Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Konaev D.pdf
Скачиваний:
59
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
3.41 Mб
Скачать

ҚАЗАҚТЫҢ МҮДДЕСІН БІРІНШІ ОРЫНҒА ҚОЯТЫН

Димекеңмен 40 жылдай қызметтес болдым, көрші тұрдым. Ең алғаш 1958 жылы таныстық. Мен ол кезде қазіргі Алматыдағы Медеу аудандық партия комитетінде хатшы болып істейтінмін. Кезекті қалалық партия конференциясы болғанда Димекеңнен бастап барлық бюро мүшелері қатысты. Сол жиында бірінші болып мен сөз сөйледім. Мінбеде тұрып қалалық хатшылардың жұмысын, атқарылмаған жұмыстарды сынға алдым. Мәселен, «Ленин атындағы көшені жөндеп, зәулім ғимараттар салуымыз керек» деп едім, сол ұсынысым басшыларға ұнап қалды. Бір-екі айдан соң қалалық бірінші хатшы шақырып: «Қызметіңді жоғарылатамыз. Димекең сені шақырды», – деді. Бір күні дайындалып, қабылдауына бардым. Димекең орнынан тұрып, қол алып амандасты. «Сағат екіде жиналысқа келесің, сені Орталық комитеттің басшылығына сайлаймыз», – деді. Мен таң қалдым. «Әлі жаспын ғой», – дедім. Ол болса «Қайдағы жассың?» – деп жұлып алғандай маған қадала қарады. Таныстығымыз солай басталды.

Қазақтың тарихында табан аудармай көп жыл билікте отырған бірден-бір адам Димекең болатын. Ол – тақтан түскеннен кейін де қолдан жасалған жалаға қарамастан, абыройын сақтап қалған бірден-бір саясаткер. Барлық мәселе Мәскеуде шешілгенімен, Қонаев үшін қазақтың мәселесі бірінші орында тұрды. Алматыны қалаға айналдыру үшін зәулім ғимараттарды салғызды. Қаладағы бірде-бір құрылыстың салыну мәселесі Димекеңнің араласуынсыз шешілген емес. Салынатын әрбір құрылыстың жұмысын жеке-жеке қарайтын. Мәселенің мәнісіне терең үңілетін, «науқаншылдық», «жоспар орындау» деген тапсырмаларды орындағанда жұмыстың сапасын бірінші орынға қоятын. Тапсырманы өзі салмақпен түсіндіретін, өзгенің де айтарын мұқият тыңдайтын. Қателігің болса, бірден бетіне баспай, жайлап қана дұрыс жолын көрсетіп барып, «осылай жасасақ жөн-ау» деп ұсыныс айтатын. «Қазақстан» қонақүйі, «Арасан» моншасы, ҚазМУ қалашығы, Оқушылар сарайы, Студенттер сарайы, «Медеу» мұзайдыны, оның сыртында 43 қала салдырғаны – өз алдына бөлек әңгіме. Солай бола тұра бір ғана «Арасанды» салғанда «Қазақтарға мұндай монша керек емес, олар – жабайы халық, Қонаев оны өзі үшін салдырған» деп зейнетке шыққан кезінде күйе жаққысы келгендер көп болды. Бірақ сол «Арасанға» Димекең бір рет те жуынбаған. Өзі осындай жөн-жосықсыз жала жапқанды көргенінде «күйе күйдірмесе де қаралайды» деп күйініп, көңіліне қаяу түсіп отыратын.

Көп жыл билікте отырған Димекең зейнеттік демалысқа шыққанда жай кезде үздіксіз қоңырау соғып, күн ұзаққа үйіне, жұмысына хабарласатын адамдар пышақ кескендей сап тыйылды. Колбиннің айдарынан жел есіп, жағымпаздар жел сөзді қарша боратып, Қонаевқа қарсы материалдар жазудан, жариялаудан алдарына жан салмады. Ол билікте болған жылдары экономикалық өрлеу болғанын мойындағысы

