Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Konaev D.pdf
Скачиваний:
59
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
3.41 Mб
Скачать

«ҰЛЫ ТҰЛҒАЛАР»

МҰХИТТАН ӨТКЕН ҚАЙЫҚ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНА

«Ұлы тұлғалар» атты ғылыми-ғұмырнамалық серия

МҰХИТТАН ӨТКЕН ҚАЙЫҚ

Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа арналады

АЛМАТЫ

2011

1

УДК 94(574) ББК 63.3 (5 қаз)

М86

М86 Мұхиттан өткен қайық: [Мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа арналады] / Құраст. Б.С. Асанова, т.ғ.к. Ред. алқасының төрағасы Б.Т. Жұмағұлов, ҚР БҒМ министрі, академик, профессор. Бас ред....... Жауапты ред. Қ.Е. Қаймақбаева, ОҒК директоры. Ғылыми кеңесші Ж. Асқарова, Д.А. Қонаев атындағы қордың бас директоры. Библиогр. ред.: Г.И. Белгібаева, Ш.Е. Құнанбаева, Т.В. Вдовухина. – Алматы: ОҒК, 2011. – б., сур. [«Ұлы тұлғалар» атты ғылыми-ғұмырнамалық серия].

ISBN 978-601-7254-34-6

УДК 94 (574) ББК 63.3 (5 қаз)

ISBN 978-601-7254-34-6

© Орталық ғылыми кітапхана, 2011

2

МАЗМҰНЫ

Құрметті оқырман!..................................................................................

Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысы Д.А. Қонаевтың есімін

мәңгі есте қалдыру туралы........................................................................

Р.М. Қонаева. Менің ағам Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы.....

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың ғұмырнамасынан.... ..................

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев өмірі мен қызметінің негізгі кезеңдері,

өмірбаяны....................................................

Батталханов Б, Төлепбергенұлы Н. Қонай Ата Кім болған? немесе

Д.А. Қонаевтың ата-тегі жайлы деректер..........................................

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың даналық сөздері................

Таңдамалы шығармалары

Мол өнімнің қайнар көздері................................................

Ғылым халық қызметінде...................................................

Үлкен аттаныс үстінде………………………………….......

Абай Құнанбаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған салтанатты

мәжілісте сөйлеген кіріспе сөзі.................................................

Алыптың асқақ адымы.................................................................

Қазақстанда ғылымды дамыта түсейік..........................................

«Советтік Қазақстан» (кітабынан үзінділер)..........

КПСС XXVII съезінің қорытындылары және оның шешімдерінен

туындайтын республика партия ұйымының міндеттері туралы.............

АСҚАР ТАУ АЛЫСТАҒАН САЙЫН БИІКТЕЙДІ

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы естеліктер...................................

Сүлейменов О. Ұстаз туралы......................................................................

Назарбаев Н. Өз заманының заңғар ұлы..................................................

Асқаров А.Ұлттың рухани ұстазы еді..........................................................

Жиенбаев С. Қазақтың мүддесін бірінші орынға қоятын............................

Әбділдин С. Қонаев заманындағы дәрежеге бүгінде еңбектеп жете

алмайкелеміз................................................................................................

Балтағұлұлы І. Кемеңгермен кездескенде..................................................

Жұмағұлов Б. Бір сөздің қадірі.....................................................................

Камалиденов Ж. Бәрімізге үлгі болды.....................................................

Назарбеков Т. Дара тұлға еді..........................................................................

Дәуітұлы С. Абыз..............................................................................................

Қонаев Е. Перзенттік сыр...........................................................................

Қопабаев Ө.Аяулы есімді ардақ тұтамыз....................................................

Тілендіұлы Н. «Ақ адал сөзім осы, ағайын!».........................................

Дәрмағанбетұлы Ш. Адамзат тарихы әлеміш дүние................................

Ниязи Жалаңтөстегі Н. Екі елдің заңғары.............................................

3

ҰЛЫҒА АРНАЛҒАН ЖЫР-ТОЛҒАУЛАР

Молдағалиев Т. Махаббаты өлмейді елге деген....................................

Балтағұлұлы І. Ұлы бәйтерек..................................................................

Оңғарсынова Ф. Дүниеден өтті бір алып...................................................

Бекхожин Қ. Шыңында алатаудың тұр Димекең....................................

Исахметов Н. Мен көрдім жүз ұлттың жылағанын.................................

ҰЛЫНЫҢ ҰЛАҒАТЫ ТУРАЛЫ ОЙ МАРЖАНДАР

Төлепбергенұлы Н. Д.А. Қонаев мұражайы өткен ғасыр шежіресі.......

Д.А. Қонаев атындағы халықаралық қордың қызметі туралы

ақпарат........

ЕЛУ ЖЫЛ, АЛТЫ АЙ, ЕКІ КҮН

Бекмұратова Г.С., Түркебаев Е.А. Ұлы адамның мәңгілік махаббаты.....

ҚОСЫМШАЛАР

Д.А. Қонаевқа арналған ескерткіш-бюстер.........................................

Д.А. Қонаевтың өмірі мен еңбектері туралы әдебиеттер........................

Д.А. Қонаевтың еңбектерінің хронологиялық көрсеткіші....................

Еңбектерінің әліпбилік көрсеткіші.........................................................

