- •Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
- •Өндірістік тәжірибе есебі
- •Мазмұны
- •Компьютер кабинетiндегi қауiпсiздiк ережесi
- •4. Апаттық жағдайдағы техника қауiпсiздiгiнiң ережелерiне қойылатын талаптар:
- •5. Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегi техника қауiпсiздiгi ережесiнiң талаптары:
- •Стерженді идентификациялаудың ақпараттық жүйесі
- •Стержендердің көлденең тербелісі
- •Топталған массалар кезіндегі стержендердің көлденең тербелісі
- •Delphi программасында пластинаны идентификациялаудың ақпараттық жүйесін құру
- •2. “Фархад и к” туристік фирмасының қалыптасуы
- •2.1. Заңды мәртебесі. Жарғылық қор
- •3. “Фархад и к” туристік фирмасының қоғамдық қызмет түрлері мен мақсаты
- •“Мастер-Тур ” программалық кешені
- •“Фархад и к” туристік фирмасының сайтымен жұмыс
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
әл- Фараби атындағы қазақ ұлттық уНИВЕРСИТЕТі
«Ақпараттық жүйелер» кафедрасы
Өндірістік тәжірибе есебі
Студент ______Құрманбекова Жадыра Құрманбекқызы___________________
Курс_____4_________ факультеті ___механика-математика_______________
Мамандығы ______ақпараттық жүйелер________________________________
Тәжірибе өту орны______«Фархад и К»_ ЖШС_________________________
Тәжірибе мерзімі ______20.01.2014 – 17.04.2014 ж ж.____________________
Тәжірибе жетекшісі ________ Алаш Байш Клара________________________
( Аты-жөні)
Бағасы: ______________________________
Алматы, 2014 ж.
Мазмұны
КІРІСПЕ 4
Компьютер кабинетiндегi қауiпсiздiк ережесi 5
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 7
1.Стерженді идентификациялаудың ақпараттық жүйесі 7
1.1.Стержендердің көлденең тербелісі 7
1.2.Топталған массалар кезіндегі стержендердің көлденең тербелісі 12
1.3.Delphi программасында пластинаны идентификациялаудың ақпараттық жүйесін құру 17
2. “Фархад и К” туристік фирмасының қалыптасуы 20
2.1. Заңды мәртебесі. Жарғылық қор 22
3. “Фархад и К” туристік фирмасының қоғамдық қызмет түрлері мен мақсаты 24
3.1.“ Мастер-Тур ” программалық кешені 29
3.2.“Фархад и К” туристік фирмасының сайтымен жұмыс 34
ҚОРЫТЫНДЫ 37
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 38
КІРІСПЕ
Студенттердің өндірістік іс-тәжірибесі жоғары білімді маман даярлаудың маңызыды бөлімі болып табылады. Өндірістік іс-тәжірибе мақсаты оқу процесінде алған білімді тереңдетіп, нығайтып, бекіту және тәжірибе жинақтау болып табылады. Тәжірибе – жинаған мәліметтерді нақты бекіту үшін қолданылатын бірден бір жол. Осы себептен мен 20-қаңтар мен 17-сәуір аралығында «Фархад и К» ЖШС-нен өндірістік іс-тәжірибеден өттім. Осы іс-тәжірибемнен өту барысында келесі мәселелердің қойылымын қарастырдым:
“Фархад и К” туристік фирмасының қалыптасуы
Заңды мәртебесі. Жарғылық қорымен танысу
“Фархад и К” туристік фирмасының қоғамдық қызмет түрлерін көрсетуді үйрену
«Мастер-Тур» программалық кешенінің жұмысымен танысу
“Фархад и К” туристік фирмасының сайтымен жұмыс жасау
Компьютер кабинетiндегi қауiпсiздiк ережесi
Жалпы техника қауiпсiздiгiң ережелерiне қойылатын талаптар төмендегiдей:
Ø Компьютердi тоққа қосатын сымдарға, қос тiлдi розеткiлерге, штеккелерге тиiсуге және жабдықтарды жетекшінiң рұқсатынсыз жылжытуға тыйым салынады;
Ø Дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киiммен жұмыс iстеуге болмайды;
Ø Дербес компьютердiң жанына портфельдер, сумкалар, кiтаптар қоюға тыйым салынады;
Ø Пернелiк тақта үстiне артық заттар қоюға болмайды;
Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауiпсiздiк ережесiнiң талаптары.
Ø Дербес компьютердi iске қосу кезiнде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесiз жалғанғанына көз жеткiзу керек;
Ø Жұмыс жасау кезiнде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше бөлiнуi керек.
Қолданушының дербес компьютермен жұмыс жасау кезiндегi техника қауiпсiздiгiнiң ережесiне қойылатын талаптар:
Ø ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезiнде көздi экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек;
Ø Кабинетке кiрушiлермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етiледi;
Ø Көзi шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ, көз жаттығуын орындауға болады;
Ø Электр тоғымен зақымданған алғашқы дәрiгерлiк көмек көрсету тәсiлдерiн, от сөндiру құралдарымен жұмыс iстеудi және өрт сөндiру тәсiлдерiн бiлуi қажет.
