Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

трбие сагаты

.docx
Скачиваний:
17
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
23.35 Кб
Скачать

Дені саудың - жаны сау

  • Жиентаева Гулназ

 

  • 12 қаңтар 2015

 

  • 3677

 

  • 0

  • 0

Тақырыбы: Дені саудың - жаны сау. Мақсаты: 1. Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбат, өмір сүру үшін маңызы жоғары байлық екенін ұғындырып, салауатты өмір салтын насихаттау. 2. Шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру. 3. Ұқыпты, таза. салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: слайд, кубиктер, спортшылар суреттері Түрі: топтық жұмыс. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру: Шаттық шеңберінде тұрып сәлемдесу. «Қайырлы күн, достар!, Қайырлы күн қонақтар!, Қайырлы күн Бәріңе!» ІІ. Кіріспе: Армысыздар, құрметті қонақтар, ұстаздар, мектеп оқушылар! Бүгінгі 3 - сынып оқушыларының «Дені саудың жаны сау» тақырыбындағы сынып сағатына қош келдіңіздер! Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Халық денсаулығы атты мемлекеттік бағдарламада халықтың денсаулығын атап көрсеткені баршамызға белгілі. Бағдарламаның басты мұраты – халық. Халықтың денсаулығын сақтау, демографиялық ахуалын жақсарту. Шығыстың әйгілі данышпаны Әл - Фараби «Жас жеткіншектеріңізді көрсетіңіз, мен сіздердің болашақтарыңызды айтып берейін» деген екен. Расында да, ел болашағы жастар. Ал жастарымыз нашар, маскүнем, ауру болса, ел тағдыры не болмақ? Адамның басты байлығы денсаулық. Денсаулық дегеніміз адам ағзасының қалыпты дұрыс жұмыс істеуі. Денсаулық адамға табиғат сыйлаған басты құндылық. Денсаулықты нығайтудың негізгі тәсілдерінің бірі - салауатты өмір салтын сақтау болып табылады. Сонымен, бүгінгі «Дені саудың - жаны сау» тақырыбындағы сынып сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер! - Оқушылар шаттық шеңберінде тұрып сәлемдеседі. «Қайырлы күн ДОСТАР!, Қайырлы күн ҚОНАҚТАР!, Қайырлы күн БӘРІҢЕ! 1. Жүргізуші: - Қайырлы күн балалар, Қайырлы күн құрметті қонақтар! 2. Кубиктерден сурет құрастырып көрейікші. - Қандай суреттер шықты? - С. Сәпиев - С. Сәпиев кім? - С. Сәпиев - боксшы, халықаралық спорт шебері. Екі дүркін Олимпиада чемпионы (Бейжің - 2008, Лондон - 2012). - екінші суретте кім? - Илья Илин. - Илья Илин кім? - Илья Илин - зілтемірші, ауыр атлет. Әлемнің үш дүркін чемпионы (Бейжің - 2008, Сидней, Лондон - 2012). Ауыр атлетика саласында ең жас Олимпиада чемпионы - С. Сәпиевтің суретін құрастырған оқушылар - «Денсаулық» тобы болып, Илья Илиннің суретін құрастырған оқушылар «Салауат» тобы болып екі қатарға жайғасыңдар! ІІІ. Негізгі бөлім. «Бірінші байлық – денсаулық» деп Халқымыз айтқандай, қазіргі заманда ең бірінші алға қойған мақсат, міндеттердің бірі адамның хал - ахуалы мен «Қазақстан - 2030» бағдарламасында көрсетілгендей, өркениетті елдің әрбір азаматының денінің саулығы, салауатты өмір сүре білуге дағдылануы болып табылады. Бүгінгі күнде Салауатты өмір салтын қалыптастыру әрбір адамның міндеті болып саналады. Салауатты өмір салтын қалыптастыру жайлы назарларыңызға: 3. Слайдпен таныстыру. 4. Сабақтың жоспармен таныстыру: 1. Әр топ өз атын қорғайды.(Денсаулық - зор байлық),(Салауатты өмір – денсаулық кепілі). 