Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
praktikum_kaz.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
510.46 Кб
Скачать

Тәжірбие сабақтарын жүргізудің әдістемелік нұсқауы

«Қазақстан Республикасының және шетелдердің еңбек құқығы» курсы бойынша оқу сабақтарының бір нысаны болып семинарлар табылады. Оқу сабақтарының бұл нысаны студенттерде теориялық ойлаудың, еңбектік және әдеуметтік заңнама нормаларының мазмұны мен мәнін талдай алу және түсіну қабілеттіліктерінің қалыптасуына септігін тигізеді.

Семинар сабақтарын жүргізу барысында келесі педагогикалық құралдарды пайдалануға болады:

1. топтық және жеке жаттығулар;

2. іскерлік ойындар;

3. демонстрациялар;

4. пікірталастар;

5.ауызша сұрау;

6. тренингтер;

7. тестілеу.

Семинар сабақтарында студенттерде семирнарларға енгізілген жағдайлық (ситуациялық) жаттығулардың көмегімен, алынған білімдерді нақты жағдайға байланыстырып қолдану мүмкіндігі туады.

Тапсырмалардың, жаттығулардың және оқытудың нысаны – студентке кез келген уақытта оқытушының сөзін бөліп, түсініктемелер алуға, өзіндік хабарламалар жасауға және т.б. мүмкіндіктерін пайдалануға мүмкіндік береді. Студенттерден осындай қайтарымды байланыс негізінде оқытушы одан әрі қарайғы ақпараттың мазмұнына қажетті түзетулер енгізіп отырады.

Семинар сабағы кезінде студенттер үшін анағұрлым өнімдісі, біздің ойымызша, тренингтер жүргізу. Тренинг үрдісі – студент үшін үздіксіз қатынас, жаттығу, тәжірибе алмасу, пікірталас болып көрінетіндей ұйымдастырылады. Осы бағдарламаның аса маңызды бағдарының бірі болып, оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына және шешімді ұтымды қабылдай алуына септігін тигізетін көшбасшылық қасиеттерінің дамыту табылады.

Іскерлік ойындар. Материалды зерделеуді ойынмен ұштастыру – студенттерде үнемі қызығушылықты сақтап отырады, олардың дербес қызметін белсендендіреді, тәжірибелік дағдыларлы қалыптастырып, бекіте түседі.

Осы мақсаттарда әр студент өз бетімен дайындалуы кезінде семинар жоспарының барлық сұрақтарын қарастырып, тапсырмаларды шешіп, сабақтарға дайын болып жүруі керек.

Семинарларға дайындалу барысында жұмыс дәптерінде теориялық, сол сияқты нормативтік материалдарды талдай отырып, тақырыптың әр сұрағы бойынша тезис түрінде қысқаша жазбалар жасап отырған жөн. Рефераттар, баяндамалар, теория және тәжірибе материалдарын жалпылау түріндегі хабарламаларды студенттер жазбаша орындайды және әдетте, олар семинарда тыңдалады. Семинарларда жауап беру кезінде дәптердегі немесе рефераттағы жазбаларға, тезистерге көз жүгіртуге жол беріледі.

Жазбаша жұмыстарды дайындау және орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар (бақылау, рефераттар және т.б.)

Бақылау жұмысын жазу бойынша әдістемелік нұсқау.

Берілген жұмыс түрі студенттің білімін аралық немесе қорытынды бағалау, үшін оқытушының жеке сұрағына немесе тапсырмасына жазбаша жауап.

Студент дербес тақырып мәнін ашуға тиісті. Бақылау жұмысын орындау кезінде оқу құралдарынан басқа өзге де қайнар көздерді пайдаланып, оларға сілтеме жасалса, жауаптың сапасы мен оның бағасын жоғарлатады.

Аралық бақылау жұмысының көлемі 5 - 6 беттен, ал қорытынды жұмыс көлемі – 8 – 10 беттен аспайды. Әдетте бақылау жұмысы оқушы дәптерінде орындалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]