Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
созжасам Раманова А.doc
Скачиваний:
140
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
776.7 Кб
Скачать

11-Апта

Кредиттік сағат саны – 1

Дәріс № 11

Тақырыбы: Сын есім сөзжасамы

Дәріс мазмұны:

  1. Жалпы түсінік.

  2. Есімдерден сын атауын жасайтын жұрнақтар.

  3. Етістіктен сын атауын жасайтын жұрнақтар.

  4. Күрделі сындардың жасалуы.

Әдебиеттер:

  1. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.

  2. Мұсабаев Ғ. Қазақ тіліндегі сын есім категориясы. Алматы, 1961.

  3. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. Оқулық. Алматы, 2001.

Қосымша әдебиеттер:

  1. Ақкөзов Ә.Ә. Сапалық сын есімдердің семантикасы және жүйесі. Филол. ғылымд. канд. дисс. авторефераты. Алматы, 2004.

  2. Әмірова Ж. Сын есім заттануының синтаксистік жолдары // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 4, 2007, 55-57-б.б.

  3. Есматова М. Қатыстық сын есімнің (-лы, -лі, -сыз, -сіз жұрнақты) семантикасы // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 9, 2002, 49-51-б.б.

  4. Есматова М.Т. Есім негізді туынды сын есімнің сөзжасамдық жүйесі. Филол. ғылымд. канд. дисс. авторефераты. Алматы, 2004.

  5. Құсайын Р. Сын дәрежесі және шырай категориясы // Қазақстан мектебі, № 2, 2005, 69-71-б.б.

  6. Мырзатаев Н. Сын есімнің қалыптасуындағы адъективтену құбылысы // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 1, 2004, 97-103-б.б.

  7. Сарбалаева Ж. Қазақ тіл біліміндегі адъективизация мәселесі // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 9, 2006, 62-68-б.б.

  8. Сыздықова Г.О. Қазіргі қазақ тіліндегі қатыстық сын есімдердің семантикалық және стильдік сипаты. Филол. ғылымд. канд. дисс. авторефераты. Астана, 2000.

Зат есім, етістік сөзжасамынан кейінгі орында сын есім сөзжасамы тұрады. Сын есім туындылар есім сөздерден де, етістіктен де жасала береді. сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтары құрамы жағынан жалаң және құранды болып бөлінеді. Жалаң жұрнақтар бір ғана морфемадан тұрады, құрамын бөлуге болмайды. Мысалы, мұртты, күндік, қарыздар, тарихи. Ал сұрампаз, жатыңқы, аумалы, жарасымды туынды түбірлеріндегі –мпаз, -ыңқы, -малы, -ымды жұрнақтары – құранды жұрнақтар.

Есімдерден сын атауын жасайтын жұрнақтар

Есім сөздерден туынды сын аталымын жасайтын жұрнақтар түрлі мағына береді. Олардың ірілерін келтіреміз.

1. Белгінің барлығын, молдығын білдіретін жұрнақтар.

-лы, -лі: қамысты, көлді, сулы, таулы, білімді, қарлы.

-дар: хабардар, қарыздар.

2. Қабілеттілікті, қатыстық мәнді білдіретін жұрнақтар:

-паз: өнерпаз, аспаз, білімпаз.

и: тарихи, мәдени, әскери, әдеби.

3. Адам қасиеттерін білдіретін жұрнақтар:

-ыр, -ір: сылбыр, болбыр.

-ақ: жалтақ, бұлтақ.

-ғақ, -гек: ұрысқақ, тоңғақ.

-тал: сезімтал, ұғымтал, өсімтал.

-қой, -гөй: жанжалқой, әзілқой.

-қор: мансапқор, парақор.

4. Мезгіл мәнді жұрнақтар:

-ғы, -гі: күзгі, қысқы, түнгі, түскі.

-лық, -лік: апталық, күндік, жылдық.

5. Мекендік мәнді жұрнақ:

-ғы, -гі: төменгі, төргі, жоғарғы, түпкі, үйдегі.

-ғын: тұрғын.

