Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК В1 - Студ.docx
Скачиваний:
562
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.26 Mб
Скачать

Мемлекет – адамдық өркениет институты

Мемлекет – басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адам-зат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде си-патталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекшелігімен кезге түсетін күрделі саяси организм ретінде ұғынамыз. Көрсетілген негізгі жагдайлар біздің түсінігімізде мемлекетті анықтауда өзінің көрінісін табуы керек. Өзінің көрінісін тапқан қүбылыстың күрделілігі мен көп аспектілігіне карай оның біржакты болуы мүмкін емес. Мемлекет дегеніміз - адамзат коғамы дамуының нәтижесінде пайда болған сая­си үйым. Мемлекет - коғамды баскару міндетін аткаратын, адамдардың, топтардың, таптардың карым-қатынастарын реттеп отыратын, заңдарды қабылдайтын саяси ұйым. Мемлекет - қоғамның саясатын жүзеге асыратын саяси ұйым (Ғ.С. Сапаргалиев, А.С. Ибраева. «Мемлекет және қүқық. теориясы»).

2-тапсырма. Мәтіннің негізгімазмүнын жоспарга сәйкес жазыңыз. Мәтін мазмүнын тольщ, фактілік катесіз, жүйелі, стиль бірлігін сактай отырып жазу керек.

  1. Мемлекет - басқару функпиясын орьшдайтын және соның көмегімен коғамның тіршілік- тынысыи қамтамасыз ететін айрықша нысан.

  2. Мемлекет қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде эсер ете алады.

  3. Мемлекет - тек өзіне ғана тэн функииялары, эсер ету нысандары мен эдістері бар айрықша

қүрылым.

  1. Мемлекет - адамзат қоғамы дамуыньщ нэтижесінде пайда болган саяси үйым.

  2. Мемлекет - қоғамның саясатын жүзеге асыратын саяси үйым.

3-тапсырма. Мазмүидамадагы мэселеге байланысты берілген сұрақтарга сүйене отырып, жазбаша түрде өз пікіріңізді баяндап беріңіз.

1-сұрақ. Мемлекет кандай функциями орындайтын және нені қамтамасыз ететін айрықша ны­сан?

Дұрыс жауабы: Мемлекет - басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен коғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін айрықша нысан.

2-сұрақ. Мемлекет қандай мэселелерді шешуге нақты катысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде эсер ете алады?

Дұрыс жауабы: Мемлекет экономиканы дамытудың, элеуметтік-саяси, рухани, үлтаралык және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мэселелерін шешуге накты қатысып, қоғамдағы істердің жагдайына белсенді түрде эсер ете алады. 3-сүрак. Мемлекет қандай құрылым ретінде сипатталады?

Лүрыс жауабы: Мемлекет тек өзіне ғана тэн функциялары, эсер ету нысандары мен эдістері бар айрықша қүрылым ретінде сипатталады. 4-сұрақ. Мемлекет дегеніміз калай пайда болган саяси ұйым?

Дұрыс жауабы: Мемлекет дегеніміз - адамзат қоғамы дамуының нэтижесінде пайда болтан сая­си ұйым.

5-сүрак. Мемлекет кімдердің қарым-қатынастарын реттеп отыратын саяси ұйым? Дұрыс жауабы: Мемлекет - коғамды басқару міндетін атқаратын, адамдардың, топтардьщ, таптардың карым-қатынастарын реттеп отыратын саяси үйым.

В-1-4 МЕМЛЕКЕТТІКҚЫЗМЕТКЕ ҚАЛАЙ ТҮСУГЕ БОЛАДЫ?

1-тапсырма. Мэтінді зейін қойып оқыцыз. Мазмүнына сәйкес жоспар құрыңыз. Жоспарды цитата, сұраулы сөйлемдерден қүруга болады, жоспар жай немесе күрделі болуы мүмкін.

