Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Халықаралық туризмнің тарихы оқу-әдістемелік кешен.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
159.89 Кб
Скачать

Әдебиеттер:

Негізгі:

Вуколов В.Н. История и теория международного туризма.-Алматы, 2002.­221 с.

Ердавлетов С.Р. История туризма. Развитие и научное изучения. - Алматы, 2003. - 215 с.

Вавилова Е.В. Основы международного туризма: Учебное пособие. – М.Гардерики, 2005-160 с.

Воронкова Л.П. История туризма и госеприимства: Учебное пособие. – М.: ФАИР – ПРЕСС, 2004-304 с.

Накатков Ю.С. История туризма Казахстана. - Алматы, 2001. - 196 с.

Шаповал Г.Ф. История туризма. - Минск, 1999. - 303 с.

В.А. Квартальнов, «Теория и практика туризма», М., «Финансы и статистика», 2003

Гуляев В.Г. «Организация туристской деятельности», М.: Нолидж, 2006

Қосымша:

«Казахстан - 2030» Н.А.Назарбаев послание президента страны народу Казахстана Алматы

С.Р. Ердавлетов, «Основы географии туризма», Алма-Ата, 1992 г.

Квартальнов В.А. Ввдение в специальность, Москва 2002 – 119 с.

Квартальнов В.А. Туризм, Москва 2002 – 277 с.

Программа развития туризма в РК на 2003-2005 гг.

Интернет көздері

6-Дәріс тақырыбы : Ресей Федерациясындағы халықаралық туризмнің дамуы.

Дәріс мақсаты: Ресей Федерациясындағы туризм қайта құру бағытын ашу

Ресей империасындағы туризмнің дамуы. 1917-1991 жж . туризмнің рөлін, ерекшеліктерін және оның негізгі мінездемелерін оқу.

Түйін сөздер:Ресей империасындағы туризм.1917-1991ж.ж. туризм. Альпинизм.

Дәріс жоспары:

1. Ресей Федерациясындағы туризм қайта құру бағыты

2. Ресей империасындағы туризмнің дамуы.(1917-1991)

Дәріс тезистері

1.РФ-нда халықаралық туризм қайта құру бағыты СССР-дің құлдырауынан басталды. қайта құрылу бағыты кезеңінде Ресей азаматтарының шетелге шығу пайызы арта түсті.1951 – 1991 жылдар аралығында шығу 3 млн-нан 11 млн дейін жетті. 59% 2000ж Ресейдің 1-ші біріккен турфирмалар жүйесі пайда болды. Туризм жақсы дамыды, шетелдік компаниялармен бәсекелестікте болып, туристік нарықта тұрақты орынға ие болды. 2001ж сәуір айында Ресейдің мемлекеттік комитеті ең алғаш рет турфирмаларды тексерді. 2001ж “Тантьема” деген қаржы тобы саяхаттау бюросының жүйесінде жаңа батыстық технологиялардың көмегін енгізді. Жүйе жұмысының басты принципі – американдық және еуропалық консультант

тарды қызықтыру, корпоративті тренинг, жеке маркетинг қызметтерін ұйымдастырды.1990 жылдары Ресейдегі сыртқы нарықтың жағдайы мынадай факторлармен анықталды; шетелге шығуға шектеудің алынып тасталуы нәтижесінде өте үлкен сұраныстың пайда болуы және басқа мемлекеттерге шығу құжаттарын рәсімдеудің жеңілдеуі. Ендігі кезде шетелдерге саяхаттау адамның өзіне оның қаржылық мүмкіндіктеріне және сыртқы төлқұжаттың болуына байланысты болады.

