Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Doc / Pedagogika_shpor

.docx
Скачиваний:
172
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
70.29 Кб
Скачать

1

1 Жоғарғы мектептегі педагогикалық зерттеу əдістеріне сипаттама беріңіз

Зерттеу əдістемесінің (методика) дайындығы ғылыми ізденіс логикасына орай жүргізіледі. Бұл əдістеме өте күрделі де сан қилы қызметтермен байланысты нысан болған білімдену процесін аса жоғары шынайылылықпен зерттеуге мүмкіндік беретін теориялық жəне эмпирикалық əдістер (метод) тобынан құралады. Əдістердің тұтастай бір бөлігін қолданудан назарға алынған проблема жан-жақты айқындалады, оның барша қырлары мен шектері түгелдей зерттеуден өтеді. Педагогикалық зерттеу əдістерінің əдіснамадан өзгешелігі - бұл педагогикалық құбылыстарды зерттеу, олар жөніндегі ғылыми ақпараттарды жинақтап, заңдылықты байланыстар, қатынастарды анықтау, оның нəтижесінде ғылыми теория қалыптастыру мақсатымен жүргізілетін іс-əрекет жолдары мен тəсілдерінің өзі. Əдістер көп түрлі де сан қилы, бірақ жүйелестіре келгенде, бұлардың бəрі үш топқа ажыралады: 1) педагогикалық тəжірибені зерттеу əдістері; 2) теориялық зерттеу əдістері, 3) математикалық əдістер.

Педагогикалық тəжірибені зерттеу əдістері – білім беру процесін ұйымдастырудың көз алдымызда қалыптасқан тəжірибесін зерт-теудің жолдары. Педагогикалық тəжірибені зерттеу барысында келесідей əдістер қолданылады: бақылау, əңгімелесу, интервью, анкеттеу, оқушылардың жазба, графикалық жəне шығарма жұмыстарын көзден өткеру, педагогикалық құжаттармен танысу.

Бақылау – зерттеу барысында нақты дерек материал жинақтау мақсатымен қандай да педагогикалық құбылыстың назарға алынуы. Бақыланған құбылыстар міндетті түрде хатталады. Бақылау нақты нысанмен жете танысуға орай алдын ала белгіленген жоспар бойынша жүргізіледі. Бақылау жұмысы келесі кезеңдерге бөлінеді: 1) міндеттері мен мақсаттарын айқындау; 2) бақыланатын объект, оның элементтерін жəне ситуацияларын таңдастыру; 3) бақылау жəне оның барысында ақпарат топтастыруға оңтайлы əрі тиімді тəсілдерді іріктеу; 4) байқалғандарды хатқа түсіру формасын ойластыру; 5) жинақталған ақпараттарды өңдеу жəне дəйектеу.

Бақылау түрлері: араласа бақылау – ізденуші зерттеу жүргізіп жатқан топтың мүшесі ретінде қатысады; сырттай бақылау- зерттеуші ізденіс жұмыстарына тікелей араласпайды; ашық жəне жасырын бақылау; тұтастай жəне таңдамалы бақылау.

Бақылау – орындалуы тұрғысынан ең оңай əдіс, бірақ өзіндік кемшілігі де жоқ емес: көп жағдайларда бақылау барысындағы не соңғы нəтижеге зерттеушінің тұлғалық-əлеуметтік жеке –дара бітістері (көзқарасы, мүддесі, жан толғанысы) ықпал жасап, оның қандай да шынайылылықтан ауытқуына себепші болуы мүмкін.

Сұхбат əдісі - қажетті ақпаратты алу немесе бақылау барысында түсініксіздеу болған құбылыстың мəнін аша түсу мақсатымен дербес не қосымша қолданылатын зерттеу тəсілі. Сұхбат айқындалуы тиіс нақты сұрақтар бойынша күні ілгері түзілген жоспармен орындалады. Əңгімелесу еркін жүргізіліп, сұхбаттас кісінің жауаптары хатталмайды. Сұхбаттасудың екінші бір түрі педагогикаға əлеуметтану саласынан енген – интервью алу. Бұл əдісте сұрақтар алдын ала түзіліп, бірізділікпен қойылып барады. Интервью жауаптары анық жазылып, хатталады.

Анкеттеу – ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ жауаптары жазба күйінде қабылданады. Сұхбаттасу мен интервью алу бетпе-бет əңгімелесумен жүргізіледі, ал анкеттеу – сырттай орындалады. Аталған əдістердің нəтижелі болуы қойылатын сұрақтардың мазмұны мен құрылымына тəуелді. Сауалнама түзуде ескерілетін жəйттер: 1) алынатын ақпараттың сипатын анықтап алған жөн; 2) қойылатын сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі болғаны қажет; 3) сауалнаманың бірнеше жоспары түзіліп, ол алғашқы тексеруден өткізілуі тиіс; 4) сауалнама кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға ақырға редакциясының ұсынылуы дұрыс.

Құнды материал оқушылардың шығармашылық туындыларын зерттеу əдісімен де алынады. Олар: шəкірттер орындаған жазба, графикалық, шығармашылық жəне бақылау жұмыстары; балалардың суреттері, сызылмалары, жасалған қосалқы бөлшектер, кейбір пəн дəптерлері. Мұндай жұмыстар оқушылардың даралық қабілеттерінен дерек береді, олардың қандай да бір саладағы ептілік жəне дағды жетістіктерінің деңгейін көрсетеді. Мектеп құжаттарымен танысу əдісін қолдана отырып, оқушының жеке ісі (личное дело), дəрігерлік карта, күнделік, жиналыс не отырыс хаттамалары жəне сол секілді мектеп хат-қағаздарымен танысу арқылы зерттеуші оқу-тəрбие , білім игеру процесін ұйымдастыру практикасында нақты қалыптасқан объектив жағдайлар жөніндегі ақпараттармен қаруланады.

Педагогикалық зерттеудің қандайда бір əдіс не тəсілінің педагогикалық тиімділігін анықтау үшін арнайы ұйымдастырылған тексеру түрі- эксперимент ерекше маңызды. Педагогикалық эксперимент міндеттері:1) жобаланған педагогикалық құбылыс жəне оның іске асуында көрініс беретін себеп-салдарлы байланыстар мəнін зерттеу; 2) педагогикалық құбылысқа зерттеушінің белсенді ықпал жасауы; 3) педагогикалық ықпал мен ықпалдастықтың нəтижесін өлшестіру. Эксперимент келесі кезеңмен өткізіледі: – теориялық (проблема қою, зерттеу мақсатын, нысанын жəне денін анықтау, міндеттер мен гипотеза белгілеу);

- əдістемелік (зерттеу əдістемесі мен оның оның жоспарын айқындау, бағдарлама түзіп, алынған нəтижелерді өңдеу əдістерін нақ-тылау);

- эксперимент жұмысы – бірнеше тəжірибелік зерттеу əрекеттерін орындау (ситуация түзу, бақылау, тəжірибені басқару жəне зерттеушілердің жауап əрекеттерін бағалау);

- талдау – сандық жəне сапалық сарапқа салу; алынған деректерге түсініктеме беру; қорытынды жасап, практикалық ұсыныстар енгізу.

Эксперимент түрлері: табиғи (қалыпты оқу-тəрбие процесі жағдайында) жəне зертханалық – қандай да əдістің тиімділігін тексеру үшін жасанды жағдайлар түзу (экспериментке алынған балалар тобы өз алдына бөлектенеді). Көп жағдайларда табиғи эксперимент қолданылады. Ол зерттеуге алынған педагогикалық құбылыс мазмұны, мақсаты жəне т.б. орай ұзаққа созылған не қысқа мерзімді болуы мүмкін.

Егер эксперимент педагогикалық процестің нақты жағдайымен танысуға бағытталған болса, деректеуші (констатирующий) аталып, ал оқушы не сынып ұжымының дамуына қажет жағдайларды анықтауға арналған күнде мұндай эксперимент- қайта жасаушы (дамытушы) деп аталады. Қайта жасау экспериментінде салыстырып баруға керек бақылау топтары түзіледі. Эксперименттік əдістің қиындығы: оны жүргізу техникасын жете білу қажет, бұл зерттеу барысында ұйымдастырушының аса үлкен сыпайылығы мен əдептілігі, көрегендігі мен егжей-тегжейлілігі, зерттеудегілермен қатынас түзу қабілеттілігі де маңызды келеді.

Индуктив жəне дедуктив əдістер – эмпирикалық жолмен алынған ақпаратты қорытындылаудың логикалық əдістері. Индуктив əдіс – ойдың жеке пікірлерден жалпы ойға өтуін байқаса, дедуктив – жалпы пікірден жеке қорытынды жасауға қолданылады.

Теориялық əдістің қажеттігі проблема анықтауға, гипотеза белгілеп, жинақталған деректердің бағасын шығарудан туындайды. Теориялық əдіс көптеген əдебиеттермен таныс болуды талап етеді:

2 Жоғары мектеп оқытушысының тұлғасы және оның біліктілігіне қойылатын қазіргі талаптарын сипаттаңыз Кәзіргі білім беру жүйесі жаңа қоғамның экономикалық, саясат, әлеуметтік және интеллектуалдық деңгейіне сай келуі тиіс. Осыған орай білімнің мақсаты, мазмұны және оны оқыту тәсілдері қайта қаралып, оқу жүйесін реттеу, ұйымдастыру мәселелері зерттеліп, өз шешімін табуды қажет етеді. Жаңа адамды тәрбиелеу мен оқытуда жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі оқу орындарының оқытушыларының алатын орны ерекше. Олардың қызметі үнемі дамуда. Жаңа заман талаптарына сәйкес жоғарғы оқу орындарының дамуы кӛптеген қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді шешуді қамтамасыз етіп қан қоймай сонымен қатар кәзіргі жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі жаңа оқытушы үлгілерін қалыптастыру керек. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев кезекті Қазақстан халқына Жолдауда: «Білім беру реформасының ойдағыдай жүргізілуінің басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез-келген еліндеқажетке жарайтын маман болатындай деңгейге кӛтерілу» - деп атап кӛрсетілген. Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде жоғарғы және жоғарғы оқу орыннан кейінгі білім беретін оқу орындарының оқу үдерісінің тиімділігі оқытушының кәсіби дайындығына тікелей қатысты. Сол себепті педагогикалық іс-әрекетте оқыту технологияларын кеңінен

қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы жоғарғы оқу орындарының оқытушысының кәсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді. Бүгінгі ғаламдық білім беру кеңістігіне сай білім беру, танымды, ойлауды дамыту, ӛзінше ғылыми тұжырым жасауға, олардың қажетіне қарай. Осы орайда ҚР Білім және Ғылым Министрлігі әзірлеген «ҚР жоғары педагогикалық білім тұжырымдамасы» мен «ҚР жаңа тұрпатты педагогінің үздіксіз педагогикалық білімі тұжырымдамаларында» жаңа қоғамдағы оқытушы моделінің үлгілері кӛрсетіліп берілген. Болашақ педагогтерге қойылатын талаптар қазіргі қоғам қажеттілігінен туындайды. Жаңа қоғам оқытушысы тек кәсіби шеберлігі жоғары адам ғана емес, рухани дамыған, шығармашыл, мәдениетті, білім құндылығын түсінетін, педагогикалық технологиялардымеңгерген, ғылым мен техника жетістіктері негізінде кәсіби даярланған болуы тиіс. Оқытушы үлгісіне жаңа бағыт беріп, оның даму жолдарын ХХІ ғасырдың талабына сәйкес айқындау үшін білімнің әр түрлі салаларына білім және ғылым, білім және адам құқығы, білімнің қоғам дамуындағы әсері, білім беру барысындағы жаңа технология т.б. талдау жасалып, қорытындылану қажет. Педагогикалық ғылымның жаңа бағытта дамуы білім беру жүйесінде жоғары дәрежелі, жан-жақты сапалы біліммен қамтамасыз ету арқылы ұлттық, мемлекеттік саяси, экономикалық және ел мүддесі тұрғысынан туындаған мәселелерді шеше алатын жаңа тұрпатты педагог мамандарды талап етеді. Бүгінгі заман талабына сәйкес жаңа формация мұғалімі дегеніміз, ол – педагогикалық құралдардың бүкіл әлеуетін меңгерген, ӛзін ӛзі жетілдіруге үнемі ұмтылып отыратын рухани дамыған, әлеуметтік жағынан жетілген шығармашылық тұлға, білікті маман. Еліміздің мақсаты да өзін өзі дамытуға және өзін барынша көрсетуге қабілетті жоғары сауатты шығармашыл тұлғаны қалыптастыру және дамыту болып табылады.

3 Жаңа формация студентінің үлгісін жасаңыз

Студенттер - ұтқыр әлеуметтік топ, өзінің ұлттық және әлеуметтік құрлымымен ерекшеленеді, жасына қарай, сонымен бірге сол уақытқа тән ерекше қабілетті болу. Бұл ерекшеліктер студенттердің қалыптасуымен байланысты оқу үрдісімен бірге өзгеше студенттік мәртебесіне қатысты уақытша ұстанымдарды ұстану. Білім-қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі-адамның менталитетін, адамгершілігін, творчестволық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғышарты-білім беру жүйесінің Білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап береді.

Студент өмірінің өзгешелігі, тұлғаны қарқынды дамытуға белсенді қарым-қатынасқа қолайлы жағдай туғызады. Әлеуметтік бағыттарды қалыптастыруда, жоспар бойынша бірінші орынға құндылықты бағыттар шығады.Студенттердің әлеуметтік бейімділік шарттары мыналарды талап етеді:1) креативті, дамытатын орта, студенттердің ғылыми ізденушілігін дамыту тек оқу үдерісінің шеңберінде ғана емес, сонымен қатар кафедра клубтарының, ғылыми үйірмелер; жеке шығармашылық, әлеуметтік-мәдени әрекеттердің әртүрлі формалары мен бағыттарын қамтамасыз ету;2) жоғары оқу орнының қоғам үшін ашықтыңы - елдердегі жоғарғы оқу орындары арасындағы байланыс, бірігіп шаралар өткізу, республикалық жастар ұйымдарына қатысу;3) студенттерді оқуға келгеннен бастап әлеуметтік-мәдени әрекеттерге тарту, себебі университет туралы олардың қабылдаулары бірден оның әлеуметтікмәдени ортасын қалыптастыруда өздерінің қажетті қабілеттіліктерін пайдалану.

Студенттерді жаңа қоғамдағы өмірге дайындау, Қазақстандағы қарқынды түрде дамып келе жатқан болашақ кәсібіне үйрету, патриоттық сапасын қалыптастыру - бұл міндет, оқу үдерісінің деңгейінде шешілуі қажет. Бірінші орында, әлеуметтік-гуманитарлық тәртіп (ӘГТ) циклін оқыту. Әлеуметтік-гуманитарлық тәртібінің қызметі педагогика, психология кафедралары, саясаттану және тарих факультеттерінде жүзеге асады.1. Азаматтық және әлеуметтік ұстанымдар белсенділігінің қалыптасуы:- университеттік, қалалық, республикалық шаралар, акциялар, қозғалыстар, гуманистік, әлеуметтік және моральдық-психологиялық бағыттарға қатысу;- жастар Комитетінің ұйымдастыруымен өтетін патриоттық сипаттағы шараларға қатысу;- студенттер арасынан және оқытушылар құрамынан этникалық және ұлт аралық келісімді сақтау үшін шаралардың өткізілуі;- конференция, семинар, тақырыптық кештер, елдегі ұмытылмас оқиғаларды өткізу;- студенттердің саяси мәселелерге қатысу жөнінде әңгімелер, пікір-сайыстар, «дөңгелек үстелдер»;- оқу тәрнтібін бақылау, жатақхана тәртібін сақтау.2. Моральдық-психологиялық тәрбие және адамгершілік:- этикалық тақырыптардағы кештерде сұрақтар мен жауаптарға қатысу;- кәсіби негіздегі және этикалық мәндегі лекцияларды тыңдау.3. Таңдалған мамандыққа тәрбиенің саналы қатынасы:- байқауларға, курстық жұмыстарға, студенттік конференциялар мен семинарларға қатысу;- кітапхана қызметкерлерінен кеңес алу, кездесу;- қарапайым дидактикалық құралдарды, ғылыми рефераттық шолу мәселелерін дайындау;- университетті жабдықтауға арналған сенбіліктерге қатысу.4. Эстетикалық тәрбие:- эстетикалық бағыттағы клуб жұмысына қатысу;- демалыс кешін ұйымдастыру;- жазушылар мен өнер қайраткерлерімен кездесу;- студенттердің шығармашылығы және өз күшімен ұйымдастырылған көркемөнері.5. Дене тәрбиесі:- бөлімдерде дене дайындығын жетілдіру, жарыстарға қатысу;- топпен жұмыста денсаулық сақтауды насихаттау;- спорттық дене тәрбиесіндегі шараларды ұжыммен өткізуді ұйымдастыру.

