Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

Doc / menyu

.doc
Скачиваний:
27
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
72.7 Кб
Скачать

1. Алгебра және геометрия

  1. Сызықты тәуелді және сызықты тәуелсіз векторлар жүйесі. Олардың қасиеттері. Кеңістіктің базасы мен матрицаның рангісі.

  2. Сызықты алгебралық теңдеулер жүйесі (САТЖ). Үйлесімділігі, анықталуы. Гаусс әдісі. Крамер ережесі.

  3. Үш вектордың аралас көбейтіндісі, қасиеттері, геометриялық мағынасы. Үш вектордың компланарлық шарты.

  4. Анықтауыштар, олардың қасиеттері. Қатар (баған) бойынша жіктеу формулалары.

  5. Кері матрица. Ерекше матрица, одақтас матрица. Матрицаның керілену белгісі.

  6. Жазықтықтағы түзудің теңдеулері. Екі түзудің өзара орналасуы және арасындағы бұрыш.

  7. Оң және сол үштіктер. Екі вектордың векторлық көбейтіндісі, қасиеттері, геометриялық мағынасы. Есептеу формуласы.

  8. Эллипс және оның канондық теңдеуі. Эллипстің эксцентриситеті мен директрисалары.

  9. Гипербола және оның канондық теңдеуі. Эксцентриситеті, директрисалары,асимптоталары.

  10. Парабола және оның канондық теңдеуі. Эксцентриситеті, директрисалары.

  11. Кеңістіктегі түзудің теңдеулері, олардың өзара орналасуы, арасындағы бұрыш.

  12. Кеңістікте жазықтықтың теңдеулерінің түрлері, олардың өзара орналасуы және арасындағы бұрыш.

2. Математикалық талдау

  1. Жинақты сандық тізбектердің қасиеттері

  2. Бір айнымалыға тәуелді функциялар үшін Тейлор формуласы

  3. Анықталған интегралдың орта мәні туралы теорема

  4. Кесіндідегі үзіліссіз функциялардың қасиеттері

  5. Грин формуласы

  6. Дәрежелік қатарлардың жинақтылық радиусы

3. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика

  1. Шартты ықтималдық. Ықтималдықтарды көбейту формуласы.

  2. Толық ықтималдықтар формуласы. Байес формулалары.

  3. Кездейсоқ шамалар. Кездейсоқ шаманың үлестірім заңы мен функциясы. Дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамалар.

  4. Кездейсоқ шаманың математикалық күтімі мен дисперсиясы. Қасиеттері.

  5. Ковариация. Корреляция коэффициенті. Қасиеттері.

  6. Орталық шектік теорема.

  7. Эмпирикалық үлестірім функциясы. Таңдамалық орта және таңдамалық дисперсия

  8. Бағалар. Бағалардың сұрыптамасы (ығыстырылмағандық, тиянақтылық, эффективтілік).

4. Информатика

  1. Ақпарат түсінігі. Информатика пәні және оның міндеттері.

  2. ЭЕМ жұмыс істеу принциптері. фон- Нейман қағидалары (принциптері). Дербес компьютер архитектурасы. Негізгі блоктары және олардың атқаратын қызметі.

  3. Компьютердің операциялық жүйелері (ОС). ОС-тағы файлдар жүйесін ұйымдастыру.

  4. ЭЕМ-дегі ақпаратты өлшеу және бейнелеу. Ақпаратты жіктеу (классификация) және кодтау.

  5. Мәтіндік процессорлар (редакторлар) және олардың кешендік мәтіндерді форматтау тәсілдері.

  6. Кестелік процессорлар (MS Excel) қызметі, олардың статистикалық және экономикалық мәліметтерді өңдеу мүмкіндіктері.

  7. Мәліметтер базасын басқару жүйелерінің (Access ортасы) мәліметтер базасын қалыптастыру және өңдеу қызметі. Олардың сұраныстарды, формаларды және басылымдарды (отчеттарды) жасау тәсілдері.

  8. Компьютерлік вирустар. Вирустар жұққандығының негізгі белгілері. Антивирустық программалар түрлері және олардың негізгі мүмкіндіктері.

  9. Программалық жабдықтамалар және олардың жіктелуі (классификациясы).

  10. Графикалық редакторлар. Векторлық және растрлық графиканы пайдалану.

5. Web-технологиялар

1.Қазіргі web-технологияларға шолу. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар: клиент-сервер архитектурасы, WWW(World Wide Web), URL (Uniform Resource Locator), HTTP (HyperText Transfer Protocol).

2. Статикалық web-парақтарды ұйымдастыру. Тәгтер мен олардың атрибуттары. HTML құжаттарында фреймдер мен формаларды қолдану.

3. HTML-құжаттардағы web-палитралар арқылы графикамен жұмыс істеу. web-құжаттардағы түстер және өлшем бірліктері. Графикалық бейнелер форматтары мен ерекшеліктері.

4. Стильдердің сатылы кестелерін – CSS-терді қолдану. Стильдердің тәгтерге, файлдарға және сайтқа толық әсер ету мүмкіндіктері. Стильдердегі динамикалық элементтер.

5. CSS стильдерінің мұра ретінде берілуі. Контекстік селекторлар және

кластар. Web-парақ элементтерін абсолюттік түрде орналастыру.

6. Web-парақтарда JavaScript тілін қолдану технологиялары. Терезе ашу, оның параметрлерін тағайындау, терезеге мәлімет шығару.

