Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Konaev D.pdf
Скачиваний:
59
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
3.41 Mб
Скачать

МЕНІҢ АҒАМ ДІНМҰХАМЕД АХМЕТҰЛЫ ҚОНАЕВ ТУРАЛЫ

Біздің бағымызға қарай өмірімізде барлығымызға әрдайым уақыт таба білген үлкен ағамыз болды. Біздің басқа ағамыз Асқар Меңліахметұлы: «Ол бізден тек жақсы нәрсе алды» деп айтатын. Шынында да, ол біздің арамыздағы ең ұзыны, мықтысы, сымбаттысы еді. Ол менен біраз жас үлкен. Мен туылған кезде Дінмұхамед Мәскеуде оқып жүрген еді.

Мәскеуде оқып жүрген кезде ол көп таршылық көрді. Ол кезде Қазақстанда аштық болатын. 1932-1933 жж. қалада да, ауылда да көптеген адамдар аштықтан көз жұмды. Дінмұхамед Ахметұлына ешкімнің көмек беруге шамасы келмеді, ол бір шәкіртақыны жеткізуге тырысатын. Ол бірден үш мезгіл тамақ ішуге мүмкіндік беретін талондар сатып алатынмын, деп айтатын. Вокзалдарда жүк тиеуші болып ақша табуға мәжбүр болыпты. Ол оқуын 1936 жылы бітірді. ЖОО аяқтаған соң 1936-1942 жж. Балхаштағы мыс қорыту комбинатының Қоңырат мыс кенінде бұрғылау станогінің машинисінен бастап, кен директоры қызметіне дейін өсті. Мен оны соғыстың басталуы алдында ғана көргенмін, ол кезде ол Совнаркомға шақырылып, Алматыға көшіп келіп, үш бөлмелі үй алған еді. Біз отбасымызбен сонда көшіп бардық. Оған дейін біздің отбасы ұзақ уақыт бойы жеке пәтерлерді жалдап тұратын.

Ол Ұлы Отан соғысы кезі еді, қиын-қыстау заман болса да, азаматтардың ерлік көрсете білген жылдары. Майданға еркектердің барлығы дерлік кетті. Тылда қалған еркектердің барлығы, әйелдер мен балалар еңбек етті. Барлығымыз бірге тұрғандықтан, мен Димаш-ағаның қалай жұмыс істегенін көрдім. Біз оны тіпті көрмейтінбіз, ол күні бойы жұмыс істеп, 2-3 сағат демалып, түнгі 2-3-ке дейін қайта жұмыс істейтін. Күн сайын солай болатын. Қандай жұмысқа кіріссе де, ол бар күшін, бүкіл білімін, тәжірибесін, ұйымдастырушылық қабілетін аямай жұмысқа салатын. Димаш Ахметұлы адамгершілігі мол кісі болатын. Қасындағыларға, бірге жұмыс істеген адамдардың барлығына мейіріммен қарайтын. Оның қабылдауында болған адамдар қанаттанып, бұдан да жақсы жұмыс істеуге құлшынып тұратын. Димаш-ағаның басты ұстанымы адамдарға көмектесіп, қолдау көрсету болатын. 1957 жылдан бастап мен де ҚазССР ҒА-да қызмет ете бастадым. Ол Ғылым академиясындағы барлық қызметкерлердің есімдерін білетін, мен бұған таң қалатынмын. Ол кімнің қай тақырыпта зерттеу жүргізгеніне дейін білетін. Кейіннен олардың есімдерін атап, жағдайлары туралы сұрайтын. Есте сақтау қабілеті зор болатын.

Кейіннен Димаш Ахметұлы Ғылым академиясына бірқатар Институттарды ашуға, академиктер мен қызметкерлерге арналған тұрғын үйлер салуға, аспиранттарға арналған жатақханаларды салуға

8

көп көмектесті. Ғылым академиясында жыл сайын өтетін жалпы жиналыстарға арнайы келіп қатысып, ғалымдардың алдында тұрған міндеттерді айтатын. Бұдан Академияның маңызы одан сайын арта түсетін. Мен де осы жиналыстарға қатысатынмын, барлық академиктер мен қызметкерлер тік тұрып, оған ұзақ қол шапалақтағанда, менің осындай «ұлы ағамның» бар екенін мақтан тұтатынмын.

Димаш-ағаның туыстарына қарым-қатынасы ерекше болатын. Біз оны үлкен ағамыз ретінде құрметтейтінбіз. Ол біздің әрқайсысымыздың көңілімізді таба білетін. Ол анамызды ерекше жақсы көретін, жақын болатын. Қашан да анамыздың қамын ойлап, ауырған кезінде өзінің жеке дәрігерін жіберіп отыратын. Анамыз да оны өте жақсы көретін. Әпкелеріміздің айтуы бойынша, ағамның кішкентай кезінде анам ең алдымен оны тамақтандырып, сосын барып қалғандарына тамақ береді екен. Димаш Ахметұлы әкемізді сыйлап, құрметтейтін. Қазақстанның КП ОК бірінші хатшысы болып қызмет етіп жүрген кезінде ағам уақытының тапшылығына қарамастан әкемнің сөзін екі етпей, шақырған бойда келіп, тапсырмаларын орындайтын. Димаш Ахметұлы өзінен үлкен әпкелерін де құрметтейтін, жақсы көретін. Ол бала кезінен солармен бірге өcті. Амина Ахметқызы айтқандай, екеуінде бір аяқ киім болыпты, сол үшін екеуі жиі төбелесіп қалады екен. Бірінші болып киіп, далаға жүгіріп шыққан бала жеңеді екен.

