Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
созжасам Раманова А.doc
Скачиваний:
140
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
776.7 Кб
Скачать
  1. Пәнді оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулар

Практикалық (семинарлық, студиялық) сабақтарға әдістемелік нұсқаулар

1. Семинарлық сабақтың басты мақсаты студенттердің теориялық білімдерін тереңдетіп бекіту және тәжірибе жүзінде қолдана білуді қалыптастыру.

1.1 Ұйымдастыру талаптары:

  • семинарлық сабақтың оқу пәнінің жоспарына сәйкестігі.

  • семинарлық сабақтардың дәріс сабақтарына байланысын білдіретін құжаттардың болуы.

  • семинарлық сабақтарды қазіргі әдіс-тәсілдерді және техникалық құралдарды қолдана отырып өткізу.

  • семинарлық сабақтарға қажетті ғылыми әдебиеттерді жинақтау.

  • семинарлық сабақтар бойынша студенттердің білімдерін бағалауды ұйымдастыру.

1.2 Семинарлық сабақтардың мазмұнына қойылатын талаптар:

  • семнарлық сабақ мазмұнының оқу бағдарламасына, талаптарға сай болуы.

  • пәннің басқа оқу сабақтарымен байланысын қамтамасыз ету.

  • сабақтарда студенттердің өздерінің білімдерін қолдана білуін дамыту.

  • тапсырмаларды қрындаудың оңай тәсілдерін қарастыру.

1.3 Әдістемелік талаптар:

  • дәріс және басқа сабақ түрімен логикалық байланысты қамтамасыз ету; сұрақтарды талқылау және дұрыс жауапты табу.

1-апта

Семинар № 1

Тақырыбы: Сөзжасам – тіл білімінің жеке саласы

Мақсаты: сөзжасам ұғымы мен белгілерін, табиғаты мен ерекшеліктерін анықтау. Қазақ тілінің сөзжасамдық жүйесімен таныстыру.

Негіздемесі: Қоғамдағы жаңалықтар жаңа атауды қажет ететіні, ол қажеттілікті үнемі қамтамасыз етіп отыратын сөзжасам екені. Бұл тіл болғалы үнемі үздіксіз жасалып келе жатқан тілдік әрекет болғандықтан, тілдің сөзжасам жүйесі үнемі дамып, екшеліп, толығып қалыптасып отырғаны.

Бұл сөзжасамдық тәсілдердің қалыптасуынан, сөзжасамдық бірліктердің дамуынан, тұрақталуынан, сөзжасамдық бірліктердің үнемі толығып отырғанын, сөзжасамдық бірліктердің қолданылу заңдылықтарының қалыптасуынан көрінеді.

Сөзжасамның дамуы, баюы, екшеліп бір қалыпқа түсуінің нәтижесінде өзіндік сөзжасамдық бірліктері бар, тәсілдері бар, орныққан, қалыптасқан заңдылықтары бар тілде сөзжасамдық жүйенің бары туралы. Ол сөзжасамдық жүйе арқылы өмірде пайда болған барлық жаңа заттар мен ұғымдардың аталуы өмірде қамтамасыз етілетіні, өмір қажеттілігін қамтамасыз ету үшін, тілдің сөзжасамдық жүйесінің қызмет ететіні туралы.

Әдебиеттер:

  1. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1989.

  2. Қасым Б. Сөзжасам: семантика, уәждеме. Алматы, 2003.

  3. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. Оқулық. Алматы, 2001.

  4. Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. Алматы, 1999.

  5. Салқынбай А.Б. Тарихи сөзжасам. Семантикалық аспекті. Филол. ғылымд. докт. дисс. авторефераты. Алматы, 1999.

Бақылау сұрақтары:

    1. Сөзжасам қашан оқытыла бастады?

    2. Қазақ тіл білімінде сөзжасам қай кезде танылды?

    3. Сөзжасам пәнінің мазмұнына не кіреді?

    4. Сөзжасам пәнінің мақсаты мен міндеттері не?

Тапсырма 1. Қазақ тіл білімінде сөзжасам тіл білімінің жеке саласы деп дәлелдеген ғалымдарды көрсетіңіз және олардың сөзжасамға қатысты зерттеулері туралы айтып беріңіз.

С.Аманжолов

М.Балақаев

Р.Сыздықова

А.Қалыбаева

Н.Оралбаева

А.Төлеуов

Ғ.Қалиев

Қ.Есенов

М.Серғалиев

Е.Жанпейісов

С.Нұрқатов

Ш.Сарыбаев

Тапсырма 2. «Сөзжасам жеке сала ма?» деген тақырыпқа пікірталас ұйымдастыру.