Мэтін

Саяси және экімшілік мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметтен өту мэселесі Мемлекеттік кызметтен оту тэртібі туралы Ережемен реттеледі. Қазақстан - 2030 Стратегиясының мацызды басымдықтарының бірі - кэсіби үкімет күруды есепке ала отырып, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі өзінің алғашқы іс-эрекетінен бастап негізгі күшін тиісті білімі және кажетті жүмыс тэжірибесі бар, жогары кэсіби кадрларды мемлекеттік қызметке тарту үшін жагдай туғызуға багыттады.

2000 жылдың қаңтарынан бастап республикада мемлекеттік кызметке жіберілуі біркелкі

азаматтардың конститучиялық кұқығын жүзеге асыруды камтамасыз ететін, мемлекеттік

органдардағы бос экімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуга конкурстық іріктеу процесі

енгізілді. Конкурстарды үйымдастыру жэие өткізу Бос экімшілік мемлекеттік лауазымдарға

і орналасуга конкурс өткізу Ережесімен сәйкес жүргізіледі.

Конкурстыц бірқатар тізбекті кезеңдері бар:

  • конкурс өткізу туралы хабарландыру жариялау;

  • конкурстық комиссияны кұру;

  • белгіленген біліктілік талаптарының сәйкестігіне конкурска катысушылардын құжаттарын кабылдайды және талдаиды;

і * үміткерлерді тестілеу;

* конкурстык комиссияның қорытынды мэжілісі.

Ашықтылык пен жариялылықты камтамасыз ету максатында конкурс өткізуші мемлекеттік орган конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялауга міндетті.

Конкурстық комиссия конкурска катысушыны тестіден өтуге жіберу туралы шешім қабылдайды (Сайттан: www.kyzmet.kz).

-

2-тапсырма. Мэтіннің негізгі мазмұнын жоспарга сәйкес жазыңыз. Мэтін мазмүнын толық, фактілік ңатесіз, жуйелі, стиль бірлігін сақтай отырып жазу керек.

  1. Саяси және экімшілік мемлекеттік кызметшілердің мемлекеттік қызметтен өту мэселесі.

  2. Қазақстан - 2030 Стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі - кэсіби үкімет кұруды есепке алу.

  3. Мемлекеттік органдардағы бос экімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстық іріктеу процесі енгізілді.

  4. Бос экімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу Ережесі.

  5. Конкурстын біркатар тізбекті кезеңдері.

3-тапсырма. Мазмұндсшадагы мәселеге байланысты берілген сұрақтарга сүаенв отырып, жазбаша түрде өз пікіріңізді баяндап беріңіз.

1-сұрақ. Саяси және экімшілік мемлекеттік кызметшілердің мемлекеттік қызметтен өту мэселесі қандай Ережемен реттеледі?

Дұрыс жауабы: Саяси және экімшілік мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметтен өту мэселесі Мемлекеттік қызметтен өту тэртібі туралы Ережемен реттеледі.

2-сурақ. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі өзінін алғашқы іс-эрекетінен бастап негізгі күшін кандай кадрларды мемлекеттік кызметке тарту ушін жағдай тугызуға бағыттады? Дұрыс жауабы: Мемлекеттік кызмет істері жөніндегі агенттігі өзінін алғашқы іс-әрекетінен ба­стап негізгі күшін тиісті білімі және кажетті жұмыс тэжірибесі бар, жогары косіби кадрларды мемлекеттік кызметке тарту үшін жағдай туғызуға бағыттады.

3-су_рак. Кай кезден бастап республикада мемлекеттің кызметке жіберілуі біркелкі азаматтардың конституциялық құқығын жүзеге асыруды камтамасыз ететін, мемлекеттік органдардағы бос экімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға конкурстық іріктеу процесі енгізілді? Дұрыс жауабы: 2000 жылдың кантарынан бастап республикада мемлекеттік кызметке жіберілуі біркелкі азаматтардың конституциялык күкығын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін, мемлекеттік органдардағы бос экімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуга конкурстык іріктеу процесі енгізілді.

