Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Doc / kurs_4153.doc
Скачиваний:
42
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
153.09 Кб
Скачать
    1. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудағы озат ұстаздардың іс-тәжірибесі

Шығармашылық қасиетті адам баласының бойында қалыптастыруда өз өнерінің бересі мол. Шығармашылық сабақтарда өнер өкілдері мен оның туындылары кеңінен насихатталады. Ал оқушы өнерін өзі пір тұтып, өзі сүіп айналысуы тиіс. Оқушыны жастайынан қа қалай баулу керек?

Оқушының қалай дамытуға болады? Оның жолдары, әдіс-тәсілдері, мазмұны қалай?

Қазіргі өзекті мәселелердің бірі-осы., үйрету қолға алу үшін баланың қай жаста қа баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екендігін жоғарыда өткен болатынбыз.

Сонымен оқушыларды сөз өнеріне баулып, үйрету үшін қажетті жағдайлардың мазмұнана тоқталып өтсек:

-мұғалім ең алдымен, сыныпта шығармашылық көңіл-күй тудыру үшін оқушының назарын бір нәрсегебағыттауы керек. Яғни бастауыш сынып оқушылардың назарын арнаға бұру үшін үнемі шығармашылық тапсырма –міндеттер, жаттығу, ойын ұсынған жөн;

-әрбір шығармашылық тапсырманы оқушыға ұсынудың жолын, әдіс-тәсілін білу керек;

- шығармашылық жаттығу ойын-тапсырмалардың жас ерекшелігіне, қызығушылығына үйлесуі керек;

-тапсырма-міндетпентанысқаннан кейін жұмысқа кіріседі.

нің ең үлкен міндеті: оқушы белгілі бір көркемдік шешім туып, өз туындысын ұтымды аяқтап шыққанға дейіноны назарынан тыс қалдырмау, шығармашылық бағыт-бағдар беріп отыруы:

-шығармашылық пен жеке-дара оқушы емес, сыныптың, мектептіңбүкіл балалары ойлау жағдай, мүкіндік туғызу. Сыныпта, ұжымда өзара шығармашылық алуан орнату;

-мұғалім-оқушы үшін қарапайым жан. Ал егер ол оқиға сюжет құруға, образ жасауда жазушылық шеберлік танытса, оқушылар ерекше еліктейді. өздерінің күшіне деген сенім қалыптасады. Сондықтан мұғалімнің шығармашылықпен айналысы және өзінің жасаған дүниелері жөнінде балалармен пікір алмасуы заңды;

- шығармашылық үшін психологиялық қауіпсіздік, еркіндік, ашықтың, бостандықты қамтамасыз ету;

- шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар:

а) «сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе келмейді» деген тыс қорқыныш сезімі;

б) өзіне-өзі тым риза болмаушылық, сезімі(не жазса да өзі ұнатпайды, кейде өзін-өзі жек көреді);

в)жалқаулық.

Осындай жағдайларда оқушыны құтқарудың жолдарын табу:

-оқушының шығармашылық пен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу;

- шығармашылық бағытқа оқушыны жүйелі саналы түрде қалыптастырып отыру;

- мұғалім көркем шығармашылық түрлеріне үйретіп, баулу үшін көркемдік өлшемдермен өзі де қарулануы керек. Көркем шығарманың, әдеби процесстіңмеханизмін түсінбейтін мұғалім оқушыны әдеби шығармашылыққа үйретіп бауламақ түглі, оқушы жасаған дүниеге нақты, әділ бағасын беріп, көркемдік дәрежесін танида алмайды.

Мұғалім оқушы шығармашылығын дамыту, бағыт-бағдар беру ісіне мыналарды ескеруі керек деп ойлаймын:

- тапсырманың мазмұнын ойлап табу;

- шығармашылық міндеттері оқушыға ұсынудың әдіс-тәсілін меңгеру;

-көркем шешім табу, оқиға құру,образ жасау үшін кілт боларлық жағдайларды тудыра білу, теориялық, практикалық тұжырымдар жасу.

Қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабы,оқыту, білім беру жүйесініңалдына баланың жеке қабілеті мен әлуметтік белсенділігің дамуына жол ашу, шығармашылық тұлға қалыптастыру міндетін қойып отыр.

Оқушыны оқу-тәрбие үрдісі негізінде дамытумәселесі-бұл көп жылдар бойы көптеген ғалым психологтардың, педагогтардың, практик-мұғалімдердің пікірталас тудырып келген және күні бүгінге дейін күн тәртібіне түспей келген мәселе. Психологиялық-педагогикалық бағыттағы әдибеттерге, теориялық материалдарға, сүйенсек, оқушының жалпы дамуы негізгі үш факторға сай жүзеге асады. Біріншісі-әлуметтік, екәншісі-биологиялық жәнеүшіншісі-тәрбие, яғни оқу-тәрбие үрдісі.

Ғалымдардың пікірінше, осы үш фактордың ішінде тәрбиенің яғни оқу-тәрбие үрдісінің рөлі зор.

Туғаннан дені сау баланың белгілі дәрежедедамитыны сөзсіз. Алайда,әрбір оқушының педогогикалық, психологиялық тұрғыдан даму ерекшеліктерін ескерсек, барлық , оқушының бірдей дәрежеде дамуы мүмкін емес.

Көптеген ғалым педагогтардың, практик мұғалімдердің тәжірибесіне сүйенсек, оқу-тәрбие үрдісі негізінде дамыту мәселесінде басты рөлді ең алдымен, оқушының өз бетімен әрекеті, белсенділігі артады.

Себебі, сабақ қанша сапалы болсын немесе мұғалімнің білімі, тәжірибелік шеберлігі мол болсын,бірақ оқушы тарапынан өзіндік белсенділік, әрекеті болмаса жұмыстың нәтижелі, сапалы орындалуы мүмкін емес. Сол себепті де біз өз кезегімізде оқушыны өзіндік әрекетке бағыттайтын өз бетімен жұмыс, оның түрлері оқушы дамуындағы орны сияқты мәселелер төңірегінде сөз етпекшіміз.

Өз дәрежесінде жете мән берілмей келген өзіндік жұмыс жасауға соңғы жылдары сапалытүрде бетбұрыс жасалуда. Оған дәлел- оқушыны дамытуға бағыттала құрылған жаңа бастауыш білім мазмұны, соның негізінде жазылған оқулықтар. Себебі мұнда оқушының өз бетімен білім алып, дамуына жете мән беріле бастады. Кезінде өз бетіндік жұмыстың қазақ зиялыларының бірі ағартушы ғалым А. Байтұрсынов.

Ахмет Байтұрсыновтың оқу-ағарту саласындағы негізгі көзқарастары оның «Бастауыш мектеп», «Қазақша оқу жайынан», «Мектеп керектері» аттымақалаларында ашылған. Соның ішінде біздіңше ерекше бір көіл аударарлық мәселе-бұл автордың «Қазақша оқу жайынан» атты еңбегінде айтқан пікірі.

Автордың пікірінше оқушы білімді тәжірибе арқылы алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі оқушыға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету бағыт-бағдар беріп отыру.

Бұдан біз А.Байтұрсыновтың 20-30-жылдарын өзінде-ақ кейінгі жылдары Ресей ғалымдары в.Давыдов пен Л.Занковтың дамыта оқыту теориясын негізі болған өз бетіндік танымдық әрекеттің рөлін көре біліп оның бала дамуындағы маңызы өз кезінде қозғағандығын байқаймыз.

Бұл тағыда оның өз заманының озық тәжірибелі педагогы,ғалымы екендігімен қатар,оңың оқушыны дамыту мәселесін көтере отырып, басты нысанасы болып табылатын өз бетіндік жұмыстың рөлін көре аламыз.