Альпинизм – спорттың бір түрі, биік тау шыңдарына шығу. «Альпинизм» сөзі Батыс Еуропадағы биік тау жүйелері - Альпі атауынан шыққан. Аьпинизм – батыл, әрі жауапты адамдарға арналған іс. Альпинистердің негізгі мақсаты – кедергілерден өтіп, тау шыңына жету: мұзды және қарлы тау баурайлары, төмен температуралар, жел соғу және қар жауу. Бұл кедергілерден өтуге арнайы құрал-жабдықтар көмектеседі: арқан, мұз шапқыш, киім, құз және мұз ілмектері, балға және т.б. Барлық маршруттар қиындықтың алты категориясымен бағаланады: біріншісі – ең жеңілдері, алтыншысы альпинистерден жоғарғы сатылы кәсіпқойлықты талап етеді.Альпинизмде биікке шығу түрлері: оқулық, жаттығулық, сынақтық, спорттық, өнеркәсіптік және белсенді демалу мақсатында болатын – туристік.Әдетте, маршруттың техникалық бөлігі бірнеше метрден бірнеше километрге дейін созылады, сонымен қатар, бүкіл маршрут бойы ережеге сәйкес қауіпсіздік стационарлық нүктелері болмайды. Маршруттың қиындығына байланысты шыңға шығу бірнеше сағаттан, бірнеше күнге, аптаға және тіпті бірнеше айға созылуы мүмкін.Биікке шығудың альпілік және гималайлық стильдері бар. Альпілік стиль – бұл шыңға барлық құрал саймандармен шығу. Гималайлық стиль маршруттың алдын-ала дайындығымен ерекшеленеді, сақтандыру арқандарын ілу, лагерьлер құру, осы лагерьлерге арнайы құрал-жабдықтар мен кислород жеткізу. Гималайлық стиль – 2-3 ай уақытты алатын таудың өзіндік қамауы, дегенмен дәл осы тактика Эверестің және басқа да биік таулардың шыңдарына шығуға көмектесті.Ресейде альпинизм бойынша бірнеше класстан тұратын жыл сайынғы жарыстар өткізіліп тұрады:

  • Биіктік – техникалық клас – 7000 метрден астам биікттікке шығу

  • Техникалық клас – 7000 метрге дейінгі техникалық қиын биіктікке шығу

  • Құздық клас- тек қана құзды маршруттардан өту

  • Қысқы клас – қыс мезгілінде өткізіледі.

Батыс альпинистері биіктікке шығуды келесідей топтастырады:

  • Big Wall – километрден асатын үлкен жарлардан өту

  • Соло – тауға жалғыз шығу (Ресейде биіктікке шығудың бұл түріне тыйым салынған). Батыста соло маршрутымен жүру өте кең тараған.

Маршрут қиындықтарын он бір орташа категорияға бөледі: 1Б, 2А, 2Б, 3А, 3Б, 4А, 4Б, 5А, 5Б, 6А, 6Б.

Альпинизм тарихы.Альпинизм Орталық Еуропада пайда болған. 1786 жылы швейцар оқымыстысы Г. Соссюра бастамасымен Альпінің биік нүктесі – Монблан шыңына М.Паккари және Ж. Бальма шықты. Бұл оқиға әлемдік альпинизмге бастау салды. 1865 жылы ағылшын құзға шығушылары техникалық қиын жолмен Альпінің Маттерхорн шыңына шықты. Бұл күн спорттық альпинизмнің пайда болуы деп саналады – қиын маршруттармен спорттық мақсатпен биіктікке шығу. 1907 жылы Гималайдың 7000 метрден асатын Трисуп шыңына шыққан ағылшын Том Лонгстафф биіктік альпинизміне бастау салды. 1950жылы француз экспедициясының қатысушылары М.Эрцог және Л. Ляшеналь биіктігі 8078 метр гималайлық Аннапура шыңыны шықты. Жердің биік нүктесі – Джомолунгма тауына (Эверест, Сагарматха, 8848м) 1953 ж. 29 мамырында үндістан азаматы Норгей Тенцинг және жаңа зеландиялық Эрмунд Хиппари шықты, сонымен қатар осы жылы Джон Хаит бастаған ағылшын экспедициясы да шықты. Әйгілі альпинистік аймақтар:

Сокол (құздық массив) ,Домбай ,Кіші Құздар,Үлкен Құздар,Фан таулары

Бұл жағдайда, қазіргі таңдағы туризм индустриясы толығымен жоғарыда келтірілген мінездемелерге жауап бере алады. Туризм саласына сәйкес, жеке жиынтықты түсіну үшін, территориялық туристік шаруашылық бірліктің, мамандандырылған материалдық-техникалық базада орналасқан және кәсіпорындағы тауардың, туристік қызмет көрсетуді жүзеге асырудағы, қызметті және басқаруды бір бірлікке біріктіру.

