Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Халықаралық туризмнің тарихы оқу-әдістемелік кешен.docx
Скачиваний:
20
Добавлен:
17.02.2016
Размер:
159.89 Кб
Скачать

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

«Туризм және Сервис» кафедрасы

«Бекітілген»

ҚазЭҚХСУ-нің Оқу-Әдістемелік Кеңесі

мәжілісі

хат № « » тамыз 20 ж.

«Туризм» мамандығында оқитын студенттерге

«Халықаралық туризмнің тарихы»

пәнінен

Оқу - әдістемелік кешен

Астана 2011

Жоғары оқу орындарында туризм мамандықтарда оқитын студенттерге арналған оқу-әдістемелік кешені құрылған және жұмыс бағдарламасына сай бекітілген.Оқу-әдістемелік топтаманы құрастырған «Туризм және Сервис» кафедрасының аға оқытушысы: З.А. Оразаева

Хаттама №1 « » 20 ж.

Кафедра меңгерушісі

ә.ғ.к.,доктор PhD Изтелеуова Л.И.

Қазақ Экономика, Қаржы және Халықаралық Сауда Университетінің оқу-әдістемелік кеңесінде қарастырылып, бекітілген.

Хаттама №1 « » 20 ж.

Қазақ Экономика, Қаржы және Халықаралық Сауда Университетінің оқу-әдістемелік кеңесі төрайымы э.ғ.д., профессор Бурбаев Т.К_______

АЛҒЫ СӨЗ

Әлемдік экономикада туризмнің алатын өзіндік орны бар. Дүниежүзілік туристік ұйымның мәліметтері бойынша, ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестициялардың 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің әрбір тоғызыншы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.

“Қазақстан–2030” стратегиясына негізделе отырып құрылған Қазақстан Республикасындағы туризм индустриясының даму концепциясында туризм еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуының маңызды бір саласы ретінде қарастырылады. Туризм индустриясы мемлекеттік әлеуметтік және экономикалық дамудың негізгі факторы және кең көлемді бизнес түрі бола алады. Дүниежүзінде жыл сайын туризмнен түсетін кіріс мөлшері шамамен 3 трлн. АҚШ долларын құрайды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев туристік индустриясы мемлекет қазынасына айтарлықтай кіріс әкелетін, болашағы бар экономика саласы ретінде көре алатындығы туралы стратегиялық бағдарламаларда атап өткен болатын. Еуразияның жүрегінде орналасқан Қазақстан үшін, болашақта әлемдік туризмнің орналасуы мен дамуының маңызы зор. Оқулықта Қазақстан Республикасының 2007 – 2011 ж.ж. арналған туризм дамуының мемлекеттік бағдарламасы мен заңнамалар, ережелер, туристік объектілері мен қызмет көрсету іс-әрекетін стандарттау және сертификаттау, ақпараттық-инновациялық технологиялар, өндірістік және әлеуметтік дамуы әдістері толық қарастырылып, мәселелер қойылып, оны шешудің тиімді жолдары көрсетілген. Осы оқулық «Туризм» мамандығының студенттеріне, магистранттарына, туризм саласынында қызмет ететін мамандарға арналған.

Оқулықта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартының “Жоғары кәсіптік білімнің ережелеріне” сәйкес жасалған.

1-Дәріс тақырыбы: Туристік іс-әрекет пен оның әлеуметтік функциялары

Дәріс мақсаты : Туристік іс-әрекеттің негізгі сипаттамасы мен мәнін білу, оның халықаралық экономикада алатын орны және оның әлеуметтік функцияларын анықтау.

Түйін сөздер : Туристік іс-әрекет , туроператор, турагенттер, туроперейтинг, туристік өнім, туристік маршрут, туризм индустриясы. Танымдық , рекреациялық, спорттық , эстетикальқ, саналық, психологиялық функциялары – туристік индустрияның негізгі бөлігі.