6. Белгінің жоқтығын және салыстыру мәнді жұрнақ:

-сыз, -сіз: сусыз, білімсіз, ақылсыз, даусыз.

-дай, -дей, -тай, -тей: ауадай, күндей, аттай.

7. Ортақ белгі және туыстық мәнді жұрнақтар:

-лас, -лес, -дас, -дес, -тас, -тес: ниеттес, сырлас, тілеулес, пікірлес, ауылдас.

-лық, -лік: інілік, туыстық, аталық, әкелік.

8. Жансыз заттар белгісін білдіретін жұрнақтар:

-тақ: тастақ, солқылдақ, құмдақ.

-ы, -і: қазақы, арабы, қырмызы, бөстегі.

-ақ, ек: жалпақ, бұрқақ, бұлтақ.

-лық: майлық, сулық.

9. Дерексіз сындық белгіні білдіретін жұрнақ:

-лық, -лік: азаматтық, шетелдік, кісілік.

-тек: жеңілтек, тапалтақ.

-қыр: ұшқыр, өткір, алғыр.

-дас: мұңдас, сыйлас, қадірлес.

-лы: сыйлы, құрметті, бақытты.

Етістіктен сын атауын жасайтын жұрнақтар

1. Адам сынын білдіретін жұрнақтар:

-ық, -ік: қорқақ, толық, ашық, жабық.

-уық, -уік: жылауық, сөйлеуік, сыбырлауық.

-қыш, -кіш: білгіш, тапқыш, күлегеш.

-мды, -мді: ұстамды, жағымды, шыдамды.

-қақ, -кек: ұрысқақ, тоңғақ.

-қыр, -ғыр, -гір: білгір, алғыр, өткір.

-қалақ, -келек: ұшқалақ, сасқалақ.

-ынды: жырынды...

2. Жансыз заттардың белгісін білдіретін жұрнақ

-улі, -улы: жинаулы, себулі, оюлы.

-малы, -мелі: суырмалы, ашпалы, жаппалы.

-ымды, -імді: ұтымды, ұнамды, жарасымды.

-ғақ, -гек: тоңғақ, жабысқақ, қатқақ.

-ма, -ме: жайылма, құрама, сырма...

3. Жан-жануарға қатысты белгілерді білдіретін жұрнақтар

-аған, -еген: қабаған, сүзеген, тебеген.

-у: жарау.

-қы: бұралқы.

4. Сындық мәнді қимыл атауының жұрнақтары:

-ыл, -іл: батыл, жеңіл.

-ық, ік: құрғақ.

-у: қызу, бітеу, көлбеу, қату.

Күрделі сындардың жасалуы

«Күрделі сын есім» деген термин 1952 жылғы А.Ысқақов пен К.Аханов авторлығымен шыққан мектеп грамматикасынан бастап, ғылыми айналымға түсті. Күрделі сындар деп екі не одан да көп сыңарлардан құралып, бір сындық ұғымды, белгіні білдіретін сөздер аталады. Күрделі сындар сөзжасамның аналитикалық тәсілінің ішкі үш түрі арқылы яғни сөзқосым, қосарлау, тіркестіру тәсілдері арқылы жасалады. Осыған байланысты күрделі сындардың үш түрі бар: 1) біріккен күрделі сындар, 2) қосарланған күрделі сындар, 3) тіркескен күрделі сындар. Біріккен күрделі сындар онша көп емес, олар: көнетоз, біртоға, көнтері, тілалғыш, есерсоқ, алаңғасар, кемтар, кертартпа, қонақжай, т.б.

Қосарланған күрделі сында тілде бірсыпыра: үлкенді-кішілі, ақты-қаралы, ағал-жағал, қан-сөлсіз, қырғи-қабақ, қайғы-қасіретсіз, ұзыннан-ұзақ, т.б.

Тіркескен күрделі сындар тілден кең орын алады. Мысалы: қызыл ала, ақ сары, күрең қызыл, қара қошқыл, қызыл шұнақ, теңбіл көк. Күрделі сындардың құрамы екі түрлі: екі құрамды, үш құрамды күрделі сындар.