113

келмей, ілік іздегендер жетіп-артылатын. Сол кездегі жиналыстарды сынға алғандар да төбе көрсетті. Димекең өзі «жиналыстың қаншалықты ұзақ уақыт болғаны емес, нақты қандай мәселені шешкені маңызды» деп айтып отырушы еді. «Әлбетте, жұмыстың аты – жұмыс, барлық уақытта майдан қыл суырғандай мінсіз тірлік кештік дей алмаймын. Бәрі өзің ойлағандай бола берсе, онда өмір өмір ме?!» деп сансыз жаланың жауабына нүкте қоятын. Қандай жиналыс болсын үлкен дайындықпен, дәлелмен түсіндіріп, пікірінің дұрыстығына дәйек келтіре отыратын. Қай жиынға да тыңғылықты дайындалатын. Сол кездегі ел басқарған билеушілер туралы ел арасында сауалнама жүргізгенде Ленинді барынша ұнататындары – 41,4%; Сталинді – 17,7%; Хрущевті – 11,4%; Брежневті – 19,7%; Андроповты – 34,3 %; ал Қонаевты – 53,7% жерлестеріміз ұнататынын білдірді, 16 % қалыс қалды да, 4,9% теріс көретін боп шықты.

Дінмұхамед Ахметұлы өз өмірінде қазақ халқына белгілі талай зиялы адамдармен достық қарым-қатынаста болып, олармен қоянқолтық араласты. Олардың қатарында жақын туыстай болып, сыйласып өткен атақты композитор Ахмет Жұбанов, ұлы жазушы Мұхтар Әуезов, академик Әлкей Марғұлан, белгілі қоғам қайраткері Асанбай Асқаров, КСРО-ға еңбегі сіңген суретші Қанапия Телжановтармен достық қарымқатынаста болған.

Сұлтан Жиенбаев

Дінмұхамед Ахметұлының қызметтес әріптесі, Д.А. Қонаев атындағы қордың құрметті президенті

114

ҚОНАЕВ ЗАМАНЫНДАҒЫ ДӘРЕЖЕГЕ БҮГІНДЕ ЕҢБЕКТЕП ЖЕТЕ АЛМАЙ КЕЛЕМІЗ

Мемлекет қайраткері ретінде баға берер болсам, Д. Қонаев – қазақ тарихында төрден орын алатын тұлға. Неге? Өткенге аз-маз сараптама жасап көрелік. Дінмұхамед Қонаев кеңес заманында ширек ғасыр бойы Қазақстанды басқарған уақытта ел мәдениеті мен экономикасының деңгейі жоғары болды. Оның үстіне Димекең Орталық комитеттің Бас хатшысы Л.И. Брежневпен өте жақсы қарым-қатынаста болатын. Бұл республикамызға қаржы тарту мәселесін оңтайлы шешуге үлкен септігін тигізді. Біз жемқорлықтың емес, еңбек пен жауапкершіліктің жарқын үлгісі ретінде одақтас республикалардың алды болдық. «Кеңес дәуірінде Қазақстан одақтас республикалардың ішінде ең соңғы орындардың бірін алған» деген сөздердің бәрі – өтірік. Біз Одақты азық-түлікпен қамтамасыз ететін аймақ болдық. Бұған өлшеусіз еңбек сіңірген, кең далада тер төгіп жүрген ауылшаруашылық мамандары да елеусіз қалмайтын, жетістіктерге жеткендер лайықты марапатталатын. Астық көлемі жылына жүз миллион адамды нанмен қамтамасыз етуге жететін. Димекеңнің Бәйкен Әшімовпен бірігіп атқарған шаруаларының арқасында өндіріс салалары да өте қарқынды өсті. Халықтың жағдайы жақсы болғандықтан, адам саны да артты. Дүниеге ұрпақ әкелу көрсеткіші жағынан да одақтас республикалардың ішінде алдыңғы орынды алатынбыз. Ауру-сырқау, өлім-жітім саны басқалармен салыстырғанда аз болды. Ол кездері азаматтардың өмір сүру жасы орта есеппен алғанда 70-тен асатын. Өкінішке қарай, қазір ол жастан төмен түсіп кеттік. Ғылым, мәдениет, әдебиет салаларының өркендегені сол – Одақ деңгейінде атақ алған әншілер мен сыйлыққа ие болған жазушылар да көптеп саналатын. Мысалы, бүгінде жазушылар кітаптарына қаламақы ала алмай жүрсе, ол кезде жазушыны былай қойғанда, ғылыммен шұғылданатын бізге де мақалаларымызға қаламақы төленетін. Біз адам басына шаққандағы өнім көрсеткіші жағынан ең бай деген АҚШ-тың өзін басып озатынбыз. Дүниежүзінің назарындағы ғарыш мәселесінде де бәріне танымал болдық. Мәселен, Ю. Гагарин қай жерден ғарышқа ұшты? Байқоңырдан. Байқоңыр қай елде? Қазақстанда. Яғни бізді білмейтін ел болмайтын. Қонаев еткен ұшан-теңіз еңбек арқылы бүгінде талай қазақтар жан сақтап жүр. Қонаевтың тұсындағы дәрежеге бүгінде еңбектеп жете алмай келеміз. Кеңшардан 200 шақырым қашықтықта отырған малшылар қыстауына электр желісін тартуға Қонаевтың басшылығымен өзім де араласқанмын. Қазір ауылды айтпағанның өзінде, Алматының өзінде шеткері орналасқан кей жерлерде жарық жоқ. Рас, Қонаев орыс тілді адам болатын. Ісқағаздарының бәрі орыс тілінде жүргізілетін. Бұл қазақ тілінің кемсітілуіне жол берді. Мәдениетіміз өркендегенмен, атақтарды көбіне орыс тілділер алды. Ғылым қарыштап дамығанымен, ол іс жүзінде орыс тілінің ғылымы болды. Соның салдарынан қазақша экономика ғылымы