Үлгі: пікірталасқа түсуші топтар:

1) «сөзжасам жеке сала» деген пікірді жақтаушылар;

2) «сөзжасам морфологияның мәселесі» деген пікірді жақтаушылар;

Әр топ ғылымдағы осы пікірді ұстанған ғалымдардың дәлелдерін негіз ете отырып, өз ойын айтады және өзі ұстанған пікірін дәлелдей білуі қажет.

2-апта

Семинар № 2

Тақырыбы: Сөзжасамның тілдің басқа салаларымен байланысы

Мақсаты: сөзжасамның тіл білімінің фонетика, морфология және синтаксис сияқты салаларымен байланысын ашып көрсету, түсіндіру.

Негіздемесі: Сөзжасам тіл білімінің барлық саласымен байланысты, әсіресе, морфология, синтаксис, лексикология, фонетикамен тығыз байланысты. Сөзжасам соңғы кезге дейін көп тілдерде морфологияның құрамында қаралып келді. Бұл екі саланың байланысы болатын себебі екеуі де сөздің ең кішкене бөлшегі морфемамен байланысты.

Әдебиеттер:

      1. Қасым Б.Қ. Қазақ тілінің сөзжасамы: практикалық және зертханалық жұмыстар. Алматы, 2007.

      2. Оразахынова Н.А., Исаева Ж.Т., Сүлеева Г.С. Қазақ тілі. Сөзжасам. Морфология. Алматы: Арыс, 2004.

Бақылау сұрақтары:

  1. Сөзжасам тілдің басқа салаларымен байланысты ма?

  2. Неге көп уақыт бойына сөзжасам морфология саласына жатқызылды?

  3. Морфологиядан сөзжасамның айырмашылығы қандай?

  4. Лексикологиямен сөзжасам қай тұрғыда байланысады?

Тапсырма 1. Сызбаны сөзжасамның байланысты салаларымен толтырыңыз.

Тапсырма 2. «Қазақ сөзжасамын зерттеген ғалымдар» деген тақырыпқа кең көлемде реферат дайындап келу.

3-апта

Семинар № 3

Тақырыбы: Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі

Мақсаты: сөзжасам ұғымы мен белгілерін, табиғаты мен ерекшеліктерін анықтау. Қазақ тілінің сөзжасамдық жүйесімен таныстыру.

Негіздемесі: Қоғамдағы жаңалықтар жаңа атауды қажет ететіні, ол қажеттілікті үнемі қамтамасыз етіп отыратын сөзжасам екені. Бұл тіл болғалы үнемі үздіксіз жасалып келе жатқан тілдік әрекет болғандықтан, тілдің сөзжасам жүйесі үнемі дамып, екшеліп, толығып қалыптасып отырғаны.

Бұл сөзжасамдық тәсілдердің қалыптасуынан, сөзжасамдық бірліктердің дамуынан, тұрақталуынан, сөзжасамдық бірліктердің үнемі толығып отырғанын, сөзжасамдық бірліктердің қолданылу заңдылықтарының қалыптасуынан көрінеді.

Сөзжасамның дамуы, баюы, екшеліп бір қалыпқа түсуінің нәтижесінде өзіндік сөзжасамдық бірліктері бар, тәсілдері бар, орныққан, қалыптасқан заңдылықтары бар тілде сөзжасамдық жүйенің бары туралы. Ол сөзжасамдық жүйе арқылы өмірде пайда болған барлық жаңа заттар мен ұғымдардың аталуы өмірде қамтамасыз етілетіні, өмір қажеттілігін қамтамасыз ету үшін, тілдің сөзжасамдық жүйесінің қызмет ететіні туралы.

Әдебиеттер:

  1. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1989.

  2. Қасым Б. Сөзжасам: семантика, уәждеме. Алматы, 2003.

  3. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. Оқулық. Алматы, 2001.

  4. Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. Алматы, 1999.

  5. Салқынбай А.Б. Тарихи сөзжасам. Семантикалық аспекті. Филол. ғылымд. докт. дисс. авторефераты. Алматы, 1999.

Бақылау сұрақтары:

  1. Тілдің сөздік құрамының баюына сөзжасамның қатысы қандай?

  2. Тілдің сөзжасам жүйесіне не жатады?

  3. Сөзжасамдық жүйе қандай құбылыс?

  4. Сөзжасамдық жүйенің өзгерісі арқылы не көрінеді?

Тапсырма 1. Қазақ ғалымдарының сөзжасамға қатысты еңбектерінің тіліміздің сөзжасам жүйесі туралы ойларын жазып, оларға талдау жасаңыз.

Тапсырма 2. Синхрондық және диахрондық сөзжасамның айырмашылығын төмендегі сөздер арқылы дәлелдеп көрсетіңіз.

Ағайын, қарындас, ағала, ағалық, алагеуім, алабөтен, алагүлік, әдет-ғұрып, әнеугүні, әлем-жәлем, бағбаншы, бағдарла, бажалық, бажалаңдау, бажылдақ, бажыраю, бастама, басталу, басшы, батым.

Тапсырма 3. Тілдің қандай бірлігі негізсөз, ал қандай бірлігі сөзжасамдық мағынаның көрсеткіші болатындығын төмендегі үзіндіде берілген сөздер арқылы дәлелдеңіз.

Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман,

Шошимын кейінгі жас балалардан.

Терін сатпай, телміріп, көзін сатып,

Теп-тегіс, жұрттың бәрі болды аларман.

Ант ішіп, күнде берген жаны құрсын,

Арын сатып тіленген малы құрсын.

Қысқа күнде қырық жерге қойма қойып,

Қу тілмен қулық сауған заңы құрсын.

Бір атқа жүз құбылған жүзі күйгір,

Өз үйінде шертиген паңы құрсын (Абай).

4-апта

Семинар № 4

Тақырыбы: Сөзжасамдық тәсілдер

Мақсаты: Сөзжасам тәсілдері арқылы тілде сөздердің жасалу тегін, жолын, сөзжасамға қатысын тілдік тұлғаларды, олардың лексикалық мағына жасаудағы қызметін көрсету, сөзжасамдық талдау жасау, жаттықтыру.

Негіздемесі: Сөзжасам тілде қалыптасқан белгілі тәсілдер арқылы ғана жүзеге асады. Сөзжасамдық тәсілдерді, оның заңдылықтарын білу арқылы тілдің сөзжасам жүйесінің негізгі мәселелерін білуге болады. Ол форма мен мағынаның байланысы сияқты жалпы заңдылықты түсінуге де көмектеседі.

Әдебиеттер:

  1. Қасым Б.Қ. Қазақ тілінің сөзжасамы: практикалық және зертханалық жұмыстар. Алматы, 2007.

  2. Оразахынова Н.А., Исаева Ж.Т., Сүлеева Г.С. Қазақ тілі. Сөзжасам. Морфология. Алматы: Арыс, 2004.

Бақылау сұрақтары:

  1. Сөзжасамның синтетикалық тәсілі деген не?

  2. Негіз сөз деген не?

  3. Жұрнақ сөзжасамда қандай қызмет атқарады?

  4. Аналитикалық тәсіл дегеніміз не?

  5. Лексика-семантикалық тәсіл деген не?

Тапсырма 1. Мына туынды сөздердің жасалу тәсілін көрсетіңіз. Түсіндірме сөздікте берілген түсініктемесін жазып алыңыз.

Орындық, оқушы, тәлімгер, саудагер, аспаз, өрім, байлық, пәлеқор, сынақ, даулы, атқыш, тілде, ақсақал, асхана, көйлекшең, жолдас, өнерпаз, бөлме, орақшы, өлімтік, басқарма, белдікше, бүгін, көрші, көкөніс, буын, үйшік, тілсіз, көрме, бөілм, жолық, оттегі, төсеніш, бүгінше, қолбасшы, болжа, бақыт, салық, сана, сенгіз, сомда, сөздік, тынық, төртпақ, желдік, жент, құмайт, белес, көгер, майла, тыныш, өзгер, айтыс, дәрігер, балалық.

Тапсырма 2. Берілген туынды түбірлердің мағыналас түрлерін топтап теріп, мағыналық байланыс туғызып тұрған қосымшаны атап, оның ғылымда қалай аталатынын көрсетіңіз.

Жұмысшы, білгіш, қызметші, себепкер, білгір, сәулетші, жұмыскер, білімпаз, кірекеш, қызметкер, мансапқор, жабысқыш, білімді, жабысқақ, сыпыртқы, бапкер, ашытқы, ашытқыш, сыпырғыш, күлекеш, шақырымпаз, қыдырымпаз, шақырғыш, қыдырғыш, бұлтаң, бұлталақ, бұлтақ, себепші, сәулеткер, бапшы, мансапшыл, кіреші.

Тапсырма 3. Төмендегі сөздерден құранды жұрнақ арқылы жасалған туынды түбірді теріп жазып, қалғандарының құранды жұрнаққа жатпайтын себебін көрсетіңіз.

Жеңімпаз, қуырдақ, намыстан, ұйымдас, жариялас, жалқаулан, ойлан, әдемілен, үнемдеген, жүздеген, бақташы, көбейтінді, асынды, алыңқыра, жыламсыра, лыпылдақ, жауындат, астыртын.

5-апта

Семинар № 5

Тақырыбы: Сөзжасамдық мағына

Мақсаты: сөзжасамдық мағына туралы толық түсінік беру. Сөзжасамдық мағынаны ажырата білуге үйрету.

Негіздемесі: Туынды сөздің жасалуына байланысты пайда болған мағына сөзжасамдық мағына деп аталады. Негіз сөздің мағынасының негізінде басқа мағынаның жасалуын негізден өзгерген мағына деп атайды. Сөзжасамда туынды мағына негіз сөздің мағынасын өзгертпей, оның мағынасына үстеліп қосылуы мағынаның түрленуіне жатады. Негіз сөз бен туынды сөздің арасындағы қатыстың үшінші түрінде туынды сөздің мағынасы негіз сөздің мағынасын басқа сөз табынна көшіру арқылы жасалады. Туынды сөздің лексикалық мағынасы негіз сөздің не сөз тіркесінің мағынасымен тең түсуі мағынаның теңбе-теңдігі аталады.

Әдебиеттер:

  1. Қасым Б.Қ. Қазақ тілінің сөзжасамы: практикалық және зертханалық жұмыстар. Алматы, 2007.

  2. Оразахынова Н.А., Исаева Ж.Т., Сүлеева Г.С. Қазақ тілі. Сөзжасам. Морфология. Алматы: Арыс, 2004.

Бақылау сұрақтары:

  1. Сөзжасамдық мағына деген не?

  2. Сөзжасамдық бірліктер туынды мағынаның жасалуында қандай қызмет атқарады?

  3. Сөзжасамдық жұрнақтардың туынды мағына жасаудағы қызметі қандай?

  4. Жиынтық мағына, айырма мағына деген не?

Тапсырма 1. Төменде асты сызылған жұрнақтардың мағынасындағы, тұлғасындағы ерекшелікті сипаттаңыз, ғылымда онай жұрнақтардың қалай аталатынын көрсетіңіз.

Айтыс тоқталды, олар айтысты, бақша күтімді, қазақша сөйлейді, кітапша алдым, белдемше киді, ауланы қорша, жалтаңдау, босаң, түбір, кетір, құлқын, буын, жуын, балақай, бүлкіл, берілді, жалтақ, жолақ, қонақ, басқыш, жабысқыш, алжапқыш, қондырғы, шалғы, үйдегі, қаладағы.

Тапсырма 2. Туынды түбір жасаушы жұрнақтарды бөліп, оған толық сипаттама беріңіз (Сөз табына қатысын, мағынасын, өнімді, өнімсіздігін анықтаңыз, сөздіктен жұрнақтардың өнімділігін дәлелдейітн әр жұрнақ арқылы жасалған 10-15 туынды түбірді тауып жазыңыз).

Қарыздар, ұығмтал, тілектес, мая-мая, бала-шаға, бейтаныс, сезімтал, сезгіш, тамамда, жіпсі, тәлімші, сүйін, әнұран, елтаңба, көгер, азсын, көкте, алғыр, қазақ тілі, жүрдек, жәрдемдес, жәрдем ет, қаба сақал, ұшқыр, ашушаң, тілмар, тілеуқор, түкті, атамекен, сөзжасам, сөз тіркесі.

6-апта

Семинар № 6

Тақырыбы: Туынды сөздер

Мақсаты: тілдегі туынды сөздердің түрлері туралы мәлімет беру, олардың жасалу жолымен таныстыру.

Негіздемесі: Сөзжасамдық әрекеттің негізінде тілге қосылған сөздердің туынды сөз аталатыны. Туынды сөздердің түрлері: туынды түбірлер, күрделі сөздер (біріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер).

Туынды түбірлер. Туынды сөз бен туынды түбірдің айырмасы мен олардың бір-біріне қатысы. Негіз сөз бола алатын сөздер.

Күрделі сөздер. Аналитикалық тәсіл арқылы күрделі сөздердің жасалу жолдары. Күрделі сөздің анықтамасы мен түрлері.

Біріккен сөздер, сөзқосым арқылы жасалуы. Біріккен сөз жасауға қатысатын тілдік бірліктер, олардың мағына жасауда атқаратын қызметі. Біріккен сөздің емлесі.

Қос сөз. Қос сөздердің анықтамасы, жасалу жолы, құрамы, сөз таптарына қатысы, сөздікте берілуі. Қос сөздердің түрлері: қосарлама қос сөз, қайталама қос сөз.

Қысқарған сөздер. Сөзді қысқарту әдісі. Тілдегі сөз қысқартудың түрлері: қоғамдық қарым-қатынасқа қатысты сөздерді қысқарту; күнделікті өмір, тұрмысқа қатысты сөздерді қысқарту.

Әдебиеттер:

  1. Жәркешева Г. Біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің сөздігі. Алматы, 1960.

  2. Ибатов А. Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігі. Алматы, 1988.

  3. Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. Алматы, 1989.

  4. Қасым Б. Күрделі зат есімдер сөздігі. Алматы, 1999.

  5. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. Оқулық. Алматы, 2001.

  6. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1991.

  7. Алдашев Н.М. Қазіргі қазақ тіліндегі қысқарған сөздер. Филол. ғылымд. докт. дисс. авторефераты. Алматы, 1996.

  8. Әміров Ә. Бірігу арқылы жасалған сөздер // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 4, 2001, 37-38-б.б.

  9. Төлекова Г. Қазақ тіліндегі сіңісу құбылысы // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 4, 2004, 76-78-б.б.

  10. Төлекова Г. Қазақ тіліндегі сіңіскен сөздер // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 7, 2004, 35-38-б.б.

Бақылау сұрақтары:

    1. Туынды сөздің анықтамасы қандай?

    2. Туынды сөздің өмір қажеттігіне қатысы қандай?

    3. Түбір сөз, туынды сөз, туынды түбір деген терминдердің айырмасы қандай?

    4. Туынды сөздер құрамына қарай қалай жіктеледі?

    5. Туынды түбір деген не?

    6. Тарихи туынды түбірлер деген не?

Тапсырма 1. Мына туынды сөздердің жасалу тәсілін көрсетіңіз.

Орындық, оқушы, тәлімгер, саудагер, аспаз, өрім, байлық, пәлеқор, сынақ, даулы, атқыш, тілде, ақсақал, асхана, көйлекшең, жолдас, өнерпаз, бөлме, орақшы, басқарма, белдікше, бүгін, көрші, көкөніс, буын, үйшік, тілсіз, көрме, бөлім, жолық, оттегі, төсеніш, бүгінше, қолбасшы, болжа, бақыт, салық, сана, сенгіз, сомда, сөздік, тынық, төртпақ, жент, құмайт, белес, көгер, майла, тыныш, өзгер, айтыс, дәрігер, балалық.

Тапсырма 2. Мәтіннен туынды түбірлерді тауып, оның негіз сөзін бөліп, негіз сөз бен туынды сөздің мағынасын салыстырыңыз. Бұл екі сөздің қайсысының мағынасы қандай мағынаның жасалуына негіз болғанын көрсетіңіз.

Жолаушылардың маңдай алдында Құнанбайдың өзі. Астында семіз сары жорға аты бар. Арт жағы тегенедей жұмыр келген, ақ жал, сары жорға ат көп жорғадай күдіс емес. Қабырғалы, жараң және зор болатын. Құнанбайдың қалың жылқысының ішінде әрдайым ұзақ жолға, әсіресе, қысқы жолға мінетін аты осы еді. Үстінде қара құлын жарғағы бар, күміс кісе буынған, қара мақпалмен тыстатып, қызыл түлкі тымақ киген Құнанбай сырт жағынан қарағанда, тіпті зор, көрнекті еді. Қара жарғақ сары атқа жақсы жарасады. Тайпалған қатты жорға өзге жүргіншінің бәрін сар желдіріп келеді. Абайдың ақмаңдайы кейде Құнанбай жүрісі баяуласа, жол жорғасын салады да, сары жорға қатты тайпалып кетсе, амалсыздан желе жөнеледі. Желісі біртүрлі қатты, мазасыз (М.Әуезов).

Тапсырма 3. Мәтінде берілген туынды сөздерді тауып, олардың қай тәсіл арқылы жасалғанын көрсетіңіз.

Ардақ көзі жәудіреп, тұғырдағы тұйғындай монтиып отырып, тыңдай берді. Кеше ғана жалаңаяқ, ойы қолынан, қолы ойынан шорқақ, ауылдан келген Жанәбіл бүгін жағасында галстук, ысылған, көңіл көзі ашылған, қоғам қайраткерінің сөзін айтып отыр. Оның осы дәрежеге жетуіне «менің де қарлығаштай көмегім болды-ау» деп, ішінен қуанады Ардақ. Диханшы жер жыртып, ел несібін еккенде, кішкентай ғана қыз бала топырақ тырнап, гүл егеді. Гүлі өнсе, өзінен бақытты жоқ. Ардақ та сол баладай бақытты қазір (Ғ.Мұстафин).