Әр сыныптарда тиімді ұйымдастыруда оның бағдарлама мазмұнына, талапқа сай болуы, түрлі мазмұнда және формада көрініс табуы, оқушының шығармашылық бағытта жұмыс істеуге бағыттауы, сондай-ақ бағаланып, марапатталуы сияқты мәселелерге жете мән беріледі.

Осыған орай өз бетімен жұмыс сыныптың өзіне тән әдістемесіне сәйкес түрлі формада және мазмұнда көрініс табуда.

-бұл шығармашылық жұмыстың бастамасы. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық қабілеттерін олардың өз бетіндік жұмыстарынсыз дамыту мүмкін емес.

Мектепте өз бетімен жұмысты тиімді ұйымдастыруға жол ашатын қолайлы жағдай – бұл оқушылардың ойлау қабілеті жоғары және қиялдау, елестету, шығармашылық, жұмысқа талпынысы басым болады деп жоғарыда өткен болатынбыз. Сол себепті де тиімді түрде ұйымдастыра білген мұғалімге оның берерлік маңызы зор.

Өз бетімен жұмыс түрлеріне қатысты материалдарды саралау және өз тәжірибеміздің қортындысы негізінде біз шығармашылық жұмысқа баулып, олардың белсенділіктерінің қызығушылықтарын арттыра түсетін өз бетімен жұмыс түрлеріне төменгі негізгі үш жұмыс жатқыза аламыз. Олар:

  1. логикалық дамытушы ойындармен берілген тапсырмалар(құрастырма ойындар, ребус, сөз жұмбақ, анаграмма) өз бетімен жұмыс түрлері;

  2. берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері;

  3. өз ойынан еркін тақырыпқа құрастыруға берілген әдеби шығармашылық бағыттағы жұмыстар(өлең құрастыру, әңгіме,шығарма жазу, т.б.).

Мұндағы басты назар аударатын мәселе-бұл оқушылардың ауызша,жазбаша тілдерінің өзара ұйымдастырыла отырып және соған сәйкес жұмыстың ауызша,жазбаша түрінде көріндік табуларын талап ету. Соның негізінде ғана тіл байлығы мол, шығармашыл оқушыны тәрбиелей аламыз.

Оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор өйткені,сол арқылы оқушылардың іс-әрекетінің дербестігі артады.

Профессор Р.ГЛембергтің пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мына шарттарға байланысты:

-оқушылардың істейтін жұмысының мақсатын айқын түсінуі;

- жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдындағы нәтижесіне қызығуы;

-жұмысты оқушылардың өз еркімен қалауымен орындауын кездеу керек. оқушылардың өзіндік жұмысына тән негізгі сипаттарды анықтап беру қажет.

Бірден ескертетініміз: ол күрделі әрекет болғандықтан, бір ғана белгімен сипаттауға болмайды. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар:

-мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беру;

-жұмыстың орындаудың дербестігінің өзара байланысы, олардың жұмысты өз еркімен және қолдауымен істеуі, оған әсері ететін мотивтер, т.б.

Оқушылардың өзіндік жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша өздері жоспар жасап, істің тәсілінанықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары жатады. Сонымен қатар, оқушылардың өзіндік жұмысының жоғарғы формасына, олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады.

Оқушылардың таным әрекеті білім алу қажетімен ұштасады. Осыған орай, олардың дербестігі, ең алдымен белсенділікке байланысты,ол белсенділік дербестікті қажет етеді: оқушылардың өздігінен істейтін әрекеті оның белсенділігін арттырады.

өзіндік жұмысы ұйымдастыруда олардың шығармашылық белсенділіктері артады.

Оқушылардың оқыған, естіген әңгімелеріне шығарма жазу-өнер саласында (сюжетті суреттер бойынша,кино, мультфилм, т.б.) байланысты шығармалар. Оқушылардың өз іс-әрекетіне (ойын,еңбек) байланысты шығармалар.