115

әлі күнге дейін жоқ. Әрі бұған жол бермеу үшін Қонаев қарсы күреспеді. Дегенмен, бұл жайт Қонаевтың еңбегін көмескілей алмайды. Оның тұсындағы халықтың жағдайын қазіргі кезбен еш салыстыруға болмайды.

Қонаев та періште емес. Шиеленісіп тұрған жағдайларда айналасындағы адамдардың сөзін тыңдап, «кінәліге» бас салатын мінезі болатын. 1982-1983 жылдары қаңтардың басында Қазақстан Компартиясы ОК-тің саяси сабақтар жөніндегі жетекшісі Н. Назарбаевтың өтінішімен азық-түлік бағдарламасы жөнінде баяндама жасадым. Ол кезде ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары болатынмын. Шыны керек, сөзімді халық қызыға тыңдады. Ертеңінде қызмет бабымен банкте отырғанымда Қонаевтың іздеп, телефон шалып жатқаны жайлы хабар алдым. Телефон тұтқасын көтергенім сол еді. Димекең: «Кеше лекцияңда құпия мәліметтерді жайып салғаның не?» – деп айқайлап қоя берді. «Менің айтқандарым – «Статистический сборник государств мира» деген кітаптағы мәліметтер, құпия ештеңе айтқан жоқпын», – деп едім, сөзімді тыңдамастан тұтқаны қоя салды. Кейін мен жайлы жағымсыз әңгіме айтып барған адамның кім екенін білдім. Бүгінде ол – халық жақсы танитын, билік басында жүрген жан. Менің айтпағым – сол оқиға Қонаевтың менің ізіме түсуіне ілік болған жоқ, керісінше, бірнеше айдан кейін бұрынғы қызметімнен дәрежесі әлдеқайда жоғары министр қызметіне тағайындалдым. Димекең біреудің сөзіне еріп, істің байыбына бармастан ұрысқанымен, қолымнан іс келетінін біліп, әділеттілік танытты. Сол қасиетінің арқасында кадрларды дұрыс іріктей білді. Кадрлардың арқасында елдің жағдайын көтерді.

Тағы бір есімде ерекше сақталғаны, Димекең аудан, облыс басшыларының кемшіліктерін халық алдында беттеріне басатын. Халық та түйткілді мәселелер орын алған жағдайларда олардың оңтайлы шешілетініне, Қонаевқа сенетін. Қысқасы, тазалықты ұстаным еткен биліктің халыққа қызмет етуіне Қонаевтың өзі басшылық жасай білді.

Серікболсын Әбділдин

ғалым-саясаткер

116

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]