Студенттің өзін-өзі басқару әрекетінің кеңейуі .Студенттің өзін-өзі басқару жүйесіндегі елеулі өзгерістері.жаңа жастар ұйымының құрылымын әзірлеу.2. Сенат құрамымен комиссияны тағайындау: оқу жұмысы жөнінде, әлеуметтік-тұрмыстық сұрақтарды, студенттердің ғылыми жұмыстарын, көлемді мәдени жұмыстарды. Студенттердің өзін-өзі басқару әрекетінің басты идеясы олардың өкілеттілігін барынша кеңейту болып табылады. Студенттердің өзін-өзі басқару қызметін бақылау комиссиясын тағайындау. 3. Студенттік Сенаттың күшімен орыс, қазақ, қытай тілдеріндегі тегін тілдік курстарды ұйымдастыру қажет. Қоғамдық әрекеттерде студенттердің белсенділік жүйесін көтеру,Бүгінгі күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і студенттердің өзін-өзі басқаруын ұйымдастыруға белсенділік танытуда. Жастарды ұйымдастыру Комитеті университет факультеттерінде және жатақханадағы көптеген іс-шараларды ұйымдастырады. Сонымен қатар университетте Қазақстанды халықаралық деңгейге көтеріп жүрген атақты спорт шеберлері болып табылатын студенттер оқиды. Университеттің қоғамдық өміріне белсенді азаматтық ұстаныммен қатысуда моральды және материалдық мадақтауды талап етеді, соған байланысты:1. мейлінше белсенді студенттерге оқуда икемді жеңілдіктер жүйесін жасау ( мысалы, спорттық жарыстарда жүлделі орындар, республикалық және облыстық деңгейдегі шығармашылық байқаулар); 2. «әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ректордың шәкіртақысын ғылыми қызметте жетістікке жеткен, дарынды студенттерге беруді ұйымдастыру;3. студенттік ортадағы үздік жетістікке жеткен студенттерді насихаттау. Студенттрде мынадай жаңа формадағы үлгілер болу керек .:Студенттер Әр айда университетте студенттік өзін өзі басқару күні өткізіп түру Бұл күні

университеттің оқу тәрбиелік және ғылыми үрдісті жақсарту мәселелері бойынша шешімдер қаралады. Әр сессия алдында және соңында тәуелсіз студенттік сауалнама жүргізіледі, сонымен қатар студенттік «Сенім поштасы», сенім телефоны қызмет көрсетеді. Студенттер мен ректор арасында демократиялық принциптерге негізделген тығыз әріптестік қарым қатынас орнатылған. Студенттер интернет желісі мен ректордың e mail поштасы на жалпы білім беру үрдісін ұйымдастырудағы ұсыныстарын, ескертулер мен идеяларын жібере алады. Университетте студент жастар арасында ұлтаралық мәдени байланысын нығайту үшін, түрлі ұлт өкілдерінен құралған студент белсенділерінің «Достық» клубы жұмыс атқару , клубтың мақсаты студенттердің тең құқылы

болуын, ұлтаралық мәдениет қалыптастыру, мемлекеттік тілді, салт дәстүрлер мен әдет ғұрыптарды сақтау:. республикалық және жергілікті

ұйымдардың мүшелері ретінде мемлекеттік жастар саясатына белсенді қатысу:

жоғары және орта білім ордаларын біріктірген Қозғалыс көшбасшылары студенттің құқығын қорғау мақсатындағы

жобаларға белсенді қатысуы : Студенттік кәсіподақ комитеті университет әкімшілігі, Жастар орталығы, қоғамдық кәсіптер факультеті, КВН, университеттің ақпараттық орталығы, (университеттің газет,телестудия редакциясы), Студенттік Кеңес және университет қызметкерлерінің Кәсіподақ комитетімен сонымен қатар, 5 студенттік жатақхана және 3 спорт кешендерімен тығыз қарым қатынас жасау:. Студенттік Кәсіподақ комитеті әлеуметтік жағдайы төмен жетім, жартылай

жетім студенттерге қолдау көрсетеді. Спорт атты денсаулық фестиваліна, факультетаралық түрлі спорт түрлерінен жарыстар, Президенттік тест нормативтерін тапсыру өткізу. Студенттер үшін гимнастика, шэйпинг, күрес, бок

с, суға жүзу, жеңіл атлетика және воллейбол, баскетбол,үлкен тенис, үстел теннисімен шұғылдануға арналған ауыр атлетика залдармен қамтылған арнайы «Денсаулық» және «Буревестник» спорт кешендері қызмет атқару сиақты жұмыстарды жалпы студенттер қаумы негізге алулары керек.

2

1 Дидактика туралы жалпы түсінік. Дидактиканың атқаратын қызметі және негізгі категорияларын атаңыз

Педагогикалық тұрғыдан ойлауды қалыптастыру үшін жоғары мектептегі оқыту процесінің дамуы мен мәнін, құрылымын, қисынын (логикасын) түсіну маңызды. Ол үшін оқыту процесінің негізгі құрылымдық бөліктерін бөліп алу қажет.

Оқыту процесі – білімді , біліктілік пен дағдыны меңгертеді ,оқушылардың дүнеитанымын, күшқайратын , қабілеттерің тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы . Оқу барысында оқушының сана-сезімі , адамгершілік қасиеттері , эстетикалық талғамы , тұлғалық қасиеттері қалыптасып дамиды.

Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктеріне назар аударайық.

Оқыту процесінің құрылымдьң компоненттері мыналар:

Мақсат. Педагог Оқушы, білім алушы, Оқыту әдістері, Оқытуды ұйымдастыру түрі, Алған білімді өмірде қолдана білу, нәтижесін көру, педагогикалық диагностика.

Негізгі қайшылықтар - оқыту процесінің қозғаушы күші. Оқыту - екі жақты процесс - оқыту және оқу. Оқыту - қоғамдық қарым-қатынастың субьектісі ретінде адамды дайындау қажеттілігінен туындаган әлеуметтік негізделген процесс. Бұдан шығатын қорытынды - оқытудың әлеуметтік қызметі әлеуметтік талаптарға сәйкес тұлғаны қалыптастыру. Тұлғаны калыптастырудың негізі, қайнар көзі - әлемдік мәдениет, адамзаттьщ ғасырлар бойы жинақтаған рухани және материалдық байлығы.

1 .Дидактикада И.Я.Лернердің тұжырымдамасы кеңінен қолдау тапқан: Білім

2. Іс-әрекеттің әдістері.

3. Шығармашылық тәжірибе

4. Зерттелініп отырған обьектіге, сонымен бірге өз-езіне және басқа адамдарға деген эмоционалдық-құндылық қарым-қатынас, қоғамдық, ғылыми және кәсіби іс-әрекеттің себеп-салдары мен қажеттіліктері.

Педагогикалық процесс өзіне тән негізгі екі белгіні: организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан- жақты жетілуін түйістіреді.

Білім алушының жалпы психикалық дамуы – жоғары мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Оқыту – екі жақты процесс, яғни ол студенть пен оқытушының өзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс. Өйткені, оқыту – мұғалімнің білім берудегі негізгі іс- әрекеті болса, оқу –студенттің өзінің танымдық, практикалық әрекеті.

Оқыту тұлғаға білім беру , тәрбиелеу және ақыл- ойы мен творчестволық қабілетін , демек біліктілігі мен дағдысын дамыту негізінде жүзеге асырылады. Мұның мәнісі , жеке тұлғаға біртұтас (комплексті) ықпал жасауды көздейді. Осы негізде, оқыту процесінің бірінші қызметі – студенттерге білім беру.

2 Инновациялық білім беру жүйесіне талдау жасаңыз

Инновация» сөзі латын тіліндегі іn (ішіне) novus (жаңа) сөздерінен құралып, жаңару, жаңалық, өзгеру деген мағынаны білдіреді. Инновация ұғымының шығу кезеңі мен тарихын дәл анықтау мүмкін болмаса да, бұл ұғым қоғамдық ғылымдарға жаратылыстану ғылымдарынан келген деп есептеледі. Өйткені, инновациялар көбіне экономика, техника, агрономия, өнеркәсіп және медицина салаларында кеңінен қолданылады. Инновациялар қоғамның пайда болу кезеңінен бері жүзеге асырылып келе жатса да, педагогикалық категория ретінде ХХ ғасырдың 70-80 жылдарында ғана қолданысқа енгізілді. Оқу процесіндегі инновациялық модельдің құрылымын былай көрсетуге болады: жалпы инноватикадағы инновациялық процесс идеялары;педагогикалық инноватиканың пайда болуы, таралуы, педагогикалық жаңалықтарды меңгеру; оқу процесі кезінде теориялық талдау жасау немесе іс - әрекет ретінде. Инновациялық процесс оқу аймағында теориялық модельдің суреттелуі.Инноватиканың басталуы: инновациялық процесс – инновациялық іс-әрекет – инновациялық потенциал – инновациялық процестерді басқару.Жаңалық ғылыми – зерттеу құралы болып көріну үшін, олар ұйымдасқан, көпшілік қолдану, қарама – қайшылық болып қоғам өміріне өзінің қажеттілігін көрсету. «Новация дегеніміз – бұл лабораториялық емес жаңа идеяны бірінші рет жүзеге асыру, ғылым жүзінде пайда болса да, практикада негізделген. Жаңалық енгізу – мекемеге, ұйымға және жергілікті аймақтық, мемлекеттік мекемелерге енгізілген үлгіге бағытталған.Инновацияда, жаңалық енгізу, новация бір – бірімен тікелей пән ретінде байланысты. Инновациялық процесс түсінігі, ол барлық динамикалық процестерді қамтып, жаңалық аймағында процесуалдық аспектілер, барлық жаңалықтардың өзгеруіне байланысты. Инноватика үш ғылыми пәннен тұрады: социология, психология және басқару теориясы. Жалпы инноватика инновациялық процеске белгілі бір бағытта жаңалықтардың ашылуын тексеру ғана емес, сонымен қатар кеңейтілуі және бағыт пайда болады, яғни спецификалық әлеуметтік бағытта болуы. Оқу процесін ақпараттандыруды жаппай қолға алу, оның ғылыми - әдістемелік ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білім беру технологияларын игеру арқылы білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу; оқу процесін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу.Сондықтан инновациялық әдіс–тәсілдерді оқу процесіне енгізу барысы, белгілі деңгейде белсенділігін көздейді. Инновациялық процестің осы кезеңдеріне байланысты инновациялық іс - әрекеттің үш кезеңін атап көрсетуге болады.Бірінші кезеңде мұғалім жаңалықтың қажеттілігін дәлелдеу арқылы жаңалық туралы ақпарат жинайды, одан кейін әртүрлі жаңалықтың ішінен қажетті жаңалықты таңдап алып, оны қолдану туралы шешім қабылдайды.Содан кейін, мұғалім инновациялық іс-әрекеттің екінші кезеңіне көшеді, яғни іске асыру кезеңдерін зерттеп, енгізу жоспарын құрып, жаңалықты қолданады. Бұл кезеңде мұғалім оқу–тәрбие процесіне, жаңалықты енгізуіне кедергі жасап отырған факторларды ескере отырып, өзгерістер енгізеді, жаңалықты уақыты мерзіміне байланысты жұмыстарды өткізеді.Бұл кезеңде мұғалім жаңашыл тұрғыда ұйымдастырылған оқу–тәрбие жұмысының нәтижесін көтеруге жасаған ықпалын анықтайды, жаңалықтың оқу – тәрбие жұмысына нәтижелі енгізу шарттарын белгілеп, оны таратуға ұсынады.Инновациялық процесті болжау барысында қолданылатын инновациялық іс-әрекеттер тереңдетіліп, кеңейтіледі. Сонымен қатар, оқыту мен тәрбиелеу қорытындылары талданады. Алдыңғы қатарлы озық тәжірибені ғылыми талдау негізінде оқып үйренуге, қазіргі кезеңдегі педагогикалық зерттеулер жетістіктерімен танысуға болады. Жаңа педагогикалық технологиялармен инновациялық іс–әрекеттің негізгі заңдылықтары мен қағидаларын дұрыс қолдана білуге, шығармашылық ойлауға, кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің құндылық қарым–қатынасын қалыптастыруға, ұстаз шеберлігіне жету жолдары мен шараларын жете түсінуге үйренеді. Сонымен қатар алдыңғы қатарлы озық тәжірибелер жөніндегі ағымдағы газет–журнал материалдар арқылы танысып педагогтар – новатордың әдістемелерін ғылыми тұрғыдан талдай білуге, инновациялық іс-әрекет ерекшеліктерін айқындап, өз беттерімен сурет, кесте құруға, хабарлама, реферат, аннотация, рецензия жазып, оқу–тәрбие қызметіне педагогикалық талдау жасауға үйренулері қажет. Оқытудың жаңашыл әдістері мен тәсілдерін сөз еткенде, оқылып отырған материалдың ерекшелігі мен құрамының нақты ерекшелігіне сәйкес әдістемелік құралдарды шығармашылықпен пайдалану қажет екеніне назар аударту көзделді. Сонымен қатар, оқытудың инновациялық жүйесі білім, оқыту процесінде жаңа технологияларды пайдалана білу іскерлігі қалыптасу керек.

3 Эдвайзердің іс әрекеті мен қызметінің негізгі бағыттары қандай? Мысал келтіріңіз.

Куратор-эдвайзердің қызметін оқытушының кәсіби қызметінің құрамдас бөліктерінің бірі ретінде қарастыру қажет. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ әкімшілігі және оқытушы арасында бекітілген еңбек келісім шарты оқытушының оқу, әдістемелік және тәрбие жұмысын атқаруын қарастырады (3 тармақ).

1.3 Куратор-эдвайзерлер факультет деканының өкімімен оқу жылының басында тағайындалады.

1.4 Куратор-эдвайзерлердың жұмысы университет оқытушыларының кәсіби қызметінің аса маңызды көрсеткіші болып табылады және алдағы жылға жеке еңбек келісім шартын бекіту барысында және жыл сайынғы аттестация барысында ескеріледі.

1.5 Куратор-эдвайзерлердың тәрбиелік жұмысы олардың ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстарымен қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ куратор-эдвайзерлерінің рейтингінде көрініс табады.

1.6 Куратор-эдвайзер міндетін атқарудан босату факультет деканының өкімімен жүзеге асырылады.

1.7 Куратор-эдвайзерлер кафедраның (мамандықтар) аға куратор-эдвайзерлеріне бағынады, олар куратор-эдвайзерлердың қызметін реттейді және факультет бойынша шығарылған өкімдерді назарларына жеткізеді. Өз кезегінде кафедраның (мамандықтар) аға куратор-эдвайзері деканның тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына бағынады. Кафедра меңгерушісі кафедраның аға куратор-эдвайзерімен бірлесе отырып,академиялық топтарға куратор-эдвайзерлерді тағайындау туралы ұсыныстар береді.