Туристік қажеттіліктерді толығымен және жалпы қанағаттандыру, туристік индустрия объектілерінің және ұйымдарының, барлық жұмысының жабдықталған координациясының жиынтығын талап етеді.

Сурет - Туристік жүйе құрылымы.

Туристік пакет – турисік өнімнің бөлігі, анығырақ айтатын болсақ, турдың негізгі бөлігі.(тур көбірек туристік пакетке тең).

Тур – белгіленген мерзімдер шеңберінде белгілі бір маршрут бойынша жасалатын саяхатты қамтитын туристік қызмет көрсетулер кешені. Міндетті бағдарламалар – маршруттағы тур, турпакет және кешенді қызметтерді, туроператор туристік жолдама немесе ваучерлік құжаттар түрінде рәсімдейді, клиентке көрсетілетін қызметтердің барлығына турфирма тарапынан міндетті түрде кепілдік беріледі.

Тауарлар – туристік өнімнің спецификалық материалдық бөлігі, туристік жоспарлар, қала карталары, буклеттер, сувенирлер және туристік құрал – жабдықтар т.б, ал туристік өнімнің спецификалық емес бөлігіне – тауардың көп бөлігі кіреді, мұндай тауарлар туристердің тұрғылықты тұратын жерінде өте қымбат немесе дефицит болады.Туристік экскурсиялық қызметтер – азаматтардың уақытша болатын елдегі туристік ресурстарды танымдық мақсатта аралап көруін ұйымдастыру жөніндегі кәсіпкерлік қызмет, ол туристерді орналастыру жөніндегі қызметті көздемейді және жиырма төрт сағаттан аспайтын мерзімді қамтиды. Сонымен қатар қосымша туристік экскурсиялық қызметке – ваучерлік немесе жолдамалық қызметтер ретінде қарастырылмаған, тұтынушының өзі тәуелсіз таңдау жасауына мүмкіндік береді.

Туристік ваучер – турдың құрамына кіретін қызметтерге туристің құқығын және олардың ақысы төленгенінің фактісін растайтын құжат.

Туристік өнімді ұсыну – туристік қызмет көрсетуге (жарнама, арнаулы көрмелер мен жәрмеңкелерге қатысу, туристік өнімді өткізу жөніндегі туристік ақпарат орталықтарын ұйымдастыру, каталогтар, буклеттер шығару және тарату) бағытталған шаралар кешені.Қосымша қызметтер жолдаманың негізгі құнына кірмейді. Оларға жататындар: жалға алу, телефон, тұрмыстық қызмет көрсету, почта, валюта айырбастау, қосымша тамақтандыру, қоғамдық транспорттар, рент-кар, заттарды сақтау, ойын -сауық, орындарды броньдау, коммерциялық TV, видео, билеттерге тапсырыс беру, мини-барларды қолдану және т.б. Осындай қызметтер туристердің қосымша ақы төлеген кезінде көрсетіледі.Туризмде өнім 2 түрде берілуі мүмкін. Біріншіден бір пакетте туристерге сатылатын, қызмет көрсету топтамасы, кешендік қызмет. Туристік өнімді қабылдаушылардың ең алғашқылары тұтынушылар болып есептеледі.

Ол өндірушілердің қабылдауынан ерекшеленеді. Егер де жеткізушілерден олардың не өндіретіні туралы сұраса, тасымалдаушылар-транспорттық қызметтер, қонақ үйлер – орналастыру қызметтері, тақырыптық саябақтар – ойын - сауық қызметтері және т.б деп атайды. Олардың барлығы үшін өнім негізгі қызмет көрсету түрі болып табылады. Екінші жағдайда туристік өнім турпакеттің қызмет көрсетудегі қосымша бөлігі болып табылады.

