Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
praktikum_kaz.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
510.46 Кб
Скачать

Іскерлік ойындарды ұйымдастыру және өткізу әдістемесі

Іскерлік ойынды дайындау оқытушының мұқияттылық пен жинақталған-дықты талап етеді. Егер ойынның міндетін оның өзі құрастырса, онда оның тәрбиелік мақсаттарын ойластыру тиіс. Егер ойын үшін дайын міндетті алса, ол өзінің іскерлік ойындарды жүргізу тәжірибесін және сол кездері болған күрделі эпизодтарды еске алып, оның мәнін ойыншы тарапынан да, жүргізуші тарапынан да түсінуге міндетті.

Ойын сипатталуы тиіс – бұл міндетті шарт. Ойынның шарттары мен мақсаттарын «дауыстап» беруге болады. Сипаттама даналары барлығы үшін жеткілікті болуы тиіс. Шрифт ұсақ болмауы тиіс.

Ойын ережелерін барлығы білетінінен, бірақ олардың бірдемесін ұмытып қалғанынан немесе дәл есінде сақтамағанынан бастаған мақсатқа сәйкес болады. Сондықтан іскерлік ойынға қатысушыларға іскерлік міндетті шешудің аса «тиянақсыз» сұрақтарын (түйіндерін) регламенттейтін құжаттардан үзінділер бар материалды тарату өте пайдалы болады. Бұл Конституциядан, заңдардан, нұсқаулардан, қаулылардан, жарлықтардан және т.с.с. үзінділер болуы мүмкін. Қатысушылардың таратылған материалдың барлығын өздерімен бірге алып кетуге рұқсат етуі дұрыс болады.

Іскерлік ойынның бірінші сатысы – міндетті әрбір қатысушыға дейін жеткізу. Басылып шығарылған мәтіннің әрбір қатысушыда болғаны дұрыс. Ережелерге қатысты келісіп алу керек: олар не ұқсас міндеттерді шешкенде нақты өмірде кездесетін ережелер, не қандай да бір ойындық өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы жүргізуші ерекше айтуы тиіс.

Екінші қадам – командалар құру. Командалар кез келген түрде құрылуы мүмкін. Олар өздеріне қандай да бір атауларды немесе нөмірлерді иеленуі мүмкін.

Командалардың жұмысы – үшінші кезең.

Оқытушы әрбір команданың өзін-өзі ұйымдастыруының сындарлы түрде өткенін қадағалауы және жұмыстардың басталуы міндеттің сәтті шешілуінен дәмелендіретініне көз жеткізу керек. Қатысушылардың біреуінің бастаманы өзіне алып, оның шешілуін барлық қалған қатысушыларға жүктеуіне жол берілмейді. Егер команданың өзінің әлі келмесе, мұндай қатысушыны куратор тоқтатуы тиіс. Сондай-ақ команданың бір бөлігінің тек қана көрермендер болмауын қадағалау керек.

Аз дегенде, әрбір команда міндетті шешудің өзінің амалдары мен әдістері туралы және шешімнің өзі туралы ауызша баяндама әзірлейді. Баяндама ерікті түрде құрастырылады. Баяндама түрін таңдау да – ойынның нәтижесі.

Баяндамаларды тыңдаған соң оларды бағалау, салыстыру қажет. Жарысу жанры қорытындылар шығаруды талап етеді. Бұл тәрбиелеу процесінің маңызды бөлігі.

Қорытынды шығарғанда бірнеше «номинацияны» анықтаған жақсы, бұл командалардың әрқайсысының табыстарын атап көрсетуге мүмкіндік береді. Табысты атап көрсетудің кемшіліктерді айқындауға қарағанда, өлшемсіз үлкен тәрбиелеуші әсері бар.

Егер уақыт жетіп жатса, онда қорытындылар шығару мен нәтижелерді талдау іскерлік ойын шеңберінде тәрбиенің екінші туры болуы мүмкін. Онда жетекшісінің – жюри төрағасының басшылығымен әрбір команданың өкілдерінен жюри құрылады. Жюри ойынның қорытындыларын «халықтың алдында» талқылай бастайды. Мұндай талқылау барысында табыстарды немесе кемшіліктерді атап көрсету басымдылығы қатысушылардың құнды потенциа-лына байланысты анықталады. Бірақ куратор жюридің таңдаған «әділ баға» критерийін бұзбай, олардың топтарының әрқайсысының табыстарын атап көрсетуге ұмтылады.

Табыстары үшін арнайы жүлделер (мысалы, кафедра оқытушыларының сыйға тартып, қолтаңбасы жазылған кітаптары) беру де жақсы болады.

Іскерлік ойынды өткізу кезінде міндеттің мазмұнына байланысты калькуляторлар, оқу тақтасы немесе сұлбалар мен формулаларды бейнелеуге арналған ватман, анықтамалықтар, заңдар мен нормативтік актілер мәтіндері қажет болуы мүмкін.

Іскерлік ойынды екі оқытушы-педагогтың күшімен өткізгені дұрыс болады. Ойынның кейбір сәттері әр түрлі функцияларды бір мезгілде орындауға, мысалы, келесі ойындық бұрылысты ойлап табуға және топты «ойындық тонуста» ұстап тұруға мәжбүр етуі мүмкін. Бірақ екі оқытушыға мұндай жағдайларсыз да, әсіресе командалардың жұмысын бақылағанда жұмыс жетеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]