Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
praktikum_kaz.doc
Скачиваний:
36
Добавлен:
05.02.2016
Размер:
510.46 Кб
Скачать

Брейн-ринг өткізу ережелері

1 Дайындау кезеңі: брейн-рингті ұйымдастыру және өткізу үшін командаларды (әрқайсысында 6 адамнан) құру қажет.

Әрбір команда капитанын, команданың атауын таңдайды, алдын ала жарияланған тақырыптар бойынша бір-екі апта бойы куратор сағатына дайындалады.

2 Жабдықтарды дайындау:

2 үстел, әрбір үстелдің жанында 6 орындықтан;

гонг;

секундомер;

командалар атаулары бар кестелер;

2 ысқырғыш;

музыкамен сүйемелдеу;

куратор сағатының тақырыбы бойынша плакаттар, стендтер, кітаптар көрмесі.

3 Ойынның басталуы. Тақырыбын анықтау және студенттердің оның мазмұнына қызығушылығын ынталандыру.

2 Ойын ережелерін хабарлау: «Жеребе салған соң алғашқы жарысатын екі команда анықталады. Жеңілген команда келесі командаға орын береді. Ойын 6 ұпайға дейін жүреді. Сұрақты талқылауға 1 минут беріледі. Егер жауап дайын болса, команда дыбыстық сигнал береді де, оған жауап беру құқығы беріледі. Дұрыс жауап бермеген жағдайда осы сұраққа қарсыластары жауап беруі мүмкін».

3 Қазылар мүшелерімен таныстыру.

4 Сұрақтарды хабарлау. Алдын ала кем дегенде 50 сұрақ дайындау қажет (командалар санына байланысты).

5 Брейн-ринг аяқталған соң жюри қорытынды шығарады, жеңімпаздар марапатталады.

Диспутты өткізу ережелері

Диспут оқытушының да, студенттің де мұқият даярлығын талап етеді. Талқылауға шығарылған сұрақтар алдын ала дайындалады және де оларды әзірлеу мен құрастыруға студенттерді қатыстыру пайдалы. Куратор диспут өткізгенде қате пікірлерді қабыл алмауы тиіс емес, дөрекі сөйлеп, дауға араласуына, өзінің пікірін дәлелсіз жүктеуіне жол бермеуі тиіс. Ол сыпайы және төзімді, әуесқой және ашулы, сабырлы болуы және қалжыңдай білуі тиіс. Мұндай әдет ешкімді ренжітпейді және кемсітпейді, студенттердің пікір таласына қатысу және өз пікірлерін ашық айту қалауын қайтармайды. Диспут жетекшісіне біле тұра айтпау және тыйым салу бейнесі жараспайды. Кез келген пікірді бүгіп қалу жорамалдау, бұрмаланған болжамдар, дұрыс түсінбеу үшін мүмкіндік береді. Диспуттар мен пікірталастардың ортақ тағайындалуы – әсіресе қандай да бір патриоттық қасиеттерді дамытқанда, шығармашылық ізденістер мен өзіндік шешімдер үшін бағдарлық негіз құрайды.

Диспут әр түрлі басталуы мүмкін: жүргізушінің (оқытушының, студенттің) кіріспе сөзінен де және анкеталық материалдар хабарламасынан да, студент-тердің өз еркімен сөйлеген сөздерінен де, әдебиеттер және өмірлік фактілерді талдаудан басталуы мүмкін.

Диспуттың бағытталғандығы, оның елеулі дәрежедегі тиімділігі жүргізу-шінің кіріспе сөзінде диспуттың тақырыбын айқын және нақты «бере білу», аудиторияның алдында сұрақтарды сенімді және пікірталастық түрде қою, оны бірден серпілту, ойлануға, дауласуға, талқылауға мәжбүрлеу шеберлігімен анықталады. Жүргізушінің: «Сіздер диспуттың тақырыбы бойынша сұрақтарды білесіздер. Кім сөйлейді?» - деген байсалды кіріспе сөзіне жол берілмейді. Диспутты мұндай түрде бастау дауласуды қалауды тудырмайды.

Кіріспе сөздің құрылымының бірыңғай болуы мүмкін емес. Ол ең алдымен, диспуттың мазмұнымен және тәрбиелік міндеттерімен, студенттердің дауласу өнерін иелену деңгейімен, диспут үшін дайындалған материалдың бар болуымен, жүргізушінің білімдарлығымен және тәжірибесімен анықталады.

Кейде диспут көркем шығармаларда немесе белгілі публицистикалық, сын мақалаларда дауласу проблемасы әр түрлі шешілетінін көрсетуден басталады. Жүргізуші студенттердің осы проблема бойынша өзінің көзқарасын білдіруін сұрайды.