2. Мақал - мәтелдер айтады. 3. Жұмбақтар шешеді. 4. «Кім тапқыр» бөлімі. Суретпен жұмыс.( Атақты споршылар суреттері) 5. Салауаттылыққа байланысты көрініс ұйымдастыру.(Оқушылар шығармашылығына) 5. Ситуациялық сұрақтар. 6. Салауаттылыққа, Дене шынықтыруға байланысты өлең - тақпақтар орындайды.. ІҮ. Бекіту Уа халқым назар аудар денсаулыққа, Өмірде бақыттысың денің сауда. Денсаулық зор байлық деген сөзді, Орынды айтқан ұлы Абай данамызда Қарсы ал ерте күн көзін, Жасамай бос жорамал, Төсегіңді жина өзің. Білмесіңді сұрап ал, Киме теріс киімді, Мақсат қоймай алдыңа Теппе киім - бұйымды. Қыдырып құр қаңғыма. Шығармағай есіңнен Асықпай іш тамақты, Қашпа қоғам ісінен. Жалама аяқ - табақты. Әрқашанда тілектес Пышақты ұста оң қолмен, Ата - анаңа көмектес Шанышқыны ұста сол қолмен. Нанды үгітпе, қадірле, Қабығымен бәрін же. Саусағыңды сормағын, Салдыр - салақ болмағын. Салма ауызға инені, Үзбе, жұлқып түймені. Жасама жат қылықты - Былғама су, құдықты. Аяқ - қолың болмай кір, Тырнағыңды алып жүр. Әдет қыл бұл ісіңді - Тазалап жүр тісіңді. Деме терді Әдептілік – әдемі! Бетті, қолды сабындап, Жиі жуу пайдалы - ақ. Тұра алмайды дамылдап, Микробтар тайғанап. Нан ұстасаң, қол жумай Нанға жұғып, ішке еніп. Микробтар көңілі жай Отырады түстеніп Микроб жақсы көреді Кәмпит - сәмпит шайнасаң Жылдам өсіп - өнеді Ауызыңды шаймасаң Тік ұстап денеңді, Сапқа тұр сен енді Жанға сеп шынығу Жаттығу тынығу Сымбатты болу да өзіңнің қолыңда. Шынықсаң шымыр боласың Сауығып, айдай толасың Спортты серік ете біл. Салауатты сен боласың Шымыр болу оңай ма? Арман болған талайға Жас жеткіншек! өзіңе Айта кету борышым Ауырсаң ауыр кеселмен Дәрігер бермес қол ұшын Ауырып ем іздегенше Ауырмайтын жол ізде Денсаулық ол шыныққан барлық денең мүшесі Денсаулық ол тыныққан, жүйке тамыр жүйесі Денсаулық ол – күлуің, көңіл - күйің жадырай Денсаулық ол жүруің, ешбір жерің ауырмай. Сымбат мүсін дегенің Бітім көркі дүниенің Сымбат жүру әдемі Дене қалпын тік ұстап Көтеріп сәл кеудені Иық жазып дұрыстап Түзу отыр қисаймай Бүкіреймей жантаймай Күш сап баспен арқаға Жатып алмай партаға Аяқ - қол - көмекші Күт оны ерекше Қол жиі ластанар Сондықтан істің әр Соңында қолды жу Жояды кірді су Аяқ – қолды кірлетпе Тырнақты алып жүр - Сонымен балалар, салауатты өмір салты дегенді қалай түсінесіңдер? А) спортпен айналысып, үнемі сергек жүру. Ә) Денсаулығы мықты болу. Б) Дұрыс тамақтану. В) Күн тәртібін нақты құра білу. Ү. Қорытынды. Міне құрметті қонақтар, сіздермен 3 - сынып оқушылары - Салауатты өмір салты жайында өздерінің білгендерімен, ойға түйгендерімен бөлісті. - Адам денсаулығы қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының қожасы. Салауатты өмір салтын сақтай отырып, тамаша денсаулықпен - тамаша өмір сүру өз қолыңызда! Сондықтан бүгінгі ашық сабағымызды Сара Алпысқызының мынандай сөзімен аяқтағым келеді: «Дені сау сәби – әр отбасының қуанышы бақыты. Ал, денсаулығы мықты сәби халқының болашағы, Отанының сенімді тірегі». Халқымыздың болашағы, Отанымыздың сенімді тірегі болар өскелең ұрпағымыз - жаны таза, дені сау, сергек болып өссін! Бүгінгі жеткіншектеріміз - Ертең Көк туымызды көгімізде желбіретер мықты азаматтар болып өссін! Барлығы хормен: Дені саудың - жаны сау!

