Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
трбие.docx
Скачиваний:
44
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
83.84 Кб
Скачать

Сәтбаев қаласы «№ 5 орта мектебі» КММ 2013 - 2014 оқу жылына арналған 7 «Б» сыныбында жүргізілетін жұмыстың жоспары Дені саудың - жаны сау 6. 09. 13 Отбасы бақыты бала деген... 13. 09. 13 Тілім менің - тірлігімнің тірегі. 20. 09. 13 Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет. Қазан 27. 09. 13 Ұстаз - ұлы тұлға 4. 10. 13 Мемлекеттік рәміздер мақтанышым 11. 10. 13 Әдептіліктің алтын ережелері 18. 10. 13 «Дін тәрбие діңгегі» Қараша  25. 10. 13 Сен өз құқығыңды білесің бе? 1. 11. 13 Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. 15. 11. 13 Жолда жүру ережесін сақтайық 19. 11. 13 СПИД - ғасыр дерті Желтоқсан  22.11. 13 «Өмір қымбатсын маған.» 6. 12. 13 «Тәуелсіздік туымыз» 13. 12. 13 «Дұрыс тамақтану – денсаулықтың басты кепілі» 20. 12. 13 «Дос және достық» Қаңтар 27. 12. 13 «Мен және қоршаған орта» 01. 14 «Жолда жүре білейік» 17. 01. 14 «Адалдық пен әділдік» 4. 01. 14 «Тыйым сөздер, ырымдар» Ақпан 31. 01. 14 Жат жерде от кешкендер 7. 02. 14 Имандылық басты тәрбие. 4. 02. 14 Сенің құқығың, менің құқығым. 21. 02. 14 «Анам үшін мақтанам!» Наурыз 8. 02. 14 Таза болса табиғат, аман болар адамзат! 7. 03. 14 «Қош, келдің Наурыз!» 4. 03. 14 Ұрпақ тәрбиесі – ұл болашағы 4. 04. 14 Қаныш өткен сара жол... Сәуір 1. 04. 14 «Әдеп және әдет» 18. 04. 14 1 мамыр – бірлік күні 5. 04. 14 «Ұрпақтар, ұмытпайтын Ұлы Жеңіс!» Мамыр 2. 05. 14 «От адамның досы мен жауы» 6. 05. 14 Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл. 3. 05. 14 Жазғы демалыс 05. 14 Жазғы демалыс

 

 

Қорғалжын -2013ж Мектеп-гимназиясы және орта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмыстарының тұжырымдамасы

 

          Білім мен тәрбие майданындағы мемлекеттік саясат Қазақстан Республикасының конституциясы мен Қазақстан Республикасының 1999 жылы 07 шілдеде қабылданған «Білім туралы» Заңында бекітілген Қазақстан Республикасының Президентінің жолдауында, «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, Қазақстан Республикасындағы жастарға арналған мемлекеттік саясаттың тұжырымдамасында (ҚР Президентінің 1999 ж. 28.08. № 73 жарлығы), Мемлекеттік «Білім бағдарламасында» (ҚР Президентінің 2000 ж. 30.09. № 448 жарлығы), Қазақстан республикасыбілім мекемелеріндегі тәрбиенің кешенді бағларламасында (ҚР Білім Министрлігінің 2000 ж. 07.07. №701 бұйрығы) тәрбие мақсаты мен мұраты белгіленіп, тәрбиенің шешуге тиіс міндеттері айқындалған. Сонымен қатар тәрбие кеңістігінің жаңа моделің жасау, отбасы мен педагогикалық ұжымдардың өзара ынтымақтастығын нығайта отырып жас жеткіншектің тұлғалық жетілуін қамтамасыз ету, оның азаматтық кәмелеттік қалыптасуына барлық мүмкіндіктерді кеңінен және ұтымдыпайдалану қарастырылған.

          Мектеп-гимназиясынын тәрбие жұмыстарының басты мақсаты – жан-жақты интеграциялық тәрбие жүйесін қалыптастыру, ол үшін ғылыми - әдістемелік ұйымдастырушылық, ақпараттық және мамандық – кәсіптік шараларын шартты түрде жүргізіп, ұтымды ұйымдастыру:

-         жоғары интеллектуалды, денсаулығы мықты, мәдениетті, адамгершілігі жоғары, мамандық біліктілігі қазіргі бәсекеге төтеп бере алатын, жоғары азаматтың ұстыны берік ұстай отырып көкейкесті мәселелерді қиналмай шешетін, әлемдік құндылықтарды өз ұлтының мәдениеті мен салт – дәстүріне ұштастыра алатын Қазақстан азаматын қалыптастыру;

 

 

 

 

 

І. Тәрбие жұмыстарының мазмұны мен басты бағыттар.

