Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Халықаралық туризмнің тарихы оқу-әдістемелік кешен.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
159.89 Кб
Скачать

Әдебиеттер:

Негізгі:

Вуколов В.Н. История и теория международного туризма.-Алматы, 2002.­221 с.

Ердавлетов С.Р. История туризма. Развитие и научное изучения. - Алматы, 2003. - 215 с.

Вавилова Е.В. Основы международного туризма: Учебное пособие. – М.Гардерики, 2005-160 с.

Воронкова Л.П. История туризма и госеприимства: Учебное пособие. – М.: ФАИР – ПРЕСС, 2004-304 с.

Накатков Ю.С. История туризма Казахстана. - Алматы, 2001. - 196 с.

Шаповал Г.Ф. История туризма. - Минск, 1999. - 303 с.

В.А. Квартальнов, «Теория и практика туризма», М., «Финансы и статистика», 2003

Гуляев В.Г. «Организация туристской деятельности», М.: Нолидж, 2006

Қосымша:

«Казахстан - 2030» Н.А.Назарбаев послание президента страны народу Казахстана Алматы

С.Р. Ердавлетов, «Основы географии туризма», Алма-Ата, 1992 г.

Квартальнов В.А. Ввдение в специальность, Москва 2002 – 119 с.

Квартальнов В.А. Туризм, Москва 2002 – 277 с.

Программа развития туризма в РК на 2003-2005 гг.

Интернет көздері

Дәріс тақырып №9 . Тмд елдеріндегі және Қазақстандағы туризмнің даму мәселелерімен қазіргі кездегі жағдайы

Дәріс мақсаты: ТМД елдеріндегі туризмнің даму мәселелерімен қазіргі кездегі жағдайы. Қазақстандағы туризмнің пайда болу мәселелерімен қазіргі кездегі жағдайы

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: Көне заманғы туризмнің даму тарих ын ашу. Қазақстандағы туризмнің пайда болуы және даму тарихы туризмнің даму тарихы. Біздің уақытымызға дейінгі туризмнің даму тарихын ашу.

Дәріс жоспары:

1.ТМД елдерінің туризмі

2.Елімізде туризмді дамыту

Дәріс тезисі

1.Туризмнің активті түрін және спорттық түрін дамыту үшін тек қана қаржылық жағдай мен маманданған кадрлер қажет емес, сонымен қатар ең бастысы мемлекеттің күш-қуаты қажет болып тұр.Осылайша қазіргі кезде«ТМД елдерінің туризм жөніндегі қоғамы» ұйымдастырылып, жұмыс атқаруда.Мәскеуде өткен халықаралық туристік-спорт қоғамының IVконгресінде«ТМД» елдерінің және Балтық елдерінің арасындағы «Бірыңғай туристік қоғам концепциясы»қабылданған болатын.Қазақстан Республикасының жеріне келуші туристердің көп бөлігі дәл осы елдер ден келеді.Осы концепцияны Қазақстан Республикасы ұстанған жағдайда ТМДелдерінің активті туризмнен айналысатын туристерден өз үлесіне көп пайда түсіре алады.Бұл өз алдына Қазақстан Республикасының жерін де туризмнің активті түрін дамытып,жас өспірімдерге үлгі болар еді. Осыдан келіп, еліміздің әл-аухатын көтеруге және әлеуметтік жағдайын жақсартуға болатынын көруге болады.Ал сол үшін, ең бастысы туризм индустриясының көп жылдық және жақсы бағдарламасын мен қызмет көрсету саласын жақсартуымыз керек болып тұр.Отандық туризм бизнесінде туризмді экономиканың бір саласы ретінде ғана қарастыралы және туризмге аз инвестиция бөлінеді,ол Орталық Азия мен Қазақстан жерінде,саяси әлеуметтік өзгерістердің барысында ең бірінші кезекте ауыл тұрғындары көп күйзеліске ұшырады.Ауыл жерлерін қаламен салыстырғанда жұмыссыз дық көп болып тұр және өмір сүру жағдайлары өте нашар.