3

1. Жоғары білімнің мақсаты мен міндеттерін атаңыз

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз атана білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , барлық шәкіртін , мектебін шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын талаптар : бәсекеге қабілеттілігі, білім беру сапасының жоғары болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі.Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық , зерттеушілік, дидактикалық - әдістемелік, әлеуметтік тұлғалы,коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- адамгершілікті, азаматтық жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға.Нәтижеге бағытталған білім моделі мен басқарудың жаңа парадигмасы аясында жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап отыр.Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның нәтижесінде өзіндік іс- әрекетке енуге және жеке өміріндегі тәжірибені жетілдіру мақсаттарына байланысты қалыптасады. Осы заманғы мұғалім оқуға үлкен потенциалдық мүмкіндіктермен келедіСондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру үшін нәтижеге бағытталған білім беру үлгісінде мақсатты түрде білім беретін, қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге арналған, жалпы және кәсіби білімнің қажеттілігін дамыту, ғылым, білім мен мәдениет жетістіктері арқылы адамдардың жалпы мәдениеті мен әлеуметтік белсенділікті дамытуға бағытталған танымдық іс-әрекетке ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша ұйымдастыру- оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр.Француз қайраткері «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен жаңашыл педагогтардың еңбектерімен танысу жұмыстары мұғалімдердің үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру.Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында мұғалімдер мемлекеттік стандарт берілген нәтижелерге жетуде кәсіби шеберлікпен меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, ақпараттық – коммуникативті мәдениеті жоғары тұлғалық - дамытушылық функцияны атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беружүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сыңдарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру жүйесінде білікті мамандар даярлаушы кәсіби білім беретін оқу орындарының басты мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге қабілетті тұлға дайындау үшін адамның құзырлылық қабілетіне сүйену арқылы нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі. Жалпы алғанда «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы – соңғы жылдары педагогика саласында тұлғаның субъектілік тәжірибесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым.Құзырлылықтың латын тілінен аудармасы «сомпетенс»белгілі сала бойынша жан – жақты хабардар білгір деген мағынаны қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде беделді түрде шешім шығара алады дегенді білдіреді» деп көрсетеді. Бұл жайлы Б.Тұрғанбаева «... өзінің практикалық әрекеті арқылы алған білімдерін өз өмірлік мәселелерін шешуде қолдана алуын – құзырлылықтар деп атаймыз » деп анықтаса, Ресей ғалымы Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы ».Латын тіліндегі « компетенс»сөзін ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылықты білімін, біліктілігін, дағдысын, тұлға мінез- құлқын , ең бастысы тұлға мүмкіндігін бағалаудың критерийі мақсатында қарастыру құзырлылық маңызын толық аша алады. Олай болса, құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде әлеуметтік және өмірлік көзқарастарды есепке алу қажет» деп жазса, Б.Тұрғанбаева «Құзырлылыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі молаяды. Осы жағдай біліктілікті арттырудағы екінші үлгіге көшірудің негізі бола алады. Өйткені,құзырлылыққа бағытталған үлгіде білім алушылардың өздерін ұйымдастыру - басты мақсаты » деп көрсетеді.Қ.Құдайбергенова «Құзырды әртүрлі кенеттен болған ситуацияларда мәселелерді шешу үшін қажетті білімді немесе әрекетті көрсете білу қабілеті, білім мен өмірлік ситуация арасындағы байланысты орнату мүмкіндігі ретінде, ал құзырлылықты адамның өзіндік деңгейіне, даралық қасиеттеріне тікелей байланысты тұлғалық, теориялық, практикалық өлшеу дәрежесі жоғары деңгейде кіріктірілген құрылым ретінде қарастыру ұсынылады» деген тоқтам жасайды.

2. Кәсіптік зерттеу мәдениеті педагогтың өзін-өзі шығармашылық дамытуының негізін көрсетіңіз. Қазіргі заман талабына сай мұғалім болу ең жауапты, ең күрделі, ең зиялы мамандық болып табылады. Себебі, ол адамды қалыптастыруға, дамытуға бағытталған зор жауапкершілікті қажет ететін мамандық. Қазіргі мектептің міндеттері:

- Алдыңғы ұрпақтың соңғы ұрпаққа жинаған, қалыптастырған мәдени құндылықтарын жеткізу; - Баланың тұлғасын дамыту;

- Баланың, мектептің әлеуметтік бейімделуі,

Қандай бір әдістермен педагогикалық технологияны пайдаланбасын, баланың рухани жан дүниесіне әсер етуде мұғалімнің өз тұлғасының әсері ерекше. Оқушылардың мұғалім бойындағы ең бағалы деп есептейтін қасиеттері: баланы жақсы көруі, мейірімділік, сезімталдық, әділеттілік, талап қойғыштық, әзіл айта білуі, келешекке сенімділік, іске шығармашылықпен қарау болып табылады. Ал, мұндай қасиеттерге еге болу үшін мұғалім рухани бай, зиялы және шығармашыл тұлға болуы қажет. К. Д. Ушинский: «Оқу орнының талабына көп нәрсе байланысты, ең бастысы тәрбиешінің тұлғасының рөлі ерекше, жас ұрпаққа беретін әсерін оқулықпен, жазалау және мадақтаумен алмастыруға болмайды», - деп жазған. Әрқайсымыз, студент не жас мұғалім болайық «мұғалім» деген сөзді естігенде өзінің ең сүйікті мұғалімдерін кәсіби шеберліктермен қоса, тұтастай тұлға ретінде есіне алады. Мұғалімнің тұлғасын тұтастай алып қарау, әрқайсысының жеке ерекшеліктерін де қоса қарастырады. Сонымен ХХІ ғасыр мұғалімнің тұлғасы қандай болу керек деген сұрақтың төңірегінде ой толғау.

Педагог – зиялы тұлға. Өзін жинақы, сүйкімді ұстайды. Прогрессивті көзқарастарды алға тартады. Сыни көзқарасы қалыптасқан, ұстамды, өзгелердің пікіріне сыйластықпен қарайды.

Жүйелі түрде өзіне - өзі баға беріп, рефлекция жасап отырады: мәдениеті, эрудициясы жоғары, эстетикалық, көркемдік талғамы бар. Саясатқа, білімге, өнердегі жаңалықтарға қызығушылық танытады. Шығармашылықпен өзін - өзі үздіксіз дамытып отырады.

Педагог – рухани бай тұлғаОның рухани байлығы балаға деген махаббатынан, жоғары адамгершілік және ұят сезімінен көрінеді. Ол өзінің оқушылары және әріптестерінің пікірімен санасады. Тұлғаның рухани байлығы өмірдің мәнін және өмір сүру мақсатын, өзінің кәсіби шеберлігін айқындауына ұмтылуында болып табылады. Педагог адамдардың қарым - қатынасына, әлем сұлулығына ерекше мән береді. Онда эмпатия мен рефлексия жоғары дамыған. Ол жаңа өсіп келе жатқан баланың рухани әлемінің байлығын түсінуге тырысады, сондықтан да өзінің планетарлық, тіпті космостық ойлау үрдісін дамытады.

Педагог – шығармашыл тұлға.Ол бірсарындылықты ұнатпайды, сондықтан үздіксіз ізденіс үстінде, жаңашыл. Ойлап шығару, жүзеге асыру – оның қалыпты кәсіби үлгісі.

Мұғалім – еркін тұлға. Оның еркіндігі өмірде және кәсіби қызметте мәдениет әлемінде өз орнын табуынан көрінеді. Оның еркін ой - пікірі және кәсіби жауапкершілікті сезінуімен тұтастықта. Өзін - өзі бағалай алады, алайда менмендікке жол бермейді. Ол материалдық және рухани құндылықтар әлемінде өз бағытын еркін айыра алады, педагогикалық догмалардан аулақ. Ол батыл шешім қабылдайды, өзінің өмірлік позициясы бар, яғни айналадағы ортаға, адамдарға, өзіне деген қарым - қатынастың берік жүйесі бар.

Педагог – адамгершілігі мол, мейірімді тұлға.Бүкіл тіршілік атаулыға, әсіресе балаға үлкен сүйіспеншілікпен қарайды. Өзімен көз қарасы сәйкес келмейтін адамдарға төзімділік танытады. Әр ұлт өкілдеріне және халықтың салт - дәстүрлеріне сыйластықпен қарайды. Педагог – бәсекелестікті тұлға. Жоғары кәсіби шеберлікті меңгеру үшін рынок жағдайында өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін біліп, мықты жақтарына сүйене отырып, әлсіз жақтарын жетілдіріп отыру керек. Озық педогогикалық тәжірибелерді оқып, танып өз ой елегінен өткізе отырып, шығармашылықпен қолдана білу керек. Кәсіби мәні бар басылымдарды қадағалап, үздіксіз білім жетілдіру курстарынан өтіп отырған жөн. Бәсекелестікті тұлға болу үшін тек өз елімізде емес, білім кеңістігінде болып жатқан жаңалықтардан хабардар болады, жоғары еңбек нәтижесіне жетуге ұмтылады.

Педагог мәдениет адамы. Ол белгілі бір мәдени кеңістік пен әлеуметтік - мәдени ситуацияларды ескере отырып, ең жаңа ғылым, өнер жетістіктерін бойына сіңіреді. Өз халқының әдет - ғұрпы мен салт – дәстүрін бағалайды, біледі. Көркем және кәсіби әдебиеттерге қызығушылық танытады, өнердің алуан түріне мән береді, ең бастысы өзінің шәкірттеріне қызықтыра біледі. Педагог тәрбиеші.Педагог қандай бір бағытты қаламасын, қандай міндеттерді шешпесін, негізгі қызметі – тәрбиешілік. Тәрбие үрдісі тәрбиеленушілердің алуан түрлі іс - әрекеттерін (ойын, оқу, еңбек, жеке, ұжымдық) педагогикалық басқару негізінде жүзеге асады

Қазіргі кезеңде тәрбиеші – педагогтың тәрбие жұмысын ұйымдастырушы ретінде нақты тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған білім, білік қабілеттеріне талдау жасау керек. Мұғалім – тәрбиеші үшін ең маңызды, ең шешуші құндылықтарға назар аударған жөн. Құндылықтар жүйесі қазіргі мұғалімдердің педагогикалық мәдениетінің мазмұнын айқындайды. Негізгі құндылықтардың ең бастысы – бала, оның рухани – адамгершілік әлемі. Мұғалім үшін ең маңыздысы, оның іскерлігі болып есептеледі, сонымен қатар, психологиялық мәдениеттің де рөлі ерекше. Бала психологиясының дамуындағы қайшылықтар мен қиындықтарды түсіну үшін қажет. П. П. Блонский мұғалімдерді «практикалық психолог» болуға шақырады. Тәрбиеленушілердің жан - дүниесін түсініп, сезініп, олардың жеке - психологиялық қасиеттерін бағалаған жағдайда ғана табысқа жете алады. Педагог тәрбиеленушінің сеніміне, сүйіспеншілігіне әділетті болғанда ғана бөлене алады. Сондықтан ұжымдағы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы адамгершілік – психологиялық ахуал шешуші рөл атқарады.

Балаларды қызықтыру, білім алудың қажет екенін сезіндірудің маңыздылығына нақты іс - шараға қатысуын қамтамасыз ету арқылы көз жеткізеді, бұл табысқа жетудің алғашқы қадамы болып саналады. Жұмыстың келесі кезеңі – тәрбие ісін жүзеге асыру барысында балаларды ұйымдастырып, топтық ұжымдық, ұжымдық ынтымақтасуы мен шығармашылық іс - әрекетін жүзеге асыру. Педагог тәрбиеші жобалай, болжай білу керек. Бір күн, бір апта, бір ай, бір жылды жобалап, болжай білген жөн. Сонымен бірге, тәрбиешінің тәрбиеленушімен белсенді қарым-қатынас құра білу тыңдай да, тыңдата да білу керек. Дер кезінде батыл шешім қабылдай алуы да маңызды. Жоғары рухани деңгейі, зиялылық, жұмсақ жымиыс, жайлы дауыс, жеңіл әзіл ең кішкентай балалардан бастап, ересектерге де ұнайды.Жеңіл әзіл арқылы шиеленісті жағдайдың бетін қайтаруға болады.

Педагог – тәрбиеші үздіксіз даңқ пен табысқа кенеле бермейді. Қиын жағдайларда тығырықтан шығу үшін жеңіл әзіл (юмор) керек - ақ.

3. Педагогиканың қазіргі өзекті мәселелерін айқындап, өзіндік шешу жолдарын көрсетіңіз Оқыту мен тәрбие нәтижелерін есептеу мен бағалау тұтас педагогикалық процестің тиімділігі мен нәтижелігін көрсетеді. Сондықтан, жалпы оқыту процесіндегі оқушылардың білім, білік және дағдыларын тексеру мен бағалаудың қандай орын алатын, онда оқыту және тәрбие үшін қандай потенциалды мүмкіндіктер барын, бұл мүмкіндіктерді оқу іс әрекетімен белсендіру үшін қалай дамытып, пайдалану керектігін, оқыту жемісті болу үшін нәтижесіне не ықпал ететінін қарастыру қажет.

Оқыту нәтижесін тексерудің мәні оқытушылардың белгілі бір бағдарлама пән бойынша білім беру стандартына сай білімді меңгеру деңгейін анықтау. Алайда, қазіргі педагогикада тұтас педагогикалық процесті тексеру мен бақылау ұғымдарының ауқымы айтарлықтай кең. Бақылау мазмұнының мәні ерекше. Тексеріске ұшырайтын оқушылардың білім, білік және дағдылары болып есептелінеді. Білімдерден басқа шәкірттердің әлеуметтік және жалпы психологиялық дамуы мектеп жетсітіктерін тексерудің мазмұны болып табылады. Мектеп тек білімдерді қалыптастырып қана қоймай, тәрбиелеп, дамытатын болғандықтан, мектеп жетісткітерін тексеру бағыттарында да жүргізілуі керек.

Осылайша, тұтас педагогикалық процесте оқу-тәрбие жұмысы нәтижелерін есептеу мен бағалау мұғалімдер мен оқушылар қызмет-әрекетіндегі құбылыстардың барлық жағын қамтуы керек.

Мектептерде педагогикалық қызмет-әрекеттің нәтижелерін есепке алу мен бағалау мектеп ішіндегі бақылау жүйесіне енгізілген. Мектеп ішіндегі бақылау қойылған міндеттерге сәйкес тұтас педагогикалық процеске түзетулер енгізу мақсатында оқу-тәрбие процесін жан-жақты зерттеу мен талдау.

4

  1. Білімдендіру жүйесіндегі нормативтік құжаттарды атаңыз Қоғамдағы жеке тұлғаның қажетін өтеуге бағытталған, білім берудің мемлекеттік нормасы білім стандарты сапалы білімділік жүйесі арқылы түсіндіріледі. Білім стандартының объективті негізі оның мазмұны оқу жүктемесінің көлемі және оқушыларды дайындау деңгейінің көлемі болып табылады.

Әрбір объектіде белгіленген негізгі білімге қойылатын талап және норма білім сапасын анықтайтын эталон спеттес негізінен білім стандарты оқу процесіне қатысты іс-әрекетті ұйымдастыруды реттейтін жалпы орта білім сапасынынң белгіленген нормаға сәкес оған қойылатын талапқа сай бағытталуы тиіс. Нормативтік сілтемелер: Қазақстан Республикасының Конституциясы; «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. 27.07.2007 ж «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 11.07.1999 ж. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 11.10.2004 ж, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясы» атты Қазақстан халқына жолдауы; Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына жолдауы; «Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын әзірлеудің, бекітудің және қолданылу мерзімдерінің тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі № 1290 қаулысы; ҚР МЖБС 2.003-2002 Қазақстан Республикасының орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты. Негізгі ережелер; ҚР СТ 1.5-2004 Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойатын жалпы талаптары. Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы – жалпы орта білім беру жүйесінің мақсаты, міндеттері, ұйымдастыру ұстанымдары мен бағыттары бейнеленетін негізгі құжат болып табылады. Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы «5» желтоқсандағы № 506 бұйрығымен бекітілген. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

2 Жоғары мектеп оқытушысын даярлау үрдісі. Кәсіби оқыту процесінің мәнін атаңыз

Әлемнің алдындағы қатарлы елдерінде жоғары және жоғары оқу орныннан кейінгі білім беру жүйесінің дамуын сараптасақ онда кредиттік білім беру жүйесін мамандар даярлауға үш сатылы модульді кеңінен таратқан: бакалавриат, магистратура, Рһ – Д доктарантура. Бұл модуль АҚШ университеттерінде және Европалық көптеген елдерінде қолданылады. Бұл білім беру жүйесі қазіргі таңда академиялық ұтқырлықты және еңбек нарығының тез өзгеріп тұрған шағында мамандарға деген сұранысты қамтамасыз етеді. Осыған орай Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесі педагог кадрларын даярлау барысында олардың біліктілігін арттыру мақсатында білім беру мазмұнын реформалауда. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына (2010 жылдың 7 желтоқсанында № 1118 Президент жарлығымен бекітілді) сәйкес педагог кадрлардың біліктілігін арттыру мәселесі тез арада шешуді талап етеді. Білікті педагогтар педагог мамандығының мәртебесін көтерудің қуатты факторы болып табылады. Педагогтың мәртебесі оның интеллектуалдық, кәсіптік деңгейімен, жеке тұлғалық қасиеттерімен белгіленеді. Аталған қасиеттерді жетілдіру үшін біліктілікті арттыру жүйесінің қызметі осы бағытқа арналуы тиіс. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесіне өзгерістер ендіру қажет.

