- •Желінің екі типі кең тараған:
- •Желінің атқаратын қызметі деректерді бір компьютерден басқа компьютерге жіберу. Хаттама–әрбір желілік операцияны реттеуші процедуралар
- •3. Жергілікті есептеу желілерінің негізгі технологиялары. Ethernet технологиясы
- •4. Token Ring, Apple Talk технологиялары
- •5.Internet желісі. Модемдерді қолдану. Алыстан қатынасу. Жергілікті есептеу желілерін созу. Репиторлар.
- •6. Көпірлер. Маршрутизаторлар. Көмейлер
- •7. Tcp/ip хаттамалар стегінің көпдеңгейлі құрылымы
- •Ip адрестердің жіктелуі
- •9.Ip маршрутизация. Статикалық маршрутизация. Динамикалық маршрутизация.
- •10) Тср хаттамасы. Тср хаттамасының негізгі функциялары. Udp хаттамасы. Қолданбалы деңгейдің хаттамалары.
4. Token Ring, Apple Talk технологиялары
Token Ring желісін алғашында IBM компаниясы 1970 ж құрған. Қазіргі кезге дейін жергілікті желілерге арналған IBM-нің негізгі технологиясы болып қалып отыр. Әйгілілігі жағынан тек Ethernet–ке жол береді.
Token Ring желісінің негізгі сипаттамалары:
дәстүрлі топологиясы сақина
басқа топологиялары жұлдызша-сақина
беріліс типі таржолақты
ену әдісі маркерлік беріліс
беріліс жылдамдығы 4 және 6 Мбит/с
кабельдік жүйесі UTP және STP
Token Ring желісінде бірінші компьютер жұмыс істей бастағанда, желі маркер генерациялайды. Маркер бір компьютерден екінші компьютерге олардың біреуі деректерді жіберуге даярлығы жайында хабарлап, маркерді басқаруды өзіне алғанға дейін сақина бойымен жылжиды. Token Ring желісі 2 биттік 4-16 Мбит/с жылдамдықпен жұмыс істейді. Әртүрлі жылдамдықта жұмыс істейтін аралас станциялар бір сақинада бола алмайды.
Маркер–компьютерге деректерді кабель бойымен жіберуге мүмкіндік беретін алдын-ала анықталған биттер тізбегі (деректер ағыны). Маркерді ұстап алған компьютер деректер кадрларын желіге жібереді. Кадр сақина бойымен, кадрдегі қабылдаушының адресіне сәйкес адресі бар түйінді тапқанша жылжиды. Кадр сақина бойымен жылжи отырып жіберуші компьютерге жеткенде, ол компьютер берілістің дұрыс өткендігі куәландырады. Бұдан кейін компьютер кадрды сақинадан жояды және оған бос маркерді қайтарады. Желіде бір уақыт мезетінде бір бағытта тек бір маркер жіберіледі.
IBM-нің Token Ring станцалар желісі кабельдердің көмегімен MAU-ға (Multistation Access Unit) тікелей қосылып үлкен бір сақиналық желіні құрайды. Сақина толған кезде, яғни МAU портына компьютер қосылған кезде, желіні тағы бір сақина қосу арқылы созуға болады.Орындалуға тиісті жалғыз ереже:әрбір МAU сақинаның бөлігі болатындай етіп қосылуы керек. МAU-дың «ену» ж\е «шығу» ұяшықтары бүтін сақинаға кабельдің көмегімен үйінді болып орналасқан 12 МAU-ға дейін қосуға мүмкіндік береді.
Apple Talk
Apple Computer, Inc компаниясы 1983 жылы Apple Talk-ті кішігірім топтарға арналған «фирмалық» желілік архитектура ретінде ұсынды. Желілік функциялары Macintosh компьютерлерінің ішінде орналасқандықтан, Apple Talk желісі басқа желілермен салыстырғанда қарапайым орындалады.
Apple Talk желісінің негізгі сипаттамалары:
дәстүрлі топологиясы шина немесе бұтақ
беріліс типі таржолақты
ену әдісі CSMA/CА
деректердің беріліс жылдамдығы 2 Кбит/с
кабельдік жүйесі UTP,оптикалық талшықты кабель
Apple Talk клиент-серверлі таратылған жүйе ретінде құрылған болатын. Басқаша айтқанда, қолданушылар желілік ресурстарды (файлдар ж\е принтерлер сияқты) ортақ пайдаланады. Бұл ресурстарды қамтамасыз ететін компьютерлер қызмет көрсетуші н\е қызметші құрылымдар деп(servers), ал желілік қызметші құрылымдардың ресурстарын пайдаланатын компьютерлер клиенттер (clients) д.а. Қызметші құрылымдармен әрекеттесу қолданушы үшін айтарлықтай дәрежеде айқын болып табылады, себебі қажетті материалдың орнын компьютердің өзі анықтап, қолданушының қатысуынсыз оған хабарласады.
Apple Talk бірнеше желілік объектілерді теңестіреді. Ең қарапайымы–Apple Talk желісіне қосылған кез-келген құрылым болып табылатын түйін (node). Ең кең таратылатын түйіндер Macintosh компьютерлері мен лазерлік принтерлер, бірақ басқа да көптеген компьютерлер IBM PC, Digital Equipment Corparation VAX және әртүрлі АЖО (автоматтандырылған жұмыс орындары) Apple Talk-пен байланыс орната алады.