Туристік бағдарламаның ең басты мақсаты - Ұлы Жібек Жолы бойындағы қалаларды қайта жаңғыртып, туристік ағымды осы жерлерде жіберу болып табылады.Осы жерлерде қызмет көрсету және сату кәсіпорнын, қажылық және туристік комплекстерді, этнографиялық мұражайлар мен театрлар, тарихи орталықтар және басқа да туристік объектілер бой көтеру керек.Ұлы Жібек Жолы бойындағы туризмді дамытуға қолайлы қалалар Семиречье және Оңтүстік Қазақстан.Ал осы аймақтардағы ең маңызды орындарды Түркістан,Тараз,Алматы қалалары алып жатыр.Енді олардың әрқайсысына тоқталсақ:Туркістан - бұл қала тек қана қазақ хандығының 1-ші астанасы емес, сонымен қатар мұсылман жерінде бұл қаланы «екінші мекен» деп санаған болатын. Мұндай атаққа қала XIVғ.Тимур атақты Ахмед Яссауидің қабірінде орнатқан бола тын.Соңынан XV-XVIIғ-да бұл жерлерде Тәуке ханның,Тәуекел және Жәңгір ханның,Есім,Абылай хандарының кесенелері соғылған.Осыладың барлығын жақсы өңдеуден өткізген соң,ең тарихи-мәдени және қажылық ортаға айналуы әбден мүмкін.Тараз-Ұлы Жібек Жолының ең үлкен сауда-әкімшілік орталығы болып табылады.Орта ғасырдағыҚазақ жерінің өнер орталығы саналған болатын,ал ескі және ғылыми орталығы-Оңтүс тік астанасы-Алматы қаласы болып табылады.Қазақстан егемендігін алғанға дейін туризм басқа да экономикалық салалар сияқты орталықтан қатаң реттелді. Туристік қызметтегі КСРО-ның негізгі аймақтары Кавказ, Қырым, Балтық өңірі, Орталық Азияның тарихи орталықтары болды. Кеңестік кезеңде Қазақстандағы туризм идеологиялық қызметті елеулі экономикалық маңызға ие болмады. Қазақстан тәуелсіздк алғаннан кейін туристік қызметті ретеумен халықтың тарихи және мәдени мұрасын қайта өркендетуді негізге алды.

2.Бүгінгі күнле елімізде туризмді дамыту (Туризм туралы) ҚР 1992-жылы 3-шілдеде № 1508-XII заңымен ҚР-ң Президентінің (түркі тілдес мемлекеттер басшыларымен Ташкент декларациясын іске асыру туралы .Ұлы Жібек жолының ҚР-ң туристік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі ЮНЕСКО-ң және ДТҰ-ң жобасы туралы 1997 жылы 30-шы сәуірдегі №3476 және Жібек жолының тарихи орталықтарын қайта сабақтастыра дамыту туризмнің инфрақұрылымын жасау). Осы құжаттарды қабылдау туризмнің қазақстандық нарығын дамытуға оң әсер етті. ҚР-ң статистика жөніндегі агенттігінің 1999 жылғы дерегі бойынша елде 425 туристік ұйым бар.Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облысында, сондай-ақ Алматы және Астана қалалырындағы туристік фирмалар желісі неғұрлым дамыған болып табылады. Осы 88%-дейін қызмет көрсетеді.Қазіргі туризм–бұл әлемдік экономиканың құлдыр ауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша ,орташа есепен бір шетелдік туристтің беретін табысын алу үшін оған пара-пар, шамамен 9-тонна тас көмір немесе 15-мұнай немесе 2-тонна жоғарғы сапала бидай әлемдік рынокқа шығару керек. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді.Сөйтіп шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тіркеулер болса, ал туризмді дамыту – ұзақ мерзімді экономикалық тиімді болашақ.

Туризм жалпы алғанда,мемлекеттің экономикасында үш оң нәтиже береді:

1.Шетел валютасының құйылуынын қамтамасыз етеді және төлем мен жинақтық (экспорт) сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.

2.Халықты жұмыспен қамтуға көмектеседі. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32-саласының дамуына ықпал етеді.

3.Елдің инфрақұрлымын дамытуға жәрдемдеседі.

Қазақстанда туизм қазіргі уақытта даму үстінде деп айтуға толық негіз бар.2006-жылы Туризм және спорт агентігі министірлікке айналды. Соңғы жылдары туризмге көптеп көңіл бөліне бастады, өйткені туризмнен түсетін пайда орасан зор.

Қазақстан Республикасында туризмнің даму кезеңдер Ұлы Жiбек жолы бойында орналасқан Қазақстан көне замандардан бүкіл түркі әлеміне танылған тарихи мекен. Сол себептен бірегей табиғаты ғажайып қорықтар, емдік су көздері, археологиялық және тарихи ескерткіштер, қалалар әу бастан саяхат пен туризм көздері саналған. Қазақстандағы алғашқы туристiк ұйымдар 20 ғасырдың 20-30-жылдары пайда болды. Тарихқа қарап елімізде туризм саласы тамырының тым тереңде жатқанын байқаймыз

Қазақстанда туризмнің даму тарихы жалпы әлемдік тенденциялардан ерекшеленеді. Себебі, көптеген жағдайда оның даму ерекшелігі елдің саяси, экономикалық және әлеуметтік ерекшеліктерімен анықталады.

