1995 жыл 30 тамыз

    1998ж. және 2007жылғы конституцияға өзгертулер мен түзетулер Парламенттің қарауымен шешім қабылданып, жүзеге асты. Қ Р Конституциясындағы Жалпы ережелер деп аталған 1-бөлімде Қазақстан Республикасының сипаттамасы, президенттік басқару, құқықтың қолданылуы, меншікке қатысты қағидалар тұжырымдалған.

    Адам және азамат 2 бөлімінде, адам құқықтары, бостандықтары мен міндеттері, азаматқа байланысты ережелер белгіленген.

    3- бөлім. Президенттің, 4-бөлімде Парламенттің,5- бөлімде Үкіметтің құрамының жасақталуы, сайлану мерзімдері мен заңдары, атқаратын қызметтері, ішкі-сыртқы саясатты айқындап жүргізуі айтылған.

    6-бөлім. Конституциялық кеңестің құрылуы мен қызметінің бағыттары.

    7-бөлім. Соттар мен сот төрелігінің жасақталуы, атқаратын қызметі мен реттілігі айтылған. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару ережелері 8–9 бөлімдерінде айтылған.

    Конституцияның маңызды ерекшелігі- ол бір жағынан мемлекеттің, ал екінші жағынан, қоғамның негізгі заңы болып табылады.

    Қазақстан Республикасының Конституциясының жоғарғы заңдық күші бар, бүл-мемлекеттік органдар қабылдайтын заңдар мен нормативтік құқықтық актілер. Конституцияға қайшы болмауға тиіс дегенді білдіреді. Мемлекеттік органның қандайы болсын Конституция қағидаларын сақтауы тиіс.

    Заңды сауатты білген адам әділетті, парасатты, турашыл да батыл болса, заңды білмейтін адам жағымпаз, жасқанщақ, екіжүзді, қорқақ болады. Сондықтан әрбір адам заңды бұзбай, өздерінің құқықтары мен міндеттерін білуі тиіс.

    Қазақстан-2050» стратегиясы –қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты

    Біз бүгін –өзіндік бет-бейнесі бар, өзіндік ерекшеліктері мен өзіндік ұстанымы бар табысты мемлекетпіз. Біздің алғы шепті алуымыз қымбатқа түсті. Ел 20 жыл бойы егемендігіміз бен саяси салмағымызды нығайтуға жұмыс істеді. 20 жыл өткен соң бұл мақсатқа қол жетті. Қалыптасу кезеңі табысты аяқталды. Қазақстан ХХ1 ғасырдың басында тәуелсіз әрі өзіне сенімді болып отыр. Жаһандық дағдарыстың жалғасуының әсерінен әлемде болып жатқан өзгерістер бізді үрейлендірмейді. Біз оларға дайынбыз. Біздің ендігі міндетіміз –егемендік жылдары қол жеткізгеннің барлығын сақтай отырып, ХХ1 ғасырда орнықты дамуды жалғастыру.

    Біздің басты мақсатымыз- 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құру. Мықты мемлекет экономикалық жедел өсу жағдайын қамтамасыз ету үшін аса маңызды болмақ. Мықты мемлекет күнкөріс саясатымен емес, жоспарлау саясатымен, ұзақ мерзімді дамумен және экономикалық өсумен айналысады. Дәл осы себепті мен сіздерге жаңа Жолдау ұсынып отырмын. Бұл-еліміздің даму перспективаларына жасаған өзіндік пайымдауым. Бұл- жаңа саяси бағыт…

    Елбасы Жолдауынан, 2012 ж.14 желтоқсан

    Қазақстан Республикасы президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында Қазақ елінің дамыған отыз елдің қатарында болу мақсаты баяндалған.

    Жолдау стратегиясының жеті бағыты анықталған:

    1. Жаңа бағыттың экономикалық саясаты-пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне негізделген экономикалық прагматизм.

    2. Ұлттық экономикамыздың жетекші күші-кәсіпкерлікті жан-жақты қол- дау.

    3 Әлеуметтік саясаттың жаңа принциптері-әлеуметтік кепілдіктер мен жеке жауапкершілік.

    4. Білім мен кәсіби машық –заманауи білім беру, кадрларды даярлау мен қайта даярлау жүйесінің негізгі бағдарлары.

    5. Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту.

    6. Дәйекті де болжамды сыртқы саясат-ұлттық мүдделерді ілгерілету мен өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайту.

    7. Жаңа қазақстандық патриотизм –біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымыздың табысының негізі.

    Жолдауда «Бәріміз бір атаның-қазақ халқының ұлымыз», «Бәріміздің де туған жеріміз біреу-ол қасиетті қазақ даласы», «Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол-Тәуелсіз Қазақстан».