4-сурақ. Конкурстарды ұйымдастыру және өткізу қандай Ережемен сәйкес жургізіледі? Дұрыс жауабы: Конкурстарды у-йымдастыру және өткізу Бос экімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуга конкурс откізу Ережесімен сәйкес жүргізіледі.

5-сұрақ. Ашықтылық пен жариялылыкты қамтамасыз ету мақсатында конкурс өткізуші мемлекеттік орган нені жариялауга міндетті?

Дұрыс жауабы: Ашықтылык пен жариялылыкты камтамасыз ету максатында конкурс өткізуші мемлекеттік орган конкурс откізу туралы хабарландыруды жариялауга міндетті.

6-апта

Лексикалық тақырып: Халықаралық ынтымақтастық.

Грамматикалық тақырып: Анықтауыштық қатынас. Сапалық анықтауыштың сын, есімдік, есімше, зат есім және т.б. арқылы жасалуы. Меншіктік анықтауыштың жасалуындағы ілік септігін ролі.

Ой түрткі:

  1. Халықаралық қатынас дегеніміз не?

  2. Біріккен ұлттар ұйымы туралы не білесіз?

  3. Біріккен ұлттар ұйымын қысқаша қалай атайды?

1-тапсырма. Берілген сөз тіркестерін орыс тіліне аударыңыз.

сыртқы саясат -

басымдық берілетін бағыттар -

географиялық орналасуы -

ұлттық мүдде -

ғаламдану процесі -

экономикалық құрылым -

аймақтық деңгейде -

халықаралық ынтымақтастық -

түзетулер енгізу -

жаңа көзқарас -

іске асыру -

2-тапсырма. Берілген мәтінді мұқият оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

Қазіргі халықаралық қатынастар деп әлемдегі халықаралық қатынастарды жасаушы субъектілердің (мемлекеттердің) арасында пайда болатын әр түрлі байланыстар мен кездесулерді, акциялар мен түрлі ресми әрекеттерді түсінеміз. Осы қатынастардың базалық әлеуметтік негізі – бірлік пен тұтастықты қалыптастыру.

Мемлекетпен қатар мемлекеттен тыс құрылымдар да халықаралық қатынастардың субъектілері болып табылады. Мәселен, Біріккен ұлттар ұйымы (бұдан әрі БҰҰ деп қысқартылып беріледі) және оның органдары: Бас Ассамблея, Қауіпсіздік Кеңесі, Экономикалық және Әлеуметтік Кеңес, Қамқорлық туралы Кеңес, Халықаралық сот, Секретариат.

БҰҰ мақсаты – халықаралық шиеленістердің түйінін шешу, келісімдік үрдістерді жолға қою, мемлекеттердің мүдделерін түйістіру, халықаралық құқық нормаларының сақталуын қамтамасыз ету, агрессияны айыптау, халықаралық мәселелерді шешуде консенсустық мәдениет пен бейбітшілік сүйгіштікті қалыптастыруға кең жол ашу. БҰҰ халықаралық-құқықтық шеңберде жұмыс істейді.

1945 жылдың 26 шілдесі күні Сан-Франциско қаласында қабылданған БҰҰ Жарғысында көрсетілгендей, БҰҰ және оның органдарының міндеттері: соғысты болдырмау; адамзат, адамның негізгі құқықтарына, әйелдер мен еркектердің, кіші және үлкен ұлттардың теңдігіне сенімді нығайту; елдер мен халықтардың арасында пайда болатын проблемаларды шешу үшін жағдайлар жасау; бейбіт тұрғындарды қарулы террордан қорғау және т.б..

