Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ежелгі азастан.docx
Скачиваний:
204
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
487.04 Кб
Скачать

Қазақ халқының қалыптасуы

Қазақ халқының этникалық қалыптасуы алғашқы қауымдық құрылыстың ыдыраған кезінен басталады. Этнос – тарихи жағдайда қалыптасқан тілі, салт-дәстүрі, тұрмысы ортақ, басқалардан бөлектенген адамдар тобы. Кейбір жазба деректерде «қазақ» сөзі ескі түрік тіліндегі «еркін адамдар» ұғымын білдіретінін айтады. Тағы бір деректерде сақ, хазар тайпаларының атынан шыққаны айтылады.

XV ғасырдағы Шайбани Әбілқайыр хандығындағы, яғни Дешті-Қыпшақтағы көшпелі халықтардың этникалық бірігу процесі тез жүрді. XV ғасырдың ортасына қарай Әбілқайыр ықпалы әлсіреді. Оған қарсы шыққан Керей мен Жәнібек сұлтандар артына көп халықты ертіп, Жетісуға көшті. Міне, осы Керей мен Жәнібектің артынан ерген және осы хандардың билігіне қараған бұрынғы Шайбани хандығындағы халықтар қазақтар деп аталды. Қазақ халқының құрамына арғын, найман, дулат, керей, үйсін, қаңлы, қыпшақ, алшын, қоңырат, жалайыр, уақ тайпалары кірді. Бұл тайпалардың тілі қазақ тілі болды. Нәсілдік белгілері – моңғолоидтік.

Қазақ жүздері

Жаңадан қалыптасқан қазақ халқы Қазақстан жеріне түгелдей қоныстанды. Қазақ халқы мекендеген бұл жерлерде 3 түрлі шаруашылық аймақ қалыптасты. Осыған байланысты сол өңірлерде мекендеген халықтар үш жүзге бөлінді:

  1. Ұлы жүз Мекендеген өңірлері: Оңтүстік Қазақстан, Жетісу (Іле, Шу, Талас өзендерінің бойы).  Тайпалар: дулат, албан, үйсін, қаңлы, суан, жалайыр, шапырашты, сіргелі. Ұлы жүзді Ақарыс деп те атайды.

  2. Орта жүз Мекендеген өңірлері: Орталық және Шығыс Қазақстан (Ертіс, Есіл, Нұра, Тобыл, Сарысу өзендерінің бойы).  Тайпалар: арғын, найман, керей, уақ, қыпшақ, қоңырат.  Орта жүзді Бекарыс деп те атайды.

  3. Кіші жүз Мекендеген өңірлері: Батыс Қазақстан, Сырдарияның төменгі ағысы (Орал, Ырғыз, Торғай, Еділ өзендерінің бойы)  Тайпалар: табын, адай, шөмекей, жағалбайлы, алшын, шекті, төртқара, тама, серкеш т. б.  Кіші жүзді кейде Жанарыс деп атайды.

XVI-XVII ғасырлардағы Қазақ хандығының әлеуметтік- экономикалық және мәдени дамуы

Қазақ қоғамын әлуметтік-таптық топтарға бөлу негізіне әл-ауқаттылық жағдайынан гөрі, әлеуметтік шығу тегі алынды. Жоғары аристократтық топ — ақсүйектерге Шыңғыс әулеттері: хандар, сұлтандар, оғландар немесе төрелер, билер, бектер сондай-ақ, қожалар жатты. Шыңғыс әулеттері қазақ рулары мен тайпаларының ешқайсысына жатпайтын, олар қоғамның басқарушы тобын құрады. Ал бүкіл өзге халық әл-ауқаттылық жағдайына қарамастан төменгі топқа — қара сүйекке жатқызылды. Қарапайым халық қатарына – шаруалар, малшылар, егіншілер мен қолөнершілер, жатақтар мен қала халықтары, ұсақ саудагерлер мен ауыл адамдары кірді.

Хан өзінің қасынан ұлыс сұлтандары мен көшпелі тайпалар көсемдерінің кеңесін құрды. Олар хандық әмірінің соғыс, дипломатиялық мәселелерін, территориялық дау-жанжалдарды және т. б. шешу үшін жыл бойы құрылтайға жиналып отырды. Мемлекеттік басқару жүйесі әдеттегі құқыққа (адат) негізделді. Адатпен бірге мұсылмандық құқық нормалары XVII ғасырдың соңында, Тәуке ханның тұсында «Жеті жарғы» деген атпен бірыңғай жинақ түрінде жүйеленіп, толықтырылған болатын.

Саяси-әкімшілік құрылысы

XVII ғасырдың аяғында Қазақстан аймағында бірнеше феодалдық мемлекеттер, яғни хандықтар құрылды. Бұл кезде қазақ қауымы үш жүзге бөлінді. Үш жүздің халқы Қазақ хандығына бағынды. Үш жүзді билеген қазақ ханы «Ұлы хан» болды. Жүздерді кіші хандар, ұлыстарды сұлтандар, ру-тайпаларды билер, ру басылары, ал ауылдарды ауыл ағалары басқарды.

Қазақ хандары мұрагерлік жолмен сайланды. Хан өлсе орнына үлкен ұлы отырды. Ер жеткен баласы болмаған жағдайда аға-інілері, немесе олардың балалары сайланды. Бірақ хан мұрагерлерінің таққа отыруы сұлтандар мен ру-тайпа басшыларының құрылтайында, яғни «хан көтеру» деп аталатын сайлаудан өтуге тиісті болды. Жиында хан болуға лайықты адамды ақ киізге отырғызып, үш рет хан көтеріп, «хан атасы» болған беделді адамның батасын алғаннан кейін, ресми заңды хан тағына отырған.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]