Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Konaev D.pdf
Скачиваний:
59
Добавлен:
06.02.2016
Размер:
3.41 Mб
Скачать

МЕН КӨРДІМ ЖҮЗ ҰЛТТЫҢ ЖЫЛАҒАНЫН

Жоғалтады әр халық ұлы адамын Жоғалтпаудың таба алмай бір амалын. Қонаев өлді деген хабарды естіп, Ой, тоба, жылайын деп жыламадым. Жылау неге осынша күш көрінді, Алай-түлей кім білсін іштегіні.

Сөйтсем мен жылап боппын Қонаевқа, Желтоқсанда орнынан түскен күні. Бірақ қазір кім мұны түсінеді, Ол менің өңім менен түсім еді.

Бар өмірі өзінің идеалы Халықтардың достығы үшін еді. Қазақстан-Отаны құраманың, Құраммен мен қалай тұра аламын. Тұрасың деп үйретті ол туыстықта. Қандай ғажап арманы ғұламаның! Ойлады ол қонарын бақ қалай кеп, Бақ – бірлікте, тек соны сақтағай деп, Оған өзі құдайдай сенді-дағы Біздерді де сендірді нақ солай деп, Сол достыққа көзінше сызат кетті. Ара қашық алыстап ұзап кетті. Елім деген ерлерді қайғы шалып, Тұла бойын суытып мұз ап кетті.

...86 Желтоқсан, есімде әлі. Бізде кімнің білмеймін өші барды.

Ұлдарымның сындырып қабырғасын, Қыздарымның бұрымын кесіп алды. Көршіміздің өкпесін кек қысты ма, Көкпеңбек боп айналды бет сұстыға. Сену қиын Қонаев арман екен Достық күлі бір күнде көкке ұшты ма. Аржағын неғылайын айта беріп. Қайырымсыз сұмдыққа қайта келіп Сол күні мына алып лаборатория У ма, су ма, білмеппіз байқа дедік.

Біз ойлаушы ек Қонаев піл болар деп Үрген қанден жүгірген жүн болар деп, Арманы мен тілегін әр халықтың Арқалайтын дәл солай кім болар деп. Жыладық намыстан да, күдіктен де, Ұқсадық қасқыр талап үріккенге. Ақтабан шұбырынды заманынан.

160

Сол күні қазақ болып біріккем де! Білмедік жантықтардың сатқындығын, Ел жылап жүрсе алаңда кей мансапқор, Қуанып, шарап ішіп жатқандығын. Көңіл неткен сол күні қаяу еді, Мәскеу бізді жоюға таяу еді, Әр орысқа темірден таяқ беріп, Қазақты ұр деп еркіне қоя берді. Баскесерлер батырдай ұрандады,

Түсінгендер ұяттан шыға алмады. Дәм-тұзымыз ұрады деген шығар, Қазақтарды түгелдей «қыра» алмады. Димекеңнің сол күні солды ма екен Туыстыққа себілген гүл арманы...

Біздер де, сендер де оған сендіңдер ғой, 40 жылдай тізгінді бердіңдер ғой, Орыс пенен қазақты арандатқан Ол емес Горбачев пен Колбиндер ғой. Мен көрдім ұзын қайың құлағанын, Тамызда жөнелтті ел ұлы адамын. Мен көрдім жүз ұлттың Қонаев деп Егіле жол бойында жылағанын! Жылады орыс-қазақ қиналып-ақ, Түнерді қала, дала жиналып ап. Жариялап бір-біріне қаралы күн Қалғандай әрбірінде үй қаңырап. Тұра сап көппен бірге оңай сапқа Болды онда кешегі сұм, аяр топ та, Ал халық, айналайын, шын жылады. Екен ғой барлық пәле саясатта. Адамдық, достық деген ардан туар. Арсыздық, арамзалық жарға жығар. Қонаев тастап кеткен ұлы достық Сол күні соны сүрлеу салған шығар. Қалдырды артына ол мұра қандай, Түбінен сол мұрасы құлағандай, Көрінді маған халық тек өзі емес, Жолына социализм жылағандай. Құтылмай неше түрлі сұрақтардан, Кеңсайға талай ұлы тұрақтаған. Көзімнен неге менің жас шықпайды.

Сонау жылы мен ғана ма жылап болған? Адамға Алла ісіне шыдам керек, Молдаға аударатын құран керек.

161

Шыныма шамданбаңдар, ағайындар, Ұлыға тірі кезде жылау керек!

Нүсіпбек Исахметов

ақын

22 тамыз 1993 ж.