Осы негізде жаңадан құрылған «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының миссиясы педагог кадрлардың біліктілігін жүйелі арттыру, бұл корпоративті басқару, әлемдік және қазақстандық тәжірибені тасымалдау негізінде білімнің жоғары сапасын қамтамасыз етеді.

Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы бүгінгі таңда, педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесіндегі негізгі ұйым болып табылады. Орталық педагогтардың сапалық құрамын арттыруға және кәсіптік шеберлігін жетілдіруге бағытталды. Орталық өз жұмысында мына принциптерді басшылыққа алады:

1. Қоғамға бағытталуы. Біліктілікті арттыру педагогтардың бойында азаматтық, әлеуметтік және тұлғалық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталады.

2. Ғылымилық және инновациялық. Жаңа ғылыми нәтижелерді қолдануға үнемі ұмтылу, жаңа технологиялар, ғылыми білім мен ақпаратты қолдануға дайындық.

3. Үздіксіздік. Педагогтардың өмір бойы үздіксіз білім алуын қамтамасыз ету.

4. Көптүрлілік (Диверсификационность). Білім сапасын арттыруға және біліктілікті арттыру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қызметтің жаңа түрлерін меңгеру, қызметтердің түрлерін, санын көбейту.

5. Ашықтық (транспарентность). Орталықтың жұмысы туралы ақпараттың ашықтығы және қол жетімдігі, құрылымдық тұтастық пен тұтас жүйенің айқындығы.

6. Автономия және академиялық тәуелсіздік. Басқарудың дербестік және коллегиялық сипаты мен демократиялық принциптер негізінде шешім қабылдау, әрбір адамның жеке жауапкершілігі, оқытушыларға білім беру қызметінде академиялық тәуелсіздікті қамтамасыз ету.

7. Заңға сәйкестік. Орталық өз қызметінде барлық құқықтық нормаларды сақтайды.

8. Көшбасшылық. Педагогтардың біліктілігін арттыруда көшбасшылыққа ұмтылу, басқарудың бір вертикалын және менеджменттің жаңа принциптерін енгізу.

Кәсіптік деңгейдің сапалық өсуін қамтамасыз ету үшін мына жұмыстар белгіленді:

- жаңартылған қысқамерзімді біліктілікті арттыру курстары;

- жаңа жүйе бойынша үш айлық біліктілікті арттыру курстары;

- e-learning электрондық оқытуды енгізу бойынша біліктілікті арттыру курстары;

- «Назарбаев интеллектуалдық мектептер» АҚҚ жанынан құрылған Педагогикалық шеберлік орталықтарында оқыту;

- шетелдік біліктілікті арттыру курстарында «Өрлеу» орталығының қызметкерлерін оқыту;

- қазіргі білім беруді дамытудың бағыттарына сәйкес жасалған біліктілікті арттыру курстарының мазмұнын жаңарту;

- жаңа мазмұн жасау;

- ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолдануды ендіру.

Кадрларды даярлау жүйесін әлемде жалпы қабылданған бакалавр-магистр моделіне көшірудің негіздері қаланды. Жоғары оқу орындарына айтарлықтай академиялық еркіндік берілді. Оқытуда пайдаланылатын ғылыми зерттеулер жанданып, академиялық ұтқырлық арта түсті. Қазақстан Республикасының 19 мыңға жуық азаматы әлемнің 35 елінде оқиды. Жоғары оқу орындарындағы бір бейінді мамандықтарға даярлау жоспарлы экономикаға тән тұрақты салаларға және тұтынушыларға ғана бағдарланған. Әлеуметтік серіктестік және кадрларды атаулы даярлау, әсіресе, өңірлік деңгейде одан әрі дамытуды қажет етеді. Техникалық, аграрлық, технологиялық, ветеринарлық мамандықтар бойынша мемлекеттік тілдегі оқулықтар мен оқу құралдарының тапшылығы байқалады. Жоғары оқу орындарындағы оқулықтардың, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттердің 50 %-ы жаңартуды талап етеді. Қайта даярлау және біліктілігін арттырудан өткен мұғалімдердің саны өсіп келеді.

Ғалымдар мен мамандардың пiкiрiнше, педагогтың ақпараттық мәдениетiн дамытудың негiзгi факторы ақпараттық және компьютерлiк технологияларды қолдануға бaйланысты бiліктілiктi көтеру жүйесi болып саналады. Педагогтардың ақпараттық және коммуникациялық технологияларды оқыту процесiнде колдана бiлу мүмкіндігін дамыту Мақсатында оку курстарын ұйымдастырудың қажеттiлiгi бүгiнгi бiлiм беру жүйесiнің кезектi мәселесiнiң бiрiне айналып отыр

Жақсы мұғалім — бұл қай кезде де ең алдымен кәсіби деңгейі жоғары, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға. Ол оқытудың жаңа технологияларын өмірге ендіруге дайын, оқу-тәрбие ісіне шынайы жанашырлық танытатын қоғамнын ең озық бөлігінін бірі деп ссептеледі. Және солай болуға тиіс, Жоғары оқу орнында білікті мұғалімді даярлау үшін оқытушының да, студенттің де қажымас еңбегі қажет. Педагогикалык практика мұғалімді кәсіби даярлау жүйесінде басты элемент болып табылады. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасынын педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру саласында "педагог кадрларды даярлау бағдарламаларына оқытудың бүкіл жылдар бойы үздіксіз педагогикалық және психалогиялық-педагогикалық практиканы енгізу" қажеттігі көрсетілген.

Кейінгі уақытта бұрын қалыптасқан ережеден ауытқып, педагогикалық практика тек бітіруіні курстарда ғана өткізіліп келді. Қазіргі студенттер Қазақстан Республикасының Білім жэне ғылым министрлігінің 2001 жылы дайындалған мемлекеттік жалпы білім беру стандарты бойынша білім алып жатса, бұл стандартта педагогикалық практика 1-курстан басталады, Бір ерекшелігі, 2004 жылы дайындалған мемлекеттік стандартта да барлық практиканың түрлері сақталып, ол 1-курста басталып соңғы курста аяқталады.

Үздіксіз педагогикалық практика жүйесі келесі кезеңдерден тұрады:

1) психологиялық-педагогикалык диагностика және тәрбие жұмысының әдістемесі бойынша практика (1-курс);

2) ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі бойынша практика (2-курс);

3) бастауыш мектептегі алғаш сабақ беру практикасы (3-курс);

4) оқу-тәрбие практикасы (4-курс).

Мұғалім кадрларын кәсіби окыту жүйесінде педагогикалык, практика өте маңызды орын алады. Ол жоғары оқу орнындағы оқу-тәрбие үрдісінің басты бір бөлігі болып табылады да, болашақ мұғалімдердің теориялық дайындығы мен практикалық іс-әрекетін біріктіруін қамтамасыз етеді.

Педагогикалық практика үрдісінде келесі міндеттер шешімін табады:

- студенттсрді мұғалім мамандығына деген қызығушылық пен сүйіспеншіліктің тұрақтылығына тәрбиелеу;

- нақты педагогикалық міндеттерді шешу барысында психологиялық-педагогикалық және арнайы білімдерді пайдалану үрдісін терендету, бекіту;

- болашақ мұғалімдердің кәсіби іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру және дамыту: педагогикалық қызметке шығармашылық, зерттеушілік ыңғайға бейімдеу.

Педагогикалық практиканың тиімділігінің негізгі шарттары - оның кәсіби бағыты, теориялық негізділігі, оқыту және тәрбиелеу сипаты, педагогикалық практиканың мазмұнына және ұйымдастырылуына комплексті тұрғыдан қарау, жүйелілік, оны өткізудегі қажеттілік.

Педагогикалық практика кезінде студент келесі кәсіби-педагогикалық іскерлік негіздерін меңгеруі тиіс:

- оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін және ұжымның әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, нақты оқу-тәрбие міндеттерін анықтау;

- оқушылардың дамуы мен тәрбиесін диагностикалау және жобалау мақсатында оқушы тұлғасы мен ұжымды зерттеу;

- педагогикалық қызметтің ағымдағы және болашақтағы жұмыстарды жоспарлауын жүзеге асыру (пән бойынша оқу және сыныптан тыс жұмыстар, әртүрлі іс-әрекеттерде т.б.);

- оқушылардын оқу-танымдық қызметінде басқарудың әртүрлі формалары мен әдістерін пайдалана алу және білім-тәрбие міндеттерін шешу;

- балалар ұжымын алға қойған міндеттерді орындауын ұйымдастыру (өз іс-әрекеті мен оқушылар іс-әрекетінің жүйелілігін анықтау, белсенділерді анықтау, ұжым мен белсенділердің қарым-қатынасын үйлестіру, бакылауды жүзеге асыру, жұмыстың қорытындыларын шығарып, оны талдау);

- мұғалімдермен, сынып жетекшілерімен, тәрбиешілермен, ата-аналармен және тәрбис ісіне қатысы бар барлық адамдармен дұрыс қарым-қатынаста болу;

- оқу-тәрбие жұмысын бақылау және талдау;

- ата-аналар арасында педагогикалық насихат жұмыстарын жүргізу.

Қорыта айтқанда, болашақ мұғалімнің кәсіби қалыптасуында үздіксіз практиканың алатын орны ерекше. Ол педагогикалық оқу орны мен мектеп арасындағы тығыз байланыстың нәтижесінде жүзеге асырылады. Нақты жүзеге асырудың тікелей жолы - студенттер үшін "Мектеп күнін" өткізуді қайтадан қалпына келтіру (бұрын болған). Бұл педагогикалық оқу орындарының студенттері аптаның бір күнінде толығымен мектепте болып, алдына қойған міндеттерге жетудің тікелей жолы. Өйткені, қазіргі 1,2-курс студенттері практикаға сабақтан шыккан уақытта барады, бұл кезде студентгердің қандай да бір нәрсеге үйренуге деген қызығушылығы төмен болады деп ойлаймын.

Сонымен қатар, қазір белгілі болғанындай, республика мектептері 2008 жылдан 12 жылдық білім беру жүйесіне көшкелі отыр. Осы мәселені ескере отырып студентгерді 12 жылдық білім беру бойынша бағдарламалармен жұмыс жүргізіп жатқан мектептердегі экспериментальды сыныптарға практикадан өтуге жіберуді де қазірден бастап ойлағанымыз дұрыс.

Болашақ оқытушыларды даярлауда оқыту мен тәрбиенің дидактикалық, педагогикалық-психологиялық мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған оқыту технологияларын қолдану мынадай қажеттіліктерге алып келеді, яғни: - қоғамды ақпараттандырудың қазіргі жағдайында білімгердің кәсіби тұлғалық міндеттеріне сай келетін оқыту мен тәрбиенің мазмұнын, әдістерін және ұйымдастыру формаларын таңдау стратегиясының әдіснамасын тұрақты түрде жетілдіру; - ақпараттық технологиялардың күн санап артып отырған мүмкіндіктерін ескеретін оқыту және кәсіби даярлау әдістемесін жасау; - болашақ оқытушының интелектуалды, тұлғалық потенциялын дамытуға ӛздігінен кәсіби білімнің жетілдіру іскерліктерін қалыптастыруға бағдарланған ӛзіндік әрекеттің бірнеше түрін жүзеге асыра алатын кәсіби маман моделін жасау; - қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар мен педагогикалық құралдарды қолдануға сүйенетін оқытудың әдістемелік жүйесін жасау.

Болашақ мұғалімдердің даярлығының құрылымдық - мазмұндық моделі мынау болмақ: - кәсіби біліктілігін кӛтеруге бағыттылығы - пән бойынша инновациялық іс-әрекетке ұмтылуы -мультимедиялы технологияларды қолдануға ұмтылуы -педагогикалық іс-әрекет теориясының кәсіби біліктілік тұрғысындағы негіздерін білуі -барлық мүмкіндіктерді ескере отырып инновациялық іс-әрекеттің кӛбіне нәтижелі болғандығын сезінуі - іс-әрекетін инновациялық тұрғыда шеше алуы -мультимедиялы технологияны қолдана алуы.Ӛзінің кӛп жылғы ізденуі, оның педагогикалық міндеттерді шешу мақсатында педагогикалық процесте қолдану арқылы педагог кӛптеген фактілерді жинақтайтыны белгілі. Сол фактілерді жинақтай отырып, педагог кӛптеген жылдар бойы олардың туынау себептерін, оларды басқарып тұрған заңдылықтарды зерттейді. Соның нәтижесінде ол тәжірибе жинақтайды.

3 Жоғары мектепте белсенді оқыту мен инновациялық оқыту әдістерін салыстырыңыз. Жоғары мектепте инновациялық оқыту әдістерін қолдану не үшін қажет деп ойлайсыз? Жауабыңызды дәйектеңіз

Тұтас педагогикалық процесс құрайтын екі процестің бірі - оқыту. Ол объективті шындықтың күрделі процесі, сондықтан оған толық және жан-жақты анықтама беру өте қиын. Қазіргі түсінік бойынша оқытудың екі жақтылығы айтып өтуге болады: оқушы мен мұғалімнің біріккен іс-әрекеті; мұғалімнің басқаруы; арнайы ұйымдастырылуы; бірлігі және тұтастығы.

Қазақстанда оқыту әдістерін зерттеу мәселелерімен Р.Лемберг, Қ.Бержанов, А.Бейсенбаева т.б. айналысты. Оқыту әдістері белгілі бір негіз бойынша топтарға бөлінеді. XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді. Сол кезеңде Н.М.Верзилин, Е.Я. Голант сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынды. М.А.Данилов (1899-1973), Б.П.Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды.

Олар: білім, білік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың пікірлері бойынша оқыту әдісі - дидактикалық мақсатқа жету үшін студенттердің іс-әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың алдында тұрған міндеттермен сәйкестендірілген Жаңа білім беру жүйесі дәстүрлі оқыту үдерісін түбегейлі өзгертуді және оқытудың жаңа технологияларын оқыту үдерісіне тиімділікпен енгізу жолын негіздейді. Бұл жаңа бағыт оқудың нәтижесін алдын ала болжап және сол арқылы білімгерлердің өзін-өзі дамытуға қатысуын мүмкін етеді. Жаңа педагогикалық технологиялар жүйесін қалыптастырған еңбектер мен зерттеулерде қазақстандық мектептердің болашағына игі ықпалын тигізер жолдар мен бағыттар да айқын танылады. Студенті білім беру үдерісінің нысаны ғана емес, сол үдеріске қатысушы маңызды субъектісі деп санап, оның ана тілінде терең ойлай алуы мен шебер сөйлеуін, сауатты жазу тілін дамытып, оқу барысында алған білімі мен игерген машық-дағдыларын өмірдің қажетті жағдаяттарына сай әрі дұрыс қолдана алатын дәрежеге жеткізу – жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мақсаты.

Инновациялық технологиялардың ішінде өзіндік орны бар технологияның бірі – дамыта оқыту технологиясы болып отыр. Бұл технология қазақстан мектептерінде біртіндеп қолдана басталды. Енді аталған жаңа технологияның дәстүрлі оқыту технологиясынан айырмашылықтарына көз жүгіртсек:

Дамыта оқытудың негіздері таным теориясы мен диалектика ілімінде жатыр. П.П.Блонский дамуға индивидтің абстрактіден нақтыға және керісінше, нақтыдан абстрактіге қарай қозғалыс жасай алуын жатқызса, Д.Н.Богоявленская мен Н.А.Менчинская – оқи алуды, яғни қысқа мерзімде жоғары үлгерімге жетуді, Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды нәтижелі етеді деп есептейді: байқампаздық, ойлау және практикалық әрекеттер жасай алу. В.В.Давыдов дамудың негізгі көрсеткіші ретінде тұлғаның жинақтай, қорытындылай алу дағдысын жатқызады.

Л.С.Выготскийдің идеясын ұстана отырып, дамыта оқытудың мәні –оқушылардың теориялық ойлауын дамытуда деп тұжырымдаған Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдов, Л.В.Занков өз зерттеу еңбектерінде негізгі орталық ұғым ретінде – ойлау және сонымен байланысты даму ұғымдарын мәселе етіп қойды.

