Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
27-01-2013_10-52-07 / НАДЕЖНОСТЬ.doc
Скачиваний:
45
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
1.12 Mб
Скачать

12. Параллелді байланыс схемасы және оның элементтерінің сенімділігі

Күрделі жүйелерді бөлшектегенде элементтердің өзара байланысын анықтау көңіл аударарлық мәндердің бірі болып саналады. Бұл байланыстардың пішіндері әр түрлі болулары болу мүмкін. Солардың ішінде конструкциялар байланысының үш түріне тоқталамыз:

  • Тізбектелген байланыс;

  • Параллельді байланыс;

  • Аралас байланыс.Аралас байланыс деп электротехникада қосылыстар сияқты деп қарастырамыз.

Күрделі жүйелердің сенімділігін жоғарлату үшін сақтау әдісі қолданады, яғни жүйеде қолданатын машиналардың кейбіреулерін қосымша бірліктерін қарастырып, сақталып тұрады да, негізгі жүйеде жұмыс істеп тұрған кезектен тыс істен шыққанда сақтаулы тұрған машина іске қосылады. Сол сияқты сенімсіз элементтерге сақтау әдісін қолданғанда, негізгі элемент істен шыққанда дублер іске қосылады да, технологиялық желі жұмысын атқара береді.

Элементтердің параллелді қосылған жүйесі істен шығады тек сол жағдайда, егер жүйедегі элементтердің барлығы істен шықса. Элементтердің істен шығуы бір бірінен тәуелсіз болғандықтан, жүйенің сенімділігі келесі түрде анықталады;

n-тізбектеліп қосылған элементтер саны.

Сурет

13. Сапа категориялары мен критериясы

Транспорттық техниканың сапасын жоғарылату машинаның сенімділігін қамтамасыз етіп техникалық күту мен жөндеуге жұмалатын уақытты кемітіп, еңбек өнімділігін жоғарлатуға, қор бөлшектерінің шығындарын төмендетуге, негізгі шығындарды азайтып, күту мен жөндеу жұмыстарының өз құндығын төмендетуге мүмкіншілік береді. Машинаны жасауға, жобалауда, пайдалану мезгілдерінде қажетті сапа деңгейін сақтау үшін жүйелік бақылау мен мақсатқа байланысты әсер етіп оның іс істеу қабілетін сақтап отыру қажет.Жасалатын және пайдалануға берілген машиналардың сапасын бақылау мен басқару 15467-79ГОСТ сәйкес өндірістің техникалық басқармасы, ғылыми зерттеу институттары және жобалау конструкторлық мекемелер жүргізеді.

Сапа деңгейінің көрсеткіштері ретінде әр машина қасиеттерінің сандық сипаттамалары саналады. Оларды пайдалану жағдайларына қарай бөліп, машинаның сапасын анықтайды.

Сапа деңгейі ретінде машина сапасының салыстырмалы сипаттары қабылданады да, негізгі машиналардың сипаттарымен салыстырмалы.

Машинаның техникалық деңгейі сапа деңгейінің құраушы деңгейі болғандықтан, ол машинаның кострукторлық дамуы мен пайдаланудағы жүктелген міндетін сипаттайды.

ВНИИ стройдермаштың ұсынысы бойынша машина сапасының деңгейі үш категория бойынша бағалайды: жоғарғы, бірінші, екінші категориялар бойынша.

Егер өнімнің техникалы экономикалық сипаттамалары өзімізде және шет елдерде шығарылатын өнімдердің сипаттамаларынан артық болса немесе соған сәйкес болса, онда оны жоғары сапалы өнім деп бағалайды.

Егер өнімнің техникалы экономикалық көрсеткіштері ықпал ететін стандартқа және техникалық жағдайларға сәйкес болғанда да, оны біріншікатегорияға жатқызады.

Егер өнім сапасының техникалы экономикалық көрсеткіштері ықпал етеін стандартпен, техникалық жағдайдың талаптарына сай келмеген жағдайда, оны екінші категорияға жатқызып, ондай өнімді тізімнен шығаруға немесе жетілдіруге тағайындайды.

Осыларға сәйкес көліктік техниканың сапа көрсеткіштері болып келесілер болуы мүмкін:

  • Машинаның пайдалану тиімділігін сипаттайтын қолдану және техникалық көрсеткіштер: өнімділігі, энергосыйымдылығы, материалсыйымдылығы, еңбексыйымдылығы;

  • Машинаның бұзылмайтындығын, төзімділігін, жөндеуге жарамдылығын және сақталымдылығынсипаттайтын қасиеттерін сенімділік көрсеткіштері;

  • Конструкторлы технологиялық шешімдердің тиімділігін сипаттайтын технологиялылықтың көрсеткіштері;

  • Адам машина орта жүйесін сипаттайтын және адамның гигиеналық, антрополитрикалық, физиологиялық, психофизиологиялық және психологиялық қасиеттерін ескеретін эргономикалық көрсеткіштері;

  • Мәнерліктілік, айырмашылықты, үйлесімділікті, біртұтастыдлықты еліктендіретін эстетикалық көрсеткіштер;

  • Стандарттылық дәрежесін және унификациялық деңгейлігін еліктендіретін стандарттылық және унификациялық көрсеткіштер;

  • Патенттік тазалығы мен патенттік қорғаудың дәрежесін сипаттайтын патентті құқық көрсеткіштері;

  • Дайындауға, жасауға және қолдануға кеткен шығындарды сипаттайтын экономикалық көрсеткіштер.

Сапа көрсеткіштерін салыстыру тек машиналардың бір типті модельдерінде ғана жүргізіледі. Салыстыратын машиналардың сәйкестік параметрлері, айталы қолдану аймағы,класы, өнімділігі, шөміштерінің сыйымдылығы, жүккқтергіштігі, қозғалу жылдамдығы, жұмыс істей тәртібі және т.б. ұқсас болу керек.

Дифференциалдық бағалау бойынша машина сапасының бірнеше ең қажетті өктем көрсеткіштері бойынша салыстыратын және эталондық нұсқаулары салыстырылып, бағалайды осы көрсеткіштерінің айырықшылары бойынша жүргізіледі.

Сапа бағалауды мардымсыз деңгей бойынша анықтағанда салыстыратын нұсқаның эталоннан сана көрсеткіштерінің елеулерінің проценттік қатынастары ескеріледі. Комплекстік көрсеткіштер бойынша сапаны анықтағанда бір мезгілде сапаның барлық негізгі көрсеткіштері ескеріледі. Сапа критериясы келесі түрде қабылдайды:

Бұл жерде n- сапаның қарастырылып отырған көрсеткіштерінің саны; салыстырмалық нұсқаның эталонмен проценттік қатынасының «салмақтық» коэффициенттерінің көрсеткіші.

Соседние файлы в папке 27-01-2013_10-52-07