Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
созжасам Раманова А.doc
Скачиваний:
140
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
776.7 Кб
Скачать

12-Апта

Семинар № 12

Тақырыбы: Сан есім сөзжасамы

Мақсаты: Сан атауларының сөзжасамдық қабілетін анықтау, мағыналық дамуын, сөзжасамдық өрісін, функционалды қызметін көрсету. Сан сөзжасамының жаңа мағынаның тууына себепті уәжді анықтау, оның негіз түрлерін көрсету, сөзжасамдық амал-тәсілдерін анықтап, мағыналық ерекшеліктерін анықтау.

Негіздемесі: Сан есім сөзжасамы. Сан есім сөзжасамының тәсілдері. Сан есім сөзжасамының түрлері: есептік, реттік, жинақтық, топтық, болжалдық, бөлшектік сан атаулары.

Әдебиеттер:

  1. Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. Алматы: Ғылым, 1988.

  2. Шаһарман Г.П. Қазақ тіліндегі сан есім сөздерден жасалған туындылардың мағыналық ерекшеліктері. КАД. Алматы, 1998.

Бақылау сұрақтары:

  1. Сан есім сөзжасамының негізгі тәсілі қандай?

  2. Сан есім сөзжасамының басқа сөз таптарынан ерекшілігі неде?

  3. Сан есім сөздеріндегі көне морфемалар туралы не білесіз?

  4. Сан есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы туралы не білесіз?

Тапсырма 1. Мәтіннен сан есімдерді тауып, олардың мағыналық, тұлғалық ерекшеліктерін атаңыздар.

Мен оған бірінші рет жолығып тұрмын. Осыдан кейінгі бір ширек сағат ішінде өзі жұқа кісі аяғын басып, қалбалақтап қалған. Жиембек үшінші қостың тұсына барып, ұзап соққан жылқының айдау көрген мал екеніне көзі жетті. Білгенің бір тоғыз, Білмегенің тоқсан тоғыз. Осы қарсаңында ұзын саны он сегіз мыңға тақаған ұшы-қиырсыз әлемнің түкпір-түкпіріндегі жаңалықтарды білуге асыққан. Содан бері жер бетінде он шақты мыңға жуық уақыт өткен екен. Бар-жоғы төрт түп алма, екі түп сары өрік, арғы түкпірінде бес-алты алша ағашы. Ұзыннан-ұзақ құрылған дастарқанда жағалай елу-алпыс адам отыр. Сонымен бұл кісі қолында бір жарым жыл жүрді.

Тапсырма 2. Мәтіндегі субстантивтенген сан есімдерді тауып, олардың түрленуіндегі ерекшеліктерді көрсетіңіздер.

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбедегі келеді. Біріккен жүзді, Бытыраңқы бірді алады. Тоқсанымыз жиылып, Тоқты жыққан батырмыз. Сексеніміз жиылып, серке жыққан батырмыз. Мың шақырым жерлерге, Күн жарымда барғызды. Не патшалық, не кеңес, Екіден бірі дер едім. Жиырмадан соң отыз бардық, Жетпістен соң сексен келді.

Тапсырма 3. «Қазақ тіліндегі киелі сандар» тақырыбына баяндама әзірлеңіз.

13-Апта

Семинар № 13

Тақырыбы: Есімдіктің сөзжасамы

Мақсаты: есімдік сөзжасамының сөздік құрамнан алатын орнын, атқаратын қызметін анықтау. Есімдік сөзжасамының өзіндік ерекшеліктерін таныту.

Негіздемесі: Есімдіктің сөзжасамының өзіндік ерекшелігі. Сөзжасам мүмкіндігінің аздығы. Синтетикалық тәсілдің есімдік жасауға қатысы. Аналитикалық тәсіл арқылы есімдіктің жасалуы.

Әдебиеттер:

  1. Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктер. Алматы, 1961.

  2. Қазақ грамматикасы. Астана, 2002.

  3. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы. Оқулық. Алматы, 2001.

  4. Төлеуов Ә. Қазақ тіліндегі есім сөздердің жасалуы. Алматы, 1973.

Бақылау сұрақтары:

  1. Есімдіктің сөзжасамына қандай тәсілдер қатысады?

  2. Есімдіктің жасалу жолына қатысты зерттеу жүргізген қандай ғалымдарды білесің?

Тапсырма 1. Шығыс септік жалғаулары арқылы қалыптасқан топтау сан есімдеріне мысалдар келтіріп, сөйлемдер құрап жазыңыз.

Тапсырма 2. Төмендегі сөйлемдерден есімдіктерді тауып, жасалу жолдарын түсіндіріңіз.

Сөзімді біреу алмас, біреу алар,

Құлағын біреу салмас, біреу салар (М.Жұмабаев)

Барар жері алыс, бірнеше мың километр, оның бірнеше жүзін атпен жүру керек (Ғ.Мұстафин). Екі кемпір, қос ана топтың ортасында құшақтасқан күйі тұр. Бұл екеуін ажыратуға ешкімнің дәті шыдамас (С.Бақбергенов). Құнанбай босаңсыған пішіндердің барлығына жалғыз көзін оқтай қадап, атып жібергендей қарайды (М.Әуезов).

Тапсырма 3. Сөйлемдердегі өз есімдігінің құрылымына талдау жасаңыз және тәуелдік жалғауының осы тұстағы негізгі қызметін түсіндіріңіз.

Өз балаң - өскенше, немерең - өлгенше (мақал). Рақымдылық, мейірбандылық, уа әрбір түрлі адам баласын өз бауырым деп, өзіне ойлағандай ойды оларға да болса игі еді демек, бұлар – жүрек ісі, асықтық та – жүрек ісі. Қажының өз басына тағар титтей кінәсі жоқ, қайта өзін көп қарыздар сезінеді. Өзің әдейі шақырып келтіре алмайтын сыйлы ауылдың баласы екенсің. Мұны білгенде өздерімен бірге қарулы жасақ алып шығу керек екен (Қ.Жұмаділов).

Тапсырма 4. Сөйлемдердегі есімдіктерден сөзжасам тәсілдері арқылы қандай туынды сөздер жасауға болатынын анықтаңыз.

Сол уәделі күн келіп қалғанда, тіпті, не дерімді білмей, өте қатты күйзелдім (Қ.Жұмаділов). Жер үстінде адам өмір өткізер, бар нәрсеге білім қолда жеткізер (Ж.Баласағұн). Жат елде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол (мақал). Қай тұсқа ел қолы әлсіреп бара жатқанын бақылай жүріп, анда-санда сол топқа барып араласады (Ғ.Мүсірепов). Осы қыстауға қонғаннан бері, Абай ешкімге білдірмей, елеусіз ғана әжесімен оңаша қалады.

Тапсырма 5. Көркем шығармалардын есімдіктің аналитикалық тәсіл арқылы қалыптасуына он мысал теріп жазыңыз.