Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК В1 - Студ.docx
Скачиваний:
563
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1.26 Mб
Скачать

2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. Шілдехана қандай той?

————————————————————————————————

2. Шілдехана қалай тойланады?

————————————————————————————————

3. Шілдеханаға не себепті үлкендер қатыспайды?

————————————————————————————————

3. Өлеңді оқып, мазмұнын түсіндіріңіз. Жаттап алыңыз.

Бесік жыры

Әлди, әлди, ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем!

Айналайын, шырағым,

Көлге біткен құрағым

Маңдайдағы құндызым,

Аспандағы жұлдызым.

4. Мәтінді оқып, аударыңыз.

Бесікке салу

Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі.Бесікке салу жолы үлкен немесе елдің тәрбиелі, өнегелі әжелеріне,әйелдеріне тапсырылады. Ол бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікүстіне жеті түрлі қадірлі, таза заттар қойылады. Бесікке салған адамға «Бесіккесалар» яғни кәделі сый беріледі. Осындай қуаныш үстінде «Бесік жыры»айтылады. Бесіктің сәби денсаулығына, тазалығына пайдасы өте зор.Бесіктегі сәбидің бойы, қол-аяғы түзу, ширақ болады. Сондай-ақ бесік баланыкездейсоқ құлаған заттан, суықпен ыстықтан қорғайды. Пәле-жаладансақтасын деп ырымдап, оған тұмар, бүркіт тұяғы, үкі сияқты заттар тағыпқояды. Бесік ағаштан, негізінде талдан иіп жасалады. Себебі тал басқаағаштай емес иілмелі, морт сынбайды, құрт түспейді, иіс болмайды.

(«Қазақхалқының салт-дәстүрлері» кітабынан)

5. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.

1.Баланы бесікке кімдер бөлейді? Не себепті?

————————————————————————————————

2. «Бесікке салар» кімге беріледі?

————————————————————————————————

3. Не себепті бесікке тұмар іледі?

————————————————————————————————

4.Бесікті не себепті талдан жасайды?

————————————————————————————————

6. Мәтінді қазақ тіліне аударып, тақырып беріңіздер.

Разрезание пут. Этот ритуал проводится, когда малыш делает первыешаги. Его ножки обвязывают тонким пестрым шнурком или веревкой,сплетенной из травы, разрезать которые доверяют энергичномумногодетному человеку. Обряд сопровождается песнями и пожеланиями,чтобы ребенок твердо стоял на ногах, уверенно шел по жизни. Ритуалзавершается тоем. В старину после «тұсаукесер» ребенку дарили коня иседло. Пестрый шнурок подразумевает, что в жизни бывают не толькобелые, но и черные полосы – будущий джигит должен уметь преодолеватьтрудности. Веревка, сплетенная из травы, означает процветающую жизнь имного детей.

(Мұхамадиева Н.Қ., Үстемір Н.Ә. «Қазақ тілі»)

7. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.

Сүндетке отыру, мұсылмандықтың белгісі, ат мінгізу, сыйға тарту, жігіт болу,той төресі.

8. Сүндет тойда айтылатын тілекті оқыңыз. Көп нүктенің орнына тиістісөздерді қойыңыз.

Мұсылмандық – бұл міндет, құтты болсын бұл ........................... .

Өмір жолы – ұзақ жол, ұзақ жолда талмағын,

Еңбек, ................, ғылымда қатарыңнан қалмағын.

................ болсын талғамың,

Халқың ............................... адам бол – орындалсын арманың!

9. Мәтінді ретімен орналастырыңыздар. Аударыңыздар.

1. Алғашқыда күйеу жігіттің әке-шешесі, ағайын-туыстары болашақ келінніңүйіне келіп – қыз ата-анасының, туыстарының ризалығын алып, құдаболысып, тойдың барысы жайлы сөз байласады.

2. Үйлену – алдымен бірін-бірі сүйіп-ұнатқан қыз бен жігіттің ата-ана, ағайын-туғандары танысып-білісуінен басталады.

3. Олардың келісімі бойынша қыз ұзату, келін түсіру тойлары бөлек-бөлекөткізіледі.

4. Сол себепті халқымыз үйлену тойын аса қастерлеп, оны өткізуге жылбұрын алдын-ала қам-қарекет жасаған.

5. Үйлену, өз алдына отау тігіп, түтін түтету – адам өміріндегі ең елеулі,ұмытылмас кезең, екі жастың жұлдызы жарқырап жанған күні.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]