Кері қайту

Ілмек сөздер: тәрбие сағаты, Дені саудың жаны сау, денсаулық адамға табиғат сыйы

Әдептілік – тәрбие бастауы

  • Мулдабекова

 

  • 30 желтоқсан 2014

 

  • 3116

 

  • 0

  • 0

Мақсаттары: 1) Оқушыларға үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға үйрету, сәлемдесу туралы мәлімет беру оның инабаттылық, әдептілік, адамдық қасиеттің негізгі арқауы екенін ұғындыру; 2) Жаман әдептен аулақ болуға, ата - анаға мейірімді, айналадағы заттарға ұқыпты қарауға баулу; 3) Адамгершілікке, жолдастық сыйласымды қарым - қатынас жасауға тәрбиелеу. Көрнекіліктері: Өнегелі сөздер, мақал - мәтелдер, суреттер. Әдісі: Ауызша баяндау, талдау, сұрақ - жауап, топтық жұмыс. Сабақ барысы Ұйымдастыру кезеңі. - Қайырлы күн жас достар! Бүгінгі күндерің сәтті болсын! Сенің жақсы азамат болып өсуің – ата - анаңның, ұстазыңның тілегі. Қоғам алдында адал, достарыңа жанашыр, ата - анаңа қамқоршы, кішілерге үлгілі болып, өзіңнен үлкеннің ақыл - кеңесін тыңдауың керек. Бойында осындай қасиеттері бар баланы кім дейміз? - Әдепті, сыпайы, ұқыпты, тәртіпті, адал, шыншыл, кішіпейіл. - Дұрыс айтасыңдар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз «Әдептілік – тәрбие бастауы» деп аталады. І бөлім: «Ой ашар» (сұрақ – жауап) 1. Әдептілік дегенді қалай түсінесің? (әр топтың жауабын тыңдау) 1 - топ: Әрбір адамның әдептілігі оның сөзінен, жүріс - тұрысынан, өзінен байқалады. 2 - топ: Әдептілік дегеніміз – өзін - өзі кез - келген ортада ұстай білуі. Әдепті адам – әдемі адам. 3 - топ: Ата - ананы сыйлауды, өзіңе, достарыңа жауапкершілікпен қарауды, адамгершілік қасиеттерді сақтауды әдептілік белгісі деп білемін. Мұғалім: - Қай халық болмасын бір - біріне жылы мейір мен кеңпейілділікті, достықты, өзара жақындықтарын білдіріп, амандық – саулық сұрасып, өзінің аман екенін білдіруі – сәлемдесуінде. Адам баласы қашан да тыныш, бейбіт бір - бірімен сыйласып өмір сүруді аңсаған, армандаған. Сондықтан сәлемдесу – әдептілік ғана емес, имандылықтың да нышаны, белгісі ретінде қабылданған. Мұғалім: Сәлем - сөздің анасы, Сәлем – сөздің сарасы, Сәлемдесер үлкенге Қазақтың әр баласы. Сәлем – сөздің анасы, Білгені жөн әр қазақтың баласы. Үлкен мен де кішімен, Сәлемің түзу болсын деп Үйретер ата - анасы,- дей келе келесі бөлімді бастаймыз. ІІ бөлім: «Сәлем бере білейік» (әр топқа тапсырма беру) 1 - топ: Кішінің үлкенге сәлем беруі (ата мен бала) 2 - топ: Екі дос немесе екі құрбының бір - бірімен сәлемдесуі 3 - топ: Наурыз