Ерікті халықаралық ұйым болып табылатын БҰҰ әлеуметтік және саяси қақтығыстар аумағын алатын кедейшілік, эпидемиялар, апаттар мен террорлық әрекеттен туындайтын салдарларды басты назарда ұстайды. Сондай жағдайлар бола қалса, ондай апаттардың салдарын тоқтату, гуманитарлық және басқа да көмек көрсету және жою үшін мемлекеттердің күшін біріктіреді.

Қазіргі кездегі халықаралық қатынастардың шынайы өзегі мемлекеттердің өзара байланысы мен өзара қызметі болып табылады. Сондықтан халықаралық қатынастар мемлекетаралық қатынастарды реттейді.

(Ғаламтор материалдарынан мәтінді құрастырған автор)

Сұрақтар:

  1. Қазіргі халықаралық қатынастар дегеніміз не?

  2. Халықаралық қатынастардың субъектілеріне кімдер жатады?

  3. Халықаралық қатынастардың негізі не?

  1. Біріккен ұлттар ұйымы қандай қауымдастық және ол не үшін қажет?

  2. Біріккен ұлттар ұйымының міндеттері мен мақсаттары не?

  3. БҰҰ органдарын атаңыз.

3-тапсырма. Мәтінді оқып, ондағы пысықтауыштардың қандай сөз таптарынан жасалғанын айтыңыз.

Қазақстан мемлекеті 1990 жылдың 25 қазанында өз егемендігі туралы Декларация қабылдады. Соның нәтижесінде материалдық-техникалық, сыртқы экономикалық қатынастар, қаржы салаларында жаңа мүмкіндіктер туды. Орталық органдарды жанай өтіп, бұрынғы кеңістіктегі республикалармен тікелей экономикалық байланыстар орнай бастады. Шет мемлекеттермен байланыстарды жолға қоюға мүмкіндіктер туды. ҚР Президенті одақтық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындарды Қазақстан Үкіметінің құзырына алу, Қазақ КСР-інің алтын және күміс қорын жасау туралы жарлықтар, сыртқы экономикалық қызмет пен мекемелердің тәуелсіздігін қамтамасыз ететін басқа да жарлықтар шығарды. Енді бұрынғы одақтас республикалар өзара тікелей дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастар орната бастады. Қазақстан да 1990-1991 жылдары Белорусия, Әзірбайжан, Қырғызcтан, Өзбекстан, Ресей Федерациясы және Украинамен экономикалық шарт жасасып, достық пен ынтымақтастық туралы әр түрлі келісімдерге қол қойды.

(Қазақстан Ұлттық энцклопедия. 5 том.

- Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2003. -307-308)

4-тапсырма. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. Қазақстан мемлекеті өз егемендігі туралы Декларацияны қашан қабылдады?

  2. ҚР егемендігі туралы Декларацияның пайдасы қандай?

  3. ҚР егемендігі туралы Декларацияның нәтижесінде қандай мүмкіндіктерге қол жеткіздік?

  4. Қазақстан егемендігінің арқасында қандай елдермен экономикалық байланыс орнатты?

  5. ҚР Президенті қандай жарлықтар шығарды?

  6. 1990-1991 жылдары Қазақстан қандай елдермен байланыс орнатты?

1-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз.

Единственное качество, которое должно выделять дипломатов – это профессионализм.

Неслучайно вопросам подготовки специалистов-международников Президент Н.Назарбаев иеизменно уделяет повышенное внимание. Во многих университетах открыты факультеты и отделения международных отношений. Создана дипломатическая академия.

Глава государства постоянно обращает внимание на необходимость дальнейшего повышения эффективности дипломатической службы, ее кадрового укрепления и усиления аналитической составляющей в работе по реализации внешней политики страны.

В течение 18 лет была создана полноценная дипломатическая инфраструктура в центре и за рубежом.

Президент, согласно Конституции, определяет основные направления внешней политики страны. Другими словами, он непосредственно осуществляет внешнеполитический курс Казахстана.