    Білім сапасы халықаралық стандарттарға сай болуы тиіс. Бұл туралы «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» деді Елбасы өзінің «Қазақстан-2050»стратегиялық Жолдауында. Бәсекеге қабілетті маман қалыптастыру- білім беру саласы мамандарының басты мақсаты.

    Мемлекеттің жаңа саяси бағытын айқындап берген «Қазақстан-2050» стратегиясында бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін сауаттылығы мол елге айналу керектігіне аса мән берілгені мәлім. Осы елдің ертеңі, болашағы –бүгінгі өскелең ұрпақ десек, оларға осы бағытта дұрыс тәлім-тәрбие, сапалы білім берілуі міндетті шара.

    Қазақстандық патриотизм-Қазақстанды Отаным деп сезініп, басқа этностардың қазақ халқына құрметпен қарауын, әр этностың құқықтық еркіндігін қуаттай отырып, туған жерін және оны қорғауға дайын болу. Елбасы Жолдауында /Қазақстан-2050/ біздің қоғамымыздың табысының негізі-жаңа қазақстандық патриотизм екендігі айтылды. Бұл ретте біз ел тәуелсіздігі мен қоғамдық келісімді сақтауға және нығайтуға тиіспіз.

    Жоғары патриоттық сезімдер-ұлттық намыс, өз ұлтының жетістіктерін бағалау, отан қорғауға әрқашан дайын болу, ерлік дәстүрін қадір тұту.

    Төменгі патриоттық сезімдер-өзінің бойында ұлттық намысы жоқ, өз ұлтының жетістіктеріне қарсы болу, құлдық сезім т. б. жатады. Мұндай төменгі патриоттық сезімдердің ішіндегі құлдық сезім өте қауіпті.

    Патриоттық тәрбиенің негізі, қазақ патриотизімі ерте кезден бері қалыптасты. Себебі сонау сақ дәуірінен, Күлтегін, Тоныкөк, Білге қағаннан, Қазан төңкерісіне дейінгі кезенде туған жер үшін ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен күресіп, келешек ұрпағына Отанымызды, «қазақ” атауын біздерге мұра етіп қалдырған батырлар, билер, хандар заманында ауызекі түрде жыр, өлеңмен тараған патриоттық өсиеттердің негізінде бізге жеткен. Демек, қазақ патриотизімі-рухы биік жеке тұлғаны қалыптастырудағы ата-бабаларымыздың қаһармандық, батырлық отансүйгіштік тәлім-тәрбие беру идеалдарының жиынтығы деп айтуымызға болады.

    »Қазақстан-2050"стратегиялық бағытын жүзеге асыруда біздің-қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктеледі. Тағлымы мол тарихымыз бен ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай асамыз. Осыдан үш ғасыр бұрын Аңырақайда болған шайқаста ата-бабаларымыз бірліктің құдіреті қандай боларын өзіне де, өзгеге де дәлелдеген. Сын сағатта туғын елге деген перзенттік парызды бәрінен биік қоя білген. Бізді бір-бірімізбен біріктіретін де, бауыр ететін де батыр бабаларымыздың бостандық жолында төгілген қаны деп білеміз. Біз бәріміз бір атаның-қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу-ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол тәуелсіз Қазақстан.

    Патриотизм-бұл болашақ елдің игілігіне жұмсалатын инвестиция. Ол- білім, жасампаз еңбек арқылы қалыптасады. Патриотизм- бұл өз Отанына деген көркем махаббат. Жүрегінде еліне деген сүйспеншілігі болмаса, қанша білікті болсаңда өмірің зая кетті.

    Тарих. Егемен Қазақстан патриотизмі.

    «Патриоттық –ұлы ұғым»-Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы №64мектеп-лицейдегі оқыған дәрісінде "Биылдан бастап мектептерге «Қазақ елі» деген пән енгізіледі. Бұл патриоттыққа тәрбиелейтін пән… Нағыз патриоттық тәрбие үйден, өз отбасынан бастау алады. Ата-ананы, іні-қарындасты, туған-туыстың баршасын жақсы көру патриоттық сезім қалыптастырады. Солардың қамын ойлау арқылы Отанға жақсылық жасайсың "деді Президент. Адамның өз Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүрі мен мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімін сыйдыратын патриотизм ұғымы адамзат қоғамында мемлекет құрылған кезеңнен бері қалыптасып келе жатыр. Тарихтың ұзына бойында патриотизмнің сан түрі көрініс тапты. Полистік патриотизм антик дәуіріндегі қала-мемлекеттерде бой көтерсе, империялық патриотизм империяға адал берілуді әуезе етті, этностық патриотизмнің бүйрегі бәрінен бұрын өзінің сүйегіне бұрылса, мемлекегтік патриотизм алдымен мемлекеттің мүддесін ойлауды, туған елге деген перзенттік сүйіспеншілікті ту етіп ұстады. Елбасымыз адам парасатының парқы ең алдымен оның патриотизмінен танылатынын дәйекті дәлелдеді.

