Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
praktikum_kaz.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
510.46 Кб
Скачать

Студентке сөж (сөжо) тиімді ұйымдастырудың әдістемелік ұсыныстары:

Өткен материалдарды пысықтау. Өткен дәріс материалдарын пысықтау өзіндік жұмыстың ең маңыздысы. Өткен материалдар терең талданса, басқа өзіндік жұмыстар жеңіл орындалады. Үнемі және жүйелі түрде өткен материалдарды пысықтап отыру, алдағы уақытта берілетін материалдарды жақсы түсінуге мүмкіндік береді.

Өткен материалдарды пысықтау үшін қажетті жайлар:

дәріс конспектісінің болуы;

курс бағдарламасының болуы;

ұсынылған әдебиеттердің қолда болуы (оқулық, есептер жинағы).

Жұмыс әдістері:

дәріс материалын жете түсіну;

конспект жасауда әдебиеттерге сілтеу жасау және қажетті толықтырулар, қажет болса түзетулер енгізіп отыру;

әр тақырыппен жұмыс материалды жете түсініп, еске сақталғанша жалғасу керек;

тақырыппен жұмыс, әдебиеттер мен оқулықтарда берілетін мысалдар мен есептерді шешу әдістерін меңгерген жағдайда ғана аяқталуы қажет;

түсінбеген сұрақтар болса, келесі дәрісте оқытушымен бірге талқылау қажет.

Есептерді шығару. Есептерді шығару әдісі:

есептерді шешу үшін берілген тақырып бойынша дәрістік материалды толық білу керек;

есеп шартын мұқият оқып шығу;

шешу жоспарын ойластыру;

есепті шығаруға қажетті формулаларды анықтау;

формула құрамындағы шамалар мәніне назар аудару;

алдымен жалпы түрде шешу, сонан кейін сандық мәндерін формуламен есептеу;

аралық және соңғы шешім нәтижелердің өлшем бірліктерін көрсету;

шешімнің дұрыстығына талдау жасау.

Коллоквиумға дайындық. Кейбір пәндер бойынша курстың теориялық бөлімі қандай деңгейде меңгерілгенін бағалау үшін коллоквиум өткізіледі. Сондықтан коллоквиумда қойылатын сұрақтар жауабын қайталап, пысықтау керек.

Бақылау жұмысына дайындық. Бақылау жұмысын өткізудің мақсаты:

студенттің ағымдағы үлгерімін тексеру;

топ студенттерінің дайындығын анықтау;

үлгерімі нашар студенттермен жұмыс әдістемесін ұйымдастыру;

Студент бақылау жұмысына дайындалуда:

бақылау жұмысының тақырыбын білуі;

берілген тақырып бойынша теориялық материалды, есепті шығару формулалары мен әдістерін қайталауы;

әдебиеттерді, практикалық сабақта шығарылған есептер мен мысалдарды қайталап, еске түсіруі қажет.

Егер студент үнемі жүйелі түрде өткен материалдарды пысықтап отырса, бақылау жұмысына дайындық ешқандай қиындық туғызбайды.

Жобаларды орындау. Жобаларды орындауда берілетін әдістемелік нұсқаулар

белгіленген уақыттан кеш қалмай орындау;

тапсырманы орындауда қиындықтар болса, тапсырмаға сай тақырыпты қайта оқып шығу.

қиындықтар болса, оқытушыдан кеңес алу;

алынған шешімдерді талдау;

тапсырманы қорғауға дайындықта, сол тақырыпқа сай теория негізін тексеріп және кейбір мәліметтер өзгере қалғанда, оның шешімін ойластырып қою.

тапсырманы орындауда қолданылатын әдісті жете түсіну;

тапсырма уақытында қорғалу қажет, кері жағдайда академиялық қарыз болып есептеледі.

Студенттің өзіндік жұмысына берілетін уақыт шектеулі, сондықтан алдын -ала орындау жоспарын жасап, өзіндік жұмыс әдістерін үйреніп, тәжірбиелерді меңгеру қажет және жұмысқа қабілеттілікті сақтау үшін демалыс уақытын дұрыс өткізген жөн. Сондықтан студенттің өзіндік жұмыс әдістерін үйренуіне кафедра мен әр оқытушының жауапкершілігі жоғары.