Ойлау – таным теориясының негізгі философиялық категориясы. Дүниені танудың екі жолы бар. Оның бірі - затты дерексіздендіру арқылы немесе абстрактылы ұғым арқылы ойлау болса, екіншісі – ұқсату, елестету, сезім арқылы ойлау. Дамыта оқыту бұл екеуін бірлікте қарай отырып, оқушылардың теориялық білімі мен ойлау қабілеттерін арттыру арқылы дүниені танудың ғылыми-теориялық және логикалық әдістерімен қаруландыруды көздейді.

Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылады. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.

Дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснама жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту бала бойындағы табиғи қабілеттерді, ойлауды, жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақтауға, ал дамыта оқыту дербес жұмыс істеуге, алған білімді пайдалана білуге үйретеді.

Қорыта айтқанда, дамыта оқыту технологиясында басты назарда теория мен практиканың бірлігін ұстанады. Меңгерген теорияны практикада қолдана отырып, ол сол теорияны жақсылап меңгереді. Ал дәстүрлі оқытуда тек теорияны жаттауға негізделеді де, оны есте сақтау қабілеті жоғары балалар ғана меңгереді.

Интерактивті оқыту деп психологияға негізделген адамдардың өзара қарым-қатынасын мен өзара әрекетін айтады. Мұғалімнің әрекетінде басты орталық орынды оқылатын бір индивид емес, өзара әрекетке түсіретін, бір сауалды шешу барысында қарсы пікір білдіріп немесе келісетін, бірін-бірі жігерлендіріп, белсендіретін белгілі бір топ. Интерактивті технологияны қолдану барысында, ол әсіресе, адамдар ұжым болып шындықты іздеуде интеллектуалдық белсенділік рухын, жарыс, бәсекелестік, бақталастықты туғызады. Сонымен қатар ең қызықтысы интерактивті оқыту технологияны қолдану кезінде «жұғу» деген психологиялық феномен бар, яғни, еліктеу емес жұғу. Бұл жұғу процесі көршісінің пікірі мен ойы еріксіз өзінің жеке көршісінікіне ұқсас, я жақын аналогиялық пікірін тудырады. Мұндай оқыту процесі кезінде мұғалім тарапынан кітап оқып, оның түсінігін айту сабағындағыдай енжарлық емес, аса үлкен белсенділік танылуы керек. Мұғалім сөз етілген тақырыпқа ғылыми нақты дәлелдер мен осы жағдайға қатысты өзінің жеке тұлғалық дүниетанымы мен құлықтық көзқарасын білдірген сәтте, интерактивті технологияны оқыту тұрғысынан, сонымен бірге тәрбиелеуде де айтарлықтай нәтежиелілігін көрсете алды. Бұл пікірсайыс кезінде мұғалімнің үлес қосу формасы әртүрлі болуы мүмкін, бірақ міндетті түрде ол өз ойын оқушыға міндеттеп, жүктемеуі қажет. Бұл әдістер оқыту барысында тәрбиеленушілерді тұлға ретінде қалыптасуға бірден-бір әсер етеді. Осылайша әр сабақта демократиялық принцип шын мәнінде орын алады.

Сабақта интерактивті әдістерді пайдалануда төмендегі шарттар орын алулары тиіс. Мақсатты нақты белгілеу. Мұғалім студенттердің топпен жасалатын жұмыстарының мәнін, ережесін түсініп, топпен жұмыс жасауға дайын екендіктеріне толық сенімді болуы керек.

Бұл үшін практикалық сабақтарда индивидуалдық, топтық, екі адамды қатыстыратын зерттеу проектілері, рөлдік ойындар жүргізіп, білім алушыларды әртүрлі ақпарат көздері мен қызықты құжаттар, шығармашылық жұмыстармен жұмыстанады. Соның ішінде топтық ең тиімді топтық оқыту формасына нақты жағдайды талқылау, “ми шабуылы”, проектіні орындау және жүзеге асыру (ақпараттық, ойындық, зерттеу және шығармашылық), еркін пікірталас және т.б. жатқызуға болады. Бұл формалар өз нәтежиесінде жаңа оқу мәлімет туғызатын ақпарат алмасу жағынан интерактивті.

Интерактивті әдістердің шартты түрде тренинг, рольдік ойын деп бөлінуі оның белсенді сипаттамасын дәлдей түсіп, ұстазға оқыту мақсатына жету үшін аз сағат ішінде көп көлемді материалды меңгертуге оқушы мен оқытушының синхрондық әрекеттерін арнайы ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

5

1. Педагогика ғылымы және оның адам туралы ғылым жүйесіндегі ролін көрсетіңіз

Педагогика деген сөз гректің «пайдос» – балалар, «аго»–жетелеу деген сөзінен шыққан. Сондықтан «пайдагогос» дегеніміздің сөзбе-сөз аударма-баламасы «баланы жетелеп жүруші» деген мағынаны білдіреді. Ертегі Грецияда өз қожасының баласын қолынан ұстап, жетелеп мектепке алып барушы құлды педагог деп атаған, ал баланы мектепке көбінесе оқымысты басқа құл оқытқан. «Педагогика» сөзі кейінірек «баланы өмір ағынымен жетелеу» өнері ретінде, яғни баланы тәрбиелеу, оқыту, оның рухани дамуына және дене жағынан дамуына бағыт беру өнері ретінде түсінілетін болды. ХХ ғасырдың ортасына дейін педагогика баланы оқыту және тәрбиелеу туралы ғылым ретінде танылды. Бірақ соңғы кезеңдерде өмір (заман, қоғам) талабына сай тұлға ретінде қалыптасып жетілу үшін тек балалар ғана емес сонымен қатар үлкендерде білікті педагогикалық басшылықты қажет ететіндігі мойындауда. Сондықтан,қазіргі кезеңдегі педагогика – тек балалар тәрбиесі туралы ғылым ғана емес, ол сонымен қатар жалпы адамзат баласының тәрбиесі туралы ғылым. Мұнда «тәрбие» ұғымы адамзат баласына білім беруді де, адамзат баласына оқытуды да, дамытуды да қамтып, мейлінше кең мағынада қолданылып отыр. Демек, педагогика адамзат баласының кең мағынадағы тәрбиесі туралы ғылым.Педагогика оқулықтарында, жекелеген ғалымдардың зерттеу жұмыстарында, сөздіктер мен анықтамаларда педагогика ғылымына берген анықтамалар көп және әртүрлі. Соларды жалпылай келе, қорытындылайтын болсақ, педагогика – тәрбие туралы ғылым болып табылады. Педагогикалық ойлар алғашқыда философия, діни ілімдер жүйесінде, саясаттануда, құқықтануда, әдебиетте дамыды. 12 ғасырдың басында жеке ғылым болып бөлініп шықты. Ф.Бэконның, Я.Коменскийдің еңбектерінде Педагогиканың дербестігі беки түсті. Олардың ізінше Д.Локк, Жан Жак Руссо, И.Песталоцци, И.Гербард, А.Дистерверг еңбектері жарық көрді. Орта ғасырларда жастарға білім және тәрбие беру ісі діни орындардың қолында болды. Мешіт жанынан медреселер, шіркеу жанынан приходтық, соборлық, монастырлық мектептер ашылды. Олардың бәрінде дерлік құдай заңы, төрт амалды есеп, таза жазу, еңбекке үйрету пәндері оқытылды. Кейіннен өндіріс пен сауда-саттықтың өркендеуіне орай гильдейлік мектептер ашылды, онда тауартану, заттың өзіндік құны мен сапасын анықтау, геодезия, топография сабақтары енгізілді. Педагогика адам дамуы мен қалыптасуының мән-мағынасын зерттей отырып, арнайы ұйымдастырылған үрдіс сипатындағы тәрбиенің теориясы мен әдістерін айқындайды. Адам жөніндегі ғылымдардың, теория идеяларын біріктіріп, оларды өз теориясын дамытуда негізге алады. Сондай-ақ Педагогика таза қолданбалық қызмет атқарып, адам тәрбиесіне бағытталған практикалық іс-әрекетті, яғни қажетті ептілік, дағды, қабілеттер жүйесін қамтиды. Білім берудің мақсатын, міндетін, мазмұнын, қағидалары мен әдістерін оқытудың дидакт. теориясын, адамды тәрбиелеу мен жетілдіру жолдарын тәрбие теориясы, оқыту мен тәрбие әдістерін іске асырудың жолдарын педагогика әдістемесі қарастырадВальдорфтік педагогика - антропософия, адам туралы, оның Әлемнің рухани негізімен бірлігі туралы мистикалық оқу негізінде Р. Штейнер әзірлеген (1861-1925) оқудағы және тәрбиелеудегі ғылыми-практикалық бағыт. Вальдорфтік педагогканың мақсаты - тәрбиелеу арқылы медитацияны, музыканы, эвритмияны (Р. Штейнермен және оның сөйлеу және музыкаға қатысты дене қозғалысы өнерінің ізбасарларымен өнделген) және т.б. балаға өзіндік өмір жолын таңдауға, өзіндік қабілет, қасиеттерін ашуға көмектеседі. Қазіргі кезде элемде 500-ге жуық вальдорфстік мектептер (олар біздің елде де ашылды) және 1000-ға жақын бала бақша бар. Гуманистік педагогика - XX ғасырдың 50-ші жылдарының аяғында 60-шы жылдардың басында АҚШ-та пайда болған гуманистік психология идеясының педагогикалық қайта жаңғыртуы сиякты қазіргі кездегі тәрбие теориясы мен тәжірибиесіндегі бағыт. Батыстагы ең бір көзге түсер өкілдері - К. Роджерс, Р. Барт, Ч. Ратбоун мен т.б. Аталған педагогикалық бағыттың негізгі тенденциясы - білімге тұлғалық- болжаулық қасиет беру, оқуда және тәрбиеде авторитаризмді игеру, оқушылардың білімдерін, іскерліктерін, және дағдылардың эмоционапды реңктерте іске асыру

2. ҚР «Білім туралы» Заңына сипаттама беріңіз.

Білім беру туралы заң, Қазақстан Республикасының Білім беру туралы Заңы — республика азаматтарының білім алуға конституциялық құқын қамтамасыз етуге арналған заң. 1999 жылы маусымның 7-нде қабылданды. Бұл Заңда мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері, орталық және түрлі деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар арасының білім беру саласындағы құзыретін шектеу белгіленген. Заңда білім беру саласындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін, білім процесі субъектілерінің құқылары мен міндеттері, өкілеттілігі мен жауапкершілігі белгіленген. Білім беру жүйесінің міндеттері көрсетіліп, осы сала ұйымдарының ережелері, бағдарламалары мен білім деңгейлері айқындалған. Сондай-ақ, білім беру жүйесін басқару мен оның экономикасы, білім беру саласындағы халықар. қызмет көрсетілген. ҚР-ның білім беру саласында мұнан басқа да жекелеген нормативті актілері бар.

3. Эдвайзердің жұмыс жоспарын құрастырыңыз

Жоғары мектептегі эдвайзер-ЖОО барлық педагогикалық қызметкерлер тәрбие функцияларын орындайды. Эдвайзер - ЖОО оқу-тәрбие жұмысының тікелей және негізгі ұйымдастырушысы, топтағы тәрбие жұмысын жүзеге асыру үшін кафедра меңгерушісі тағайындайтын ресми тұлға. Эдвайзердың мынадай функциялары бар: тәрбиелеу - әрбір студенттің және тұтастай ұжымның дамуы мен қалыптасуына педагогикалық басшылық жасау; ұйымдастыру-әкімшілік - ЖОО құрамындағы ұйымдық бірлік ретіндегі топқа басшылық жасау, студенттердің жеке іс қағаздары мен басқа да құжаттарын толтыру; үйлестіру - тәрбие процесіне қатысушылардың арасындағы өзара әрекеттестікті орнату. Эдвайзердың функционалды міндеттеріне мыналар жатады: студенттерді жан-жақты зерттеу мен тәрбиелеу, оларға оқу мен дамуға, өзін-өзі анықтау проблемаларын шешуге көмектесу, студенттердің топ ішіндегі тұлға аралық қарым-қатынастарын дамыту, ата-аналармен өзара әрекеттесу және оларға бозбалалар мен қыздарды тәрбиелеуде көмек көрсету, педагогикалық мәселелерді шешуде оқытушылармен өзара әрекеттесу, студенттердің үлгерімін, сабаққа қатысуын және тәртібін бақылау. Эдвайзер тек күнделікті болып жатқан жағдайларда ғана әрекет ететін ЖОО тәрбиешінің жұмысы тек ситуативті, жүйесіз болмауы маңызды, сонда ол өзінің жұмыс жүйесін қалай ұйымдастыруы, қайтып құруы тиіс. Сондықтан әдіскерлер Эдвайзердың тәрбие жұмысының циклын ұсынады, ол мынадай әрекеттердің жұмыс кезеңдерінің кешені, жиынтығы ретінде көрінеді. Қызметті міндеттер мен жоспарларға сәйкес ұйымдастыру, өткізу және түзету: Эдвайзерлық сағаттарды, экскурсияларды, жорықтарды, кештерді және т.б. өткізу. Куратор-эдвайзердің жұмыс тәртібі: Куратор-эдвайзердің кәсіби бағдар беру аптасында және алғашқы оқу күндерінде 1 курс студенттерімен жүргізетін жұмысы. Университетпен, факультетпен танысу. Студенттік топ активін сайлау. Куратор-эдвайзер сағаты. Студенттерді университеттегі студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарымен таныстыру. Куратор-эдвайзер оқу жылы барысындағы өзінің қызметін нақты жоспарлауы тиіс. Жұмыс жоспары бүкіл оқу жылы барысына құрылады. Жоспардың негізгі құрылымдық элементтері төмендегідей аспектілерден құралуы тиіс: жеке жұмыс; кураторлық сағаттар;ьата-аналармен өзара қарым-қатынас; университеттің, факультеттің іс-шараларына топтың қатысуын қамтамасыз ету. Эдвайзердің жұмыс жоспары:1 Кәсіби бағдар беру аптасы аясында бірінші курс студенттерімен танысу 2 Студенттер туралы әлеуметтік мәліметтер жинау 3 Студенттерді ХҚТУ студенттерінің Ар кодексімен, университеттің академиялык саясатымен, кызығушылығы бойынша үйірмелерге қатысу мүмкіндіктерімен таныстыру 4 Көшбасшылық қабілеттерге мониторинг жүргізу 5 Конституция Күніне, Қазақстан Халықтарының тілдері мерекесі күніне арналған тақырыптық-кураторлық сағаттарды өткізу 6 Топ активін сайлауды ұйымдастыру 7 Оқу үдерісі кестесінің орындалуын және сабаққа қатысуды тексеру 8 Университет, факультет іс-шараларына қатысуь 9 Студенттердің тұрмыстық мәселелерін шешуге көмек көрсету, жатақханада тұратын студенттерге бару 10 Қалалық және университеттік сенбіліктерге қатысу 11 Театрға, киноға бару мәдени шараларын ұйымдастыру 12

Топ ішінде іс-шаралар ұйымдастыру 13 Халықаралық студенттер күніне арналған тематикалық кураторлық сағатты өткізу 14 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған тақырыптық кураторлық сағат өткізу 15 Бірінші жарты жылдыққа студенттермен жүргізілген тәрбие жұмысы туралы есепті дайындау 16 Қысқы емтихан сессиясының қорытындысын топпен талқылау 17 «Үздік студенттік топ» байқауының ережесімен танысу 18 Президенттің жыл сайынғы Қазақстан халқына жолдауын талқылау 19 Халықаралық әйелдер күні мен «Наурыз» мейрамына арналған тақырыптық кураторлық сағаттар өткізу 20 Қалалық және университеттік сенбіліктерге қатысу 21Куратор-эдвайзерлерге арналған біліктілікті арттыру курстарына және семинар-тренингтерге қатысу