(Токаев К. Президентская дипломатия // «Мәдени мұра»

журналы. №1 (28)қаңтар-наурыз 2010. -9-17 б.)

2-тапсырма. Мәтінді оқып, пысықтауыштарды табыңыз. Мекен пысықтауышы бар сөйлемдерді жазып алып, олардың қалай жасалғанын айтыңыз.

Қазақстан мемлекеті егемендік алғаннан бастап, халықаралық қатынастарға ерекше мән беруде. Өйткені дүние жүзіндегі ірі державалармен байланыс орнықтыру – жас мемлекет үшін аса маңызды. Осыған орай дүние жүзіндегі ең қуатты держава – Америка Құрама Штаттарымен қатынастарға тиісті мән берілуде. Қазір Вашингтонның халықаралық даму үрдісіне ықпалы орасан зор екені белгілі. Қазақстанның бұл елмен арақатынасында құқықтық пен теңдік сақталады.

Қазақстан үшін республика экономикасына айтарлықтай инвестиция беріп отырған Еуропалық мемлекеттермен іскерлік қатынастар орнату аса қажет. Сонымен қатар, бұл мемлекеттер Қазақстанның мәдениеті мен білім саласын дамытуға да қол ұшын беруде. «Болашақ» бағдарламасы аясында қазақстандық студенттер АҚШ-тың, Францияның, Германияның оқу орындарында білімдерін жетілдіруде.

Қазақстанның Батыс Еуропа мемлекеттерімен, соның ішінде, Англиямен қатынасы да жоғары дәрежеде.

1992 жылдың күзінде Н.Назарбаев Германияда болып, канцлер Г.Кольмен кездесті. Кездесу нәтижесінде екі мемлекет арасындағы бірлескен мәлімдеме жарияланды. Сол жолы Қазақстан Президенті Франция Президенті Ф.Миттеранмен де кездесті. Келіссөздер Қазақстанның саяси-экономикалық дамуына жаңа серпін берді.

Қазақстан Венгриямен, Болгариямен, Чехиямен, Румыниямен өзара тиімді қатынастар орнатқан.

(Ғаламтордан алынған материалдарды өңдеп берген автор)

3-тапсырма. Жоғарыдағы мәтінге сүйене отырып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Дүние жүзіндегі ірі державаларды атаңыз?

2. Қалай ойлайсыз: Қазақстан не үшін ірі державалармен байланыс орнатуы керек?

3. АҚШ-пен Қазақстанның байланысын сипаттаңыз.

4. «Инвестиция» дегеніміз не, ол не үшін қажет?

5. Қазақстанның Англиямен, Германиямен байланысы бар ма, оны мәтіннің қай сөйлемі арқылы байқауға болады?

6. Венгрия, Болгария, Чехия, Румыниямен достық қарым-қатынастың дамуы туралы не айта аласыз.

4-тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, төмендегі кесте бойынша жұмыс істеңіз.

Қазақстан Азия мен Еуропаның геосаяси қиылысында орналасқан. Қазақстанның экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қазіргі экономикалық әлеуеті оны ірі аймақтық мемлекет ретінде қалыптастырудың алғышарттары болды.

Қазақстан егемендікті құрмет тұту, өзара қауіпсіздік және аумақтық тұтастық принциптерімен өзінің төңірегінде тұрақтылық пен ізгі көршілік аймағын қалыптастыруға мүдделі.

Еліміздің ішкі саяси тұрақтылығы сыртқы саясаттың барлық негізгі бағыттарының ұғынықты, ашық және болжап білуге болатындығына байланысты. Ал мұндай сыртқы саясат мемлекет ретінде оның әлемдік қоғамдастығындағы позициясын нығайтады.

Қазақстан ядролық қаруды иемденуден бас тарту арқылы әлемдік қоғамдастықта айырықша мәртебеге ие болды.

Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі Ресей Федерациясымен жан-жақты ынтымақтастықты дамыту болып табылады. Ресеймен бірлесе отырып, Қазақстан экономикалық мәселелердің кең ауқымын, ең алдымен, көліктік және энергетикалық проблемаларды шешуі тиіс, сондай-ақ біздің аумағымыздағы Байқоңыр ғарыш аймағының және басқа да бірқатар стратегиялық маңызды нысандардың базасында өнеркәсіптік әрі ғылыми-техникалық әлеуетті пайдалануда тізе қосып қимылдауы шарт.

(«Егемен Қазақстан» газетінен)

Сөйлем

шын

жалған

дұрысы

1

Қазақстан Ресей Федерациясымен ынтымақтастықты орнатпауы керек.

2

Қазақстан Азияның орталығында орналасқан, ол Еуропадан тым алыс.

3

Қазақстан ядролық қаруды қолдануға қарсы емес.

4

Қазақстанның экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қазіргі экономикалық әлеуеті оны ірі аймақтық мемлекет ретінде қалыптастырудың алғышарттары болды.

5

Қазақстанның ішкі саяси тұрақтылығы сыртқы саясатқа байланысты емес.

6

Қазақстан қауіпсіз, сондықтан ол төңірегіндегі көрші елдермен байланыс орнатуды ойламайды да.

5-тапсырма. Мәтінді оқып, оның мазмұнын негізге ала отырып, Семей полигоны туралы өзіңіз білетін ақпаратпен қазақша ой бөлісіңіз.

Первым серьезным испытанием для Н.А. Назарбаева на дипломатическом поприще стали переговоры с американскими политиками по вопросу о ядерном наследии Казахстана. Это проблема беспокоила США, поскольку не нашла своего разрешения в декларации о создании СНГ. Но Вашингтон приветствовал беспрецедентное решение Н.Назарбаева о закрытии Семипалатинского ядерного полигона. И в мае 1992 году Казахстаном был подписан Лиссабонский протокол и он присоединился к договору о нераспространении ядерного оружия. И так он превратился в безъядерное государство. Данная акция продемонстрировала всей планете миролюбие и ответсвенность нараждающегося казахского государства за мир и безопасность.

(Токаев К. Президентская дипломатия // «Мәдени мұра»

журналы. №1 (28)қаңтар-наурыз 2010. -9-17 б.)

СӨЖ

1-тапсырма. Отан туралы ұлы адамдар толғауын дәптеріңізге жазып, жаттап алыңыз.

Адам табиғатындағы аса жоғары әрі аса тамаша сезім – туған жерге деген махаббат, өз Отанының заңдары аясында өзіңді еркін де тәуелсіз сезіну.

И. Гете

Өлерін ойламаған патшаның елі ойран болады.

Ә. Hayаи

Еліне жапа көрсеткен өмірден опа көрмейді.

С.Сараи

Өз жүрегін тазарта білген бүкіл елді де ұры-қарыдан қорғай алады.

Рашид-ад-Дин

Мемлекет ісінің бір парасы – сабырлықты, енді бір парасы – біле тұрып білмеуді, көре тұрып көрмеуді талап етеді.

Әмір Темір

Елін, елінің тәуелсіздігін қорғай білген түрік ұлты өз тілін де шет тілдердің мойынтұрығынан құтқаруға тиіс, құтқара алады да.

Ата Түрік

2-тапсырма. «Отаным – берік қамалым» тақырыбында шағын шығарма жазыңыз.

3-тапсырма. «Үш бақытым» өлеңін мазмұндаңыз.

Ең бірінші бақытым –халқым менің

Соған берем ойымның алтын кенін

Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,

Қымбатырақ алтыннан парқым менің.

Ал екінші бақытым – Тілім менің

Тас жүректі тіліммен тілімдедім.

Кей-кейде дүниеден түңілсем де,

Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші – Отан деген,

Кім мықты? – десе біреу, –Отан дер ем.

...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?

Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.

М.Мақатаев

Ой түрткі: