Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
созжасам Раманова А.doc
Скачиваний:
140
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
776.7 Кб
Скачать

17. Өзін-өзі бақылау үшін тестілік сұрақтар:

Тест тапсырмаларының нұсқасы

«Қазіргі қазақ тілінің сөзжасамы» пәні бойынша

Тест сұрақтары

1. Сөзжасамның қазақ тіл білімінің жеке саласы ретінде қай жылы танылғанын белгілеңіз.

а) 1989 ж. ә) 1990 ж. б) 1991 ж. в) 1992 ж. г) 1993 ж.

2. Сөзжасам қазақ тіл білімінің жеке саласы деп дәлелденген алғаш еңбек

а) «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі»

ә) «Қазақ тілінің морфологиясы»

б) «Қазақ тіліндегі сын есім шырайлары»

в) «Сөзжасамдық ұялар сөздігі»

г) «Күрделі зат есімдер сөздігі»

3. Қазақ тілінің сөзжасамы оқу пәні ретінде жоғары оқу орындарының жоспарына қашан кірді?

а) 1989 ж. ә) 1990 ж. б) 1991 ж. в) 1992 ж. г) 1993 ж.

4. Сөзжасамды жеке сала деп тануды орыс тіл білімінде алғаш ұсынған ғалым

А) Виноградов В.В.

Ә) Винокур Г.О.

Б) Тихонов А.Н.

В) Земская Е.А.

Г) Улуханов И.С.

5. «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты монография неше бөлімнен тұрады?

А) 2

Ә) 3

Б) 4

В) 5

Г) 7

6. «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты монографияның бірінші бөлімінде қандай мәселелер сөз болады?

А) сөзжасамның жалпы мәселелері

Ә) сөз таптарының сөзжасамы

Б) зат есімнің сөзжасамы

В) сөзжасамдық ұя мәселесі

Г) туынды сөздер мәселесі

7. «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты монографияның екінші бөлімінде қандай мәселелер сөз болады?

А) сөз таптарының сөзжасамы

Ә) сөзжасамның жалпы мәселелері

Б) сын есімнің сөзжасамы

В) сөзжасамдық тізбек мәселесі

Г) туынды сөздер мәселесі

8. «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты монографияда қай сөз таптарының сөзжасамы берілмеді?

А) сан есім және сын есім сөзжасамы

Ә) зат есім және сын есім сөзжасамы

Б) сан есім және есімдік сөзжасамы

В) сан есім және етістік сөзжасамы

Г) зат есім және үстеу сөзжасамы

9. Қазақ тіл біліміндегі сөз таптары сөзжасамының зерттелуі қай жылдан басталады?

А) 1949 ж.

Ә) 1950 ж.

Б) 2000 ж.

В) 1992 ж.

Г) 1989 ж.

10. Қазақ тіліндегі сөз таптары сөзжасамына қатысты жазылған алғашқы еңбектің авторы

А) Төлеуов Ә.

Ә) Хасенова А.

Б) Құлмағанбетова Б.

В) Ысқақов А.

Г) Оралбаева Н.

11. Қазақ тіл білімінде сөзжасам мәселелерін зерттеу неден басталды?

А) сөз таптарының сөзжасамы

Ә) етістіктің сөзжасамы

Б) туынды сөздер сөздігі

В) сөзжасамдық ұя мәселесі

Г) жұрнақтар қызметі

12. Сөзжасамдық талдаудың мақсаты не?

А) сөзжасамдық бірліктерді анықтау

Ә) сөздің дыбыстық құрамын анықтау

Б) сөздің тұлғасын ашып көрсету

В) фонемалардың жігін ашып көрсету

Г) сөздерді буынға бөліп көрсету

13. Туынды сөз жасауға қатысатын морфемалар қалай аталады?

А) сөзжасамдық бірліктер

Ә) сөзжасамдық жұп

Б) сөзжасамдық тип

В) сөзжасамдық тізбек

Г) сөзжасамдық қосымша

14. Сөзжасамдық бірліктерді көрсет.

А) түбір сөз, сөзжасамдық жұрнақ

Ә) жұрнақ, жалғау

Б) сөз таптары, сөзжасамдық жұрнақ

В) негіз сөз, туынды сөз

Г) түбір сөз, туынды сөз

15. Негіз сөздің лексикалық мағынасын сақтай отырып, оған үстеме лексикалық мағына қосатын жұрнақ қалай аталады?

А) сөз түрлендіруші жұрнақ

Ә) сөз тудырушы жұрнақ

Б) өлі жұрнақ

В) өнімді жұрнақ

Г) негіз сөз

16. Негіз сөздің мағынасын өзгертумен бірге, сөз табын да өзгертетін

А) сөз өзгертуші жұрнақ

Ә) сөз түрлендіруші жұрнақ

Б) өлі жұрнақ

В) өнімді жұрнақ

Г) негіз сөз

17. Өлі жұрнақтарды көрсетіңіз.

А) –шын, -дақ, -ек;

Ә) –шы, -ші, -кер;

Б) –гер, -дай, -дей;

В) –лау, -леу, -дау;

Г) –шы, -ші, -хана.

18. Сөзжасамдық қабілетіне қарай жұрнақтар қалай бөлінеді?

А) өнімді, өнімсіз

Ә) сөз өзгертуші, сөз түрлендіруші

Б) тірі, өлі

В) жұрнақ, жалғау

Г) синоним, омоним

19. Қазақ тілінде неше сөзжасамдық тәсіл бар?

А) 3

Ә) 2

Б) 4

В) 6

Г) 5

20. Лексикалық мағыналы сөз бен сөзжасамдық жұрнақ қай сөзжасамдық тәсілде қызмет атқарады?

А) синтетикалық тәсіл

Ә) аналитикалық тәсіл

Б) лексика-семантикалық тәсіл

В) лексикалық тәсіл

Г) синтаксистік тәсіл

21. Негіз сөз дегеніміз не?

А) туынды сөздің лексикалық мағынасына арқау болатын сөз.

Ә) түбір сөзден туынды сөз жасайтын бірлік.

Б) түбір сөзге қосымша мән үстейді.

В) әрі қарай морфемалық жіктеуге келмейтін бірлік.

Г) сөзжасамдық мағынаны түрлендіретін бірлік.

22. Синтетикалық тәсіл арқылы туынды түбірді не жасайды?

А) жұрнақ

Ә) жалғау

Б) қосымша

В) негіз сөз

Г) фонема

23. Тілімізді күрделі сөздермен толықтырып отыратын сөзжасамдық тәсіл

А) аналитикалық тәсіл

Ә) синтетикалық тәсіл

Б) лексика-семантикалық тәсіл

В) морфологиялық тәсіл

Г) фонетикалық тәсіл

24. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған туынды сөздер қалай аталады?

А) күрделі сөздер

Ә) негіз сөздер

Б) түбір сөздер

В) түрленген сөздер

Г) изафеттік тіркес

25. Қазақ тілінде аналитикалық тәсіл іштей неше түрге бөлінеді?

А) 4

Ә) 5

Б) 3

В) 2

Г) 7

26. Тіліміздегі біріккен сөздер мен қысқарған сөздерді қай сөзжасамдық тәсіл жасайды?

А) аналитикалық тәсіл

Ә) синтетикалық тәсіл

Б) лексика-семантикалық тәсіл

В) морфологиялық тәсіл

Г) лексикалық тәсіл

27. Тіліміздегі сөз, буын, үстеу, мағына, есім сияқты терминдер қай сөзжасамдық тәсіл арқылы жасалған?

А) лексика-семантикалық тәсіл

Ә) синтетикалық тәсіл

Б) аналитикалық тәсіл

В) морфологиялық тәсіл

Г) лексикалық тәсіл

28. Сөздің жаңа мағынаға көшуіне байланысты сөздің бір сөз табынан екінші сөз табына ауысу құбылысы ғылымда қалай аталады?

А) конверсия

Ә) морфонология

Б) варианттылық

В) диалект

Г) интонация

29. Туынды сөздің жасалуына байланысты пайда болған мағына қалай аталады?

А) сөзжасамдық мағына

Ә) көпмағыналылық

Б) байлаулы мағына

В) ауыспалы мағына

Г) тұрақты мағына

30. Теңбе-тең туынды мағынаға ие сөздерді көрсетіңіз.

А) БҰҰ, ҚР, БҚМУ

Ә) ата-ана, ел-жұрт, қыз-қырқын

Б) аққала, бозторғай, тасбақа

В) әкел, апар, әкет

Г) сұлу, әдемі, әсем

31. Дөнежін, балапан, көлшік, әкетай тәрізді сөздер қандай туынды мағынаға ие?

А) түрленген туынды мағына

Ә) көшірілген туынды мағына

Б) теңбе-тең туынды мағына

В) өзгерген туынды мағына

Г) жиынтық мағына

32. Қай туынды мағынаны орыс тіл білімінде «модификационное значение» деп атайды?

А) түрленген туынды мағына

Ә) өзгерген туынды мағына

Б) жиынтық мағына

В) көшірілген туынды мағына

Г) теңбе-тең туынды мағына

33. Сөзжасамның қай тәсілі арқылы көшірілген туынды мағына жасалады?

А) лексика-семантикалық тәсіл

Ә) синтетикалық тәсіл

Б) морфологиялық тәсіл

В) аналитикалық тәсіл

Г) синтаксистік тәсіл

34. Бір сөз табынан белгілі бір жұрнақ арқылы жасалған ұқсас мағыналы туынды сөздердің жасалуы қалай аталады?

А) сөзжасамдық тип

Ә) сөзжасамдық үлгі

Б) сөзжасамдық ұя

В) сөзжасамдық тізбек

Г) сөзжасамдық тарам

35. Сөзжасамдық үлгі дегеніміз не?

А) Туынды сөздің нақтылы жасалу жолы.

Ә) Бір сөз табынан белгілі бір жұрнақ арқылы жасалған ұқсас мағыналы туынды сөздердің жасалуы.

Б) Туынды сөздің жасалуына байланысты пайда болған мағына.

В) Жаңа сөздің жасалуының тілде қалыптасқан сөзжасамдық тәсілі.

Г) Туынды сөз жасауға қатысатын сөзжасамдық бірлік.

36. Сөзжасамдық тәсіл арқылы сөзжасамдық бірліктердің бір-бірімен қарым-қатынасқа түсуінен жасалған сөздер қалай аталады?

А) туынды сөздер

Ә) негіз сөздер

Б) түбір сөздер

В) өлі түбірлер

Г) морфемалар

37. Тіліміздегі ең көп сөздер

А) туынды сөздер

Ә) түбір сөздер

Б) дыбыстар

В) фонемалар

Г) негіз сөздер

38. Туынды сөздер құрамына қарай қалай бөлінеді?

А) дара, күрделі

Ә) өлі, тірі

Б) негіз сөз, түбір сөз

В) туынды сөз, туынды түбір

Г) біріккен сөз, кіріккен сөз

39. Құрамы негіз сөз бен жұрнақтан тұратын сөздер қалай аталады?

А) туынды түбір

Ә) негіз сөз

Б) күрделі сөз

В) қысқарған сөздер

Г) тіркесті сөз

40. Туынды түбірге тән белгіні көрсет

А) туынды түбір екі морфемалы сөз;

Ә) туынды түбірдің мағынасы тек негіз сөздің мағынасынан жасалады;

Б) туынды түбірдің құрамындағы негіз сөз бен туынды түбірдің мағыналары байланысты болмауы қажет;

В) туынды түбір сөзде мағына болмайды;

Г) туынды түбір үш немесе одан да көп морфемалардан құралады.

41. Тіліміздегі бойжеткен, алтыбақан, әуежай, жылыжай, ауыз ашар сияқты сөздерді қандай сөздерге жатқызамыз?

А) күрделі сөздер

Ә) қысқарған сөздер

Б) негіз сөздер

В) түбір сөздер

Г) қосымшалы сөздер

42. Күрделі сөздің неше түрі бар?

А) 4

Ә) 3

Б) 2

В) 10

Г) 5

43. «Біріккен сөздер мен сөз тіркестерінің орфографиялық сөздігінің» авторы (1960 ж.)?

А) Жаркешева Г.

Ә) Балақаев М.

Б) Оралбаева Н.

В) Хасенова А.

Г) Қалиев Б.

44. Изафеттік тіркестен жасалған біріккен сөздерді көрсетіңіз

А) отағасы, елубасы, елбасы, құсбегі

Ә) аққала, отбасы, балбөбек, асқазан

Б) аюқұлақ, айбалта, абжылан, атқосшы

В) балақыз, баспасөз, бұзаубас, бұзаутас

Г) әкел, әпер, әкет, бүгін

45. Құрамындағы сыңарлары дыбыстық құрамын толық сақтамай, немесе түрлі дыбыстық өзгерістерге ұшырау арқылы бір-бірімен мағына жағынан ғана емес, дыбыстық құрамы жағынан да кірігіп, ықшамдалып, біртұтас сөзге айналғандар ...

А) кіріккен сөздер

Ә) біріккен сөздер

Б) қысқарған сөздер

В) қос сөздер

Г) тұрақты тіркестер

46. Қандай үлгімен жасалған біріккен сөздер тілдегі ең үлкен топты құрайды?

А) зат есім + зат есім

Ә) сын есім + зат есім

Б) етістік + етістік

В) есімдік + есімдік

Г) зат есім + етістік

47. Сыңарлары мағыналық жақтан синоним болып келетін қос сөздерді табыңыз.

А) ыдыс-аяқ

Ә) үлкен-кіші

Б) бала-шаға

В) жақсылы-жаманды

Г) кәрі-жас

48. Қай кезде қос сөздер сыңарларының буын саны теңдігінен айрылады?

А) бір сыңарының қосымшамен келуі арқылы;

Ә) бірыңғай жуын сөздермен келген жағдайда;

Б) бірыңғай жіңішке буынды болып келген жағдайда;

В) буын саны тең сыңарлармен келген жағдайда;

Г) екі түрлі сөз қосарланып келген жағдайда.

49. Тілімізде қос сөздердің неше түрі бар?

А) 2

Ә) 3

Б) 10

В) 7

Г) 4

50. Қос сөздерді қосарлама қос сөздер және қайталама қос сөздер деп жіктеуді алғаш ұсынған ғалым

А) Ысқақов А.

Ә) Байтұрсынов А.

Б) Алтынсарин Ы.

В) Жұбанов Қ.

Г) Балақаев М.

51. Екі не одан да көп мағыналы сыңарлардан жасалып, біртұтас лексикалық мағына беретін сөздер қалай аталады?

А) тіркескен күрделі сөздер

Ә) қос сөздер

Б) біріккен сөздер

В) туынды түбірлер

Г) қысқарған сөздер

52. Тіркескен күрделі сөздерге тән белгіні көрсетіңіз.

А) сыңарлары және олардың орны тұрақты;

Ә) сыңарлары жиі ауысып отырады;

Б) сыңарларының орны тұрақты емес;

В) сыңарларының мағыналық байланысы болмайды;

Г) сыңарлары дефис арқылы жазылады.

53. Құранды етістіктерді табыңыз.

А) жәрдем ет, мазақ қыл, құштар бол;

Ә) айтып бол, қызмет ет, көмек қыл;

Б) барып едім, айтып қалдым, аңсап жүрмін;

В) келіп жүр, барып жүр, айтып жүр;

Г) жәрдемдес, көмектес, мазақта.

54. Түрлі сөздерден күрделі сөз жасаушы қызмет атқаратын сөзді қалай атаймыз?

А) тірек сыңар

Ә) бағыныңқы сыңар

Б) ауыспалы сыңар

В) көмекші сыңар

Г) жетекші сыңар

55. Тіліміздегі –ақа, -еке, -қа, -ке жұрнақтары сөзге қандай мән үстейді?

А) сый-құрмет, еркелету мәнін;

Ә) қорқыту, сес көрсету мәнін;

Б) бұйыру, жұмсау мәнін;

В) мысқылдау, мазақ қылу;

Г) жек көру мәнін.

56. Күрделі сөзді табыңыз.

А) БҚМУ

Ә) алақай

Б) балалар

В) өсімдік

Г) қолдас

57. Негізгі түбірді көрсетіңіз.

А) кітап

Ә) әнші

Б) әнұран

В) білезік

Г) бүгін

58. Жалғауларды табыңыз.

А) –лар, -лер;

Ә) –шы, -ші;

Б) –ық, -ік;

В) –паз, -қой;

Г) –хана, -мыз.

59. Зат есімнің сөзжасамдық жұрнағы бар туынды түбір

А) сенім

Ә) алыңқыра

Б) балам

В) қалам

Г) жолсерік

60. Зат есімнен жасалған туынды түбір

А) жолық

Ә) сәлем

Б) бөлім

В) көнік

Г) айтыс

61. Біріккен сөзді көрсетіңіз.

А) елбасы

Ә) өнерпаз

Б) елшілік

В) азық-түлік

Г) армансыз

62. «Қазақ тіліндегі сөзжасамдық ұялар сөздігінің» авторы

А) Тоққожаева О.

Ә) Қасым Б.

Б) Оралбаева Н.

В) Ысқақов А.

Г) Төлеуов А.

63. Орыс тіл білімінде сөзжасамдық ұя мәселесінің теориялық негізін жасаған ғалым

А) Тихонов А.Н.

Ә) Земская Е.А.

Б) Зелизнак А.М.

В) Мешков О.Д.

Г) Моисеев А.Е.

64. Жел түп негіз сөзі арқылы жасалған сөзжасамдық ұяның құрамы неше сөзден тұрады?

А) 105 сөз

Ә) 100 сөз

Б) 55 сөз

В) 76 сөз

Г) 33 сөз

65. «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты монографияда сөзжасамдық ұя мәселесін жазған ғалымды көрсетіңіз.

А) Оралбаева Н.

Ә) Аманжолов С.

Б) Хасенова А.

В) Ысқақов А.

Г) Байтұрсынов А.

66. Бір түбірден тараған бірінен-бірі тікелей туындайтын, біріне-бірі негіз болатын негізді сөздердің тобы қалай аталады?

А) сөзжасамдық тізбек

Ә) сөзжасамдық саты

Б) сөзжасамдық тарам

В) сөзжасамдық жұп

Г) сөзжасамдық тип

67. Негіз сөз бен сөзжасамдық жұрнақтан тұратын сөзжасамдық ұядағы туынды түбірлердің жасалу ретін білдіретін тілдік бірлік қалай аталады?

А) сөзжасамдық саты

Ә) сөзжасамдық тізбек

Б) сөзжасамдық тарам

В) сөзжасамдық жұп

Г) сөзжасамдық ұя

68. Тер деген түп негіз сөзден жасалған сөзжасамдық ұяда 12 туынды түбір сөз бар. Осы ұядағы сөзжасамдық жұптың нақты санын көрсетіңіз.

А) 12

Ә) 13

Б) 11

В) 14

Г) 10

69. Тік қатардағы бір сатыда бір негіз сөзден өрбіген туынды сөздердің жиынтығы қалай аталады?

А) сөзжасамдық тарам

Ә) сөзжасамдық тізбек

Б) сөзжасамдық саты

В) сөзжасамдық жұп

Г) сөзжасамдық үлгі

70. «Қазіргі қазақ тіліндегі сөзжасамдық тізбектер» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғаған (2001) ғалым

А) Есімсейітов Б.Р.

Ә) Хасенова А.

Б) Мұхамади Қ.

В) Шаһарман Г.

Г) Қайдаров Ә.

71. Сөзжасамдық ұядағы ең ірі құрылым

А) сөзжасамдық тізбек

Ә) сөзжасамдық саты

Б) сөзжасамдық жұп

В) сөзжасамдық тарам

Г) сөзжасамдық тип

72. Сөзжасамдық тізбекті табыңыз.

А) аяқ-аяқта-аяқтат-аяқтатқыз

Ә) бас-баста-бастат-бастатқыз-бастау

Б) қаш-қашақ-қашақта-қашақтат-қашақтаңқыра

В) қол-қолбасшы-қолдау

Г) көз-көзде-көзілдірік-көзік

73. Сөзжасамдық жұпты көрсетіңіз.

А) тай+тайғақ, тайғақ+тайғақта, тайғақта+тайғақтат

Ә) қон+қоныс, соқ+соғым, соқтық+соқтығыстар

Б) тарт+тартым, тартым+тартымды, тартым-тартымдылық

В) ұш+ұшқыш, ұш+ұшыр, ұш+ұшырма

Г) үй+үйдей, үй+үйшік, үй+үйлер

74. Туынды сөзге кедей сөз табы

А) үстеу

Ә) зат есім

Б) етістік

В) сын есім

Г) сан есім

75. Зат есім сөзжасамына қай сөзжасамдық тәсіл қатысады?

А) үшеуі де қатысады;

Ә) ешқайсысы қатыспайды;

Б) тек синтетикалық тәсіл қатысады;

В) аналитикалық тәсіл;

Г) сөзқосым тәсілі.

76. Алуан түрлі сөздерден туынды түбір зат атауын жасайтын жұрнақтар қалай аталады?

А) зат есімнің сөзжасамдық жұрнақтары;

Ә) сын есімнің сөзжасамдық жұрнақтары;

Б) сан есімнің сөзжасамдық жұрнақтары;

В) есімдіктің сөзжасамдық жұрнақтары;

Г) үстеудің сөзжасамдық жұрнақтары.

77. Тілде туынды түбір зат есім сөздерді жасайтын неше жұрнақ бар?

А) 110 шамалы

Ә) 1000

Б) 250

В) 300

Г) 55

78. Құрамы бөлшектеуге келмейтін жұрнақтар қалай аталады?

А) жалаң жұрнақ

Ә) құранды жұрнақ

Б) өлі жұрнақ

В) тірі жұрнақ

Г) өнімді жұрнақ

79. Құранды жұрнақ дегеніміз не?

А) құрамы ең кемі екі морфемадан тұратын жұрнақтар;

Ә) құрамы бөлшектеуге келмейтін жұрнақтар;

Б) сөзтудыруда өнімді қызмет атқаратын жұрнақтар;

В) тілімізде қолданыстан шығып қалған жұрнақтар;

Г) құрамы бір ғана морфемадан тұратын жұрнақтар.

80. «Қазақ тілінің сөзжасамы» атты еңбекте неше лексикалық мағынаны өзгертетін зат есімнің сөзжасамдық жұрнағы берілген?

А) 13

Ә) 15

Б) 12

В) 10

Г) 17

81. Тіліміздегі –стан, -кент, -хана, -дық жұрнақтары сөзге қандай мағына үстейді?

А) орын-жай мәнді

Ә) лауазым атауларын

Б) туыстық атауды

В) тағам атауларын

Г) салт-дәстүрге қатысты атауларды

82. Соңғы зерттеу бойынша тілімізде зат есімнің лексикалық мағынасын түрлендіретін, реңк мәнін қосатын неше жұрнақ бар?

А) 24

Ә) 13

Б) 25

В) 50

Г) 34

83. Өнімсіз жұрнақтар арқылы жасалған сөздерді көрсетіңіз.

А) итақай, жетімек, балапан

Ә) басшы, қосшы, қарлығаш

Б) бикеш, жұмыскер, ақылшы

В) айтыс, соғыс, ұрыс

Г) ботақан, әкетай, ағажан

84. Батырсымақ, салпақбай, байшігеш сөздерінің құрамындағы жұрнақтар қандай мәнді білдіреді?

А) кемсіну, қомсыну мәнін

Ә) кішірейту мәнін

Б) жақсы көру, еркелету мәнін

В) сыйлау, құрметтеу мәнін

Г) қорқыту, сес көрсету мәнін

85. Негіз сөзі етістіктен болған туынды зат есімді табыңыз.

А) саумал, тұтқыш, қайрақ

Ә) ашытқы, айтыс, олжалы

Б) армансыз, сусыз, жерсіз

В) қалалық, қысқыш, быламық

Г) шымшуыр, шашу, ақылшы

86. Етістіктен заттық ұғымға көшкен сөздерді табыңыз.

А) жасаған, туыс, антұрған

Ә) армансыз, жетісі, үші

Б) қалашық, үйшік, берік

В) алым, қырқы, бересі

Г) жиған, жазба, жазушы

87. Сұрампаз, жатыңқы, аумалы, жарасымды туынды түбірлеріндегі жұрнақтар қай түрге жатады?

А) құранды жұрнақтар

Ә) жалаң жұрнақтар

Б) дара жұрнақтар

В) жалғаулар

Г) түбір сөздер

88. Адам қасиеттерін білдіретін жұрнақтарға қайсылары жатады?

А) –ыр, -ір, -ғақ, -гек, -қор;

Ә) –ғы, -гі, -паз, -қой;

Б) –лы, -лі, -дар, -дер;

В) –лық, -лік, -шы, -ші;

Г) –лас, -лес, -дас, -дес.

89. «Күрделі сын есімдер» деген термин қай жылдан бастап, ғылыми айналымға енді?

А) 1952 ж.

Ә) 1992 ж.

Б) 2002 ж.

В) 1999ж.

Г) 1970 ж.

90. Қазақ тілінде күрделі сын есімдер өз ішінен неше түрге бөлінеді?

А) 3

Ә) 4

Б) 2

В) 7

Г) 5

91. Сан есім сөзжасамына қатысатын сөз таптарын көрсетіңіз.

А) басқа сөз таптары қатыспайды

Ә) зат есім, сын есім

Б) етістік, есімдік

В) зат есім, үстеу

Г) зат есім, сан есім

92. Сан есім сөзжасамында қай тәсіл қолданылмайды?

А) лексика-семантикалық тәсіл

Ә) аналитикалық тәсіл

Б) синтетикалық тәсіл

В) морфологиялық тәсіл

Г) синтаксистік тәсіл

93. Сан есім сөзжасамының ең негізгі тәсілі

А) аналитикалық тәсіл

Ә) синтетикалық тәсіл

Б) синтаксистік тәсіл

В) лексика-семантикалық тәсіл

Г) морфологиялық тәсіл

94. Қазақ тілінде неше жинақтық сан есім бар?

А) 7

Ә) 6

Б) 9

В) 10

Г) 14

95. Ғалым Қ.Есенов үстеудің неше сөзжасамдық жұрнағын көрсеткен?

А) 27

Ә) 30

Б) 51

В) 17

Г) 23

96. Көнерген септік жалғаулары тіліміздегі қай сөз табын қалыптастыруда өнімді қызмет атқарады?

А) үстеу

Ә) зат есім

Б) сын есім

В) сан есім

Г) есімдік

97. Тілімізде күрделі етістіктердің неше түрі бар?

А) 5

Ә) 4

Б) 3

В) 2

Г) 9

98. Төменнен кіріккен күрделі етістіктерді тауып, көрсетіңіз.

А) апар, әкел, әкет

Ә) сөйле, жібер, кіргіз

Б) жапқыз, айтқыз, кіргіз

В) көмектес, жәрдем ет, адам бол

Г) асығыс, жиылыс, жүгіріс

99. Есімнен жасалған туынды түбір етістіктерді көрсет.

А) сана, жина, қана, ойла

Ә) көрсет, сендір, сипала, ойнат

Б) әкел, апар, әкет, әпер

В) алып кел, апарып бер, алып кет

Г) тәрбиеле, жырла, айтыс

100. «Қазақ тілінің туынды сөздер сөздігінің» авторын көрсет.

А) Ибатов А.

Ә) Оралбаева Н.

Б) Қасым Б.

В) Қалиев Ғ.

Г) Балақаев М.