162

ҰЛЫНЫҢ ҰЛАҒАТЫ ТУРАЛЫ ОЙ МАРЖАНДАР

163

Мен бір жақсы адамдармен жекжат болған екенмін. Олай дейтінім, Димаштың туысқандарының бәрі еңбек етеді, өз күнін өздері көреді. Шетінен еңбекқор, Димашқа біреуі де салмақ салмайды. Біздің қазақтың жаман әдеті – біреуі әкім болса, «саған бақ қонды, енді бізді бағасың», – деп мойнына отырып алады. Ал, менің құдаларымда ондай әдет жоқ. Жақсы адамдармен туысқан болдым дегенім осы. Димаш, бұйырса, исі қазаққа ортақ ұл болғалы тұр, тіл-көзден сақтасын».

Мұхтар Әуезов

1950 ж.

****

«Жұрттың ішіне пышақ айналмайды, Қонаевтың ішінде ерттеулі ат айналып жүре береді».

Ыбырай Жақаев

«Өмір жолы» кітабынан

****

«Мен бүгін зор тұлғамен қауыштым. Ол терең саясаткер, халықтар даналығын толық меңгерген адам. Ол КСРО-ның сирек кездесетін тұлғасы».

Дуайт Эйзенхауэр

АҚШ президенті, 1960 ж.

****

«Жаратушы о бастан-ақ біздің әулетіміздің бар бақытын, бар байлығын, бар білім-парасатын, бар билік-мансабын, тіпті сұлу да тіптік, бойды да жинап-теріп Димекеңе берген. Соған шүкір дейміз!

Асқар Қонаев

академик

****

«Шынын айтайын, Қонаевқа тең келетін адамды көрмедім. Оған теңіздей сүйкімділік, жарқыраған даналық, таңқаларлық сана, шалқыған қайырымдылық, көңілді болмыс тән еді».

Геннадий Толмачев

жазушы, 1997 ж.

****

«Мейірім-шуағы мол, пейілі кең халықтың перзенті болудан асқан бақыт жоқ. Сол халық-қазақ халқы. Елінің өткенін ұмытпай, келешегі үшін қалтқысыз еңбек еткен перзенті бар халық та бақытты. Сол перзент

– Дінмұхамед Қонаев.

164

Бізде екі ұқсастық бар екен. Бірі – қарапайымдылықтарыңыз қалай аумаса; жасыл желекке оранған Алматы біздің Кашмирмен егіздің сыңарындай ма деп қалдым. Ғажап!»

Джавахарлал Неру

****

«Көрнекті адамдар өз елінің не бағына, не сорына туады» деген ескі мақал бар. Димаш Ахметұлы болса туған елінің бағына туған адам және біздің әрқайсымыз үшін айрықша ыстық. Әсіресе, ол өмірі қауіп пен қатерде жүрген адамдармға тіптен алабөтен жақын сияқты. Оның басты қасиеттері адамсүйгіштігінде, әділеттілігінде, биік адамгершілігінде, нақтылығында, істі терең білуінде. Оны өзгелерден ерекшелендіріп тұратын қасиет ғажайып даналығы болса керек. Ол өз ісі арқылы халқының шынайы сүйіспеншілігіне ие болды, оның аты өзін шексіз құрметтейтін ұрпақтарының жадында мәңгі қалды».

Ілияс Есенберлин

жазушы

****

«Қонаев ұлттың Ары мен Намысы! Қонаев ұлттың рухы мен Иманы! Қонаев қазақтың Қанағат мектебі, Адалдықтың өлшемі!»

Темірше Сарыбайұлы

ақын

****

«Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев жұртпен әңгімелескенде басқалардың сөзін көңіл қойып тыңдайтын. Өз пікірін үзілді-кесілді айта салмай, ақылдасу түрінде айтатын. «Былай істеуге болмас пе еді» – деген сияқты өзгеге де ой сала сөйлейтін. Жергілікті жерлерден айтылған өтініштерге де аяқ астынан уәде бере салмайтын».

Бәйкен Әшімов

«Ел сенімі – ең қымбатың» естелігінен, 1997 ж.

****

«Халықтың бағы қыдыр қонған перзентіне беріледі. Елу жылдай сол бақ Димекеңде болды. Обалы не керек, барын елге төкті. Көсегіміз көгеріп, көрпеміз ұлғайды. Оның қайырымын ұрпақ бойына сіңірсек, Димекеңе деген ықыласымыз сол».

Шафиқ Ізбасарұлы

ардагер, Атырау облысы

165

****

«Ол кісінің ат тізгінін тартып мінген азаматтан білмейтіні кемдекем еді. Өсіп келе жатқан жастарға айрықша назар аударатын. Сұрайтын. Біліп танитын. Соған, сосын сыртынан қамқор бола жүретін. Мен оны өз басымнан білемін. Соғыстан кейін бір көрген мені араға бірнеше жыл салып танығанда және өсу жолымды ізгі көңілмен айтқанда қайран қалмасқа, дән риза болмасқа болмады».

Оразәлі Қозыбаев

Социалистік Еңбек Ері Қостанай қаласы

166

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]