ХХ ғасырдың 90-шы жылдарына дейін Қазақстан КСРО-ның құрамына кіргенге дейін, туризм экономиканың саласы ретінде қарастырылмады. Негізінен адамдар демалу, танып-білу және емделу мақсаттарында саяхаттады. Ішкі туризм секторы айтарлықтай дамыған болды, ал шекараның жабықтылығы, визалық тәртіптің күрделілігі халықаралық туризмнің дамуын қиындатты. Кеңес өкіметі кезеңінде жеңілдік жағдайында туристік жолдамаларды бөлу жүйесі жемқорлықтанған болғанын атап өткен жөн. Туристік жолдамаларға қолдары жететін шенеуніктердің оларды қолдануға мүмкіндіктері болды. Барлық халықтың әлеуметтік теңдігін насихаттау шындыққа қайшы келді.

 Қазақстанның тәуелсіздікке өтуі қызметтің барлық сфераларында реформалық өзгерістерге ұшырады, оның ішінде туризмде. Қазақстанда нарықтық экономикаға өтумен туристік саладағы экономикалық аспектілер әлеуметтік аспектілерді асып кетті.

Туризм көптеген аспектілер бойынша Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыруда көшбасшыға айналды. Халықаралық және отандық тәжірибе көрсеткендей, туризм қысқа мерзім ішінде экономиканың ең табысты сфераларының біріне айнала алады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика  туристік қызметті дамыту үшін ең жағымды экономикалық орта болып табылады. Бұл туристік қызметтің даму процесі нарықтық қатынастар қызметінің сферасының кеңеюімен үзілмес байланыста өтеді дегенді білдіреді. Әрине, бұл саланың өзі және оған кіретін кәсіпорындар тікелей тұтынушыға бағытталады, қандай да бір деңгейде туризмнің дамуын қамтамасыз ететін көптеген сфералар мен салалар нарықтық кеңістікті қалыптастыруда белсенді рольді ойнайды.

Жағымды жағдайларды құрған кезде Қазақстанда туристік сала экономикалық тұрақтылық пен республикалық экономиканың дамуының қозғаушы күшіне айналуы тиіс.

Жүргізіліп отырған реформалар мен өзгерітер жағдайында әдістемелік жоспарда туризм сферасында ең тиімді әрі мақсатты саясатты таңдау ерекше маңыздылық алады. Осы мақсатпен туристік бизнестің дамуының, динамикада жекелеген сегменттерді қалыптастырудың ретроспективті және жағдайлық талдауын жүргізу маңызды. Туризмнің кезеңдік дамуын қарастыру қажеттілігі пайда болады. 1991 жылдан бастап, Қазақстан Республикасында туризмнің дамуын кезеңдерге бөлу келесідей болады.

Қазақстан Республикасында туризмнің дамуын кезеңдестіру

 

Кезеңдер

Экономикалық аспектілер

Заңдық база

Саяси аспектілері

Әлеуметтік негіздері

1 кезең

1991-1994 жж.

Туризмде мемлекеттен шығару және жекешелендіру процестері басталды. Кіру және шығу туризмдері бойынша көрсеткіштердің өсуі, жаңа туристік фирмалардың ашылуы, саланың рентабельділік көрсеткіштерінің көтерілуі

«ҚР туризм мен спортты дамыту туралы» Министрлер Кабинетінің қаулысы, «Туризм туралы» ҚР заңы, «Туристік және спорттық қызметті лицензиялау, сертификаттау, туралы ереже»

Кіру және шығуға шекараның ашылуы, визалық формальдылықтардың жеңілдетілуі, шетелдік инвесторлардың ағымы

Туристік фирмалардың спонсорлыққа қатысуы

2 кезең

1995-1999 жж.

