Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Konaev D.pdf
Скачиваний:
59
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
3.41 Mб
Скачать

ҰЛЫҒА АРНАЛҒАН ЖЫР-ТОЛҒАУЛАР

150

МАХАББАТЫ ӨЛМЕЙДІ ЕЛГЕ ДЕГЕН

Азаматтық, ақындық бір өзінде, Мін жоқ еді-ау ағаның мінезінде. Күлімдеген жүзінде бұлт жоқ еді, Қанша бұлт бар десек те күз кезінде.

Жаратушым пішінін мол жасаған, Тұлпар еді-ау еліне олжа салған. Мейірлене қарасаң көздеріне, Мейірлене қарайтын ол да саған.

Өрмелеген бейне бір өрге күндей, Оятатын немесе сергек үндей. Бойың жыли бастайтын оны көрсең, Соғыста өлген ағаңды көргеніңдей.

Сондай еді бұл кісі-ақ еді, Мейірімімен көргенді тұсап еді. Ұшарында тұңғиық көк жүзінде, Бір қағады қанатын құс әуелі.

Сол бір қыран құстай-ақ қанат сермеп, Қайттық оның алдынан қуаныш кермеп. Міндет артты халық та жан ағаңа, Жердегінің бәрін де тауып бер деп.

Тауып берді ол халықтың қалағанын, «Жоқ» деген сөз аузынан жан ағаның Шығып көрген емес – ел айтады, Бақыт үні естілген бағанағы үн.

Бақыт даусы төгіліп кеудесінен, Ерен-жаран болысып елдесімен. Бара жатыр ертеңге Димаш аға Өлмей, өшпей ұрпақтың зердесімен.

Аяулысын халық та зерделеген, Өршіл талап биікке өрмелеген. Ескерткіші-еңбегі өзі істеген, Махаббаты өлмейді елге деген.

Кеудедегі ол жайлы інді бүкпе, Жақсы көрмей жақсыны жан күліп пе. Ескерткіші – елінің махаббаты,

151

Сарқылмайтын, бітпейтін мәңгілікке.

Міне абырой, талмайтын, міне қанат, Нұр аймалап жүзіңді, күн аймалап Алматыда тұрсаң сен, Талғарда да Тұра бер, сен, еліңе күле қарап.

Тұманбай Молдағалиев

Қазақстанның халық жазушысы

152

ҰЛЫ БӘЙТЕРЕК

Бұл қазақ, қазақ болып жаралғалы, Жеке ұлт боп, жер бетіне таралғалы Дербес ел, бақытты өмір, шаттық тұрмыс, Халқына алып беру бар арманы.

Бұл үшін талай ғасыр, жылдар өтті, Бұл үшін талай дана терін төкті. Бұл үшін талай қырғын соғыстар боп, Бұл үшін талай батыр қанын төкті,

Осыдан Қорқыт ата мың жыл бұрын, Өлімнен ол да іздепті құтылу жолын. Жер шарлап, желмаямен қобызда ойнап, Әлемнің аралапты оңды – солын.

Көз жетті құтылмасқа бір өлімнен, Кездестім, қайда барсам өз көріммен. Сондықтан жанат ету бұл жанатты Бәрі де байланысты өздеріңмен.

Деп өсиет қалдырған қайран баба, Бас иіп әміріне Алла-тағала. Бірлікке, татулыққа шақырыпты, Айналдық қасиетіңнен қайран дана.

Асан қайғы, Аяз би олар да өткен, Бірлікті іздеп, күндіз-түн жер мен көктен. Егеменді ел болу оңай ма өзі, Кем емес, қиындығы қияметтен.

Төле би, Қазыбек пен Әйтекелер, Өмірін өткізбеген олар бекер. Қабанбай, Бөгенбай мен Наурызбайлар, Бөлтірік, Сыпатай мен Исатайлар Райымбек, Сырым менен Қарасайлар, Халқы үшін жандар емес жанын аяр.

Абылай ең ұлысы бүкіл ханның, Тіледі бірігуін мұсылманның Сол үшін жан аямай, күш жұмсады,

Құрам деп мемлекетін Түркістанның.

Ол кезде біріктіру қиын болды. Әл жетпеді бұзуға құрған торды.

Ғасырдың жиырмасыншы тек басында,

153

Қазақта бірігудің жолы болды.

Басында бірігудің болды Тұрар, Сол болды тұңғыш қазақ елін құрар. Бұдан соң талай ерлер келіп, кетті, Бас болып өз еліне, жөнін сұрар.

Ішінде сол ерлерден орны бөлек, Кемеңгер дара-дана, ойы зерек. Халқының бақыты үшін құдай берген Димекең халқы сүйген бір бәйтерек.

Қонай батыр Димаштың бергі атасы Дарыған Домалақ ана ақ батасы. Ысты келін атымен аталыпты, Жарықтық Димекеңнің арғы атасы.

Қазақта Дінмұхамед дара туған Ерекше қатарынан дана туған. Өмірдің құпиясын білу үшін Жасынан зерек бала, білім қуған.

Сондықтан ғалым болды шынар биік, Тұрғандай дәрежесі көкке тиіп. Қазақтың Пайғамбары деп атайды, Димашты тірісінде халқы сүйіп.

Ғылымының ақ ордасын ол басқарды, Зерттеді дала, теңіз, шың асқарды. Қазақтың ғылымында әлем танып Жау қорқып, шын қуантты ол достарды.

Қазақтың Үкіметін басқарды ол, Өзбектен үш ауданды қайтарған сол. Сабырлы, ақылыменен елін бастап, Жастарға ұлағатты, көрсетті жол.

Басқарды қазақ халқын жарты ғасыр, Істері елге істеген ұлан-асыр. Кенелткен мол ырысқа туған халқын Димекең дара туған ерен асыл.

Өндіріс ол жылдары өрге өрледі, Ешкімге Қазақстан дес бермеді, Жерінен көкке ұшырып ғарышкерді, Жер түгіл ғарышты да ол меңгерді.

154

Тың жерлер ол жылдары игерілді, Жаhан-түз, құлан дала меңгерілді. Отанға миллиард пұт астық құйып, Шығарды даңқты талай ерлерімді.

Жаңарды қала-дала меңгерілді. Адамдар қаулап өсті зор талантты, Бағбаны кадрладың қазақтағы, Димекең қамқор болды жас талапқа.

Одақта Қазақстан үлесі артты, Көмір-темір, мұнайлар сел боп ақты. Менделеев кестесі түгел шығып, Асыра орындады алған шартты.

Ер өсті, ел байыды сол жылдары, Тамақ тоқ, көйлегі көк, болды бәрі. Шат өмір, жақсы тұрмыс бастан кешіп, Жарқырап, жайнап өсті ұл-қыздары.

Шарықтап аспанымда ұшақ ұшты, Бүкіл ел аямады қайрат-күшті. Сондықтан өрбіп табыс, мол боп байлық, Халқымыздың абыройы арта түсті.

Далада мыңғырып мал, жайқалды егін, Бөлеуге молшылыққа туған елін, Димекең бәрін дағы ұйыстырып, Көбейтті елімізден Еңбек Ерін.

Халқы да бағалады Димекеңді, Көтерген шың басына туған елді. Теңі жоқ елге берген еңбегінің, Сол үшін Ер атағын үш рет берді.

Димеке, Сізге риза туған халқың, Сондықтан көтерілді биік парқың. Атаған Пайғамбар деп тіріңізде Қазақпен бірге жасап мәңгі даңқың.

Ізбасар Балтағұлұлы

қайраткер

155

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]