Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Doc / seti_zhondelgen.docx
Скачиваний:
39
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
220.8 Кб
Скачать

10) Тср хаттамасы. Тср хаттамасының негізгі функциялары. Udp хаттамасы. Қолданбалы деңгейдің хаттамалары.

ТСР хаттамасы(Transmission Control Protocol ) бір ортақ жұйеге бірІктірілген әртүрлі комп-лік коммуникациялық желілерге қосылған хост-компьютерлердегі(түйін компьютерлердегі) процесстер жұбының арасында сенімді және тікелей қосылысты орнатуды қамтамасыз етеді. Ол транспорттық деңгейде ІР хаттамасы мен өз қосымшасының арасында орналасқан.ТСР хаттамасының негізгі функциялары

1.Деректердің негізгі берілісі. ТСР модулі деректердің үздіксіз ағындарын екі бағытта да жіберуді орындайды. Бұл ағынды ТСР октеттер ағыны ретінде қарастырады. Ол бұл ағынды бөліктерге (дейтграммалар) бөледі.

2.Деректердің дұрыстығын қамтамасыз ету. ТСР модулі деректерді бұзылудан, жоғалып кетуден, қайталанудан және деректердІң кезегінің бұзылуынан қорғайды. Ол үшін барлық октеттер өсу ретімен нөмірленеді. Әрбір сегменттің такырыбы ондағы октеттер санынан және бірінші октеттің реттік нөмірінен тұрады.

3.Арналарды бөлу. ТСР хаттамасы бір уақыт мезетінде бірнеше қосылыстың жүмыс істеуін қамтамасыз стеді. Сондықтан ТСР-сегменттің тақырыбында порт нөмірі бар. Интернеттің кең тараған барлық кызмеітерінің порттарының стандартты нөмірлері болады. Мысалы, электрондық поштаның портының нөмірі - 25, ҒТР - 21 және т.б. ІР-адрес пен порт нөмірінің жиынтығын сокет деп атайды.

4.Қосылыстарды басқару. Қосылыс - деректер ағындарының жағдайы, оның ішінде, сокеттер, жіберілген және қабылданған октеттердің нөмірлері, терезелер өлшемдері туралы ақпараттар жиынтығы. ТСР хаттамасының көмегімен партнерлер(ә компьютер) арасындағы әрекеттесулер 3 кезеңнен тұрады: 1.Логикалық қосылысты орнату 2.Деректермен алмасу 3.Қосылысты жабу.

UDР (User Datagram Protocol) транспорттық деңгейдің хаттамасы жэне желіаралық ІР хаттамасының мүмкіндіктеріне нег-н. UDР-дің негізгі мақсаты -желідегі деректердің "жылдам" берілісін қамтамасыз ету. Оның негізгі сипаттамалары:

•Логикалық (виртуальды) қосылыссыз әрекеттесуге мүмкіндік береді;

•Деректердің блок (дейтграммалық, пакеттік) бойынша берілісін ұйымдастырады;

•Транспорттық деңгейде әрекеттесу б/ша партнерлерді идентификациялау үшін 16-биттік "порт нөмірлерін" пайдаланады;

•Деректердің берілісінің сенімді болуына жауап бермейді (UDР-пакеттердің жойылып кетуі жэне қайталануы мумкін);

•UDР-пакетті адресаттың дұрыс н/е қате қабылдағандығы туралы ол пакетті жіберушіге ескерту жабдықтарьшен қамтылмаған;

•UDР-пакетті жіберушіден қабылдаушыға ретпен жеткізуді қамтамасыз етеді;

•UDР-пакеттегі бақылаушы қосындыны қолдана отырып, деректердің бүтіндігіне жауап береді;

•құрылымы өте қарапайым (әсіресе, ТСР хаттамасымен салыстырғанда).