РОЛЬДІК ОЙЫНДАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ

«Ойын» сөзі оқу спектаклі стилінде құрылады, оның сценарийі студенттердің жалпы алғанда қоғамдағы немесе жеке қоғамдық процестегі түсініктер болып табылады. Сабақтың ойындық сипаты тәрбиелеу үшін өзінің бай мүмкіндіктерін ашады. Пікірталаста, мысалы, қатысушылар өздерінің меншікті көзқарастары мен амалдарын түйістіреді. Рольдік ойында бұл тіпті міндетті емес: кез келген қоғамдық субъектінің ролін ойнап көрсетуге (ал ендеше, терең түсінуге де) болады. Бұл ерекшелік рольдік ойын үшін кез келген тақырыпты таңдауға мүмкіндік береді, оны зерделеу кезінде әлеуметтік күштер мен институттардың өзара әрекеттесуін, олардың мүдделерінің қарама-қайшылығын және байланысқандығын түсіну керек.Келесі кезең – бұл студенттерді рольдік топтарға бөлу. Мысалы, Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақымен қамтамасыз ету тақырыбы бойынша (8-апта), ол қоғамдық проблемалардың ауқымдарын қамтиды, оларға қатысушылар қалауы бойынша Қазақстан халқын жинақтаушы зейнетақы қорларына нақты бөлуді елестетіп, бірнеше бөлікке («қорларға»), сондай-ақ олардың мүдделерін білдіретін саяси және әлеуметтік күштер мен мекемелерге бөлінеді. Олар осы немесе шартты атаулармен ұқсас болып аталуы мүмкін. Қатысушылар елестетуге тырыспай-ақ, өздерінің нақты ұйымдары мен қорлардың ұстанымынан немесе жеке өзінің атынан сөз сөйлей алады. Бірақ сонда да ойында рольдер («қорлар») саны шамалы болуы тиіс – 6-7-ға дейін, басқаша айтқанда пікірталас түйінді қоғамдық қайшылықтарға және мүдделер мен іс-қимылдардың мүмкін келісімдеріне тоғыспаған, қиын шолу жасалатын болады. Біздің нақты қоғам елестетілетін болғандықтан, оның «қаңқалық құрылымын» ескермеуге болмайды. Бұдан мынадай рольдер қажет болады:

Үкімет (немесе тұтас алғанда мемлекет);

капитал (немесе оның сипаттамалары, алуан түрлері);

жалданатын еңбеккерлер (немесе олардың жеке әлеуметтік топтары).

Ойынның маңызды және дамытушы бөлігі – бұл рольдік топтар бойынша жұмыс. Рольді әзірлеуді топ мүшелерінің біреуіне тапсырып, бұл сатыдан ешқашан өтіп кетуге болмайды. Бұл жағдайда топтағы қалған қатысушылар ойыннан шығарылады. Ең алдымен, әрбір рольдік топ пікірталасқа арналған қысқаша (10 минутқа дейін) ауызша баяндама дайындайды. Егер топ өзінің ұстанымы туралы жазбаша құжатты (меморандумды) әзірлесе, жұмыс тиімділігі едәуір жоғары болады. Баяндама (ауызша немесе жазбаша) ерікті түрде құрастырылады, бірақ онда топ аралық дебаттар үшін бірыңғай кеңістікті қамтамасыз етуге көмек-тесетін, міндетті түрдегі мазмұнды сәттерді алдын ала белгілеу керек. Мысалы, берілген рольдік ойында осындай «өтпелі» сәттерді белгілеуге болады:

шаруашылықта және әлеуметтік қатынастарда қалыптасқан жағдайды бағалау;

Үкіметпен өткізілетін курсты, әр түрлі қорларды бағалау;

әрі қарай не жасау керектігі туралы ұсыныс;

берілген (сол немесе басқа рольдік топпен әзірленген) бағдарлама қандай әлеуметтік күштерге сүйене алады.

Сабақта келісілген құжатты құрастыру мақсатында дебаттар жүргізіледі.

Құжатты құрастыру – пікірталасты белсенділендіруге арналған себеп. Дебаттардың міндеті – жақталатын ұстанымын дәлелдеп үйрену, өзге ұстаным-дарды түсіну, олардың қолайлысын және саяси ымыраға кедергі келтірмейтінін ерекшелеп көрсете білу.

Қатысушылар ойында өзінің ұстанымын да жақтай алады, өзгенің ұстанымына да еліктей алады. Басты талап – мұны еліктеу аясын біліп, бұрмалануға жол бермей жасау.