6

1 Кредиттік технология негізінде жоғары мектепте оқыту процесін ұйымдастырудың жолдарын көрсетіңіз. Оқытудың кредиттік технологиясын пайдалана отырып оқу процесін ұйымдастырудың басты міндеттері мыналар болып табылады:білім көлемін бірыңғайлау;оқытуды максимум жекелендіру үшін жағдай тудыру;білім алушылардың дербес жұмысының ролі мен тиімділігін күшейту.Оқытудың кредиттік жүйесіне (ОКТ) тән ерекшеліктер мыналар болып табылады:- әрбір пән бойынша білім алушылар мен оқытушылардың еңбек шығындарын бағалау үшін кредит жүйесін енгізу;- жеке оқу жоспарын құрастыру кезінде жұмыс-оқу жоспарына енгізілген элективтік пәндер арасынан оқыту пәнін таңдау еркіндігі; -жоғары оқу орнында профессорлық-оқытушылар құрамның жеткілікті саны кезінде білім беретін оқытушыларды таңдау еркіндігі; -өзінің жеке оқу жоспарын құрастыруға білім алушының тікелей қатысуы;-білім траекториясын таңдау кезіндегі білім алушыға көмектесетін эдвайзерді оқу процесіне тарту; оқу процесін ұйымдастыруда, оқытушылардың педагогикалық жүктемесінің түрлерін есепке алу мен анықтауда факультеттің кең уәкілеттілігі; оқу процесін басылған және электронды түрдегі барлық қажетті оқу мен әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету; әрбір оқу пәні бойынша білім алушылардың оқу жетістіктері бойынша бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін пайдалану. Әрбір пән бойынша білім алушылар мен оқытушылардың еңбегін бағалау үшін кредиттер жүйесін енгізу. Бакалавриаттағы бір кредит аптасына жалпы оқу жүктемесінің 45 сағатына тең, олардың 15-і-аудиториялық (байланыс сағаты), 15-і – оқытушы басшылығымен студенттердің дербес жұмысы, 15 сағатты студент дербес игеруі тиіс және белгілі бір уақыт ішінде оқытушыға тапсыруы тиіс. Әрбір студент білім беру бағдарламасының міндетті компонентін толықтай игеруі тиіс және таңдау бойынша компоненттен кредиттің белгілі бір санын алуы тиіс. -Оқыту үрдісіне эдвайзерлерді қатыстыру; -Оқыту үрдісін қағазды және электронды жинақтауышта жиналған барлық әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету; -Әрбір пән бойынша бағаның баллдық-рейтингтік жүйесін пайдалану. Студенттердің білімдерін бағалау 4 баллдық деңгей бойынша және пайыздар мен әріптік эквивалентте жүзеге асырылады. Бакалавриаттың білім беру кәсіби бағдарламасы 4 жыл оқу ішінде іске асырылады және кемінде 40 пәннен кем емес зерделеуден тұрады. Бакалавр дәрежесін алу үшін 128 кредит алу, практиканың барлық түрлерінен өту, мамандықтар бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру, диплом жұмысын немесе диплом жобасын қорғау керек. Теориялық оқытудың кезеңі 15 аптаға тең. Оқу жылы 2 семестрден және 2 аралық аттестациядан тұрады (емтихандық сессия) әрбірі 4 аптаға тең. Оқытудың күндізгі формасы кезінде жыл бойы 2 рет демалыс тағайындалады, қыс демалысы – 2 аптаға тең. Практика ұзақтығы оқу жоспарымен бекітіледі. Оқу жылының академиялық мөлшері қосымша семестрді енгізуімен ұлғайтылады, қосымша семестр қыс сессиясынан кейін 4 апта мөлшерінде және жаз сессиясынан кейін 4 апта мөлшерінде енгізіледі. Қосымша семестр студенттің жазылған өтініші негізінде академиялық қарыздарды және академиялық айырмашылықты жою үшін енгізіледі. Бакалавриаттағы оқытудың ұзақтығы – 4 жыл, мамандықтың оқу жоспарымен бекітіледі. Оқытудың барлық кезеңі барысында максималды академиялық мөлшер 40 оқу пәніне тең. Аралық аттестация емтихан түрінде өтеді. Бір академиялық сағат тең:

Кредиттік оқыту жүйесі бойынша бір академиялық сағат ұғымы барабарлық өзгерістерге ұшырайды, лекциятік, практикалық (семинарлық) сабақтар 1 байланыс сағатқа (50 минутқ1. немесе студиялық оқыту 1, байланыс сағатқа (75 минутқ1. немесе лабараториялық және дене тәрбиесі сабақтары 2 байланыс сағатқа (100 минутқ1., сонымен қатар барлық оқу практикалар түрлері 1 байланыс сағатқа (50 минутқ1., барлық педагогикалық практикалар түрлері 2 байланыс сағатқа (100 минутқ1., барлық өндірістік практикалар түрлері 5 байланыс сағатқа (250 минутқ1. тең. кредит (Сrеdit, Сrеdit-hоur) - білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін біріздендірілген бірлік. Бір кредит академиялық кезеңдегі білім алушының бір аптадағы аудиториядағы байланыс жұмысының бір академиялық сағатына тең. Әрбір лекциятік, практикалық (семинар) және студиялық сабақтардың академиялық сағаты міндетті түрде бакалавриаттағы студенттің 2 сағат (100 мин) өзіндік жұмысымен, магистратурадағы магистранттың 4 сағат (200 мин) өзіндік жұмысымен және докторантурадағы докторанттың 6 сағат (300 мин) өзіндік жұмысымен қоса беріледі; баға – студенттің берілген пәнді қалай дұрыс білетінін көрсететін сапалық көрсеткіші Кредиттік оқыту жүйесі – оқу үрдісін ұйымдастыруда жаңа ізденістерге мүмкіндік ашып, “жалпыға ортақ білім” парадигмасынан “әркімге арналған білім” парадигмасына қадам жасатады. Оқу пәні бойынша оқу әдістемелік кешені: -Әр пән бойынша силабус — бағдарламаларды оқытудан; -Практикалық (семинарлық) сабақтардың жоспарынан; -Студенттің өздік жұмысы бойынша тапсырмалардан; -Және тағы басқалардан тұрады. Оқу сабақтарын оқыту белсенді шығармашылық формаларда (кейс — сатылар, тренингтер, пікірталастар, дөнгелек үстелдер, семинарлар және т.т.) өткізу керек Оқу пәні бойынша білімді бақылау формасы — емтихан болады. Білімдері көп балды әріптік жүйе бойынша бағаланды. Қорытынды аттестаттауды өткізу формасы дипломдық жұмысты қорғау.Бірінші кезеңде кредиттік оқыту технологиясын енгізу арқылы осы салада нормативтік-құқықтық құжаттарды оқыту, қызметкерлер құрамын осы технология бойынша жұмыс істеуге үйрету, лауазымдық міндеттерді және спецификаны есепке ала отырып, кредиттік технология бойынша біліктілігін арттыру курсын әзірлеу қажет; Екінші кезең жалпыға бірдей мемлекеттік стандартқа сәйкес әзірленген типтік оқу жоспарларын зерттеу болады. Типтік оқу жоспары оқу процесінің құрылымы мен мазмұнын регламенттейтін негізгі құжат болады (техникалық және кәсіби білім үшін кредиттік технологияның сәйкестігіне жаңа мемлекеттік жалпыға бірдей стандарттарды әзірлеу қажет).Үшінші кезеңде академиялық күтізбені бекіту болады. Айта кету керек, академиялық күтізбе дәстүрлі оқу процесінің кестесінен ерекшелеу. Оның ерекшелегі академиялық күнтізбеде оқу-бақылау шаралары ғана емес, сонымен қатар мерекелік күндер де міндетті түрде көрсетілген. Студенттер шетел оқу орындарында жеке пәндерден білім алғысы келсе, олар каникул кезеңі туралы ғана ақпаратты біліп қоймай, сонымен қатар басқа да демалыс күндерін, мысалы, ұлттық мерекелерді де білулеріне байланысты.

Төртінші кезеңде оқу процесін жоспарлауда элективтік пәндер тізімдемесі (ЭПТ) қалыптасуды, барлық оқу пәндер тізбесі беріледі, білім беруге нақты бағдарламаларды таңдап алуға құрауым болып кіреді (оқушыға пәнді таңдап алуға құқық беру қажет, одан басқа, ол басқа оқу орынынан пәнді таңдап алса, кредиттер жинай алады, дұрыс білім беру кеңестігін құру үшін, барлық техникалық және кәсіби білім оқу орындары кредиттік технологияға көшуге тиісті); Бесінші кезеңде оқушылар ұсынылған КЭТ негізінде жеке оқу жоспарын құрастырады (ЖОЖ), жеке оқу жоспары әрбір оқушының бөлек білім алу траекториясын анықтап, эдвайзер көмегімен белгіленген тәртіппен тіркеу бөлімшесінде әр оқу жылына оқушының өзімен оқу пәндеріне алдын ала жазылу бойынша қалыптасады;Алтыншы кезеңде оқу процесіне енген барлық оқу-бақылау шараларының кешені мен бар оқу пәндерін толық көрсететін жұмыс оқу жоспарын құрастырады. Оқу үрдісінің ұйымдастырылуы мен жоспарлануы Оқытудың кредиттік жүйесі кезінде оқу процесі келесі түрде ұйымдастырылады:-аудиториялық сабақтар: лекциятер, практикалық сабақтар (семинарлар, коллоквиумдар), зертханалық сабақтар, студиялық сабақтар;-аудиториядан тыс сабақтар: оқытушы басшылығымен білім алушылардың дербес жұмыстары, жеке консультациялар, интернет - сессиялар, бейне-конференциялар;-оқу және кәсіби практиканы жүргізу, диплом жобасын әзірлеу, диплом жобасын дайындау;-білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау (сабақтарда сұрау салу, оқу пәндері бойынша тестілеу, бақылау жұмыстары, зертханалық жұмыстарды, курстық жұмыстарды, коллоквиумдар және т.б. қорғау);-аралық аттестация/қорытынды бақылау (оқу пәндерінің тараулары бойынша бойынша тестілеу, емтихан, практикалар бойынша есеп беруді қорғау), қорытынды мемлекеттік аттестация (диплом жобасын (жұмысын) қорғау).Оқу процесін ұйымдастыру үшін келесі құжаттама талап етіледі:1академиялық күнтізбе; 2оқу жоспары;3кесте;4әдістемелік қамтамасыз ету. Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында лекция сабақтар барысында дәстүрлі емес жұмыс түрлері ұйымдастырылады. Бұл студенттердің өзіндік жұмысын күшейтіп, тиісті материалды жартылай ізденгіштік әдіспен меңгеруге бағыттайды. Студенттердің лекция барысындағы оқу еңбегі де бағаланып тиісті ұпайы қойылады.

Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруда арнайы құрылған белсенді оқу материалдарын қолдану олардың пәнді терең меңгеруіне мүмкіндік береді.

2 Жоғары мектептегі тұтас педагогикалық үдеріс (түсінігі, құрылымы, құрауыштары, негізгі сипаттамасын беріңіз

Педагогикалық процесс – оқытушының оқушыға өмірлік тәжірибені үйретуі үшін құрылатын оқытушы мен оқушы арасындағы ұйымдасқан қатынас . Педагогикалық үрдіс ұғымын алғаш П.Ф. Каптерев ұсынған. Ол педагогикалық үрдісті: оқыту және тәрбие деп бөлген. Оқыту дегеніміз заман талабын ескере отырып, жеке тұлға қалыптастыру барысында олардың бойында білім, білік, дағды, іскерлікті мақсатты меңгерту мен дамыту процесі. Оқытудың негізгі қызметі оқушылардың білім, дағды шығармашылық-іс-әрекетке іскерлігін қалыптастыру болса, екіншіден олардың дүниетанымын қалыптастыру болып табылады. Оқу мақсаты – адамның білім қазынасын арттыра отырып, өзінің дұрыс өмір сүруі үшін алынған білімдерін қолдана алуы, сонымен қатар өз заманына сай, айтарлықтай шығармашылық потенциалы бар жеке тұлғаны қалыптастыру. Оқытудың ұйымдастырылуы формалары мен әдістерін таңдау педагогикалық процесстің жалпы әдіснамасының ұстанымдық ережелері негізінде дамиды және оқушылардың танымдық әрекеттерінің ұйымдастырылуымен тікелей байланысты. Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Оқыту заңдылықтары сыртқы және ішкі, жалпы және жеке деп бөлінеді. Сыртқы заңдылықтар оқытудың қоғамдық шарттардан, саяси-әлеуметтік жағдайлардан тәуелділігін сипаттайды. Ішкі заңдылықтар оқытудың мақсаты, әдістері, құралдары, түрлері арасындағы байланыстарды сипаттайды. Жалпы заңдылықтар бүкіл оқыту жүйесін қамтыса, жеке заңдылықтар оқыту жүйесінің нақты, жеке бөліктерін қамтиды. Оқыту принциптері:оқытудың ғылымилық принципі;оқытудың тарихилық принципі; көрнекілік принципі; Я.А.Коменский бұл принципті “Дидактиканың алтын ережесі” деп атаған. Көрнекілік принциптің құралдары: нақты объект; көлемді құралдар (модель, макет, муляждар және т.б.); көркем сурет (картиналар, фото суреттер, диафильмдер, т.б.); аудио,видио аппараттар және т.б. жеткіліктілік принципі;саналылық, белсенділік принципі; жүйелілік, бірізділік принципі; өмірмен байланыстылық принципі; Жаңа ѓасырдың бастауына дейінгі педагогикалыќ және жеке пєн методикасы саласындаѓы зерттеулер мен практикалыќ тәжірибелерді ескере келіп оќытудаѓы әдістеме мына тұрѓыда жүйеленді: 1. Түсіндірме иллюстративті әдіс. 2. Репродуктивті әдіс. 3. Проблемалы баяндау әдісі. 4. Ішінара іздену, немесе эвристикалыќ әдісі. 5. Зерттеу әдісі. Тәрбие білім беру, оқыту-ішкі жан дүниеге түрткі болатын, жағдай жасайтын, оларды іске асыратын - сыртқы жағдайлар. Сондықтан да философтар, психологтар адамның жан-дүниесін тәрбиелеудің қозғаушы күші бар екенін көрсетеді. Тәрбиелеу мен өзін-өзі тәрбиелеу ара қатынасынан тәрбиелік қарым-қатынас өрбиді. Тәрбиелік қатынас өзара қарым-қатынастың бір түрі, ол адамды тәрбие, білім беру, оқыту арқылы дамытуға бағыттайды. Тәрбие процесінің мәні педагогикалық жағдаяттардың шешімін табу және оның себептерін айқындауға тікелей байланысты. Қазіргі таңда бұл мәселе төмендегідей жіктеледі:Педагогикалық диагностика, яғни тәрбиеленушінің тәрбиелілік деңгейін анықтап, соған сай үйлесімді тәрбие процесін іске асыру міндеттерін айқындау.Бағыт-бағдарлы жоба құру. Тәрбиені іске асыруды жоспарлай отырып, оның мазмұнын, формасын, әдістерін анықтау.Ұйымдастырушылық, яғни жоспарланған іс-әрекетті іске асырудың тәсілдерін, жүргізілу жолдарын белгілеу.Нәтижені бақылау және бағалау. Тәрбие процесінің іске асырылуын бақылай отырып, нәтижесін бағалау.Тәрбие мен оқыту бір-біріне өте ұқсас, ұқсастықтарын атасақ:-тәрбие процесі құрамына оқытудың элементтері енеді, мысалға белгілі бір ережені орындауды талап етпестен бұрын, оны орындауға үйрету қажет; оқыту процесі оқытушы мен оқушы қарым-қатынасын ұйымдастырудан тұратын болса, іс-әрекет барысында оқытушы тәрбиелеушілік қызметті де атқарады; оқыту мен тәрбиелеу процесінде бірдей әдістер қолданылады (түсіндіру, бақылау т.б.).Екеуінің айырмашылығы оқыту барысында әртүрлі ғылымдардың негізін меңгерту көзделсе, тәрбие процесінде оның жеке қасиеттерін қалыптастыру көзделеді. Сонымен тәрбие процесінің сипаты:мақсатты бағытталумен;мақсаттың бірлігі ;ұзақтылығы; көп факторлылығы; тәрбие процесінің үздіксіздігі; кешенділігі; вариативтілігі; қарама-қайшылығы. Қорыта келе, өзіміз көріп отырғандай оқыту мен тәрбие тұтас процесс болғанымен өзіндік ерекшеліктері де бар.

3 Мәселелік оқытуды ұйымдастыру. Мәселелік сұрақтар құрастырыңыз

Мәселелік оқыту технологиясының негізгі мақсаты –оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту.

