Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Doc / seti_zhondelgen.docx
Скачиваний:
39
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
220.8 Кб
Скачать

1.Комп\к желі тур. түсінік. Желі тип\і. Нег.топология\р

Компьютерлік желі (ағ. сomputer network)—барлық құрылғылардың бір бірімен деректер алмасуына мүмкіндік беретін байланыс желілері арқылы қосылған комп\ң ж\е басып шығарғыштар мен мәтін алатындар сияқты басқа құрылғылардың тобы. Желілер шағын н\е үлкен, кабельдер арқылы тұрақты жалғанған, телефон желілері мен сымсыз арналар арқылы уақытша жалғанған болуы мүмкін. Ең үлкен желі-Интернет, ол бүкіләлемдік желілер тобы болып табылады. Ең қарапайым желі өзара кабель арқылы қосылған 2 компьютерден тұрады. Бұл оларға деректерді ортақ пайдалануға мүмкіндік береді. Алғашқыда к.ж. оншақты компьютерлерді ж/е бір принтерді біріктіретін кішігірім жүйе болатын.

Желінің атқаратын қызметі – бір фирманың аумағында н/е одан тыс ресурстарды ортақ пайдалануды ж/е интерактивті байланыс орнатуды қамтамасыз ету.

Желіге қосылған компьтерлер келесілерді ортақ пайдалана алады:деректер, принтерлер, модемдер,басқа құрылғылар.

К.ж\ні пайдалану көптеген артықшылықтарға қол жеткізеді, соның ішінде:

  • деректерді ж/е сыртқы құрылымдарды ортақ пайдалану нәтижесінде шығындарды төмендетуге;

  • қосымшаларды стандарттауға;

  • деректерді уақытында алуға;

  • тиімді өзара әсерлесу мен жұмыс уақытын жоспарлауға.

Жергілікті желі – жоғарғы жылдамдықтағы адаптерлер арқылы желіге қосылған өзара жақын орналасқан компьютерлер тобы. ЖЕЖ шектеулі территорияның аумағында, м\ы, бір ғимараттың ішінде, өзара кабельдер арқылы қосылған бірнеше компьютерлер мен сыртқы құрылымдардан тұрады.

Ауқымды желі – байланыс жолы ретінде модемдерді ж/е алыс байланыс жолдарын(телефон н/е жерсерік) пайдаланатын, бір-бірінен алыста орналасқан компьютерлердің тобы.

Желінің екі типі кең тараған:

1)Бір рангілі желілерде әрбір комп. клиент ретінде де, сервер ретінде де қызмет етеді. Бір рангілі желіні пайдаланған тиімді, егер: қолданушылар саны 10 аспаса; қолданушылар өзара жақын орналасқан болса деректерді қорғаудың маңызы болмаса; фирманы ұлғайтудың қажеті болмаса.

2)Сервердің негізіндегі желіні пайдаланған тиімді, егер: қолданушылар саны көп; деректерді кең ж/е кешенді түрде қорғау қажет болса. Сервердің негізіндегі желіге арналған ОЖ негізгі қосымшалар мен деректерді ортақ пайдалануға жауап береді.

Желі топологиясы д\з – компьютер, кабель, желінің басқа да компоненттерінің физикалық орналасуы. Барлық желілер базалық үш топология негізінде құрылады:

1)«Шина»комп\р магистраль бойымен бір-біріне тізбектей қосылған. «Шина» желісіндегі деректердің осал жері— бүкіл желінің деректері әр желілік компьютерден өтеді. Кабельді үнемдейді. Беріліс ортасын пайдалану құны төмен, қарапайым, сенімділігі жоғары. Желіні жеңіл ұзартуға болады.

2)«Жұлдызша»–компьютерлер кабель сегменттеріне бір нүктеден қосылады. Негізгі жетістігі: комп\р мен концентратор арасындағы жекелеген жалғағыштар істен шыққанмен, бүкіл желі жұмыс істей береді. Кемшілігі:егер концентратор бұзылса, онда ол бүкіл желіні түгел істен шығарады.

3)«Сақина»–кабель өзіне қосылған компьютерлермен сақинаға тұйықталған. «Сақинаның» «Жүлдызшадан» бір ерекшелігі—оған барлық желілік компьютерлер арасында үзіліссіз жол қажет, өйткені желінің бір жері істен шықса, бүкіл желі тоқтап қалады. «Сақинаның» осал жері-бір компьютердің істен шығуы желіні түгелдей тоқтатады. Желі конфигурациясын өзгерту үшін оның жұмысын тоқтатуға тура келеді.