Озат зерттеуші педагогтар О.П Кауфен мен Т.В Кудрявев зерттеулер өткізудің барысында мынандай қортынды жасаған:балалардың жазбаша тілінің дамуы индивидуальді-психиологиялық ерекшеліктеріне қатысты анықталады. Бұл оқушылардың суретті бейнелуінде көрінеді. Бірақ осы еркшеліктерге қармастан, әрбір оқушыда әдибетке деген құлшыныс болады. Тек қана, оқушылардың шығармашылық қабілетін оятып, оны дамытып отыру қажет.

Ал оқушылардың әдеби шығармашылығын зерттеге,озат ұстаз Н.А Черникова бірнеше статьялар мен еңбектер жазған. Н.А Черникованың пікірі бойынша, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда оқушылардың жас ерекшеліктерін елеп –ескертудің маңызы зор.[15]

Осындай бағыттағы жұмыстардың біреуін, педагог О.И Никифирова «Оқушылардың көркем әдибетті қабылдауы» атты еңбегінде көрсеткен. Сонымен қоса, ол жазушылар, ғалымдар еңбегіне де сүйенген.

Біздің бұл зерттеуімізде оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту болғандықтан оқушылардың индивидуальді қабілеті, тіпті болғанда әдебиеттің қандай-да бір компонентік қабілеті болсын елеп-ескеру қажет.

Енді, отандық ұстаздардың шығармашылық қабілетті дамытуда арналған еңбектерін қарастырсақ.

Мәселен, Семей қаласындағы мектеп гимназиясының мұғалімі Н.Мұқанова оқушыларды шығармашылыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулауға мынандай әдісті практикада қолданған екен:

  1. оза оқыту әдісін қолданудамын: мазмұндама, шағын әңгіме құрастыру;

  2. оқушыларға қосымша тапсырмалар беру.

Бұл оқушының өз бетімен ізденуіне көп әсер етеді. Осыған орай ақын-жазушылардың өмірінен қосымша рефеерат жазып келуге тапсырма беріледі. Тақырып мазмұнына орай сурет салуға, альбом жасауға, теңеу, көркем сөздерді табуға арналған жұмыстар жүргізіледі.

Ал, Алматы қаласының қазақ әдебиеті кафедрасының мұғалімі Тұрсынбай Дәуітұлы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда жаңылтпаштардың өзіндік рөлін атап көрсетеді.

Оның пікірінше, жаңылтпаш – сөйлеуде тілге ауыр, оңайлықпен қаз –қалпында тез айта алмайтын, жаңылыс жіберетін ерекше құбылыс.

Жаңылтпаш ана тілінің бай қорын жастан игеруге, тіл саздылығын тануға комектеседі, әдеби тілде шебер сөйлеуге, сөзді қастерлеуге тәрбиелейді.

Петропавл қаласындағы жалпы лицейдің мұғалімі Балғаныш Оспанова, оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда мақал-мәтелдердің рөлін айтады. «Қазақтың мақал-мәтелдері – деп жазады ол, оқушылардың поэтикалық көркем ойларын қысқа, жинақы түрде айтуға дағдыландырады». Бұл ұстаз практикасында мақал-мәтелдерді оқушылардың ойларын дұрыс жеткізуіне, таза жинақы ана тіліміздің бай сөздерін қолдана білуге үйретенінін көрсетеді.

Жалпы, озат ұстаздар өз практикаларында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда әр түрлі әдіс- тәсілдерді қолданғанын көреміз.

Қорыта келгенде, әрбір ұстаздың өз шеберлігі бар екенін байқаймыз. Әрбір озат мұғалімнің пайдаланған осы әдіс- тәсілдері оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда тиімді жақтары мол екенін көреміз

ҚОРЫТЫНДЫ

Егеменді еліміздің болашағы – бүгінгі мектеп оқушылары. Осы егемендігімізді сақтап, елімізді дамыған елдердің қатарына қосу үшін, осы жас ұрпақтың білімді, білікті, мәдениетті болулары қажет деп ойлаймыз.

