Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Халықаралық туризмнің тарихы оқу-әдістемелік кешен.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
159.89 Кб
Скачать

Аттракция және көңіл көтеру қызметі.

Бұл қызметтің тәсілдері әдетте ұйымдастырушылардың бағдарламасына байланысты болады.Статистикаға сүйенетін болсақ әлемде көңіл көтерудің 110–ға жуық түрі бар. Туристік тауарлар өз кезегінде келесідегідей принциптерге ие:

1.Ақшаны көп мөлшерде пайдалану мүмкіндігі;

2.Қажетті түрлі әшекей бұйымдарды және жеке басына қажетті тауарларды сатып алу мүмкіндігі;

3.Саяхат үшін қажетті тауарларды сатып алу яғни, ол жердің картасы, сөздіктер, видеокамералар мен жолсеріктер және т.б. ;

4.туристік аймақтар мен орталықтарға байланысты енгізілген туристік сұранысты көрсететін режимдік мүмкіндіктер;

Туроператорлар қызметі:

Орналастыру ;

Көлікпен тасымалдау;

Тамақтандыру

Теорияда туристік кызмет былайша белгіленеді: ішкі – мемлекеттегі тұрғындардың саяхаты. Халықаралық туризм шығу мен кіру туризмінің жиынтығы. Бұл өте күрделі құбылыс, мемлекеттің дамуындағы маңызды саяхаттар . Шығу туризмі - адамның шет елге баруы.

Танымдық функциясы - тану бейнелеуді талдаудың үрдісі. Ойлануды талдауы, білімділік пен қабілеттіліктің жиыны, обьективті өмірдің табиғаты, қоғамның орталықтарына жету. Саяхаттағанда адам қоршаған ортаны таниды , оны логика , сезім аркылы қабылдайды, ал логикалық тану ол - ойлану, есте сақтау, сезу-сезім, есептеу, қабылдау деген сөз.

Рекреациялық функция – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы денсаулық ұғымын толық физикалық , психологиялық , әлеуметтік қалыпты жағдайымен теңестіреді.

Әлеуметтік - коммуникативтік функциялар. Коммуникация аркылы сөйлесу,ойын жеткізу, ақпарат қабылдау, қатынасу. Адамдардың әлеуметтік қалпы, жасы, ұлты сияқты айырмашылықтарға қарамастан туристердің барлығымен коммуникативті байланысып, демалуы.

Спорттық функциялары - спорт сөзі кең мағынада жарыс, дайындықтар, оның қорытындысын білдіреді. Спорттың әлеуметтік мағынасы адамның еңбек сиякты қоғамдық маңызды дайындалу физикалық тәрбиесі. Сонымен қатар спорт эстетикалық тәрбиенің құралы халықаралық байланыстардың көбеюі, достықтың дамуы болып табылады.

Эстетикальқ, саналық, психологияның функциясы. Эстетика сезімтал, сезетін деген сөз. Ол философиялық ғылым , әсемдікті оқиды, жасандыққа көзқарасы бар болады. Ол саналық пихологиялық формалармен байланысты . Туризм саласында эстетика ауыр жұмыстан болатын шаршауды азайту; демалу дегенді білдіреді . Адамдармен болатын кездесулер жылы сезім тудырады, қызықты туристік обьектілерден алып, белсенді туризмнің физикалық жеңісі болып табылады.

Шығармашыльқ функция - шығарма , сапалы, жинақты қайталанбас , ерекше қоғамның саласы.

Сонымен қатар туристік индустрияда көрсетілетін қызметтер экспорты мен импортының анықтамасы:

  1. Қазақстан Республикасының аумағына келу туризмін ұйымдастырумен байланысты туристік қызмет көрсету экспорты болып табылады.

  2. Басқа елге шығуға байланысты туристік қызмет көрсету туристік қызмет көрсету импорты болып табылады.

Елімізде туристік қызмет экономиканың жаңа дамып келе жатқан кластері болып табылады. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты халыққа Жолдауында: «...біздің қолымызда нарықтық туризм, мұнай-газ машиналарын жасау, тамақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік-логистикалық қызмет көрсету, металлургия және құрылыс материалдары сияқты салаларда кемінде 5-7 кластерін жасау мен дамытудың жоспары болуы керек. Ел экономикасының шикізаттық емес салалардағы ұзақ мерзімдік мамандануын, міне, солар айқындайтын болады...» десек, Қазақстанда туризмді кластер ретінде дамытудың негізгі мақсаты – халықаралық туристік нарыққа еніп, экономика секторы ретінде жұмыс істейтін, бәсекеге қабілетті, жоғары маманданған кешен құру болып табылады.

Сурет 1 - Туристік қызмет экономиканың дамушы кластері

Қазіргі кезде елімізде кіру және шығу туризмі қарқынды дамып келе жатыр, оның негізгі себептері – жағымды жағдайдың болуы мен Бүкіләлемдік сауда ұйымына енуі және халықаралық аренадағы іскерлік сапарлар мен туристік жәрмеңкелер санының өсуі болып табылады (Сурет1). Жылдық туристік жәрмеңкелердің бірі «Туризм және саяхаттау» жәрмеңкесі болып табылады. Ең негізгі итермелейтін факторлардың бірі – Астана мен Алматы қалаларында өтетін 2011 жылғы Азия ойындары болады. Бұл Қазақстан елінің имиджін қалыптастыратын басты факторлардың бірі.

