Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Doc / перевод.docx
Скачиваний:
19
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
222.94 Кб
Скачать

Стерженді идентификациялаудың ақпараттық жүйесі

КІРІСПЕ

Техникалық диагностика құрылғысын құру үшін, сонымен қатар аз дыбысты және адам денсаулығына қауіпсіз қозғалтқыштарға шекаралық шарттардың идентификациясы мен оның қосымшалар теориясы маңызды рөл атқарады. Заманауи машина жасау және құрылыс салаларының дамуы әр түрлі әсерлерден конструкцияның қуатты-деформацияланған күйі туралы нақты білімді қажет етеді. Шынай тапсырмаларда әр түрлі тәсілмен шешілетін тура және кері тапсырмалармен байланысты маңызды сұрақтар туындайды. Мысалы, стерженнің көлденең тербелісін қарастырсақ, онда келесі түрдегі сұрақтар туындауы мүмкін: көлденең тербелісті стержендердің меншікті жиілігі бойынша шеттік емес нүктелердегі жинақталған салмақ немесе серпімділік коэффициентінің көлемін анықтауға бола ма? Шеттік емес нүктелердегі қуаттың секірмелі өзгерістері кезіндегі көлденең тербелістегі жиіліктің жиілік көлемін қалай анықтауға болады? Көлденең тербелмелі стержендердің жиіліктері адам денсаулығына қауіпсіз диапозонда орналасу үшін орнықтырудың қандай түрлері және физикалық параметрлері керек?

Техникалық диагностиканың тапсырмалары жаңа инновациялық құралдарға сұраныстың өсуімен бірге жетілдіріледі, және де диагностика тапсырмаларында әр түрлі қолданбалы сипаттағы маңызды сұрақтар туындайды. Бұл тапсырмаларға үлкен көлемдегі жұмыстар арналған [1]-[8].

Диагностика бойынша барлық осы жұмыстардан айырмашылығы бұл жобада аймақ формасы немесе оны орнықтыру түрлері емес, ал белгілі меншікті жиілігі бойынша нүктелік әрекеттесулердің физикалық көлемдері ізделіп табылады.

Серпінді жүйелердің тербелістерін зерттеу серпінді стерженнің көлденең ауытқу сызықтарының дифференциалдық теңдеулерін орнатқан Яков Бернулли [9] және мінсіз серпінді мембрана тербелісін зерттеген Леонард Эйлерге барып тіреледі [10, 2-бөлім]. Жіңішке пластиналар тербелісінің дифференциалдық теңдеуін Густав Кирхгоф шығарды [10, 8-бөлім].

Бұл есеп беруде физикалық параметрлердің көлемін диагностикалау мүмкіндігін үйренуде функция теориясының әдістері қолданылады.

Есеп беру периодында механикалық жүйелердің эксплуатациясы кезінде туындайтын дифференциалды операторлар үшін ішкі аймақтық тапсырмалардың жаңа механикалық интерпретациясы ұсынылған. Есеп беру периодында келесідей негізгі нәтижелер алынды:

- Стерженнің көлденең тербелісі және онымен байланысты шеттік емес нүктелердегі өзара нүктелік әрекеттерді ескеретін математикалық модель жазылды.

- Әртүрлі нүктелік әрекеттерде стерженнің көлденең тербелісі үшін меншікті жиіліктер есептелді.

- Стерженнің көлденең тербелісі үшін идентификация есебі шешімін тапты.

Жұмыстың мақсаты – стерженнің көлденең тербелісі және онымен байланысты шеттік емес нүктелердегі өзара нүктелік әрекеттерді ескеретін шекаралық шарттарды диагностикалау.

Жұмысты жүргізудің әдістемесі мен әдісі: дифференциалдық операторлар үшін ішкі шекаралық есептерден туындайтын өзектің көлденең тербелісіндегі меншікті жиіліктердің спектрлік қасиеттерін зерттеуде функциялар теориясының әдістері және кері есеп теориясы қолданылды.

Соседние файлы в папке Doc