Қолданбалы деңгейдің хаттамалары

1.HTTP HyperText Transfer Protocol — «гипермәтінді жіберу хаттамасы»). HTTP World Wide Web негізі ретінде жасалынды. HTTP хаттамасы бойынша жұмыс клиент-сервер принципі бойынша өтеді: клиент бағдарламасы ТСР – сервермен қосуды орнатады (порттың стандартты номері 80) және оған НТРР – тапсырысын береді. Сервер бұл сұратуды өңдейді және клиентке HTTP жауабын береді. HTTP тапсырыс бос жолмен бөлінген сұрату тақырыбына және сұратудың денесінен тұрады. Сұрату денесінің болмауы мүмкін. Сұратудың тақырыбы сұратудың негізгі (бірінші) жолынан және басты жолда сұратуды нақтылайтын келесі жолдардан тұрады. Келесі жолдардан Host параметрінің хабарламасы бар жол ғана міндетті болып табылады. Бірінші жолда сұратудың тақырыбы сұрату әдісінің бос орны, сұратылатын құжаттың URI (әдетте «/» белгісімен басталатын қатыстық адресі көрсетіледі) және хаттаманың нұсқасы арқылы көрсетіледі. Сұратудың қалған жолдарында параметрлер келесі форматта беріледі:

2.DHCP(Dynamic Host Configuration Protocol) түйінді конфигурациялауға арналған динамикалық протокол.Ол TCP/IP желілерінде жұмыс істеуге қажетті IРадрес және басқа желілік параметрлерін автоматты түрде тағайындауға арналған протокол б.т. клиент сервер моделі негізінде жұмыс жасайды.Компьютер клиент DHCPсерверіне сұраныс жасайды және оған жауап ретінде DHCPсервері желілік параметрлер жібереді.

3.SNMP Simple Network Management Protocol — желіні қарапайым басқару хаттамасы) — бұл байланыс желісін басқару хаттамасы.

4.DNS Domain Name System — доменді аттар желісі) — домендер туралы ақпаратты алуға арналған таратылған компьютерлі жүйе. Көбінесе, хосттың аты бойынша IP-адрестерді алу үшін қолданады.

5.BitTorrent (битті ағын) интернет арқылы файлдардың корпоративті алмасуына арналған желілік протокол. Оның негізгі жұмыс істеу принципі әрбір Torrent клиент желі арқылы алынған ақпаратты өзіне сақтаумен қатар басқа Torrent клиенттерге жібереді, осы себептен серверге жүктеулер (нагрузки)төмендейді және мәлімет алу жылдамдығы клиенттерге байл.жоғарылайды.

6.POP3 Post Office Protocol Version 3 — 3 версиялы пошта бөлімшесінің хаттамасы.

Серверден электронды поштадағы хабарламаларды алу үшін пошталық клиент қолданады.

7. FTP(File Transfer Protocol) бір компьютерлік жүйеден екіншісіне файлдарды жіберу алгоритмі болып табылады. ТСР-ді қолданады және қолданушының ID-ін, парольді пайдалана отырып, қосымша қолданушыны аутентификациялауды қамтамасыз етеді. ҒТР интерактивті қызмет болып саналады, ол альютагы компьютермен қосылуды орындау, файлдардың көшірмесін алу, беріліс аяқталған соң, байланыс жолдарын жабу сияқты жүмыстарды орындайды. Бұл операцияларды орындау ушін, келесі негізгі бұйрықтар қолданылады:

-Ореn (Ашу) - алыста компьютермен қосылуды орындау;

-Get (Алу) - қосылыс орнатылған соң, компьютерден файлды алу;

-Вуе (Жабу) - қосылысты үзу жэне FТР программасьш аяқтау.

ҒТР - компьютерлер арасында файлдар жіберумен айналысатын ең кең тараған хаттама. Ол мзтіндік және екілік файлдарды жіберуге мүмкіндік береді.

8.TelNet TErminaL NETwork) — сетевой протоколдля реализациитекстового интерфейсапосети.

Соседние файлы в папке Doc