7. JavaScript кластары мен объектілері. Тілдің құрамындағы объектілер (Date, Array, window, document). Олардың қасиеттері мен тәсілдерін пайдалану.

8. JavaScript тілінің оқиғаларды өңдеу мүмкіндіктерін пайдалану. Тышқанды шерту, курсорды қозғалту, пернелерді басу әрекеттерін программалау.

9. Web-сайттарда PHP тілін қолдану. РНР тілінің артықшылықтары мен кемшіліктері. Тіл синтаксисі мен грамматикасы ерекшеліктері.

10. РНР тіліндегі мәліметтер типтері: null, resource (ресурстар), object.

Тілдің мәліметтер базаларымен байланысу мүмкіндігі.

6. Мәліметтер қорлары жүйелері

1. Ақпараттық жүйелер. Ақпараттық жүйлерді құрудың итерациялық процедуралары. Деректер қорының концепциясы.

2. Деректер банкіндегі қолданылатын тілдер: деректерді сипаттау тілі, деректерді түрлендіру тілі, сұраныс тілі.

3. Мәліметтер қорының түсінігі мен анықтамасы. МҚ-ның архитектурасы туралы түсінігі.

4. Мәліметтер үлгілерінің классификациясы. Үлгілердің сипаттамасы.

5. Қатынастарды нормалау. I, II,III, IV нормалау формалары. Нормалау шарттары.

6. Атрибуттардың функционалдық, транзитивтік тәуелділігі.

7. SQL-сұраныстар тілі. Тілдің негізгі өрнектерін сұраныстар құруға қолдану.

8. Деректер қорының қолданушылары. ДҚ администраторының негізгі функциясы.

9. Инфологиялық модельдеудің негізгі инструменталдық құралдары. Пәндік аймақтық ER- диаграммасы. Физикалық модельге көшу.

10. Логикалық және физикалық модельдеудің инструменталдық құралдары. Деректер схемасы және бүтіндігі түсініктері.

7. Компьютерлік желілер

  1. Компьютерлік желі туралы түсінік. Желі типтері. Негізгі топологиялар.

  2. Көпдеңгейлі OSI жүйесі және стандарттау проблемасы.

  3. Жергілікті есептеу желілерінің негізгі технологиялары. Ethernet

технологиясы

  1. Token Ring, AppleTalk технологиялары.

  2. Internet желісі. Модемдерді қолдану. Алыстан қатынасу. Жергілікті

есептеу желілерін созу. Репиторлар.

  1. Көпірлер. Маршрутизаторлар. Көмейлер.

  2. TCP/IP хаттамалар стегінің көпдеңгейлі құрылымы.

  3. IР-желілердегі адрестеу. IР-адрестерінің кластары.

  4. IP маршрутизация. Статикалық маршрутизация. Динамикалық

маршрутизация.

  1. ТСР хаттамасы. ТСР хаттамасының негізгі функциялары. UDP хаттамасы.

Қолданбалы деңгейдің хаттамалары.

8. Ақпараттық қауіпсіздік және ақпараттарды қорғау

  1. Ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігі түсінігі.

  2. Қауіпсіздікке қарсы қатерлерді классификациялау: әдейі жасалған және кездейсоқ қатерлер; ақпараттардың таралуының тікелей және жанама арналары; адам факторымен, техникалық жабдықтармен, форс-мажорлық жағдайлармен байланысты қатерлер.

  3. Ақпараттарды қорғау әдістері мен құралдарын классификациялау Шифрлеу әдістерінің классификациясы.

  4. Блокты, ағымдық және аралас шифрлер ұғымдары.

  5. Орын ауыстыру және алмастыру шифрлері. Гаммалау әдісі.

  6. Құпия кілтті криптографиялық жүйе. Симметриялық криптографиялық жүйенің үлгісі. Блокты шифрлерді қолдану тәртіптері.

  7. Криптосенімділікті бағалау. Ақпараттарды рұхсатсыз енуден қорғау принциптері. Идентификациялау, аутентификациялау и авторизациялау.

  8. Ашық кілтті криптографиялық жүйе.

  9. Біржақты функциялар. Хэш-функциялар.

  10. Операциялық жүйелердің қорғалғандығының стандарттары.

9. Алгоритмдер және программалау тілдері

1. Алгоритм, программа ұғымдары. Алгоритм қасиеттері және оларды жазу

жолдары. Алгоритмдердің әртүрлі құрылымдық типтерін бейнелеу.

2. Іздеу алгоритмдерінің типтері және бейнеленуі. Мысал келтіріңіз.

3. Сұрыптау алгоритмдерінің түрлері және бейнеленуі. Мысал келтіріңіз.

4. С тіліндегі арифметикалық операциялар, қатынас операциялары, инкремент және декремент операцияларын пайдалану.

5. С тіліндегі жиым (массив), вектор, матрицаларды пайдалану. Тілдің жиымдарды өңдеу тәсілдері.

6. С тілінде нұсқауыштарды пайдалану, оларды жариялау жолдары. Нұсқауыштармен атқарылатын операциялар.

7. С программалау тіліндегі тұтынушы функцияларын (ішкі программаларды) сипаттау және анықтау жолдары.

8. С программалау тіліндегі мәліметтердің тіркестік (жолдық) типтері және солармен жұмыс істейтін функциялар.

9. Файлдармен жұмыс істеуді ұйымдастыру. С программалау тіліндегі файлдармен жұмыс істеу функциялары.

10. С программалау тіліндегі мәліметтердің динамикалық құрылымдары. Мәліметтердің абстрактылық типтері.

Соседние файлы в папке Doc