Бұл жетістіктерге жету үшін мектеп өмірінің әр кезеңінде саналы білім берудің тигізер әсері орасан мол.

Осы орайда, жұмысымда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда педагогикалық және психологиялық сипаттамаларын қарастырып өттім.Мұнда мен педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді қолдана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетіннің негізгі тамырына үңілдім.

Мұндағы мақсатымыз осындай зерттеулер арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда қандай жағдайлар мен шарттар қатарын анықтау.

Сонымен қатар, озат ұстаздардың тәжірибелері мен пікірлерін де екінші тарауда қарастырып өттім.

Бүгінгі таңда мектептерде оқу әрекетін ұйымдастыруда оқушының жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыруда мұғалім ерекше назар аудару керек. Оқушылардың бойындағы жеке бас ерекшеліктерін, мінез –құлқын, дүниетанымын, әдептерін біліп, оқыту- тәрбие ісінде дұрыс пайдалану керек.

Екінші тарауда озат ұстаздардың іс- тәжірибелерімен қатар, мұғалімнің іс-әрекеті талданды.

Осы жұмысымызды қорытындылай келе мынандай тұжырымға келдік:

  • оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда әрбір оқушының индивидуальды психологиялық ерекшелігін анықтап алу;

  • оқушылардың жас ерекшеліктерін ескерген жөн;

  • оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда барлық әдіс- тәсілдерді ұтымды пайдалану қажет;

  • оқушылардың қызығушылығын арттыруда оқушыларды мезі қылмай сабақ түрлерін алмастырып отыру қажет;

  • оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес теориялық мәліметтің неғұрлым қарапайым, түсінікті берілуін қадағалау;

  • оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін өзіндік жұмыстарды тиімді пайдалану керек.

Әрине, бұл жұмыспен оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып тастаймыз деп айта алмаймыз. Дегенмен, бұл жұмыс болашақ ұстаздардың ізденісіне бағыт –бағдар, сілтеме береді деген үміттеміз.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Алтынсарин Ы. Тағлымы.- Алматы.: 1991

  2. Ананьев Б.Г. Формирование одаренности.Склонности и способности-Ленинград.:1972.-268 б

  3. Бабанский Ю. Педагогика. - Москва: 1978,-317б

  4. Вготский Л.С.Воображение и творчество в детском возрасте.- Москва.:1991. -90 б

  5. Голуб В.А. Основы общей дидактики.- Москва: 1999,-95б

  6. Давыдов В.В.//Возрастная и педагогическая психология.-Москва.:1989.-365 б

  7. Дубровина И.В.//Возрастная и педагогическая психология.-Москва.:1998.-312 б

  8. Ильина Т. Педагогика.- Алматы.: 1977.-484б

  9. Кабанова Мелер. Психология развития знаний и навыков у школьника.- Москва.:1982.-365 б

  10. Краткий психологический словарь.- - Москва: 1974

  11. Қазақ пдагогикалық энциклопедиялық сөздігі.-Алматы.:

1995.-250 б

  1. Қоянбаев Ж.К. Педагогика. .- Алматы.: 2001.-384б

  2. Мухина И.С.// Возрастная психология- Москва.:1998.-454 б

  3. Петровский В.Д. Общая психология. - Москва: 1977,-477б

  4. Психологический словарь.- 1983

  5. Савин Н. В. // Педагогика-Алматы.: 1983.-309б

  6. Савин Н. В. Педагогика// Мектеп.- Алматы.: 1975,-294б

  7. Смирнова Б.А Педагогические теории, системы, техналогии. //Педагогика.-Москва: 1988.-509б

  8. Щадринов В.Д, Психология деятельности и способности человека.-Москва.:1996.-318 б

  9. Фридман Л.М. Психологический спровочник учителя.-

Москва.:1991. -560 б

  1. Харламов И.Т Педагогика.- Алматы.:1996.-414 б

Соседние файлы в папке Doc