Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
27-01-2013_10-52-07 / ОСЭТТ гос БАЯН.doc
Скачиваний:
78
Добавлен:
13.03.2015
Размер:
150.53 Кб
Скачать

ОСЭТ

  1. Автомобильді техникалық күтудің және жөндеудің негізгі нормативтері және оларды түзету

Автомобильді техникалық күтудің және жөндеуді ұйымдастырудың рационалды маңызды принциптерінің бірі болып профилактикалық және жөндеу жұмыстарына негізделген нормативтер саналады. Техникалық пайдалануда мына нормативтер орындалады: техникалық күтудің периодтылығы, техникалық күтудің және жөндеудің жұмыс сыйымдылығы, техникалық күтудің және жөндеудің жалғастырылуы, сонымен қатар капиталды жөндеуге дейінгі ресурстар.

“Техникалық қызмет көрсетуі мен жөндеуден өткізу... қағидасына сәйкес” автомобильдің техникалық күтудің және жөндеуден өткізуі ҚР-ның негізгі орныдалатын нормативті құжаттары болып саналады, осыған сәйкес жоспарлау және техникалық күтудің және жөндеуден өткізуді осы ұйымдар жасайды және әр жерде нормативті-техникалық құжаттарды тұтынушылықтары мен тексерулері орын алады.

“Қағида” бойынша мұнда екі бөлігі қарастырылған. Бірінші бөлікте айқындалатындар: жөндеу жүйесі, оның әртүрі, сонымен қатар, бастапқы нормативтері, олардың пайдалану жағдайларының топтастыруын регламенттеу және техникалық күтудің және жөндеу, АККда өндірістегі ұйымдастырудың нормативті принциптерінің әдістерін түзету болып табылады, және де техникалық күту операцияларының типтік тізбегі мен негізгі басқа орын алатын материалдар. Екінші бөлім әрбір базалық модельдері мен оның модификацияларының нақтылы нормативтері енгізілген.

  1. Пайдалану жағдайына байланысты автомобильдердің техникалық күту мен жөндеу нормативтерін түзету.

“Қағида” бойынша техникалық күту мен жөндеу нормативтері эталонды деп аталатын пайдалану шартымен анықталады. Эталонды шарттар бастапқы жүрістің 50…75%нан капиталды жөндеуге дейінгі жүріс және де климаттық аймаққа байланысты I категориялы пайдалану шарты болып табылады. Осыдан қарастыратынымыз ТК және АЖ Осыдан қарастыратынымыз ТК және АЖ 3 технологиялық сәкестік топтан кем емес 200…300 автомобильге қызмет көрсететін өндірістік техникалық базасы бар кәсіпорындарда орындалады.

Басқа жағдайда автомобильдің ақаусыздығы пайдалану жағдайында өзгереді, яғни жұмыстық және материалдық шығындар оның жұмысқа қабілеттілігіне кетеді. Сондықтан ТК және жөндеу нормативтері түзетіледі.

Көрсетілген қағидада түзету түрлері әртүрлі пайдалану жағдайындағы жұмыс істейтін автомобильдің сенімділік дәрежесінің өзгеруіне байланысты болады. Бұл түзету материалдық ресурстардың өзгеруіне, яғни автомобильге ТҚ және жөндеу жүргізу әртүрлі пайдалану шартына алып келеді.

Пайдалану жағдайына байланысты автомобильдің ТК мен жөндеу нормативтерін түзету қозғалыс шарты мен жолдың түріне қарай жол қабатымен, жердің аймақтық рельеф типімен сипатталады.

  1. Жылжымалы құрамның түрөзгерісі мен оның жұмысын ұйымдастыру ерекшілігіне, пайдаланатын жердегі табиғат ауа-райына, пайдаланған мезгілдегі жорығына байланысты автомобильдердің техникалық күту мен жөндеу нормативтерін түзету.

Жылжымалы құрамның түрөзгерісі мен оның жұмысын ұйымдастыру ерекшілігіне байланысты автомобильдердің техникалық күту мен жөндеу нормативтерін түзету.. Нормативтерді қарастырғанда көліктік құралдардың (конструкциялық белгілері: автомобиль тіркегіш, самосвалдар және т.б.) түрі мен модификациясының түзетілуі қарастырылады. “Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамына ТҚ қағидасына” сәйкес ТҚ және жөндеудің жұмыс сыйымдылығы (1,0...1,25), капиталды жөндеуге дейінгі жүрісінің (1,00...0,75) және қосалқы бөлшек шығынының (1,0...1,3) түзетілуіне қолданылатын К2 коэффициентімен анықталады.

Пайдаланатын жердегі табиғат ауа-райына, пайдаланған мезгілдегі жорығына байланысты автомобильдердің техникалық күту мен жөндеу нормативтерін түзету ТҚ периодтылығымен, ТЖ сыбағалы жұмыс сыйымдылығымен және капиталды жөндеуге дейінгі жүріс нормасымен анықталады. Ауа-райы жағдайына байланысты түзету К3 коэффициентімен анықталады, яғни қоршаған ортаның агрессивтілінен өзгереді: ТҚ периодтылығы - 0,72ден 1,0ге дейін; ТЖ сыбағалы жұмыс сыйымдылығы - 0,9ден 1,43ке дейін; алғашқы капиталды жөндеуге дейінгі анықталған жүрісі - 0,63тен 1,1ге дейін; қосалқы бөлшек шығыны - 0,9дан 1,54ке дейін.

Соседние файлы в папке 27-01-2013_10-52-07