Д.А. Қонаевтың өмірі мен еңбектері туралы жазған әдебиеттердің

есімдер көрсеткіші...................................................................................

4

Құрметті оқырман!

2001 жылдан бастап қолға алынып, қазір өз жалғасын тауып жатқан Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Орталық ғылыми кітапханасының «Ұлы тұлғалар» атты арнайы ғылыми-ғұмырнамалық сериясы өз жалғасын табуда. Ғылыми-ғұмырнамалық серияны шығарудағы мақсат – халқымыздың ұлттық зиялыларын, сонымен қатар елеусіз қалған есіл ерлерімізді қалың көпшілікке насихаттау еді.

Әр ғасырдың, әр дәуірдің өз бояуы бар. Жарық-сәулелі, қоңырқайкөлеңкелі тұсы да аз емес. Өткенің мен бүгінің, ертеңің – бәрі мидай араласып жатыр. Алайда, тарихтың кестелі шежіресіне кез келген пенде өз өрнегін қалауымен ойып сала алмайды. Тарихта аты қалатындар – топтан озған тұлғалар. Біреулері бүкіл империяны шеңгеліне ұстап, қаталдығымен есте қалса, екіншілері ұлы қырғын соғыс ашып аты шығады. Ал, өркениет атаулыны өрлетіп, жер бетіне игілік әкелген ұлылар қаншама? Міне, сондай ұлы тұлғаларымыздың бірегейі, халқымыздың аяулы перзенті, аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік Еңбек Ері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев.

Оның республиканы басқарған жылдары айрықша айшықты, ерекше табысты тарихи кезең болып, жылнамаларда алтын әріптермен жазылып қалды.

«Билікке көтерілдім, бірақ халықтан аласа екенімді ұмытпадым, қайтып ашар есігімді қатты жаппадым. Түптің түбінде оралар ортам – ел іші, ағайын ортасы. Басар жерім де, барар жерім де – қара жер. Қастерлей білсем қадірімнің кетпесін білдім. Панаң да ел, данаң да ел. Соған арқа сүйедім, содан үйрендім» – деген екен.

Мансап пен байлықтан қанағат сезімін жоғары қоя білген қайраткердің барлық байлығы жеке кітапханасы еді. Үлкен кісінің басшылығы кезінде Қазақстанда жұмысшы табының келешегі үшін 47 қала бой көтеріп, экономика мен мәдени өмір қарышты қадаммен алға басты.

Қазақ халқының тарихы туралы романдар жазған І. Есенберлинге қамқоршы болып, коммунистік мәңгүрт идеология серкелерінен қорғап, тарихты бұрмалап, Қ. Қасымұлын нақақ қолпаштады деп сотталған Е. Бекмахановты, ұлы жазушы М. Әуезовты қауіп-қатерден алып шығып, «Аз и Я» кітабы үшін қудалауға түскен О. Сүлейменовты қанатының астына алған осы тұлға еді.

М. Мақатаевтың:

Білмеймін қанша әлі шырқарымды, Білмеймін тағдыр қашан қырқарыңды. Мұқағали жарасы кеткен қайтер дейсің,

Жоғалтпасам болғаны, ұрпағыңды, деп жырлағандай, кішіпейіл, кемеңгер де ұлы тұлға Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевқа арналған «Ұлы тұлғалар» атты серияны ұсынамыз.

5

Ұсынылып отырған ғылыми-ғұмырнамалық серияның «Қосымшалар» бөлімінде Д.А. Қонаевтың еңбектерінің әліпбилік және өмірі мен шығармашылық еңбегін сипаттайтын мәліметтер әліпби тәртібімен орналасқан.

«Ұлы тұлғалар» атты серия оқырман қауымның көңілінен шығады деген ойдамыз, ұсынылып отырған жинақ туралы ой-пікірлеріңіз, ұсыныстарыңыз болса мына мекен-жайға хабарласуларыңызды сұраймыз:

050100

Алматы қаласы Шевченко көшесі, 28 Орталық ғылыми кітапхана Тел: 261-02-39;

Факс (727) 261-02 60

6

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҚАУЛЫСЫ Д.А. ҚОНАЕВТЫҢ ЕСІМІН МӘҢГІ ЕСТЕ ҚАЛДЫРУ ТУРАЛЫ

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімін мәңгі есте қалдыру туралы

Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың Қазақстанның алдындағы сіңірген айрықша еңбегін тану белгісі ретінде және оның есімін мәңгі есте қалдыру мақсатында қаулы етемін:

1. Д.А. Қонаевтың есімі:

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының тау-кен институтына;

Шығыс Қазақстан облысы «Лениногор полиметалл комбинаты» акционерлік қоғамына берілсін.

2.Алматы қаласындағы Карл Маркс көшесі Д.А. Қонаев көшесі деп аталсын.

3.Жер туралы ғылым саласында жас ғалымдарға жыл сайын берілетін академик Д.А. Қонаев атындағы сыйлықтар тағайындалсын.

4.Алматы қаласында Д.А. Қонаевтың мұражай үйі ұйымдастырылсын және ол тұрған Төлебаев көшесіндегі 119 үйде мемориалды тақта орнатылсын.

Н. Назарбаев

Қазақстан Республикасының Президенті Алматы, 1994 жылғы ақпанның 24-і.

7

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]