Студент кезінде Димаш Ахметұлы көбінде Амина Ахметқызының үйінде болатын, ол сол кездері отбасымен бірге Мәскеу қаласында тұратын.

Димаш Ахметұлы мен Зуhра Шәріпқызының өзіме деген әкелік қамқорын мен де қатты сезінетінмін. Мен ММУ оқып, жатақханада тұратын кезімде Димаш Ахметұлы Мәскеуге партия съездеріне және КСРО Жоғарғы Кеңесінің сессияларына келгенде жұмысының көптігіне қарамастан, маған да көңіл бөлуге тырысатын. Димаш Ахметұлы мен Зуhра Шәріпқызының Ленин тауларындағы жатақханаға мені іздеп келгені әлі есімде. Олар Университетті, студенттердің жатақханаларын қарап шығып, риза болып қалатын. Кейінгі кездері олар келгенде мен «Мәскеу» қонақ үйіне көшіп баратынмын. Димаш Ахметұлы отырыстарға кеткенде, Зуhра тәтем екеуміз дүкендерді аралап, жаңа киімдер қарайтынбыз. Кешкісін Мәскеу көркем академиялық театрына, Үлкен театрға баратынбыз. Олар барлық әртістердің есімдерін білетін. Жалпы, олар Мәскеуді өте жақсы көретін. Димаш Ахметұлы «Осында оқып жүрген кезінде, Мәскеуді танып үлгеруің керек» деп, мені ылғи үйретіп отыратын. Ол барлық көшелерді, алаңдарды, метроның жаңа стансаларын білетін. Әрдайым «Мәскеу» қонақ үйіне тоқтайтын. Өзінің айтуынша, бұрын жүк тиеуші болып жұмыс істеген кезінде осы қонақ үйдің жанынан өтіп бара жатып, «Осында кім тұрады екен? Шіркін, осы жерде тұрсам ғой» деп ойлайды екен. Кейінгі жылдары осында келгенінде дәл осы қонақ үйге баратын, ол өзіне қатты ұнайтын. Басқа

9

уақытта біздің жұмыстарымыз, жетістіктеріміз туралы сұрап отыратын. Егер қандай да бір жетістіктерге қол жеткізсек, қуанып қалатын. Мен кандидаттық және докторлық диссертацияларымды қорғаған кезімде қуанған еді. Сонда да былай деп айтатын: «Докторлар көп, ал профессорлар аз, профессор болу керек». Бұл мені әрі қарай жұмыс істеуге қанаттандырып, ынталандыра түсті. Мен профессор атағын алғанымда, ол риза болып, көңілі көтеріліп қалды. Ағамның ықыласына ие болу біз үшін маңызды еді. Ол біздің күйеулерімізге, балаларымызға өте жақсы қарайтын. «Балалар біздің – болашағымыз» дей отырып, балаларымыздың табыстарына ерекше қуанатын. Біз мейрам сайын Димаш Ахметұлы мен Зуhра Шәріпқызының үйіне барғанды ұнататынбыз, сонда Жаңа Жылды қарсы алатынбыз, ағам мен Зина тәтемнің туған күндерін атап өтетінбіз. Олардың үйлерінің есігі қашанда ашық болатын, өздері сондай қонақжай еді. Осындай отырыстарға әртістер де келетін, Б. Төлегенова, Е. Хасанғалиев және басқа әншілердің орындауындағы әндерді тыңдайтынбыз. Өскенбаева және басқа да дарынды жас әртістерді қуана тыңдайтынбыз. Димаш Ахметұлы қалжыңдағанды жақсы көретін, отырыстар өте көңілді өтетін. Теледидардан «Тамашаны» көргенді ұнататын.

Зейнетке шыққан уақытында да Димаш Ахметұлы салауатты өмір салтын сақтайтын. Облыстарды көп аралайтын, адамдармен кездесіп, жағдайлары туралы сұрастыратын. Қайта құрудың қалай жүргізіліп жатқанын саралап, өз ойымен бөлісіп отыратын. Өте көп оқитын, қонақжай болатын. Өз үйінде әртүрлі мамандық иелерін, әртүрлі ұлт өкілдерін қабылдайтын. Ең бастысы, Димаш Ахметұлы өз өміріне қорытынды жасай білді. «Менің кезім жөнінде» және «Сталиннен Горбачевқа дейін» кітаптарында барлығын талдап, өз халқына өсиет айтып кетті.

Қазіргі кезде Димаш Ахметұлының қызметіне лайықты баға беру бойынша қыруар жұмыс атқарылып жатыр, оның 100 жылдық мерейтойын атап өтуге үлкен дайындық жүріп жатыр. Қонаевтардың үлкен әулеті бұған дән риза.

Ата-аналарымыздың, үлкен ағаларымыз бен әпкелеріміздің салған сара жолын ортаңғы ұрпақ жалғастырып келеді. Біз сол күндерді зор сүйіспеншілікпен еске алып, әрдайым жадымызда сақтағымыз келеді.

Қазіргі кезде Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында, Республикамыз егемен мемлекет ретінде қарқынды дамып жатқан шағында Димаш Ахметұлы да осыған қуанатын еді, өйткені ол өз халқын, Қазақстанды, туып-өскен қаласын өте жақсы көретін. Ол әрдайым Қазақстан халқына бақыт, өсіп-өркендеуді тілейтін.

Р.М. Қонаева

10

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]