Жылдық туристік жәрмеңкелердің бірі «Туризм және саяхаттау» жәрмеңкесі болып табылады. Ең негізгі итермелейтін факторлардың бірі – Астана мен Алматы қалаларында 2011 жылғы Азия ойындары болды. Бұл Қазақстан елінің имиджін қалыптастыратын басты факторлардың бірі.

Азия ойындары 2009 жылы салынған 30 мың орынды стадионда Астана қаласында Мұнда 14 спорт түрінен жарыстар өтті.

Сурет 2 - Қызмет көрсетілетін туристер саны

Соңғы он жылдағы туризмнің қызмет көрсету сферасының даму тенденцияларына мыналар кіреді:

- халықаралық және ұлттық инвестициялар;

- транспорттық жолдар мен қызмет көрсету объектерінің құрылысы;

- халықаралық жүйелердің құрылуы(қонақ үйлер, мейрамханалар, ойын- сауық орталықтары);

- кіші кәсіпкерліктер жүйелерінің дамуы;

- жаңа компьютерлік технологиялардың енгізілуі.

Бақылау сұрақтары

Тақырып бойынша теориялық білімді тексеруге арналған сұрақтар

Туристік қызмет деген не? Турагент деген кім ?

Турагент және туроператордың арасындағы айырмашылықтарды атаңыз.

Туристік қызметтің құрамдас элементтеріне не жатады?

Қазақстандағы туризмді дамыту үшін қандай іс-шара іске асырылып жатыр?

Пайдаланылған әдебиеттер:

Негізгі:

Вуколов В.Н. История и теория международного туризма.-Алматы, 2002.­221 с.

Ердавлетов С.Р. История туризма. Развитие и научное изучения. - Алматы, 2003. - 215 с.

Вавилова Е.В. Основы международного туризма: Учебное пособие. – М.Гардерики, 2005-160 с.

Воронкова Л.П. История туризма и госеприимства: Учебное пособие. – М.: ФАИР – ПРЕСС, 2004-304 с.

Вуколов В.Н. Основы техники и тактики активных видов туризма: Учебное пособие. Алматы, 1996-210 с.

Накатков Ю.С. История туризма Казахстана. - Алматы, 2001. - 196 с.

Шаповал Г.Ф. История туризма. - Минск, 1999. - 303 с.

В.А. Квартальнов, «Теория и практика туризма», М., «Финансы и статистика», 2003

Гостиничный и туристический бизнес. / Под ред. Проф. Чудновского А.Д. – Москва: ЭКМОС, 2006г.-154с.

Гуляев В.Г. «Организация туристской деятельности», М.: Нолидж, 2006

Қосымша:

  1. Усыскин Г.С. Очерки истории российского туризма. СПб., 2000. - 224 с.

  2. Соколова М.В. История туризма. - М, 2002. - 352 с.

3. «Казахстан - 2030» Н.А.Назарбаев послание президента страны народу Казахстана Алматы

4.С.Р. Ердавлетов, «Основы географии туризма», Алма-Ата, 1992 г.

5.Квартальнов В.А. Ввдение в специальность, Москва 2002 – 119 с.

6.Квартальнов В.А. Туризм, Москва 2002 – 277 с.

7.Программа развития туризма в РК на 2003-2005 гг.

8.Интернет көздері

2-Дәріс тақырыбы: Ерте замандағы және біздің уақытымызға дейінгі Қазақстандағы туризм пайда болу және даму тарихы Алғашқы ұйымдастырылған саяхаттың әлеуметтік-экономикалық себептері

Дәріс мақсаты:Туристік кызметтің негізгі сипаттамасы мен мәнін білу, оның халықаралық экономикада алатын орны мен оның әлеуметтік функцияларын анықтау.

Түйін сөздер: Туризм тарихының түсінігі,алғашқы саяхат, Саяхаттың әлеуметтік – экономикалық себептері, саяхатты ұйымдастыру,адам еңбегінің бөлу этаптары

Дәріс жоспары:

1. Туризм тарихының түсінігі

2. Алғашқы саяхат. Саяхаттың әлеуметтік – экономикалық себептері

3. Саяхатты ұйымдастыру

4. Адам еңбегің бөлу этаптары

Дәріс тезистері

1.Туризм тарихының түсінігі.Бұрынғы кезеңнен осы уақытқа дейін саяхат ғылымы - ол әлеуметтік құбылыс. Туризмнің тарихын зерттегенде зерттеушілер мен археологтар нумезматикалық, палеографиялық, этнографиялық белгілерге сүйенген. Туризм - термині 19ғ-дан бастап түрлі тілдерде айтылды. Саяхат термині қолданылды. Саяхат адам ісінің күрделі, компонентті жүйесі.Саяхатшы түсінігі сатушылар, теңізде жүзушілер, ғылымдар, зерттеушілер, авантюристер, табиғи ландшафты сүюшілермен түсіндіріледі. Жаңа туристер саяхатты жоспарлағанда алдарына мақсат қояды.Оған тұтынушының сыртқы, ішкі қажеттіліктері тән.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]