Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
diplom (2).docx
Скачиваний:
125
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
12.42 Mб
Скачать

Нормативтік сілтемелер.

ҚРСТ 1.0 – 2003 Мемлекеттік стандарттау жүйесі. Негізгі ережелер.

ҚР СТ 1.1-2006. МСЖ. Стандарттау. Терминдер мен анықтамалар.

МЕМСТ 16367-86. Құс өңдеуші өнеркәсіп. Терминдер мен анықтамалар.

МЕМСТ 21784-76. Құс еті. Техникалық шарттар.

МЕМСТ 25391-82. Бройлер балапандарынң еті. Техникалық шарттар.

МЕМСТ 28825-90. Құс етін қабылдау.

МЕМСТ ҚР СТ 953-92. Құс еті. Техникалық шарттар.

МЕМСТ 18292-72. Сойысқа арналаған ауыл шаруашылық құсы.

МЕМСТ (СЭВ СТ) 2434-80. Құс еті. Техникалық талаптар.

МЕМСТ (СЭВ СТ) 2679-80. Құс еті. Қабылдау үлгі алу ережесі және құс еті ұшасы сапасын бағалау әдісі.

МЕМСТ (СЭВ СТ) 4718-84. Ет және ет өнімдері. Келісу құқықтық қарым-қатынастары енгізілген терминдер мен анықтамалар.

МЕМСТ 2874-82. Бройлерді суаруға арналған судың сапасы.

МЕМСТ 18292-72. Бройлерді сою үшін тасымалдау шарттары.

МЕМСТ 7702.0-74. Құс еті. Үлгілердің сұрыпталу әдісі. Сапа жағдайын органолептикалық бағалау әдістері.

МЕМСТ 7702.1-74. Құс еті. Еттің балғындылығын химиялық және микроскопиялық зерттеу әдістері.

МЕМСТ 7702.2.0-95. Құс еті, субөнімдер және құс еті жартылай фабрикаттары. Үлгілерді сұрыптау және микробиологиялық зерттеуге дайындау әдістері.

МЕМСТ 7702.2.1-95 Құс еті, субөнімдер және құс еті жартылай фабрикаттары. Мезофильді аэробты және факультативті анаэробты микроағзалардың мөлшерін анықтау әдісі.

МЕМСТ 7702.2.2-93 Құс еті, субөнімдер және құс еті жартылай фабрикаттары. Ішек таяқшалары тобы бактерияларының мөлшерін табу әдісі.

МЕМСТ 7702.2.3-93 Құс еті, субөнімдер және құс еті жартылай фабрикаттары. Сальмонеллаларды табу әдісі.

МЕМСТ 7702.2.4-93 Құс еті, субөнімдер және құс еті жартылай фабрикаттары. Staphylococcus aureus мөлшерін анықтау және табу әдісі.

МЕМСТ 7702.2.5-93 Құс еті, субөнімдер және құс еті жартылай фабрикаттары. Листарелл мөлшерін анықтау және табу әдісі.

МЕМСТ 7702.2.6-93 Құс еті, субөнімдер және құс еті жартылай фабрикаттары. Сульфитредуцирлеуші клостридий мөлшерін анықтау және табу әдісі.

Белгілеулер және қысқартулар

Бұл диссертацияда анықтамаларға сәйкес келесідей терминдер қолданылады:

Тамақтың тағамдық құндылығы- тамақ өнімдерінің қасиетінің жиынтығы, яғни адамның физиологиялық қажеттілігі мен энергиясын толықтырады.

Энергетикалық құндылық- адам ағзасының физиологиялық функциясын қамтамасыз етуге арналған тамақ өнімдерінен бөлініп шығатын энергияның килокалория саны.

Биологиялық құндылық- тамақ ақуызының көрсеткіші, ағзаға қажетті аминоқышқылдық құрамының ақуызға жинақталу дәрежесі.

Ақуыздың биологиялық құндылығы- тамақ өнімдерінің ақуыздарының барлық ауыстырылмайтын аминқышқылдыры. Аминқышқылының жылдамдығымен, ауыстырылмайтын аминқышқылының индиксімен, жануарлардың белгілі уақыт аралығындағы қоскан салмағы және оны игеруімен сипатталады.

Майдың биологиялық құндылығы- барлық полиқанықпаған май қышқылы және тағам өнімдері липидтерінің майда еритін витаминдері.

Кіріспе

Қазақстан Республикасындағы тамақ өндірісіндегі ең ірі салалардың бірі – ет өндірісі. Адам баласының қорегінің ішінде ет тағамдарының маңызы өте зор. Сонын ішінде құс еті ерекше орын алады. Әрі жұмсақ ,әрі дәмді тауық еті әрқашан бағалы деликатес саналып келді.

Құс шаруашылығы мықтап дамыған қазіргі уақытта тауық етін де, басқа құс еттерін де халықтың көбі тұтынатын болды. Тауық, сондай-ақ үйрек, қаз және күркетауық еттері біздің күнделікті тағамымыздан тұрақты орын алған.Дүкендерде үйрек құстарды емес, жедел әдіспен өсірілген «бройлер» деп аталатын шібилер көп сатылатын болды.

Құс етінің тағамдық неғұрлым бағалы заты-белок. Бройлер етінде ол категорияға қарай 17,6-19,7 % құс етінде 18,2 - 20,8 %, бөдене етінде 18,0%. Құс етіндегі амин қышқылының құрамы өте ұнамды басқамен ауыстырмайтын амин қышқылдарында кемшілік жоқ.

Суда жүзетін құстардың етінде май көп болады. Салыстыру үшін алар болсақ: бройлерлердің майлылығы 11-16 % аралығында ауытқиды, қаз балапандарында 14-28 %, үйрек балапандарында 20-27 %. Сәйкесінше тауық етінің майлылығы 8-17 %, қүркетауық етінің майлылығы 12-22 %, қаз етінің майлылығы 28 -39 %, үйрек етінің майлылығы 24-27 %. Тауық етінде басқамен ауыстырылмайтын құнды, қанықпаған май қышқылдары сиыр мен қой етіне қарағанда бірнеше есе артық. Құс етінің құрамында ет құрамында сияқты экстрактивті заттар, май, су, минералды тұздар мен витаминдер сияқты организімге қажетті заттар болады. Адам организмінің өсуімен қалыпты өмір сүруі үшін құнды белоктар өте қажет. Экстрактивті заттар еттен әзірленген тағамдарға ас қорту сөлдерінің айтарлықтай бөлінуі және астың жақсы қорытылуы үшін дәм мен хош иіс береді[1].

Алайда Республикада ет өндіруді арттыру жөнінде біраз табыстарға, қол жеткенмен, халықты бұл бағалы өнімге қажеттілігі әлі де болса толық қанағаттандырылмай отыр. Ет өндіруді арттыруда ауыл шаруашылығы ғылымы мен озат тәжірбие жетістіктерін кеңінен қолданудың да зор маңызы бар. Республиканың ғылыми зерттеу мекемелері соңғы жылдарда мал мен құстың еттілігін арттыру жөнінде бірсыпыра тиімді әдістерді зерттеді. Осы әдістерді енгізу белгіленген жоспарды орындауға және халықтың етке деген қажетін өтеуге мүмкіндік береді.

Құс етін өндіруді күрт арттыру үшін құстың тірідей салмағын және олардың қоңдылығын көтеру шарт. Ол үшін ең алдымен күтіп бағу мен азықтандыру жағдайын жақсартып, оларды үстеп азықтандыру қажет.