Мәселелік оқыту технологиясының ерекшеліктері мынандай:

- оқушының белсенділігін арттыру;

- оқу материалдарында баланы қызықтыратындай құпиясы бар мәселе туғызу;

-оқушы материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды ,білімге деген қажеттілін қанағаттандыру мақсатын да меңгереді.Проблемалық оқыту кезінде мұғалім ізденіс жұмыстарын ұйымдастырады, оның барысында оқушылар жаңа білім, іскерліктерді меңгеріп, жалпы қабілетін, зерттеу белсенділігін дамытады, шығармашылыққа үйренеді, оқу мен оқыту сипаты өзгереді. Оқушылар шағын зерттеу және шығармашылық-тәжірибелік жұмыстар мен айналысады. "Зерттеу" арқылыжаңабілімдер - факті, заңдылықтар, ұғымдар, принциптер, теориялар, («режелер, алгоритмдер қалыптасады.

Проблемалық оқыту процесі мынадай:

• Проблемалық жағдай жасау және мәселе қою.

• Мәселені шешу жолдарын - гипотезаларды ұсыну.

• Таңдап алған гипотезаның дұрыстығын жаратылыс-математика бағытындағы пәндерде тәжірибе арқьшы гуманитарлық пәндердегі ережелердің дұрыстығын түпдеректер арқылы тексеру.

• Нәтижелерді қорыту: жаңа білім, іскерліктерді оқушылардың бұрынғы білім, іскерліктеріне қосу, оларды теория меп тәжірибе арқылы бекіту.

Мұғалім әр кезеңде басшы, оқуды ұйымдастырушы. Оқушылардың белсенділігі материалдық күрделілігіне, оқушылардың дайындықтары мен деңгейлеріне, жабдықтарға байланысты.

Мәселелі оқыту, меңгеру үшін мұғалім мәселелік жағдаят, мәселе, мәселелік міндет (тапсырма), гипотеза сияңты ұғымдарды жақсы білу керек. Мәселелік оқытудық маңызды кезеңі мәселелік жағдаят. Мысалы 1-сыныпта математиканың жаңя ережесін меңгеруді алып қарайық. Оқушыларға 2+6=? дегеп мысал беріледі. Қосу мен алу тәсілдерін білгендіктен, олар мұны қиналмай шығарады: 2+6 =8.

Оқушылардың бұрын оқып үйренген амал тәсілдерін ойдағыдай қолданатынына көз жеткізген соң, мүғапім енді басқа мысал береді: х+6 =9. Бірінші сынып оқушылары мұндай есепті шығарудың тәсілдерін әлі білмейді, сондықтан олар мұны бірдеи шығара алмайды. (Мәселелі жағдаят жасалды).

Мәселелік жағдаятқа енгізілетін оқу проблемалары қиын да, бірақ оқушылар шеше алатындай болу керек.

мысалы мәселелі сұрақтарды студентерге қоюға болады:

Қолайсыз сыртқы орта жағдайларда өнімді ауыл шаруашылық өсімдіктер түрін таңдап өсіру. Су тапшылыққа ұшыраған ауданға бірнеше ауыл шаруашылық өсімдіктердің дәндерін әкелген. Оның ішінде бидай, жүгері, арпа болған.

Тапсырма:

1.Қандай өсімдікті таңдау қажет, және қандай көрсеткіштерді есептеп, өсімдіктің өнімділігін білуге қажет. Жауапты негіздеңіз.

2. Мысал ретінде осы үш түрлі өсімдікке өнімділігін сипаттайтын көрсеткіштерін есептеңіз.

Мәселелік міндет ұғымының педагогикалық әдебиетте екі түрлі мәні бар. Біріншісі - оқушыдан танымдық іс-әрекетті талап ететін кез келген тапсырма, екіншісі - кез келген міндет емес, оқушыларды өздері үшін жаңа білімдер алуға ықпал жасайтын міндеттер.

Гипотеза жорамал - ғылыми қиял формаларының бірі. Кез келген жорамал емес, әдетте дәлелденген жорамал ғана гипотеза болып санала алады. Гипотеза - проблеманы шешу тәсілі. Мысалы, бірінші мысалдағы есепті шығару үшін оқушылар жорамалдар ұсынады, яғни проблеманы шешу тәсілдерін іздейді, оны өздері табуға тырысады.

Дидактикада мәселелік оқыту көптеген түрлері жасалды: іскерлік ойындар, процестерді моделдеу (компьютер арқылы модельдеу) нақты жағдайларды талдау әдісі, ой майданы, эвристикалық әңгіме және басқалары.

Мәселелік оқытудық жақсы жақтары: өзіндік шығармашылық іс-әрекет арқылы өз бетімен білім алу, оқу еңбегіне деген қызығушылықтың жоғарылығы, өнімді ойдық дамуы, оқытудың берік және пәрменді нәтижелері.

Кемшіліктері: оқушылардың танымдық іс-әрекетінің әлсіз басқарылуы, жобаланған мақсатқа жету үшін өте көп уақыттың кетуі. Сондықтан оны дидактикалық мақсаттарға сөйкес, басқа оқыту түрлерімен ұштастыруа қолдану керек

Мәселелі оқытудың қасиеті: 1. Балалардың өздігінен жұмыс істеуінің жоғарылығы;

2. Балалардың танымдылық қызығушылығын немесе жеке басын қалыптастыру.

Мәселелі оқыту бірнеше кезеңдерді қамтиды:

1) жалпы мәселелі жағдайды ұғыну;

2) оның талдауы, нақтылы мәселелердің тұжырымдамасы;

3) мәселені шешу (ұсыну, гипотезді дәлелдеу, оларды тізбекті тексеру).

Психикалық процестерді дамыту үшін балалардың танымдылық қызметін (сезім, қабылдау, еске сақтау, қиял, ойлау, сондай – ақ тілін дамыту) қалай ұйымдастыру керек?

№7

1.Тұлға әлеуметтенуінің мәні және негізгі факторларына сипаттама беріңіз

Жеке тұлғалық (индивидуальность) – 1) жеке адамның қайталанбас, өзіндік ерекшелігі, тек соған тән ерекшеліктердің жиынтығы; 2) басқа адамдардан өзінің әлеуметтік мәнді ерекшеліктері тарапынан сипатталатын адам; индивидтің психикасы мен тұлғасының өзіндік ерекшелігі, оның қайталанбастығы. Жеке тұлғалық темперамент, мінез белгілерінде, мүдделер сипатында, перцептивтік процестер мен зият санасында, қажеттіліктері мен қабілеттерінде көрінеді.

Тұлға - 1) дербес әрекет жасайтын субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны. тұлғаның мәні нақты индивидтің өзіндік ерекшелігінде, оның әлеуметтік жүйе шеңберіндегі өзімен-өзі болу қабілетінде ашылады;

1. Әлеуметтену факторлары - әлеуметтену үрдісі өтуіне қажет жағдайларды туғызатын шарттар. А.В.Мудрик әлеуметтенудің негігі факторларын үш топқа біріктіреді:

макрофакторлар (ғарыш, планета, әлем, ел, қоғам, мемлекет), олар планетаның барлық тұрғындарының немесе белгілі бір елде өмір сүретін адамдардың үлкен тобының әлеуметтенуіне әсер етеді;

мезофакторлар (мезо – орташа, аралық) – ұлттық сипаты (этнос - әлеуметтену факторы), олар өмір сүретін жердің орны мен типі (аймақ, қала, ауыл); бұқаралық ақпарат құралдары және коммуникацияның аудиториясына байланысты анықталатын адамдардың үлкен тобының әлеуметтену жағдайлары;

микрофакторлар – нақты адамдарға тікелей әсер етушілер – жанұя, жостары, микроортасы, әлеуметтік тәрбие жүргізілетін ұйымдар – оқу, кәсіби, қоғамдық және т.б.

2 Жоғары мектептегі тәрбие процесінің мәні, қозғаушы күші, негізгі заңдылықтарын атаңыз Жоғары мектептегі тәрбие – ЖОО оқытушыларының, Эдвайзерларының, қызметкерлерінің студенттерде сенімдер, алынатын біліммен көзделген адамгершілік нормалар мен жалпы мәдени қасиеттер жүйесін қалыптастыруға бағытталған арнайы жұмысы. Білім беру мекемелерінде тәрбие жұмысының бағыттары : рухани-адамгершілік, қоғамдық-саяси және құқықтық, патриоттық және ұлтаралық, мәдени-эстеттикалық және этномәдениеттік , парасаттылық, ақыл-ой, ғылыми зерттеушілік,экологиялық, экономикалық, салауатты өмірсалты тұрғысында іске асырылады

Жастарды патриоттық тәрбиелеу қазіргі заманғы адамгершілік талаптарын есепке алатын, жалпы адамзаттық құндылықтар басымдылығы негізінде руханилықты қалыптастыру факторлары мен механизмдерін пайдалану арқылы тұтас, тәрбие процесі ретінде жүзеге асырылуы тиіс.

Студенттермен жүргізілетін оқу-тәрбиелік жұмыстар түрінің бірі Эдвайзерлық болып табылады. Біздің ЖОО-ның көп жылдар бойы еңбегі Эдвайзерлықты оқытушылар мен студенттер арасындағы қарым-қатынастың алмастырылмайтын және тиімді жүйесі екенін көрсетеді. Ол көптеген міндеттерді шешуге, оның ішінде студенттерге оқуда және басқа да туындайтын мәселелерде көмек беруге, жастарға өмірлік тәжірибе, білім беру және дәстүрлерді жеткізу, олардың көзқарастары мен тәрбиелеріне белгілі бір әсер етуге мүмкіндік береді. ЖОО-да студенттер, әсіресе жоғары курстарда, әр түрлі шараларды және қызметтің алуан түрлерін ұйымдастырушылар болады: қоғамдық-саяси, көркем, еңбек, спорттық, волонтерлік, туристік, экологиялық және т.б. Қызмет түрлерінің әрқайсысының өзінің мақсаты, міндеттері, мазмұны бар, олар арқылы және олардың іске асыру процесінде студенттерді – қызметке қатысушыларды тәрбиелеу жүзеге асырылады. Тәрбиелеуді ұйымдастырушы-ларға істің (қызметтің) мақсатын ғана емес, сонымен бірге тәрбиелеудің мақсатын да ұсыну қажет, олай болмағанда қызметке қатысу не тәрбиеге қатысты бейтарап процесс болуы, не болмаса маңыздылығы күтілгеннен азырақ болуы мүмкін. Тәрбие іс-әрекеті тәрбиенің заңдылықтарын есепке алған жағдайда нәтижелі болады. Сонымен тәрбиенің негізгі заңдылықтары: Тәрбиенің іс-әрекет процесінде іске асу заңдылығы. Тәрбие процесіндегі қарым-қатынастың сипатына байланыстылығы.2. Тәрбиенің тұлғаның қоғаммен, басқа адамдармен қарым-қатынасына тәулді болу заңдылығы. Қарым-қатынас жағымсыз болса, тәрбие нәтижесі де төмен болады.3. Тәрбие мен өмірдің байланысты болу заңдылығы. Өмірден алған тәжірибе ең жақсы тәрбиеші қызметін атқарады. 4.Жеке тұлғаны тәрбиелеу, педагогикалық іс-әрекеттің қатар жүру заңдылығына сай іске асырылады. Тәрбиешінің сөзі мен ісінің бірлігі. Тәрбиеленуші тәрбиешінің ақыл-кеңесін, өз тәжірибесінен тексереді. 5. Тәрбие мазмұны, тәрбиеленушінің өмір сүріп отырған тарихи кезеңіне тәуелді болады. Тәрбие мазмұнын анықтау үшін сол кезеңдегі ғылымның, мәдениеттің жетістіктерін есепке алу керек.6.Тәрбиенің мазмұны,әдістері, формасы тәрбиеленушінің жас, жыныс, және дара ерекшеліктеріне сай жүргізіледі. 7.Тәрбие тәрбиеленушінің тәрбиешіге қарым-қатынасына тәуелді. Бір біріне деген сенімділігі, тәрбиенің нәтижелілігін арттырады. 8.Тәрбие тәрбиешінің кәсіби біліктілігіне тәуелді. 9 Тәрбиенің нәтижелілігі оған қатысушылардың (тәрбиеші, сынып жетекшісі,жоғарғы оқу орнында Эдвайзер, психолог, ата-ана, оқытушылар) іс-әрекеттерін келісіп іске асыруларына да тәуелді.

3 Инновациялық оқыту әдістерін қолдана отырып, семинар құрастырыңыз.

«Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы приортитетінің бірі ұлттық білім моделін қалыптастыру тенденциясымен және Қазақстан білім беру жүйесін бүкіл әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруіне сипатталатын білім беру саласы болып табылады. Кәзір бүкіл әлемде индустриялық қоғамнан интерактивті қатынас жасауға оны жүзеге асыратын техникалық мүмкіндіктерді дамытып отыра алатын информациялық қоғамға, яғни, негізгі рөлді информацияны алу, өңдеу, сақтау, тасымалдау, тарату және пайдалану істерді атқаратын жаңа қоғамға көшу процесі жүріп жатыр.

Инновациялық әдістермен оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттырып, ақпарттық технологиялар негізінде ізденушілігін дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру, тарихи объективизимді ұстана отырып шынайы дерек көздерінен мәліметтерді жинақтау.

Ақпаратты технологияларды пайдалану арқылы мектептегі сабақтарды жаңаша ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми – педагогикалық және психологиялық зерттеулерге сүйене отырып, оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері арқылы оқушыларды ізгілікке, елжандылыққа, саналыққа, адамгершілікке, имандылыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу. Инновациялық әдістерді баланың білім деңгейіне және жас ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады.

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» – деген бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне еш күмәнім жоқ. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты.

Сондықтан ақпараттық технологиын қолдану және ашық бағалау жүйесін қолдану оқытушының студенттерге пәнге деген қызығушылығын жоғарлатуының тиімді жолдары:

оқушылармен материалды игеру үрдісін психологиялық түрде женілдетеді.

Пәнге деген танымдылық қызығушылығын тудырады.

Оқушылардың көз қарасын кенейтеді.

Сабақ үстінде көрнекілікті қолдану мүмкіндігі өседі.

Теориялық материалды толық игеру болады.

Ақпаратты табу, оны компьютерлік технология арқылы өндеу.

өз көз қарасын нақты және қысқаша қалыптастыру дағдысы.

Сабақ үстінде студенттің еңбек өнімінің жоғарлауы болады.

Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай:

1. Олар студенттерге тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.

2. Білімге бір-бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол жеткізуге болады.

3. Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдіру

Бүгінгі күні республикамызда білім беру жүйесінің түбегейлі өзгеріске ұшырауы анықталғаны баршамызға аян. Оның негізгі факторы жаһандану үрдісіндегі білім беру саласында жаңа моделдердің дүниеге келуі, білім беру үрдісінің ақпараттандырылуы болып табылады. Прогрессивті концепциялардың пайда болуы, білім беру үрдісінде алға кеткен мемлекеттердің тәжірибесімен танысу және соның нәтижесінде ұлттық білім беру моделін құрастыру бүгінгі күні өте өзекті мәселе болып табылады, өйткені нарықтық экономикаға негізделген мемлекетіміздің келешегіне мамандар қажеттігінен туындайды. Ақпараттық және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік туды, оқытушы тек қана білімді алып жүруші ғана емес, сонымен қатар студенттіңң өзіндік шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Осыған орай сабақ беру үрдісінде кәзіргі күннің, яғни инновациялық әдістерді оқытудың интерактивті оқыту моделі болып табылады.

Оқыту процесін жоғары деңгейге көтерудің негізгі әдісі ретінде проблемалық шығармалық әдісті пайдаланамын. Бұл әдісті қолдану барысында өтілген әрбір сабақ сұхбат болып өтіп, сабақ беру барысында зерттеушілік үрдісті жетекшілікке аламын. Бұл әдістің ерекшелігі оқушыны оқыту процесіне қызықтырады. Сабақтың белгілі бір тақырыбын бастау барысында оқушыларға проблемалық сұрақ немесе проблемалық тапсырма беремін. Проблеманы шешу барысында оқушының біліміне қойылатын талаптар мен оны түсінуі арасындағы қарама-қайшылықты мен болдыртпауға тырысамын. Оның үстіне негізгі проблемалар оқушылардың өздерімен көтеріп, сол проблемаларды шешу оқушылардың өздеріне жүктеймін

Инновациялық әдісті, оқытудың ақпараттық технологияларын тәжірибеде қолдану барысында өзінің тежеуші жақтары, кемшіліктері, қарама-қайшылық жақтары да кездеседі.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

«Білім туралы заңда» оқытудың жаңа технологияларын ендіру, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу міндетіайқынкөрсетілген.

