Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Doc / BD_wpor.doc
Скачиваний:
42
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
293.89 Кб
Скачать

Мәліметтер қорлары жүйелері

1. Ақпараттық жүйелер. Ақпараттық жүйлерді құрудың итерациялық процедуралары. Деректер қорының концепциясы.

Ақпараттық жүйе – бұл қолданушылардың талаптарын қанағаттандыратын ақпаратты жинау, сақтау, іздеу, өңдеу және беру жүйесі.

Ақпараттық жүйе құрылымы аппараттық (hardware), программалық (software), коммуникациялық (netware), аралық қабат (middleware), лингвистикалық және ұйымдастырушылық-технологиялық жабдықтау.

АЖ аппартаттық жабдықтау есептеуіш техника құралдарының, мәліметтерді жіберу құралдарының, сондай-ақ техникалық құралдардың жиынынан тұрады. Аппараттық жабдықтау кез келген АЖ-ның негізі болып табылады.

Коммуникациялық (желілік) жабдықтау АЖ-дегі коммуникацияны қолдайтын аппараттық желілік коммуникациялардың және программалық құралдардың кешенінен тұрады.

АЖ Программалық жабдықтау мәліметтерді енгізу функцияларын, оларды тасымалдаушыларға орналастыруды, мәлеметтерді модификациялауды, мәліметтерге қол жетімділікті, құрылғының жұмыс істеуін қолдауды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Лингвистикалық жабдықтау- ақпаратты автоматты түрде өңдеудің тиімділігін арттыру және адамның техникалық құралдармен байланысын жеңілдету үшін қолданылатын тілдік құралдардың, тілді қалыптастыру ережелерінің жиынтығы.

Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз АЖ-ны тұрғызу (жобалау) мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістері мен жабдықтардың жиынтығы.

Деректер қорының концепциясы.

1. ақпараттық жүйелердің мәліметтері операциялық жүйелерді сақтайтын файлдарда орналасады;

2. файлдардың физикалық құрылымы белгіленеді, ал мәліметтердің логикалық құрылымы оның негізінде көрсетіледі (мәліметтердің физикалық және логикалық құрылымы және бөлінуі);

3. мәліметтердің сұранысын өңдеу мәлiметтердi манипуляция жасайтын (ұйымның мәліметтерінен программаның тәуелсіздігі) арнайы интерфейс арқылы жүзеге асады;

4. программалар біртұтас пікірдің негізінде мәлiметтердi өңдейтiн процедурада жасалады.

Жобалаудың жеті кезеңі

Жобалау - үлкен көлемді құжаттар кұру емес, оның негізгі мақсаты- қажетті қосымшаны іске асырудың айқын жолын анықтау.

1-кезең: Концепциядан бастап іске асуға дейінгі жалпы жобалау

Программалаушылар мен қолданушылар арасында ұқсас мәселелер кездесуі мүмкін. Мәселелердің алғашқы тобы соңғы қолданушының талаптарына қатысты. Құру әрекеттерін бастамай тұрып, жүйеге қойылған жалпы талаптарын айқын анықтап алу керек. Жобалау әрекеттері итеративтік процесс: әр кезең біткеннен соң, анықталған жобадан ауытқып кетпеу үшін алдыңғы қадамдарды мұқият тексеріп, қарап шығу қажет.

2-кезең. Қорытынды есепті жобалау: өрістерді орналастыру

Көрсетілген жобалау концепциясында, өрістердің орналастырылуы қорытынды есепке айтарлықтай әсер етпейді. Кейде болашақ қорытынды есептің бетіне тор салып, әр өрістің орнын дәлме-дәл анықтап шығуға болады.

3-кезең: Деректердің кұрылымын жобалау: кестенің кұрылымында қандай өрістер болуы қажет

Сонымен, келесі қадам - қорытынды есептерге кіретін өрістердің тізімін кұру. Ең оңай жолы - әр қорытынды есептің элементтерін анықтап, тізімін құру. Содан соң кұрылған тізімдердегі екі немесе бірнеше қорытынды есептерге қатар кіретін элементтерді анықтап алу керек. Ескерту: бірнеше қорытынды есептердегі деректердің элементтерінің аттары бірдей болса, онда оларды бір элемент деп санауға болады. Осы кезеңде деректердің элементтері үшін логикалық топтастыру әрекеттері орындалады.Өрістерді кестелерге үлестіру әрекеттері функционалдық негізінде жүзеге асырылады.

4- кезең. Кестелерді жобалау және біріктіру

Деректердің құрылымын жобалау әрекеттері орындалғаннан кейін, кестелердің құрылымы айқындалады. Жобаланған кестелерді бір бірімен байланыстыру барысында қайталананып келетін деректерді қалай өңдеу жайында шешім алдын- ала қабылдануы керек.

5-кезең. Өрістерді жобалау: деректерді енгізу және олардың мүмкін мәндерін тексеру ережелері

Келесі кезең кестелер мен өрістерді толық анықтауды қажет етеді. Әрбір өріске және кейбір жаңа кестелерге деректерді қатесіз енгізу үшін, деректердің мүмкін мәндерін тексеру ережелерін қолдануға болады.

Өрістердің аттарын, тектерін және өлшемдерін жобалау

Ең алдымен әр өрістің атын анықтап, меншіктеу керек. Өрістің аты жеңіл есте сақталынып, өрістің мағынасына сәйкес келіп, мәнді болуы керек. Өрістің аты өте ұзын немесе өте қысқа болмауы тиіс.

6-кезең. Үлгілерді жобалау: енгізу

Үлгілер кестелер өрістерінен кұрылады да, өзгерту тәртібінде деректерді қарап шығу мүмкіндігін береді. Үлгілердің түрі өздеріне сәйкес құжаттардың түріндей болуы керек.

Деректерді енгізу үшін экрандық үлгілерді жобалау

Үлгілерді жобалау барысында экранда үш текті объектілер қамтылады:

  • белгілер және деректерді енгізу өрісінің текстік жазуы;

  • арнайы басқару элементері;

  • сәндік графикалық элементтер.

Деректер өрістерінің реті құжаттағыдай болғаны жөн. Енгізілетін таңбалардың мөлшерін қалауымызша өзгертуге болады. Деректер өрістері бір келкі орналасуы міндетті емес және олардың арасында бос орын қалтырылуы тиіс.

Өрістердің тақырыбы мен сұқбаттасу хабарларын көрсету үшін қысқа жазулар (надписи) пайдаланылады. Текстік өрістерге текст және сандар енгізіп, оларды көрсетуге болады.

7-кезең. Автоматтандыру тәсілдерін жобалау

Үлгілер компоненттерін бір-бірімен батырмалы немесе әдеттегі меню жүйелері арқылы байланыстыруға болады.

Соседние файлы в папке Doc