Тапсырма 4. Төмендегі туынды сөздерді түрлеріне қарай топтап, қандай сөзжасамдық тәсіл арқылы жасалғанын түсіндіріңіз.

Қырқы, тасымал, нарық, ардагер, тәлімгер, елбасы, әнұран, елтаңба, ағар, тіле, сөйле, көгер, емде, дәріхана, құнажын, бірлік, ҚР, ата-ана, темір жол, туған жер, БҰҰ, педколледж, жанұя.

Тапсырма 5. Төмендегі сөздерден құранды жұрнақ арқылы жасалған туынды түбірі теріп жазып, қалғандарының құранды жұрнаққа жатпайтынын түсіндіріңіз.

Жеңімпаз, қуырдақ, намыстан, ұйымдас, жариялас, жалқаулан, ойлан, әдемілен, үндемеген, жүздеген, бақташы, көбейтінді, алыңқыра, жыламсыра, лыпылдақ, жауындат, астыртын.

7-апта

Семинар № 7

Тақырыбы: Сөзжасамдық талдау

Мақсаты: сөздің құрамына қарай талдау: морфемдік талдау, сөзжасамдық талдау, этимологиялық талдау, олардың өзара айырмашылықтары мен ерекшеліктері және сөзжасамдық құбылыстарды айыра білуге үйрету. Сөзжасамдық талдаудың шарттары мен жолдарын көрсету. Туынды сөзжасаушы тілдік нұсқаны тауып, оның сөзжасамдық тәсілін, заңдылықтарын, сөзжасамдық бірліктерін анықтау.

Негіздемесі: Сөзжасам жеке сала болғалы сөзжасамдық талдау мәселесі көтерілді. Сөзжасамдық талдауға сөздің құрамындағы өз түрлендіруші, сөздің грамматикалық тұлғасын жасаушы морфемалар кірмейді де, сол арқылы ол қазіргі морфологиялық талдаудан ерекшеленетіні туралы.

Сөзжасамдық талдаудың негізгі шарттары мен жолдары. Сөзжасамдық талдаудың негізгі нысаны – сөзжасамдық бірліктер, олардың сөздің мағынасын жасаудағы қызметі, сөзжасамдық мағына, туынды сөздердің түрлері, сөзжасамдық заңдылықтар, үлгілер, сөз таптарының сөзжасамын көрсету.

Әдебиеттер:

    1. Ибатов А. Сөздің морфологиялық құрылымы. Алматы, 1982.

    2. Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі грамматикалық ұғымдар. Алматы, 1992.

    3. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.

    4. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. Оқулық. Алматы, 2001.

    5. Есімсейітов Б. Сөзжасамдық талдау // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 7, 2006, 43-47-б.б.

    6. Жахина Б. Сөзжасамның әдістемесі хақында // Қазақ тілі мен әдебиеті, № 12, 2001, 27-30-б.б.

Бақылау сұрақтары:

      1. Сөзжасамдық талдаудың мақсаты не?

      2. Сөзжасамдық талдауда алдымен нені ажыратуға назар аудару керек?

      3. Негіз сөздің дұрыс танылғаны қалай тексеріледі?

      4. Сөзжасамдық талдау мәселесі немен байланысты туды?

Тапсырма 1. Ұқсас түбірлердегі негізгі мағыналарды анықтап, бір ұядан тараған түбірлерге талдау жасап, әрі қарай тізбек жасауға тілдік деректерді келтіріңіз.

Сарылып, сарғаяды жарық Айым,

Сағынып, сілкінеді сары қайың.

Сары күз...

Сары дала...

Сары тоғай...

Санамда сақыр-сұқыр сары уайым...

Санам жанып, салқын көкте от күледі,

Сарғайған салқын күздің жетті лебі;

Сары жұрт бүріседі кеште суық,

Сабылып сары ала қаз көк тіледі.

Сары бел жетімсіреп қалқияды,

Сары адыр, саздау еңіс салқияды.

Сары тал... Сары қайың... Сары белес...

Сағым-мұң тербетеді сал қияны (Н.Оразалин).

Тапсырма 2. Төменде асты сызылған жұрнақтардың мағынасындағы, тұлғасындағы ерекшелікті сипаттаңыз, ғылымда ол жұрнақтардың қалай аталатынын көрсетіңіз.