Ақпараттық технологияның жедел қарқынмен дамуына байланысты түрлерінің қызметі де өзгеруде. Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты әлемдік ақпараттық кеңістікке ену. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін интернет желісіне қосылу және пайдалануқажет.

Қазір компьютерлер біздің өміріміздің барлық салаларына, оның ішінде білім беру салаларына да енді. Бұған дәлел 1997 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің «Орта білім беру жүйесін ақпараттандыру»мемлекеттікбағдарламасы.

Семинар -меңгеріліп жатқан мəселелер, баяндамалар мен рефераттарды ұжымдық талқылау формасында өтетін оқу дəрісі. Семинарлардың басқа сабақтардан өзгешелігі - оқушылардың оқу-танымдық іс-əрекеттері көбіне олардың өзіндік жұмыстары негізінде ұйымдастырылады. Семинар желісінде тұңғыш дерек көздерінен, құжаттардан, қосымша əдебиеттерден, оқудан тыс ізденістер барысында алынған оқушылардың білімдері тереңдетіледі, жүйеге келтіріледі жəне бақыланады; дүниетанымдық бағыт-ұстанымдары , бағалау-сұрыптау ой-пікірлері жүйелі бекімге келтіріледі.

Жүргізу тəсіліне орай семинарлардың бірнеше түрі бар. Олардың ішінде аса кең тарағаны – семинар-сұхбат : оқытушының қысқа кіріс сөзі жəне қорытындылауымен жоспарға сəйкес кең əрі ашық сұхбат-əңгімелесу формасында өтеді. Кейде семинар қатысушылары сұрақтарды өзара бөліп алады да, баяндамалар, хабарламалар дайындайды, кейін олар семинар сабағында тыңдалады жəне талқыланады. Семинардың ерекше түрі семинар-сөз-жарыс. Ол қандай да бір проблеманың шешілу жолдарын айқындау мақсатындағы ұжымдық талқыға арналады. Семинар сабақтарын инновациялық түрде жүогізілуде балык немесе SWOT анализ әдісімен жүргізеді. Мыс, семинар тақырыбы : “Кредиттік технология” болса, Балык жүйесімен талқылайтын болсак:

Балықтың басы -мәселе

Балықтың сүйегі- шешу жолдары

Балықтың құйрығы- нәтижесі

Семинар өткізу

Пән: Коллоидтық химия

Мамандық: Химия

Семинар өткізілетін топ: Х-301р

Семинар күні: 11.04.2014

Семинар уақыты: 8.30-10.20

Семинар өткізілетін аудитория: 301

Семинардың тақырыбы: Дисперстік жүйелердің тұрақтылығы, коагуляция.

Семинардың жоспары:

1. Дисперстік жүйелердің тұрақтылығы жайында қысқаша сипаттама

2. Тұрақтылық, коагуляцияға арналған есептерден 1-2 мысал көрсету

3. Тұрақтылық пен коагуляцияны анықтауға арналған есептер шығару

4. Осы тақырыптар негізінде шығарған есептерді талқылау

5. Студенттерді бағалау

8

1 ҚР Президентінің халыққа жолдауындағы жоғары мектеп мәселесіне сипаттама беріңіз

Жоғары оқу орындары – экономиканың, ғылым мен мәдениеттің түрлі салалары үшін жоғары білімді мамандар, ғылыми және педагог кадрлар даярлайтын, жоғары білімді мамандар даярлау ісін жетілдіруге бағытталған ғылыми-зерттеушілік жұмыстарын жүргізетін, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы , мәдениет, т.б. салаларда еңбек ететін мамандардың біліктілігін жетілдіретін оқу орындары. Жоғары оқу орындарына академиялар, университеттер, институттар, т.б. жатады. Сонымен қатар бұлардан тыс түрлі әскери, діни, т.б. «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 1 ақпандағы № 922 Жарлығы бойынша Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру Қазақстан қазіргі уақытта білім беру, адам мен бала құқығын қорғау саласындағы негізгі халықаралық құжаттарға қатысушы болып табылады. Бұл – Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясы, Бала құқықтары туралы конвенция, Адамның экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарының Халықаралық декларациясы, Еуропа өңірінде жоғары білім беруге жататын біліктілікті тану туралы Лиссабон конвенциясы, Болон декларациясы және т.б. Білім берудің құрылымы Халықаралық білім берудің стандартты жіктеуішіне сәйкес келтірілді. Оқытудың 12 жылдық моделін енгізу үшін жағдайлар жасалуда. Техникалық және кәсіптік білім қайта құрылымдалды. Мамандарды үш деңгейлі даярлау енгізілді: бакалавр – магистр – Ph.D докторы. Мамандықтардың ірілендірілген топтарынан тұратын Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші бекітілді. Білім беру ұйымдарының материалдық базасы нығайтылуда. Жоғары білім республика экономикасының барлық салалары үшін құзыретті және бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби даярлауды қамтамасыз етуде, ғылым мен өндірісті біріктіруде маңызды рөл атқарады. Қазақстанда барлық жоғары білім жүйесін қамтитын маңызды жасырын фактор жемқорлық болып табылады. Оны жоюдың нақты шаралары қабылданбайынша жоғары білім саясаты тиімді болмайды. Жоғары оқу орындарын кадрлармен қамтамасыз етуде кері үрдіс орын алған: профессор-оқытушы құрамын жүйелі даярлау жоқ, қоса жұмыс атқару кеңінен таралған. Қазақстанның жоғары оқу орындарының материалдық-техникалық ресурстары жеткілікті қарқынмен жаңартылмайды. Жоғары оқу орындарының ақпараттық ресурстары біріктірілмеген, кітапхана қоры бытыраңқы сипатқа ие. Ғылым саласында Ескірген материалдық-техникалық база және зертхана жабдықтары сапалы ғылыми зерттеулерді жүргізуге мүмкіндік бермейді. Жобалау институттары мен конструкторлық бюролар санының жеткіліксіздігі өндірістегі технология трансфертін бәсеңдетеді. Жобалау институттарының, конструкторлық бюролардың және өндірістің жоғары оқу орындарымен өзара қарым-қатынас тетігі жоқ. Жастарды ғылымға тарту үшін жағдайлар жасалмаған. Кадрлардың қартаюы байқалады. Қазақстанның жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуеті аса тиімсіз пайдаланылады. Білімнің, ғылымның және өндірістің арасындағы байланыстың нашарлығы мына себептерге негізделген: жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар арасындағы ведомствоаралық кедергілер; жоғары оқу орындарының ғылымын жеткіліксіз қаржыландыру; ғылым мен техниканың жетістіктеріне орай әрекет етуге, өндірістің өзгерген сұранысын есепке алуға мүмкіндік бермейтін білім беру процесін шамадан тыс әкімшілендіру; жеке меншік сектордың білімді, ғылымды және инновациялық қызметті қаржыландыруды жүзеге асыруға экономикалық ынталандыру шараларының болмауы. Қазақстанда әзірлемелерді орындайтын және ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды нәтижесіне жеткізуді қамтамасыз ететін, оларды тәжірибе жүзінде іске асыратын инновациялық құрылымды қолдаудың институционалды нысандары дамымаған. Қазақстандағы ғылыми әзірлемелердің үлес салмағы дамыған елдерде қабылданған деңгейден он есе төмен қалып отыр.

2Оқытуды ұйымдастыру түрлері: дәріс және семинар сабақтары, лабораториялық, практикалық жұмыстарын сипаттаңыз.

Жоғарғы мектептерде оқытуды ұйымдастырудың әр алуан түрлері бар: лекциялар, практикалық оқулар және оның түрлері – просеминар, семинар, арнайы семинар, зертханалық жұмыстар, практикум, өз бетінше жұмыс, студенттердің оқу-зерттеу жұмыстары, өндірістік және педагогикалық практика және басқалар. Дидактикада олар студенттердің белгілі бір дидактикалық міндеттерді шешуі үшін танымдық қызметтік басқару тәсілдері ретінде түсіндіріледі. Сонымен қатар лекция, семинар, өз бетінше жұмыс, оқытуды ұйымдастыру түрлері ретінде болады, өйткені олар оқытудың мазмұны мен әдістерін жүзеге асыру шеңберіндегі студенттер мен оқытушылардың өзара іс-әрекетін жүзеге асыратын тәсіл болып саналады.

Жоғары мектептерде оқытуды ұйымдастыру дәрісханалық және дәрісханадан тыс жолдармен іске асырылады, олардың әрқайсысында студенттермен оқу жұмысын ұйымдастырудың жаппай, топтық және жеке түрлері қолданылады. Оқу пәнін ұйымдастырудың дәстүрлік формасын төмендегіше жинақтауға болады.

Теориялық дайындыққа бағытталған Практикалық жұмыстарға бағытталған, лекция, семинар, өз бетінше жұмыс, конференция, кеңес беру практикалық оқулар, курстық жобалау, дипломдық жобалау, практика, іскерлік ойындар жүргізіледі.

Біздің қарастырып отырғанмыз ең басты лекция. Жоғары мектептің бүкіл тарихи кезеңдерінде – дүниеге келуінен бастап, бүгінгі күнге дейін лекция оқытуды ұйымдастырудың жетекші формасы болып табылады. Студенттің оқу пәнімен алғашқы таныстығы содан басталады, ол жастарды лайықты мамандық пен ғылымға жетелейді, ғылыми білімдердің негізін қалайды. Жоғары оқу орындарындағы лекция – оқытудың дидактикалық циклінің басты буыны. «Лекция» сөзінің негізінде латынша «lektio» оқу деген сөзі жатыр. Лекция Ертедегі Грецияда пайда болған және ертедегі Римде және орта ғасырларда әрі қарай дамыған. Жоғары оқу орындарындағы лекция – дәріскердің дәрісханамен шығармашылық қатынасы, осындай қатынастардың тиімділігі, танымдық және эмоциялық тұрғыдан алғанда, студенттердің осындай мәтінді оқығанына қарағанда, өте жоғары саналады. Лекцияларда тыңдаушыларға қайталанбас, күшті әсер қалдыратын, айрықша, тек өзіне ғана тән сипаттар бар. Сонымен қатар, лекция білім негіздерінің сараланған түрін және оқу материалына бағыт алуда өте үнемді тәсіл екендігін атап өтуіміз керек.

Егер лекция ойлау қызметінің белсенділігін арттырған жағдайда, онда оқылатын жаңа оқу материалын студенттер жақсы меңгереді. Сондықтан лекцияда ең басты нәрсе – тыңдаушылардың ынта-ықыласын арттыру, олардың ойының дәріскер ойына ерісіп отыруы.

Семинар сабақтары көбінесе оқылған лекция тақырыбына байланысты негізгі өзекті мәселелерді талқылау, оқушылардың танымдық ойлау қабілеттерін дамыту, өзіндік шығармашылық белсенділіктерін шыңдау мақсатын көздейді. Тақырып сұрақтарына сай пікір алмасу, өз көзқарастарын дәлелдеу, мұғалімдерге оқушылардың оқу материалын қаншалықты меңгергенін, соған орай сенімдері мен түсініктерінің қалыптасқандығын бақылап, тексеріп, бағалап және бағыт-бағдар беріп отыруға мүмкіндік туғызады.

Семинар сабағына әзірлену кезінде оқушылар тезистер мен баяндамалар жазып, қосымша әдебиеттерді пайдаланады. Ұсынып отырған сұрақтарға қатысты, ондағы бар негізгі ойларды қамтып, конспект құрады. Міне, осындай жұмыс-тардың нәтижесінде семинар жұмысы оқытуды ұйымдас-тыруда тиімді форма екенін тәжірибе көрсетуде.

Семинар сабағын өткізу барысында мұғалім пробле-малық жағдай туғызып, талқыланып отырған сұрақтарға оқушылардың қызығушылығын оятады, олармен ақылдаса отыра оны талдаудың жоспарын құрады және ұжымдық ізденушілік әрекеттеріне қолайлы жағдай туғызады.

3Жоғары мектеп оқытушысының моделін құрастырыңыз Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекеттер қатарына қосылғаннан бері қоғамды ақпараттандырудан туындаған өзгерістер оның барлық салаларымен қатар мұғалімдік кәсіби – іс-әрекет деңгейіне, өндіріс пен әлеуметтік саладағы ғылымдардың жетістіктеріне және прогрессивті технологияны енгізу мерзімінің қысқартылуына қойылытатын талаптар күшеюде. Елбасының 2010 жылғы жолдауындағы: «Жоғары білім саласы ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс. Елдегі ЖОО-лар әлемінің жетекші университеттерінің рейтингіне енуге ұмтылулары керек. 2015 жылға қарай Ұлттық инновациялық жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020 жылға қарай елде енгізілетін талдаулар, патенттер мен дайын технологиялар түрінде өз нәтежелерін беруге тиіс»- деген сөзі дәлел болады. Осы бағытта жасалып жатқан іс-шаралардың бірі –Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етіп отырған 2010 жылы, еуропалық жоғары білім беру аймағына енуді көздейтін Болон процесіне қосылу туралы шешімнің қабылдануы да айырықша мәнді шара. Бұл оқиғаны білім беру жүйесінде көрініс алған елеулі тарихи оқиға десе болады.

Жалпы білім беретін мекемелердің іс-әрекетінің нәтижелігі, ең алдымен, мұғалімге байланысты. Оның жеке тұлғалық қасиеттері, педагогикалық білігі, адамгершілік және ақыл-ой парасаты, педагогикалық мәселелерді шешуде шығармашылық ізденіске бой алдыруы, есеюі, өнегелілі, денсаулығы мен рухани байлығы қоғамның әлеуметтік алғышарты болып табылады.

Бүгінгі күнгі Қазақстанның педагогикалық білім беру жүйесі дүниедегі алдыңғы қатарлардан бірі болып саналады. Ол кәсіби іс-әрекетті қалыптастыру процесінің технологиялық бағыттылығымен мықты, оның негізгі мазмұны дайын білімді, дайын ұйғарымдарды меңгеру болып табылады.

Мұғалімді дайындауда, ең алдымен, әрбір педагог-маманның бойында жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді. Бұл ұзақ та күрделі процесс. Алайда, оның негізі педагогикалық оқу орнында қаланады.

Зерттеудің өзектілігі қоғам жаңаруының динамикалық үрдістері жағдайындағы педагогикалық теория мен тәжірибені дамыту қажеттілігімен анықталып, оған төмендегі жағдайлар себепші болған.

Біріншіден, кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің қалыптасу деңгейінің түбегейлі мәні бар. Педагогикалық мамандарды дайындау процесінің әлеуметтік маңызының ұлғаюы мұғалімдердің кәсіби дайындығы жүйесін реформалаудың өзара байланысты процестері мен олардың жоғары оқу орнындағы дайындығына деген талаптардың өсуіне тәуелділігі себеп болды.

Екіншіден, әр түрлі оқу-тәрбиелік жағдайлардағы педагогикалық іс-әрекеттің ерекшеліктеріне ие болған, білім берудің мақсатына жетудің қандай да бір тәсілінің тиімділігін анықтайтын себеп-салдарлық байланыстың жалпы заңдылықтарын түсінетін мұғалімнің белсенді шығармашылық жеке тұлғасының рөлінің өсуі.

Үшіншіден, мұғалімнің кәсіби жете білушілігі рөлінің, оның кәсіби білім деңгейінің, тәжірибесі мен жеке-дара қабілетінің, оның өзінше білім алуға және өзін өзі жетілдіруге, өз ісіне шығармашылықпен және жауапкершілікпен қарауға деген уәждемелік ұмтылысының өсуі.

Төртіншіден, жаңа педагогикалық түсініктерді енгізу, олардың мәнін анықтау, педагогикада белгілі басқа да түсініктермен қатынасын айқандау арқылы педагогиканың түсініктемелік аппаратын дамыту маңыздылығы.

Бесіншіден, болашақ мұғалімдерді кәсіби-педагогикалық іс-әрекетке дайындаудың жүйесін құру қажеттілігі.

Соседние файлы в папке Doc