    «Патриотизм»-грек тілінен аударғанда-Отандас, Отан, туған жер, деген мағананы білдіреді. Қазақ ұлттық энциклопедиясында: «Патриотизм-Отаншылдық, отансүйгіштік, адамның Отанына, туған еліне, оның тіліне, салт-дәстүріне, мәдениетіне деген сүйіспеншілік сезімі»деп анықтама берілген.

    Ұрпақ бойына қаншалықты асыл қасиеттерімізді сіңіре алсақ, жылдар өте, жемісін көреміз. Ұрпақ тәрбиелеу ісінің жауапкершілігі, күрделілігі мен маңыздылығы да осында. Ұлтжандылық, отан сүйгіштік, адамгершілік қасиеттер адам бойына ұлттық рұхымыздан нәр алып, ұрпақтан ұрпаққа сіңелі. Ол-Отан тарихы мен әдебиеті, мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы, тілі, ділі мен діні. Осылар біздің нәр алатын терең тамырымыз.

    Азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны Қазақстан Республикасына сүйіспеншілік, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрін қастерлеуге, Конституцияға қайшы және қоғамға жат кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу.

    Қазақстан Елулікке енді

    Қазақстан Бүкіләлемдік экономикалық форумның рейтингіне бірнеше жылдардан бері қатысып келеді. Мәселен, осыдан бес жыл бұрын біздің ел осы рейтинг бойынша 67-ші орында тұрған болатын. Демек бес жылдың ішінде 17сатыға көтерілген екенбіз. Бұл- үлкен жетістік. Егер сол кездегі бізбен көршілес, одақтас елдердің сол кездегі жағдайына назар аударатын болсақ, осыдан бес жыл бұрын Ресей-63-ші орынды, Әзербайжан-51, Литва-53, Түркия-61, Латвия-68, Украина-82, Грузия-90, Тәжікстан-122, Қырғызстан-123-ші орынды еншілеген болатын. Жаһандық бәсекелестікке қабілеттілік жөніндегі жаңа тізімді Швейцария бастап келеді.

    Өткен жылдың нәтижесіне назар аударсақ, Қазақстан онда 51-ші орынға ие болып, біз мақсат еткен елуліктің табалдырығына табан тірегенболатын. Енді міне, елуліктің ішіне ендік. Мұнымен де тоқталып қалмасымыз анық. Өйткені, Елбасымыз Қазақстан дамуының 2050 жылға дейінгі стратегиялық мақсатын айқындай отырып енді 30 елдің қатарына кіру талабын алға қойып отыр. Демек, келешек көкжиесіндегі алға қойған мақсатымыз қазіргіден әлдеқайда биік. Қазақстан әлемді кернеген дағдарысқа қарамастан жыл өткен сайын жүйелі түрде алға басып келе жатқандығын қазіргі күні әлемнің әр шалғайындағы халықаралық сарапшылар назарға алып, атап көрсетуде. Халықаралық рейтингтер бойынша Қазақстанның жылдан-жылға алға басуы соның айқын көрінісі.

    «Нұр Отан» партиясы.

    18 қазан 2013 жылы Тәуелсіздік сарайында «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс ХҮ съезі болып, оның жұмысына Елбасы- партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, сөз сөйледі. Съезд жұмысын партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жүргізді.

    Елбасымыздың «Қазақстан-2050»Стратегиясындағы елімізді алдына барынша дамыған 30 мемлекеттің қатарына енгізу туралы жаңа міндет қойып, «Нұр Отанның»болашаққа жол сілтейтін темірқазығы болатындығын айтты. Сонымен бірге партия көшбасшысының тапсырмасына сәйкес «Нұр Отан»партиясының жаңа Доктринасы қабылданды. Сөйтіп, партиямыздың ХХІ ғасырдағы миссиясы мен «Қазақстан-2050» Стратегиясын іске асыру ауқымындағы рөлі айқындалды.

    Съезд партияның атауын қайта өзгерту жөнінде ұсыныс енгізді. Енді партияның атауынан «халықтық демократиялық» деген сөзді алып тастап, «Нұр Отан» деп аталатын болды. Б. Байбек «Нұр Отан» Саяси кеңесінің партиялық символиканы да өзгертуді ұсынды.

  • Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]