Диспутты барлығына жақсы белгілі нақыл сөзден бастап, оның көмегімен жиналғандардың назарын диспуттың түйінді мәселелеріне аударуға болады.

Диспутты жүргізуші диспуттың тақырыбы бойынша алынған сауална-малардың немесе интервьюдің студенттердің ең алуан түрлі, кейде тікелей қарама-қайшы көзқарастарын айқындайтынын хабарлайтын басталуы да өзін ақтайды.

Диспутқа жетекшілік ету оңай емес. Дау өздігінен тұтанбайды. Оны басқарусыз қалдыруға болмайды, сұлбамен шырмауға болмайды. Диспутты жүргізушінің шеберлігі тек білімдарлығынан ғана емес, сонымен бірге дауға қатысушыларды «қыздыру» немесе «суыту» шеберлігінен айқындалады. Жүргізуші диспуттың тақырыбы бойынша алуан түрлі пікірлерді айқындауы, тіпті қате болса да, кез келген пікірді логикалық дамыта білуі және дәлелдей білуі тиіс, сөйленетін сөздердің ең күтпеген түрлерін күн ілгері көздеуі тиіс. Жай ғана дауласу ғана емес, нәтижесінде сол немесе басқа сұрақ бойынша бірыңғай дұрыс пікірді саналы қабылдауға келтіру маңызды болады.

Жүргізушінің диспут барысындағы ролі сөйлеушілерге сөз беруге ғана келтірілмеуі тиіс. Ол оның негізгі ойын көрсетіп, кезекті сөз сөйлеуді түсін-діруі, қатысушыларға белгілі айтылған сөзге өзінің көзқарасын білдіруі, ұсыны-сын жасауы, даулы пайымдауларға ыммен жауап беруі немесе керісінше, оның көзқарастарына сәйкес келетін пайымдаулармен пікірлестік білдіруі мүмкін. Осының барлығын жүргізуші белгілі шама мен әдепті сақтап, басталған сөзді қолдап және ынталандырып, оны керекті қалыпқа бағыттай отырып жасайды.

Диспутта қақпалауға, пікір таласын тудыратын әрекеттерге, орнында отырып сұрақ қоюға тыйым салмау керек. Бұл диспутты жандандыруға көмектеседі, эмоциялық шиеленісуді, аудиторияның қызығушылығын арттыра-ды. Жүргізуші оларды сөз сөйлеушіге қайта жіберіп немесе қалаушыларды айтылған ойды нақтырақ дамытуға, сондай-ақ сұраққа жауап беруге шебер әрекет етуі тиіс.

Сол немесе басқа сұрақ бойынша қате пікірлер айтудан қауіптенудің керегі жоқ. Керісінше, диспут осы қате пікірлерді айқындау, оларды жолдастары тарапынан сынауға, оларға дұрыс пікірлерді қарсы қою үшін өткізіледі. Мұндай сөз сөйлеуді түсіндіре отырып, жүргізуші аудиторияның назарын өзіне аударуы, қатысушыларда айтылған қате көзқарасқа дұрысын қарсы қою қалауын тудыруы тиіс. Диспут кезінде өзара тілектестік атмосферасы құрылуы тиіс.

Белсенділікті қолдау мақсатында кейде сұрақтардың хабарландыруда жазылған жүйеде талқыланбауына жол беруге болады.

Сұрақтар қанша терең және күшті талқынса да, жүргізушінің соңғы сөзі қажет болады. Сонымен бірге қорытынды сөз ылғи да пікірлесудің қорытын-дысын шығармайды. Керісінше, кейде даулар кезінде пайда болатын, толқытатын жаңа проблемалар пайда болады, олар кейінгі диспуттың тақырыбы болуы мүмкін.

Қорытынды сөзді қатаң белгіленген сұлба бойынша құрастыруға болмайды. Алайда қорытындының:

а) қысқа, айқын және сенімді болуы;

б) қойылған проблеманың дұрыс шешімін көрсетуі;

в) диспутқа қатысушылардың аса сәтті және қызықты сөздеріне сүйенуі;

г)студенттер ортасында немқұрайдылыққа, өзімшілдікке, ұйымдастырыл-мағандыққа сын, шыдамсыз көзқарасты құруы;

д) студенттердің алдында жаңа проблемалар қоюы, олардың қызығушы-лығын тудыруы қалаулы болады.

Диспутты аяқтап, жүргізуші пікірлесуге белсенді қатысқан студенттер мен қонақтарға, барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, оларды жаңа кездесуге шақырады.

Қатысушылар саны 12-15 кем емес, бірақ 30-дан артық емес болуы тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]