Кесте 2 - Туристік өнім ерекшелігі

Туристік өнім

Материалдық қызметтер

Материалдық емес қызметтер

Қонақ үй нөмірлері, жиһаздар, құрал-жабдықтар, тамақтану, транспорттық құрал-жабдықтар және т.б

Сервис, атмосфера, достық қарым- қатынас, қатыстық, инициатив және т.б

Туристік өнімді құраушы қызметтердің мүмкіндіктерін бағалау.

Басқа орналастыру объектілеріне, транс-портқа қарағанда шынайы, объективті, салыстырмалы, өлшеулі және т.б.

«Қызмет-баға» жиынтығы клиенттерге түсінікті

Абстрактілі, субъективті,

Тауар мен қызмет көрсетуді бір-бірінен айыратын туристік өнімге, төрт түрлі мінездеме берілген: өндірістің бөлінбеуі және тұтыну, өзгертілуі және оны сақтай алмауы. Туристік өнімді ұстап қала алмаушылық, туристік қызметтің белгілі бір бөлігі болып табылады, бірақ оларда нақты бір пішім болмайды. Оларды демонстрация жасауға, көруге немесе алғанға дейін татып көруге болмайды.Тауарды сатып алғаннан кейін, мұндағы қызмет көрсету бір затқа деген иелікті көрсетпейді. Сондықтан да қызметті сатып алып жатқан тұтынушыда сатушыға деген сенімділік үміті әрдайым болады.

Өндірістің бөлінбеуі және тұтыну, көптеген мамандардың пікірінше, қызметтерді нағыз қызмет түрінде және оның тауардан айырмашылығын көрсететін бірден-бір негізгі ерекшелігі болып табылады.

Өзгертілім – туристік қызметтің негізгі белгісі болып табылады. Туристік қызметтің сапасы оны кім, қашан, қайда көрсететініне байланысты. Бір қонақ үйлерде сервис жоғары дәрежеде ұйымдастырылған болса, ал екіншісінде жанында орналасқан, қызмет көрсетілімі өте нашар болуы мүмкін. Көбінесе жұмысшының жұмыс істеу деңгейінің нашарлығы, мамандығының төмендігінен, дайындығы және оқу үлгерімінің әлсіздігінен, менеджерлер тарапынан үнемі қолдаудың болмауы осыған себеп болады. Кейде қызмет көрсету сапасының өзгертілімі жұмысшының мамандығының жарамсыздығына байланысты, оның мінез белгісінің сәйкес келмеуі, кадрларды тағайындаған кезінде оларды дұрыс таңдау жасау мүмкіндігінің болмауы. Клиенттердің сұраныстарына байланысты әрбір тұтынушының ерекшелігі индивидуализацияның жоғарғы дәрежесін түсіндіреді.

Сақтай алмаушылығы – туристік қызметтің кейінгі айрықша белгілері. Оларды өндіруге немесе қоймалауға болмайды. Жолаушы тасымалдаушылар транспорты, түнеу үшін орналастыру құралдары кейінгі сатылым үшін өнеркәсіп және ауыл шаруашылық құралдары қолданылмайды.

Әрбір өнім, соның ішінде туристік өнім, өз даму сатысында төрт кезеңнен тұрады: нарыққа ену, өсу, кемелдену және құлдырау.

Сату көлемі

Шығын қисығы Сату қисығы

Түсім қисығы

уақыт

Енгізу Өсу Кемелдену Құлдырау

Сурет - Туристік өнім дамуының кезеңдері

Енгізу – жаңа өнім пайда болатын нарықтың өмірлік циклінің бастапқы сатысы.Бұл сатылым көлемінің ең аз қамтылған бөлігімен сипатталады және маркетинг пен өндіріске үлкен шығындарға жұмсалатын сатысы болып табылады (жарнамаға кеткен).Өсу кезеңі – бұл кезеңде тауардың жаңғыртылуы, жетілдіруі ұлғая бастайды, тұтынушылар тауарды жақсы біліп, сатып ала бастағандықтан оның өткізу көлемі жылдам өсе бастайды.

