Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
созжасам Раманова А.doc
Скачиваний:
140
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
776.7 Кб
Скачать

11. Реферат тақырыптары:

  1. Туынды сөздердегі сөзжасамдық мағына.

  2. Синонимдік жұрнақтардан жасалған туынды сөздердің стильдік ерекшеліктері.

  3. Аналитикалық тәсілмен жасалған күрделі аталымдардың этнолингвистикалық көріністері.

  4. Лексика-семантикалық тәсілмен жасалған туынды сөздер.

  5. Құранды жұрнақтармен жасалған туынды түбірлер.

  6. Қазақ тіліндегі омонимдес жұрнақтардың қолданыстағы қызметі.

  7. Қазақ тіліндегі біріккен күрделі сөздер.

  8. Қазақ тіліндегі қосарланған күрделі сөздер.

  9. Қазақ тіліндегі қысқарған сөздердің құрылысы.

  10. Қазақ топоним жүйесіндегі күрделі аталымдар (сөзжасамдық тұрғыдан талдау).

  11. Қазақ тіліндегі жаңа атаулар мен жаңа мағыналар (2005-2013 жылдар аралығындағы баспасөз бойынша).

  12. Орфографиялық сөздіктердегі күрделі аталымдардың жазылуы.

  13. Баспасөз тіліндегі табу мен эвфемизмдер.

  14. Коммерциялық атаулардың қалыптасуы мен қызметі.

  15. Қазақ тіліндегі зат есім түбірлі туынды сөздердің сөзжасамдық ұясы.

  16. Сын есімнен жасалған туынды сөздердің сөзжасамдық тізбегі.

  17. Сан атауларының жасалу заңдылықтары.

  18. Үстеудің сөзжасамдық ұясының ерекшеліктері.

  19. Етістіктің сөзжасамдық ұясы.

  20. Қазақ тіліндегі адам аттарының сөзжасамы.

12. Баяндамалар, рефераттар, өздік жұмыстарды жазуда қойылатын техникалық талаптар

1. Бақылау жұмыстары мен өздік жұмыстарының сыртқы бетін толтыру үлгісі

Жұмыс көлемі – 20 беттен кем емес. Параметрлері: шрифт TNR, 12 кегль, полуторный интервал, сілтемелер бет бойынша, нумерация бет соңында ортасында.

Әдебиеттер тізімі – жұмыс соңында. Құрылымдық компоненттері: мазмұны, кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімі

2. «Кіріспе»

«Кіріспе» бақылау жұмысының жалпы сипаттамасын, көтеретін мәселелерді, мақсаттары мен міндеттерін қамту керек (көлемі – 0,5 – 1,5 бет). Бұл бөлімде жұмыстың жаңалығы, өзектілігі, негізгі бөлімде айтылатын ойдың ұшығы, қарастырылатын мәселелер, негізгі сүйенген әдебиеттер туралы мағлұматтар қарастырылу керек.

3. Негізгі бөлім

Негізгі бөлімде кіріспеде берілген мақсаттар мен міндеттер орындалу тиіс

4. «Қорытынды»

Қорытынды жұмыста жалпы жұмысқа баға беріледі, негізгі бөлімдегі ой қорытындыланады. Қорытынды көлемі 0,5 – 1 бет.

13. Электронды кітапхана – курс тақырыбы бойынша электрондық оқулықтар, сілтемелер электронды кітапхана сайтында. Ақпараттарды Интернеттен алады.

  • http://www.rmeb.kr

  • http://www.iis.ru/el-bib

  • www. sdu.edu.kz

  • www. studentochka.kz

  • www.kazakh.ru

14. Оқытушылармен байланыс орнату құралдары (электронная почта, телеконференции(форум), чат)

  • ramanova2008@mail.ru

  • platon.wksu.kz

  • www.wksu.kz

  1. Студенттер білімін тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары Web-сайтта

1-7 аптадағы тақырыптар бойынша тексеру сұрақтары:

1.8.1. 1-7 аптада өткен материалдар бойынша сұрақтар:

  1. Қазақ тілінің сөзжасамы оқу пәні ретінже жоғары оқу орындарының жоспарына қашан кірді?

  2. Сөзжасамның пән ретінде танылуы немен байланысты?

  3. Қазақ тіл білімінде сөзжасам қай кезде танылды?

  4. Сөзжасам пәнінің мазмұнына не кіреді?

  5. Сөзжасам пәнінің мақсаты мен міндеттері не?

  6. Сөзжасам тілдің басқа салаларымен байланысты ма? Оларды ата.

  7. Неге көп уақыт сөзжасам морфология саласына жатқызылды?

  8. Морфология мен сөзжасамның қандай ұқсастықтары бар?

  9. Морфологиядан сөзжасамның айырмасы қандай?

  10. Синтаксис пен морфологияның байланысы қандай, айырмашылық неде?

  11. Сөзжасам мен морфонология қай мәселеде түйіседі?

  12. Лексикологиямен сөзжасам қай тұрғыда байланысады?

  13. Тілдің сөздік құрамының баюына сөзжасамның қатысы қандай?

  14. Тілдің сөзжасам жүйесіне не жатады?

  15. Сөзжасамдық жүйе қандай құбылыс?

  16. Сөзжасамдық жүйенің өзгерісі арқылы не көрінеді?

  17. Сөзжасамның синтетикалық тәсілі деген не?

  18. Негіз сөз деген не?

  19. Жұрнақ сөзжасамда қандай қызмет атқарады?

  20. Аналитикалық сөзжасамдық тәсіл деген не?

  21. Аналитикалық тәсілдің ішкі түрлері қандай?

  22. Лексика-семантикалық тәсіл деген не?

  23. Лексика-семантикалық тәсілдің басқа тәсілдерден айырмасы қандай?

  24. Сөзжасамдық мағына деген не?

  25. Сөзжасамдық бірліктер туынды мағынаның жасалуында қандай қызмет атқарады?

  26. Жиынтық мағына, айырма мағына деген не?

  27. Туынды мағынаның негізділігі дегенді қалай түсіну керек?

  28. Туынды мағынаның түрлендірілген түрі қандай?

  29. Көшірілген туынды мағына деген не?

  30. Туынды мағынаның теңбе-теңдік түрі қандай сөздерге қатысты?

  31. Туынды сөздің анықтамасы қандай?

  32. Туынды сөздің өмір қажеттігіне қатысы қандай?

  33. Түбір сөз, туынды сөз, туынды түбір деген терминдердің айырмасы қандай?

  34. Туынды сөздер құрамына қарай қалай жіктеледі?

  35. Туынды түбір деген не?

  36. Тарихи туынды түбірлер деген не?

  37. Сөзжасамдық талдаудың мақсаты не?

  38. Сөзжасамдық талдауда алдымен нені ажыратуға назар аудару керек?

  39. Негіз сөздің дұрыс танылғаны қалай тексеріледі?

  40. Сөзжасамдық талдау мәселесі немен байланысты туды?