 

 

            Тәрбиенің мақсаты- үздіксіз окү-тәрбие  беру  жүйесінде білім  алушылардың қазақстан Республикасының азаматтарды және  ұлттық  рухты  патриоттары ретінде  қалыптасуы мен өзін-өздерін  танытуларына, болашақ маман иесі болып, кәсіби, интеллектуалды және  шығармашылыққа жетуіне  оңтайлы  жағдай  жасау.

 

1.     Білім мекемелеріндегі тәрбие бағдарламасы мемлекеттік «Білім бағдарламасының» құрамдас бөлігі болып табылады және ол тұлғаның жан – жақты мәдениеттілігін, отан сүйгіштік ұстынын, азаматтық борышын, ұлттық ынтымақтастық сезімін, таза ұлттық моралі мен адамилығын, үлгілі әдет ғұрпы мен салт – дәстүрін, қабілеттілігі мен ынта – ықыластылығын, шығармашылық талабын дамытуға бағытталуы тиіс.

 

2.     Әрбір кәсіптік оқу орнында болашақ мамандық иесінің тұлғасын таба алуға байланысты тәрбие жұмыстарының жылдық және болжамдық жоспарлары жасалады. Жоспарда сабақтастық, тұтастық, жүйелілік және үздіксіздік қағидалары қатаң сақталуы тиіс, сонымен қатар тәрбиенің ұйымдастырылуы (формалары) нысандары мен әдіс – тәсілдері оқу орнының өз ерекшеліктері мен тәжірибесіне, мамандардың біліктілігіне, әлеуметтік сұранысқа байланысты құрылуы тиіс.

 

3.     Оқу орнындағы тәрбиенің мазмұны мен ұйымдастырылу нысандары төмендегі қағидаларға сәйкес түзіледі: гуманитарлық бағыттылық, табиғи сәйкестілік, әлеуметтік ұтымды қарым – қатынастылық, сонымен қатар тұлғаның әлеуметтік және мәдениеттілік біліктілігін дамытуға тәрбиенің барлық салаларының ұжымдастырылуы қажет.

 

4.     тәрбиедегі көкей кесті мәселелердің маңызды шешімдері педагогикалық консилиумдарда, кураторлар мәжілістерінде және т.б. қаралып қабылданады.

 

5.     Оқу орнының оқытушылары мен оқушылар ұжымдарының арасында оқу – тәрбие процесін басқару ынтымақтастығы қарым – қатынасын бекітудің қолайлы жағдайларын жасау шарт. Оқушылардың өзін - өзі басқару ұйымы неғұрлым оқу – тәрбие процесін ұйымдастыру, басқару және тәлімгерлік істерде тәжірибе жинақтай отырып, оқу орнының біртұтас ұжымдық басқару органың құру қажет, ынтымақтастықпен тәрбие және кәсіби мамандыққа баулу проблемаларын шешу қажет.

 

6.     Оқушыларды тәрбиелеу және дамыту процесінде психологиялық қызметтің маңызы зор. Оның қызметінің ұтымдылығы психологтың кәсіптік біліктілігіне, педагогикалық ұжымның психологиялық зерттеу қызметіне ынтымақтастық көрсетуіне оқу орны басшыларының психологиялық қызметтің маңыздылығына жеткілікті мән беріп, тиісті талап қоя білуіне байланысты болады.

 

7.     Оқушы жастардың күнделікті өміріне қажетті ғылыми – техникалық, өндірістік, ақпараттық орталықтар мен клубтардың бос уақытты пайдалы ұйымдастыруда маңызы зор.

 

8.     Мектеп басшылары, ата – аналарымен педагогикалық тығыз ынтымақтастық орнатуы қажет. Жұмыспен қамтамасыз ететін өндіріс орындарымен, ғылыми зерттеу және мәдени орталықтарымен, творчестволық және әдістемелік бірлестіктерімен, ассоциация – қоғамдастықтарымен, спорт ұйрмелерімен , жоғары және орта дәрежелі оқу орындарымен тығыз байланыс жасаудың маңызы зор.

 

9.     Тәрбиенің жаңа технологиясын кеңінен ендірудің, тәрбиенің жан – жақтылығын қамтамасыз ететін вариативтік тәсілді пайдаланудың маңызы зор.