Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Doc / BD_wpor.doc
Скачиваний:
42
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
293.89 Кб
Скачать

2. Деректер банкіндегі қолданылатын тілдер: деректерді сипаттау тілі, деректерді түрлендіру тілі, сұраныс тілі.

Деректер банкінде қолданылатын тілдер МҚ-ын жобалау және құру бойынша CODASYL америкалық коммитетимен құрырылған.

Деректерді сипаттау тілі (DDL - Data Definition Language), абстракцияның әр түрлі деңгейлерінде (сыртқы, логикалық және ішкі) мәліметтерді сипаттауға арналған. Мәліметтер қорын сипаттау тілі сыртқы деңгейде қолданушылардың талаптарын сипаттау үшін және МҚ-ның инфологиялық үлгісін құру үшін қолданылады.

Мәліметтер қорын сипаттау тілінің құрамында МҚБЖ-нің ерекшеліктеріне қарай келесі тілдердің кейбіреуі немесе барлығы қолданылады: схемаларды сипаттау тілі, ішкі схемаларды сипаттату тілі, сақталынатын мәліметтерді сипаттау тілі, сыртқы мәліметтерді сипаттау тілі.

DDL мәліметтермен емес, мәліметтер қорының объектілерімен жұмыс жасайды. Объектілерге кесте, көрініс, индекс, тізбек (sequence), синоним жатады. DDL командалары: CREATE (объектіні құру), ALTER (объектіні өзгерту), TRUNCATE (кестедегі барлық жазбаларды жою), DROP (объектіні жою), RENAME (объектінің атын өзгерту).

Мәліметтерді түрлендіру тілі (DML - Data Manipulation Language) мәліметтерді өңдеу және түрлендіру үшін қолданылады. DML базалық немесе автономды бола алады.

DML екі үлкен топқа бөлінеді: процедуралық және процедуралық емес. Процедуралық тілдерді қолданғанда нәтиже алу үшін қандай әрекеттерді қандай объектілерге орындау керек екенін көрсету керек. Процедуралық емес тілдерде жауапқа қалай жету керек екені емес, жауапқа не алу керек екені көрсетіледі.

Процедуралық емес тілдерге реляциондық есептеулерге негізделген тілдер жатады. Ол SQL тілі. Мәліметтерді енгізу, өзгерту және жою операциялары DML командалары болып табылады. DML командалары: INSERT, UPDATE, DELETE.

Қазіргі МҚБЖ-лерінде МҚ-ындағы мәліметтерді іздеу процедурасын жеңілдету үшін сұраныс тілі қарастырылған. Кең таралған сұраныс тілдері SQL және QBE болып табылады.

SQL (Structured Query Language – құрылымдық сұраныс тілі) сұраныс тілі 70-жылдардың басында реляциондық мәліметтер қорын басқару жүйесін құру жобасының шеңберінде IBM фирмасымен құрылған. SQL тілінің құрамы: Реляциялық операциялар. Мәліметтермен күрделі әрекеттер тілінің бұйрықтары. SQL тілі кестеде сақталынатын байланысқан ақпараттар жиыны болатын мәліметтердің реляциялық қорын құруға және жұмыс жасауға мүмкіндік береді. SQL сұраныстардың көмегімен келесі негізгі операцияларды орындауға болады: мәліметтерді модификациялау(өзгерту), жазбаларды жою, жаңа жазбаларды енгізу, мәліметтердегі есептеулерді жүргізу, мәліметтерді таңдау.

QBE тілі (Query By Example) – кесте түріндегі үлгі бойынша сұраныстар тілі. Қолданушы МҚ-ына сұранысты анықтау үшін жүйе ұсынған QBE кестесін толтыру керек және іздеу мен мәліметтерді таңдау критерийлерін анықтау қажет.

3.Мәліметтер қорының түсінігі мен анықтамасы. Мқ-ның архитектурасы туралы түсінігі.

Мәліметтер қоры - өзіндік құрылымы белгілі, деректерді сипаттаудың, сақтаудың және өзгертудің жалпы принциптеріне сүйенген қағидалар арқылы байланысқан деректердің жиыны. МҚ жай мәліметтер жиынына ажыратудың 3 жолы бар:

1)МҚ арнайы бір есептеуіш техникасында сақталады және өңделеді.

2)МҚ-дағы мәліметтер жақсы құрылымдалған,негізгі елементтер ерекшеленген, типтері мен олардың арасындағы байланыстар анықталған, мүмкін болатын операцияларға шектеулер қойылған.

3)Мәліметтерді өңдеу мен іздеу қамтылған. Деректер қоры негізгі және туынды обьектілерден тұрады.

Негізгі обьектілерге:

Өріс – деп обьектінің данасының белгілі бір сипаттамасын бір текті анықтайтын, екі өлшемді кестенің бағанын айтады.

Жазба – дегеніміз обьектінің нақты данасының мәліметтерінен тұратын екі өлшемді кестенің жолы.

Кесте –өрістер мен жазбалардан тұратын үлгі, сұраныс, қорытынды есеп және т.б обьектілерді құру үшін қолданылатын бастапқы мәліметтердің жиыны.

(BD-СУБД - МББЖ). Басқару жүйесі дегеніміз - көлемді мәліметтер жиынын тұтынушыларға ыңғайлы түрде бейнелеп, белгілі бір форматта сақтап қана қоймай, оны ары қарай өңдеуге арналған программалар кешені. ANSI/SPARC деген архитектура бар, бірақ барлық МҚ жүйесі бұл архитекрураға бағынуы шарт емес, мысалға кішігірім жүйелер бұл архитектураның кейбір функцияларын көтермейді, сонда да көп МҚ осы архитектурамен орындалады. МҚБЖ архитектурасының 3 деңгейін қарастырады:

1. Сыртқы (Қолданушылық) - әр қолданушыға ақпаратты көрсетудің жолдарымен байланысты. Әр қолданушы үшін МҚБЖның өз тілі болуы мүмкін, қолданбалы программист үшін программалау тілі, қолданушы негізгі үшін формалардан тұратын меню.

2. Концептуалды (логикалық)- екі кезеңнің аралық кезеңі, бұл МҚ барлық ақпаратын абстрактілі түрде көрсету. Мәліметтер схема түрінде сақталады.

3. Ішкі (физикалық)- физикалық құрылғыларда мәлімет сақтау жолдарымен байланысты, бітпейтін адрестік кеңістіктен тұрады.

Бұл архитектура мәліметтермен жұмыс істегенде логикалық (1 және 2 деңгейлер арасында) және физикалық (2 және 3 деңгейлер арасында) тәуелсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Соседние файлы в папке Doc