2.Көпдеңгейлі OSI жүйесі ж\е стандарттау проблемалары

Желінің атқаратын қызметі деректерді бір компьютерден басқа компьютерге жіберу. Хаттама–әрбір желілік операцияны реттеуші процедуралар

Стандартты хаттамалардың екі басты жұбы бар: OSI үлгісі ж/е оның модификациясы болып табылатын Project 802. 1984 жылы ISO (International Standards Organization) ашық жүйелердің өзара әрекеттесуінің эталондық OSI (Open System Interconnection) үлгісін ұсынды. Содан бері ол халықаралық стандартқа айналды: желілік өнімдерді шығаруда өндірушілер осы үлгінің спецификацияларын пайдаланады, желілерді құруда да осы үлгіні ұстанады. OSI ашық жүйелердің өзара әрекеттесуін сипаттайды.

Кең мағынада ашық жүйе деп ашық спецификацияға сәйкес құрылған кез-келген жүйе (компьютер, есептеу желісі, ОЖ, программалық пакет, басқа да аппараттық ж\е программалық өнімдер) аталуы мүмкін.

Компьютерлік желілерде желілік әрекеттесу құралын жасаудағы көпдеңгейлі тәсіл - стандарттаудың идеологиялық негізі болып табылады. Осы тәсілдің негізінде ашық жүйенің әрекеттесуінің жеті деңгейлі моделі құрастырылды. Әр деңгей әрекеттесудің жеке анықталған аспектілерімен байланысты. Осылайша, әрекеттесу проблемалары жеті жеке проблемаларға декомпозицияланған. OSI эталондық моделі желінің жүзеге асырушысы болып табылмайды. Ол тек әр деңгейдің функциясын ғана анықтайды. Әрекеттесу құралдарының 7 деңгейі:

1)Физикалық деңгей OSІ үлгісінің ең төменгі деңгейі. Физикалық деңгей өзінен жоғары жатқан барлық деңгей­лер­ден түсетін деректерді тасымалдайтын сигналдарды құрады. Бұл дең­гейде желілік кабель мен желілік адаптер тақшасының қосылу тәсілі ж/е де желілік кабель арқылы деректерді жіберу тәсілі анықталады. Физикалық деңгей бір компьютерден екіншісіне биттерді (0-дер мен 1-лерді) жіберуге арналған.

2)Арналық деңгей кадрларды (frames) желілік деңгейден физика­лық деңгейге жібереді. Кадрлар деректерді орналастыруға арналған логи­ка­лық ұйымдасқан құрылым. Арналық деңгей (Data Lіnk) физикалық деңгейдің көмегімен кадрлар­дың дәл жеткізілуін қамтамасыз етеді.

3)Желілік деңгей хабарламаларды адрестеуге ж/е логикалық адрестер мен атауларды физикалық адрестерге алмастырумен айналысады. Желілік деңгейдегі хабарламалар пакеттер (packets) деп аталады.

4)Транспорттық деңгей пакеттердің өз адреса­тына тізбектей, жоғалмай, қайталанбай, қатесіз жетуін қамтамасыз етеді. Транспорттық деңгей ағындарды басқарады, қателерді тексереді, пакеттерді жіберу мен қабылдауда туатын проблемаларды шешумен айналысады.

5)Сеанстық деңгейде желідегі 2 қосымша арасында байланысқа қажет­ті атауларды түсіну ж/е қорғау орындалады. Бұл деңгейде өзара әсерлесетін процестер арасында диалогты басқару, яғни, жіберу қай жақтан орындалып жатқандығы, қашан ж/е қанша уақытқа созылатындығын анықтау жүзеге асырылады.

6)Көрсету деңгейі (Presentatіon) желілік компьютерлер ара­сын­да деректер алмасуға қолданылатын форматтарды анықтайды. Көрсету деңгейі хаттамаларды түрлендіруге, деректерді таратуға, олар­ды шифрлеуге, қолданылатын символдар тобын ауыстыруға не/се өзгер­туге (кодтау кестесі) графикалық бұйрықтарды кеңейтуге қатысады.

7)Қолданбалы деңгей қолданушы қосымшаларын тікелей қолдайды ж/е файлдарды жіберуші программалық жабдықтау, мәлімет­тер қорларын пайдалану, электрондық пошта, гипермәтіндік Web-беттер сияқты қызмет түрлерін көрсетеді. Қолданбалы деңгей желіге жалпы енуді, деректер ағындарын, қателерді өңдеуді басқарады. Қолданбалы деңгейдегі деректер бірліктері әдетте хабарламалар (message) д.а.

Соседние файлы в папке Doc