Айтыс (тоқталды), олар (айтысты), бақша (күтімді), қазақша сөйлейді, кітапша алдым, белдемше кидім, ауланы қорша, жалтаңда, босаң, түбір, кетір, құлқын, буын.

Тапсырма 3. Туынды түбір жасаушы жұрнақтарды бөліп, оған толық сипаттама беріңіз.

Қарыздар, ұғымтал, тілектес, мая-мая, бала-шаға, бейтаныс, сезімтал, сезгіш, тамамда, жіпсі, тәлімші, сүйін, әнұран, елтаңба, көгер, азсын, көкте, алғыр, қазақ тілі, жүрдек, жәрдемдес, жәрдем ет, ұя, қаба сақал, ашушаң, тілмар, тілеуқор, түкті, атамекен, сөзжасам, сөз тіркесі.

Тапсырма 4. Құрамында –ды қосымшасы бар түрлі сөздерге сөйлемдер құрастырып, олардың түрлі мағынада, түрлі қызметтегі морфема екенін дәлелдеңіз.

Тапсырма 5. Төмендегі туынды сөздердің мағынасының оның құрамындағы морфемалармен байланысын түсіндіріңіз.

Көйлекшең, келін, толқын, жанұя, үйшік, белес, сарғылт, қызыл ала, пікірталас, көгер, өнеркәсіп.

8-апта

Семинар № 8

Тақырыбы: Сөзжасамдық ұя

Мақсаты: Негізгі түбірлердің негізінде жасалған ұядағы туынды сөздердің сөзжасамдық заңдылықтарын, құрамын, ұядағы орнын, қызметін үйрету. Ұя құрамындағы орнын дәйектеу, сөзжасамдық қабілетін айқындауға үйрету.

Негіздемесі: Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұяға қатысты теориялық мәселелердің теориялық негіздемесін оқыту процесінде саралай отырып, негізгі заңдылықтарымен таныстыру. Сөзжасамдық ұя арқылы сөзжасамдық саты, тарам, тізбек, т.б. мәселелердің қызметін теориялық негізде дәлелдей білу.

Әдебиеттер:

  1. Қасым Б.Қ. Күрделі зат есімдер сөздігі. Алматы: АлМУ баспасы, 1999.

  2. Құрманәлиев К. Сөзжасамдық ұя. Алматы, 1998.

  3. Тоққожаева О. Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұялар сөздігі. Алматы, 1996.

Бақылау сұрақтары:

  1. Сөзжасамдық ұя дегенді қалай түсінесің?

  2. Сөзжасамдық тізбек дегеніміз не?

  3. Сөзжасамдық саты дегеніміз не?

  4. Сөзжасамдық тарам дегеніміз не?

  5. Сөзжасамдық жұп дегеніміз не?

Тапсырма 1. Мына туындылардан сөзжасамдық бір тізбек сөздерін теріп, ретімен жазыңыз, онда неше саты барын табыңыз.

Түсін, тартын, ұшыр, тартыншақ, ықта, тартыншақта, қашақ, тартыншақтат, қайтым, тартыншақтатқыз, кіріс.

Тапсырма 2. Мына туындылардан сөзжасамдық жұптарды теріп жазыңыз.

Көшкін, көшір, кіргіз, көшкінде, кетір, көшіріс, кіргіздір, кетіргіз, келіс, келтір, келістір, жүздір, келтіргіз, жүздіргіз.

Тапсырма 3. Бір ұяның сөздерін теріп, ретімен жазыңыз, оның түп негіз сөзін көрсетіңіз.

Барғыш, шығын, безін, шығында, негіз, шығындал, желіс, шығындан, жетіл, шығындандыр, жүзімпаз, шығым, жүрдек, шығымды, шытыр, шығымдылық, езбе, шығысы, келін, шығарма, шығасылы, шығар, кетір, шығарғыш, көшет, шығарғыштық, кірме, қайтқыш, шығармашылық, шығармашыл.

9-апта

Семинар № 9

Тақырыбы: Есім сөздердің сөзжасамы

Мақсаты: сөз таптарының сөзжасамы туралы мәлімет беру, сөз таптарының сөзжасамдық ерекшеліктерін таныту.

Негіздемесі: Сөз таптарының сөзжасамы қазақ тіл білімінде ертеден зерттеліп, бұл мәселеде бірсыпыра ғалымдардың еңбегі бары туралы. Зат есім, сын есім, сан есім, етістіктің сөзжасамына арналған зерттеулердің бар екендігі.

