Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Konaev D.pdf
Скачиваний:
59
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
3.41 Mб
Скачать

ДҮНИЕДЕН ӨТТІ БІР АЛЫП

Дүниеден өтті бір алып, Дүниеден өтті дара аға. Көсем боп, сосын сыналып,

Жайсаңдықтан таймай сонда да, Кешірімді бізге мұра ғып. Мәңгіге кетіп бара ма? Қарамай ма енді ол сонда, Өзін тербеткен далаға Өзі шырқатқан қалаға Сыймай тұр менің санама. Алатау, Алтай, Атырау, Қаратау, Көкше, Қазығұрт Жырақтағандай жаз үміт.

Кемсеңдер бүгін қарттарым, Жыласа да олар жыр айтып. Балалар тастап доптарын, Сыбырласады мұңайып: ''Қайтыс бопты, – деп, – Қонаев''...

Барласаң бүгін, саналы ел, Мейрімнен одан кім асты? Артықтау болса ''дана'' деу, Кемеңгер екені рас-ты.

Жалпылдап ұшқан көп қарға, Жаны мен тәні неге сау? Төтеп бергенмен оқтарға, Жүректе темір емес-ау,

Қинамай, қинамай тоқтатылды, ә? Айналам әлі қараңғы, Өмірім – сынығы жасынның. Жазықсыздар мен адалды Жазалау – мәні ғасырдың. Үмітпен шашым ағарды,

Ағымнан жарылып шашылдым, Өкпем мен ызаны жасырдым, Арамзаларға ашындым.....

«Қош, – дейді елің, ардағым», Асылдың орнын кім басар? Түлектерді талай жалғадың – Далаңнан әлі-ақ түн қашар, Қараңғылықты түн басар, Жасылға оранар бағымыз, Данаға бұйырар тағыңыз. Жәннатта болғай жаныңыз!

156

Рухың, әппақ арманың

Халқыңмен мәңгі бір жасар...

Фариза Оңғарсынова

ақын

18 наурыз, 1997 ж.

157

ШЫҢЫНДА АЛАТАУДЫҢ ТҰР ДИМЕКЕҢ

Жайнап тұр біздің дархан күйлі мекен. Жалғасқан әр жеңісі – той ғой үлкен. Даланың нулы көркін оймен барлап, Шыңында Алатаудың тұр Димекең. Бастадық мерекеңмен туған қысты. Бұл аға биыл тіпті қуанышты – Отанның ардагері Брежневтің тойына – Толғап қайтты туар істі.

Оймен жүр өзі бүгін ел ішінде, Сыр айтып теміршіге, егіншіге. Көп көрдік бұл кісіні сұхбаттасқан, Малшымен қалың малдың өрісінде.

Өзіне – дала дастан қазақ сырлы, Сүйеді дән шалқыған күзгі қырды. Сағынып кездеседі диқандармен.

Осы аға, сұңғақ бойлы, жүзі нұрлы.

Түсінем миллиардтың музыкасын. Иген жоқ оңай ғана тұз ықыласын. Миллион өрендердің, бұл майданға – Партия, серпілдірген күз құлашын.

Солардың арасында түз өрісінде, Көктемде, жазда, күздің нөсерінде, Елбасы Брежнев пен Димаш ағай, Жүрді бір.

Тың қатпарын көтеруге.

Инженер – заводтарда ол шыңдалған, Ғалым – ол, көп ғылымының сырын алған. Бұл күнде ер ағасы, ерен жігіт, Алшаңдап асар әлі көп шыңдардан.

Абзал жан, даласындай пейілі кең. Талайды аялады мейіріммен. Білемін үлкендердің разылығын, Көп алғыс алды өскен – кейінгіден.

Пейілді әншілерге, ақындарға. Ол әзір жұрт тілегін мақұлдауға. Халқымның сүйіктісі Димаш аға,

158

Көп жаса, дәуірдей бер шалқып алға!

Қадірлі еңбегімен Отанына. Ел болып сүйсінеміз атағына.

Біз көріп мақтанамыз Димаш аға Тұрғанда – Политбюро қатарында!

Жақсыдан жарық түсер төңірекке. Ізгі жан жия берсін нұрын көкке. Аса бер асулардан ардақтымыз.

Көтеріп Республика туын көкке!

Қалижан Бекхожин

Қазақстанның халық жазушысы, Ленин комсомолы және Мемлекеттік Абай атындағы сыйлықтардың лауреаты, соғыс, еңбек ардагері, ақын

159

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]