Дәріс жоспары:

1.Туристік іс-әрекет құрамына кіретін элементтердің сипаттамасы

2.Туризм - феномен ретінде және туризмдегі қызмет көрсету саласының жалпы даму тенденциялары

3.Туризмнің функциясын шешетін комплекстік жолдар.

Дәріс тезистері

Туризм – жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейінгі аралықта, не жиырма төрт сағаттан аз бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхаты.

Туристік тауарлар мен қызметті ұсыну үшін міндетті түрде оны дайын өңделген қызмет түрінде ғана ұсына аламыз. Сондықтан, туристік қызметке мынадай анықтама бере аламыз:

Туристік іс-әрекет дегеніміз – туристтің немесе экскурсанттың қажетін қамтамасыз ету үшін қызмет көрсету аясындағы мақсатты бағытталған жиынтық.

Туристік іс-әрекет деп туристік қызметті көрсететін туристік мекемелер мен ұйымдардың және жеке кәсіпкерлердің туристік өнімді жүзеге асыру кезіндегі мақсаты болып табылады. Жалпы, туристік көзқараспен қарайтын болсақ, туристік қызмет–көзге көрінбейтін тауар болып табылады. Өйткені, ұсынатын қызметтерді біз көзімізбен көріп, құлағымызбен естіп, тілмен дәмін сезе алмаймыз (көңіл көтеру, тасымалдау және т.б.).

►Туристік іс-әрекет құрамына жататындар:

1.қызметтерді брондау (тасымалдау, орналастыру және т.б.)

2.түрлі рұқсат етілген формальді құжаттарды дайындау;

3.трансфер, түрлі кездесулер;

4.түрлі экскурсиялық және аттракциялық қызметтер;

5.гид аудармашылар қызметі;

Туроператорлар бұл – турды шығарушы туристік кәсіпорындар.

Туроператорларды инициативті және рецептивті деп бөліп қарастыруға болады. Инициативті туроператорлар – бұл туристерді шетелге жіберетін туроператорлар. Рецептивті туроператорлар – бұл туристерді мемлекет ішінде жоғарғы дәрежедегі қызмет көрсету жолдарын ойлап табады.

Турагенттер – бұл туроператорлар шығарған, турларды бөлшек байла ныспен сатумен айналысатын кәсіпорындар.

Туроператорларды турагенттерден ерекшелейтін туроперейтинг. Туроперейтинг – бұл туристік бағдарламаларды қайта өңдейтін турлар

Әрбір турдың қызметі белгілі бір бағдарламамен анықталады. Яғни, әрбір тур- бірнеше элементтерден құралады. Туризм теориясына сүйенетін болсақ, туристік қызметтер типтік және типтік емес болып бөлінеді. Жалпы принцптер бойынша туристік пакетте кемінде 2 қызметтен ұсынылатын қызмет түрлері болады:орналасу және тасымалдау.

Әлеуметтік феномен, яғни латын сөзінен шыққан жалпы құбылыс. Туризм терминнің тамыры француз тілінен – сапар, қыдыру. Бүгін халықаралық туризмде маршруттік қызмет белгілі уакыттағы жаңа саяхатты білдіреді. Туризм - термині 19 ғ-дан бастап түрлі тілдерде айтылды

Экскурсия – экскурсантқа 1 күнге жетпейтін тауар ретінде немесе қызмет жағдайында ұсынылады. Экскурсия тур.қызмет ретінде туристің немесе экскурсанттың қажеттілігін танымдық, эстетикалық, ақпараттық және рухани түрде жеткізеді. Мысалы: мемлекетіміздің діни туризміне арналған орталықтарымыз әйгілі Түркістан, Сайрам жерлерінде тұтынушы болып табылатын әрбір экскурсантқа рухани, діни қажеттіліктер беріледі. Мұндай жерлерде туристтің барлық қажеттіліктері сапасына сай жеткізілу үшін жоғары, сапалы қонақ үйлер, тамақтану орындары, тасымалдау түрлері және аудармашы гидтердің қызметі қажет. Экскурсиялық қызмет бұл мақсатта барлық талаптарға сай болуы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]