Сөз таптарының сөзжасамын есім сөздердің және етістіктің сөзжасамы деп екі бөліп қарау. Сөз таптарының сөзжасамының ауқымы және есім сөздер сөзжасамындағы ұқсастықтар.

Есім сөздердің сөзжасамына зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, үстеудің сөзжасамы жататыны.

Әдебиеттер:

  1. Қасым Б. Сөзжасам: семантика, уәждеме. Алматы, 2003.

  2. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. Оқулық. Алматы, 20 01.

  3. Төлеуов Ә. Қазақ тіліндегі есім сөздердің жасалуы. Алматы, 1973.

Бақылау сұрақтары:

  1. Қазақ тілінде сөз таптарының сөзжасамын қарастырған қай ғалымдарды білесің?

  2. Сөз таптарының сөзжасамы дегенді қалай түсінесің?

  3. Есім сөздердің сөзжасамын жеке қарастырған ғалымды ата.

Тапсырма 1. Мәтіннен лексикалық мағынаны өзгертетін есімнің сөзжасамдық жұрнақтарын табыңыздар.

Татулық болар берекем, Қылмасын жұрт келеке (Ақтамберді). Кеншілер, кереметтей ғұламалар (М.Мақатаев). Батырлық, сергектік, ерлік, әр жерде-ақ, әр жағдайда-ақ, қажет болса да, олар өнерден жатпаса зая кетпек. Жұмыскер есіктегі тыныш кетер, Қожайын төрде отырған қаба болса (Көтеш ақын). Біз Ащыдан өтіп, Сәтбай аулына келдік.

Тапсырма 2. Төмендегі сөздердің мағыналарын анықтап, оларға төмендегі жұрнақтардың тиістісін жалғап, туынды зат есім жасаңыз.

Кір, шал, құй, сүз, бел, өт, бол, бора, ки, кер, ту, қуан, қаз, ор, там, қой, өтін, шап, тер, түйре, күре, іл, тырна, түй.

Жұрнақтар: - ғы, -гі, -гек, -мақ, -шек, -кел, -мыс, -н, -ін, -ім, -шы, -ыс, -іс, -ма, -ме, -ыш, -іш, -қ, -ық, -ынды, -ақ, -уыл, -уіш, -уыш.

Тапсырма 3. Мәтіннен аналитикалық тәсілмен жасалған туынды зат есімді тауып, олардың құрамын, құрамындағы морфемалардың мағынаға қатысын, ол сөздердің бір-бірінен айырмасын, ұқсастығын түсіндіріңіз.

Қызғаныш пен аяныш екі жақтан қысқан адал жан бір тыныс іздегендей ауыр күрсініп, Шығанаққа қарады (Ғ.Мұстафин). Абайға бұл ананың мейірімі, тіпті, қымбат адамшылық, шын рақымшылық болып танылды (М.Әуезов). Ұрпақты біз мұрагеріміз болады, халқымыздың санын толтырады деп өсіреміз (Ш.Жиенқұлова). ауыл адамдарының бірлі-жарымы сықылықтап күле бастады. Ымы-жымы, қулық-сұмдығы бір қулар болмасын (Б.Майлин).

Тапсырма 4. Сын есімнің сөз тудырушы жұрнақтары мен сөз түрлендіруші жұрнақтарын тауып, беретін мағынасын ажыратыңыз.

Алыстан, биіктеу тұстан қараған адамға жалаң аяғымен етегін түре су кешкен келіншек, қынарын қалың қайық, толан-топшы көмкерген өзен, кәперсіз жайылған төрт түлік, жыпырлаған араның ұясы – бәрі ертектегідей ересен әдемі еді. Көңілде ашудың зілсіздеу, шалқып та, шарпып кетпейтін, оты бір тұтанып, бір сөніп мазасын алған. Түпсіз ойдың тұңғиығына тұншыққан Айна қайтадан бетіне қалқып шыға алмай ұзақ отырды (О.Бөкеев). Сондай ұлыған қарлы дауыс астында елсіз меңіреу дала Абайдың өзі туып-өскен сахарасы болса, қазірде соншалық мейірсіз, қатал, өгей анадай. Жұқалаң ұзынша көп бұлт қызыл сеңдей болып, батар күнді ентелеп қамап тұр (М.Әуезов)

Тапсырма 5. Мәтіндегі субстантивтенген сан есімдерді тауып, олардың түрленуіндегі ерекшеліктерді көрсетіңіз.

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді.

Біріккен жүзді, бытыраңқы бірді алады.

Тоқсанымыз жиылып, тоқты жыққан батырмыз,

Сексеніміз жиылып, серке жыққан батырмыз (мақал-мәтелдер)