Кіру туризмі бойынша көрсеткіштердің тоқырауы, ішкі туризмнің көрсеткіштерінің құлауы, шоп-туризмге маманданған фирмалар санының өсуі, инфрақұрылымның қалыптасуы

«ҚР-да туризм индустриясының дамуының Ұлттық бағдарламасы», туристік қызметті лицензиялау жүйесі қайта қаралды

Шетелдік азаматтардың іскерлік белсенділіктерінің құлауы

Бірқатар фирмалардың спонсорлық іс-шараларға қатысуы

3 кезең

2000 жылдан бастап

Туризм түрлерінің құрылымының өзгеруі, кіру туризмі көрсеткіштерінің құлауы, бәсекелестіктің шиеленісуі, маркетинг және жарнама құралдарын қолдану

ҚР-да туристік қызметті лицензиялау Ережесі, 2000 жылдың 29 желтоқсанындағы № 1947 «Туристік қызметті дамытудың бірінші реттік шаралары туралы» ҚР Өкіметінің қаулысы, № 211-11 «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» ҚР заңы

Визалық формальдылықтарды одан ары қарай жеңілдету, туристік қызметте интеграциялық процестер

Зейнеткерлер, көп балалы жанұяларға арналған жеңілдіктер қолданылды, туистік ескерткіштер қалпына келтірілді.

 

Қазақстанда туризмді кезеңдестіруді экономикалық, ұйымдастырушылық және заңнамалық факторларға байланысты жүргізуге болады. Бұндай кезеңдестіру айқын көрінбейтін сипат алады, бірақ та оның өзіне тән ерекшеліктері бар, олар негізінен мемлекеттің саясаты және жүргізіліп отырған экономикалық қайта қалыптастырумен байланысты болды.

Қазақстанда туризм дамуының ең перспективті бағыттарын анықтау үшін оның соңғы жылдардағы эволюциясын талдау қажет. Туризм экономикалық қызмет сферасы ретінде қаржылық және ұйымдастырушылық өзгерістерге бейім болып келеді. Ұлттық туристік компаниялар бұл өзгерістерді туристік ағымдардағы және туристік қызметтерге қойылатын бағалардағы болып жатқан өзгерістерді түсіну үшін ескеруі тиіс. Жүргізілген талдау қазіргі туризмнің даму тенденцияларының және онда болып жатқан өзгерістердің толық суреттемесін береді. Жоғарыдағы кестеде Қазақстандағы туризмнің дамуының кезеңдерін көрсетеді. 

Бірінші кезең Қазақстанда туризмнің дамуында өтпелі кезең болып табылды, нарықтық экономикаға өту саланың қайта құрылуына, туристік фирмалар санының өсуіне, туризмде жеке кәсіпкерлікті дамытуға арналған жағдайларды құратын жаңа заңдардың, нормалар мен ережелердің пайда болуына септігін тигізді. Ерекше көңілді екінші кезеңге бөлу қажет, себебі оған туризм көрсеткіштерінің экстенсивті өсуі тән. Жүргізілген қайта қалыптастырулар, нақты айтқанда, визалық формалаьдылықтарды жеңілдету, шетелдік инвесторлар үшін Қазақстанның шекарасының ашылуы тез өсуге, ең алдымен халықаралық туризмнің өсуіне септігін тигізді. Әсіресе, тез қарқын шетелге Қазақстан азаматтарын жіберу бойынша көрсеткіштерге тән. Қазақстанға шетелдік туристердің бизнес-сапарларына үлкен көңіл бөлінді. Бұл республикаға инвестициялық белсенділіктің көтерілуімен байланысты.

Туризмдегі экономикалық қайта құрудың екінші кезеңі макродеңгейдегі тұрақтылық мәнінде өтті. Сондықтан да басқарудың, қайта қалыптастыру мен құрудың барлық тәсідері мен формалары негізінен сала масштабында шектелді. Қазақстан Республикасында халықаралық туризм 90-шы жылдарға дейін болды. Туризм дамуының мемлекеттік концепциясы, оның ішінде инфрқұрылымды жетілдіру мәселелері бүкіл әлемде қабылданған нормалардан айтарлықтай ерекшеленді.  Сондықтан да бұл кезеңде өзгерістер күрделі болды.Әдістемелік нұсқаулар:

Дәрісті меңгеру үшін Қазақстанда ең І қажылық туризмді ұйымдастыру шы–Тимур туралы мәліметтер жинастыруға болды. Ұлы Жібек жолының ҚР-ң туристік инфрақұрылымын дамыту түрлерінің кең дамуына әкелді. Қазақстанның өлкетану зерттеуінің қызықты және ұзақ тарихы бар. Ұлы Жібек Жолы бойындағы қалаларды қайта жаңғыртып, туристік ағымды осы жерлерде жіберу болып табылады.Осы жерлерде қызмет көрсету және сату кәсіпорнын, қажылық және туристік комплекстерді, этнографиялық мұражайлар мен театрлар, тарихи орталықтар және басқа да туристік объектілер бой көтеру керек.Жұмыс барысында негізгі ұғымдарға көп көңіл бөліп, оларды терең түсінуге ерекше көңіл бөліңіз.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]