тойында сәлемдесу немесе көрісу ІІІ бөлім: «Жақсыдан үйрен – жаманнан жирен» (әр топқа өлең оқылады, ұйқас жауап айту) 1. Бұрылатын қызға да, Ұрынатын ұлға да. Төбелеспей жүрмейтін, Қандай бала бұл тұрған? (тентек, сотқар) 2. Кітап түбі қырқылған, Күнделігі жыртылған. Сабаққа да самарқау, Қандай бала бұл тұрған? (бұзық) 3. Сабақ айта білмеген, Шақырмасаң жүрмеген. Сабақ бетін ашпайтын, Баланы сен кім дер ең? (жалқау) 1. Сыйлап үлкен ағаны, Сәлем берген баланы Кім дейміз? - Әдепті екен бұл дейміз. 2. Таудай биік талабы, Жақсы оқитын баланы Кім дейміз? - Үлгілі екен бұл дейміз. 3. Кітап, дәптер, қаламы Кір шалмаған баланы Кім дейміз? - Ұқыпты екен бұл дейміз. - Міне, оқушылар бізде жақсы істерді үйреніп, жаман әдеттен, қылықтан бойымызды аулақ ұстауға әдеттенуіміз керек. Оқу құралдарымызға, киген киімдерімізге, ас атасы – нанға ұқыптылықпен қарау керек. Өздерің білетін ізгілік, адамгершілік, әдептілік туралы мақал - мәтелдер айтайық. 1. Әдепті бала ата - анасын мақтатар, Әдепсіз бала ата - анасын қақсатар. 2. Мейірімділікті анадан үйрен, Әдептілікті данадан үйрен. 3. Сыйламаған жолдасын, сыйлай да алмас өз басын. IV бөлім: «Ой толғаныс» (әр топқа жеке тапсырма беру, қорғау, пікірлерін айту) 1 - топ: «Әдепсіз балаға хат» 2 - топ: «5 жол өлең» құрастыру (өз тобына) 3 - топ: Жағдаяттан шығу (оқу, танысу, өз пікірлерін айту) Жағдаят: Жұмыстан келген анасы ұлына: - Ауырып тұрғаным, жата тұрсам ба екен? – деді. - Жата беріңіз, - деді компьютер ойынының қызығына түскен ұлы назар аудармастан. Анасы төсегіне барып жатты да, ұлына көрпенің үстінен тон жаба салуды өтінді. Ұлы орнынан салдыр - күлдір еткізіп, ренжи тұрды да, үн - түнсіз оның өтінішін орындады. • Бала анасына жанашырлық білдіре алды ма? • Сен оның орнында болсаң не істер едің? (Топтағы оқушылардың пікірлерін тыңдап болған соң, қорытынды ойды мұғалім айтады). Талқылау: Мұғалім топта қажетті сезімді тудыру үшін соған сәйкес оқушының сезім дүниесіне әсер ететіндей жағдайлар туғызуы тиіс. Сол себепті бұл жағдаятты оқушылардың өздеріне талқылату, жанашырлық сезімдерді туғызып қана қоймай, оның бекуіне жағдай жасалу керек. 5 жол өлең Үлгі: 1. Зат есім Айша 2. Сын есім әдепті, сыпайы 3. Етістік оқиды, жазды, үйренді 4. Сөйлем Менің Айша деген құрбым бар. 5. Синоним Айша – оқушы. V бөлім: «Жылы лебіз» (әр топ орнынан тұрып шеңбер құрып, бірге айтады) 1 - топ: Басымыз аман болсын! 2 - топ: Аспанымыз ашық болсын! 3 - топ: Күніміз жарық болсын! Соңы