Оқытушының өзінің меншікті идеялық ұстанымы бола тұрып, дебаттарға қатысушылардың идеялық көзқарастарын емес (әрине, олар әр түрлі), идеологиялар мен бағдарламалардың мәнін түсінудегі кәсіби шеберлік деңгейін бағалайтын бақылаушы («спикер») ретінде қатысады.

Оқытушы рольдерді әзірлеу кезінде топтарға кеңес беруге дайын болуы тиіс. Сондай-ақ ол әдебиеттер тізімін ұсынады, онымен танысу рольдерге мазмұндырақ еліктеуге (ойнауға) көмектеседі.

Рольдік топтардың жұмыс процесінде жүргізуші (куратор, студент) рольдерді әзірлеу процесін қадағалауы және оның барысын тереңдету жағына қарай жеңіл бағыттауы тиіс. Жиі кездесетін келеңсіздік - рольдің өмірлік прототипіне тән сызықшаны, өзгешелікті табу және содан соң рольді мазмұнды ашу қажеттілігін ұмыту.

Оқытушының дебаттар барысындағы міндеті – рольдің бұрмалануын кейінге қалдырмай, мәні бойынша түзету.

Аяғында дебаттардың және ойынның барлығының қорытындысын шығару талап етіледі. Мұнда біріншіден, рольді әзірлегенде және оны дебаттарда көрсеткенде мәнін нақты көрсеткені және мазмұнының толықтығы үшін мақтау маңызды. Кемшіліктерді қосымша ойлануды және ынтаны талап ететін сәттер ретінде ұсыну керек.

Рольдік ойынды ұйымдастырушыларға ұсыныстар:

Рольдік ойын жоспарын мұқият әзірлеу қажет. Рольдерді әзірлеуге арналған әдебиеттерді немесе негізгі рольдерге арналған материалдар жинағын алдын ала дайындау. Топты талқылау кезінде дебаттарға арналған рольдік тосын сыйларды дайындау керек (бұл іс бір мезгілге дейін құпия болады).

Рольдік ойындарды және ситуацияларды ойнау әдісін әдепті пайдалану. Рольдік ойындардың тиімділігі бастан кешіру жаңашылдығымен анықталады, сондықтан егер оларды әрбір ыңғайлы жағдайда қолданса, онда осы интерактивті технологияның құндылығы нөлге жақындайды.

Топтарды шағын етіп құру керек, өйткені шағын топтың (10 адамға дейін) мүмкін қарсылығына қарсы тұру оңай болады.

Рольдік ойынды өткізгенде көмекшілерді пайдалану. Олар ең жақсысы студенттер болуы мүмкін.

Рольдік ойын – тәрбиелеу процесінің тиімді маңызды нысандарының бірі, ол практикалық тәжірибені және өмірлік құнды патриоттық мақсаттарды дамытады.

Рольдік ойын үшін тақырыпты таңдау куратор сағаттарын өткізудің осы түріне тән, екі түйінді сөзбен алдын ала анықталады: «рольдік» және «ойын».

«Рольдік» деген сөз барлық қатысушылардың ерекшеленетін құрама бөліктерге бөлінетінін және тұтастығын, атап айтқанда ерекшеленетін және өз бетімен әрекет ететін бөліктердің өзара әрекеттесуімен қол жеткізілетін, қандай да бір құрылымды құрайтынын білдіреді. Өзара әрекеттесудің осындай типі қоғамдық процестерге тән. Сондықтан да рольдік ойын қоғамдық проблемалар мен әрекеттерді тәрбиелік меңгеру үшін жақсы келеді, бұл рольдерді ойындық үлестіру түрінде оқу тобын нақты қоғамға немесе жеке қоғамдық процеске ұқсастыруы, қоғамды немесе оның жеке процесін оқу түрінде қайталауы, көшірмелеуі, оған еліктеуі мүмкін.

Бұдан шығатын тұжырым: қоғам ойынын ойнау керек, тақырып «қоғамның өмірінен» болуы тиіс.

Рольдік ойындарды өткізу тәжірибесі қатысушылардың рольді мәні бойынша, мазмұнды әзірлеп қана қоймай, сонымен бірге олардың рольдерінің нақты кейіпкерлерін, өмірдегі нақты прототиптерін (Президентті, партиялар көшбасшыларын, атақты кәсіпорын директорын және т.с.с.) білдіреді. Оқытушы тарапынан мұнымен күресудің де, не оған көп назар аударудың да керегі жоқ. Бұл - ойынның эмоциялық құраушысы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]