Кемелдену кезеңі – тауардың кемелдену кезеңінде алғашқы сұраныс төмендейді, кемелдену сатысы бойынша ТӨЦ-тің ең ұзақ кезеңі болып саналады. Бұл кезеңде нарық шектен тыс сегменттелген және өндіріс қуаттылығы толығымен қолданылады. «Сенімділік феномені» үлкен мағынаға ие, себебі танымал өніммен тағыда жүздесуге мүмкіндік береді.

Құлдырау кезеңі – технологиялық процесс әсерінен жаңа және айтарлықтай жетілген тауарлар пайда бола бастайды. Бұл кезеңде өндіріс қуаты біршама толық қолданылмайды, сұраныс пен пайда тұрақты түрде төмендейді. Құлдырау сатысында фирманың қызмет етудің бірнеше альтернативті нұсқалары болады. Біріншіден, ұсыныс көлемін қысқарту керек; екіншіден, өнімді жақсарта отырып оның нарықтағы жағдайын орнықтыру немесе өтімділік арналарын қарастыру керек; үшіншіден, өнімді шығаруды тоқтату. Ресейдегі инфрақұрылымның даму деңгейінің мінездемесі.Әлемнің көптеген елдерінде туризм саласы басты табыс көзі болып табылады. Ресейде жағдай мүлдем басқаша: қазіргі таңда Ресейде 6 000-ға жуық қонақүй бар, ал 2004 жылы 4 000 қонақүй болған екен. Туристерді орналастырудың өзге құралдарын есепке алғанда бұл сан 10000-ды құрайды. 2006 жылы қонақүйлерде, санаторий-курорттық мекемелерде және демалыс мекемелерінде тұрған Ресей азаматтарының саны 26,6 млн. адамды құрады, олардың ішінде қонақүйлерде – 16,4 млн адам. Қазіргі кезге дейін Мәскеу мен Санкт-Петербург шетелдік туристер үшін негізгі транспорттық есік бола отырып, соңғы 2-3 жылда бағалардың күрт өсуіне байланысты 75% халықаралық туристерді қабылдайды екен. Ал біздің еліміздегі кіру туризмі ағынының қысқаруы 2006-жылдан басталды. 2007 жылы «демалу мақсатында келген классикалық шетелдік туристердің» келуі 8%-ға қысқарды.

7 тақырып бойынша төмендегідей қорытынды жасауға болады. РФ-нда халықаралық туризм қайта құру бағыты СССР-дің құлдырауынан басталды. Альпинизм тарихы. Альпинизм Орталық Еуропада пайда болған. 1786 жылы швейцар оқымыстысы Г. Соссюра бастамасымен Альпінің биік нүктесі – Монблан шыңына М.Паккари және Ж. Бальма шықты.Туризм индустриясындағы өндіріс көлемінің өсуі экономиканың басқа салаларына беріледі, мысалы, табысы көбейтілген, сату айналымы кеңейтілген, жаңа жұмыс орындары құрылған, инвестициялық іс-әрекетпен айналысатын салалар. Алынған табыстың бір бөлігі мемлекетке салық түрінде түсіп отырады. Осындай тәсілмен жиналған қаражат болашақта туризм индустриясының дамуын қаржыландыруға, халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарына материалдық көмек көрсетуге, туристік қызмет көрсету сферасындағы персоналды дайындауға бағытталуы мүмкін. Туризм индустриясы өзара байланысты салалардың жиынтығы мен ұлттық экономика өнімдерін сипаттайтын экономикалық категория ретінде қарастырылуы тиіс.

Дәрісті меңгеру үшін Ресейдің туристік индустриясы, туристік инфрақұрылымына және туристік өнім ұғымдарына ерекше назар аудару керек. Өйткені, тақырыпқа байланысты осы ұғымдарға толығымен анықтамалар қарастырылған. Жұмыс барысында негізгі ұғымдарға көп көңіл бөліп, оларды терең түсінуге ерекше көңіл бөліңіз.

Бақылау сұрақтар:

ХХ ғасырдың 20-жылдары географиялық туризмнің дамуын қалыптастыру факторларын дәлелдеңдер

Бірінші дүниежүзілік соғыс кері әсерін тигізді. Массалық туризмнің көбеюі халықаралық туризмге әсерін тигізді соны сипатта.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]